Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен


Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІСТІК КЕШЕН

1Бөлім. ДҮНИЕ ЖҮЗІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

Глоссарийлер (анықтама, сөздік) ;

-Егемендік- мемлекеттің, аймақтың басқа мемлекеттер мен аймақтардан экономикалық және саяси тәуелсіздігі.

-Аудан-экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ.

- Мемлекеттік шекара көрші ел мен арадағы құқықтық- заңдық, экономикалық, әлеуметтік функцияларды шектейтін сызық .

- Табиғи қорларды экономикалық тұрғыдан бағалау дегеніміз- бұл ел шаруашылығында нақты бір табиғи қорларды, жағдайларды пайдаланғаннан болатын қаржыдай түрде алынатын тиімділік.

-Еңбек қорлары - бұл еңбек етуге қабілетті адамдардың мөлшері

-Жұмыс күші- бұл жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз бірақ еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны.

-Геосаяси жағдай дегеніміз елдің географиялық ағзаларын саяси тұрғыдан зерттеп, әлем елдерінің деңгейлерімен салыстыру.

1Тақырып. Кіріспе бөлім.

Дәріс мақсаты: Курстың-мақсаты мен міндеті, мазмұны мен мән-мағынасы, географиядағы алатын орны және пәнаралық байланыстарын түсіндіру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Курстың-мақсаты мен міндеті.

2. Географиядағы алатын орны мен пәнаралық байланыстары .

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) :

География мамандықтары үшін «Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы»оқу курсы негізгі пәннің бірі болып есептеледі. Осы пәннің басты міндет-мақсаты саяси, экономикалық және географияның негізгі идеялары мен концепцияларын білдіру, аталмыш салаларды географиялық зерттеулердің әдістері мен жолдарын оқыту.

Осы курсты оқып-үйрену барысында студенттеріміздің міндетті түрде білуі шарт:

-Дүние жүзі саяси географиясының даму мәселесін;

-Әлемнің әр түрлі аймақтарындағы қазіргі саяси жай-күйдің ерекшеліктерін,

-Әлемнің және оның жеке аймақтарының саяси картасы мен олардың қалыптасу кезеңдері;

-Геосаясат және геоэкономика мәселелері;

-Дүние жүзінің және оның аймақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстары. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері;

-Демографиялық мәселелер;

-ҒТР-кезеңіндегі дүние жүзілік шаруашылық және географиялық еңбек бөлінісі;

-Адамзаттың ғаламдық және аймақтық мәселелері;

-Халықаралық экономикалық қатынастар. Аймақтық және мемлекетаралық интеграция.

Халықаралық ұйымдар мен экономикалық одақтар.

Бұл пән жаратылыстану және тарихи-қоғамдық ғылымдармен тығыз пәнаралық байланыста.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар :

1. Географиядағы алатын орны мен пәнаралық байланыстарына сипаттама жазыңыз .

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде көрсетілген оқу-әдістемелік әдебиетке сілтемелер)

1. Алисов Н. Н., Хорев Б. С. Экономическая и социальная география мира / Н. Н. Алисов, Хорев Б. С. - М. : Гардарики, 2003 . - 704 с.

2. Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В. В. Вольского. -М. : Дрофа, 2001- 560 с.

3. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С. Б. Лаврова, Н. В. Колед. - М. : Гардарика, 2002. - 928 с.

4. Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я. - 2004 г.

5. Любимов И. М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с.

6. М. М. Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. - М. : Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с.

7. Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А. С. Булатова. -М. : ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006. -624 с.

8. Колесник И. В. Справочник статистических данных по географии / И. В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000.

9. Липец Ю. Г. География мирового хозяйства / Ю. Г. Липец, В. А. Пуляркин, С. Б. Шлихтер. -М. : Владос, 1999. -400 с.

10. Мировые природные ресурсы: Учеб. -метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998.

11. Родионова И. А. Макрогеографическая промышленность мира / И. А. Родионова. - М. : Лицей. 2000. - 240 с.

12. Завьялова Е. Б., Радищева Н. В. Экономическая география в схемах и таблицах: учеб. пособие. - М. : ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005. -248 с.

13. Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с.

14. Экономическая география / В. П. Желтиков, Н. Г. Кузнецов, С. Г. Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 .

15. Войтович М. С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М. С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985.

2. Тақырып.

ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ҚАЗІРГІ САЯСИ КАРТАСЫ, ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ.

Дәріс мақсаты: Саяси картаның негізгі нысандары, мемлекеттік құрылысы мен елдердің билік формалары және елдер типологиясы мен оларды топтастыру түрлерін түсіндіру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Саяси картаның негізгі нысандары.

2. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.

3. Мемлекеттік құрылыс және елдердің билік формалары.

4. Басқару формалары, әкімшілік- территориялық құрылымы.

5. Елдер типологиясы және оларды топтастыру түрлері.

6. Саяси география және геосаясат.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер) :

Саяси картаның негізгі нысандарына геокеңіст, аумақ, шекара жатады.

Геокеңістік - бұл географиялық қабықшаның шеңберіндегі географиялық объектілер мен құбылыстардың өмір сүру түрі, ал философиялық тұрғыдан алғанда кеңістік уақыт пен материямен бірлесе болатын тіршіліктің әмбебап түрі.

Аумақ ұғымы кеңістікпен салыстырғанда белгілі бір географиялық координаттарға байланыстылығымен, нақтылығымен ерекшеленеді. Ол құрлықтың табиғи ерекшеліктерімен және адамның іс әрекетінің нәтижесінде жасалған қасиеттері мен қорларын қамтитын бөлігі.

Жалпы елдің аумағы- бұл белгілі бір мемлекеттің тәуелсіз басқаратын жер шарының бөлігі. Елдің аумағының құрамына оның шекарасының шеңберіндегі құрлықтың, судың және құрлық пен судың үстіндегі ауа кеңістігінің бөлігі кіреді.

Мемлекеттік шекаралардың ерекше түрі - бұл мемлекеттік құрылыс, ұлттық ерекшелік, кедендік бақылау, сыртқы сауда ережелері т. б. жағдайлармен реттелетін саяси экономикалық шекара. Шыққан тегі мен өмір сүру ұзақтығына байланысты шекараның келесідей түрлері бар: антецеденті немесе қабаттасқан шекаралар, ол аудандардың қоныстануы мен дамуына дейінгі болған шекара, ал субсеквенті шекаралар ол аумақ қоныстанғаннан кейінгі жүргізілген шекара жатады. Олар қазіргі уақыттағы көптеген елдердің шекаралары.

Мемлекеттің аумағының негізгі проблемасы бұл мемлекеттік шекараны белгілеу. Оның өзі үш кезеңнен өтеді:

а) Аллокация - көрші елдермен аумақты бөлісу туралы саяси келісімге келу.

б) Делимитация - ел шекарасы картада нақтыланады.

в) Деморкация - бұл сол аумақта жерде шекараны белгілеу және өте дәл карталарға салу ( 1см:100 000 масштабы нақты көрсетіледі)

Кейбір жағдайда редеморкация немесе шекараны қайта қарап белгілеуде болуы мүмкін. Мемлекеттік шекараның атқаратын функциялары: саяси, қорғаныс, әскери стратегиялық.

Жалпы мемлекеттік шекара көрші ел мен арадағы құқықтық- заңдық, экономикалық, әлеуметтік функцияларды шектейтін сызық болып табылады. Сонымен бірге мемлекеттік шекара барьерлік және контактылық қызмет атқарады.

Барьерлік элементтер шекарадан өткенде құжат тексеру, кедендік бақылау, ерекше жағдайларда экономикалық, адамдар қатынасын толық бөгеу түріне дейін жүргізіледі

Контактылық элементтері мүмкіндігінше көрші елдермен байланысты дамытуға бағытталған.

Аралас режимді аумақтарға континентальді шельф және экономикалық аймақ жатады.

Континенталді шельф, ол үш түрлі белгісімен ерекшеленеді: 1- мемлекеттік аймаққа шектей орналасады, 2- тереңдігі 2000 метрге дейін, 3- қорларын техникалық тұрғыдан өндіруге болатыны. Континенталды шельфтің сыртқы шекарасын анықтауда формула ұсынылған ол теңіз құқығы Конвециясының түсіндіруі бойынша, шекара жағалаудан 350 мильден артық болмау керек немесе 2500 метрлік изобатадан 100 мильдік қашықтық шеңберінде болуы тиіс. Жалпы қазіргі уақытта көптеген теңіз жағалауындағы елдердің теңіз шекарасы жағалаудан 3-12 мильдік қашықтықтық шеңберден аспайды. Теңіз жағасындағы мемлекет континентальді шельфте табиғи қорларды барлауға, игеруге және қолданылуға құқылы, бірақ теңіз акваториясына иеліктік құқығы жоқ. . Қоғамның геокеңістіктегі саяси қалыптасуының негізгі нәтижесі- бұл геосаясаттық жүйелердің пайда болуы. Жалпы алғанда қоғамдық-географиялық ғылымдарда дәстүр бойынша әлемдегі аса ірі геосаясаттық жүйе «Әлемнің саяси картасы» категориясымен анықталады. Қоғамның саяси іс әрекетімен геокеңістіктің бір-біріне әсері мен тәуелділігінің тұрғысынан қарағанда әлемнің саяси картасы ғаламдық геосаяси жүйенің қалыптасуын білдіреді.

Кез-келген геосаяси жүйе өзінің элементтері ретінде, құрылымының сипатын ашатын геосаяси қатынастардың субъектілерінен және объектілерінен тұрады.

Әлемнің саяси картасы елдердің осы заманғы әлемдегі орнын, мемлекеттік құрылысын және басқару түрін көрсетеді. Оған соғыстардың, мемлекет аралық келісім шарттардың, бір мемлекеттердің ыдырап, екінші мемлекеттердің құрылуы, мемлекеттік құрылыс және басқару түрінің ауысуы, мемлекеттердің және олардың астаналарының аталуының өзгеруі, астанасының ауысуына т. б байланысты жоғарғы өзгергіштік тән.

Әлемнің саяси картасындағы барлық әр түрлі өзгерістер сапалық немесе сандық сипатқа ие.

Сапалық өзгерістер елдің тәуелсіздігін алуына немесе оны жоғалтуына, саяси - мемлекеттік басқару түрінің және елдің әкімшіліктік-аумақтық құрлысының өзгерісіне, халықаралық ұйымдардың және одақтардың құрылуы мен ыдырауына, саяси режимнің және саяси-партиялық жүйінің ауысуына байланысты.

Сандық өзгерістерге мемлекетке жаңадан ашылған немесе соғыстың нәтижесінде басып алған аумақтарды қосып алуына, елдің бірігуі немесе ыдырауы және басқа елдермен аумағының кейбір бөліктерін компенсациялық негізде ауыстыруы жатады.

Осы заманғы саяси үрдістердің мәні сандық өзгерістердің, көбінесе сапалық өзгерістерге орын беруінде.

Осы заманғы әлемнің саяси картасының қалыптасуы - ұзақ мерзімдік тарихи үрдістің бүкіл әлемдік тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани дамуының нәтижесі және оның дамуында ежелгі, орта ғасырлық және жаңа, ең жаңа кезеңдері бар.

1. Ежелгі кезең алғашқы мемлекеттердің түрлерінің қалыптасуынан біздің дәуіріміздің V- ші ғасырына дейін созылды. Оған қоғамдық құрылыстың құл иеленушілік түрі сәйкес болды. Осы уақыт Ежелгі Египет, Карфаген, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим тағыда басқа алғашқы мемлекеттердің дамуы мен қирау кезеңі. Олар әлемдік өркениеттің дамуына үлкен үлестерін қосты.

2. Орта ғасырлық кезең V-XV - ды қамтиды. Қалыптасқан феодалдық дәуір мемлекеттің саяси функциясын күрделендірді. Әлемнің саяси картасының аумақтық-саяси қарама-қайшылықтарға қарамастан елдер арасындағы интеграциялық тенденциялар байқалады. Ол Еуропа, Оңтүстік Батыс, Орталық және Оңтүстік Азияда ірі монархиялық мемлекеттердің құрылуына себепші болды. Аймақтардың байланысы нығайып, ішкі рынок қалыптасты. Осы кезеңде Рим империясы Византия, Англия, Испания, Португалия, Киев Русьі сияқты мемлекеттер болды.

Ұлы географиялық ашылулар әлемнің саяси картасын елеулі өзгертті. Олар жекелеген өркениеттің бейтарап дамуын тоқтатты. Португалия, Испания сияқты алғашқы колониялды мемлекеттер қалыптасты.

3. Жаңа және ең жаңа кезең. Жаңа кезең XV-XVI ғасырларда басталып 1-ші дүниежүзілік соғысқа дейін созылды. Осы уақытта әлемде капитализм туындап, көтеріліп, бекіді. Ол Еуропалық колониялды экспансияның басталуына себепші болып, әлемдік шаруашылықтық байланыстарды кеңейтті. Испандықтар мен португалдықтардан кейін басып алушылық саясатты Англия, Франция, Нидерланд, Германия, соңынан АҚШ жүргізді. Империялық басқыншылықтың көлемі кеңейіп саяси картаның жиі өзгеруіне себепші болды. Ол әсіресе XIX-XX ғасырда аса тұрақсыз болды, себебі жетекші елдердің арасында әлем аумағын бөлу үшін күрес қарқынды жүрді. 1890 жылдары Ұлыбританияны ығыстырып АҚШ пен Германия жетекші экономикалық елге айналды. Бұл әлемді бөлісу үшін күресті ушықтырды. XX-дың басында Африка аумағының 90 %-ы, Азия аумағының - 57 %-ы, Америка аумағының -27 % және Австралия мен Мұхит елдерінің 100 % аумағы әлемдегі 10 ел - метрополияның колониясы болды. Аса ірі колониялық жүйелер ( жартылай колонияны қоса алғанда) Британдық және Француздық болды. Ең жаңа кезең әлемдік саяси картаның 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде қалыптасуынан қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Оны бірнеше геосаяси кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші кезең Еуропаның саяси-географиялық өзгерістерін қамтыды. Германия көршілес елдерге олардан бұрын тартып алған жерлерін қайтаруының нәтижесінде аумағының 13 %-н жоғалтты. Чехословакия, Австрия, Польша мемлекет ретінде қайта қалыптасты, Франция өзіне Эльзас және Шығыс Латарингияны қайтарды. Германия Тынық мұхиттағы шағын. бірақ стратегиялық тұрғыдан маңызды аумақтарынан айырылды, оларды Жапония алды. Африкадағы Германияның колонияларын негізінен Франция мен Ұлыбритания өзара бөліске салды. Осман империясы ыдырағаннан кейін Араб иеліктерінің көп бөлігі Францияның (Сирия, Ливия) және Ұлыбританияның (Ирак, Палестина, Трансиордания) мандаттық басқаруына берілді. Бірінші кезеңде әлем картасында алғашқы социалистік мемлекет -Кеңес Одағы 1922 жылы пайда болды.

-Бірінші әлемдік экономикалық дағдарыс болған 1929-1933 жылдардағы кезеңде Германияда, Италияда, Жапонияда фашизация және милитаризациялану тенденциясы пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Версаль бейбіт жүйесінің шешіміне наразылық елдер арасында әлемді қайта бөліске салу үшін күрестердің қалыптасуына негіз болды. Африкадағы, Азиядағы және Еуропадағы агрессиялар ошағы екінші дүниежүзілік соғыстың туындауына себепші болды.

Агрессор - мемлекеттердің жеңілісі әлемнің саяси картасының тағы да өзгеруіне себепші болды. Агрессор - елдер ықпал ету аймағынан және колонияларынан айрылды, АҚШ-тың геосаяси қуаты кеңейіп күшейді, 1945 жылы БҰҰ-ы құрылды, әлемдік социалистік жүйе қалыптасты, әлемдік колониялық жүйе ыдырап көптеген тәуелсіз елдер алғашында Азияда, одан кейін Африкада, Латын Америкасында, Мұхит арлдары елдерінде құрылды.

-Жиырмасыншы ғасырдың 90 жылдарының басынан әлемнің саяси картасының қалыптасуының үшінші (қазіргі) кезеңі. Осы кезеңнің аса маңызды өзгерістері:

-Классикалық түрдегі әлемдік социалистік жүйенің ыдырауы;

-1991 жылы КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (ТМД) ;

-Шығыс Еуропадағы социалистік елдерде бейбіт революциялардың болуы;

-Югославияның ыдырауы, Словения, Босния және Герцоговина, Македония, Хорватия Республикаларының, Югославия Одақтық Республикасының (соңынан Сербия және Черногория жаңа тәуелсіз мемлекеттері) құрылуы.

-Өткір саяси дағдарыс бұрынғы Федерацияда азаматтық соғыс және ұлтаралық жанжалдардың тұтануына себепші болды;

Деколонизациялану үрдісінің жалғасуы: Африкадағы соңғы колония - Намибия тәуелсіздігін алды, Мұхит елдерінде жаңа тәуелсіз елдер - Микронезия Федеративті Штаттары, Маршалл Республикасы, Солтүстік Маршалл Достастығы аралдары (бұрынғы АҚШ-тың қол астындағы аумақтар) құрылды;

1990 жылы ГДР және ГФР қосылып біртұтас Германия мемлекетті құрылды: Араб мемлекеттері - Йемен Араб Республикасы және Халықтық Демократикалық Йемен Республикасы бірігіп Йемен Республикасы құрылды;

-Чехословакия 1993 жылдың қаңтарында бейбіт жолмен ыдырап Чехия және Словакия тәуелсіз мемлекеттері құрылды;

-1993 жылы Эритрея мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады (Эфиопияның Қызыл теңіздік жағалауындағы бұрынғы провинциясы) ;

-1994 жылы Мұхит елдерінде Палау мемлекеті құрылды;

-1997 жылы Ұлыбританияның Қытайдан Гонконгті 99-жыл жалға алу мерзімі аяқталды.

Әлемнің саяси картасындағы болашақ өзгерістер көп ұлтты елдердегі этномәдени үрдістердің жүру бағытымен, елдер мен халықтар арасындағы, экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың сипатымен аңықталады.

Әлемнің осы заманғы саяси картасы қоғамның 1000 жылдық дамуының нәтижесі. Қазіргі уақытта әлемде шамамен 240 тәуелсіз ел мен өзін-өзі басқармайтын аумақтар бар.

Мемлекеттің тәуелсіздігі - бұл елдің заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің өз аумағына кез-келген шетелдік араласуды болдырмайтын толықтай заңды белгі.

Қазіргі әлемде шамамен 40 ел мен аумақтар өзін-өзі басқармайтындар қатарында. Олардың ауданы құрлық аумағының шамамен 1%-н құрайды. Олардың бір бөлігі БҰҰ-ның тізіміне енгізіліп, белгілі бір кезеңде тәуелсіз елдер қатарын толтыруы мүмкін. Келесі бір бөлгі «теңіздің арғы бетіндегі департаменттер», «теңіздің арғы бетіндегі аумақтар», «еркін біріккен мемлекеттер», тағы сол сияқты өздерін басқаратын мемлекеттерге тәуелді елдер мен аумақтар.

Қазіргі заманғы әлем елдерінің басқарылу құрылымдық ерекшеліктері.

Кез-келген елдің мемлекеттік құрылысы негізінен басқару түрімен сипаталады. Басқару түрі елдің қоғамдық- саяси өміріне және дәстүрлеріне әсер еткенімен, елдің экономикалық даму деңгейі мен ішкі саяси жағдайын анықтамайды. Негізінен басқарудың екі түрі - республикалық және монархиялық түрлері бар.

-Басқарудың республикалық түрі жаңа және ол соңғы уақытта көп таралған. Әлем елдерінің көп бөлігі - республика (шамамен 150 ел) .

Республикада елдің жоғары басқару органдары сайламалы немесе өкілеттілік негізде құрылса, заң шығарушы билік - парламенттің құқығында, ал атқарушы билік - үкіметтің билігінде.

Республиканың президенттік, парламенттік және идеократиялық түрлері бар. Президенттік республикаларда негізгі билік президенттің қолында шоғырланған (ол - мемлекет басшысы, үкімет бастығы, жоғары қолбасшы, т. б. ) . Осындай басқару түрлерінің саны басым, мысалы, Африка мемлекеттерінің 90 %-ы президенттік республикалар. Олар Америкада (АҚШ, Мексика; Аргентина) елеулі басым, ТМД елдерінің көбісі президенттік республикалар.

Парламенттік республикалар негізгі биліктің парламентте болуымен ерекшеленеді. Олар негізінен Еуропада басым (Германия, Австрия, Италия, Греция) .

Идеократиялық республикаларда саяси жүйе белгілі бір саяси немесе діни идеологияға негізделген (Ветьнам Социалистік Республикасы, Пәкістан Исламдық Республикасы т. б. )

-Монархиялық басқару түрі құл иеленушілік құрылыс кезеңінде пайда болып, феодализмде негізгі басқару түрі болды. Осы уақытта әлемнің саяси картасында 30 монархиялық ел бар.

Монархиялық мемлекеттік басқару түрінде жоғарғы мемлекеттік билік бір адамға - монархтың қолында шоғырланған және ол әкеден балаға мұраға беріледі.

Абсолютті монархиялы елде монархтың билігі шексіз. Олардың саны азая түсуде, көбісі Азияда орналасқан: Бутан, Катар, Бахрейн және т. б.

Конституциялық (парламенттік) монархия - бұл монархтың өкілеттілігі конституциямен (парламентпен) шектелген, ал үкіметтік билік парламенттің (заң шығарушы) қолында шоғарланған және ол атқарушы билікті-үкіметті құрайды.

Теократиялық монархиялы елдерде діндік және үкіметтік билік бірлесе атқарылады және монарх сонымен бірге дін басы болып табылады. Әлемде осындай елдер тек үшеу: Сауд Аравиясы, Ватикан және Бруней.

Кез-келген мемлекеттің негізгі элементі - бұл әкімшіліктік -аумақтың құрылысы. Ол саяси құрылыс және мемлекеттік басқару түрінің сипатымен байланысты, тұрғындарының ұлттық-этникалық құрамын көрсетеді, аумағының қалыптасуының тарихи-географиялық ерекшеліктерін мінездейді.

Осы келтірілген белгілері бойынша әлемнің барлық елдері унитарлы және федеративті болып бөлінеді.

Унитарлы мемлекет - біртұтас мемлекеттік құрылым, әкімшіліктік - аумақтық бірліктерінің тәуелсіздік белгілері жоқ, бір орталықтан бағындырылады. Әлемде осындай елдер саны басым. Олардың қатарына Қазақстан, Румыния, Польша, Қытай т. б. жатады.

Федерация - мемлекеттік құрылыстың соңғы кезеңде пайда болған жас түрі, оларда заң шығарушы және басқару биліктері тұтас болғанымен өзін - өзі басқаратын әкімшіліктік бірліктер кездеседі. Өз кезегінде олардың заң шығарушы және атқарушы органдары бар. Федерация аумақтық немесе ұлттық белгілеріне сәйкес құрылады.

Конфедерация - тарихи тұрғыдан сирек кездесетін, бірақ бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан мемлекеттің құрылыс түрі. Ол тәуелсіз мемлекеттердің ортақ мүдделерін қорғау, қамтамасыз ету мақсатында уақытша заңды одақ құруы. Көп жағдайда конфедерациялық одақ біраз уақытқа құрылып, кейіннен ыдырайды немесе федерацияға айналады. Швейцарияның конституциясы бойынша статусы конфедерация, бірақ елдің нақты құрылысы федерацияға жақын.

Елдер типологиясы - әлем елдерін ұқсас типтерімен әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу.

Елдің типі - әлемдік қоғамдасдықта оның орнын сипаттайтын объективті түрде қалыптасқан, салыстырмалы мемлекеттердің даму ерекшеліктері жағдайларының тұрақты кешені.

20- ғасырдың 90-ы жылдарына дейін әлем елдері 3 типке бөлінген: социалистік, капиталистік, дамушы. Әлемдік социалистік жүйе ыдырағаннан кейін елдердің саясаттанбаған - экономикасы дамыған, дамушы және өтпелі экономикалы (постсоциалистік) деп аталатын типологиясы қалыптасты. Сонымен бірге әлем елдерін экономикасы дамыған және дамушы деп бөлетін қос мүшелі типологиясы таралған. Елдердің типтерін бөлу олардың дамуының макростатистикалық көрсеткіштерінің және тарихи қалыптасу ерекшеліктері мен даму деңгейін салыстырудың негізінде жүргізіледі. Жинақтаушы көрсеткіш ретінде елдердің әрбір тұрғынына келетін өндірілген жалпы ішкі өнім алынады (ЖІӨ) . Әрбір тұрғынға келетін жалпы ішкі өнім - материалдық өндіріс салаларымен өндірістік емес салалардың жалпы өнімінің құнын бір адамға есептегенде анықталады. Бірақ жан басына келетін жалпы ішкі өнім әрбір типті елдердің арасындағы айырмашылықты және абсолютті сипатты бермейді. Соған байланысты елдерді талдағанда кешенді бағалау - типологиялық бағыт жасалған. Оның негізіне елдердің экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және басқада көрсеткіштері қолданылған. Төменде Мәскеу мемлекеттік университетінің экономист-географтарының сандық және сапалық көрсеткіштерді қолданып жасаған елдердің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық және әлеуметтік география дәрістік кешен
Географияның оқыту әдістері
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Экономикалық және әлеуметтік география
Атомдық электрстанцияларының бу трубиналарының ерекшеліктері
Өсімдік географиясы
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz