Отбасы жағдайында балалардың валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптасуын қамтамасыз ететін педагогикалық жүйелер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Отбасы жағдайында балалардың валеологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері
- Өскелең жас ұрпақтың денсаулығын сақтау әлеуметтік педагогикалық проблема ретінде . . . 6
1. 2 Отбасы тәрбиесінде балалардың денсаулығын сақтау мен валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың алғы шарттары . . . 12
2 Отбасындағы валеологиялық мәдениет қалыптастырудың жолдары
2. 1 Валеологиялық мәдениет қалыптастырудағы педагог- психологтың ата- аналармен жұмысының жүйесі . . . 23
2. 2 Отбасы тәрбиесінде балаларда валеологиялық мәдениетті қалыптастыруының әдіс- тәсілдері мен формалары . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Денсаулық - тіршілік пен бақыттың басты кепілі. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік әлеуетінің мүмкіндіктерін қаншалықты толық жүзеге асыру оның денсаулығына байланысты. Жеке бастың денсаулығы әркімнің жауапкершілігінің, салауаттылығы мен саналығының көрсеткіші болса, жалпы халық денсаулығы - әр мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму сатысы мен жетістіктерінің сипаттамасы.
Сондықтан да “Қазақстан-2050” мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі “Азаматтардың денсаулығын, білімін және әлеуметтік жағдайын жақсарту” деп аталып, онда салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлық мен есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәселелерін қолға алуды тапсырады[ 1] .
ҚР Үкіметінің 1999 жылы 30 маусымдағы № 905 қаулысымен бекітілген “Салауатты өмір салтының комплексті бағдарламасы” жұмыстарды төмендегі бағыттарды жүргізуді қарастырады:
- Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы білім беру саланың рөлін күшейту;
- Білім беру жүйесінің базистік оқу жоспарына валеология пәнін ендіру;
- Темекі, есірткі заттардан сақтандыруға арналған көп сатылы білім беру бағдарламасын ендіру;
- Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы жұқтырушы қорғаныш тапшылығы белгісі (ВИЧ/СПИД) індетінің алдын алу шаралары бағдарламасын ендіру. Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың денсаулығының күрт нашарлау тенденциясы, әсіресе йод жетіспеушілік, темір жетіспеушілік және жыныстық жолмен таралатын аурулар байқалуда.
Қазіргі кезде балалар денсаулығының жағдайына жасалған талдаулар, мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының арасында дені сауларының үлесі елеулі түрде азайып отырғандығын көрсетеді[2] .
Бірінші сыныптағы балалардың 20-25 % ғана денсаулықтары жақсы деп санауға болады. Әрбір бесінші оқушының созылмалы сырқаты бар, мектеп оқушыларының тең жартысында функционалдық ауытқушылық байқалады, бірінші орында асқазан- ішек аурулары тұрса, екінші орындарда- тыныс органдары, үшінші орында - жүйке және жүрек қантамырлар аурулары, одан әрі қарай балалардың без аурулары, аллергиялық және т. б. патологиялық аурулардың 15% дан астамында салмақ тапшылығы бар, әрбір 20-шы баланың бой өсуі төмендегі дәрежеде, ал олардың 35 %-нің салмағы артық, 30 - дан астам баланың тісі шіріген, әрбір 1000 баланың 30-дан 70 % ға дейінгісінің көзі нашар көреді.
Осыған байланысты жүргізілген валеологиялық зерттеулер оқушылар денсаулығының нашарлауының екі негізгі себебін анықтады. Онын бірі, оқушының қызығушылығының ескерілмей құрылған оқу процесі. Бұл қайшылық салдарынан оқушыларда психологиялық шаршап-шалдығу пайда болады, ол соматикалық ауруларды тудырады. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы төмендеп, белсенділігі жойылады, дамуы баяулап, жағымсыз әдеттер пайда бола бастайды [3] .
Екінші себеп мектептегі білім жүйесінің кемшілігі ретінде оқушылар денсаулығын күтуді білмейді. Бүгінгі күні мектеп валеологиялық білім беру мен оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру міндеттерін толық деңгейде жүзеге асыра алмай отыр.
Сондықтан да қазіргі мектеп еркін тұлғаны қалыптастыру технологияларын, оқуға қызығушылығын арттыру методологиясын қажет етеді. Білім берудің маңызды міндеттерін жүзеге асыруда оқушы қызығушылығы мен сұранысы ескерілуі.
Оқушының психологиялық дамуын ескере отырып, білім берудің мазмұны мен құрылымы қайта қаралуы қажет. Оқушының іс-әрекеті оның санасына, қоршаған ортамен қатынасына, оның ішкі және сыртқы өміріне, оның жалпы дамуын анықтайды. Осы айтылған теориялық негіздерге сүйене отырып, өзін-өзі үнемі дамытып отыратын тұлғаны қалыптастыратын білім беру мекемесінің моделін құруға мүмкіндік бар деп қорытынды жасауға негіз болды.
Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселесі қай заманда болмасын ойшылардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарынан тыс қалмағандығы белгілі.
Классикалық педагогтардың өкілдері Я. А. Коменский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренконың еңбектерінің негізгі өзегі дені сау азаматты тәрбиелеу болып табылады. Қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, АҚұнанбаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов т. б. өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде балалар мен жастардың салауаттылығы туралы пікірлер айтып, ғылыми құндылығы жоғары мұралар қалдырған [4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12]
Бүгінгі таңда Қазақстанда оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, салауатты өмір салтын негіздерін қалыптастыру мәселелері А. В. Ахаев, Б. А. Тойлыбаев, А. Каплиева, Ж. Ембергенова, Д. Ақбердиева және т. б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, тың нәтижелер алынғандығы белгілі. [13, 14, 15]
Дегенмен, жоғарыда айтылған еңбектерде мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыруына қатысты зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маныздылығына қарамастан, бастауыш мектептен бастап оқушыларда валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық.
Осыған орай біз дипломдық жұмыстың тақырыбы “Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру” деп анықталды.
Зерттеу мақсаты: Отбасы жағдайында балалардың валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптасуын қамтамасыз ететін педагогикалық жүйелерді теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін іс-тәжірибе арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: Балалардың валеологиялық мәдениетінің қалыптасуы
Зерттеу пәні: Отбасы жағдайында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру үрдісі
Зерттеу міндеттері
1. Отбасыда балалардың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттелуін анықтау, валеологиялық мәдениет ұғымының мәнін ашу.
2. Психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, отбасында валеологиялық мәдениет негіздерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін өлшемдер мен көрсеткіштерді және оның ұйымдастыру жолдарын айқындау.
3. Отбасы жағдайында балалардың салауаттылығын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстын әдістері мен формалары және оларды пайдалануға ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының құрылымы : Диплом кіріспеден, негізгі екі бөлімнен тұрады, қорытындылау, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Отбасы жағдайында балалардың валеологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері
1. 1 Өскелең жас ұрпақтың денсаулығын сақтау әлеуметтік педагогикалық проблема ретінде
Егеменді еліміздің жарқын болашағы дені сау ұрпақ. Ұлт денсаулығы - ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі екені баршамызға аян. Ұлт денсаулығын нығайту үшін жоғары және жергілікті деңгейде арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Олар бойынша тиімді жұмыстар нәтижелі іске асып жатыр деуге болады. Десек те, ол ұрпақ салауаттылығын қалыптастыруда жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Барлығымызға ой салатын мәселенің бірі - орта экологияның бұзылуы бала денсаулығына кейбір технологияның және басқа факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай әсер салдары адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады.
Көпшілік жағдайда адамның осындай әсерлер кезінде өзін-өзі дұрыс үстай алмау жағдайларынан болады. Содан барып өз денсаулығына, орта және өсіп келе жатқан бүлдіршін денсаулығына қолайсыз жағдайлар туындайды. Атап айтсақ: ішімдіктерді, есірткілік және токсикалық заттарды пайдалану, темекі шегу, насыбай ату т. б.
Сондай-ақ баланың күнделікті күн тәртібін дұрыс құрмау, демалыс уақытын дұрыс пайдаланбау, таза ауа дем алмау, ой және дене еңбегінен кейін ағзасын дұрыс дем алдырмау, уақытында тамақтанбау, психологиялық жүктеменің шектен тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмау т. б. барлығы кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Күнделікті теледидар алдында, компьютер мониторының алдында шектен тыс көп отыру - жасөспірімнің тек психологиясына ғана әсер етіп қана қоймай, көз ауруларына күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзан қолды магнитофон ызыңы - құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия - жүрек, қан, жүйке ауруларына, дұрыс тамақтанбау - ас қорыту жүйесінің түрлі ауруларына әкеліп соғып жатыр.
Бүгінгі қоғамдағы экологиялық апаттардың көбейіп, адамзат болмысына зиянды әсерінің елеулі көрініс беріп отырған таңында денсаулықты сақтау мен қалпына келтірудің және алдын алудың ең тиімді жолы мектеп қабырғасында салауатты өмір салтын қалыптастырумен байластырылмақ.
Соңғы жылдары республикамыздың мектептерінде балалардың денсаулығының төмендеу тенденциясы байқалуда. 2010-2012 жылғы зерттеулердің қорытындылары оқушылардың денсаулық индексінің төмендегенін көрсетеді: еліміздің оқушыларының 44, 3 пайызында түрлі патологиялар байқалады, кейбір аймақтарда оқушылардың тең жарымында созылмалы аурулар тіркелген.
Ресми статистикалық мәліметтер соңғы бес жылда оқушылардың аурушаңдығы 22 пайызға артып отырғанын көрсетеді. Оның ішінде анемия 2, 5 есе, тыныс жолдарының аурулары 1, 5 есе, жүйке жүйесінің аурулары 1, 5 есе, жарақат алу, улану, т. б. оқиғалар саны 1, 2 есе артып отыр .
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және мінез-құлықтық ауытқушылары өсіп келеді. Әрбір сегізінші баланың психикасы мен жүйке жүйесінде патологиялар байқалады. Ал психоактивті заттар, оның ішінде алкоголь мен есірткі заттарын қолданудан туындайтын баланың мінез-құлықтық ауытқушыларының көрсеткіштері одан да жылдам екпінмен көбейіп келеді.
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы - білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыруды мен оқушы деңсаулығын сақтау мен нығайту көкейкесті мәселе болып табылады.
Елбасымыз алдыға міндет етіп қойғандай өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік даму арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне батыл қадам бүгінгі бәсекенің қатал заңына икемді ұрпақтың тұғыры бастауыш мектебінен басталады. Оның алды шарты оқушы бойында өмірлік бейіндіктерді қалыптастыру мен деңсаулығын сақтаумен орындалады -дейді.
Сондықтан бүгін білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай, заман талабына беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім және қолөнер сырларын бойына мұқият сіңіргенқоғам, мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті ұрпақ тәрбиелеу кезек күттірмес міндет. Бұл жерде балаларға валеологиялық тәлім-тәрбие беру ерекше орында. Сондықтан валеологиялық білім беру барысында балалармен жасөспірімдердің бойына салауатты өмір салты аспектілеріне мен факторларына айрықша мән беру керек . Бірақ өкінішке орай, қазіргі кезде жасөспірімдердің бір бөлігі салауатты өмір салтына қайшы келетін іс-әрекеттерге баратыны барлығымызға белгілі жайт. Сондықтан да бірінші кезекте педагог- психолог пен ата-аналар - баланың қызығушылығы мен жас ерекшелігін ескере отырып, оның рухани және физикалық еркін дамуына жағдай жасау, қорғау қажет.
Адамға байланысты басты ұғымның бірі “салауаттылық” және “салауатты өмір сүру”. Салауаттылық ұғымын нақты, жан-жақты анықтамай, адамға тиісті мәселелерді қарастыру өте қиын. Сол себептен жүйелер қағидасына сүйене отырып “Адам - жай жетілген жүйе” негізінде салауаттылық түсінігіне және анықтамасына келетін болсақ, салауаттылық дегеніміз генетикалық аппарат негізінде пайда болатын дене, жыныстық, ақыл-ой және әлеуметтік дамулардың өзара сәйкестілігін (гармония) баптау, тәрбиелеу нәтижесінде организмнің басқарушы ақпаратқа, Аллаћқа, тиімді бейімделуін қамтамасыз ету арқылы адамның көбею мүмкіншілігін және жоғары деңғейлі еңбектік қабілетін сақтау және адамның игілікті өмір сүруін қамтамасыз ету.
Салауаттылық - адам бойында аурудың немесе дінқастықтың болуы ғана емес, оның күш түскенде тіршілік және әлеуметтік қызметтерін ақаусыз орындалуы. Салауаттылық түрлері: деңсаулық, ақыл-ой, психалық саулық және имандылық.
Деңсаулық адамның тектік, генетикалық аппараты мен табиғи қоршаған ортаның өзара қатынасының нәтижесі болып келеді. Адамның дүние келуін қамтамасыз етеді. Сондықтан саулықтың бұл түрін ізденушілер негізгі салық деп атауды жөн көреді.
Адамның ақыл-ой, психилық саулығы тектік, генетикалық аппарат негізінде тәрбие арқылы қалыптасады. Ақыл-ой саулығының қалыптасуында негізгі әсер көргенділікке, баптауға, тәлім-тәрбиеге байланысты болып келеді. Сондықтан саулықтың бұл түрі шартсыз ақпарат негізінде шартты түрде қалыптасады. Ақыл-ой саулығында обьективті ақпараттардың рөлі басым, сол себептен саулықтың бұл түрін обьективті деп те атауға болады.
Адамның кісілік қасиеттерінің қалыптасуындағы басты рөлді имандылық атқарады. Имандылық ақыл-ой саулығы негізінде әлеуметтену арқылы қалыптасады. Имандылық - шартты, субьективті ұғым. Сол себептен имандылықты анықтаудың обьективті критерийлерін қарастыру өте қиын. Әрбір қоғамдық топтың имандылықты бағалауды өздерінің шартты ұғымдары бар, олардың бірімен-бірі сәйкес келуі өте қиын. Ал түбінде имандылық кісінің іс-әрекетіндегі шынның көлемімен өлшенеді. Кез келген адамның айтқаны шындық. Ал шын, ақиқат, рас тек қана Абсолюттен, Жаратушыдан ғана шығады. Одан басқа барлық нәрселерден шығатын ақпарат шындық болып табылыды. Шындық шынның және өтіріктің қосындысы болып келеді, яғни шындықтың бір бөлігі шын да, ал қалған екіншісі өтірік. Шындықтың шын бөлігі адам үшін зияны жоқ, оны бақытты өмір сүруге жеткізетін ақпарат болып табылады. Сондықтан, кісінің іс-әрекетіндегі шын бөлігін салауатты өмір салты деп атаймыз .
Салауаттылық ғылымы - денсаулық туралы дәрігерлік-гигиеналық біліктердің және оның практикалық жолдарының жиынтығы болып табылады. Денсаулықты сақтау, оны шынықтыру, нығайту, аурудан кейін қалпына келтіруге қажетті нұсқаулар мен кеңестер береді.
Салауатты өмір салты ұғымына мынадай анықтама беріледі: бұл денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы.
Соңғы мәліметтер бойынша адам денсаулығының 50 % салауатты өмір салтына байланысты.
Мұғалім оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысы: жүйелі, қалыпты мақсатты түрде жүргізілгенде ғана нәтижелі болатындығын түсіндіреді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- әрбір жеке адамның өнімді еңбек етіп, тұрмыс құруы, бос уақытында дем ала білуі, қысқасы адамның күнделікті дұрыс қалыптасқан өмір тіршілігі. Салауатты өмір салтының маңызды элементі ретінде соңғы уақытта балалардың спортқа қызығушылығының артуына байланысты, халық арасында дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы сауықтыру және оңалту орталықтарын кабинеттерін ұйымдастыруда.
Ал, денсаулық негізінен мына жағдайларға байланысты. Олар:
- даму;
- тіршілік ету жағдайы;
- өмір сүру жағдайы.
Сонымен, организм үнемі дамиды, адамның өмір сүру жағдайы мейілінше дұрыс болуы қажетін қанағаттындыра алатындай мүмкіндігі болуы керек. Зерттеушілердің пікірі бойынша денсаулықтың қалыптасуына байланысты, оның бірнеше аспектілерден тұратынын білуіміз жөн. Олар: физикалық (немесе тән саулық), психологиялық, тұлғалық, рухани, эмоционалдық, әлеуметтік (кесте 1) .
Психология-
лық
Эмоционал-
дық
Әлеу-
меттік
Әр адамн-ың қоғам-
нан өз орнын таба білуі
Сондықтан да дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша “денсаулық дегеніміз - организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің болмауы ғана емес, бұл толық табиғи, рухани және әлеуметтік аман-саулықты айтуға болады”. Бұл анықтама бойынша, денсаулық:
- аурудың жоқтығы;
- дене кемістігінің болмауы ғана емес;
- рухани дені сау (наркоман емес, қоғамда өз орны бар) дені сау.
Ал, академик В. П. Казначеевтың пікірі бойынша “денсаулық дегеніміз - организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және физиологиялық және жұмысқа қабілеттілігі мен әлеуметтік белсенділігінің сақталуы”[16] .
Бұл анықтама бойынша:
- ұзақ өмір сүру кезінде организм үнемі биологиялық жағынан дамиды;
- физиологиялық әрекетін сақталуы (жүрек, өкпе, көз т. б. өз қызметтерін сақтайды) ;
- организм жұмысқа қабілетін сақтайды;
- әлеуметтік белсенділігін сақтайды (тек үй жұмысына ғана емес, қоғамға қажетті адам ретінде өз орнын жоғалтпайды) .
Демек, тек сондай адамдарды толық дені сау деп айтуға болады.
Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша бала денсаулығына әсер етуші факторлардың % көрсеткіштерін төмендегі кестеден көруге болады: (кесте 2)
Медициналық
көмекті ұйымдастыру ( 10%)
Ал, салауатты өмір сүру салты дегеніміз - биоәлеуметтік категория. Ол интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұйымдарда өзін- өзі ұстай білуі тағы да зиянкестерден басқадан аулақ болу. Сонымен, салауатты өмір сүру салты дегеніміз - тұлға мен қоғам деңғейінің прогресті дамуы көрсеткішінің категориясы. Адамдардың биологиялық ерекшелігіне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды . Міне, осыған байланысты салауатты өмір сүру салты ұғымының мәніне үңілсек, ол өте терең мағыналы ұғым, ол балалардың дене тәрбиесі ғана емес, ең бастысы жан тәрбиесі екен.
Салауаттылықты меңгеретін адам алдымен өзін-өзі біліп, түсінуден бастайды, өз мінез-құлқының жақсы-жаман жағын сезініп, оны талдап, жақсы жағын дамытып, жаман жағын болдырмауға тырысады, машықтанады. Жан дүниесінің сыры туралы ғылымның қағидаларын меңгеру арқылы адам өз рухын шынықтырып, ақыл-ой мен жұмысын тиімді пайдалану жолдарын қарастырады.
Адам мен қоғамның саулығы тек қана медицина ғылымның мәселесі болудан қалғанына көп уақыт болды. Бұл мәселе бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа айналды.
Салауатты өмір салты негізінен мынадай 4 түрлі түсінікпен тығыз байланыста қарастырылады - тұрмыстың деңгейімен, тұрмыс сапасымен, өмір стилімен және тұрмыстың тәртібі, әдет ғұрпымен.
Тұрмыс деңгейі таза экономикалық жағдайда, яғни материалдық жағдайға байланысты анықталады; тұрмыс сапасы - қоғамдық түсінік, яғни өмір сүруін деңгейінің сапасын көрсетеді; өмірдің стилі (көркемдігі) - әлеуметтік-психологиялық түсінік. Ал өмір тәртібі, әдет-ғұрып - бұл әлеуметтік-экономикалық түсінік.
Ендіше өмір салты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлермен тығыз байланыста қаралады. Осы түсініктер жалпы адам денсаулығына әсер ететін, өмір салтының мәнін көрсететін негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Сонымен қатар, адамның дені сау болуына салауатты өмір сүру салтының факторлары іске асырылғанда ғана қол жеткізуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz