Әлемдік компьютерлік желі


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Интернеттің негізгі түсініктері

ә) World Wide Web-тің негізгі түсініктері

в) Internet Explorer 5. 0 программасымен

г) Гиперсілтемелермен жұмыс істеу

ІІІ. Қорытынды

Интернеттің негізгі түсініктері

Интернет деп бүкіл әлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы - желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.

Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат - олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпаратгық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т. б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, катқыл дискінің көлемі.

Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер акпараттық ресурстарды құрайды.

Компьютерлік желідегі аппараттық және программалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етеді.

Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес, ол қандай да бір ақпараттық кеңістікті кұрайды.

Интернетте жұмыс істеу дегеніміз - шындығына келгенде толығымен алғандағы Интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.

Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандай да бір ережелерге сай өзара қарым-қатынаста болатын хаттама деп аталатын программалар жұбы. Осы жұптың программасының біреуі сервер, екіншісі - клиент деп аталады.

Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файлдарды жіберу үшін арнайы FTP қолданбалы хаттамасы пайдаланылады. Сәйкесінше, Интернеттен файл алу үшін мынадай іс-әрекеттер жасау қажет:

  • Компьютерде FTP клиенті болып табылатын программа орнату;
  • FTP қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.

Тағы бір мысал, электрондық поштаны қолдану үшін хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент

программасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.

Интернетке қосылу

Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

  • Компьютерді Бүкіләлемдік желінің бір торабына жалғау;
  • ІР-адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі) ;
  • Таңдап алынған Интернет қызмет түрінің программа-клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет қызметін қоюшылар (сервио провайдерлер) деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім - шарт бойынша провайдерлер атқарады.

Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық.

  • Ерекшеленіп қосылуүшін жаңа байланыс тізбегі (кабелъдік, радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
  • Алкоммутаторлық байланыс- уақытша байланыс түрі. Аз келемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

Телефон сымдары тек дыбыс жиілігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып) торапқа түседі және керісінше.

Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың арткы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады.

Басқа қүрылғылар сияқты модемдер де программалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу ►Баптау►Басқару тақтасы ►Жабдықтарды орнату (Пуск ► Настройка ►Панель управления ►Установка оборудования) құралының көмегімен орнатады.

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін Желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім ► Желіге қашықтан қатынау► Жаңа байланыс (Мой компьютер ►

Удаленный доступ к сети►Новос соединение) ) .

Программаны баптау кезінде Интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын-ала енгізіп қоюы керек:

  • байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі;
  • қолданушының аты (login) ;
  • паролі (password) ;
  • сервердің адресі.

World Wide Web-тің негізгі түсініктері

Бүгінгі таңда Интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан-жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады. Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімде дайындалған. Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын Интернеттің қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW) деп атайды. Бүл сөздің аудармасы Бүкіл дүниежузілік өрмек дегенді білдіреді. World Wide Web - казіргі интернеттің ең көп тараған қызметі түрі болып табылады. Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзара гипермәтіндік байланысқа түскен Web-құжатпшр жиынтығын атайды.

Интернетке түрақты қосылып тұрған компьютерлерді Web-cepвep деп атайды. WWW-дің құжаттары Web-серверлерде сақталады. WWW орта дегеніміз Web-серверде сақталған өзара байланысқан электрондық қүжаттардан тұратын ақпараттық кеңістік. Web-кеңістікті қүрайтын жеке құжаттарды Web-беттер дейді. Тақырып бойынша топтастырылған Web-беттерді Web-mopanmap деп аталады (жаргондық термині - Web-сайт) . Дайын материалды Web-тораптарда орналастыру Web-басылым деп аталады.

World Wide Web-тағы жеке қүжатты Web-бет дейді. Әдетте бұл әр түрлі объектілер жиынтығынан тұратын құжат. Оның құрамында мәтін де, графиктік бейнелер де, мультимедиалық және баска енгізілетін объектілер болады.

Web-беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузер экранға құжатты шығарып береді. Осы командалар тегтер деп аталады. Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу тілі - HTML (HyperText Markup Language) . Сонымен Web-кұжат деп отырғанымыз HTML тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік қүжат екен. Осындай құжаттарды HTML пішімімен жазылған құжат деп аталады. HTML-құжаты броузердің көмегімен экранда бейнеленген кезде тегтер экранда көрінбейді, тек құжатты құрайтын мәтін ғана бейнеленеді. HTML тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын Web- беттердің ең маңызды сипаты - гипермәтіндік сілтемелер болып табылады. Оларды қысқаша гиперсілтемелер деп атайды.

Суретпен немесе мәтіннің кез-келген бөлігімен тегтердің көмегімен қандай да бір Web - құжатты байланыстыруға болады, яғни гиперсілтеме орнатуға болады. Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтін бөлігіне немесе суретке тышқанның сол жақ батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа сұраныс жіберіледі. Бұл құжат өз алдына басқа құжатттарға гиперсілтеме жібере алады. Сонымен WWW-серверіндегі өте үлкен көлемдегі гипермәтіндік электрондық құжаттардың жиынтығы гиперкеңістік құрайды. Web-кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс Web-серфинг деп аталады. Егер осы кеңістіктегі әрбір құжаттың өзінің айрықша адресі болмаса мұндай гипермәтіндік байланыс түзілмес еді. Бүкіл әлемдік масштабта әрбір файлдың адресі ресурстардың ерекшеленген нүсқағышымен (URL - унифицированный указатель ресурса) анықталады. URL-адрес үш бөліктен түрады:

  • Берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету. Мысалы, WWW-кызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады (Hyper Text Transfer Protocol - хаттама передачи гипертекста) :

http://

хаттаманың атынан кейін : және // белгілері қойылады.

  • Компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету:

http:// www. enu. kz

Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты www. khabar. kz, Microsoft компаниясының Web - серверінің домендік аты www. microsoft. com, «Огонек» журналының Web-серверінің домендік аты www. ogonyek. ru, (соңындағы га домені компания сервері интернетгің Ресейлік секторына жататынын көрсетеді)

  • Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына «/» символын қою арқылы)

http:// www. enu. kz / Files/ Myfiles/ xyz. zip

(интернетге бас әріп пен кіші әріп әртүрлі символдар болып есептеледі) .

Web-броузерлер

Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленеді. Құжаттың авторы құжат бейнеленетін компьютердін мүмкіншіліктерінен бейхабар болады. Сондықтан HTML тілі құжатты пішімдеуді камтамасыз етіп қана қоймай, оның логикалық құрылымын анықтап береді. Құжатты нақты бір

компьютерде пішімдеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге

асырылады.

Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:

  • Кұжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;
  • броузер жұмыс атқаратын компьютердің мүмкіншіліктерін ескере

отырып Web-беттерді пішімдеу мен бейнелеу;

  • Web-беттердің құрамына кіретін мультимедиалық және басқа да объектілерді бейнелеуге арналған құралдарды ұсыну;
  • Web-беттерді іздестіруді жеделдету мен бұрын ашылған Web-беттерге қатынауды ықшамдастыру;
  • Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.

Internet Explorer 5. 0 программасымен

жұмыс істеу негіздері

Интернет жағынан World Wide Web қызметі жұмысын серверлік программалық құралдар - Web-серверлер қамтамасыз етеді. Қолданушы жағынан бұл қызметті клиенттік программалар - Web- броузерлер атқарады.

Ең көп тараған броузерлер - Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera. Барлық броузерлердің функциялары біреу ғана, бірақ Microsoft Internet Explorer 5. 0 броузерінің басқалардан ерекшелігі, ол Windows 98 операциялық жұйесімен бірге қойылады және оның бөлінбейтін компоненті болып табылады.

Internet Explorer броузерін іске қосу үшін

Іске қосу ► Программалар ►Internet Explorer (Пуск ►Программы ► Internet Explorer) командасын орындау қажет.

Егер Интернетпен байланыс жоқ болса, экранда байланыс орнатуды басқару сұхбат терезесі пайда болады. Байланыс орнату мүмкін емес жағдайда, бұрынғы жүктелген Web-құжаттарды көру мүмкіндігі сақталады.

Егер байланыс бар болса, онда программа баптауы бойынша таңдалынтан бастапқы бет экранда пайда болады.

Web-бетті ашу және көру

Бастапқы бетте барлық мәтіндік, графиктік және мультимедиалық объектілер бейнеленеді. Керуді басқару меню жолының, аспаптар панелінің, гиперсілтемелердің көмегімен жүргізіледі. Егер сізге қажет Web-беттін URL-адресі белгілі болса, оны панельдегі Адрес өрісіне енгізіп, Өту батырмасын басу қажет. Ағымдағы беттің орңына, адресі көрсетілген бет ашылады. Сонымен қатар адрес өрісінен тізімдегі, бар адресті таңдап алуға болады.

Гиперсілтемелермен жұмыс істеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологияның ұғымы
Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі
Желі топологиясының түрлері
Орта мектепте жергілікті желіні оқытуға қажетті теориялық мағлұматтар
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Ақпараттық өріс
Жүйeлeр жәнe қауіпсіздік
Жергілікті компьютерлік желілер
Желілердің құрылымы
Желінің даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz