Қазақстандағы қоршаған ортаның негізгі ластаушылары: тамақ, жеңіл, машина жасау және ауыл шаруашылығы


Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары .

Жоспар:

1. Тамақ өнеркәсібі

2. Жеңіл өнеркәсіп

3. Машина жасау кешені

4. Ауылшаруашылық өндіріс

Тамақ өнеркәсібі.

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары өте көп мөлшерде ауылшаруашылығының, озен мен теңіз промыслдерінің өнімдерін өңдейді.

Қазақстан тамақ өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Ең дамыған сала ет өнеркәсібі, республикада бүкіл тағам өнімдерінің 32% еттен жасалады. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 30-шы жылдары салынған Семей ет консерві зауыты. барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Қант, шарап, арақ, сусын, өсімдік майын жасайтын орталықтарда орналасқан. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қатты, сұйық және газды түрде заттарды қоршаған ортаға тастауына байланысты ластаушы көздің бірі болып саналады. Атмосфераға зиянды заттар шығаратын көздерге технологиялық пештер, буып- түйетін аппараттар, сепараторлар, нейтрализаторлар, қабық тазалағыштар, темекі кесетін машиналар, ет өңдейтін өндірістер, еритін кофе мен цикорий дайындайтын зауыттар, сүйек ұны мен желім дайындайтын кәсіпорындар, дән жарғыш машиналар мен астық тазалайтын орындар жатады. өнеркәсіп миллиондаған текше метр суды қолданып, оның 70-80% көлемін ластанған түрде қоршаған ортаға қайта жіберіп отырады. Бұлардың құрамындағы зиянды заттардың мөлшері бірнеше мындаған тонна деңгейінде. Ақаба сулардың құрамында көбіне кездесетін заттар ас тұзы, жууға, дезинфекциялауға қолданылған қосылыстар, нитриттер, фосфаттар, сілтілер, шикізат пен жем қалдықтары, т. б. косерві шығаратын заыттардан шикізет ретінде пайдаланылған жеміс- жидектің, көкөністердің, т. б. өсімдіктердің 20-25% қалдыққа айналып, табиғи ортаға тасталынады. Сонымен қатар, ақ қаңылтырды ластағанда қолданылған лак ерітінділері мен органикалық ерігіштер ауаға ұшып оны ластап отырады.

Жеңіл өнеркәсібі.

Жеңіл өнеркәсібіне зығырды, конопляны, кендірді, жүнді, жібек пен мақтаны бірінші өңдеуден өткізетін, мата шығаратын кәсіпорындар, тері зауыттары және халықтың мұқтажына қажетті тауарлар өндіретін фабрикалар жатады.

Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуде зор маңызы бар салаларға тігін, жүн, тоқыма, тері- аяқкиім және аң терісінен қажетті бұйымдар шығаратын өңдірістерді жатқызуға болады.

Тігін өнеркәсібі республиканың барлық облыстарында дамыған, әсіресе Алматы мен Қарағанды облыстарын атауға болады. Жүн жуатын өнеркәсіп негізінде Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Ал мақата шығару өнеркәсібінің дамып келе жатқан аймағы Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. Қазақстада көптеген мөлшерде жүнді мата, былғары аяқ киім шығарылады. Қосанай облысында химиялық жіп қосқан биязы шұға, пальто мен костюмдік жүн маталар өндірістері бар. Соңғы жылдарыең құлдырап кеткен саланың бірі осы жеңіл өнеркәсібі, осыған сәйкес олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері де төмендеп отыр. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары күкірт диоксиді, бутилацетат, ацетон, бензол, толуол, аммиак, күкіртті сутек, басқа да әртүрлі қосылыстар мен қатты қалдықтар.

Машина жасау кәсіпорындарының қоршаған ортаға тигізеті әсері.

Ауыр өнеркәсіптің еңбек құралдарын тұтыну заттарын және қару- жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы . Машина жасау өндірісі энергетикалық, электротехникалық, станок жасау және құрал саймандар өнеркәсібі, аспап жасау, ауыл- шаруашылық машиналарын жасау және т. б. салаларға бөлінеді.

Қазақстанда машина жасау екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында басқа республикалардан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалады. Соғыстан кейін бұл сала жоғары қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды. республикамыздың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар- тау- кен, көмір, мұнай, металлургия, тамақ кәсіпорындарына қажетті жабдықтар сондай-ақ көлікке, құрлысқа арналған машиналар мен құрал- саймандар және электротехникалық аппараттар мен станоктар- барлығы 1000 - астам өнім түрлерін шығарады.

Жалпы машина жасау өндірісі 1 тонна металлдан, 260 кг қалдық шығады. Машина жасау өнеркәсібі 1 млн тонна қара металл қолданған сайын сыдыру, тегістеу және осы сияқты операциялар жүргізгенде 5, 4 мың тонна соққанда ыстық штамб жасағанда агрессивті еріткіштің көмегімен өңдегенде 14 мың тонна қалдық толығымен жинап алмағанда 15 тонна қайтымсыз металл шығады. Тазалау жүйесінің тұндырғыштарының шектеу цехтардың штамдарын 20-300 грамм қатты материалдардан тұрады. Термиялық құйма, және басқа цехтардың шламдары өте улы заттар- қорғасын, мыс, мырыш, т. б. заттардан тұрады. өнеркәсіп қалдықтары аз мөлшерден аспаптармен әртүрлі қондырғылар істен шыққанда төгілген сынаптар кездесіп жатады. Радиоактивті затардың бұл саладағы қолдануға болатын қалдықтардан шамалы мөлшерден ластануы мүмкін. Радиоактивті заттардың ыдырау процесі жарты тәуліктен аспайды.

Қорыта келе өндіріс салаларының барлық түрі, атап айтқанда машина жасау, энергетика, кара металлургия, түсті металлургия, жеңіл, тамақ т. б өнеркәсіптерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері яғни қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы бүгінгі күні басты проблеммарлдың бірі болып отыр. Сондықтан біз оларды шектеу үшін әртүрлі шаралар қолдануымыз керек.

Ауыл шаруашылығы өндірісі.

Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық - монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жаю, улы химикаттарды кеңінен қолдану, минералдық тыңайтқыштардың шектен тыс мөлшерін қолдану, топырақты жаппай жырту және т. б. Бұлар экожүйелердің қалыпты қызметінің бұзылуына, құрамының қарапайымдылығына, тұрақсыздыққа және табиғаттағы апатты өзгерістерге алып келеді.

Сондықтан қазіргі ауыл шаруашылығының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстану қажет. Жер өңдеудің алғашқы кезеңдерінде агроценоздар қазіргімен салыстырғанда тұрақтырақ болған. Егіс танаптары табиғи өсімдіктермен қоршалған және салыстырмалы түрде шағын аудандарды алып жатты. Реттеуші жануарлар мен тозаңдандырушылар әлемі өте бай болған. Мәдени өсімдіктер таза қолтұқымдар емес, тұқым қуалау сапасы әр түрлі түрлердің қоспасы еді. Құрғақшылық жылдары бір түрлер тіршілігін сақтаса, ылғалды жылдар да басқалары қалып отырған.

Қазіргі таңда өнім өндіру жеке меншікке негізделгендіктен ауыл шаруашылығы саласында үш басқару жүйесі қалыптасқан, олар: мемлекеттік, шаруашылықтық және кәсіпорындардың өзін-өзі басқару жүйесі. Мұнда мемлекет әр түрлі экономикалық тегеуріндерді қолдана отырып, реттеуші қызмет атқарады. Ал шаруашылықтық басқару жүйесі тауар өндірушілердің белгілі бір мақсатта коммерциялық емес ұйымдарға бірігуі арқылы жүзеге асады.

Жалпы ауыл шаруашылығында мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйесі өз қызметін келесі принциптерге негіздеп жүргізеді:

  • Мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты нақты қызмет ету шегі болуы қажет;
  • Ауылшаруашылық саласында бұл екі жүйенің де қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болады, олар мемлекеттік басқару «жоғарыдан төменге» қарай жүргізілетін басқару принципіне негізделсе, шаруашылықтық басқару тауар өндірушілердің ерікті бірігуі негізінде «төменнен-жоғары» қарай басқару принципіне негізделеді;
  • Мемлекеттік басқару жүйесі аграрлық салада мемлекеттік шарлармен байланысты алдын-ала белгіленген қызметтер мен ұйымдық құрылымдар негізінде жүзеге асады.

Дегенмен ауыл шаруашылығының кейбір салаларында өндірілген өнім көлемінің қысқаруы байқалады, ол егін шаруашылығы. Ол соңғы жылдарда болған құрғақшылықпен түсіндіріледі, әсіресе 1995, 1996 және 1998 жылдары өндірілген өнім көлемі орташа алғанда 1994 жылмен салыстырғанда 50 пайызға қысқарған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібінің салалары: отын-энергетика, металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп
Қазақстандағы машина жасау технологиясының даму бағыттары
Қоршаған орта ластаушылары: көздері, түрлері және экологиялық әсері
Ауыл шаруашылығы мамандарының қоршаған ортаны қорғаудағы міндеттері мен жауапкершілігі
Қазақстанда машина жасау өнеркәсібінің дамуы мен орналасу ерекшеліктері
Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі және Алматы облысының экологиялық жағдайы
Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануынан туындайтын генетикалық салдары
Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиясы мен экономикалық механизмдері
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту: ауылшаруашылық кәсіпорнының жобасы
Машина жасау кешені: салалық құрылым, технологиялық процестер және орналастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz