ИТИҚАДТЫҚ ИСЛАМ МАЗХАБТАРЫ


ИТИҚАДТЫҚ ИСЛАМ МАЗХАБТАРЫ
І. Харижилік
а) Қысқаша тарихы
Ең алғаш пайда болған Ислам мәзһабы Харижилік болып табылады. Хз. Али дәуірінде Сыффин соғысы және Хакем (қази) оқиғасынан кейін бөлек бір топ ретінде ұйымдасқан. Хз. Али менен Муауие арасындағы Сыффин соғысы 37/657-8 жылында болды. Муауиенің аскерлері найзаларының ұшына Құранның парақтарын іліп майданға шыққан кезде Хз. Али жақтастары «Біз Құранға қарсы соғыспаймызң деп соғысты тоқтатты. Мәселені шешу үшін сот үкіміне қалдырған Хз. Алиді олар кінәлап бөлініп кетті. Харижиліктің пайда болуына көбіне әлеуметтік және саяси факторлар ықпал еткен. Яғни, бұл топ әлеуметтік және саяси тақырыптарды дінге сәйкестендіріп, дінді саясаттың құралы ретінде қолданатын ұйым ретінде қалыптасқан. Хз. Али мен Муауиеге және қазылар (Хакем) мен қазы оқиғасына қарсы шыққан бұл ұйым уақыт өте келе саяси және әлеуметтік әрекеттерін тоқтатып итиқадтық мәзһап түрін алды. Бұлар өздерін «харижиң сипатыменен кәпірлердің арасынан бөлектеніп «Аллаһқа және пайғамбарына хижрет етушілерң екендігіне сенетін. Өзгелер болса Хз. Алидің ордасынан бөлектеніп оған қарсы шыққандар (шығу) мағынасында «харижиң деп білетін еді.
Харижилер алғаш рет Сыффин соғысынан кейін Харура деген жерде бір жерге жиналғандығы үшін Харуриие, «Алаһтан басқа үкім беруші жоқң деген үндеуді көп қолданғандығы үшін «әл-Мухаккимең, «Өздерін Аллаһқа атағанң мағынасында «Шуратң, мұсылмандардың көпшілігінден бөлектенгендігі мағынасында «Марикаң сияқты атауларға ие болды.
Хз. Осман кезеңі мұсылман қоғамында әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістер кездескен дәуір болып табылады. Фетихтер арқылы үш құрлыққа таралып, дүниенің түрлі өркениеттеріне жолыққан мұсылмандар өте маңызды әсерлену процесін басынан кешірді. Жауынгерлер елдеріне қайтып оралғанда көргендерін туыстарымен бірге өмірде жүзеге асыруды қалады. Бұл түсінік кейбір жерлерде қолдау тапса, Курра деп аталатын топтың бастауымен, көптеген жерде маңызды қарсылықтарға кездесті. Қарсыластар сол кездегі өкіметке де теріс көзбен қарап, ұнатпайтынын білдіретін әрекеттер көрсетті. Олар өкіметтің кетіп, саяси қайраткерлердің өзгеруін қалаған. Бұрынғы әлеуметтік өмірді қолдайтындарын және ішкі тартыстардан алыс қоғамды қалайтындарын айтқан. Қысқа уақытта ұйымдасып, іс-әрекет жасаған бұл адамдар халифа Хз. Османды өлтіріп, саяси жоспарларын жүзеге асыра бастады. Ұзақ уақыт Ислам елінде террорлық әрекет жасап, ішкі тартыстарға себеп болды. Жамал және Сыффин соғыстарының жүзеге асуына және халифа Хз. Алидің өлтірілуіне себеп болды.
Харижилердің пайда болу себептерінің бірі- өз тайпасын қолдаушылық. Ислам діні ұлт және тайпа қолдаушылығына қарсылық білдіріп, адамгершілік принцип шеңберінде тайпалар және ұлттар арасында бірлік және ынтымақтастық орнатуға тырысса да Хз. Османның халифаттық дәуірінің соңғы жылдарында қайтадан пайда бола бастады. Сөйтіп кейбір тайпалар құрайыш тайпасына қарсы бас көтере бастады. Ирактық, Йемендік және Меккелік кейбір тайпалар құрайыштың саяси үстемдігінің аяқталуын және басқа тайпалардың елді басқаруын қалайды. Дегенмен олар осы саяси өзгерісті тікелей бейбіт жолмен емес, кейбір діни негіздерді пайдаланып, күш көрсетумен бастады. Азаттық алған құл да әділ басқару шартымен халық тарапынан сайланған жағдайда, өкіметтің басшысы бола алатынын айтты. Исламның әділет және теңдік түсінігіне сай айтылған осы тұжырым қысқа мерзімде халық арасында қабылданып, көпшілік тарапынан қолдау тапты.
Құрайыштың үстемдігін жойып, өздерінің саяси түсініктеріне, әлеуметтік және этникалық құрылымдарына сай тәртіп орнатуды жоспарлаған бұл адамдар “әл-әмру би’л-маруф уә’н-нахиу ани’л-мүнкәр” ережесін ұстанып Құран негіздеріне сай билік жүргізетіндіктерін айтқан. Саяси қайраткерлерін ауысты-руды қалаған бұл адамдар көп ғибадат жасап, қарапайым өмір сүрген. Бірақ олардың діни білімдері жетік болмаған. Өз ойларын қолдамайтын және өздері сияқты өмір сүрмейтіндерді күпірлікпен кінәлайтын. Мысалы, “соттардың шешімін” қабылдады деп Хз. Али мен Муауиені және олардың әскерлерін Исламнан шыққан кәпір деп санаған. Саяси көзқарастарын қолдамайтын кейбір сахабаларды дұшпан деп жариялап, кейбірлерін жауапқа тартып өлтірді.
Осылайша сол кездегі саясат және басқару қайраткерлеріне қарсы шыққан, құрайыш үстемдігін жойып, өз өкіметін құруды қалайтын, “әл-әмру би’л-маруф уә’н-нахиу ани’л-мүнкәр” ережесін әрекеттерінің негізі деп санайтын, террор және күш көрсету арқылы билікті қолға алуға тырысқан бұл адамдар “харижилер” деп аталады. Көпшілігі бәдәуилер мен куррадан тұратын харижилер ұзақ жылдар бойы мұсылман қоғамда террорлық әрекет жүргізіп, көптеген адамды өлтірген. Фанатик, қайырымсыз, қанішер болған харижилер мұсылман қоғамында алғашқы бөлінуді жүзеге асырған көптеген көзқарастарымен Исламға қайшы келеді.
Сол кездегі тәртіп пен саясат қайраткерлеріне қарсы әрекет ретінде пайда болған Харижиліктің өзіне тән бірнеше көзқарастары бар. Тар түсінікті және білімсіз адамдардан тұратындықтан, қысқа уақытта өз ішінде де келіспеушіліктер туып, бөліне бастады. Көсемдерінің есімдерімен аталған Езарика, Неждия, Суфрия және Ибадия топтары болып бөлінген. Нафи бин Ефрактың жақтастарына Езарика, Неждет бин Амрдің адамдарына Неждия, Абдуллах бин Сеффардың жақтастарына Суфрия, Абдуллах бин Ибадтың жақтастарына Ибадия аты берілген. Бұлардың алғашқы үшеуінің өмірі өте қысқа болды. Ибадилік қана қазірге дейін жеткен.
Харижиліктің көзқарастары
Харижи мәзһабының ең басты көзқарастары мыналар:
-Сот оқиғасын терістеді.
-Сот мүшелерін және олардың шешімдерін қолдағандар кәпір.
-Зұлым имамға қарсы шығу керек.
-Сонымен қоса Харижилердің көзқарасы бойынша Исламның өркендеуі Хз. Әбу Бәкір мен Омардың дәуірі дейді.
-Хз. Осман алты айдан кейін, Хз. Али болса соттың тағайындауын қабылдағандығы үшін күпірлікке кірді.
-Халифа болу үшін Құрайш тайпасынан болу шарт емес.
-Ғұлама және ақылды болған әрбір мұсылман халифа бола алады.
-Амал мен иман бір бүтін.
-Үлкен күнә жасаған адам исламның шеңберінен шығады.
Харижилер және олардың көзқарастарының тарихтан жойылып кету себебінің бірі өздерінен басқа өзгелерді мұсылман деп санамағандығы болса керек.
Бүгінгі таңда харижилердің Ибадия тармағы Солтүстік Африкада өмір сүруде. Қазіргі кезде ибадилер өздерінің шежірелерін харижилерге апарып тірегендігін қаламауда.
б) Ибадилік және оның көзқарастары
Сыффин соғысы және сот оқиғасынан кейін Хз. Алидің ордасынан бөлініп, Харуре деп аталатын жерде Хуркус бин Зүхейрдің басқаруымен үкімет құрған харижилер көптеген бөлуші ұғым мен көзқарастарды мұсылман қоғамына таратқан.
Харижилер өз көзқарастарын қолдамайтындарды кәпір, олардың өмір сүрген жерін күпірлік елі (дәрү’л-күфр) деп санаған. Өздерінің ғана шын мұсылман, тұратын жерлерінің ислам елі (дәр’-л-ислам) екендігін айтқан. Өздерінің көзқарастарын қолдағанымен, бірігіп көтеріліске (хуруж) шықпағандарды және өздеріне қосылмағандарды “кәпір” деп жариялап, олармен соғысуды қолдады.
Керісінше, Ибадилік анағұрлым қарапайым көзқарастарға ие. Қазіргі кезде Араб түбегінде Оман, Солтүстік Африка, Ливия, Тунис пен Алжир, Мадагаскарда өмір сүріп жатқан ибадилердің көзқарасы бойынша олардың мәзһаптерінде болмағандар кәпір емес, бірақ “ниғмет күфрүнде”. Яғни, шірк (серік қосу) күпірлігінде емес, ниғмет күпірлігінде. Ақыретте тозаққа барып, азап шегеді. Бұл жағдайдан құтылу үшін ибадилерге қосылып, тәубеге келуі керек.
Ибадиліктің көзқарасы бойынша иман мен ислам біртұтас, сондықтан іс-әрекет иманның бір бөлігі болып табылады. Яғни, ғибадаттар мен іс-әрекеттер иманнан. Сол себептен Құран бұйрықтарын орындамаған немесе тыйым салған нәрселерінің бірін жасаған адамды иманнан шыққан деп санаған.
Сонымен бірге Ибадилік уақыт өте келе көзқарастарын өзгертіп, үлкен күнә жасаған мұсылманның мүшрік емес, нығмет күпірлігін жасағанын айтып, оның тәухид мүшесі екенін көрсеткен.
Аллаһқа иман, илаһи сипаттар, Нүбүвет (пайғамбарлық), қиямет, тағдыр сенімдерінде Әхл-и сүннет уә’л-жамаатпен бірдей көзқарасқа ие ибадилер Аллаһтың көрінуі (руетуллах), имамдық (ел басшылығы) мәселелерінде ерекшеленеді. Аллаһтың ақыретте көрінбейтінін және ел басшылығының құрайыш қолында емес екендігін қолдайтын пікірге ие.
Ибадилер өз мәзһаптеріндегілерді дос (әхли-уалаят), қалғандарды дұшпан (әхли-барает) деп жариялайды.
Қазіргі кезде Аззабе деген саяси қайраткері тарапынан басқарылатын ибадилер “әл-әмру би’л-маруф уә’н-нахиу ани’л-мүнкәр” негізіне зор мән береді.
Ибадилік “нимет-и күфр” түсінігі, уалаят және бараат және “әл-әмру би’л-маруф уә’н-нахиу ани’л-мүнкәр” түсініктерімен Ислам әлемінде бөліну факторы болған және қазіргі кездегі уаххабилік мезхебіне пікір үлгісі болып табылады.
ІІ. Шииттік
Шиа араб тілінен аударғанда “жақтас”, “көмекші” және “фырқа” (топ) мағыналарын береді. Термин ретінде “шиа” Хз. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Хз. Али және ұрпағының имамдық (халифалық) үшін ең лайықты кісілер екеніне және мұның насс (аят пен хадис) және таинмен (тағайындау) анықталғанына сенетін қоғамға берілген есім болып табылады.
Шииттіктің мәзһап ретінде пайда болуы туралы әртүрлі көзқарастар бар. Шии туралы деректерде бұл мәзһаптің Хз. Пайғамбардың тірі кезінен бастап бар екендігі баяндалады. Кейбір жазушылар шииттіктің Хз. Осман халифалығының соңғы кезінде, Хз. Али халифалығының алғашқы жылдарында, Жамал және Сыффын соғыстарынан кейін бір фырқа ретінде шыққанын айтады. Осылайша харижилікпен бірге шииттіктің де пайда болғанын көрсетеді.
Бірақ кең таралған және тарихи шындыққа сай келетін көзқарас бойынша шииттік саяси іс-әрекеттері Хз. Османның өлтірілуімен басталған, Хз. Алиді өлтіргеннен кейін топтаса бастаған және Хз. Хусейінді Кербелада өлтіргеннен кейін бір фырқа ретінде пайда болған саяси-діни әрекет болып табылады. Осы соңғы көзқарасқа біз де қосыламыз. Өйткені, тарихи оқиғалар мен саяси-діни әрекеттер нақты бір мезгілде және бір фактор арқылы ғана туындамайды. Белгілі бір процесс кезінде пайда болады және бірнеше фактордың ықпалымен қалыптасады.
Сөйтіп, Хз. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Хз. Алидің халифа-имам (мемлекет басшысы) болғанын қалайтын адамдар бар еді. Хз. Османның өлтірілуіне байланысты бұл түсінік айқын анықталды және Хз. Али халифа болып таңдалды. Сыффын соғысынан кейін және хакем оқиғасынан кейін бір топ мұсылман Хз. Алиді күпірлікпен кінәләп, оған қарсы дұшпандық әрекет жасаса, ирандықтар мен хижаздықтардан тұратын үлкен мұсылман тобы Хз. Алидің қасынан орын алып, оның халифалығын қолдады. Бұл түсініктегі адамдар Муауие бин Әби Сүфянның мемлекет басшылығын қолға түсіріп, Емеви хандығын құрғаннан кейін, біраз азап пен қайғыға душар болды, бюрократиядан алыстатылды. Қысым мен зұлымдық көрді. Сондықтан ұйымдасуға және Емеви сұлтандығына қарсы әрекет көрсетуге тырысты. Бұл қарсы әрекеттің мақсаты саяси басқаруды қолға түсіріп, Емеви сұлтандығын құрту еді. Шииттік саяси әрекет Хз. Хусейін 61/680 ж. Кербелада шейіт болғаннан кейін, 65/684 ж. қоғам назарын аударып, бір фырқа ретінде қалыптасты. Бастапқыда Хз. Хусейіннің жақтасы болып, оны Иракка шақырған, бірақ кейіннен Кербалада дұшпандарға тастап, көмек көрсетпеген бұл адамдар Хз. Хусейіннің өшін (кегін) алу үшін жиналып, көмек бермегендіктеріне өкініп, тәубеге келеді. Осылайша тәубе жасағандардың (тәууәбун) жүзеге асырған әрекеті, шианың бір термин болуының және саяси топтасу әрекетінің, яғни бір мәзһап болып ұйымдасуының басты үлгісі болып табылады.
Шиа саяси бір әрекеттің атауы болып табылады. Мемлекет басшылығының Хз. Алиге тән екенін қолдайтындар тарапынан басталып ұйымдастырылған. Осы саяси әрекеттен бұрын мұсылман қоғамында шии және сүнни ұғымдары қолданылмаған еді. Осы атаулармен аталған саяси және діни топтар жоқ еді. Мұсылмандар арасында бөлінуге, тіпті қанды соғыстарға себеп болған шии-сүнни деп бөліну уақыт өте келе түрлі діни көзқарастар мен өмірді де көрсеткен.
Мұсылмандар қайтадан бірлік пен тұтастыққа жету үшін қоғамда шии-сүнни деп бөлінуді тоқтатып, бұл сөздердің қолданылмауы, олардың орнына әртүрлі түсінікке сенген адамдарды да қамтитын “мұсылман” сөзінің қолданылуы керек.
Шиа, бір жағынан таңдауға қарсы шығатын, мемлекет басшылығының аят және хадиспен айқындалғанын қолдайтын теократиялық мемлекет құру түсінігіндегі қоғамды көрсетеді. Ислам тарихында Хз. Али мен оның ұрпағының есімін қолданып, жеке пайда түсіруге тырысқан адамдар мен қоғамдар кездесіп отырған.
Тәууәбун әрекеті мен Хз. Алидің балаларының бірі Мұхаммед бин әл-Ханефие атына шақырылған әл-Мұхтар бин Әби Убейд Әс-Сахафидің әрекеті - алғашқы шииттік әрекеттер, ал мехди, ғаиб, имам, рижад және беда пікірлері алғашқы шииттік пікірлер ретінде пайда болған.
Әл-Мұхтар немесе Мұхаммед бин әл-Ханефиге жақтас болғандар Ибнул-Ханефие өлгеннен кейін (81-700-701), Хз. Хүсейннің аман қалған баласы Алидің маңайына топтаса бастады. Бірақ, ол халықты өзінің айналасына жинауға тырыспаған, атын пайдалануды қаламаған. Кербела оқиғасынан кейін Мәдинаға қайта оралып, тыныш, қарапайым өмір сүрген. Өмірін тақуалық және ғибадатпен өткізгендіктен, оны “Зейнул-Абидин” (ғибадат жасағандардың әшекейі) деп атаған.
Хз. Хусейн шейіт болғаннан кейін емевилерге қарсы алғаш көтеріліске шыққан Али, жақтасы Хз. Хусейннің немересі, Имам Зейд бин Али бин Хусейн бин Али еді. Оның пікірлерін жалғастырған ұлы Яхяның басқаруымен Зейдия мезхебі шыққан.
Уақыт өте келе осы алғашқы топ арасында бірқатар саяси-діни келіспеушіліктер пайда болды. Жафар әс-Садықты (148-785) алтыншы имам деп қабылдайтындар “Жафари-Имами” деп аталса, оның үлкен ұлы Исмаилды имам деп қабылдайтындар және имамдықтың соның имамдығымен бітетіндігін қолдайтындар “Исмаилия” деп аталады. Шиа имамдықты (халифалықты) насс пен өсиетке арқа сүйете отырып, діннің әдісі деп санағандықтан “имамия”, саяси жақтастықты анықтайтындықтан “шииттік”, пікірлік мәселелерде көбінесе имам Жафар Садықтың көзқарасы мен пікірін қолдайтындықтан “Жафарилік”, он екі имамды қабылдағандықтан “Иснә ашария” деп аталған.
Шииттік Али мен оның ұрпағын дос деп қабылдайтындар (уалаят) және дұшпандарын мұсылман деп санамайтындар (берает) деп те анықталған.
Шииттер тарихта келіспеушілік жағдайда болған, бір-бірін күпірлікпен кінәлайтын бірнеше бөліктерге бөлінген. Зейдилік, Исмаилік және Имамия қазірге дейін жеткен соның бөліктері болып табылады.
1. Зейдилік
Қысқаша тарихы
Зейдилік - шииттіктің қазіргі кездегі тармақтарының бірі. Имамия шиасының төртінші имамы Али бин Хусейн Зейнелабидиннің ұлы Зейдке (80-122/699-740), одан кейін ұлы Яхяға (125-743) бағынып, олардың имамдығын қабылдағандардың мезхебі болып табылады. Шии мәзһаптерінің ішінде Әхл-и сүннетке ең жақыны - Зейдилік. Осы тұрғыдан зейдилікті шиадан деп санамайтын жазушылар да бар. Білімді, мәдениетті әрі тақуа кісі болған имам- Зейдтің атымен Зейдилік деп аталған.
Емевилер кезінде қиын күндерді басынан кешірген Зейд Емеви мемлекетінің басшысы Хишам бин Абдулмәлікпен сөйлескеннен кейін, оған қарсы әрекет жасауға шешім қабылдаған. Куфаға келіп, көтеріліс жоспарын жасаған бауыры Әбу Жафар Мұхаммед әл-Бакырмен бірге осы жоспарды талқылаған. Әбу Жафар оған куфалықтарға сенбеу керектігін айтса да, оны тыңдамай, өзіне сеніп, ант берген он бес мыңдай куфалықпен бірге емевилердің Куфа әкімі Юсуф бин Омар әс-Сақафиге қарсы көтеріліске шығады. Куфа әкімінің әскері мен Зейд әскерінің арасында соғыс жүріп жатқан кезде, халифа Хишамның тыңшылары оның әскерлері арасында келіспеушілік туғызатын үгіттер жүргізген. Имам Зейдке “Әбу Бәкір мен Омар туралы өз көзқарасыңды айт, әйтпесе саған көмек бермейміз” деген. Имам Зейд: “Бұл екеуі туралы жақсылықтан басқа ешнәрсе айта алмаймын, әкемнің де бұлар туралы тек жақсы нәрсе айтқанын естігенмін. Мен Мәдинаға шабуыл жасаған Емеви хандығына қарсы көтеріліске шықтым” - дейді. Бұл жауаптан кейін адамдар одан кетеді. Зейд оларға: “Мені тастадыңыз (рафазтумуни) ” - дейді. Оның қасында аз ғана адам қалады, бірақ олар өлгенше соғысады. Зейд осы соғыста өлтіріледі.
Кейіннен аман қалған Зейдтің жақтастарының өз араларында келіспеушіліктер туындап, жарудия, сүлеймания және бетрия деген топтарға бөлінген.
Зейдилік - қазіргі кезде Йеменнің ресми мәзхабы.
Көзқарастары
Аббасилердің алғашқы кезеңдерінде итиқадтық фырқа ретінде пайда болған Зейдия өзінің көзқарастарымен үлкен мәнге ие болған. Әсіресе, имамдық және үлкен күнә істеген адамның жағдайы туралы пікірлері шииттікте бір жаңалық болып саналған.
Зейдиліктің көзқарасы бойынша имамдық насс және тағайындаумен болмайды. Хз. Пайғамбар, нұсқап есімін айту арқылы өз орнына ешкімді имам ретінде мемлекет басшысы етіп тағайындамаған. Сондықтан да, имам тек сипаттарымен ғана анықталады. Өзіндегі сипаттары бойынша Хз. Алидің имам болуы керек. Өйткені, оның имамдыққа керекті сипаттары бар. Ал имамның сипаттары - хашими, тақуа, сенімді, ғалым және жомарт болу. Сонымен қатар имам имамдығын жариялауы керек. Міне осы түсінік Зейдияның имамдықтың насс және тағайындаумен болатынын қолдайтын имамия тобынан ерекшеленетінін көрсетеді. Зейдие көзқарасы бойынша имамның исмет (күнәсіздік) сипаты жоқ. Яғни, барлық күнәлардан сақталмайды, қате іс істейді және барлық нәрсені біле бермейді (вехби ғылым иесі емес) .
Зейдилік ғайып имам түсінігін қабылдамайды. Мемлекет басшысын көсемдік сипатқа теңестірмейді. Лайықтылық жағынан адамдардың әртүрлі болатындығын қабылдап, ең лайықты адам (афдал) бар кезде, сол лайықтының (мафдул) имам бола алатынын айтады. Яғни, Әбу Бәкір, Омар және Османның халифалықтарының дұрыс екенін қолдайды. Ешқандай сахабаны күпірлікпен кінәламайды.
Зейдиліктің бұл көзқарасы мұсылман қоғамда саяси тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың орнатылуында үлкен мәнге ие болып, қолдау тапқан.
Зейдия үлкен күнә жасаған мүмін толығымен тәубе жасамаса, тозақта мәңгі қалады дейді. Харижилік және мүтәзиләмен бірдей болған бұл көзқарас күнә жасағандардың үмітін үзетін ерекшелік болып табылады.
“Әл-әмру бил-маруф уән-нәхиу әніл-мүнкәрдің” толық жүзеге асырылуын қалайтын Зейдия фыкыхтық амелдік мәселелерде әхл-и сүннеттің ханафия мәзһабының көзқарастарына ұқсас болып келеді.
2. Исмаилдік
Қысқаша тарихы
Шииттіктің асыра сілтеуші бөлімдерінің бірі. Имамияның алтыншы имамы Жафар ас-Садықтың (148/765) өлімінен кейін пайда болды. Яғни, имамия шиасы жетінші имам ретінде Мұса әл-Қасымды алса, исмаилер Жафар-ас-Садықтың үлкен ұлы Исмаилді жетінші имам деп қабылдайды. Жеті имамды қабылдайтындықтан оларды “жетішілдер” (сәбинә) деп те атайды.
Исмаилдің ең жақын досы Әбул-Хаттаб (138-755) Исмаилия атымен шыққан батыни фырқаның діни сенімдері мен жалған құрылымын қалыптастырған адам болып табылады.
Исмаилдің өлімінен кейін (158-774) баласы Мұхаммедтің айналасына жиналған исмаилдіктер жұмыс басына Әбул-Хаттабты әкелді, одан кейін Мәймүн әл-Каддах пен баласы Абдуллахқа (761/784) бағынған. Бұл адамдар көне Орта Шығыс діндері мен жаңа Эфлатон философиясынан пайдаланып, батыни дін сенімі мен ұйымын құрған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz