ҚР жоғарғы оқу орындарында қазіргі білім беру жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚР жоғарғы оқу орындарында

қазіргі білім беру жүйесі

1. Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы.

2. Қазақстанда жоғарғы білім жүйесінің міндеттері.

3. ЖОО дағы қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар

4. Оқыту жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялар.

1. Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы.

Қазақстанда Жоғарғы оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы. Алматы Мемлекеттік Педагоктік Институтының ашылуымен байланысты. 1929-1931 жылдарыАлматы Малдәрігерлік, Қазақтың ауыл щаруашылық Институттары ашылды, ал кейінірек Кен металургия, медицина, құрылыс инстетуттары өз жұмыстарын бастағанын “Қазақстандағы мәдени құрылыс”құжаттар мен материялдар жинағының 2-ші томындағы дерекер арқылы білеміз.

Осы жоғарыдағы аталған оқу орындарымен бірге Қазақ мемлекеттік Университеті де ашылды. Бұл оқу орнының ашылуы, ұйымдастырылуы туралы БК(б) П Қазақ өлкелік Партия комитеті 1933 жылғы 9 желтоқсанда қаулы шығарды. Онда:Алматы Педагогика инстетуты сақталынсын. , 1934 жылғы 1- қаңтардан бастап осы инстетуттың базасында, физика математика, биология факультеттері құрамында Қазақ мемлекеттік университеті ұйымдастырылсын, 1934 жылғы 1-қыркүйектен бастап химия, тарих, эканомика, әдебиетжәне тіл факультеттері ашылсын.

Университетте қабылданған студенттердің құрамында қазақтар мен шығыс ұлтының 60-70 проценттен кем болмауын қамтамасыз ету міндеттері орындалсын”--- деп атап өтті. Бұл 1920-1937 жылдары КСРО халықтарының туысқандық бірлігінде “ Құжаттар мен материалдар” атты жинағында “Учебный год в вузах Казахстана” атты жарық көрген Г. Ибрагимовтың мақаласында көрсетілген. Бұл кезде жоғары оқу орындарының дамуы бірқалыпты жүрген жоқ. Жұмыстың жүргізілуінде көптеген кемшіліктер де болды. Бұл жағдайда Т. Жүргенов “задачи школ Казахстана в новом учебном году” атты мақаласында ашып көрсетеді. (3)

Арада біраз уақыт өте келе КСРО- ның түпкілікті ыдырауы қарсаңында жоғары білім экономиясына жаңа білім мамандарды көп деңгейде және көп сатыда даярлауға жоғарғы оқу орындарын басқаруды орталықтандыруға байлансты алда тұрған реформаның бағыттарымен нобайлары белгілі. Осы тұста 1990 жылы КСРО Халыққа білім беру мемлекеттік комитетіне жоғары оқу орнында кезектен тыс, аттестация өткізу мәселесін ұсынғанда Елімізде білім жүйесі реформасының басталуы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіз алуы және бұдан кейінгі қоғамдық даму кезінде Білім беру министрлігінің коллегиясында қаралғанда аса айтулы әсері себепші Мемлекеттік Комитеттің төрағасы Г А. Ягодин ҚР - ң президенті Н. Ә Назарбаевпен республиканың халыққа білім беру министрі Ш. Ш. Шаяхметовке жолдау арнап, Өскемен педистетуты негізінде Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін ашуға ұсыныс жасаған еді. 1991 жылы 1- қаңтардан бастап “Өскемен педистетутын ШҚМУ ретінде қайта құру туралы”шешім қабылданған . Бұл республика көлемінде 20 жыл өткізіп барып құрылған Қазақстанның классикалық типтегі Алматы мен Қарағанды университеттерінен кейінгі бұрын сонды болмаған университет болды. Бұлай айтуымыздың себебі Шығыс Қазақстан аумағында өндірістік кәсіпорындардың тығыз топталуы көптеген ушықты мәселелердің әсіресе экологиялық проблемалардың көптеп туындауына әкеліп соғып, олардың шешімін табу мақсатымен университетте бұрын сонды болмаған медик-эколог, эколог-провпатолог, эколог-эксперт тәрізді мамандарды дайындауға бағдар алды. Мұндай мамандарды ол кезде КСРО дағы ешбір жоғарғы оқу орны дайындамайтын.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінде 57 мемлекеттік жоғарғы оқу орны 83 мемлекеттік емес жоғарғы оқу орны, оның ішінде 27 университет, 9 оқу академиясы (негізгі көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Білім комитетінің 1997 жылғы мағлұматтарынан алынған, Алматы 1998) 2 автономиялық унивеситет:Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті және Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жұмыс істейді. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында 59050 студент оқиды.

Күдіз оқитын 168384 (68, 3%) студент стипендия алады. Мемлекеттік бюджеттен жоғары білімге бөлінетін қаржының көлемі6, 9 милиард теңге немесе ел бюджеті көлемінің 1, 2%-і Шетелдік студенттердің саны 2 мыңнан асады, олардың ішінде Үндістаннан 600, Түркиядан, Монғолиядан, Сириядан, Пәкістаннан, Ресей федератифті республикасынан, Қытай елдерінен келген студенттер Қазақстан ЖОО - білім алады.

2. Қазақстанда жоғарғы білім жүйесінің міндеттері.

Дүниежүзілік білім жүйесін Қамтыған ғаламдық дағдарыс қазақстанға да әсер етпей қойған жоқ. Ол жоғарғы білім жүйесіндегі қайшылықтарды ұлттық қауіпсіздік проблемаларының көлеміне дейін күрт шиеленістірді.

Қазақстанда Республикасындағы жоғары мектепті реформалау процестері қазіргі заман тарихының, оның ішінде Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі астаң-кестең өзгерістермен өтті. Дәстүрлі білім моделінің онжылдықтары бойынша Қазақстанда қолданылған көрсеткіштер жүйесі оның уақытқа сәйкессіздігін көрсетеді. Қазір XXI ғасырдың мәресінде саяси болмыстар негізінде білімді реформалау қажеттігі алға қойылуда. Мәселен БҰҰ ның мағлұматтары бойынша

Қ. Р-ның 1997 жылы адамзат дамуының индекісі жөнінен 93- орны алды. Ал 1991 жылы БҰҰ ның 148 мүшесінің артуында 61 орында болатын Қазақстан жоғарғы білім жүйесі үшін Мынандай айқындық енгізу керек. Батыс пен шығыстың барынша дамыған елдеріндегі білім дағдарыс тез өзгеріп жатқан технология саласындағ ыбәсекемен байланысты болса - Ол ақпараттық артық өндіріс деп аталған - онда Қазақстан үшін білім дағдарысы индустриялық дәуірге дейінгі кезеңге мәжбүрлі шегіну қаупін немесе шикізат өндіруші жастар дамыған қоғамның мәңгі мәртебесін шешуді білдіреді.

Кеңес өкіметі жылдарындағы өзінің капиталистік емес индустриялық жаңғыртуларының бадырайып тұрған кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстан халықтық сауаттылығы орта және жоғары кәсіптік білімді мамандардың саны секілді көрсеткіштербойынша дүниежүзілік рейтинг шкаласында лайықты орын алды. Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің президенті Назарбаевтың“Қазақстан-2030”стратегиясында анықтап бергендей басты ұлттық басымдылықтардың бірі ретінде жауапты міндетті атқарды. Нақ доғары білім және мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндеті арқылы білімнің сапасы аумақтығы мен гумамдығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуіне қамтамассыз етуі тиіс. Қазақстанда жоғарғы білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту білімді аумақтандыру үздіксіз білім беру реформалар процесінің үздіксіздігі әлеуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері мәдениеттітұрмыс салттың өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау бейбітшілік ісіне адамның бостандығы құқығына үлес қосу, конйепйиялары негізінде құрылады.

Қазақстандағы жоғары білімніңміндеті БҰҰ ға мүше елдердің лисабон конференциясына (1997ж) қол қойған 47 мемлекеттің білімге көз қарастарына XXI-ғасырға арналған бүкіл Дүниежүзілік жоғары білім декларациясына үйлеседі. Басты құндылықтары жариялайды:

---Ол адам құқықтарын демократияны, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық азаматтардың бүкіл өмір бойы жеке дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамассыз етуі тиіс.

Ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік және экономикалық дамуына жәрдесмдесу;

--- Жоғарғы білікті мамандарды бір мезгілде өзі үшін және елдің болашағы үшін жауап бере алатын азаматтарды даярлауды жүзеге асыру;

---Уақыттың және аймақтың мәдениеті сақтауға, көтеруге және таратуға көмектесу, мәденни және ұлттық тұрақтылық пен топтасқандыққа, өзара түсіністікпен бейбіт мақсатында аймақтық интеграцияға жәрдемдесу;

---Қоғамдық құндылықтарды қорғауға және таратуға моралдық және этикалық проблемаларды шешуге стратегиялықмақсаттар мен гуманитарлық қайта өрлеуге көмектесу;

Тұтас алғанда қоғамның оның ішінде білім жүйесінің дамуы мен жақсаруына көмектесу.

XXI ғасырға арналған Бүкіл дүниежүзілік жоғары білім демократиясында оның этикалық рөлі атап көрсетілген.

--- Өзінің бүкіл әрекетіндеэтикалық нормаларға сүйене отырып шындық пен әділеттікке ұмтылу арқылы басты қызметтерді дамыту;

Жаңа әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси тенденцияларды ұдайы талдап отыру;

Қоғам алдында мамандарды даярлау үшін жауап беретін жоғарғы оқу орындарын сақтаужәне оларға толық академиялық еркіндік беру.

Іргелі және қолданбалы зерттеулер арасында баланс болуы қажет. Жоғарғы білімнің өзінде зерттеу мүмкіндіктерін күшейту маңызды. Жаңа технолгиялардан ақпарат пен комуникациядан басымдылыққа ие бола отырып, оларды оқыту мен зерттеулерде қолдану тәжірибесін бөлісе отырып жоғарғы оқу орындары жаңа дистанциялық оқыту ортасын құруда сөйтіп баршаның жоғары білім алуына жол ашуы әлеуметік даму мен демократияландыруға қызмет етуі тиіс. Жоғары білімнің жаңа гуманды міндеттерінің осында.

ЖОО- дағы қазіргі білім беру жүйесіндегі иновациялар.

3. ЖОО дағы қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар.

Ала келетін әлде бір жаңалықты енгізу процесі, және де сол жаңалықтар қажеттілігіне сайма сай тиесілі тәсілдерді қамти отыра дәл мерзімде енгізілуі керек.

Инновация мен реформа түп негізінде өзгерістер қайта түрлендіру болып табылады.

Айырмашылығы:инновациялар“төменнен”ұсынылып, реформалар “жоғарыдан ”енгізіледі. Айтылып отырған жағдайда бұл өзгерістердің екі аспектісін сөз етуге болады: олар: дәстүрлі және инновациялық . Оларды алғашқысы оң өзгерістерді біртіндеп жинақтай беруді қажет етсе екіншісі кезең кезеңінде ауқымды жаңалыққа тұтастай енгізіп әлдебір жүйенің процестің сипаты мен деңгейін түбегейлі түрде өзгертіп шығаруды қажет етеді.

Сонымен инновациялық іс әрекеттің түп негізі - жаңа соны сипаттағы үрдістерге жетуге, оның әдіс тәсілдерін жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттер, сол арқылы дәстүрлі қызмет саласындағы мешеу қалған әлеуметтерден арылу. Бұл тұста инновацияларды тәжірибеге енгізу барысында қайшылықтардың үш тобы туындап шешуін тауып отырады.

а) ескі мен жаңа арасындағы

ә) реформалау деңгейінің тереңдігіне сәйкес

б) қызметтердің шешімін жаңартуға ең алдымен олардың мүдделері мен бағалау көз қарасын түрлендіруге байланысты қайшылықтар. Инновациялық өзгерістерді әзірлеп жүзеге асыратын және кепілді тұтастығы бар сабақтас фазалардан тұратын инновациялық процес бастама алды. Осы процестің нәтижесінде педагогикалық инновациялық іс тәжірибеде сынақтан өткен және қазір қолданылып отырған компаненттері пайда болды. Инновациялық процесті одан әрі дамыту үшін біз бір кезде игеріліп пайдаға асырылған инновацияны жаңа жағдайлар мен қолдану орындарына уақыт ағымымен тарата берумәселесін қолға алуға тиістіміз.

Жаңа инновациялық тестік жүйенің қолданылып жүргеніне 4-5 жылдық көмегі болды. Бұл ұзын сонар әуре сарсаңға толы емтихандардың орнына қысқа да тез тестпен өткізуге негізделген жоғары оқу орнына қабылдау жүйесінде және оқу биржасында жүзеге асырылып жүр.

Кең көлемде халықаралық қарым қатынасқа шығушы мемлекет ретінде қазақтың жаңа менталитеті әлемдік білім алу кеңестігіне кіруді де талап етті. Қазақстан экономикасының қайта құрылуы оны ұйымдастырудың жаңа принцптері мәдениеттің дамуы Қазақстан білім беру жүйесінің әлеуметтік стандарттарға мейлінше жақындап ең дамыған елдердің тәжірибесін енгізуге ықпал етуі тиіс. Бұл орайда Қ. Р президенті Н Ә. Назарбаевтың бастамалары сатылы түрде “Болашақ бағдарламасында жүзеге асып, соған сәйкес ең дарынды талантты” деген 250 жас азамат жыл сайын шалғай шетелдерге таңдаулы оқу орындарынан білім ала алады. Қазақстан Республикасының “жоғарғы білім туралы ”заңында”жоғарғы білімнің көп деңгейлі құрамы жеке тұлғаның саналуан мәдени білім сұраныстарын қанағаттандырудағы жоғарғы оқу орнының мүмкіндіктерін көбейтуге экономика мен еңбек рыногының сұраныстарымен сәйкес мамандарды жалпы мәдени, ғылымижәне кәсіби дацындықтан өткізудің икемділігін арттыруға бағытталған. ”Республикалық жоғары білім жүйесіндегі демократиялық өзгерістер жоғарғы оқу орындарында көп сатылы дайындық саласындағы ушықты проблемалардың шешімін табу жолдарын министрліктен дербес өз бетімен іздестіруге мүмкіндіки туғызады. Респбликамыздың бірқатар жоғары оқу орындарында бұл жөнінен пайдалы тәжірибе жинақталған.

4. Оқыту жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялар.

Инновацияның қай қайсысы болса да жаңалылығы мен пайдалылығы жайында болады. Жаңалық пен пайдалылық өзара қандай қатынаста болды?

Ең әуелі жаңалық абсолютті және салыстырмалы болатынын атап өтелік. Егер ғылыми техникалық прогрес жөнінде сөз қылсақ, бірінші сипат осы кезге дейін белгісіз болып келген түбегейлі жаңалықтарға тән болады. Олар кең көлемде қолданылып келе жатқан жағдайда радикальды инновация болып саналады да, өзімен өніп шыққан туынды жаңалықтарға негіз болады. Жаңалықтың басқадай аналогы болмаса, абсолюттік жаңалық болып тіркеледі.

--- Мұндай оқу жүйесіне алыстан білім беру жүйесі яғни дистанциялық оқыту жүйесі жатады. Әзірше елімізде мұндай дистанциялық оқу жүйесін құрып дамыту жөнінен бірегей пікір қалыптаспай отыр. Сонымен қатар дистанциялық оқыту XXI ғасырдағы оқыту жүйесінің бет бейнесін көп тұрғыдан анықтап, еліміздің аз қоныстанған шалғай шеттеріне дейін білім беру қызметінің тұтынушылар санын кеңейте түсуі жайлы біртұтас ортақ пікір баршылық. Үзбей оқыту жүйесіндегі дистанциялық оқытудың маңызы айрықша болмақ.

Қазірдің өзінде дистанциялық оқыту әлемде кең таралып отыр. Елімізде жоғарғы оқу орындарында осындай оқыту түрінің ортасы құрылып дәстүрден тыс технологиялар негізінде қызмет атқаратын мемлекеттік емес оқу орындары ұйымдастырылуда. Сөйтіп 1998 жылы ШҚМУ -дыңи компьютерлік технолологиялар орталығы бакалаврит бағдарламалары бойынша дистанциялық оқытудың өзіндік технологиясын жүзеге асыра бастады. Әрине ШҚМУ ең аллдымен өз ерекшелігімізді ескере отырып әлемдік иновациялық тәжірибені игеріп икемдестіруден бастады. Сөйтіп Қазақстан әлем тәжірибесінде жоқ дистанциялық оқытудың бірегей жүйесін қалыптастыруға қажет алғы шарттарға ие болып отыр. Бұдан қазіргі заманғы сырттай оқудың алар орнымен рөліне деген жаңа көзқарас қалыптастыруға, доғары білім алуда ынталылар санын көбейтуге, білім беру жүйесінің перспективалық моделін құруға мүмкіндік болмақ. Еліміздегі білім беру жүйесінде ендігі мәселе ұсынылып отырған жаңа иновациялық технологияның бірегейі кредиттік оқыту жүйесі. Жаңа оқытудың бұл жүйесінің негізінің қалыптасуы еліміздің білім беру жүйесіне былайша негізделді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-дағы білім беру жүйесі және мемлекеттер өқілеттіліктер жүйесі
ҚР-дағы білім беру жүйесі
Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру
Қазақстан Республикасындағы білім берудің инновациялық дамуын экономикалық-құқықтық реттеу
Диссертация қорғау
Лабораториялық жұмыстар
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері
Білім беру жүйесі
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мақсаты. Білім туралы заң
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz