Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу жолдары


Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу жолдары.
Нарбаева Эльмира Махмутәліқызы
Резюме: В статье рассматривается причины неуспеваемости учащихся и пути их устранения.
Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.
Осыған байланысты бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің қоғамның эканомикалық, саяси - мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару - мектептің ұстаздар қауымының бүгіңгі таңдағы жетпес міндеті.
Қазіргі кездегі психологияда барлық аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселсі сөз болып жатқанда, мектептегі келешек ұрпақтың тәрбиеленуі мен білім алу деңгейіне деген жауапкершілік артады. жауапкершілікті қолға алу мақсатында үлгермеушілікті басты мәселелердің бірі деп санауға болады.
Үлгермеушілікті жеңу тек ғана педагогтардың мәселесі ғана емес, сонымен қатар психологтардың да өзекті мәселесі болып отыр.
Қазіргі кезде үлгермейтін оқушылардың көбеюіне байланысты педагогтар мен психологтар арнайы зерттеу жүргізуде. Осы үлгермеушілік мәселесінің туындауына түрлі жағдайлар әсер етеді. Көбінесе үлгермейтін оқушылардың сабақта үлгермеу себебі олардың әлеуметтік жағдайларына да байланысты, яғни отбасылық кейбір мәселелердің болуынанда көрінді.
Сонымен қатар, жасөсіпірімдік жастағы оқушылардың сабаққа үлгермеу себебі, олардың кіші мектеп жасындағы оқу материалдарын толығымен меңгермеуінің әсерінен пайда болатыны бәріңізге мәлім.
Сондай-ақ үлгермеушілік мәселесін зерттеген отандық психологтар ретінде З. И. Калмыкова, Н. А. Менчинский, Н. Т. Талызина, И. Ю. Кулагина және т. б айтуға болады.
Қазақстандық зерттеушілер К. А. Бегалиева, А. Д. Жұмабаева, Л. В. Лысенко, Э. И. Шыныбекова, В. В. Трифонова, А. М. Қарабаева және т. с. с педагог-психологтар осы үлгермеушілік мәселесінің жасөспірімдерде болуын ерекше зерттеген.
Жасөспірімдік шақтағы тұлғалық жетілуге байланысты оқушының мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсерінен сабаққа үлгермеуі маңызды педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп жағдайларындағы бұл мәселелердің шешілуі алдыңғы қатарлы тәжірбиелердің кең насихатын мектеп тәжірбиесінде педагогикалық және психологиялық зерттеудің нәтижесін енгізуді болжайды.
Мектеп оқушысының үлгермеуіне оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік рөл үлкен әсер етеді. Осы үлгермеушіліктің алдын-алу тәжірбие жүзінде түрлі әлеуметтік - психологиялық тренингтер өткізу керек. Тренингтерді өткізу арқылы оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын арттыруға болады.
Кейбір ашылмай жүрген оқушылар тренинг барысында топқа үйренеді. Тренингтерді ұйымдастыруда В. А. Сухомлинский, А. А. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В. П. Панюшкин. А. А. Бодалев және т. б өз үлестерін қосты. Дегенмен, жан-жақты тұрғыдан алып қарағанда, үлгермеушілік мәселесі толығымен зерттелген жоқ, әлі де болса зерттелу үстінде.
Мектептегі үлгермеушілік мәселесі қазіргі таңда барлық білім беретін аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселесі жайында сөз болғанда, мектептегі болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алу деңгейінде жоғарғы жауапкершілікпен қарайды. Дамып жетілуі жағынан балаларға іс жүзінде көмек көрсетудің қажеттілігі айқын көріне түсуде.
Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгіңгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше“Білім негізі - бастауыш та” деп бекер айтпаған. Ол үшін дайындығы мықты тәжірибесі мол бастауыш білім маманы қажет. Мектеп-үздіксі білім беретін мекеме. Олай болса бар күш-жігерді бастауыш білім беруге салған ләзім. “Адам-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады” деген Абай атамыздың сөзін ұмытпай әр кез жадымызда сақтағанымыз дұрыс. Бастауышта жақсы білім алған оқушы одан әрі білімді еш бір қиындықсыз меңгере алады. Бастауышта алыңған білім білімдердің негізгісі болып табылады.
Білім алу процессінде оқушылар дұрыс еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз айларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, төрт амал көлемінде элементарлық математика бойынша есептер шығаруға баулынады, оларға табиғат жөнінде кей бір түсініктер беріледіБілім беру саласында оқыту прцессінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылымы-практикалық деңгейіне байланысты. Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды. Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-ой қабилеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады. Оқушылардың білімді, шеберлік пен дағдыларды игеру процесіне білімді қабылдау, ұғыну, бекіту және оларды практикада қолдану енеді. Бұл бұындар сабақта сан алуан үйлесуі мен көрініп, оның сан қылы құрылысын анықтай алады. Үлгермеушіліктің негізгі симптомдары ретінде педагогтар мен психологтар келесі сипаттамаларды бөліп көрсетеді:
- өз қатарластарымен салыстырғанда оқуға, санауға немесе басқа мектеп тапсырмаларын орындауға қабілетсізділігі;
- тапсырманың уақытында орындалуына көңіл бөлмеу;
- мектептегі көптеген пәндерден нашар баға алуы;
- үй тапсырмасын орындауға деген ұмытшақтық;
- бала үй тапсырмасын орындамаса да, оның орындалғаны туралы айтады немесе үй тапсырмасы берілген болса да, мұғалімнің ешнәрсе бермегендігін айтады;
- бала сабаққа жеңіл қарайды;
- бала жаман бағалары бар күнделікті көрсетуді «ұмытып қалады»;
- бала істі бастаса, оны толығымен аяқтамайды;
- оқушы мектепке барудан бас тартады;
- мектепке барып тұрып, сабаққа қатыспайды;
- мектепте «ауырдым» деп өтірік айтады;
- тапсырмаларды түсінуді қиналады және оқымайды;
- тұйық, оның достары өте аз;
- өзінің жастық деңгейіне сай келетін тапсырмаларды жүйелеуге қабілетсіз;
- мұғалімдердің көмегінсіз және қолдау тарапынсыз тапсырманы өзінің жасына тән орындай алмайды.
Бір қарағанда бұл қарым-қатынастар жағымсыз іс-әрекетті көрсететін секілді, педагогтардың үлгерімі төмен балаларға үстіртін қарайды дейтін пікір қалыптасады.
Мұғалімдер оларға қатал қарайды, оларға айқайлайды, намысына тиетін ескертулер айтады, ата-аналарына шағымданады және т. б.
Ата-аналарының мінез-құлқы қиын және қарама-қайшылықта болады.
Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналары көбінесе мектепке жала жабады, оқу бағдарламасын дұрыс оқытпайды деп мұғалімдерді кінәләйды, бірақ та формалды емес жағдайды бақылағанда осы ата-аналар балаларын оқу мәселесімен сөгіп ұрысады.
Шаршаулы балаларды мектеп сабағынан кейін дереу үй жұмысын орындауын талап етеді, физикалық жазалауларды қолданады. Осының нәтижесінде ата-аналары балаларының өздеріне деген сенімдерінен айрылады, күнделікті конфликттермен үйдегі жағдайдың қиындау себебімен олардың үлгермейтін оқушыларды көшеге кетуге мәжбүр етеді.
Мұғалімдер мен ата-аналардың үлгерімі төмен оқушылардың арасындағы конфликттерден кейін олар агрессивті үлгерімі төмен жөнге келмейтін, зұлым және құрдастарына деген осындай қарым-қатынас көрсетеді. Кіші мектепте аса дамыған, ақылды, алдыңғы қатардағылары (мұғалімдер мен ата-анасының үлгермейтіндерге қатынасын көріп) өздерінің жек көрушілігін көрсетуге тырысады. Үлгермеушіліктің мәселесі қазіргі қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені қарастыруда тек педагогтар мен психологтар ғана емес, сонымен қатар деффектологтар, психо-неврологтар, әлеуметтік педагогтар, ата-аналары баланың дұрыс гормониялық тұлға болып тәрбиеленуіне барлығы үлес қосуы қажет
Ал, енді оқу үлгермеушілігінің педагогикалық себептерін қарастыратын болсақ, жалпы, бала психологиясы, педогогикалық психология, педагогика, деффектология бойынша әдебиеттердің теориялық талдауы мектептегі үлгермеушіліктің салдарын анықтаудағы түрлі тұрғыларды көрсетті. Біз әртүрлі әдебиеттерде көрсетілген мектептегі үлгермеушілікке жетелейтін себептер тізімін мынадай топтарға бөліп қарастырамыз.
Бірінші топ себептер:
• ата-аналарының педагогикалық мәдени деңгейінің төмендігі;
• жанұядағы жайсыз жағдайлар (дау-жанжалдық адамгершіліктерге жат ата-анасының мінез-құлқының әлеуметтенбеуі) ;
• баланың жанұядағы іс-әрекетінің және өмірінің нақты ұйымдастырылуының жоқтығы, тұрмыста баланың қараусыз қалуы;
• балаға қойылған талаптардың бірыңғай жүйелілігінің бұзылуы;
• балаға деген бұрыс қарым-қатынас (тұлғаны басып тастау физикалық жаза еркелетіп жіберу, шектен тыс қадағалау) ;
• баланы мектепке оқуға дайындаудағы талаптарды білмеу немесе орындамау, оқудағы көмек көрсету.
Екінші топ себептер:
• жанұядағы баланың тәрбиелену жағдайын педогогтардың аз білуі.
• ата-аналарды психологиялық-педагогикалық дайындауы мен аз жұмыс істеуі.
• оқушыларды мектепке дайындығы жеткіліксіз дифференсациясы (білім алуының ұйымдастырылуы)
• оқушының өнегелік дамуында және мінез-құлқындағы ауытқуын жеңудегі жекедара жұмыстың әлсіздігі.
• олардың мінез-құлқымен іс-әрекетін жағымсыз ынталандыратын әдістеменің көптігі.
• баланың ауырлықты жеңілдетін эмоциялық күйінің ескерілмеуі.
• топтағы (сыныптағы) тұлғааралық қатынастардың басшылығының кемшілігі.
• жанұяның, бала-бақшаның, мектептің бала үлгермеушілігін жоюдағы байланысының жүйесіздігі.
Үшінші топ себептер:
• баланың (оқушының) жалпы дамудағы артта қалуы (кемтарлық) қоршаған ортаға бейімделуінің әлсіздігі;
• науқастық;
• өнегенің тәрбиеленбеуі;
• мінез-құлықтағы және қарым-қатынастағы білімнің, ептіліктің, дағдының кемшілігі, жетекші іс-әрекет түрінде дайындықтың болмауы.
Алғашқы кезеңде, яғни үлгермеушіліктің жағымды жағы болып оқушының қоғамға деген қызығушылығының тууы болып табылса, ал жағымсыз жағы - оқушынның барлық іс-әрекетті толығымен орындауға уақытының және шамасының жетіспеуінен, оның өз үлгрмеушілігін сезіп, мұғалім тарапынан төмен баға алуға қорқып, уайымдауының пайда болуы. Оқудағы артта қалушылық олар үшін жаман баға алу болып есептеледі.
Үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептердің көпшілігін 5 топқа біріктіреміз. Сонымен мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себептері мыналар:
1 топ - жүйке жүйесіндегі жекедара психикалық ерекшеліктер;
2 топ - таным әрекетіндегі жетіспеушілік;
3 топ - мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер;
4 топ - өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі;
5 топ - оқуға басқалардың жағымсыз әсерінің болуы.
Көптеген мұғалімдер барлық оқушыларға бірдей түсіндіре алмайды. Сабақ түсіндіру барысында барлық оқушыларға бір әдіс бойынша түсіндіреді, ал қалғандары біреуі тез, біреуі баяу, тіпті түсінбейтін оқушыларда көп кездеседі. Психолог З. И. Калмыкова «білімділік» түсінігін кім қалай түсінсе, білімді солай түсінеді деген.
Оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру үшін алдымен, қарапайым қызығушылықтан бастау керек. Оқушының қызығушылығын дамыту үшін, алдымен ерік дағдысынан көңіл бөлу, экскурцияға апару, тәжірбиелік әрекеттерді көрсету және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz