Қазақстан жахандануға жұтылып кетпей ме?



Жоспар



1. Мәдениет пен өркениет ұғымының философиялық мәні.
2. Мәдениет пен өркениет туралы философтардың ойлары.
3. Қазақстанның бүгінгі рухани жағдайы.
Қазіргі қоғамдық ой-пікірде көп көтерілетін мәселелердің қатарында мәдениет пен өркениет ұғымдары ерекше орын алады. Кейде бұл екі ұғымды бірін-бірі алмастырушы синоним ретінде қолданушылар да табылып жатады. Өркениетті мемлекет, өркениетті қоғам, мәдени қоғам сияқты толып жатқан тіркестерді кездестіреміз. Әрбір адам өзін мәдениеттімін деп санап, өркениетті елдің өкілімін деп бағалайды. Алайда, осы ұғымдардың түп төркіні мен мән-мағынасы туралы ойлана бермейді. Көп айтылғанымен, аз талданатын осы мәселе қолымызға қалам алуға себепкер болып отыр. Әңгімені мәдениет ұғымының сөз төркінінен бастар болсақ, бұл қазақ тіліне арабшадан енген кірме сөз болып табылады. Арабша «маданият» - қала, қалалық деген мағына береді. Ал, біз білетін орыс тіліндегі «культура» сөзі болса, өз кезегінде орысшаға латыншадан енген кірме сөз. Мәдениет (латынша «cultura» - жер өңдеу, кейінірек - тәрбиелеу, білім беру, дамыту, өнеге тұту) - адами іс-әрекеттің түрлі салаларында кеңінен қолданылатын, мағынасы жан-жақты ұғым болып табылады. Сәйкесінше, бұл ұғым қоғамдық ғылымдардың барлығына ортақ мәселе. Мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды қамтуына қарай жіктеле отырып, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің, мінез-құлқы мен өмір салтының, құндылықтарының, ғылым-білімінің, қол өнері мен сәулет өнерінің жиынтығын білдіретін құбылыс болып табылады. Мәдениеттің латын тіліндегі екінші бір мағынасы culter -пышақ, кескіш, қашау, шектеуші.Адамдар мәдениеттің ауқымында тәлім-тәрбиеге, мораль мен заңдарға сүйене отырып, жекелеген адамдардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын түзеуді жолға қойып, сол арқылы мәдениет қоғам үшін жағымсыз әрекеттерді шектеудің өзіндік жүйесіне де айналған.
Жалпы, мәдениет мәселесі адамзатты ежелгі заманнан бастап толғандырған. Ежелгі мәдениет үлгілері өзінің әсемдігімен, күрделілігімен, асқан шеберлікпен орындалуымен таңқалдырады. Мысалы, әлемнің жеті кереметін алайық. Оның ішінде бір ғана ежелгі египеттік пирамидалардың құпия сырлары ғылым мен технология барынша дамыған қазіргі заманның өзінде ашылмай отыр. Антикалық Римнің Цицерондай шешені мәдениетті рухани құбылыс қатарына жатқызып, философияны «жанның мәдениеті» деп, философты рухы мен ой-санасы мәдениетті адам деген екен. Ал, мәдениет ұғымының дербес қалыптасуына неміс ойшылдары ықпал етті. И.Г. Гердер мәдениет терминін ғылыми айналысқа алғаш ендіруші болды. Ол мәдениет сөзінің төркіні латынша «жер өңдеу» екенін негізге ала отырып, қара жерді дұрыстап өңдеп, егін салып, еңбек етсең жемісін үйіп-төгіп беретіні сияқты, қарапайым адамды дұрыс бағытта тәрбиелесе, онда ол адамгершілігі мол, білімді де білікті, жан-жақты адамға айналатынын көрсетеді. Яғни, мәдениетті адам болу үшін жаман әдеттен арылып, жақсы қасиеттерді бойға жинап, әжептеуір тер төгіп еңбектену қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Ә. Нысанбаев, Д.Кенжетай, Ғ. Құрманғалиева, Н. Сейтахметова «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 19-том. «Қазіргі мұсылман философиясы». – Алматы : «жазушы», 2008. 156 – 165 бб.
2. Д.Неру «Үндіні ашу». Москава, 1989 – 360б
3. Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А. Қасабеков философия және мәдениеттану: Оқу құралы – Алматы, жеті жарғы, 1998. 131 – 132 бб
4. Ә. Нысанбаев Ұлттық энциклопедия. «Қазақстан» - Алматы : «Қазақ энциклопедиясы», 1998. 616 – 617 бб
5. Т. Ғабитов, Ғ. Құрманғалиева, С. Нұрмұратов «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 4 – том . Әл – фараби мен Ибн Сина философиясы. – Алматы : жазушы, 2005. 44 – 46 бб

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан жахандануға жұтылып кетпей ме?

Қазіргі қоғамдық ой-пікірде көп көтерілетін мәселелердің
қатарында мәдениет пен өркениет ұғымдары ерекше орын алады. Кейде бұл екі
ұғымды бірін-бірі алмастырушы синоним ретінде қолданушылар да табылып
жатады. Өркениетті мемлекет, өркениетті қоғам, мәдени қоғам сияқты толып
жатқан тіркестерді кездестіреміз. Әрбір адам өзін мәдениеттімін деп санап,
өркениетті елдің өкілімін деп бағалайды. Алайда, осы ұғымдардың түп төркіні
мен мән-мағынасы туралы ойлана бермейді. Көп айтылғанымен, аз талданатын
осы мәселе қолымызға қалам алуға себепкер болып отыр. Әңгімені мәдениет
ұғымының сөз төркінінен бастар болсақ, бұл қазақ тіліне арабшадан енген
кірме сөз болып табылады. Арабша маданият - қала, қалалық деген мағына
береді. Ал, біз білетін орыс тіліндегі культура сөзі болса, өз кезегінде
орысшаға латыншадан енген кірме сөз. Мәдениет (латынша  cultura - жер
өңдеу, кейінірек - тәрбиелеу, білім беру, дамыту, өнеге тұту) - адами іс-
әрекеттің түрлі салаларында кеңінен қолданылатын, мағынасы жан-жақты ұғым
болып табылады. Сәйкесінше, бұл ұғым қоғамдық ғылымдардың барлығына ортақ
мәселе. Мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды қамтуына қарай
жіктеле отырып, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған әдет-ғұрпы мен салт-
дәстүрінің, мінез-құлқы мен өмір салтының, құндылықтарының, ғылым-
білімінің, қол өнері мен сәулет өнерінің жиынтығын білдіретін құбылыс болып
табылады. Мәдениеттің латын тіліндегі екінші бір мағынасы culter -
пышақ, кескіш, қашау, шектеуші.Адам дар мәдениеттің ауқымында тәлім-
тәрбиеге, мораль мен заңдарға сүйене отырып, жекелеген адамдардың мінез-
құлқын, жүріс-тұрысын түзеуді жолға қойып, сол арқылы мәдениет қоғам үшін
жағымсыз әрекеттерді шектеудің өзіндік жүйесіне де айналған.
Жалпы, мәдениет мәселесі адамзатты ежелгі заманнан бастап
толғандырған. Ежелгі мәдениет үлгілері өзінің әсемдігімен, күрделілігімен,
асқан шеберлікпен орындалуымен таңқалдырады. Мысалы, әлемнің жеті кереметін
алайық. Оның ішінде бір ғана ежелгі египеттік пирамидалардың құпия сырлары
ғылым мен технология барынша дамыған қазіргі заманның өзінде ашылмай отыр.
Антикалық Римнің Цицерондай шешені мәдениетті рухани құбылыс қатарына
жатқызып, философияны жанның мәдениеті деп, философты рухы мен ой-санасы
мәдениетті адам деген екен.  Ал, мәдениет ұғымының дербес қалыптасуына
неміс ойшылдары ықпал етті. И.Г. Гердер мәдениет терминін ғылыми айналысқа
алғаш ендіруші болды. Ол мәдениет сөзінің төркіні латынша жер өңдеу
екенін негізге ала отырып, қара жерді дұрыстап өңдеп, егін салып, еңбек
етсең жемісін үйіп-төгіп беретіні сияқты, қарапайым адамды дұрыс бағытта
тәрбиелесе, онда ол адамгершілігі мол, білімді де білікті, жан-жақты адамға
айналатынын көрсетеді. Яғни, мәдениетті адам болу үшін жаман әдеттен
арылып, жақсы  қасиеттерді бойға жинап, әжептеуір тер төгіп еңбектену
қажет. 
Мәдениетсіз ұлт жоқ
Қандай да бір ұлтты өзгелерден айшықтайтын белгілердің қатарында
мәдениеттің алатын орны ерекше. Яғни, мәдениет ұлттың қадыр-қасиетін
айқындайтын құндылығы, мәдениетсіз ұлт жоқ екендігі дәлелдеуді қажет
етпейтін аксиома. Мәдениетін жоғалтқан ұлттың өзі де жойылмақ. Сол үшін
әрбір ұлт өзінің біртуар мәдениетін сақтау үшін күреседі. Мәдениетін сақтап
қалу үшін ұлтқа күшті иммунитет қажет, яғни, рухани ерік-жігермен қатар,
сау-саламаттық, әлеуметтік-экономикалық күш-қуат, демографиялық өсім керек.
Шетелдерде, өзге ұлттың ішінде өмір сүруге мәжбүр болған шағын ұлттық
топтар анклавтар құрып, тығыз ұйымдасып, белгілі бір аймақтарға шоғырланып
тіршілік етуінің сыры осында.Осылайша, бүкіл қоғам үшін де, сол сияқты,
белгілі бір ұлттық мемлекет үшін де мәдениеттің маңызы аса зор. Оның
атқаратын негізгі қызметтері: біріншіден, мәдениеттің бейімдеушілік қызметі
– адамдардың түрлі табиғи және қоғамдық ортаның ыңғайына қарай бейімделуіне
мүмкіндік береді. Қазір жер шарының түпкір-түпкірінде сан-алуан ұлттар мен
ұлыстар түрлі географиялық, климаттық белдеулер мен саяси, әлеуметтік,
экономикалық құрылыс жағдайларына бейімделіп, тұрмыс-тіршілік етуде. Әр
ұлттың мәдениеті өзгелерден ерекше болуына мәдени бейімделе білу тікелей
әсер еткен.  Екіншіден, мәдениет ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жүзеге
асырады. Яғни, алдыңғы ұрпақтың қалыптастырған мәдени мұрасын, яғни, ұлттың
тектік қорын айқындайтын құнды ақпаратты (тіл, діл, дін) жинақтап, жүйелеп,
сақтап, келер ұрпаққа жеткізуші. Мәдениеттің бұл қызметі ұлттың сапалық
қадыр-қасиетін айқындайды. Үшіншіден,мәдениет адамдардың бойында белгілі
бір құндылықтар жүйесін қалыптастырып, мәдени қажеттіліктер мен бағыт-
бағдарды анықтайды. Мәдени құндылықтарды бойына сіңіре отырып,  әрбір адам
өмірлік маңызы бар мәселелерден қарапайым нәрселерді ажыратып, оң-солын
таниды. Төртіншіден, мәдениет адамдардың өзін-өзі айқындауына мүмкіндік
береді, сол арқылы адамдар қауымы өзара жіктеліп, өздерінің белгілі бір
мәдениет түріне жататындығын айқындайды, өзге мәдениет өкілдерінен
ерекшеліктерін сезінеді.
Бесіншіден, мәдениет қалыпқа салушылық (нормативтік) қызмет те атқарады.
Мораль мен құқыққа сүйене отырып, қоғамдық өмірдің түрлі салаларын, сонымен
қатар, адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттейді. Алтыншы -
мәдениеттің коммуникациялық қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас
жасаумен байланысты. Осының нәтижесінде мәдени құндылықтармен алмасу,
мәдени ықпалдасу мен үнқатысу жүзеге асады. Жалпыадамзаттық мәдени кеңістік
қалыптасуына негіз болады.
Өз кезегінде мәдениет ұғымы өркениет ұғымымен астасып жатыр. Тіпті, кейде
бұл екі ұғымды егіз деп санап, синоним ұғым ретінде қолданушылар да
кездеседі. Ондай ғалымдар тарихы ежелгі мыңжылдықтардан бастау алатын
елдердің мәдениеті дами келе өркениеттік сипат алатынын айтады. Мысалы,
Қытай жай ғана ел емес, ол ерекше мәдениет әріөзіндік өркениет саналады.
Мұндай елдің мәдениеті берік, өркениеті де бірегей. Ал,кейбір зерттеушілер
мәдениет пен өркениетті бір-біріне қарама-қарсы қояды. Мысалы, О. Шпенглер
мәдениеттен өркениетке өту антикалық дәуірдегі ІV ғасырда басталғанын, ал,
Батыс Еуропада ХІХ ғасырдан бастап жүргенін, өркениетке өту мәдениеттің
түбіне жететін қауіпті процесс деп көрсеткен. Мәдениет халықтың ішкі жан-
дүниесі іспетті. Мәдениет бейне бір тірі ағза сияқты, туу мен өлудің
аралығында өмір сүріп, дамудың үш сатысынан өтеді: біріншісі, мәдениеттің
жастық жағы, яғни, қалыптасу кезеңі; екіншісі, мәдениеттің толысқан шағы,
шығармашылықтың, рухани-материалдық құндылықтардың қарқынды даму шағы;
үшіншісі, мәдениеттің құлдырау кезеңінде діни наным-сенім шайқалып,
имансыздық күшейеді, жалған философиялық ілімдер басым болады, өнер
тоқырап, рухани өмір азып-тозады. Мәдениет өркениетке өтуге бейімделе
бастайды. Осылайша, О. Шпенглер бойынша, өлген мәдениет өркениетке
айналады, ол Батыс Еуропа мәдениетін тап осындай, өркениетке айналған,
өлген мәдениеттің түрі деп көрсеткен.
Орыс ойшылы Н. Бердяев та мәдениетті жоятын қауіпті құбылысқа
өркениетті жатқызған. Жоғарғы рухани мәдениет иман-ынсапты, аристократиялы
және сапалы, ол дүниеқоңыздық пен нәпсіден, рахат өмір кешу сияқты
кемшіліктерден таза. Ал, өркениет пендешілілік пен санға негізделген, фәни
өмірде барша байлық пен мансапқа қол жеткізіп, барлық қызықты көріп,
барынша ішіп-жеу керек деген жалған өмірге көзсіз құштарлықпен
ерекшеленеді. Өркениет жаңа өмір салтын қалыптастырады. Адамдар ашкөздікке
пен қанағатсыздыққа ұрынып, бір-бірімен бақталастырады, ар-ұяттан ада бола
бастайды. Бірақ, өркениет ауқымында мұның бәрі қалыпты жағдай сияқты
көрінеді. Н. Бердяев өркениет туындататын осындай соқыр сезімдер
мәдениеттің түбіне жетеді деп көрсеткен. Ал, А. Тойнби болса, өзіндік
ерекшеліктері бар түрлі мәдениеттердің ортақ өркениетке біргуіне ықпал
ететін факторларды қарастырған. Ондай факторлардың маңдай алдысы –
экономикалық бірегейлену (унификация). Экономикалық бірегейлену батыстық
экономикалық ілімге негізделген әлемдік экономика ұғымын туындатты. Одан
кейінгі фактор – саяси бірегейлену. Бұл барлық елдерге ортақ мемлекеттік
белгілердің қалыптасуы (ел халқы, шекара, армия, экономика, территория,
астана, саяси билік т.б.), саяси институттардың бірегейленуі (президент,
парламент, партия т.б.). А. Тойнби де әлемдік экономика мен саясаттың,
сәйкесінше, әлемдік өркениеттің де батыстық үлгіде қалыптасқанын,
вестернизация үрдісінің басымдығын көрсетеді. Әдетте, қай елде болмасын
ауылдық жерлер ұлттық мәдениеттің ошағы, ал, қалалар өркениеттің бесігі
саналады. Урбанизация процесінің қарқынды жүруі ұлттық мәдениеттің үлес
салмағын кемітіп, өркениеттің етек жаюына игі ықпал етпек. Батыстағы
урбанизация объективті қажеттілік ретінде жүйелі жүрді. Қазақстанда болса,
ауылдық жерлердегі жұмыссыздықтың әсерінен болатын мәжбүрлі болатын,
стихиялы, бей-берекет урбанизация әлі жалғасуда. Бұл мәденитке де,
өркениетке де жағымсыз ықпал ететін  қатерлі процесс.
Жоғарыда келтірілген түрлі ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек,
мәдениетсіз ұлт жоқ. Әр ұлттың өзіне тән ұлттық мәдениеті болуы заңдылық,
ол ұлттың жан-дүниесі, рухы іспетті. Сонымен бір мезгілде, мәдениет ұлттың
қолымен жасалған жасампаз туындылардың бәрін қамтиды. Мәдениет қоршаған
ортамен гармонияда дамиды, табиғатпен қайшылыққа түспеуге тырысады.
Өркениет болса, керісінше, ғылым мен техниканың көмегіне сүйеніп, табиғатты
бағындыруға, қиратып жоюға құмар. Кезінде О. Сүлейменов жырлағандай,
табиғатты адамға сиындырып, бағынышты ету өркениеттің қол жеткізген
жетістігі болып табылады. Сан ғасырлар сақталған табиғи тепе-теңдікті
адамзат бір ғана ХХ ғасырдың өзінде ғылыми-техникалық прогрестің көмегіне
сүйеніп, қолынан келгенше бұзып бақты, қоршаған ортаға адами техногендік
әсер ету қазір де қатты қарқынмен жалғасуда. Нәтижесі белгілі – адамзат
ғаламдық ауқымдағы экологиялық проблемалардың зардабына душар болып отыр.
Кезінде орыс шовинистері қазақтарды мәдениеттен жұрдай бұратана
халық болған деп көрсетуі ақылға симайтын, арамза тұжырым еді. Сол арқылы
қазақ ұлтын өткен тарихынан айнытып, ұлттық мәдениетінен жерітіп, орыстық
һәм батыстық үлгідегі мәдениетке бас идіру жүзеге асты. Осылайша, қазақ
ұлты жан-дүниесінің қалай азып тозғанын, ұлттық рухы мен ар-намысының
қожырағанын білмей қалды. Ал, шын мәнісінде қазақ ұлтының тарихи тамыры
терең, мәдениеті бай екенін ежелгі дереккөздер мен бүгінгі археологиялық
зерттеулер дәлелдеуде. Қазақстардың қоғамдық құрылысы мен өмір-салты да
дербес болған. Көшпелі дала мәдениетінің басты ерекшелігі – оның табиғатпен
гармониялық үйлесімді өмір сүруі. Ата-бабаларымыз географиялық және
климаттық ерекшеліктерге бейімделе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану жағдайындағы қазақ мәдениеті
Ұлт және құндылық
Түркиядағы қазақ диаспорасы
Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы
Жаһандану үдерісінің ықпалы
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ұлттық құндылық көрінісі
ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ СИПАТЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Алаш көсемдерінің құнды публицистикалық мұралары
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ АЙНАЛАСЫНДА
Пәндер