Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдардан кейінгі демографиялық жағдайы



Кіріспе

I Тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық тарихы.
1.1 Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы.
1.2 Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық тарихы.
II Тарау. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз жылдардағы халық санының өзгерісі.
2.1 Халықтың жастық ерекшелік құрамы.
2.2 Халықтың жыныстық ерекшелік құрамы.
2.3 Халықтың көші.қоны.
III Тарау. Қазақстан Республикасының Демографиялық саясаты.
3.1 Демографияны жақсартуға арналған саяси бағдарламалар.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізім
Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде осы екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның бүгінгі этнографиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған этникалық астары тым мол болды.
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері.
Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгірт көріністер туындайын болса оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам милиардтан астам Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. «Қара қытай қаптаса – ақыр заман болады» деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше ескерткен. Солтүстігімізде Қазақстан 15 еседен артық «ормандай көп орыс» жайғасқан. «Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын» деп бұдан 300 жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын қазақ бабамыз.
Республикамызда славян халықтарымен қатар түркі тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай дәрежеде қоныстанған. Олардан араласудан тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері, нәсілі де, тілі де, мәдениеті де бөтен келімсіктерді арамыздан жылдам ығыстырып шығаруға себін тигізе алады. Жақын арада 3-4 есеге дейін өсім бере алатын шығыс халықтарының саны республикада 1,5 млн. адам.
1. Шуленова Л. Бытсервис для оралманов//Экспресс-2002-2
2. Алексеенко А. Население Казахстана 1920 – 90, А., 1993
3. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире – А., 1998
4. Жумасултанов Т. Казахстан сегодня.-А., 1999
5. Ярмухамедов М.Ш. Экономическая и социальная география Казахстана – А.: Рауан, 1996
6. Шувалов Е.Н. География населения – М.: Просвещение, 1985
7. Байбатша А. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы.: «Санат», 1998
8. Кунжохаев Н.Р. Қазіргі Қазақстанның экономикасы: жағдайы және болашағы. Алматы.; 19998
9. Абдиманапов Б.Ш. Казахстан в рисунках и таблицах. Алматы., 2006
10. Казахстан: 1991-2001 годы. Информационно – аналитический сборник. Под ред. А.А.Смаилова – Алматы: Агенство РК по статистике, 2001
11. Агентство РК по статистике. Демографический ежегодник Казахстана. Стат. сборник. Алматы.,2000
12. Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстане не рубеже ХХІ века: основные тенденции. Алма-Ата: Ғалым, 2001
13. Саградов А.А. Экономическая демография: Учебное пособие. М.: ИНФРА – М, 2005
14. Медков В.М. Основы демографии: Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс, 2003
15. Смаилов Ә. Қазақстан Республикасындағы халықтың орналасуы мен саны. 1- том.Алматы, 2001
16. Шалданбаева А. Қазақстан Республикасы. «География және табиғат», №5, 2005. 69-71бет.
17. Орынбек Б. Қазақстандағы халық санының динамикасы және оның этнодемографиялық көрсеткіштері. «География және табиғат»,№2, 2007, 14-19 бет
18. Экономическая и социальная география. Под ред. М.М.Голубчика. М., Владос, 2003
19. История переписей населения и этнодемографические процессы в Казахстане. Под ред. Ж.А.Кулекеева. Алматы. Агенство РК по статистике, 1998
20. Мусабек Е.Н. Демографическая статистика и перепись населения // Экономика и статистика. №3, 2002
21. Абилгазиева Ж., Минбаева З. О миграционных процессах в Казахстане. // Аль-Пари, №5-6, 2001
22. Белгібаев М., Акишева Е. Қазақстан халқының өсуі мен кемуі туралы. «География және табиғат», № 4, 2007
23. Асылбек М. Қазақстан халқы қалай өсуде? // Қазақ тарихы, №1, 2006
24. Internet сайттары:
http://kaz.newsfactory.kz/1576.html
http://www.pavlodar.stat.kz/kaz/perepis09_konc.html
http://www.egemen.kz/?act=readarticle&id=8682
http://www.egemen.kz/?act=readarticle&id=8851
http://qazaqia.blogspot.com/2009/01/2009.html
http://www.aikyn.kz
http://www.assembly.kz/kaz/idea.shtml?f=show&type=20012&id=11479363424
http://www.balazan.kz/kz/comon/press/detail.php?ID=1695
http://www.almaty.tv/index.php?uin=1150950317&act=archive_date&day=10&month=11&year=2006
http://www.egemen.kz/?act=readarticle&id=2528

http://www.regions.ru/article/any/id/1120283.html

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

I Тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық тарихы.
1. Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы.
2. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық тарихы.
II Тарау. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз жылдардағы халық санының
өзгерісі.
2.1 Халықтың жастық ерекшелік құрамы.
2.2 Халықтың жыныстық ерекшелік құрамы.
2.3 Халықтың көші-қоны.
III Тарау. Қазақстан Республикасының Демографиялық саясаты.
3.1 Демографияны жақсартуға арналған саяси бағдарламалар.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда халықтық
билеу және халықтың орналасуы ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде
осы екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді.
Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша
Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның
соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни
күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың
Қазақстанның бүгінгі этнографиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған
этникалық астары тым мол болды.
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар
бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму
үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-
құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың
бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері.
Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта
қалуынан кереғар, күңгірт көріністер туындайын болса оның өзінен саны
басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді.
Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам милиардтан астам Қытай
мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. Қара қытай қаптаса –
ақыр заман болады деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше
ескерткен. Солтүстігімізде Қазақстан 15 еседен артық ормандай көп орыс
жайғасқан. Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын деп бұдан 300
жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын
қазақ бабамыз.
Республикамызда славян халықтарымен қатар түркі тілдес халықтар сан
жағынан айтарлықтай дәрежеде қоныстанған. Олардан араласудан тілімізді
байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді
күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері, нәсілі де, тілі де, мәдениеті
де бөтен келімсіктерді арамыздан жылдам ығыстырып шығаруға себін
тигізе алады. Жақын арада 3-4 есеге дейін өсім бере алатын шығыс
халықтарының саны республикада 1,5 млн. адам.
Туған отанымыз Қазақстанның бүкіл Евразия құрлығындағы нағыз
демократиялық өркениетті, жан-жақты дамыған, жетілген елге айналары
анық.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдардан кейінгі
демографиялық жағдайының өзгерісін зерттеу.
Міндеттері:
• Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалын қарастыру;
• Тәуелсіз жылдар кезі мен қазіргі уақыт аралығындағы динамикалық
өзгерісін анықтау, оған баға беру.

I Тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық тарихы.

1. Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы

Халық саны мәселесі Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының
тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5
адамды құрайды. Мысалы, Қытайда бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адам. 
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша
2007 жылдың 1 қаңтарына ел халқы 15 394,6 мың адамды құрады, оның ішінде
8838,1 мың адам (57,4%) - қала халқы, 6 556,5 мың адам (42,6%) – ауыл
халқы, 2008 жылдың 1 қаңтарына - 15 565 647 адам, оның ішінде: 8 230 319
(52,8%) адам қалада тұрса; 7 335 328 (47%) адам ауылда тұрады.
2007 жылдың 1 қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды:
15 жасқа дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар -
68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын
құраған. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда 0-ден 15 жасқа
дейінгі балалар саны 0,2%-ға ұлғайған. 15-64 жастағы және 65 пен одан
жоғары жастағылар саны тиісінше 1,5% және 1,2%-ға ұлғайған.
Қазақстанда әйел жыныстылар санының басым болуынан көрінетін гендерлік
асимметрия қалыптасты. 1000 еркекке 1078 әйел келеді. 2007 жылдың 1
қаңтарына  ерлер саны 7407,8 (7324,8) адам нмесе барлық халықтың 48,1%-ын,
әйелдер тиісінше 7986,8 (7894,5) адамды немесе 51,9%-ды құраған. 15-64
жастағы әрбір қайтыс болатын 100 әйелге осы жас тобының қайтыс болатын 246
ер адамның келуі жағдайды қиындата түсіп тұр.
15–64 жастағы ерлер өлімінің жоғары пайызы мен өмір ұзақтығының аз
болуы дағдарысқа әкелетін қазіргі әлеуметтік-экономикалық қатынастар
проблемасымен астасып жатыр.
2007 жылы республика халқының табиғи өсімі 157 891 адамды ( 2006 жылы
141 876) құрады. Табиғи өсімнің 1000 тұрғынға жалпы коэффициенті 2008
жылдың 1 қаңтарына 10,2 (9,3) адамды құраған.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі өлген адамдар саны 158 931 (157
357) адамды құраған, оның ішінде 92 81 (92 425) адам қала халқы, 66 050 (64
932) ауыл халқы. Осы кезең ішінде 90 760 ер адам және 68 171 әйел адам
өлген, немесе 100 әйелге 133 еркек. 1000 адамға жалпы өлім коэффициенті
2006 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінде қалды және өлген адамдардың 10,3
санын құрады. 
2003 жылдан бастап елде жылына шамамен 250 нәресте дүниеге келеді,
2006 жылы бұл көрсеткіш 300 мыңға жетті, алайда нәресте өлім-жітімінің
деңгейі өте жоғары болып отыр. Бұл көбінесе 30%-дан аспайтын бала туатын
жастағы әйелдердің денсаулық индексінің төмен деңгейімен байланысты болып
отыр. Халықтың ұрпақ берушілігі төменгі деңгейде, бүгінде елде 450 мың
отбасының баласы жоқ. Сонымен қатар Қазақстанда жыл сайын 170 мың аборт
жасалады.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде елде 4561 (4172) 1 жасқа дейінгі 
балалардың өлімі тіркелген, оның ішінде 2701 (2406) – ұл балалар және 1860
(1766) қыз балалар. Нәрестелер өлім-жітімі коэффициенті 1000 туған балаға
14,5 (14,1) құраған. Нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі
жатырда өсу кезеңінде пайда болған жағдайға байланысты болып отыр, бұдан
2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2169 (2063) нәресте өлген немесе барлық
нәресте өлім-жітімінің 47,6%-ын (49,4%) құрайды.
Демографиялық ахуалды жақсартуда денсаулық сақтау саласы үлкен рөл
атқарады. Әлсіз және көбіне қағаз жүзіндегі жұмыстар, коммерциялану
деңгейінің жоғарылығы аналардың жүктілікке нашар дайындалуына әкеледі.
Халықтың көші-қонының оң сальдосы әлі сақталып отыр, 2007 жылғы қаңтар-
желтоқсанда ол 10878 (33 472) адамды құрады, оның ішінде ТМД елдерімен 2989
(26 778). Республикаға келген адамдар саны 53 309 (67 386), одан тысқары
кеткендер 42431 (33914) адамды құраған.
Қазақстанға келушілер арасында қазақтардың басым салмағы 78,2%
(73,1%), орыстар – 12,5% (14%), немістер – 1,0% (0,9%) құраған.
Қазақстаннан тысқары кеткендер ішінде орыстар үлесіне – 69,5% (67,5%),
немістер – 7,1% (7,3%), қазақтар – 5,3% (6,7%) тиесілі.
Статистка агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтарда жастар
(15–29 жастағылар) саны халық құрылымы ішінде 4 288 387 адамды құрайды,
пайыздық қатынас бойынша бұл үлес 27,8%. Олардың ішінде ерлері 2 168 347
адам,әйелдер–2120040адам.
Экономикада жұмыс істейтін жастар саны 2 730 951, оның ішінде    
15–24жастағылар 1577355 адам, 25–29 жастағылар 1 153 596 адамды құрайды.
Республика бойынша экономикалық белсенді жастар саны 2 961 644 адамды
құрайды, оның ішінде 15–24 жастағылар 1 710 600 адам, 25–29 жастағылар  1
251 044 адам.
Осы статистикаға орай жастардың 60%-ы халықтың экономикалық белсенді
бөлігін, 30%-ы оқушылар мен студенттер және 10%-ы жұмысшылар.
Республика бойынша барлық жұмыс істемейтін жастар саны  264 652 адамды
құрайды немесе 9,6 %, олардың ішінде 15–24 жастағылар 183 610 адам немесе
10,7 %, 25–29 жастағылар 81 042 адам немесе 6,5 %.
Елдің барлық қалаларында жалпы жұмссыздық деңгейінен жастар арасындағы
жұмыссыздық деңгейі жоғары. Бұл жергілікті еңбек нарықтарындағы сұраныс пен
ұсыныстың сәйкессіздігі және ауыл жастарының қалаға кетуі салдарынан болып
отыр, олар көбіне біліктілігінің төмендігі немесе мүлде жоқтығына орай
жұмысқа орналаса алмайды. 
Қала мен ауылдағы кедейлік деңгейіндегі айырма сақталып отыр және
қиындай түсуде, бұл да жастардың кетуіне әкеледі.  Ауылдағы кедей халық
деңгейі 21,2%-ды, қалада – 5,5%-ды құрап отыр.
Сонымен статистика 15-29 жас аралығындағы жастар саны Қазақстанның
барлық халқының 28%-ын құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте жастар үшін
қоғамның барлық проблемалары тән. Бұл ересектермен салыстырғанда жастар
арасында 2 есеге жоғары болып отырған жұмыссыздық. Бұл қала жастарымен
салыстырғанда ауыл жастарының кедейлігі. Бұл құқық бұзушылықтың жалпы
статистикасі ішінде жастар жасайтын қылмыстар үлесінің жоғарлығы.
Демография мәселелерін шешуде  экономикалық ынталандыру келешегін сипаттай
отырып,  Қазақстанда нәрестелерге арналған тамақ өнімі мен тауарлар
өндірісі жоқ екенін атап кету керек. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі
демографиялық проблемаларды шешуге бағдарланбағанын батыл айтуға болады.
Сонымен қатар, елде балаларды мектепке дейінгі дайындау мекемелері
жетіспейді, бұл проблема әйелдердің еңбек әлеуетін  не аналар әлеуетін іске
асыруға мүмкіндік бермейді. 
Бүгінде халық арасында бала туу өсімінің үрдісі байқалып отыр. Осының
негізінде кейбір зерттеушілер мұны демографиялық дағдарыстан шығудың басы
деп бағалайды. Кейбір демографтар мен мемлекеттік билік органдарының
басшылары қазіргі кездегі демографиялық дағдарысты, ең бастысы халық
санының азаюын барлық өркениетті елдерге тән әлемдік процесс деп өзін-өзі
жұбатады. Бұл құбылысты демографиялық өтпелі кезең (өмір сүру деңгейі ең
жоғары елдерде бала туу барынша төмен) деп сипаттайды. Бұдан екі қорытынды
шығады: жалпы әлемдік үрдістерден қорықпау керек және демографиялық саясат
шаралары көп нәрсені өзгерте алмайды. Бірақ бұлардың екеуі де қате ұғым.
Ілгерінді демографиялық өтпелі кезеңнің негізгі құрамдас бөлігі – бұл
бала туудың қат-қабат төмендеуі, ең бастысы өлім-жітімнің жоғарлауы.
Қазақстанда да, бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде де өлім-жітім өсіп
келеді және орташа өмір сүру ұзақтығы тым төмен, ол ерлерде 58 жас,
әйелдерде 68 жасты құрап отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда  бала туу ұлғаюда, жыл сайын 300 нәресте
дүниеге келеді. Алайда 1989 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың жиынтық
саны азайған. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанға келген  және азаматтық
алған жарты миллилон оралман да демографиялық ахуалды жақсарта алмай отыр.
1989 жылғы санақ деректері бойынша сол жылдары Қазақстанда 16 199 154 адам
болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 15 565 647 адам.
Еуропа елдеріндегі демографиялық дағдарысты ескере отырып, бұл елдер
экономиканың барлық саласына иммигранттарды белсенді тарта бастайтынын
болжау қиын емес, әсіресе бұл Қазақстан, Ресей, Урнаина мен Белоруссияға
қатысты болатын бұрынғы кеңес елдері халқының жоғары зиялы әлеуетіне
айрықша назар аударылатын болады. Ресейдегі демографиялық депопуляция да
таяу уақытта иммиграциялық саясаттың жандануына әкеледі, бұрынғы КСРО-ның
орыс тілінде сөйлейтін халқының көшуіне негізгі екпін түсірілетін болады.
Бұдан шығатын қорытынды, Шығыс Еуропа, Канада мен Ресей елдеріне халықтың
белсенді көшуі арқасында таяу арада Қазақстанның халық санының өсімі үрдісі
оң бағыттан теріс бағытқа ауысып кетуі мүмкін.
Сондықтан  демографиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды бірнеше
бағыттар бойынша жүргізу қажет:
• отбасылардың, әсіресе көп балалы отбасылар мәртебесін көтеру;
• көп балалы отбасыларына пәтер алуға және жеке тұрғын үй құрылысына жер
учаскелерін алуға басым құқықты заңнамамен белгілеу;
• адамдардың санасына отбасылық, үш және төрт балалары бар отбасылық
өмір  салтын тұрақты орнату қажет;
• отбасылық өмір салты сөзсіз әлеуметтік норма болуы тиіс;
• ата-аналар еңбегін отбасы жоқ кәсіпқой мамандардың еңбегімен заңнама
арқылы теңестіру қажет, бұл үшін отбасылық еңбекақы енгізу керек,
яғни бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере
отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз
еңбекақы төлеу қажет;
• қызметкерлердің (немесе әйел қызметкердің) еңбекақы бөлінісі
проблемасын шешу керек, өйткені ол бүгінде отбасы мүшелерінің
қажеттілігіне арналған шығыстарды көздемейді және жекелеген
жағдайларда жеткілікті болып табылмайды;
• тұрақты демографиялық, әсіресе екінші және үшінші бала туу
мониторингін жүргізу қажет;
• балалары жоқ отбасы жұптарын емдеуді мемлекеттік деңгейде қаржыландыру
қажет;
• шетел тәжірибесі негізінде бала тууды материалдық ынталандыру  қажет;
• бала тууға қабілетті әйелдерді тегін емдеу жүйесіне баса назар аудару
қажет.

1.2 Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық тарихы.
Қазіргі тұрғыдан қарасақ, мәселе қазір елдегі қазақтың саны мен
пайызында.Көп халық - үлкен мемлекет. Көп халық - қуатты экономика. Жер
кең, байлық мол болғасын, көз алартушы, көз сүзуші көршілер де көп болады.
Халық аз болса, дала мен қала, өндіріс пен оны игеру ісі ешқашан бос
жатпайды, оның орнын бәрібір келімсектер, шетелден келген жұмысшылар,
күнелтіс іздеген басқа ұлттар толтырады. Көп халық керек, соның ішщінде көп
қазақ керек. Ал қазақтың пайызы атрқан сайын Қазақстанның мемлекеттілігі де
нығаяды. Қазақтардың саны артқан сайын Қазақстандағы басқа ұлттарға да өте
тиімді болады. Қазақтар өзіндегі көптеген аз ұлттарды да Отандасы ретінде
және мемлекеттің Ата заңы бойынша қорғауға және қолдауға, дамытуға шамасы
жететін болады. Мемлекет мықты болса, тұрақты және бейбіт болса, Көк
Төлқұжаттың да әлемнің қай жеріне барсаң да салмағы артатын болады...
Елдегі қазақ "бұл менің Отаным" деп мақтанса, шетелдегі қазақ алыста
болса да әйтеуір дүниеде қалың қазақ тұратын Отаны бар екенін есте ұстап
жүретін болады. Қазіргі саясатта "титульная нация" деген термин
қолданылады. Тікелей қазақшаласақ, "мұқабалық ұлт" - яғни сол мемлекеттің
атымен аталатын халықты айтады. Кез-келген мемлекет орнықты да тұрақты
болуы үшін сол мұқабалық ұлт барлық халықтың кем дегенде төрттен үшін, яғни
75 пайызын құрауы тиіс. Олай болмаған жағдайда біздің айтып жүрген
"Қазақстан мемлекеттілігін нығайту", "Қазақ тілі мен мәдениетін дамыту",
"Қазақстандық патриотизм", "Қазақтың рухани әлемін көтеру", "Экономиканы,
Өнерді, Спортты, Ғылым мен Білімді дамыту" дегеннің бәрі жай сөз ретінде
қала береді. Ұлтқа, мемлекетке жаны ашитын адамдар көп болмаса, олар қалай
дамиды.
Жоғарыдағы жазбалардан, тараудардан көргеніміздей, қазақтар өз жерінде
өткен ғасырларда әрқашан көпшілік құрап келген болатын.Соның арқасында
монғол мен ойраттың, жоңғар мен қалмақтың дәл іргесінде тұрып, Шыңғысханның
жаһанды жаулаған монғолдарын да сол көптігімен өз құрамына сіңіріп алды,
монғол мемлекетіне айналып кеткен жоқ.Қазақтар Жоңғарларды да "ақтабан
шұбырынды" жылдарында олардың Қазақ даласын шарлаған аласапыран
шабуылдарынан кейін 25 жылдан соң біртіндеп өз жерінен қуып шықты,
қазіргідей қазақтың саны өз жерінде аз болса, олай істеу қиынға соғар еді,
мүмкін емес те болар еді.Ресейдің тарапынан жасалған отаршылдық
қитұрқыларға да сол санының көптігі арқылы ғана төтеп берді, Кеңестердің
қызыл қырғынан да сол көптігі арқылы аман қалды.Ал аз халықтар әлдеқашан
жойылып кетті. Орыс болып кетті, шоқынып кетті...
Қазақтарды 20 ғасырдың орта шеніндегі қиын демографиялық дағдарыстан
алып шыққан екі нәрсе болды: бірі - қазақ халқы 60-70 жылдары бала санын
шектеу дегенді білген де жоқ. Және 60 жылдары Қытай шекарасынан өтіп бір
мезгілде 140 мың қазақ көшіп келді. Бұрын сол жылдары "60 мың қазақ келді"
деп коммунистік КСРО мен Қытай азайтып айтқан. Осының арқасында, жетпісінші
жылдардың аяғында елдегі қазақтардың саны қайтадан артып 35 пайызға жетті.
Ал Тәуелсіздік алған 1990-91 жылдары Елімізде қазақтар саны 38-40 пайызды
құрайтын еді. Бұндай жағдай тарихта болып көрген емес.
Жергілікті халық өз жерінде аз болып отырып, Тәуелсіздік жариялаған
емес.
Бұл түгілі халқы млрд-пен саналатын Үндістан мен Қытай да Ағылшын
империалистерін қуып жіберіп, соғыспай-ақ тәуелсіздікті жеңіп алдық деп
мақтанып жүр ғой...
Сол-ақ екен жел оңынан тұрғандай болды. 1990-2000 жылдар аралығында
елден жалпы саны 3 млн-дай болатын орыс, украин, белорус, неміс,
дағыстандықтар, шешендер көшіп кетті. Бұл кезең қазақтардың саны баяғы 30-
шы жылдардан соң алғаш рет қайтадан 50 пайыздан асқанын, Қазақстан халқының
тең жартысы қазақтар екенін жария етті...
1991-2001 жылдар аралығы еліміздегі халық үшін өте қиын, ауыр болуымен
сипатталады. Ел соғыс кезіндегідей талонмен күнелтті, жаңа пайда болған
ұлттық валюта теңге ол кезде нығаймаған экономикамыз секілді тым тұрақсыз
еді. Қазақтар Шығыс Еуропа жеріне дейін шұбырып барып жаппай сауда жасап,
күнелтіс іздеп босып кетті, ауыл шаруашылығы күйреп түсті, жұмыссыздық
жайлады.
Сол кездерде, осы он жылдың ішінде, 1990-2000 жылдар ішінде елімізге
шетелдерден 42387 қазақ жанұясы көшіп келді. Бұл адам санымен көрсеткенде,
183652 адам ғана еді. Соның ішінде Өзбекстаннан - 62737, Түркменстаннан -
22055, Тәжікстаннан -10476, Ресейден - 8490 қазақ келді. Алыстағы
шетелдерден айтқанда: Монғолиядан - 65202, Ираннан - 5030, Түркиядан -
3780, Ауғанстаннан -1719, Қытайдан -2214, Пәкстаннан - 1102, Сауд
Аравиясынан - 81 қазақ келген. Яғни бұл қиын жылдары келгендердің, қазіргі
демографиялық терминмен айтқанда "Көшті бастаушылардың" 75 пайызы Өзбекстан
мен Монғолиядан келген қазақтар екенін ерекше айту керек. Себебі,
ашаршылықта жеген құйқаның дәмі қашанда тәтті болады. Енді алдағы жылдарда,
кейін жағдай жақсарғасын, жағдайын жасап алып келгендер, қай жер жақсы
болса сол жерде тек күнелтүс үшін жүргендер болып көрінеді. Ал сол кезде
келген оралмандар жергілікті халықпен бірге сол қиындықтың бәрін көрді.
Болашақтан оншалықты жарқын үміт те жоқ еді, әйтеуір бір өлместің қамы,
тіршілік үшін күрестің өзі болатын...
Алайда демографиялық қиындық онымен бітпеді. Елге 183652 қазақ көшіп
келгенмен, 101298 қазақ шетелдерге көшіп кетті. Оның ішінде алыс шетелдерге
жақсы тұрмыс іздеп кеткендер де, Ресейге қоныс аударған өздерін қазақтан
гөрі орыс ретінде сезінетін орыстілді қазақтар да, немесе қиындыққа
шыдамай, келген еліне қайта көшкен оралмандар да болды. Ал елдегі
жергілікті халықтың табиғи өсімі тым төмендеді. Бала санының шектелуі
халықтың өсімін бере алмайтын дәрежеге жетті. Бұл жылдары қазақтардың
елдегі пайызын арттырған - шетелдерге көшіп кеткен 3,5 млн-ға жуық өзге ұлт
өкілдері ғана еді. Басқа ұлттар кете берсе де қазақтың пайызы өздері
көбеймей-ақ артады екен. Бұл жылдары оралмандарға берілетін мемлекеттік
квота саны да тым аз еді: Үкіметіміз 1999 жылы - 500 жанұяға, 2000 жылы -
500 жанұяға, ал 2001 жылы 600 жанұяға ғана квота бөлген. Бұл сан теңізге
тамшы болуға да жетпейтін...
Сондықтан, 1991-2001 жылдар аралығындағы шетелдік қазақтар негізінен
квотадан тыс, тек қана тәуелсіз жас Отанына деген жалаң ентузиазммен, жай
көңілмен ғана көшіп келді. Бұл жылдар ішінде квотамен көшіп келгендерден,
квотадан тыс көшіп келгендердің саны әлдеқайда артық болып келді. Бұл тек
жанқиярлық қана болатын. Мысалы, 1991 жылдың сәуір айынан бастап, 1992
жылдың сәуірі аралығында Монғолиядан Қазақстанға тек қана чартерлік
рейстермен 40102 адам жеткізілді. Бұл шынында да, МХР мен ҚР Үкіметтері мен
Баян Өлгей қазақтарының біріккен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болды.
Ол кезде тіпті оралмандар, көші-қон туралы Заң да жоқ болатын. Қазақстанның
көкпеңбек аспанынан бос күйінде көтерілген жүздеген ұшақтар Монғолияны,
Баян Өлгей қыраттарын бетке алып ұшатын, қайтарында тіпті мал-мүлкін де
алмастан, тек асқақ сезімін қанат қылып ежелгі еліне қарай ұшқан Моғолиялық
қазақтармен әрқашан толып келетін. Сырттай жүдеп жеткен оларды, жүдеп-жадап
тұрған Отаны күтіп алатын. Алайда көңіл семіз еді. Ал 2000 жылдарға қарай
бұл екпін саябырлап, қазақтарды елге оралту туралы іске күмән келтіріле
бастады, себебі жылына квотадағы жылына 500 жанұя әкелу деген тым аз
болатын, әрі қанша қазақ елге келсе, оның тең жартысындай қазақ шетелдерге
кетіп отыратын еді. Жоғарыдағы келген және кеткен қазақтың саны мынаны
көрсетеді: елге 9 қазақ келген сайын 5 қазақ елден кетіп отырды...
Кейін 2001 жылдан кейін экономика мен тұрмыс оңала бастағасын және
халықтың өзі нарықтық қатынастарға бейімделе бастағасын, мемлекеттік квота
мөлшері де артты. Елбасы оралмандаға бөлінетін квота санын жылына 20 мың
жанұяға дейін ұлғайтуға тапсырма берді. Бұл енді әр жыл сайын Қазақстанға
140 мыңнан аса қазақ келіп отыруын қамтамасыз етеді деген сөз. Ал 140 мың
адам деген Қазақстан үшін орташа көлемдегі бір қаланың халқы.
Таяудағы өткенімізді қарасақ, 2001 және 2007 жылдар аралығында
Елімізге шетелдік қандастардың келуі артты: бұл жылдары Қазақстанға 1426334
қазақ көшіп келді. Оралмандардың ішінде Өзбекстаннан (61,6%), Монғолиядан
(14,3%), Түркменстаннан (8,6%), Қытайдан (6,7%) келгендердің пайызы басым
болды. Нарық қыспағынан арыла бастаған жергілікті халықтың, соның ішінде
қазақтардың да табиғи өсімі арта бастады.
Қазақстанның демографиялық өзгерістер шежіресі де таңғажайып еді.
Себебі, жер бетінде бұндай Мемлекеттік деңгейдегі көші-қон үрдісін,
қандастарын елге оралту құбылысын Қазақстаннан басқа ешбір ел ешқашанда
жасаған емес. Тек Израильдымысалғааладығой. Израиль шектентыс бай
мемлекетболатын. Жәнеәлемдегібизнестің де, саясаттың да, ғылымның да, билік
пен саясаттың да тұтқасынұстапотырғанЕврейлер де шетіненықпалдытоптаржәне
бай халықеді. Ал Қазақтарқайжерде де қарапайымөмірсүріпжатқан.
Соғанқарамастан, кішкенеҚазақстанәлемдеболмағандыжас ап, биыл 2008
жылдыңтамызайындаҚазақстанғакелген 1 млн 500-інші, яғни млн
жарымыншықазақтыкүтіпалатынболады.. .

II Тарау. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз жылдардағы халық санының
өзгерісі.

2.1 Халықтың жастық ерекшелік құрамы

ҚР Статистика агенттігінің алдын ала есептеуі бойынша 2003 ж. халықтың
саны 14866 мың, 2004 ж. 14951,3 мың адамға жетті. 1959 – 1970 жж. күрделі
өнеркәсіп пен көлік кұрылыстарын салу, территориялық - өндірістік
кешендердің құрылуы мен дамуы (Маңғыстау, Екібастұз, Павлодар, Қаратау-
Жамбыл, Қарағанды, Теміртау, Шығыс Қазақстан (Рудалы Алтай), Қостанай
(Рудный), тың және тыңайған жерлерде жаңа кен шарларды ұйымдастыру сияқты
жұмыстар жылдам қарқынмен жүргізіле бастады. Сол себепті XX ғ. 60 – шы жж.
халықтың жылдық өсу карқыны 2,9 % болды. Яғни бұл кезеңде халықтың саны
3714 мың адамға өсті, немесе 40 % -ға. 1970 ж. бастап өндірістік
құрылыстарға күрделі қаржы бөлудің азаюы, табиғи өсімнің кемуі, одақтық
(ауданаралық) көші – қонның тиімділігінің азаюы халықтың өсу қарқынының
төмендеуіне әкеліп соқты, яғни жылдық өсу карқыны 1,35 %-ға тең болды. 1970
– 1979 жж. екі халық санағының арасында халықтың саны 12,9 %-ға ғана өсті.
Соңғы жылдары сыртқы көші – қонның саны көбейді, яғни көшіп кеткен
адамдардың саны республикадағы табиғи өсімге жақындады, ал 1993 ж. онымен
теңесті. 1993 ж. бастап халықтың саны кеми түсті.
№1 кесте. Қазақстанның және оның облыстарының халық көрсеткіші 1999-2009ж,
мың адам
  1999 2003 2004 2005 2009
Қазақстан 14953,1 14862,5 14951,2 15074,2 16009,6
Ақмола 836,3 748,2 748,9 747,6 737,5
Ақтөбе 682,6 668,3 671,8 678,4 757,8
Алматы 1558,5 1560,5 1571,2 1589,5 1807,9
Атырау 440,3 452  457,2 463,7 510,4
Шығыс Қазақстан 1531 1466 1455,4 1442,0 1531,0
Жамбыл 988,8 979,5  985,6 992,0 1022,1
Батыс Қазақстан 616,8 601,9  603,8 606,7 598,9
Қарағанды 1410,2 1333,6  1330,9 1331,6 1341,7
Қостанай 1017,7 919,1  913,4 907,3 885,6
Қызылорда 596,2 603,8 607,5 612,0 678,8
Маңғыстау 314,6 338,5  349,7 361,7 485,4
Павлодар 807 748,7  745,3 743,9 742,5
Солтүстік Қазақстан 726 682,1  674,5 665,8 596,5
Оңтүстік Қазақстан 1978,3 2110,8  2150,3 2193,5 2469,3
Алматы қ. 1129,4 1147,5  1175,2 1209,1 613
Астана қ. 319,3 502 510,5 529,4 1365,6

1995 халықтың ең көп кему жылы (378,2 мың адам) болды. Халықтың
санының жылдық кемуі біртіндеп азайып келе жатыр.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің көрсеткіштері бойынша,
халықтың санының азаюы 1 каңтар 2000 ж. дейін байкалды. 1 каңтар 2003 ж.
бастап халықтың санының аздап та болса өсуі көріне бастады, яғни 14951,3
мың адамды кұрады. Сол 2003 жылдан бастап Қазақстан халқының саны аз –
аздап болса да, тұрақты өсіп отырды. Қазақстан Республикасының статистика
агенттігінің мәліметтеріне сүйенген кезде, 2007 жылдың 31 желтоқсанында
Қазақстанның халқы 15571,5 мың адам болды. Бірақ, осы мәліметтер тек
ағымдық мәліметтер болғандықтан, оларға тек ағымдағы демографиялық
қорытындыларды жасауға ғана болатынын атап кеткен жөн. 2009 жылдың ақпан –
наурызында өткізілген Қазақстан Республикасының өткізілген екінші санағының
алғашқы мәліметтері бойынша, Қазақстан халқы 16 430 мың адамға дейін жетті.
Сол өткізілген санақ пен статистика агенттігінің мәліметтеріндегі айырма
700 мың адам шамасында.
Халықтың өсу карқыны табиғи өсім мен сырткы көші-қонның сальдосымен
ара – катынасын салыстыру арқылы анықталады.
Қазақстанда жалпы табиғи өсімнің 1991 ж. бастап төмендегені байқалған
болатын, оның төмендеу шегі 1999 ж. байқалады, яғни 65,1 мың адам. Соңғы
2000-шы жж. бастап табиғи өсім аздап та болса көтеріле бастады. 1993 ж.
бастап көшіп кетушілер саныұлғайып, шарықтау шегі 1994 ж. 409,1 адам болды,
яғни 1993 жылдан 2002 жылға дейін адамның табиғи өсім саны көшіп
кетушілердің орнынтолтыра алмады. Халықтың саны сырттан көшіп келушілер
(иммигранттар) арқылы да өседі, бірақ иммигранттар мен эмигранттардың
сальдосын қарасақ (1991 – 2003 жж.), әлі де теріс көрсеткішті көреміз.
Мысалы, 2003 ж. Қазақстанға көшіп келушілер 65308 адам болса, көшіп
кетушілер 74370 адам, яғни сальдосы 9062 адам болды.
2003 жылдан бастап республика халқының өсуін тек табиғи өсім ғана алға
жетелемей, оған қоса көші – қон сальдосы, яғни елге келгендер мен кеткендер
арасындағы айырма, арқасында да көбейе бастаған. Көші – қонның оң
айырмасына себер ретінде мемлекет басшылығымен шет елдердегі қазақ
диаспорасын құрайтын қазақтарды өз отанына қайта көшіруге бағытталған
шараларды келтіруге болады. Демек, сол 2003 жылдан бастап Қазақстан
Республикасының халқы өзінің табиғи өсімі мен сырттан келетін қандастарымыз
арқылы ақрын болса, стабильді түрде өсе бастады.
2003 ж. бастап республикадағы табиғи өсім халықтың сыртқы көші – қоны
аркылы кеміген саның табиғи өсімнің есебінен толтыру жоғарылай бастады,
19,3 мың адамға өсті. Мұндай процестердің (тенденциялардың) болуына
мынандай факторлар әсер етеді:
- Кеңес Одағының ыдырауына байланысты экономикалық және әлеуметтік
дағдарыстар;
- Бұрынғы Кеңестік Одақтык республикалардың тәуелсіз егеменді
мемлекеттерге айналуы;
- Экологиялық жағдайлардың нашарлауы (ядролық қаруды сынау, Арал
теңізінің кұрғауы, уран рудаларының ашық әдіспен өндірілуі, өнеркәсіптің
коршаған ортаны ластандыруы т.б.);
- Алыстағы және жақындағы шетелдерге көші-қонның көбеюі;
- Бала табудың азаюы мен өлімнің көбеюі;
- Жоғарғы себептерге байланысты мемлекетаралық көші-қонсальдосының
теріс болуы.
Халықтың өсу қарқынындағы мұндай келелі өзгерістерге, республика
жұртшылығының болашақта үміт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында
Урбанизация туралы
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері
Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
Ұлтаралық келісімнің нығайуы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметтік жағдайы
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы
Көші-қон мәселесі жайлы
Пәндер