Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі



1.Оқушылармен ата . аналарға жан . жақты талдау жасау
2. Әр түрлі әдіс. тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.
3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге
оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.
Сонымен қоса , білім деңгейі төмен , тәртібі нашар , сабақтан көп қалатын , ұстаздардың талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын , ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым - қатысына байланысты екені анықталды.
Кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып , бала ашуланшақ , өмірге ызалы , тұйық қалыпқа түседі.
Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп , уайымға шалдығады , кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді.
«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады:
> Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.
> Отбасында , мектеп тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруды сыртқы кері әсерлерден , әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама тақырыбы:
Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі.

Баяндама мақсаты:

1.Оқушылармен ата – аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп ,
ұстаз , ата - ана қарым - қатынасын нығайту.
2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.
3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу.

Баяндама барысы:

Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге
оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе қиын
балалар. Алдымен осы қиын оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп
тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге қарсылық
білдіретін оқушылар.
Сонымен қоса , білім деңгейі төмен , тәртібі нашар , сабақтан көп қалатын ,
ұстаздардың талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен ,
сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын , ұжым мәселелері қызықтырмайтын
оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар
қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек,
көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым - қатысына байланысты
екені анықталды.
Кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп ,
осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері
көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжу жүйке ауруларына
шалдықтырып , бала ашуланшақ , өмірге ызалы , тұйық қалыпқа түседі.
Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім
өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп , уайымға шалдығады , кей
жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп ,
иммунитеті төмендейді.
Қиын оқушыларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады:
Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.
Отбасында , мектеп тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруды
сыртқы кері әсерлерден , әлеуметтік жағдайдың әсері болған және
өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған
оқушылар.
Қиын оқушылардың өскен ортасының , отбасының жай - күйін талдағанда
, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер бертіні анықталып
отыр. Әдетте , ата - аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге
сай аулақатануы да теріс әсер етеді (ата -
аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі ,
балаларына теріс үлгі көрсетіп , келеңсіз өмір сүретін , ұзақ іс сапарда
болатын ата-аналар).
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала
тәрбиесіне ата – аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала
тәрбиесінен шет қалуы , яғни , баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі
салдарынан болады. Отбасындағы орта қандай болса , бала сондай болып
өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді.
Әсердің күші мен тереңдігі балалардың жасында , осы кезге дейінгі
тәжірибесіне , мінезіне , тәрбиесіне ,тәрбиелілігіне ,сезімталдығына
тәуелді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата –ана не істеу керек?
-Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.
• Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау.
-Танымдық қызығын арттыру.
• Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды
үнемі бақылауды ұмытпау.
-Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ бірден үлгілі мінез - құлықты талап
етпеу.
• Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу.
- Мінез -құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау.
• Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну.
• Баламен әдепті сөйлесу.
• Балаға сену керек , әрине , бұл ең маңызды.
Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - әке мен шешенің қарым -қатынасы -
деп В.А.Сухомлинский айтқандай , Ата – ана - өз баласының тәрбиесі
үшін ел , халық алдында жауапкер.
Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша қиын оқушылардың
тууына итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік ,
таршылық.Қазір материалдың байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған
уақытында жасөпірімдер арасында анау да керек , мынау да керек
деген көрсеқызарлықтың әсерінен , өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ
деген оймен баланың көзқарасының өзгеріне әкеп соғуы мүмкін.
Жасөспірім бойындағы жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік –
педагогикалық , психологиялық әдістерді қолданып , тәрбиені ерікті ,
зорлықсыз түрде іске асыру керек. Ата – аналар бала тәрбиесінде
қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы жолды
ұстанады. Жасөспірімдердің жеке басын сыйламау , адам қатарына санамау) ,
негіссіз жазалау , көп сөз , қорқыту , ұру – жасөспірімнің қатыгез ,
қатал , ашықтан - ашық отбасы талабын орындамай , өз білгенің істеуге
бейім болып өсуіне әкеліп соқтырады. Ымырашылдық жол – бұл , керісінше
, баланың барлық талабын ойланбай орындау , жазаламау. Мұнда
қолданылатын әдіс , негізінен , әңгіме , сол арқылы баланың барлық іс -
әрекеттерін жақтау , балаға жалыну , өтіну болады. Ондай жеткіншек
бойында өзімшілдік , дарашылдық , жеке басты ойлау , қоғамдық мүддеден гөрі
өз басының мүддессін бірінші орынға қою , өзгелердің ойымен санаспау , өз
ісін атқаруда өзгеге талап қою әрқайсысына әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалары үлгілі отбасылар тобы
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Қазақстан Республикасы Білім Беру Ұйымдарындағы Психологиялық Қызмет Ережесі
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмысы
Тәрбие үрдісіндегі сынып жетекші мен оқушының өзара байланысы
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
Пәндер