Ақша қаражаттар қозғалысы
ЖОСПАР
Кіріспе
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама ... ... ... ... ... 5
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Консолидацияланған қаржылық есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі ... ... ... ... .16
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты ... ... ... ... ..27
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қосымшалар

КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оған: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері. Олар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Олардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байлланысты. Оларға: вексель№ банкнота және чек жатады.
Вексель – белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Мен өзімнің курстық жұмысымда қарастырылған ақша қаражаттар қозғалысының болуы тұтас экономика үшін немесе жеке сектор, кәсіпорын, жай қарапайым халық үшін маңызды болып келеді.
Менің «Ақша – қаражаттар қозғалысы» атты курстық жұмысымда, жалпы ақшалар туралы, оларды қозғалысының есебі, дисконтталға ақша ағымының есебі, олардың нысандары, түрлері мен 7 ҚЕХС бойынша есептілігі толық қарастырылды деген сенімдемін.
Сонымен, ақша қаражаттар қозғалысы есебінің негізгі мақсаты – ақша қаражаттарының немесе оның эквиваленттерінің өзгерістері жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша қаражаттар қозғалысының есептілігі басқадай есептік формаларымен бірге, ақпараттарға қызығушылығын білдірген қолданушыларға компанияның таза активтер динамикасын бағалауға, қаржылық құрылымындағы өзгерістерін, ақша қаражаттар қозғалысын тиімді басқаруын, тез арада өзгеріске түсетін нарықтық талаптарға тез бейімделу мүмкіндігін береді.
Есептілікте көрсетілетін көрсеткіштердің талдауын, бағалауды жүргізу үшін модельдерді құруға және компанияның болашақтағы ақша қаражаттар қозғалысының дисконтталған құнын көрсетуге мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттар туралы қорытынды мәліметтер – олардың өткен жылдардағы болжанған бағаларының нақтылығын анықтауға және таза ақша қаражаттар мен табыстылықтың арасындағы байланысты көрсету үшін қажет.
Осы тақырыбыма байланысты, тікелей және жанама әдістермен есептелген мысал есептертер келтірілген.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» Алматы, Экономика, 2001ж.
2. Міржақыпова С.Т. «Банктердегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2004ж.
3. М.А. Вахрушина, Л.А. Мельникова, Н.С. Пласкова «Международные стандарты учета и финансовой отчетности» Москва, 2005г.
4. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2005ж.
5. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003ж.
6. Төлешова Г.Қ. «Дамыған қаржылық есеп» Алматы, Экономика 2005ж.
7. Толешова Г.К. «Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами», часть 1, Алматы, 2004г.
8. Вводный курс по МСФО. Отчет о движении денежных средств. Модуль 5 // Евразийский вестник аудитора // №12, 2003г.
9. И.В. Хегай «Дисконтирование денежных потоков для целей учета» // МСФО // №4, 2003г.
10. М.Черемицына «Приложения №41, 42 Отчет о движении денег» // Бюллетень бухгалтера // №4, 5, январь, 2006г.
11. Э. Нурсеитов «МСФО 7, Отчеты о движении денежных средств» // Файл бухгалтера // №41 (138), 7-13 октября, 2003г.
12. // Ақиқат // №8, 1998ж., 30-35 б.
13. // Астана ақшамы // 1 қаңтар, 2002ж.
14. Д.Мәжітов «Ақша айналысы – экономиканың айнасы» // Егемен Қазақстан // 15 желтоқсан, 2004ж.
15. ҚЕХС бойынша шоттар жоспары // Бухгалтер бюллетені // №3, қаңтар, 2006ж.
16. Ш.Мырзабеков «Ақша – экономиканың қан айналымы» // Егемен Қазақстан // 19 мамыр, 2004ж.
17. Насырова М.Р., Тоқсанбай С.Р., Құлпыбаев С.Қ., Гуляева С.П. «Қазіргі экономикалық орысша – қазақша түсіндірме сөздік, анықтамалық» Алматы, 2003ж.

1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Консолидацияланған қаржылық есеп
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі ... ... ... ... .16
2.1 7 ҚЕХС бойынша Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі
мақсаты ... ... ... ... ..27
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің
нысандары ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
37
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар
қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың
дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен
қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні
айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы
ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты
мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша
тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш
қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы
затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз.
Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге
болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар
және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның
ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың
өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оған:
қағаз ақшалар және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста
жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс
құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және
металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар
құнның белгілері. Олар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар. Олардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен
байлланысты. Оларға: вексель№ банкнота және чек жатады.
Вексель – белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша
бірліктері.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.
Мен өзімнің курстық жұмысымда қарастырылған ақша қаражаттар
қозғалысының болуы тұтас экономика үшін немесе жеке сектор, кәсіпорын, жай
қарапайым халық үшін маңызды болып келеді.
Менің Ақша – қаражаттар қозғалысы атты курстық жұмысымда, жалпы
ақшалар туралы, оларды қозғалысының есебі, дисконтталға ақша ағымының
есебі, олардың нысандары, түрлері мен 7 ҚЕХС бойынша есептілігі толық
қарастырылды деген сенімдемін.
Сонымен, ақша қаражаттар қозғалысы есебінің негізгі мақсаты – ақша
қаражаттарының немесе оның эквиваленттерінің өзгерістері жайлы
ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша қаражаттар қозғалысының есептілігі басқадай есептік формаларымен
бірге, ақпараттарға қызығушылығын білдірген қолданушыларға компанияның таза
активтер динамикасын бағалауға, қаржылық құрылымындағы өзгерістерін, ақша
қаражаттар қозғалысын тиімді басқаруын, тез арада өзгеріске түсетін
нарықтық талаптарға тез бейімделу мүмкіндігін береді.
Есептілікте көрсетілетін көрсеткіштердің талдауын, бағалауды жүргізу
үшін модельдерді құруға және компанияның болашақтағы ақша қаражаттар
қозғалысының дисконтталған құнын көрсетуге мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттар туралы қорытынды мәліметтер – олардың өткен жылдардағы
болжанған бағаларының нақтылығын анықтауға және таза ақша қаражаттар мен
табыстылықтың арасындағы байланысты көрсету үшін қажет.
Осы тақырыбыма байланысты, тікелей және жанама әдістермен есептелген
мысал есептертер келтірілген.
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама.
Бұл тарауда ақша қаражаттар козғалысы туралы мәліметтер толық ашып
көрсетіледі.
1. Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында
басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол
уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы
жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айыру белгілі бір
заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін
кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізіп отырады.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне
байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.
Ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-
ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет
ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың
қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық
өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-
қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және
жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшалар айналысы – нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған
банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар қызмет етеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айнасы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының
ақшаларының қозғалысы. Оған: чектер, пластикалық карточкалар, электрондық
аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған
ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір қозғалыс сферасынан екінші
біріне өтіп отыруынан байқалады.
Мысалы, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-
қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия,
зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз
ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
2. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі департаментінің №4 ‘Ақша – қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп’ - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының
бірінші бабында: кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша –
қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі
операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша
– қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы
ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни
субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді
делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: Заңды тұлғалар, субъектілер
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай
жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында
тапсырады делінген.
Жалпы ақша қаражаттары ҚЕХС-ң шоттар кестесіндегі 10.1 Қысқа мерзімді
активтер деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің
шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға
арналған. Актив,егер:
Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің
барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынса;
Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру
баланстың күнінен кейін он екі айдың ішіңде күтілсе;
Пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа
мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
1000 – Ақша қаражаты кіші бөлімі - ақша қаражаттарын есептеу үшін
қолданылады және өзіне мына 7 топты кіргізеді.
1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты, онда кассадағы ұлттық
валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жалпы касса
операцияларының есебі 1010 (451) Кассадағы теңгемен ақша қаражаты және
1020 (452) Кассадағы валютамен ақша қаражаты - деп аталатын шоттарда
жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің
кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша
қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан
Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін
жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
1020 Кассадағы валютамен ақша қаражаты, бұл жерде кассадағы шетел
валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есептелінеді. Жалпы кәсіпорынның
кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы
ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
1010 (451) Кассадағы теңгемен ақша қаражаты және 1020 (452)
Кассадағы валютамен ақша қаражаты - деп аталатын шоттар бойынша
жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал –
ордері, ал дебеті бойынша осы журнал – ордердің ведомосында жүргізіледі.
Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал – ордердің
ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал – ордерде
есептеліп жүргізіледі.
1030 Жолдағы теңгемен ақша қаражаты, бұл жерде жолдағы ақша
қаражаттар қозғалысы көрсетіледі. Бұл шот аударылған, бірақ әлі
кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары
жолдағы ақшалай қаржылар болып саналады.
1040 Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты, онда банктік
шоттардағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі
көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай
қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта
ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай
қаржылар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай және басқадай құжаттардағы
(вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді. Жалпы субъектілердегі
есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 (441) – шотта
жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210,2110 (301), 1420 – 2810 (331-334),
1010 (451), 3010-3020 (601-603) және т.б шоттардың кредитімен, ал кредиті
бойынша 1040 (141-143), 1610 (351-352), 1150 (401-403), 1010 (451),
3010,3020 (601-603), 3310 (671) тағы басқа шоттардың дебетімен
корреспонденцияланады.
1040 – шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2 – журнал –
ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында
есептелінеді.
1050 Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты, мұнда
ағымдағы банктік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттар
қозғалысының есебі көрсетіледі.
1060 Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаты, бұл жерде
депозиттік банктің шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есептеледі.
1070 Арнайы шоттардағы ақша қаражаты, бұл жерде арнайы шоттардағы
ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады.
Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек
кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар
және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалай қаржылар
есептелінеді. Шаруашылық субъектілері 1070 (421) – Аккредитивтердегі
ақшалай қаржылар - деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да
кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі
ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа
қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.
Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк
мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін
банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері
қолданылып келеді.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы
кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет
көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе
қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу
жайлы тапсырмасы.
Ашылған аккредитив сомасы 1070 – Аккредитивтегі ақшалай қаржылар
шотының дебетіне қай шоттардан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу
шотынан аударылса, 1040 – шотынан, валюталық шоттардан 1020-1050 аударылса,
банктерден алынған несиелердің есебінен аударылса, 3010 (601) – шоттың,
банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен аударылған болса: 3020
(602) – шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген
сома бухгалтерияда 3310 (671) Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп
айырысу шотының дебетіне 1070 (421) Акредитивтегі ақшалай қаржы - деп
аталатын шоттың кредитіне жазылады.
Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша
санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол
сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.
Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею
көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан
кәсіпорынның таза табысы - тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша
нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егерде олар есепті
кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюымен байланысты болады.
Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстардың
көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:
- амортизациялық аударымдар;
- провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;
- есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түріндегі
жұмсалған шығындар;
- сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе
кеткен шығындар сомасы
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі, оларды операциялық, инвестициялық
және қаржылық қызметтері бойынша жіктей отырып кезеңдегі ағымын көрсету
қажет.
3. Консолидацияланған қаржылық есеп беру
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған
түсініктеме жазбада мына сұрақтар баяндалуы керек:
- операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу
үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады (тікелей ме, жоқ әлде
жанама ма);
- түсетін ақша қаражаттары мен клиент атынан төленетін ақша
қаражаттары нетто-негізінде ашыла ма, әсіресе, кәсіпорынның өз ақша
қаражатынан клиенттердің ақша қаражаты асып кеткен жағдайда;
- ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.
Бұл арада ескеретін бір жайт, түсініктеме жазбада кейбір мәселелер
бойынша қайталанып берілетін түсініктемелерге жол бермеуді қадағалау керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың
қажеттілігі:
а) активтердің түгелдігін бақылау үшін;
ә) кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін;
б) бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз
ету үшін және тағы да басқа жағдайларға байланысты.
Ақшалар және басқа да өтімділігі жоғары активтерге ішкі бақылау
жасаудың қатал жүйесі қаржылық есепті ұйымдастырушылар үшін ақшалармен
олардың баламаларына жүргізілген бақылаулар дәл және сенімді ақпарат болып
табылатындығына сенімділіктерін арттырады. Ақшалардың сақталуын қамтамасыз
ету, яғни оны қорғау көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың ең маңызды
мәселесі болып табылады. Ақшаларды жасыру немесе оны ұрлау өте оңай,
өйткені олардың белгілі бір белгілері жоқ және тез айырбасталады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшаларға ішкі бақылау жасау мынадай
функцияларды жүзеге асыруы, яғни атқаруы қажет:
- ақшалардың жеке есебін жүргізу мен бөлек сақталуын бақылау;
- қолма-қол есеп айырысу негізінде жүргізілген операциялардың есебін
бақылау;
- кассада тек қана күнделікті қажетті мөлшерде ақша сақтау;
- касса қалдығын белгіленген мерзімде уақтылы тексеру;
- табыс әкелмейтін ақшалардың қайтарылуын қамтамасыз ету;
- ақшалардың сақталуына жеке тұлғаның жауап беруі.
Ақшалардың келіп түсуін бақылау кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда
түрлі операцияларды орындауға және пайдалануға байланысты жүргізіледі. Есеп
айырысуды қолма-қол жүргізу, орындалған операцияларды тіркеп жазып отыру
және оны ақша қалдығымен салыстыру, сондай-ақ ақшамен есеп айырысуды
белгілі бір адамға міндеттеу ақшалардың ұрлануын, орындалған операциялар
үшін толтырылатын құжаттардың толтырылуында қателіктердің жіберілуін
болдырмайды. Ұрлықтар мен қателіктердің болғанның өзінде олардың саны
азаяды. Ақшалардың үздіксіз және тұрақты банк шоттарына келіп түсуін
басынан бастап бақылау мақсатымен есептеу және тіркеп жазу жұмысы үшін
жауапты адам тағайындау мвналарды қажет етеді:
- кешіктірмей уақытында есептеу;
- кешіктірмей уақытында жазу;
- алынған ақшаларды дер кезінде депоненттеу.
Ақшаларды басқару функциялары мен оны тиісті құжаттарға тіркеп жазу
функцияларының жүзеге асырылуына үздіксіз бақылау жасау ұйымның кассалық
операцияларына күнделікті қабылданатын және касса арқылы төлемдер
жүргізілетіндігі туралы есепті құрайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларының жұмсалынуын бақылау
мақсатымен басқа заңды және жеке тұлғаларға ақша төлеу барысында арнайы
үлгідегі құжаттар белгілі тәртіп бойынша толтырылған жағдайда ғана төлем
жүргізуге болатындығын белгілейді.
Есептік кезең біткен соң шаруашылық жүргізуші субъект қаржылық есеп
беруді жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъекттің құрамында Қазақстан
Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе
тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса,
консолидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды тұлғаның есеп
беруін біріктіреді.
Заңды тұлға (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі
шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа
(негізгі) заңды тұлғаның өзінің жарлық қорына салған салымдарының басым
көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау
мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.

(қатысушы, артықшылығы бар) заңды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін
акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса,
тәуелді серіктестік ретінде танылады.
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес,
тұтас бөлігін білуге міндетті болып келеді. Бұндай қажеттілік
консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.
Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған
бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық – шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы
туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.
№ 13 БЕС сәйкес Консолидацияланған есеп беру және еншілес
серіктестіктегі инвестицияның есебі негізгі заңды тұлға жергілікті және
шетелдегі еншілес заң тұлғалардың консолидацияланған қаржылық есеп беруі
енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егерде еншілес серіктестік жақын
арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса немесе олар
қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл
аталған жағдайларда жүрген серіктестіктердің мәліметі консолидалынған
қаржылық есеп беруге қосылмайды.
Негізгі заңды тұлғалар және оның еншілес заңды тұлғалары, яғни
консолидацияға кіретіндері қаржылық есеп беруді бірлесіп, белгілі бір күні
жасайды, ол үшін бір тұтас есептік саясатын пайдаланып, аналитикалық
операцияларын және қаржылық-шаруашылық қызметінің оқиғаларын дайындайды.
Егер де олардың есеп беруі әр кезде жасалатын болса, ал оның айырмасы
үш айды құрса, онда олардың мәліметін консолидациялауға болмайды. Егер де
топ мүшелерінің пайдаланатын есеп саясаты әрқилы болса, онда қаржылық есеп
беруді консолидациялауға қабылдаған есеп саясаты негізге алынады, соған
сәйкес түзетулер жасалынады. Еншілес заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің
нәтижесі консолидацияланған есеп беруге олардың сатып алынған күнінен
бастап енгізіледі. Егер де сатып алу процесі жыл бойы жүретін болса, онда
сатып алынған заңды тұлғаның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі
есептік кезеңде сатып алынғанға дейін және сатып алынғаннан кейін болып
екіге жарып көрсетілуі мүмкін.
ІІ Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі
Бұл тарауда ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есептілігі,
дисконтталған ақша ағымдарының есебі толық, әрі жан-жақты қамтылған.
2.1. 7 ҚЕХС бойынша Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік және
оның түрлері.
7 ҚЕХС Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік дүниежүзілік
банкпен дайындалған.
ҚЕХС-ң 7 бөлімшесінің негізгі мақсаты – операциондық, инвестициялық
және қаржылық қызметтерінің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттар
қозғалысының өзгерісі туралы мәліметтерді беруді талап ету.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік – қаржылық есептіліктің
төртіншісі болып табылады. Есептіліктің мақсаты – компанияның белгілі бір
мерзімдегі ақшаның түсімі мен төлемдері туралы ақпараттарды ұсыну болып
табылады.
Ақша қаражаттар қозғалысының негізгі көрсеткіштері болып – ‘ақша
қаражаттары және олардың эквиваленттері’ қолданылады.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы ақпарат – компанияның ақша
қаражаттарын алу қабілетін және олардың эквивалентін және ақша ағымын
болжауға көмектеседі.
Ақша қаражаттары – компанияның атындағы және кассадағы ақшалары.
Ақша эквиваленті – қысқа мерзімді, тез өтімді салымдар (өтеу мерзімі 3
ай немесе оданда аз), тез айналысқа түсетін ақшалар.
Ақша қаражаттар қозғалысының жіктелуі:
Ақша қаражаттардың түсуі немесе төленуі ақша қаражаттар қозғалысының
есептілігінде келесі қызметтермен байланыста болды.
а) Операциондық қызмет – компаниядағы ақша қозғалысының негізгі қызметі
болып табылады. Оның негізінде таза табыс немесе шығыстарды анықтаған
кездегі компанияның табыстары мен шығыстарын ескереді. (Мысалы: тауарларды
өткізуден, көрсеткен қызмет немесе орындаған жұмыстан түскен түсім,
жабдықтаушыларға немесе қызметкерлерге төленетін төлемдер)
б) Инвестициялық қызмет – инвестициялық және ұзақ мерзімді активтерді
сату мен сатып алуды, несиелерді беру мен несиеге берілген заттарды қайтару
қызметтерін өзіне біріктіреді. (Мысалы негізгі құралдарды, үлестік және
займдық құралдарды, қатыстыру үлесін сату және сатып алу, вексель, акция)
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың қозғалысы компанияның
ресурстарын қалыптастыру, болашақ табыстарын болжай алу және ақша
қаражаттарын алу мүмкіндігін сипаттайды.
в) Қаржылық қызмет – компанияның капиталы мен қарыздық құралдардың
көлемі мен құрамының өзгерісін көрсетеді.
Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы – ақшалардың
баланстағы түсімдерін болжау үшін анықталады.
Қаржылық қызмет міндеттемелер мен капитал баптарына әсер етеді:
- ұзақ мерзімді құралдарды шығаруға және қарыздық құралдарды өтеумен
байланысты алынатын ақша қаражаттары
- эмиссиондық акциялардан немесе басқа да үлестік құралдардан алынатын
ақша қаражаттары жатады. (Мысалы, шығарылған акция, облигация,
займдар, вексельдерден түскен түсімдер, несиелік сомаларды өтеу т.б.
жатады)
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есеп – ақша қаражаттар қозғалысы
туралы ақпараттарды, ақша қозғалысын операциондық, инвестициялық, қаржылық
қызметтер негузунде жіктеп, белгілі бір мерзімде берілуі тиіс.
Бір операция әр түрлі жіктелуі мүмкін. Мысалы несиені өтеу кезіндегі
төленетін пайыздар – операциондық қызмет ретінде, ал қалған негізгі бөлігі
– қаржылық қызмет ретінде жіктеледі.
Нақты опреациялар, ақша қаражаттарын қолданумен байланысты болмайтын
операцияларды (облигациялар мен акцияларға айырбасталатын активтерді шығару
және жай акцияға облигацияларды конвертациялау) “ақша қаражаттар қозғалысы”
есептілігінен алынып тасталуы тиіс. Мұндай операциялар, өздері жеке немесе
ақша қаражаттар қозғалысы есептілігінің соңғы бөлімінде көрсетіліп немесе
қаржы есепкерлігіндегі қосымшаларда көрсетілуі тиіс.
Есептіліктің құрамында қызметтің 3 түрі анық белгіленеді, олар
келесідей тәртіппен орындалады:
- операциондық
- инвестициялық
- қаржылық
1) Алдымен, есепті мерзімдегі ақша қаражаттардың өсімі (азаюы)
анықталады. Ол әр қызмет түріндегі таза ақша қаражаттардың қосындысымен
анықталады.
2) Содан кейін, есепті мерзімдегі таза ақша қаражаттардың өзгерісі,
мерзімнің басындағы ақша қаражаттардың қалдығына қосылады (немесе алынып
тасталынады). Шыққан сома, мерзімнің соңындағы ақша қаражаттар қалдығына
тең болады.
3) Есептіліктің соңғы бөлімінде жеке-дара ақша қаражаттарын қолданумен
байланысты емес нақты операциялар мен қаржылық операциялар көрсетіледі.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктегі ақша ағымын қызмет
түрлері бойынша жіктеу инвесторларға келесілерді бағалауға көмектеседі:
а) компанияның ақша ағымын реттеудің потенциалды мүмкіндігін;
б) компания өзінің міндеттемелерін орындау мен дивидендтерді төлеудің
потенциалды мүмкіндігін;
в) Операциондық қызметтегі таза табыс пен тпза ақша ағымы арасындағы
айырмашылықтарының себептерін;
г) Ақша қаражаттарын пайдаланумен байланысты есепті мерзімде
көрсетілген инвестициялық және қаржылық операциялардың қызметтерін.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік түзетілген айналым ведомосі
негізінде құрылмайды. Осы есептілікті ұйымдастырудың қажетті ақпараттарын
негізінен келесідей ақпарат көздерінен алуға болады:
а) белгілі бір мерзімге құрылған бухгалтерлік баланстан;
б) ағымдағы мерзімдегі табыстар мен шығындар есептілігінен;
в) басқа да құралдардан
Есептілікті ұйымдастырудың негізгі сатылары:
Бірінші сатыда а) таза өсімшені анықтау ақша қорларының азаюы
Бұл өте қарапайым әрекет болып табылады. Себебі, белгілі бір мерзімдегі
бухгалтерлік баланстан алынған ақша қаражаттар қалдығын мерзімнің басы мен
соңының арасындағы айырмашылықты өте оңай есептеуге болады.
б) операциондық қызметтегі таза ақша қаражаттарын анықтау. Бұл сатыда
тек ағымдағы мерзімдегі табыстар мен шығындар туралы есептілігіндегі
көрсеткіштерге талдау жасалынып қоймай, сонымен қоса белгілі бір мерзімдегі
бухгалтерлік баланстың және басқа көздердің ақпараттарға да талдау
жасалынады.
с) Инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен таза ақша қаражаттарын
анықтау. Бұл талдауда бухгалтерлік баланстағы басқа көрсеткіштердің өзгеруі
нәтижесінде олардың ақша қаражаттарының көлеміне әсерін анықтайды.
Екінші сатыда есептеу тәсілімен айқындалған операциондық қызметтің
көрсеткіштерін кассалық тәсілдердің көрсеткіштерімен қайта есептеуді қажет
етеді. Мұндай қайта есептеуді тікелей және жанама әдісті қолдану арқылы
жүзеге асыруға болады.
а) Екі әдісті қолданған кезде бір нәтижелік көрсеткіш – операциондық
қызметтің таза ақша қаражаттары көрсетіледі, дегенмен де, есептеу кезінде
қолданылатын тікелей және жанама әдістері әртүрлі ашу жолымен есептеледі.
б) 7 ҚЕХС-де көбінесе тікелей әдісті қолдануға мән береді.
Жанама әдіс. Бұл әдіс бірнеше сатылардан өтеді.
1 саты. Бірінші сатыда ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті
ұйымдастыруда ақша қаражаттарының таза өсімі мен азаюы анықталады.
Негізінен бұл ақша қаражатының жыл басы мен жыл аяғының арасындағы
айырмашылық.
2 саты. Екінші сатыда операциондық қызметтегі таза ақша қаражаттары
анықталады:
а) 7 ҚЕХС байланысты есептеу тәсілін қолдану қажет. Ол шығындармен
табыстардың пайда болуы мен көлеміне байланысты қарастырылады.
б) Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттардың табыстары мен
шығындарын кассалық әдіс арқылы анықтау қажет. Бұл әдістің мақсаты таза
табыс операциялары әсерінің есебімен түзетіледі, ол ақша қаражаты
қозғалысының дамуымен байланысты болмайды.
Операциондық қызметтегі таза ақша қаражатын анықтау үшін:
а) қысқа мерзімді активтердің өсімшесін (ақша қаражатын қоспағанда)
таза табыстан алынып, ал азаюы таза табысқа қосылады.
б) қысқа мерзімді міндеттердің өсімшесі таза табыстан қосылып, ал оның
азаюы таза табыстан алынады.
с) амортизациялық шығындар мен негізгі құрамы сатудан пайда болған
шығындар таза табысқа қосылып, ал негізгі құрамы сатудан түскен түсім таза
табыстан алынып тасталынады.
3 саты. Үшінші сатыда инвестициялық және қаржылық қызметтегі таза ақша
қаражаттары анықталады. Ең бастысы олар, ұзақ мерзімді активтер мен
міндеттемелерге қатысты бухгалтерлік баланстың салыстырмалы баптарының
негізінде және тағы да басқадай мәліметтерге сүйену негізінде анықталады.
А) егер шоттың сальдосы Жер 50000 $-ға өссе және (келісім-шарттың
мәліметтерінде көрсетілгендей) жерді сатып алу құны ақшамен алынған болса,
инвестициялық қызметтер ішінде ақша қаражаттарының төленуі белгіленеді.
Б) егер шоттың сальдосы Жай акциялар 100000 $-ға өссе және (келісім-
шарттың мәліметтерінде көрсетілгендей) акцияларды шығару ақша қаражаттарын
төлеумен жүргізілсе, онда ол қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттары
болып табылады.
Қарызды өтеу, өзіндік акцияларды сатып алу немесе келісімдерді бұзу –
қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарымен белгіленеді.
Тікелей әдіс. Бұл әдіс бірнеше сатыдан өтеді.
1)саты. Бірінші сатыда таза ақша қаражаттарының өсуі мен төмендеуі
анықталады, яғни ақша қаражаттарының жыл басы мен жыл аяғының
арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
2)саты. Екінші сатыда табыстар мен шығындардың есебін есептеу тәсілі
бойынша айқындалатын операциондық қызметтен түскен таза ақша қаражаттарды
қайта есептеудің әрбір көрсеткішін кассалық әдіс бойынша есептеуді
көрсетеді:
• егер табыстар мен шығындар туралы есептілікте түсімнің
көлемі-120000$ болса, ал жыл бойындағы дебиторлық қарыздық
өсімі-20000$-ды құраса, онда алынған ақша қаражаттарының
түсімі-100000$-ды құрайды (120000$-20000$).
• егер табыстар мен шығындар туралы есептілікте
операциондық шығындардың көлемі-60000$, ал жыл бойындағы
есептелген қарыздық өсімі-12000$ құраса, онда операциондық
шығындар ақшалай түрде- 48000$ құрайды (60000$-12000$).
Операциондық қызмет бөлімшесінде ақшаның түсімі мен шығысы тек
негізгі топтар арқылы анықталады:
• тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсімдер және
пайыздар, инвестициялар мен ссудалардағы дивидендтерден
түскен түсімдер арқылы;
• жабдықтаушылармен және қызметкерлермен есептесу бойынша,
операциондық шығындар бойынша, пайыздар бойынша және
салықтар бойынша төленетін ақшалай шығындар арқылы;
Сатып алушылар мен тапсырысшылардан түскен ақшалардың есебі келесідей
формуламен көрсетіледі:
+ дебиторлық
қарыздардың азаюы
Өткізуден түскен түсім немесе
- дебиторлық
қарыздардың көбеюі
Жабдықтаушылармен есеп – айырысу мына формуламен есептеледі:
Сатылған + Қорлардың көбеюі; Кредиторлық қарызардың азаюы
тауарлардың немесе
өзіндік құны - Қорлардың азаюы; Кредиторлық қарыздардың өсуі
Ақшалай төлемдерді операциондық шығындар бойынша есептеу келесі
формуламен көрсетіледі:
+ Алдағы кезең шығындарының көбеюі;
Операциондық шығындар Есептелген қарыздық шығындардың азаюы
(тозуы есептелмегенде) немесе
- Алдағы кезең
шығындарының азаюы;
Есептелген
қарыздық шығындардың өсуі
Табысқа салынатын салық (корпорациялық табыс салығы) бойынша
жүргізілетін ақшалай табыстарды есептеудің формуласы келесідей:
Табысқа + Табысқа салынатын салықтық қарыздардың төмендеуі
салынатын немесе
салық - Табысқа салынатын салықтық қарыздардың көбеюі
3) саты. Үшінші сатыда инвестициялық және қаржылық қызметтердің
таза ақша қаражаттары анықталады. Ең бастысы олар, ұзақ мерзімді активтер
мен міндеттемелерге қатысты бухгалтерлік баланстың салыстырмалы баптары
негізінде және басқадай мәліметтерге сүйену негізінде анықталады.
Мысал есеп
Демо компаниясы.
Салыстырмалы бухгалтерлік баланс.
2005 жылдың 31 желтоқсанына.
Қысқа мерзімді активтер: 2005 2004
Өзгерістер
- дебиторлық қарыздар 30.000$ 39.000$
9.000$ (-)
- Жал бойынша алдағы кезең 15.000$ 10.000$
5.000$ (+)
Шығындары
- Қорлар 20.000$
18.000$ 2.000$ (+)
Қысқа мерзімді міндеттемелер:
- Кредиторлық қарыздар 18.000$ 12.000$
6.000$ (+)
- % бойынша қарыз 6.000$
2.000$ 4.000$ (+)
- салықтар бойынша қарыздар 3.000$ 5.000$
2.000$ (-)
Демо компаниясы.
Табыстар мен шығындар бойынша есептілік
2005 жылдың 31 желтоқсанына
Табыстар:
- Өнімді өткізуден түскен табыс 400.000$
- Жерді сатудан түскен түсім 20.000$
Жиыны
420.000$
Шығындар:
- Сатылған тауардың өзіндік құны 280.000$
- Операциондық шығындар 75.000$
- Негізгі құралдардың тозуы 15.000$
- % бойынша шығындар 8.000$
- Табысқа салынатын салықтық 7.000$
шығындары
Жиыны
385.000$
Таза табыс
35.000$
Осы мәліметтерге сүйене отырып, операциондық қызметтен түскен таза ақша
қаражаттарын тікелей және жанама әдіспен есептеу қажет.
1) Операциондық қызметтегі ақша ағымын жанама әдіс бойынша есептеу.
Демо компаниясы.
Ақша қаражаттардың қозғалысы туралы есептілік.
2005 жылдың 31 желтоқсанына
Операциондық қызметтегі ақша қаражаттардың қозғалысы:
- Таза табыс
35.000
Операциондық қызметтегі таза ақша қаражаттарына таза табыстарды қайта
есептеуді қажет ететін түзетулер:
- Негізгі құралдардың тозу шығындары
15.000
- Жерді сату бойынша шығындары
(20.000)
- Дебиторлық қарыздардың азаюы
9.000
- Жал бойынша алдағы кезең шығындарының көбеюі (5.000)
- Қорлардың көбеюі
(2.000)
- Кредиторлық қарыздардың көбеюі
6.000
- % бойынша қарыздардың көбеюі
4.000
- Салықтар бойынша қарыздардың азаюы
(2.000) 5.000
Операциондық қызметтен түскен таза ақша қаражаттары
40.000
2) Операциондық қызметтегі ақша ағымын тікелей әдіспен есептеу.
Есептеу
Қосу Алып Ақша
әдісі
тастау ағымы
- Сатылымдар 400.000$ 9.000$
- 409.000$ (+)
деб. қарыз
- Жерді сатудан түскен 20.000$ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz