Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
п. ғ. д., профессор Торыбаева Ж. З.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
5В010300 - «Педагогика және психология » мамандығы
Орындаған Ыдырысова Жанарай
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. д., профессор Мұсабекова Г. Т.
Түркістан - 2015
Мазмұны
Кіріспе……… . . . . . . 3
1Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендірудің теориялық негіздері . . . 7
1. 1 Студент тұлғасының әлеуметтенуінің зерттелуі . . . … . . . 7
1. 2 Студенттердің психологиялық ерекшеліктері және оларды әлеуметтендірудің қазіргі жағдайы . . . 16
1. 3 Студент тұлғасының кәсіби әлеуметтенуінің психологиялық- педагогикалық
шарттары . . . 26
2 Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендірудің әдістемесі . . . 37
2. 1 Студенттердің әлеуметтенуін психологиялық-педагогикалық диагностикалау . . . 37
2. 2 Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендірудің жолдары . . . 43
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында жастар әлеуметтенуінің стратегиялық бағыты дүниетанымдық мәдениеті дамыған, әлемге этикалық жауапкершілікті қатынасы қалыптасқан, біліктілігі жоғары, инновациялық, шығармашылық ойлау типіндегі мамандарды қалыптастыру болып анықталады. Осы бағыт әлеуметке бағдарланған қоғамның әлеуметтік сұранысына сәйкес әлеуметтендірудің теориялық және практикалық арсеналының модернизациялау міндетін педагогикалық ғылымның алдына қойып отыр.
Білім беру әр кезде қоғамның әлеуметтік сұранысына сәйкес белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделетін және оны өзгертетін тұлғаны қалыптастыру міндетін орындаған.
Техникадағы, технологиядағы, табиғи ортадағы, қоғамдық өмірдегі өзгерістер және жүйелілік, құрылымдық трансформация жағдайындағы олардың өзара әрекеттесуі, әлеуметтік нормативтілік кеңістігінің өзгеруі жастардың әлеуметтендіру үдерістеріне және олардың күнделікті өмірінің барлық жақтарына әсерін тигізді. Тұлғаның дәстүрлі мәселелерінің мазмұны және шешілу тәсілдері өзгерді, олар қазіргі қоғамның тарихи жағдайларындағы тиімді өзара әрекеттесудің жаңа сапалы көзқарастарын талап етеді.
Қазіргі қоғамға білімді, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, кәсіпке бейім, таңдау жағдайында өзбетінше шешім қабылдайтын, ынтымақтастық қатынасқа қабілетті, сындарлы ойлауымен ерекшеленетін мамандар қажет. Жастарға болашақ маман ретінде әлеуметтік ортаға, қоғамның әлеуметтік құрылымына енуіне осы қасиеттер көмектеседі. Осыған орай адамның қоғамға енуінің негізгі механизмі - бұл әлеуметтендіру үдерісі болып табылады, ол оған тек қана маман болуға ғана емес, сонымен бірге қоғамның өміріне белсенді енуіне және сол қоғамның белсенді тұлғасы болып қалыптасуына ықпал етеді.
Осыған орай, қазіргі кездегі колледждің алдында бірқатар мәселелер тұр, солардың бірі - студенттердің әлеуметтенуі. Көптеген заңнамалық және нормативті құжаттарда (ҚР «Білім туралы» заңы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында және т. б. ) студенттердің әлеуметтенуі тұлғалық нәтижелердің көрсеткіші ретінде қаралып, өз кезегінде, міндетті түрде оны бағалау қажеттілігі туралы айтылады. Сондықтан да, дамудың әлеуметтік жағдайына сәйкес студенттердің әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруда қажетті шарттардың сақталуы маңызды мәселе болып қаралады.
Қазіргі білім беру жүйесінде студенттердің оқу тәжірибесін әлеуметтік тәжірибемен ауыстыру тенденциясы қалыптасқан. Колледжде студент тұлғасын әлеуметтендіру үдерісін қиындататын себептердің біріне кәсіби білім берудің біржақтылығы жатады, яғни студенттер іс-әрекеттің тұтас әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің тек бір бөлігін ғана, бірінші ретте білімдік компонентін игереді.
Нәтижесінде студент тұлғасының әлеуметтенуіне жағымсыз әсер ететін факторлардың бақылауға алынбайтындығы байқалады. Мысалы, қазіргі таңда білім алушы жастар түрлі діни тұрғыдағы экстремистік топтардың, басқа да деструктивті ұйымдардың және авторитарлық көзқарасы тұрғысындағы субъектілердің нысанына айналып, олардың тарапынан қысым және зорлық-зомбылық көрген жағдайлары қоғамда орын алып отыр.
Студенттер құқықтарын қорғаудың бірқатар заңдарының оқу орындарында іске асу механизмдерінің тиімділігі қарастырылып, осы тиімділік оқу орындарындағы түрлі субъектілердің арасындағы әлеуметтік байланыстардың қалыптасуымен айқындалуы тиіс. Әлеуметтік байланыстар жүйесі қалыптасу негізінде әлеуметтік тәжірибенің игерілу үдерісі жүзеге асып, студент тұлғасының әлеуметтік ортаға белсенді енуі арқылы осы әлеуметтік байланыстардың өздері өзгеруі тиіс.
Студенттердің кәсіби әлеуметтенуінің мәселесіне қатысты осы үдерісті тиімді етудің жолдарын (технологиясын) қарастырудың барлық қырларын зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, студенттер колледждегі қалыптасқан жаңа әлеуметтік ортаға еніп, іс-әрекет түрлеріне қатысады және әлеуметтенудің жаңа агенттерімен қарым-қатынасқа түседі. Осы ретте студенттердің әлеуметтенуіне әсерін тигізетін түрлі факторлар ескеріліп, оқу орындары жағдайындағы әлеуметтік-мәдени кеңістігі зерттелуі керек. Сондықтан да, зерттеудің өзектілігі студенттердің колледжде қарқынды түрде әлеуметтенуімен, оның міндеттерінің шешілу қажеттілігі және маңыздылығымен, студенттердің әлеуметтену механизмінің және кәсіби әлеуметтену үдерісінің шартты кезеңдерінің, студенттер әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық шарттарының және олардың әлеуметтенушілігінің зерттеу әдістерін анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.
Дюркгейм Э. [1], Парсонс Т. [2], Кули Ч. [3], Мид Дж. [4] әлеуметтену мәселелерін жан-жақты зерттеген.
Тұлға әлеуметтенуі мәселесін белгілі ғалымдар Ж. Пиаже [5], В. Франкл [6], Л. С. Выготский [7], А. Н. Леонтьев [8], Б. Г. Ананьев [9], А. А. Бодалев [10], Б. Ф. Ломов [11], А. В. Петровский [12], Б. Д. Парыгин [13], И. С. Кон [14] және т. б. зерттеген. Олардың еңбектерінде философиялық әдіснамаға негізделген әдістемелік негіздер мен теориялық мәселелер қарастырылған, маңызды ұғымдар ойластырылған. Олар тұлға әлеуметтенуінің мән-мағыналық ерекшеліктерін зерттеуге негіз болған. Психолог-ғалымдар әлеуметтену мәселесінің бірнеше бағыттарын анықтаған: тұлғаның маңызды әлеуметтік қасиеттерін анықтау, мінез-құлықтың әлеуметтік анықталуы, тұлғаның әлеуметтік белсенділігі (Г. М. Андреева [15] ), әлеуметтік тәжірибені меңгеру тұрғысынан бірлескен іс-әрекетке қосылу (А. Г. Асмолов [16], В. С. Мухина [17] ), әлеуметтік үдерістер арқылы қоғам жүйесін құру (У. Бронфенбреннер [18] ), сонымен бірге мінез-құлық мотивтерін қарастыру арқылы тұлға психологиясын құрудың заңдылықтарын зерттеу (В. А. Ядов [19] ), сана мен сана-сезімді зерттеу бағытында, іс-әрекет пен қарым-қатынас барысында тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы (А. И. Ковалева [20] ), ұрпақ тәжірибесі мен мәдениетін қайта жаңғырту (М. И. Шилова [21] ) көзқарасы тұрғысынан қаралған.
Батыс елдер ғалымдарының еңбектерінде тұлға әлеуметтенуінің тәжірибесі XVIII-XIX ғасырлар аралығында әлеуметтік-педагогикалық ойдың қалыптасу негізінде тұжырымдалған. Ресей педагог-ғалымдары тұлға әлеуметтенуінің мәселесін баланың әлеуметтік өмірге кірудің әлеуметтік-педагогикалық шарттарын анықтау бағытында жүргізген (К. Д. Ушинский [22], А. С. Макаренко [23], С. Т. Шацкий [24] ) . Қазақтың ағартушы-педагогы Ы. Алтынсарин әлеуметтік тәрбие беру идеясының үш бағытын көрсетеді [25] .
Ресей және қазақстандық ғалымдардың (Н. В. Бордовская [26], М. И. Шилова, [27], А. В. Мудрик [28], Н. Ф. Голованова [29], Қ. Т. Атемова[30], И. Р. Халитова [31], В. С. Нурланова [32], З. А. Зубайраева[33], М. Е. Демеуова және т. б. [34], Ахметова А. И. және т. б. [35] ) еңбектерінде тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі субъекттің әлеуметтік белсенділігі тұрғысынан, ал З. У. Кенесарина [36], А. Г. Бортко [37], А. Н. Тесленконың [38] еңбектерінде теориялық-әдіснамалық тұрғысынан қаралған.
Соңғы уақытта тұлғаны әлеуметтендіру мәселесін зерттеу сауалдары бойынша еңбектердің көптүрлілігі осы мәселеге авторлардың ерекше қызығушылықпен қарайтынын мәлімдейді. Бірақ ғылыми ресурстың жалпылама сипатына қарай отырып, студенттер әлеуметтенуі мәселесінің көптеген бағыттарының қарастырылмағандығын түсінеміз.
Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиетті және оқу-әдістемелік құралдарды талдау негізінде педагогикалық теорияда объективті қайшылықтар айқындалды: Қазіргі қоғамдағы өміршендікке дайындау мақсатында студент тұлғасын әлеуметтендіру қажеттілігі мен осы мәселенің әлеуметтік психологиялық-педагогикалық тұрғыда толық қарастырылмауы арасында; студент жастарды әлеуметтендіруге болған қоғамдық сұраныс пен оның психологиялық-педагогикалық шарттарының айқандалмауы және әдістемелік қамтамасыздануының жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар белгілі болды.
Осы қайшылықтар тақырыбымызды « Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру» деп алуымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіруді теориялық негіздеу және оның әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны - колледждегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - колледжде студенттерді кәсіби әлеуметтендіру.
Зерттеу міндеттері:
- студент тұлғасы әлеуметтенуінің зерттелуіне сипаттама беру;
- колледжде студенттердің психологиялық ерекшеліктерін айқындау,
- оларды әлеуметтендірудің қазіргі жағдайын зерттеу;
- студент тұлғасы әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау;
- колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендірудің әдістемесін жасау .
Зерттеу көздері: халықаралық заңнамалық құжаттар, ҚР ресми құжаттары, шетел, ресейлік және қазақстандық ғалымдардың әлеуметтік тәрбие бойынша дайындалған философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық еңбектері, философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалар, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда жарияланған материалдар, Internet жүйесіндегі WEB-беттер, педагогтар мен психологтарға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау, жіктеу, оларды жүйелеу, зерттеудің мәселесі бойынша материалдарды таңдау, зерттеу мәселесі бойынша озат педагогикалық тәжірибені талдау, сұрақ-жауап (сауалнама, әңгімелесу), бақылау жүргізу, студенттердің іс-әрекетін талдау, студенттердің оқу құжаттарын зерттеу, психологиялық-педагогикалық мониторингті өткізуэксперимент.
Зерттеу базасы: Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Колледжде студент тұлғасының әлеуметтенуінің теориялық мәселелері
1. 1 Студент тұлғасының әлеуметтенуінің зерттелуі
Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісінің мәнін зерттеу басқа ғылымдар аймағындағы жетістіктерді ескеретін пәнаралық көзқарастың жүзеге асуын талап етеді, солардың ішінде философияда, әлеуметтануда, психологияда және педагогикада.
Студенттер әлеуметтенуінің мәнін ашу үшін тұлғаны әлеуметтендірудің мәнін түсіндірудегі түрлі тұжырымдамалық көзқарастарды қарастыру және осы үдерістің ерекшеліктерін айқындайтын ұғымдарды нақтылау қажет.
Әлеуметтендіруді зерттеуде жалпы қабылданған теория әлі күнге дейін қалыптаспаған. Өйткені, «әлеуметтендіру» ұғымы пәнаралық ұғым болып анықталады, оның мәнін түсіндіруде бірнеше тұжырымдамалық көзқарастар қалыптасқан.
Әлеуметтендіру - бұл (лат. сөзінен аударғанда Socialis - қоғамдық), адам индивидінің қоғамның құқылы мүшесі ретінде тіршілік етуге мүмкіндік беретін белгілі бір білімдер, нормалар мен құндылықтар жүйесін игеру үдерісі; ол тұлғаға мақсатты түрде әсер етуді қамтиды (тәрбие), сонымен бірге оған тұлғаның қалыптасуына әсер ететін стихиялық, бақылаусыз болатын үрдістер жатады [39, 437-438 б. ] .
К. Роджерстің пікірінше, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы кезінде өзін-өзі бағалауын ескеру маңызды, яғни бұрынғы қалыптасқан құндылықтар жүйесін қайта қарау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады [40] .
Ғалымдар әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді адамдардың саналы іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қарастыруды ұсынады. Кез келген әлеуметтік жағдаяттарды зерттей отырып, тек қана әлеуметтік жағдайларды ескеріп қоймай, сонымен бірге осы жағдаяттарға қатысып отырған индивидтердің көзқарасын ескеру қажеттігін көрсетеді [4, 335-357 б. ] .
Парсонс Т., У. Томас, Ф. Знанецкий және Дж. Мид көзқарасы бойынша, тұлғаны әлеуметтендіру кез келген қоғамның жетекші қызметтерінің бірі болып табылады. Оны біз тұлға мен әлеуметтің өзара әрекеттесуінің екі жақты үдерісі ретінде қарасытыруымыз маңызды. Бірінші жағы, әлеуметтік тәжірибені игеру және екінші жағы, біздің зерттеуімізге субъект-субъект көзқарасы жақын, өйткені әлеуметтік тәжірибені игеру үдерісін тұлғаның әлеуметтік белсенді ұстанымымен байланысты қарауымыз маңызды.
Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісінің құрылымдық компоненттері болып табылатын, осы үдерістің мәнін ашатын философия, әлеуметтану, психология мен педагогикадағы ұғымдарды нақты анықтаймыз.
Әлеуметтану ғылымында әлеуметтендіру үдерістерін макрожүйелерде қарастырады; олардың оның әлеуметтік құрылымдарымен, материалдық құндылықтарды өндіру тәсілімен, қоғамдық қатынастардың жүйесімен, саяси құрылыммен ара қатынасын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға индивид дамуының нәтижесі ретінде, барлық адами қасиеттердің дамуы негізінде қарастырылады.
Психологияда әлеуметтендіру мәселесі тұлға мен ортаның өзара әрекеттесу үдерісі ретінде түсіндіріліп, тұлға дамуының динамикасын айқындайды.
Біз психологтардың тұжырымдаған «әлеуметтендірудің» анықтамаларын және психологиялық тұрғыдан тұлға әлеуметтенуінің мағынасын ашатын ұғымдарды қарастыруымыз қажет.
Тұлғаға бағытталған әлеуметтік-психологиялық зерттеулер тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері дамуының жетекші басымдылығын (тенденцияны) көрсетеді (Б. Г. Ананьев], А. А. Бодалев, Г. М. Андреева және т. б. ) . Зерттеушілердің еңбектерінде тұлға психологиялық жаңа құрылым ретінде қарастырылады, ол индивидтің өмірлік қатынастарында оның іс-әрекетін өзгерту нәтижесінде қалыптасады.
«Әлемге деген адамның жүзеге асатын қоғамдық қатынастарының жиынтығы» оның тұлғасының базисі болып табылады [8, 194-201 б. ] .
Б. Г. Ананьевтің пікірінше: «тұлғаның қалыптасуы мен дамуы әлеуметтік болмыс жағдайларының жиынтығымен анықталады» [9, 131б. ] . Яғни ғалымның негізгі ой-тұжырымы бойынша тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі күштер бар. Сонымен қатар, ол білім берудің және қоғамдық тәрбиенің әлеуметтік бағытын сипаттап, адамды қоғамдық дамудың объектісі ретінде анықтап, оның қоғамдық дамудың субъектісі ретінде қалыптасуының ішкі шарттарын көрсетеді.
Б. Ф. Ломов индивид дамуын қоғамдағы тұлғаның дамуы ретінде қарастырып, осы үдеріс күрделі және жүйелі анықтамасымен қамтамасыз етілетінін түсіндіреді [11, 307 б. ] . Осы дамуда диалектикалық тұрғыдан екі үдеріс бір-бірімен сәйкестендіріледі. Бір жағынан, тұлға толығымен қоғамдық қатынастар жүйесіне енеді; оның адамдар мен қоғам өмірінің түрлі салаларымен байланыстары кеңейеді және тереңдетіледі; сондықтан да ол қоғамдық тәжірибені игереді; оны өзінің қол жеткізген жетістігіне айналдырады. Тұлға дамуының осы қыры, Б. Ф. Ломов бойынша, әлеумметтендіру болып анықталады.
Нормалар мен мінез-құлықты нормативтік реттеу бағытында әлеуметтендіруді зерттеу мәселесіне М. И. Бобневаның бірқатар зерттеулері жатады [41] . Ол топтық нормалар мен күнделікті өмірдің нормаларын зерттеген. Олар қоғамдағы қабылданған мінез-құлық ережесімен анықталады, қоғамның әлеуметтік құрылымдарына кіретін топтардың макроәлеуметтік нормаларымен (кәсіби, этикалық, саяси және т. б. ) байланысты.
С. Мухина өзінің эмпирикалық зерттеулерінде тұлға өзінің әрекеттерін өз достарының әрекеттерімен сәйкестендіріп, ұжымда жұмыс жасаудың дағдыларын игереді, - деп түсіндірген [17, с. 144] . Осылайша, бірлескен іс-әрекет әлеуметтік тәжірибені игеруге мүмкіндік береді екен және әлеуметтендірудің шарты болып табылады.
Әлеуметтендіру үдерісінің феномені ретінде Б. Ф. Ломов «индивидтің мәдени-тарихи тәжірибені игерудің логикасында оны қайталау үдерісін» қарастырады [11, 364 б. ] .
1-ші суретте Л. С. Выготский бойынша қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру мен қайта жаңғырту үдерісінің жалпы схемасы көрсетілген және ол абстрактілі түрде қарастырылған [7, 116 б. ] .
Білімде, әлеуметтік құндылықтарда, қоғамдық нормаларда тіркелген адамзаттың жалпыланған тәжірибесі қоршаған әлемге және өз-өзіне қатынасының жеке концепциясын қалыптастыру үшін дүниетаныммен түсіндіріледі (1-сурет) .
Сурет 1 - Л. С. Выготский бойынша қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру мен қайталау үдерісінің схемасы
Дүниетанымдық бағдарлау үдеріс ретінде ақиқаттың екі типіндегі салыстырудың процедурасын жүзеге асыруды айқындайды:
- сыртқы, әлеуметтік, оны адам өзінің белсенділігінің қызуғышылығы тұрғысынан бағалау керек;
- ішкі - тұлғада бар өлшемдер мен эталондардың жүйесін салыстыру арқылы өзіндік дұрыс таңдау жасау. Осы жағдайда адамдағы құндылықты таңдаудың өлшемдер мен эталондар жүйесісенім(убеждение) деп аталады. Сенімдердің осындай қалыптасу механизмі «құндылықтық-іс-әрекеттік» деп, анықталады. Сенімдердің қалыптасуының психологиялық мәні «мотив» және «бағдар» ұғымдарының арақатынасын орнату барысында ашылады. Осы кезде сенімді әлеуметтік бағдардан ажырату керек. Әлеуметтік бағдар «индивидтің топ мүшесі ретінде мінез-құлығының қабылданған тәсілдерін сипаттайтын белгілі бір құндылықтарға субъективті бағыты.
Бағдар - бұл рөлдік мінез-құлықтың моделінде қарастырылатын компоненттердің бірі. А. В. Петровскийдің пікірінше, бағдар тұлғаға белгілі бір адамның рөліне кіруге көмектеседі, адамның адамды қабылдауына және қарым-қатынасқа түсуіне ықпал етеді[42] .
Психологияда қоғамдық әлеуметтік тәжірибені игерудің феноменін түсіндіру мен оны игеру үшін «интернализация» - деп аталатын психологиялық ұғымды қолдануды ұсынады. Интернализация (internalization) - «сыртқы әлемнің кейбір аспектілерін адамның жеке психикалық өміріне кіріктіру, осылайша, сыртқы әлемнің ішкі репрезентациясы оның ойлау мен мінез-құлығына әсер етеді».
А. И. Ковалеваның пікірінше, әлеуметтендіру үдерісі үш аймақтың өзгерілуі бірлігі арқылы түсіндірілу мүмкіндігін көрсетеді: іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, өзіндік сана сезімнің [19, 62б] .
Бірінші аймақ - іс-әрекет: индивид әлеуметтендіру барысында жаңа іс-әрекет түрлерін игереді [8, 188б. ] . Екінші аймақ - қарым-қатынас: қарым-қатынас іс-әрекетпен байланысты. Үшінші аймақ - тұлғаның өзіндік сана-сезімін дамыту. Адамда оның «Мен» бейнесінің қалыптасуы әлеуметтендіру үдерісі болып анықталады. Сонда тұлғаның әлеуметтендіру үдерісі, А. И. Ковалеваның пікірінше, осы үш аймақтардың өзгеруінің бірлігі ретінде түсіндірілуі мүмкін.
Тұлға психологиясының маңызды құрылымдық бөлшегі болып анықталатын және әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық ережелер жүйесіне оның қатынасына әсер ететін - өзіндік сана - сезім. Өзіндік сана-сезімдегі маңызды элемент - бұл тұлғаның шынайы жағдай мен орындап отырған міндеттер, қызметтер және рөлдерге сәйкес өз мүмкіндіктерінің, қабілеттерінің өзін-өзі бағалауы.
Сонымен, тұлғаның өзіндік сана-сезімінің құрылымы үш құраушыдан тұрады [13, С. 166] :
- адамзатқа өзінің тиістілігін сезінуі;
- әлеуметтік топтарға өзінің тиістілігін сезінуі (ұлттық, саяси, кәсіби, құқықтық санасезім) ;
- өзінің даралығын сезінуі.
Г. М. Андреева әлеуметтендіруді «индивидтің әлеуметтік ортаға ену үдерісі», «әлеуметтік әсерленушіліктерді игеру», «оны әлеуметтік байланыстар жүйесіне жақындату» ретінде түсіндіреді [15, 274б. ] .
Н. И. Шевандриннің пікірінше, әлеуметтендіру бейімделудің үштік үдерісі, тұлға, даму және балалық көзқарастардан бас тарту болып анықталды [43, 198б. ] .
Психологиялық сөздікте әлеуметтендіру «қарым-қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асатын әлеуметтік тәжірибені игерудің үдерісі мен нәтижесі» ретінде анықталады.
Р. С. Немов әлеуметтендіруді «баланың психологиялық, интеллектуалдық және тұлғалық дамуы барысында әлеуметтік тәжірибені игерудің үдерісі мен нәтижесі, яғни оқыту мен тәрбиенің әсерімен болатын өзгерістің пайда болуы, әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарды, нормаларды және мінез-құлық ережелерін игеру, дүниетанымын қалыптастыру» деп, түсіндіреді [44, 489б. ] .
Сонымен бірге, психологияда әлеуметтендіруді барлық әлеуметтік үдерістердің жиынтығы ретінде түсінеді, мысалы, У. Бронфенбреннердің пікірінше, әлеуметтендіру - бұл «барлық әлеуметтік үдерістердің жиынтығы, солар арқылы индивид өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік беретін белгілі бір білім, нормалар мен құндылықтар жүйесін игереді» [18, 274б. ] .
Ал, С. М. Джакуповтың пікірінше, әлеуметтендіру үдерісін білім берудегі диалогтік көзқараспен түсіндіруге болады. «Білім беру - бұл адам тұлғасының әлеуметтенуінің арнайы ұйымдастырылған үдерісі» [45, 218б. ] . Сонымен, ғалымның пікірінше, оқыту қоғамдағы адам өміршендігінің динамикалық жағдайларында болатын әлеуметтенудің өзгеше моделі болып анықталады.
Осылайша, әлеуметтік ортадағы индивид пен оның өмірінің сыртқы жағдайларының өзара қатынасы өзара әрекеттесу сипатында болады. Осыған орай, қазіргі психологтар әлеуметтендіруді қоғамдық өмірдің тәжірибесін игерудің және адамның табиғи болмыстан әлеуметтік болмысқа айналудың көпқырлы үдерісі ретінде қарастырады. Оның нәтижесінде тұлға әлеуметтік рөлді орындап, мінез-құлықтың стереотиптерін, өзі қызмет етіп жүрген әлеуметтік ортаның нормалары мен құндылықтық бағдарларын игереді. Жалпы айтқанда, әлеуметтендіру, психологтардың тұжырымдамасы бойынша, адамның ортамен өзара әрекеттесуі барысында қасиеттері мен сапаларының дамуы, оның барысында интериоризация (әлеуметтік тәжірибені игеру) және экстеориоризация (шынайы ақиқатқа өзіндік тәжірибенің әсері) үдерістері ерекше ажыратылады.
Педагогикалық ғылымда осы құбылысты анықтауда тұрақты пікір қалыптаспаған.
Педагогтар әлеуметтендіруді оқытушылық-тәрбиелеушілік ерекшелігі тұрғысынан түсіндіреді. Олар оны қарастыру барысында философиялық әдіснамаға негіздейді, қоғамда адамның қызмет етуінің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін пайдаланады және өзгертеді.
Ресейде XIX ғасырдағы әлеуметтік тәрбиенің көптүрлілігін екі көзқараспен түсіндіруге болады: қоғамдық және индивидуалистік тәрбиемен. Әлеуметтік тәрбиенің басты міндеті - азаматтық тыныштықты сақтау мен адам тәрбиесі үшін ең жағымды әлеуметтік жағдайларды анықтау.
20-30-шы жылдары әлеуметтік тәрбиені зерттеудің ерекшеліктеріне төмендегілер жатқызылды: баланы әлеуметтік өмірге кіріктіру; тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ортаның әсер ету идеялары(К. Д. Ушинский [46, 27б. ], А. С. Макаренко[47, 75б. ] . С. Т. Шацкий [48] ) .
Педагогтар әлеуметтендіру мәселелерінің шешімін баланың өмірлік тәжірибесін байыту тұрғысынан қарастырған.
К . Ж. Қожахметованың пікірінше, «әлеуметтік» пен «ұлттық» бір бірімен диалектикалық байланыста [49, 26б. ] . Әрі қарай ол халықтық ұстанымы педагогтар мен қоғамдық-саяси қайраткерлерінің (Ы. Алтынсарин, М. Х. Досмухамедов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов. ) еңбектерінде қарастырылады деп, қорытынды жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz