Крест жорықтары



1. Крест жорықтарының себептері
2. Шіркеу . Шығысқа жорықты ұйымдастырушы
3. Кедейлердің Шығысқа жорығы
4. Рыцарьлардың I крест жорығы
5. Кейінгі крест жорықтары.
6. 1212 жылғы балалар жорығы
7. Крест жорықтарының салдары
VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.
Шіркеу Шығысқа жорық ұйымдастырушы
Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Крест жорықтарының себептері
2. Шіркеу - Шығысқа жорықты ұйымдастырушы
3. Кедейлердің Шығысқа жорығы
4. Рыцарьлардың I крест жорығы
5. Кейінгі крест жорықтары.
6. 1212 жылғы балалар жорығы
7. Крест жорықтарының салдары

Крест жорықтарының себептері

VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі
болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим
папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік
христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі
христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек
алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы
христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың
бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ.
Тек дінбасылары киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару
алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.

Шіркеу Шығысқа жорық ұйымдастырушы

Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын
төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу
камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда
кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге
бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың
көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары қажылық
жорыққа аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар
мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-
түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын
өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.

1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген
кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап, байлыққа батуды
аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осылай сәтсіздікке ұшырады.

Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодалдары
бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан кедейлерге көмекке
аттанды. 1097 жылдың басында Константинопольге келіп жеткен кресшілер
өздерін дөрекі ұстады: жергілікті халықты тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ
етті. Шығыс Рим императоры алдап-арбап, пара беріп, кресшілер жасақтарын
әрең дегенде Кіші Азияға жөнелтіп салды.

Кедейлердің шығысқа жорығыШіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік
жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен
отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері
туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында
рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096
жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей
шаруалары қажылық жорыққа аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы
венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып,
жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа
ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.

1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген
кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап, байлыққа батуды
аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осылай сәтсіздікке ұшырады.

Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодалдары
бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан кедейлерге көмекке
аттанды. 1097 жылдың басында Константинопольге келіп жеткен кресшілер
өздерін дөрекі ұстады: жергілікті халықты тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ
етті. Шығыс Рим императоры алдап-арбап, пара беріп, кресшілер жасақтарын
әрең дегенде Кіші Азияға жөнелтіп салды.

Рыцарьлардың I крест жорығы

Көне тарихтың көмбесiнде жатқан сыр көп. Солардың бiрi әрi бiрегейi Крест
жорықтары. Бұлар Рим Папасының әртүрлi желеуiмен Кiшi Азияға сегiз рет
жасалынды. Солардың ең қасiреттiсi 1-шi Крест жорығы тарихқа өзiнiң қара
таңбасын салып кеттi. Ол Кiшi Азияны христиан әлемiмен бiрiктiрмекшi болып,
қарапайым жандарды жорыққа Құдайдың қалауы осы деп айдап салды. Бiрақ
оның дегенi бола қоймады. Соғыста бейбiт халықты қырғынға ұшыратты. Крест
жорықтары Еуропа тарихшыларының жүз жылдық пiкiрталасына айналғаны белгiлi.
Дегенмен адамзаттың ақыл ой-парасаты жылдар өткен сайын iзгiлiкке бастайды.
Осыдан екi жыл бұрын Рим папасы Крест жорықтарының адамзатқа келтiрген
зардабы үшiн барша әлем алдында кешiрiм сұрағаны да жұрттың есiнде. Бүгiнгi
ұрпақ адамзат тарихын бiлуге тиiс және содан сабақ алғаны ләзiм.
1095 жылы Византия императоры Алексей-1 Комнин империяға қауiп төндiрiп
тұрған түрiктерге қарсы шығу үшiн Батыс Еуропаның христиандық
мемлекеттерiнен көмек сұраған. Себебi 1071 жылы Манцикерт маңындағы
шайқаста византиялық әскерлердiң түрiктерден тас-талқаны шығып күрей
жеңiлгеннен кейiн Византия империясының жағдайы аса мәз емес едi. Содан
кейiнгi болған жайттар 1-шi Крест жорығы деген атқа ие болды. Бұл жорық
барысында крестшiлер бiрталай ұрыстарда жеңiске жетiп, iшiндегi ең үлкенi
1099 жылы Иерусалимдi жаулап алуы едi. Бiрақ сол бiрiншi Крест жорығы
кейiндеу 200 жылдық қантөгiс соғыстың бастамасы болды.
1095 жылы наурыз айында Византия империясының басшысы Алексей-1 Комнин
Пьяченцтегі шіркеу соборына эмиссарларды жіберіп, Еуропаның христиандарынан
Ислам армиясына қарсы күресте оған әскери көмек көрсетулерін өтінді. Рим
Папасы Урбан-2 мұны бірден қолдап, қарашада Франциядағы Клермон соборында
франктік рыцарлардан мұсылмандар малайлығында жүрген Шығыс христиандарын
босатып, Иерусалимді жаулап алуды сұрайды. 
Рим Папасының сөздері Еуропа халқының арасында өз әсерін тигізді. Еуропа
әйелдері мен еркектерінің үлкені мен кішісі де осы Крест жорығына қосылуға
дайын екендіктерін білдіріп жатты. Олардың ойынша бұл Құдайдың қалауымен
жасалынып жатқан шаралар деп сенді. Кейбіреулері осындай қасиетті мақсатты
жүзеге асыру үшін, өз отандарындағы христиан емес ұлттарды жаппай қыра да
бастады. Болашақ Крест жорықшылары Еуропада тұратын еврейлердің біразын
қырып та жіберді. 
Крест жорықшыларының алғашқы топтарында дұрыс басшылық та болмады.
Сондықтан ұйымдастырылуы жағынан нашар еді. Дінге аса берілген тобырлардан
да айырмашылықтары айтарлықтай емес. Олардың 1096 жылы жазда Венгрия
территориясына баса көктеп кіріп, жолындағы елдімекендерді тонап жатқан
кездерінде үш дүркін қарсы шабуылға кездесіп, сәтсіздікке ұшырады. Содан
соң дін уағызында жұрт көңілінен шыға білген Петр Пустыниктің бастауымен
Шаруалар крест жорығы деп аталынған қарапайым жандар 1096 жылы тамызда
Константинопольге келді. Византия императоры бұл тәртіпсіз 180000 тобырдан
құтылу үшін оларды Анталияға аттандырған. Түріктер оларды қырып жібереді.
Ал Петр Пустынник Константинопольге қашып келеді. Содан Петрдің крест
жорықшыларын Құдай қолдайды дегені өтірікке айналады. Бұл басқаларға сабақ
болды. Алексей-1 мұндай күшпен ислам армиясына қарсы төтеп бере алмасын
түсінген соң 1096 жылы 15 тамызда ұйымдастырылуы жағынан әлдеқайда тиімді
болған Крест жорығын бастады. Олардың құрамында Еуропаның белгілі
феодалдары басқарған әскери тәртіпке келтірілген армия болды. Армия ішінде
ұрыстарда өздерін көрсете білген жандар да көп еді. Ірі феодалдардан
құрылған армия қару-жарақ жағынан да, әскери дайындық жағынан да, қала
берді біркелкі рыцарлық киім үлгілерінен де ерекшеленіп тұрды. Олар арбалет
сияқты атқыш құралдармен жабдықталған. Әртүрлі бағыттармен жүрген Крест
армиясының жорықшылары Константинопольде қосылды. Крест жорығының негізгі
басшыларының бірі Готфрид Бульонский болды. Ол Константинопольға 1096 жылы
желтоқсанда жетті.
Еуропалықтар неге осындай қызуқандылықпен әрі аса белсенділікпен Крест
жорығына қосылды? Осы сұрақ Еуропа ғалымдарын жүздеген жылдар бойына
мазалап келгені анық.
Біріншіден, әрине бір жағынан бұл орта ғасырларда діни белсенділіктің халық
арасында күшті болғанымен түсіндіріледі. Крест жорығына дейін Иерусалимге
қажылыққа баратындардың саны сол кезде-ақ өте көп болатын. Бірақ дегенмен
діни көзқарас бұл жорықтың тек бір ғана себебі еді. Сол кезде Иерусалимге
қажылыққа баратындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де керек болды. Себебі
өткен жүзжылдықта Анатолии мен Сирияға әбден орнығып алған түрік селжүктері
қажылыққа баратын еуропалықтарды жақтырмайтын. Тағы бір себебі, католик
шіркеуінің жоғарғы иерархтары үшін Крест жорығы христиандық әлемді қайта
қосу болып табылады. Себебі, 1054 жылы Ұлы бөлініс (Великий раскол)
атты христиандықтар римдік-католиктік және гректік-православтық шіркеулер
болып бөлінген болатын. Рим Папасы егер Крест жорығы ойдағыдай болса, онда
екі христиандық әлемнің бірігуі мүмкін деген сенімді ұстанғаны анық. Ал
крест жорығы қолбасшыларының бірі Роберт Фландрский христиандық діни
тұрғыдан жорыққа қосылса, кейбір қолбасшылар бұл соғыстан байлық пен атақ
алуды көздеген болатын. Өйткені бұрынғы мұсылмандарға қарсы жасалған
жорықтар оларға байлық та, атақ-дәреже де әкелген болатын. Солардың ішінде
басқа елдер территориясын басып алуда ең белгілісі нормандар. Нормандар –
солтүстік адамдары деген сөз. Олар өз тамырын викингілерден алады. Норман
Роберт Гвискар ХІ ғасырдың орта тұсында оңтүстік Италияны жаулап алып,
содан соң өзінің герцогына қарайтын жер көлемін мұсылмандар мен
византиялықтарға қарсы ұрыстарда ұлғайтқан. Кейін оның баласы Боэмунд
Тарентский Крест жорығын басқаруда ең таңдаулылардың бірі болды. Таяу
Шығысқа келген барлық крест жорықшылары франкілер немесе француздар деп
аталды.
 Бірінші Крест жорығында мұсылман жағынан да, христиан жағынан да
ұйымдастыру шаралары нашар болды. Себебі, екі жақтың да армия
қолбасшыларының әр қайсысы өзінің жеке мүддесін, мақсатын алға қоюға
тырысты. Сонымен қатар, мұсылман жеке христиан жағында да тәуелсіз діни
ұйымдардың өкілдері жағаласып, олар да бұл соғыста өз мақсаттарын көздеді.
Сол уақыттағы өкімет пен саяси ұйымдардың әрқалай ұстанымдарын қазіргі
оқырмандардың түсінуі өте қиын. 
Мұсылмандар жағы 4 негізгі басшылықтан тұрды. Христиандар осыларға төтеп
беруі керек болатын. Бірақ бұл төртеуі өзара ұдайы кикілжіңде жүрген.
Мұсылман әлемінің дәстүрлі басшысы Халиф Бағдатта орныққан Абассид
әулетінен еді. Бірақ 975 жылы олардың саяси және діни билігін Фатимидтер
әулеті тартып алмақ оймен талас туғызды. Олар исламның бір бұтағы шейіттер
болатын. Өз иелігін Каирден басқарып отырды. ХІ ғасыр барысында жас әрі
мықты қаруланған түркі халқының армиясы (соның ішінде негізгісі селжұқтар)
Орта Азиядан Таяу Шығысқа қарай аттанады. Бұлар исламның суниттер жағын
ұстанған. Сол кезде селжүктер қазіргі Иран мен Ирак территориясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Крест жорықтарының салдары
Крест жорықтары тарихы
Крест жорықтарының сипаты мен алғашқы крест жорықтары
Селжұқ тайпаларының крест жорығына қатынасы
Анадолы Селжұқ мемлекеті (468-718 1075-1318)
VII-XI ғ. Оңтүстік және Батыс славяндар. Ежелгі орыстар мемлекетінің құрылуы. Киевская Русь. Крест жорықтары. Қалалардың дамуы. Крестшілердің мемлекеті
Италияндық қала - мемлекеттер дипломатиясы
Орта ғасыр саяхатшылары Христофер Колумб
ИСЛАМОФОБИЯ
Ислам өркениетінің европаға ықпалы
Пәндер