Орталық азия елдері арасындағы интеграциялық процестегі Қазақстанның орыны мен рөлі


ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫНЫ МЕН РӨЛІ
Қазақстан 1991 ж. 16 желтоқсанында тəуелсіздігін алып, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымқтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен потенциалына ие (табиғи, қазба, жоғары квалификациялы жұмыс күші т. б. ), Еуропа мен Азияның орта-
лығында саяси жəне стратегиялық маңызды орынды алып, бүгінгі таңда ынтымақтастықтың əр түрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас (ТМД) жəне посткеңестік мемлекеттермен (қазіргі Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен) халықаралық қатынасы Азия мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты жəне жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зор маңызы бар. Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты міндеті - ТМД елдері мен Орталық Азияда интеграциялық процесті дамыту. Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси процестер шеңберінде Қазақстанға тұрақты əрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, демократиялық, саяси жүйесін құру, əлеуметтік мəселелерді шешу сияқты өзінің жеке мүдделерін жүзеге асыру
қажеттілігі тұрды. Бұл халықаралық қоғамдастыққа бірігуші мемлекеттердің жəне əр түрлі саяси ұйымдардың, экономиканың, елдер қоғамының өзара тəуелділігінің тез өсуімен, яғни жаһандану про цесімен, байланысты. Жаһандану ең алдымен экономикалық саладағы, одан соң мемлекеттер мен халықтардың барлық тіршілік əрекетіндегі объективтік үрдіс ретінде өте жиі белгілі бір идеологияны дақұрап, кейде агрессивті сипат алып, барлық кезде бірдей теңбе-теңдікті сақтамауы да мүмкін жəне оны дер кезінде анықтау да қиын. Жаһандану - тарихи динамиканың өтуге тиісті кезеңі. Жаһандану, ең алдымен, қоршаған дүниенің күрделенуімен, ішкі жəне сыртқы саясат, экономика арасындағы шекаралардың жойылуымен сипатталады. Сонымен қатар ол халықаралық процестерді басқару, қалыптасқан халықаралық жүйелердің жаңа үлгісін жасаудың құралы міндетін де атқарады. Қазіргі жаһандану - бұл əзірге аяқтал-
82
маған, даму күші жағынан əр түрлі контртенденциялармен жəне қайшылыққа толы қосымша жағдай-
лармен қатар жүретін бірқалыпты емес процесс.
Қазіргі дүниеде жаңа кезеңнің сапалық жағдайы (индустриалдықтан кейінгі, ақпараттық) өрке-
ниеттің техногендік сипатының күрделенуімен (адамзаттың тіршіліктің жасанды ортасына деген
тəуелділігі), əлеуметтік құрылым мен байланыстар, ондағы болып жатқан процестердің бірден-бірге
өсіп келе жатқан өзара өтімділігі жəне əмбебаптығымен сипатталады. Осы өте күрделі динамиканы
зерттеу өтіп жатқан процестерді дəл айқындап, дұрыс бейнелеу одан кем емес күрделі методология-
лық əдісті талап етеді. Жаһандану - өте тез өзгерістер процесі, сел тектес жəне кері айналмайтын
модернизация, мұның нəтижесінде бірте-бірте жалпыдүниежүзілік проблемаларға ғаламшарлық түсі-
нік қалыптасады.
Қазіргі кезеңде жаһандану процесі жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекет-
тердің ролі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің жəне ғаламдық
«желілер» құрылымының (мысалы, трансұлттық корпорация немесе халықаралық лаңкестік топтар)
рөлі жоғарылаған сатысына өтті. Қазіргі дүниеде бұрынғы дəстүрлі идеократтық континенталдық им-
перияға орын жоқ. Уақыт өткен сайын ғаламдық қауымдастықтың құрамының əртектілігі өсе түсуде,
байланыстың айқындаушылық рөлінің нəтижесі құрамдық əр түрлі компоненттердің автономдығы
мен өндірушілігі мемлекет пен мəдениеттен бастап сан алуан локализмдерге дейінгі деңгейлерден кө-
рінуде.
Орталық Азияда құрамының əртүрлілігінің өсуіне қарай бағыттың салдары біржақты емес
[1]
, себебі бұл аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тəуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырады
əрі шамадан тыс əр түрлілікке жағдай жасаушы локализмді жандандырды. Ғаламдық қауымдастық-
тың ұдайы өндірісінің бірліктерге бөлінуі Орталық Азияға тиімді комбинацияда болмаса да «Атлан-
тика - Еуразия - Тынық мұхит» жəне «Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты» сияқты мұхиттық-кон-
тиненталдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру, бір жағынан, Ұлы
Жібек жолы сияқты дəстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға да, екінші жағынан - əсіресе
мұнай жəне газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға да негізделеді.
Соңғылары, ең алдымен, осы коммуникацияларды игеруге ұмтылушы жаңа серіктестер (Қытай, Жа-
пония т. б. ) табуға байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жаһанданудың мұхиттық-континенталдық байланыстар құруға ықпалы жəне исламдық дүниеге
байланысты Орталық Азияның да бұл процеске тартылуы қазіргі зерттеушілердің пікірінше, дəстүр-
ліліктің локалды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай əсер етсе, артта қалушылықпен
тəуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда фундаментализмді, жалпы алғанда діни фак-
тордың рөлін өзгертуге де солай əсер етеді. Өз кезегінде мəдениет пен дін саласындағы дəстүрліліктің
периферизацияны (дүниежүзілік перифериялар - Иран, Түркия т. с. с мұсылман елдеріне тəуелділік) кү-
шейтіп, жаһандануды əлсіретуі мүмкіндігін де айтып өтуіміз қажет. Сөз жоқ, жаһандану процесі Орта-
лық Азияның дүниежүзімен байланысын дамытуға ықпал етуші реалды табиғи ресурстармен, көлік
мүмкіндіктерімен анықталады. Дегенмен, бұл жерде де дүниежүзілік серіктестікті таңдаудағы бағытты
анықтау үлкен рөл атқарады. Орталық Азия халықтарының алдында бір мезгілде əрі өз тарихының, əрі
бүкіл адамзат тарихының субъектісі ретінде өзін сезіну жəне жүзеге асыру міндеті тұр.
Кез келген басқа мемлекеттер сияқты бұндай жағдайда Қазақстанның да ролі оның қауіпсіздік
проблемасын шешуі, технологиялық өзгерістердің жаңа толқынына ілесуі, жақын жəне алыс шетел-
дермен өзара тиімді саяси, шаруашылық, мəдени қарым-қатынас орнатуы деңгейіне байланысты. Қа-
зақстан Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсеткендей, «біздің алдымызда таңдау түр: бірі - əлемдік
экономиканың мəңгілік шикізаттық шылауы болып қалу, екіншісі - тағы бір империяның келуін кү-
ту, немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау. Мен осының соңғы-
сын ұсынамын» деген болатын. «Бұдан былайғы интеграциялануымыз - біздің өңіріміздің тұрақты-
лығына, прогреске, экономикалық жəне əскери - саяси тəуелсіздікке апаратын жол»[2], деген болатын.
Жоғарыда айтылған ойларға байланысты егемендік мəселесіне келер болсақ, бұл түсініктің қазіргі таңда шартты сипатта екендігін байқар едік. XIX-ғасырдың, тіптен XX ғасырдың I жартысындағы тарихшылардың, заңгерлердің жəне саясаткерлердің егемендік туралы бұрынғы нақты түсіндірмелері жоқ. Себебі қазіргі кезде кез келген егеменді мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сияқты
ұйымдардың халықаралық саяси құжаттарында көрсетілген халықаралық бағыттағы толып жатқан міндеттері бар. Осындай құжаттарға қол қойған мемлекеттердің барлығы белгілі бір халықаралық міндет-
83
терді атқаруға тиісті болғандықтан, ерікті түрде өз егемендігін шектейді. Мұндай жағдайда, əрине, геосаяси иерархия жойылмайды, бұрынғыдан да күрделі, көпсатылы, көпқырлы түрге енеді.
Қазіргі кезеңде əр елдің ресурстарына, мүмкіндіктеріне, өзіндік идентификациясының деңгейіне байланысты реалды егемендігін жүзеге асырудың өз формуласы бар. Посткеңестік барлық елдер үшін
өзекті мəселенің бірі - өзіндік идентификация. Бұл елдерде, бір жағынан, ортақ мұра, ортақ «ауру нүктелер» болса, екінші жағынан - халықтар игілігі үшін бірлесе отырып өзара құрмет жағдайында шешуге болатындай зор мүмкіндіктер де бар. Бұл қауымдастық ғаламдық, геосаяси, аймақтық даму
өлшемдері мен қазіргі дəуірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа сапалық деңгейдегі бірлескен іс-əрекетке жəне интеграцияға қажетті жағымды негіз құрайды. Дегенмен де өзіндік идентификация
проблемасының өткірлігі, посткеңестік елдердің экономикалық, саяси-қүқықтық жүйелері жағдайының транзиттік сипаты, модернизациялық процестердің əр түрлі динамикасы, бағыты жəне тереңдігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграциялық процестерді жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтайды. Мемлекет халықаралық қатынастардың дəстүрлі факторы (ағылш. асt. - іс-əрекет, саяси іс-əрекеттің қандай да болмасын түрін атқарушы субъект) ретін-
де уақыт өткен сайын күшейіп бара жатқан мемлекеттікке қарсы тенденциялармен күресте, жаңа акторлармен бəсекеде тиімсіз əрі осал бола бастады. Ұлттан жоғары сипат ала бастаған халықаралық
ұйымдардың ролі күшейе түсті. Мұның барлығы қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының басқа тенденциясы - жария (формалды, формалды емес) жəне жасырын жаңа халықаралық субъектілер-
дің пайда болуымен ұштасты. Қалыптасқан жаңа саяси жүйе, бір жағынан, интеграциялық процестерді тездетуге жəне мемлекеттерді біріктіруге бейімдесе, екінші жағынан - ішкі иерархияны сапқа тұрғызуға бағытталды. Посткеңестік елдерді əлемдік экономикаға тарту əрі жаһандану көрсетсе, əрі халықаралық тұрақтылық көзқарас тұрғысынан алғандада қажетті əрекет болмақ. Бұл еуроазиялық аймақты шиеленістерден құтқаруға, барлық елдерге тиімді болатындай мүдде-
лер арақатынасын орнатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан көптеген өркениеттер, этностар жəне діндер тоғысына орналасқан. Сондықтанда оғанинтеграциялық процестердің деңгейімен жəне жағымды нəтижелерімен органикалық ұштасқан саяси
тұрақтылық, ұлтаралық келісім жəне аймақтағы қауіпсіздік ауадай қажет. Сонымен қатар дəл Қазақстан ғана объективтік жағдайлары мен XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардағы ішкі табыстарына байланысты интеграцияның басты қозғаушысы ролін атқара алады. «Дамудың қазақстандық үлгісі» қазіргі кезеңде барлық посткеңестік елдерге үлгі болуда. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми жəне саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Интеграция проблемасы еуропалық интеграциялық процестерге байланысты батыс тарихнамасы мен саяси ғылымында толығырақ зерттелген. «Интеграция» түсінігінің өзі өзара тəуелділік ретінде де жəне үкіметаралық ынтымақтастық ретінде де қарастырылады. D. J. Рuсһаlа пікірінше, «интеграция дегеніміз - халықаралық деңгейдегі келісімдер жүйесін қалыптастыру жəне қолдауды ұштастыру про-
цесі»
[3]
.
Халықаралық келісім сияқты жүйе қатынасушылардың (тек қана мемлекеттер емес) арасындағы келіспеушіліктерді айқындап, өзара тиімді шешім қабылдап, мүдделерін келісім арқылы шешуге тырысады. Кеңестік дəуірден кейінгі елдер арасындағы интеграция процесін талдау көзқарасы тұрғысы нан алғанда мұндай жағдай өз тиімділігін көрсетті. Себебі саяси тұрғыдан бөлініп кеткен бұрынғыКеңестер Одағының кеңістігі біраз уақытқа дейін біркелкі əлеуметтік организм белгілерін сақтайтындығы сөзсіз. Шекаралық жақындықтар, бұрынғы қалыптасқан əлеуметтік орта, аралас некелердің көптігі, қандас туыстық, əдет-ғұрып, діни ұқсастықтар, орыс тілінің кең таралуы, мəдени қауымдастық, ортақ естеліктер, Кеңестер Одағының бұрынғы республикаларының ортақ тарихы т. б. - осы-
ның барлығы саяси дезинтеграцияға қарсы коммуникативтік интеграция элементтерін сақтауға мүмкіндік туғызып, саяси институттар мен акторлар тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар социомəдени мағынада да интеграциялық процестерге талдау жасауға негіз болады. Бұл жөнінде Қазақстан Прези денті Н. Ə. Назарбаев былай деп көрсетті: «Біздің аймақты интеграциялау үшін бір кездегі Еуропа елдерінен гөрі күштірек алғышарттар бар. Ондай алғышарттарға мынандай факторлардың: сыртқы қа-
терлердің, мəдени-тарихи тамырлардың, діннің, экономикалық проблемалардың ортақтығын жатқызуға болады. Оның сыртында Кеңес Одағынан бізге ортақ экономикалық, қаржы-қаражаттық, білім-
біліктік жəне экономикалық стандарттар қалды. Интеграцияға қажетті мұндай алғышарттар Еуропалық одақтың сəулетшілері үшін тек арман ғана болатын».
84
Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестердің дамуын аймақтағы саяси режимдік құн-
дылықтарға көзқарасы жəне іс-əрекет нормаларының белгілі бір ортақтығы мен тұтастығы, өз мүше-
лерінің саяси бағытын үйлестіру элементтерімен ерекшеленетін Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы-
ның (ТМД) құрылуы жəне өмір сүруі тарихы көзқарасы тұрғысынан қарастыру қажет. Бұл жағынан
алғанда ТМД-да өтіп жатқан оқиғалар - мүше-мемлекеттердің ішкі саяси жəне əлеуметтік-экономи-
калық проблемаларының жаңғырығы. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы жəне оны
реформалау деңгейіндегі, əлеуметтік-экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы
орын алып отырған айырмашылықтар олардың əлеуметтік-экономикалық жəне əскери-саяси өзара
көмегі деңгейі мен таңдауына əсер етеді. Соңғы 1998-і жылдардан бастап посткеңестік республикалар
арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттар да
ТМД шеңберінде жеке мемлекеттер арасында əр түрлі бірлестіктер (одақтар, серіктестіктер, альян-
стар т. б. ) : Беларусь пен Ресей Одағы - «екілік», Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан
Орта Азиялық Экономикалық Ынтымақтастығы - «төрттік», Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғыз-
стан жəне Тəжікстан Кедендік Одағы - «бестік», Грузия, Украина, Əзірбайжан жəне Молдова альян-
сы т. б. Осы аталған «əр түрлі өлшемдегі» жəне «əр түрлі жылдамдықтағы» интеграциялық процестер
бұрынғы КСРО республикаларындағы лидерлердің жəне қалыптасып келе жатқан ұлттық-саяси эли-
таның Орта Азиялық «төрттікте» біркелкі экономикалық кеңістік құрудан бастап, «бестікте» Кеден-
дік Одақ құру, «екілікте» мемлекеттердің бірігуіне дейінгі мүдделерін бейнелейтін реалды жағдай-
дың көрінісін береді.
Қазақстан Республикасының ойынша, Достастық əзірге посткеңестік елдерді біріктіруге ықпал-
ды əсер ете алмай отыр. Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына жəне Достастық мемлекеттерімен өзара
қарым-қатынастарында интеграциядағы қол жеткізген деңгейіне байланысты басқа елдермен одаққа
бірігуінде ортақ валютаға, ортақ бюджетке, қосазаматтыққа көшуге жəне ортақ мемлекеттік органдар
құруға ықылас білдірген жоқ. Қазақстан басшылығының пікірінше, қазіргі кезеңде ең бастысы елдер
арасында бір-бірінің ішкі істеріне араласпатындай, əр елдің егеменділігіне құрметпен қарайтындай
экономикалық ынтымақтастық жəне өркениетті қарым-қатынас орнатуымыз қажет. Бұл орайда Дос-
тастық елдеріне Еуропалық Одақ мемлекеттерінің интеграция тəжірибесін пайдаланса болады.
Жоғарыда келтірілген позицияға неғұрлым жақындау саясатты Ресей Федерациясы ұстанады, бі-
рақ бұл елдің басшылығы Достастық өзінің өміршеңдігін дəлелдеді деп есептейді. Достастыққа мү-
ше-елдердің экономикалық ынтымақтастығы интеграцияның локомотиві болуға тиісті. Бірақ ұлттан
жоғары механизмдер құрып, ол іске қосылмайынша, сауда-экономикалық байланыстар мемлекеттер
интеграциясына ұласпайды. Жеке мемлекеттердің ТМД шеңберінде бірігуі үлкен кеңістіктегі əртекті
мүше-елдердің өз мүдделерін толығырақ жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін көршілес Орта Азиялық мемлекеттердің ТМД-ға жəне де басқа интеграциялық
құрылымдарға көзқарасының үлкен маңызы бар. Мысалы, Қырғызстан Республикасы үшін Достас-
тық өтпелі кезеңдегі мемлекетаралық құрылымдар рөлін атқарған жағдайда əрбір мүше-мемлекет өз
міндеттерін ішкі экономикалық потенциалы, ішкі саяси жағдайлары мен геосаяси ахуалына байла-
нысты шешеді. Өзара келісімсіз мемлекеттер Достастықты нығайта алмайды. Тəжікстан Республика-
сы Достастық шеңберіндегі ынтымақтастықтың əр түрлі формаларын, соның ішінде басқа мемлекет-
тердің қатысуымен бірлескен жобалар жасауды да ұсынады. Түркіменстан Достастық бұрынғы уни-
тарлық жүйедегі мемлекеттердің тəуелсіз дамуы туралы тұжырым негізінде шықты деген бағытты ұс-
тайды. Достастықтың Жарғылық құжаттары егеменді мемлекеттердің өзара іс-əрекетінің кеңесшілдік
механизмдері мен неғұрлым икемді түрлерін, шешімдер қабылдауға қатынасудың еріктілігін қарас-
тырады. Достастық тəуелсіз субъектілердің арасындағы өзара қатынастарын реттеуші органның рөлін
атқаруға тиісті емес, мұндай жағдайда мемлекеттер егемендігінің белгілі бір бөлігін бірлескен ортақ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz