Жылнама



1 Жылнамалар тарихы (негізгі кезеңдері)
2 Жылнаматану ғылыми проблема ретінде
3 Жылнамаларды ғылыми зерттеу
Жылнаманың мазмұны. Әр халықтың даму ерекшеліктеріне қарай олардың тарихи дерек көздерінің де өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, қазақ халқының өткен тарихы негізінен ауыз Әдебиеттері туындылары-аңыз-әңгіме, жыр-дастандар, шежіре т.б. айтылып, ауыздан-ауызға тарау арқылы баяндалса, орыс хылқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларда бейнеленген. Сондықтан, орыс тарихы үшін жылнамалар негізгі дерек көздерінің бірі болып табылады.
Жылнамалар тарихы (негізгі кезеңдері)
Орыс жылнамасы ұзақ тарихи кезеңді (ХІ ғасырдан ХІІІ ғасырға дейін) қамтиды. Өзінің пайда болған кезінен бастап жылнамалар негізінен билеуші топтың немесе дін иелерінің мүддесін көздейтін ескерткіш ретінде қалыптасты. Өйткені жылнаманың авторлары негізінен не үстем топ не шіркеу қызметкерлері арасынан шығатын, жәнеде не сарайларда не шіркеулерде жазылатын.
Орыс жылнамаларының негізгі даму кезеңдері орыс мемлекетінің даму кезеңдерімен сай келеді. Оларда Киев русі мемлекетінің әлеуметтік-саяси өмірі, феодалдық бытыраңқылық кезіндегі орыс жерлерінің тарихы, біртұтас мемлекет болып құрылған және дамыған Ресейдің тарихы бейнеленеді. Олар:
І кезең - ХІ ғ. – ХІІ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін.
Бізге жеткен ең ерте жылнама - “Бағзы замандар хикаясы” (Б3Х). Ол ХІІ ғасырдың басында пайда болған жылнамалар жинағы, ежелгі орыс жылнамаларының ең озық үлгісі болып табылады. Оның үш редакциясы 1113, 1116 және 1118 жылдары құрастырылады.
“Бағзы замандар хикаясы” – орыс жерінің біртұтас кезіндегі жалпы орыстық жинақ жасаудың ең соңғы әрекеті.
Біртұтас Киев мемлекеті кезіндегі, Ежелгі Киев жинағы (1037 ж.), Киев – Печерск жинағы (1073 ж.), Новгород жинағы (1079 ж.), Бастапқы жинақ (1109 ж.) сияқты жылнамалар жинақтары жасалынған.
Ең бірінші жылнамалар жинағы Х ғасырдың аяғында Киевте десятиндік шіркеуде пайда болған.
ІІ кезең - ХІІ ғасырдың 30-шы жылдарынан татар-монғол шыпқыншылығына дейін.
1. Атабаев Қ.М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А.,2002.
2. Киргизский народ в прошлом и настоящем// сост. Румянцев П.П. СПб, 1910.
3. Арғынбаев Х. Қазақ шежіресі хақында. А.,2000.
4. Левшин А.И. Описание киргиз-казацких или киргиз-кайсацких орд и степей. СПБ.,1832.
1. Алдамжар З. Тарихымызды білімдарлықпен қалыптастыру келешек үшін қажет // Егемен Қазақстан, 1998 ж. 9 шілде.
2. Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники российской истории. М.,1998.
Источниковедение истории СССР / Под ред. Ковальченко И.Д. М.,1981

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жылнама

Жылнаманың мақсаты. Ортағасырлар тарихының аса маңызды жазба
деректерінің бір тобын- оқиғаны болған жылы бойынша баяндайтын жылнамалар
құрайды. Студенттерге жылнама жайында толық мағлұмат беру.
Жылнаманың мазмұны. Әр халықтың даму ерекшеліктеріне қарай олардың
тарихи дерек көздерінің де өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, қазақ
халқының өткен тарихы негізінен ауыз Әдебиеттері туындылары-аңыз-әңгіме,
жыр-дастандар, шежіре т.б. айтылып, ауыздан-ауызға тарау арқылы баяндалса,
орыс хылқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларда
бейнеленген. Сондықтан, орыс тарихы үшін жылнамалар негізгі дерек
көздерінің бірі болып табылады.
Жылнамалар тарихы (негізгі кезеңдері)
Орыс жылнамасы ұзақ тарихи кезеңді (ХІ ғасырдан ХІІІ ғасырға дейін)
қамтиды. Өзінің пайда болған кезінен бастап жылнамалар негізінен билеуші
топтың немесе дін иелерінің мүддесін көздейтін ескерткіш ретінде
қалыптасты. Өйткені жылнаманың авторлары негізінен не үстем топ не шіркеу
қызметкерлері арасынан шығатын, жәнеде не сарайларда не шіркеулерде
жазылатын.
Орыс жылнамаларының негізгі даму кезеңдері орыс мемлекетінің даму
кезеңдерімен сай келеді. Оларда Киев русі мемлекетінің әлеуметтік-саяси
өмірі, феодалдық бытыраңқылық кезіндегі орыс жерлерінің тарихы, біртұтас
мемлекет болып құрылған және дамыған Ресейдің тарихы бейнеленеді. Олар:
І кезең - ХІ ғ. – ХІІ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін.
Бізге жеткен ең ерте жылнама - “Бағзы замандар хикаясы” (Б3Х). Ол ХІІ
ғасырдың басында пайда болған жылнамалар жинағы, ежелгі орыс
жылнамаларының ең озық үлгісі болып табылады. Оның үш редакциясы 1113, 1116
және 1118 жылдары құрастырылады.
“Бағзы замандар хикаясы” – орыс жерінің біртұтас кезіндегі жалпы
орыстық жинақ жасаудың ең соңғы әрекеті.
Біртұтас Киев мемлекеті кезіндегі, Ежелгі Киев жинағы (1037 ж.), Киев
– Печерск жинағы (1073 ж.), Новгород жинағы (1079 ж.), Бастапқы жинақ (1109
ж.) сияқты жылнамалар жинақтары жасалынған.
Ең бірінші жылнамалар жинағы Х ғасырдың аяғында Киевте десятиндік
шіркеуде пайда болған.
ІІ кезең - ХІІ ғасырдың 30-шы жылдарынан татар-монғол шыпқыншылығына
дейін.
Русьте феодалдық бытыраңқылық кезеңінің басынан бастап жеке
князьдықтар мен екі феодалдық республикалардың (Новгород және Псков)
рольдері арта бастады, олар жылнамалардың да орталығына айналды. ХІІ
ғасырдың өзінде-ақ көптеген жергілікті жылнамалар (оның ішінде жанұялық
және рулық та ) пайда болды. Осы кезде князьдардың өмірі туралы жазылған
шығармалар кеңінен тарай бастады. Владимир -Суздальдық және Галич -
Волындық жылнамалар да осы уақыттарда қалыптасты.
ІІІ кезең - 1237-1242 жылдардағы “Батидың шыпқыншылығы” және одан
соңғы ХІІІ-ХІ ғасырлардағы оқиғалар – Русьте татар – монғол езгісінің
орнауы жылнама жазу ісіне үлкен нұқсан келтірді. Дегенмен бұл іс бір жола
тоқтап қалған жоқ.
І кезең - ХІ-Х ғасырдың басы. Жылнама қайта дами бастады. “Облыстық
жылнама жазу” көлемі артты. ш орталық арасындағы – Тверь, Москва, Нижний
Новгород – бәсеке күшейді.
ХІ ғасырдың ортасын қарай бірінші орынға Москва шықты. Алғашқы Москва
жылнамалар жинағы пайда бола бастады. ХІ ғасырдың 90-шы жылдарында жалпы
орыстық жинақ пайда болған, бірақ ол сақталмаған. Оның пайда болғаны туралы
1392 жылғы Троицкі жылнамасында анық айтылған.
кезең - Х ғасыр дүниежүзілік тарихта да орыс тарихында да аса маңызды
оқиғаларға толы уақыт. (1453 жылы Византияның құлауы, монғол езгісінің
аяқталуы т.б.) Бұл орыс жылнама жазушылық ісінің де гүлдену кезеңі Москва
“3-ші Рим” атануға тырысады. лкен жылнамалар жинақтары пайда болды:
а) 1479 жылғы Москва жинағы,
ә) Симеоновтың жылнамалар жинағы (Х ғасырдың соңы).
І кезең - ХІ ғасырда жалпы орыстық сипатқа ие болған аса ірі
жылнамалар жинағы – Никонов және Воскресенск жылнамалары пайда болды.
Бұларда Москваға жан-жақтан әкелінген архив материалдары пайдаланылған.
Сондықтан олардың мазмұны Москва, Тверь, Новгород, Ростов және басқа
жылнамалар дәстүрінің араласуымен аса күрделі сипатқа ие болған.
ХІ ғасырдың 70-ші жылдарында Никонов жылнамасының негізінде аса ірі
“Лицевой свод” жасалынды. (ол 16 мың түрлі-түсті миниатюралардан тұрды).
ІІ кезең - ХІ ғасырдың соңы және ХІІ ғасыр Әдебиеттерте “орыс жылнама
жазуының өшу кезеңі” деп аталынған. Дегенмен, бұл кезде де біршама
жылнамалар дүниеге келді:
а) Михаил Романов кезіндегі “Новый летописец”,
ә) патриарх Никонның кезіндегі 1652 жылғы жылнамалар жинағы,
б) Сібірлік Есипов және Строганов жылнамалары.
ІІІ кезең - ХІІ-ХІІІ ғасырлардың аралығында жылнама жазуының орнына тарихи
еңбектер жазыла бастады:
а) И. Гизельдің “Синопсисі”,
ә) А.И. Лызловтың “Скиф тарихы”,
б) А.И. Манкиевтің “Орыс тарихының ядросы”.
Басқаша айтқанда, оқиғаны жылнамалық баяндаудың орнына ғылыми-тарихи
формада баяндау келді.

Жылнаматану ғылыми проблема ретінде
Тарих ғылымында орыс жылнамалары 300 жылға жуық зерттелініп келді. Осы
уақыт аралығында жылнаматану негізінен қалыптасты.
Жылнаматану - тарихи дерек ретінде жылнаманың өзіндік ерекшелігімен
тікелей байланысты зерттеу проблематикасы.
Жылнамаларды жариялау
Жылнамалардың аса маңызды өзіндік ерекшелігі, ол ертеректегі
жылнамалық жазбалардың кейінгі кездегі жинақтар мен тізімдерде сақталуында.
Сондықтан мәтіннің тарихын оқу – жылнамалық ескерткішті пайдаланудың
міндетті шарты. Осыған байланысты ғылым үшін жылнамалардың мәтіннің
жариялаудың маңызы зор. Бұл өзіндік тарихы бар ұзақ процесс.
Жылнамалар ХІІІ ғасырдан бастап-ақ Ресейде жариялана бастады,
дегенмен оларды жүйелі түрде жариялауды жолға қойған 1834 жылы Петербургта
құрылған Археографиялық комиссия болды.
“Орыс жылнамаларының толық жинағының” (ОЖТЖ) жариялануы тікелей осы
комиссияның қызметімен байланысты.
Жылнамаларды жариялау, оның қиындықтарына байланысты өте баяу жүрді.
1841 жылы Новгород жылнамасының үш томы, 1843 жылы Ипатьев жылнамасының екі
томы, 1846 жылы Лаврентьев жылнамасының бір томы, т.б. жарық көрді. Барлығы
қазан төңкерісіне дейін, жеке басылымдарды қоспағанда, “Орыс жылнамаларының
толық жинағының” 23 томы жарияланды. Бұл іс кеңес кезінде одан әрі
жалғастырылды. 1921 жылы Типографиялық жылнама (ОЖТЖ-ның 24 томы)
жарияланды.
Одан кейінгі жылдары негізгі орыс жылнамаларын қайта жариялау ісі
қолға алынды, өйткені олардың көбі ХІХ ғасырдың ортасында аз таралыммен
шыққан және оларды жариялау тәсілі ескірген еді. 20-шы жылдары ондаған ірі
жылнамалар қайта басылып шықты. 30-шы жылдары “ОЖТЖ-ны” жариялау уақытша
тоқтатылды. Тек 1949 жылы ғана қайта қолға алынды. Осы жылы Х ғасырдың
соңындағы Москва жинағы жарияланды. 50-ші-80-ші жылдары “ОЖТЖ”-ның ХХІІ
томдарынан бастап, ХХХІХ томдары жарияланды. Сонымен қатар , жылнамалар
бақа сериялар мен баспаларда да жариланды.
Жылнамаларды жариялау аса күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізуді,
көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен зерттеушілердің қатысуын қажет етті.
Өйткені, көптеген жылнамалар мәтіндерін қайта қалпына келтіру қажет болды.
Мысалы, 1812 жылғы Москвадағы өрт кезіндегі Москва университетінің
жанындағы Ресейдің тарихы мен көне ескерткіштер қоғамының кітап қоймасы
өртеніп, ондағы көптеген жылнамалық қолжазбалар жойылды. Соларды қалпына
келтіру ісі күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, ХІХ ғасырдың 60-шы
жылдарынан бастап ғылыми айналымға түскен аса бағалы жылнамалардың бірі
Троицкі жылнамасы (Троицкі жылнамасы деп атау себебі оның Сергиев
монастырындағы Троицкі кітапханасында сақталуына байланысты) сол өрттің
салдарынан жойылған. Оның мәтінін Н.М. Карамзиннің еңбектерінде (“История
государства Российского”) жасалған көлемді сілтемелерінен, тағы басқа
еңбектерден жинап, қалпына келтіріліп жарияланды.

Жылнамаларды ғылыми зерттеу
Орыс тарих ғылымы жылнамаларды зерттеуден басталды деп айтуға болады.
В.Н. Татищев жылнама зерттеудің негізін қалаушылардың бірі болды. Оның
еңбегінде жылнамалардан көптеген мәліметтер алынып, көлемді сілтемелер
жасалынып қана қойған жоқ, сонымен қатар, оларды алғаш рет сыныптау
(классификациялау), мәтінді талдау, жылнамашылар мәліметтерін сынау
әрекеттері жасалынған. Татищев еңбектерінде бізге жетпеген жылнамалардан
үзінділер бар. Олар жылнамаларды толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескі заман ескерткіштері. орхон-енисей жазу ескерткіштері
Ежелгі түріктер туралы
Ежелгі түріктер
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері
Түркі халықтары әдебиетіне ортақ әдеби мұралар
Түрік мемлекеті
Құпия шежіре
Ежелгі орыс мемлекетінің тууы және дамуы
Математика ұғымы
Шыңғыс хан
Пәндер