Қаржы пәнінен оқу құралы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 166 бет
Таңдаулыға:   

1-БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Тақырып-1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және ролі

  1. Қаржы ұғымы және оның мәні мен қажеттігі
  2. Қаржының функциялары және ролі
  3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
  4. Қаржы қатынастарынның обьектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары

Қаржы ( "қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың єрқайсысы өндірістің материалдық заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін µлшеудің қажырлы еңбектің және ж±мсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.

Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баѓа, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.

Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол єрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша- бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Қаржы - бұл шаруашылық жургізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ±дайы үлѓаймалы өндіріске, қоғамның єлеуметтік және басқа қажеттіліктерін ќанаѓаттандыруѓа пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің ќ±нын және ұлттық байлықтың бір бµлігін бµлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын аќша қатынастары.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық, заңдардың іс-єрекеті болып табылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.

1. 2. Қаржының функциялары және ролі

Қаржының мәні іс-әрекет ететін механизмі және ролі оның функцияларынан айқын кµрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қазіргі уақытта қаржының екі функциясы орындалады: бµлу және бақылау.

Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы кµрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Жалпы қоғамдық өнімнің құны, сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бµлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.

1. 1сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары

Қаржы қажеттігінің факторлары

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңды жєне жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бµлуде субъектілер болып келеді.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бµлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бµлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бµлу және қайта бµлу процесінде пайдаланған кезде кµрінеді.

Қаржының бµлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық µнімді, ұлттық табысты және таза табысты бµлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.

Қоғамдық өнімді бµлу: алғашқы және қайта бөлу болып ажыратылады.

Алѓашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық µнімнің жалпы кµлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нєтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ±шырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу - салалық, аумақтық т±рғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. ¦лттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, єлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, єлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорѓанысына арналған ресурстар құрайды.

Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:

қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын ж±мылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.

Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының баќылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың µкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән ќасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Бақылау функциясы қаржылық бақылауда жалпы ішкі µнімді тиісті қорларға бµлуге және оларды мақсатты арналым бойынша ж±мсауға бақылау жасауда кµрінеді.

Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық кµрсеткіштерді білдіретін қаржы аппараты болып табылады. Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бµлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:

қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомствалардың қаржы органдары ақша қорларын бµлу жолымен жүргізеді.

қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кєсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі.

1. 3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, м±ның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.

Баѓа - ж±ртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.

Ќаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бµлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы тµлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды.

Ењбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен ќызметтерге ақы тµлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен - банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.

Жалақы көмегімен v толық және т ішінара бµлінеді. Ќаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы - салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды.

Қоғамдық өнім құнын бµлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасына жатады. Қаржы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ±зақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.

1. 2 сызба Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (Бағыныңқылығы)

Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашылығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында кµптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі бµлігі өндірістік қорлардың (капиталдардың) толық айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады.

Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім қ±нының бір бөлігін, aman айтқанда, ақша нысанындағы таза

1. 4. Қаржы катынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен корлары

табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жургізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ±лѓаймалы ±дайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады .

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, ақциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері . Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы қаражаттар, сондай-ақ мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.

"Қаржы ресурстары" ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

1. Шаруашылық жүргізу практикасында "қаржы ресурстарының" ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезендегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады.

2. Егер жиынтық µнімнің (c+v+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бµлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді.

Қаржы ресурстарының кµздері қоғамдық өнім құнының барлық үш элементі: "с", "v", "m ", болып табылады. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, "С" элементін көбейту ұшін қосымша ресурстар тарту керек. "V" элементі қызметкерлердің жеке (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін) ; сақтық төлемдері (сыйақылар) ; басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т. б сияқты) . "М"элементі табыс (пайда), өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі кµзі болып табылады.

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі т‰рлері болып табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ±йымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.

Микродењгейдегі қаржы ресурстарының т‰рлеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы - пайдасы; амортизациялық

1. 3 сызба Қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу

аударымдар; кредиттер; сақтық µтеулері; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша; орнықты пассивтер; құрылыста ішкі ресурстарды ж±мылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және басқадайлары.

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы µндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.
Орталықтандырылмаѓан қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.

Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары болады:

  1. айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету;
  2. µндірісті қысқарту;
  1. тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту;
  1. материал сиымдылығын қысқарту;
  2. меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.

¤зін-µзі тексеру с±раќтары

  1. Ақшалай төлеммен байланысты операциялар сипаты.
  2. Қаржыны сипаттаушы белгілер
  3. Қаржы анықтамасы
  4. Алғашқы бөлудің сипаттамасы
  5. Қайта бөлудің сипаттамасы
  6. Жинақ қоры мен тұтыну қоры түсінігі
  7. Қаржының бақылау функциясына сипаттамасы
  8. Қаржылық бақылаудың қаржының бақылау функциясымен байланысы

Таќырып-2. Қаржы жүйесі және оны ±йымдастырудың қағидалары.

2. 1 Ќаржы ж‰йесініњ ±ѓымы.

2. 2 Жалпы мемлекеттіњ ќаржысы

2. 3 Шаруашылыќ ж‰ргізуші субектісініњ ќаржысы

2. 4 Халыќтыњ (‰й шаруашылыѓыныњ) ќаржысы

2. 5 Ќаржы ж‰йесініњ сфералары мен ќаѓидалары

2. 1 Ќаржы ж‰йесініњ ±ѓымы.

"Қаржы ж‰йесінің" ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ±йымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.

Сонымен бірге жалпы институционалдық түрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық т±рғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың кµптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бүрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың кµмегімен мемлекет µзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бµлікті қамтиды:

  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;
  2. ақша қорларының жиынтығы;
  3. басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарыныњ жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастарының буындарына тєн болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы ж‰йесінің екінші бөлігін қ±райды.

2. 2 Жалпымемлекеттіњ ќаржысы

Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет - экономиканы, єлеуметтік-мєдени мұқтаждарды, қорѓаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ±йымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар ќоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Ќалыптасу кµздері: арнаулы мақсатты салыќтар, ќарыздар, бюджеттен берілген субсидиялар, ќосымша табыстар мен ‰немделген ќаржы ресурстары, ерікті жарналар жєне ќайырымдылыќтар болып келеді.

Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын ж±мылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

2. 3 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

Материалдыќ µндіріс сферасыныњ шаруашылыќ ж‰ргізуші субъектілерініњ ќаржысы ќаржылардыњ негізін ќ±райды.

Шаруашылыќ ж‰ргізуші субъектілер ќаржысыныњ ќ±рамына мыналар кіреді.

Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп - шаруашылықты жүргізу әдісі, оның мақсаты рентабелділік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу болып табылады.

Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы ресурстары.

Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу жєне пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады.

2. 4 Халықтың (уй шаруашылығының) қаржысы

Ќаржы жүйесінің ерекше бµлігі болып табылады. Халық (азаматтар) µзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің µндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ±йымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (кµлік, байланыс, тұрмыстық сектор жене т. б. ) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
“Бағдарламалау тілдері” пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Жер қатынастары қоғамдық қатынастардың маңызды бөлігі
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Электрондық оқулықтың құрылымы
Автоматты басқару теориясы пәнінен электронды оқулық жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz