Бала мінезінің қалыптастыру



I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.1. Мінез бітістері.
1.2. Мінез түрлері мен типтері.

III.Қорытынды

IҮ.Пайдаланылған әдебиеттер
Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген іске, адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады.
Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң , биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез құлық адамына (жеке адамның ерік сапалары) қатысты аталады.Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моралдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады.
Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады.Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (от басынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады.«Егер осы индивид өмір сүріп тұрған жағдайлар, - деп жазды К.Маркс пен Ф.Энгельс, - оның барша басқа қасиеттерінен тек біреуінің сыңар дамуына мүмкіндік беретін болса, егер жағдайлар тек жеке қасиеттің дамуына уақыт пен материал беретін болса, онда осы индивид сыңар, кемтар дамитын болады».Керсінше, адам айналасынан жан-жақты әсер алатын болса, қоғамдық міндеттерді шешуге белсенді араласса, ол жарқын өмір сүреді, оның өмірінің басқа жақтары сияқты ойлауы да жан-жақты жетілген болады.
Бала мінезінің қалыптасуына семья мен мектеп өмірінің моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді.Буржуазиялық қоғамда адам жөргегінен бизнесменнің, не итаршы малайдың, не жұмысшы мен ұсақ қызметкердің, фермердің психологиясын бойына сіңіре өседі.Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған социалистік қоғамда совет адамдарының бойында коллектившілдік, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қастеттер қалыптасып отырады.
Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткенні бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі.
Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
1.Бала мінезінің қалыптасуы.-Ұлағат, 2001, N 4.
2.Тәжібаев.Т. Жалпы психология.-А.1999.
3.Жантану негіздері.-А.2001.
4.Қарым қатынас психологиясы.-А.2003.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1. Мінез бітістері.
2. Мінез түрлері мен типтері.

III.Қорытынды

IҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе

Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.Ол
әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген
іске, адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады.
Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не
сараң , биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не
байбаламшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге
(моральдық қасиеттер), не мінез құлық адамына (жеке адамның ерік сапалары)
қатысты аталады.Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моралдық-еріктік
қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-
құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс-әрекетінде,
тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады.
Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің
толысуы мен күші тәуелді болады.Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол
қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (от басынан әрі
аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез
қалыптасады.Егер осы индивид өмір сүріп тұрған жағдайлар, - деп жазды
К.Маркс пен Ф.Энгельс, - оның барша басқа қасиеттерінен тек біреуінің сыңар
дамуына мүмкіндік беретін болса, егер жағдайлар тек жеке қасиеттің дамуына
уақыт пен материал беретін болса, онда осы индивид сыңар, кемтар дамитын
болады.Керсінше, адам айналасынан жан-жақты әсер алатын болса, қоғамдық
міндеттерді шешуге белсенді араласса, ол жарқын өмір сүреді, оның өмірінің
басқа жақтары сияқты ойлауы да жан-жақты жетілген болады.
Бала мінезінің қалыптасуына семья мен мектеп өмірінің моральдық-
психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді.Буржуазиялық қоғамда адам
жөргегінен бизнесменнің, не итаршы малайдың, не жұмысшы мен ұсақ
қызметкердің, фермердің психологиясын бойына сіңіре өседі.Жолдастық өзара
жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған социалистік қоғамда совет адамдарының
бойында коллектившілдік, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және
табандылық сияқты тамаша қастеттер қалыптасып отырады.
Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп
отырған қоғамдық-тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі
бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткенні бұл екеуі адамның белгілі мінез
бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі.
Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл
қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай
сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін
жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы
ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға
тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның
қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың
бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсетткіші – адамның
барша жағдайлардағы мәнді сипатымен тұрақты сақталатын таңдаулы
қасиеттері. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда дөрекілік
көрсеттсе, тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу
жөн емес. Жарайды мінезді, көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып,
сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты
адамның өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады.
Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын бірлікті
анықтап береді. Мұнда адамның бүкіл өмірін жан-жақты қамтыған
қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Дегенмен,
мінездің нақты қалыптасуы әртүрлі деңгейде дамыған топтарды (отбасы,
достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы
топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік, қоғамдық
құндылықтарға тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері орнығады. Мінез
бітістері, сонымен бірге тұлғаның отьасындағы абройы, топтың басқа
мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет
болса, өзгеріске түседі. Жоғары деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің
мәнді де ұнамды бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жақсы
мінезді адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейін арттыра
түседі.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жек
адамның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани
қажеттеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына ж.т.б. негіз
болады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары
мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей
алады. Мінезге орай адамның дүние талғамы, өмір мәні, белгіленген
мақсат-мүдделерінің, әрекет қылықтарының себептері ашылады.
Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық
құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасын шешуші мәнге ие. Әр
қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне осы
міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар
тұрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам
қасиетінің (төзімділік, өжеттік т.б.) көрінісі ғана болып қоймастан,
қоғамдық мәні бар іс- әрекетке болған бағыт-бағдар сипатын
аңдатады. Осыдан мінездің тыңғылықтылығы, біркелкілігі аждамның өмірлік
бағыт-бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез
қалыптасудағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы.
Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы – босбелбеулік, мінезсіздіктің
белгісі. Солай болса, жеке адам мінезі мен оның бағыт-бағдары
екітаалай нәрсе.Алдыңызға ақ көңіл кейіппен келген адамның бірі –
ізгі ниетті де, ал екіншісі – жауыз болуы мүмкін. Жеке адам бағыт-
бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық “осылай
болсын “ деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының біртұтас
жүйесіне негізделеді, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау
болумен адам мінезіне белгілі сипат ендіреді.

II. Негізгі бөлім

1. Мінез жөніндегі білімдер. Мінез құбылысын зерттейтін ғылым –
характерелогия ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология
саласы мінедер типін саралап, адамның әртүрлі өмір жағдайларындағы
әрекет – қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез сипатын
нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес, өмірбарысында
қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға
дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделеді. Осы бағытта
ежжелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет-қылық болжастырудың
психологиялық жолдары бар. Солардың кейбіріне қысқаша түсінік:
Жұлдызнама (гороскоп) – адам мінезін туған күнімен
байланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдері белгілі
кезең, аралыққа бөлінеді, олардың әрқайсысына нақты белгі, символ
беріледі. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б. ) тән әртүрлі
қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі. Мысалы, кельт жұлдызнамасында
22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған – алмаға тектес,
осыдан мұндай адам сүйкімді, ақ жарқын, кеуілшең т.б., ал қазақы
жұлдызнамада жоғарыда аталған күндері туылғандар – таутеке, яғни
мұндайлар - өжет, тұрақты, төзімді, тұйық, сыршыл келеді.
Физиогномика (phisis –табиғи, gnomon – білу ) – адамның сыртқы
келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа
біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам ден
бітістеріне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мінез
ерекшелігі оған таңылады.Мысалы, Аристотель пікірінше, адамның мұрын
танауы өгіздікіндей жуан да қалың болып келсе, ол еріншектік
белгісі; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын – ақымақтық; қой, ешкі жүніне
ұқсас шашты адам – ержүрек, батыл ж.т.б.
Адамның басқа да келбет көріністері (көз, ауыз, отырыс –
тұрыс т.б.) негізінде мінезді байқастыру осы физиогномика аймағында
жоғары дамыған.
Хиромантия (cheir – қол, mantia - бал ашу) – адам мінезін
алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглифика - бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін
өтнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графология – мәнерлі әрекет – жазу таңбасына орай адам мінезін
анықтауға бағытталған ғылым.

1.2 Мінез бітістері.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді:
біреудің барша қимылы – шапшаң, екінші – асықпайды, бірақ ісі
тыңғылықты; үшіншіші – іске ойланбастан асыла салады, кейін барып
ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде
көрінетін мұндай ерекщеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай
да бітіс - әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты
белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты
жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік
танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды
көрінген қылықтың тұрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиға
байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көрінуі
мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі
ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне
бермейді, яғни мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық
қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен әдеттер
арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік
адамның ұқыптылық әдетінде көрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне өте
бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез
бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы бір
тұлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай
психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс
адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылық-әрекет барысында
қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық
мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте
іске аса отырып, мінезде бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив
болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқы ниет түрінде
көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады. Осыдан
қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық - әрекет
мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған іс-әрекет мотивтерін
түзіп, оларды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан
басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диактикалық қарама-
қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты - өзара
қайшы, кеңтар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қоцған
мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңудегі қуатынан көрінсе, мінез
әлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез
қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам
икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің
тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші
және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады.
Қасиеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір
қасиет екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады. Адам
қызығулары мен ұмтылыстарының, іс-әрекеттерінің жан-жақты дамығандығы
мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай адам
әлемдегінің біріне қызығып, бәрін араласқысы келеді. Ал бұларға
қарсы – мінезі “тар” адамдар өзін - өзі шектеуге бейім, ниет
әрекеттерінің өрісі өте елеусіз.
Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы
кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де әрқилы, тіпті қарама-қарсы
қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нәзік
мәдениетті болуымен бірге қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған
қарамастан, оның мінезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі.
Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі,
кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай
болмауы керек.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық
ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да
мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен
маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез
бітістері қалыптасады. Темперамент – мінез дамуына негіз. Мінездегі
ұстамдылық – ұстамсыздық, қозғалғыштық – салғырттық ж.т.б. тікелей
темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді
емес. Біркелкі темпераментке ие адамдар әрқилы мінез белгілері
болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қасыбір мінезді дамытып,
басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің
өзіне жігерлілікпен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик
флегматик сияқты ұстамды тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі
болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылуы
динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері
адамның біртұтас келбет-кейпінде зара байланысқа түсіп, тұлға
даралығының интегралды сипаттамасын береді.
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда
“мінезді адам “ және “еркі күшті адам “ сөз тіркестерін бір
мәнде түсінеміз. Ерік, көбіне, мінез күшімен, қатаңдығымен,
табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта
отырып, ондағы еріктік сапалары мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл
тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін жағдайларда,
үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен
айқындалмайды, онда әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің
қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде
мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік
мінезге ауысып, тұрақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет
адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет
әруақыт мақсатына орай нық, тұрақты және табандылығымен
ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда
“мінезсіз “ деп сипаттайды. Психолгиялық тұрғыдан бұлай болмауы
тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық:
қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік ж.т.б. Мінезі айқын болмағандықтан
адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес.
Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткендей дербес
бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай,
тысқы ықпалдарға тәуелді.
Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты,
әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық,
интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен
қатысына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді.
Екіншіден, осы сезімдердің өздері тұлғаға тән тұрақты
ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді
көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары дамыған адамның
сипатын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект) үлкен маңызға
ие. Ой тереңдігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя
біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім – брі
адам мінезінің ақылдылық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін
пайдалануда бағыт таңдау – тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста
ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе
өндірмейтін адамдар аз емес.
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап,
шектеуге келе бермейді (өшпенділік , күдікшілдік, сақилық т.б.). Ал
кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.), сезімдік
(жайдарылық, көңілділік т.б.), ақыл саналық (ой тереңдігі, сындарлық т.б.)
адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша
мінез -бітістері өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам –сақи да табанды
; ашық адам –жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
Адам барлық қызметімен қылықтарына із қалдырып, әсер ететін адамның
жетекші психикалық қасиеттер жиынтығын мінез деген сөзбен атайды. Өмірдің
санаулы ситуацияларында адамның қандай жүріс –тұрыста болатыныда ең алдымен
осы қасиеттердің ауанына қарай болады. Адамның мінезін білсек, оның белгілі
бір жағдайдағы қылығын алдын –ала болжап, не істей алатынын аңғара аламыз.
Егер адамның жеке басы баянсыз, оның ішкі дүниесі айқынсыз болса, егер оның
қылығы сыртқы жағдайдың ауанына қарай ығатын, өзінде билігі жоқ адам
болса, біз ондай адамды мінезсіз дейміз.
Адамның жеке басына біткен мінезін құрайтын және белгілі жағдайда
оның қылығы қалай болатынын жобалауға мүмкіншілік беретін психикалық
қасиеттерін мінездің бітісі дейді. Ерлік, адалдық, жігерлік, еңбекті
сүюшілік, адал ниеттілік, қорқақтық, жалқаулық, тымыр мінезділік – мінез
бітісінің түрлі сипаттарының мысалдары. Біреуді ержүрек, тағы біреуді
қорқақ, жүрексіз адам десек, осылар бірер қауіп –қатерге ұшыраса өздерін
қалай ұстайтынын да шамалап айтуымызға болады, өйткені адамның
екпінділігіне қарап, оның бір жаңа істе қалай қимыл көрсететінін болжай
аламыз.
Темперамент өздігінен жақсы да, жаман да болмайды, оның орнына
өзінің темпераментін не жақсы, не жаман түрде игеру, оны дұрыс пайдалануы
не пайдаланбауы мүмкін. Ал мінезге келсек, біз ол туралы жақсы мінез
жаман мінез деген ұғымды үнемі қолданып жүреміз. Бұған қарағанда мінез
деген ұғым адамның мінез-құлқындағы ерекшеліктерді білдіреді, адамның
қылықтары да оның осы ерекшеліктеріне қарай болады, сондықтан мұның тікелей
өмірлік маңызы бар дей аламыз. Мінез бітісінің көбін бірге ұнамды,
жарасымды жағынан –ерлік, адалдық, ар –ұяты барлық, кішіпейілділік және
т.б. деп сипаттасақ бірде –қорқақтық, пәтуасыздық, жауапсыздық,
мақтаншақтық және т.т. деп ұнамсыз жағынан сипаттаймыз.
Мінез адамның алға қойған мақсатынан, сонымен қатар, ол мақсатты
жүзеге асырудағы қолданатын құралымен әдісімен көрінеді. Адамның мінезі
–тек не істейтінімен ғана сипаттамай, қалай істейтінімен де сипатталады.
Екі адам бірдей бір істі істеп, бірдей мақсат көздеулері мүмкін.
Сонда бұлардың біреуі қызу кірісіп, жұмысты қарқынмен істеуі, екіншісі,
борыш міндетін -өтеу деп қана қарап, адал ниетпен салқын ғана істеуі
мүмкін. Осы екі адамның жұмысты қалай істейтіндігі жөніндегі бұл
айырмашылығы бұл екі адамның іске тиянақтылығындағы даралық
айырмашылықтарын ерекше терең сипаттайды.
Адамның мінезін оның дүниеге, бөгде адамдарға, өзінің ісіне, ең
ақырында, тіпті өзіне деген қатынасы билейді. Бұл қатынас саналы түрде
адамның дүниеге көз-қарасынан, сенімінен және түрлі пікірлерден қорғайды.
Адам өзінің көңіл –күйінде осының бәрін басынан кешіреді.
Мінез адамның өмір сүру барысында, тұрмыс салтына ықпал жасайды.
Табанды, қажырлы, қайратты кісі қандай кедергіні болса да жеңіп, көздеген
мақсатына жете алады, осы жолда өз еңбегін, тұрмысын тиімді етіп
ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады.
Мінез жеке өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет. Ұжымдық өмір мен
ондағы тіршілік, әсіресе қызметтегі әр адамның көңіл –күйі ондағы
адамдардың мінез бітістерімен сабақтасып жатады. Кейде мінезі ауыр адам
бүкіл өндірістік ұжымына қарғысын тигізетін кездері болады. Осындай адамның
әлегінен ұжымда тартыс, кикілжіңдер туады, өсек өріс алады, бұл басқаларды
жұмысына, көңіл –күйіне қолайсыз әсер етеді. Мұндай жағдай отбасында да
кездеседі. Ал ақ көңіл жайдары адам жұртпен сыпайы, жолдастық қарым
–қатынаста болады, кісімен оңай шүйіркелеседі, үйде де, жүзде де бір
–біріне ілтипатпен қарап, басқалардың қызметімен демалысына қолайлы жағдай
туғызады.
Ерте заманнан –ақ темпераменттерді холерик, сангвиник, меланхолик
және флегматик деп негізгі төрт түрге бөліп келген.
Темперамент деп: 1) эмоционалдық қозғыштығынан (сезімнің тез пайда
болуы және оның күші), 2) сезімді күшті түрде сыртқа шығарудың аз немесе
көбірек тенденциясынан (қозғалыста, сөзде, мимикада және т.б.), 3)
қозғалыстың шапшаңдығы және адамның жалпы қозғалғыштығынан көрінетін әр
адамның жүйке саласының тума қасиеттерінен тәуелді жеке ерекшеліктерін
айтады.
Холерикалық темперамент тез пайда болатын күшті сезіммен,
сангвиникалық –тез пайда болатын, бірақ әлсіз сезіммен, меланхолиялық –баяу
пайда болады, бірақ күшті сезіммен, флегматикалық –баяу пайда болатын әлсіз
сезіммен сипатталады. Бұлардан басқа холерикалық және сангвиник
темпераменттерімен тағы да мынадай сипаттамалар тән: 1) қозғалыстың
шапшаңдығы, жалпы қозғалғыштық, 2) сезімін күшті түрде сыртқа шығару
тенденциясы болуы және керісінше, меланхолик пен флегматик темпераменттері
үшін сезімнің мынадай сипаттары тән: 1) қозғалыстың баяулығы; 2) сезімін
сыртқа баяу шығару.
Кейде темперамент адамның жасына лайық баяу өзгеріп отырады. Ол
өмір тәрбиесі салдарынан да өзгеруі мүмкін, бірақ қалай айтқандада
темперамент -әр адамның жеке басының психикалық сипаттамасына жататын
едәуір тұрлаулық қасиет.
Барлық адамдарды темпераменттің 4 түріне ажыратып бөліп қоюға болады
деп ойлау дұрыс болмас деді. Әр типтің таза уәкілі бола алатын нағыз
холерик, сангвиник, мелахолик, флегматик адамдар кездеседі. Адамдардың
көпшілігін де –ақ бір темпераменттің жеке басқа сипаттарымен ұласып
жататынын байқаймыз. Бір адамның өзі түрлі жағдайларда және тұрмыс пен
қызметтің түрлі саласарында ол темпераменттің әр сипаттарын білдіруі
мүмкін.
Айталық, мәселені, Пьер Безуховтың (Соғыс және бейбітшілік)
көбіне жайшылық уақыттардағы мінездері флегматик темпераментке лайық екені
айқын көрініп тұрады, оның қасиеттері: сабырлы, ақ көңіл, асып
–саспайтындық. Бірақ әлде қалай төтенше бір жағдайларда холерикке ұқсап
ашуланшақ мінезді болып, қатты булығады, күйіп –піседі; сөйткенде
ойламайтын төтенше істер істеп тастайды. Оның бер жағында оның басында
мелахолик теппераментке лайықты мінездердің де бар екенін аңдауға болады.
Баяу пайда болатын, бірақ күшті, тұрақты және сезімі ьмүлдем дерлік сыртына
шықпайтын мінезді адам.
Түрлі темпераменттердің ішінен қайсысы артық деп сұрақ қою
дұрыс емес. Бұлардың әрқайсысының ұнамды, ұнамсыз жақтары болады.
Қатты құмарлық, қажырлылық, қуат – холерикке тән; сангвиникке тән
қозғалғыштық (шапшаңдылық), мейірімділік, еті тірлік; меланхоликке лайықты
сезімнің тереңділігі және ұнамдылығы; флегматикке тән асықпай баптап,
сабырмен істеу қасиеттері; бұлар -әр қайсысы әртүрлі темпераментке лайық
адамның бағалы қасиеттері. Бірақ холериктің бәрі бірдей қажырлы емес,
сангвиник –бәрі бірдей есіркегіш болмайды. Ондай қасиеттерді жасай білу
керек; бұл ретте темперамент яки осы қасиеттердің жолын оңайлатып немесе
бөгейтін болады. Флегматиктен гөрі холерик адам шапшаң және жігермен
қимылдауға дағдылануға оңтайлы, ал флегматик үшін ұстамдылық,
салқынқандылық мінезге төселу оңай жұмыс.
Әр адам өзінің темпераментінің жақсы жақтарын пайдаға асыру үшін
оңдай қасиеттерін меңгеруге үйреніп және оларды өзіне бағындыратын болуы
тиіс, егер керісінше, адам темперасментіне еріп, өзіне -өзі ие бола алмаса,
темпераменттің тілесе қайсысында болсын, онда жеке адамға керексіз қауіпті
қасиеттер пайда болады. Холерикалық темперамент адамды ұстамсыз, қатал,
күйіп –пісетін етіп жіберу мүмкін. Сангвиникалық темперамент жеңіл
мінезділікке, алаңғасырлыққа, сезімнің тайыз және тұрақсыз болуына әкеліп
соғуы мүмкін. Меланхолиялық темпераментте адамға өте тұйықтық бойға сіңе
бастайды, адам өз ойына терең шомуға бейім тұрады, орыонсыз ұялшақтық пайда
болады. Флегматикалық темперамент адамды былжыр, ыңжық етіп өмірдің барлық
көріністеріне селсоқ қаратады.
Өз темпераментінің жақсы, жаман жақтарын толық түсініп және оны
меңгерудің, басқарудың жолын табуз, бұл адамның мінезін тәрбиелеудің ең зор
міндет болып саналады.

Мінездегі міндер
М ы л ж ы ң д ы қ ― ...сөз сақтауындағы ұстамсыздық. Мылжың жолай
кездессе қалаған кісінің әр сөзіне қыстырылып, өзі бәрін білетіндей,
жұрттың бәрін ақымаққа санайды. Ол кісіні мынадай сөздермен бөле береді:
Мұнда осыны айтуды ұмытпа, Есіме салғаның жақсы болды, Мінеки, әр
нәрсені айтудың пайдасы, Мынау есімнен шығып кетіпоті –ау!, Сөз
төркінін түсіне қойдың, Сен мен ойлаған қорытындыға келер ме деп, баяғыда
–ақ күткем. Ол осы типтес сөздермен кісіге тыным бермейді... Егер
әңгімелесуші қайтуға асығыс екенін айтса, мылжың оның үйіне дейін еріп
баруға әзер... Ол Тілде сүйек жоқ дей отырып, сөзден тиылудан азат екенін
мойындайды; ол қарлығаштан бетер бір сайрап, бөспеліктен еш жалықпайды.
Ө р е с і з д і к - ұсақ пайдакүнемдік... Дос –жарандарының бірі
арзанға берген затына көңілі толмай, оның қажетсіздігін айтады. Алда –жалда
зайыбы бір бақұр тиынды жоғалтып алса, ол үй –мүлік, төсек –орын, сандықты
қопарыстырып, бүкіл еденді тіміскілей іздеуге бар... Егер бірдеңе сата
қалса, бағасын көтеретіні сонша, сатып алушы сырт айналуға мәжбүр... Ал
базаршылап шықса, үйге құр қол қайтып келе беретіні де бар.
Ә д е п с і з д і к -қолайлы сәтті талғай алмаушылық, араласқан
адамға жайсыз әсер қалдырады. Үйлену тойында әйел қауымын балағаттайды...
Қолы тимей жатқан адамнан кеңес сұрай кетеді... Жиынды істің жай –жапсарын,
мәнін елдің бәрі түсінгенде, ол орнынан тұрып, бәрін басынан қайта айтуға
кіріседі... Біреу бастаған ісін аяқтағысы келіп тұрса, ол көмек бергісі
келіп өршелене түседі...
Д ө р е к і л і к -адамның көңілін қалдыратын әдепсіздік...Ол
сені жайыма қалдыр
дейді. Біреу абайсыз соқтығысып қалып, не аяғын басып кетіп
кешірім сұраса, қабылдамайды...Көшеде тасқа сүрініп кетсе, оны да
қарғап-сілеуге әзір. Біреуді ұзақ күтуге шыдамы жетпейді.
Б а с қ а п ә л е т і л д е н . . .
Бұл – теріс ниеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез және оны тәрбиелеу
Кіші мектеп жасындағы балалардың мінез - құлықының ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушылырының мінез – құлқының қалыптасуын теориялық тұрғыда талдау
Дарынды баланың психикасын зерттеу
Мінез - құлықтың қалыптасуының психологиялық мәселелері
Мінез және адам қылықтарының мотивациясы
Оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыру
Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары
Темперамент және мінез туралы теориялар
Балалар мінезінің психологиялық қасиеттері
Пәндер