Кенелер. Ауыл шаруашылығының зиянкестері
1 Кенелер
а) Жайылым кенелері
б) Тайга кенесі
в) қышыма кене
2 Ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері
а) Мамықкенелер
б) Алма кенесі
Кене туралы кеңес

Күн жылынып, жер көгере бастағаннан-ақ қалалықтар мен қала меймандары тауға шығуға, көгалға демалуға ағыла бастайды. Мұндай жағдайда таза ауада тынығушыларға, саяжайда жұмыс жасаушыларға, малды күтiп, баптаушыларға, жемiс-жидек теру-шiлерге кенелерден абай болуын ескертемiз. Кененiң шағуы – адамды қауiптi ауруларға және көп жағдайда өлiмге апаруы мүмкiн. Кене үйге гүл шоғымен де, иттiң жүнiне iлесiп те келедi. Кененiң қауiптiлiгi сонда, олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып алып сорғанда мүлде ауырмайды. Көп жағдайда адам кененi келесi күнi немесе тiптi одан да кейiн байқайды. Ауру сәуiр айынан қазан айына дейiн кездеседi, бiрақ ең қауiптi кезең – мамыр, мау¬сым айлары. Өйткенi кененiң көбейетiн кезi – осы уақыт. Ауру белгiлерi кене шаққаннан кейiн 2 аптадан (7-14 күн) соң бiлiне бастайды, кейде 1-2 күннен немесе 45 күннен кейiн бiлiнедi. Себебi, ол ағзаға түскен вирустың көлемiне байланысты. Көпшiлiк жағдайда аурудың жеңiл және орташа түрлерi кездеседi. Бұл жағдайда науқас адамның дене қызуы 38 С-қа дейiн көтерiледi, басы қатты ауырып, бұлшық еттерi сыздайды. Бiрақ, оның ауыр түрлерi де кездеседi. Бұл кезде дене қызуы 39-40 С-қа дейiн көтерiледi, құсқысы келедi, мойнының, қолы мен аяғының бұлшық еттерi сыздап, ауыр тартады.
Кенелерден сақтану үшiн төмендегi ережелердi есте ұстағаныңыз дұрыс. Егер кенелер өмiр сүретiн қауiптi аумақта болсаңыз, ашық түстi киiм киiңiз. Шалбарыңыздың балағын носкидiң iшiне, жейдеңiздi шалбардың iшiне салып және мiндеттi түрде кененiң бар-жоғын бiлу үшiн бiр-бiрiңiздi мұқият тексерiңiздер. Егер денеңiзден кененi байқап қалсаңыз, саспаңыз. Кенеге өсiмдiк майын тамызу қажет. Кененiң тұмсығын жiппен орап алып, маятник тәрiздi ырғақты қозғалыспен жайлап денеден шығарып алу керек. Кененi денеден күрт тартып алу – вирус жұқтыру қаупiн арттырады. Шаққан жерiн йодпен немесе спиртпен сүрту қажет.

Кенелер – өрмекшітектестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта,
орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, өсімдіктерде, тұщы суларда,
теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін
кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05–13
мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін
жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салада
мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға
бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады.
Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір
кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі
кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен қураған өсімдік қалдықтарын шіріту
арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады. Кенелердің сан
алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі,
өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене.
Кенелердің дене бөлігі – өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылысты
кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып
бітіскен. Сондықтан кене денесінен бұл бөліктерді ажырату қиын. Кененің
дернәсілі алты аяқты. Ал ересек кенелерде сегіз аяқ болады. Тек берішкене
ғана төрт аяқты. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасады.
Сөйтіп қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі. Бұл сырттай қарағанда кененің
кішкене басы тәрізденіп байқалады. Бірақ бұл дененің бас бөлігі болып
саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты
затпен қоректенетін кененің аузы – кеміруші, сұйық затпен
қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді.
Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді. Терісі немесе демтүтіктері
арқылы тыныс алады.
Кенелер – дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей
туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітектестерден ерекше. Жұмыртқадан
үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз
аяқты нимфаға айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.
Нимфа гректің нимфе деген сөзіне негізделеді. Қуыршақ сатысынан өтпей,
шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің
дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады.
Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық
малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму
барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі
иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір
жануарды иемденсе – бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек
кене басқа жануарда паразиттік етсе – екі иелі; дернәсіл кезінде бір
жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған
соң үшінші жануарда паразиттік етсе – үш иелі кенелер тобына жатады.
Мысалы, ит кенесі – үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге
түседі, түлейді де нимфаға айналады. Нимфа қорегін басқа жануардан табады.
Бұдан соң нимфа ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі. Жыныстық
жүйесі жетіліп, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға
жабысады. Сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді.
Тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру – энцефалитті (ми ауруы) жұқтырады
(139-сурет). Табиғатта тайга кенесі әр түрлі жануарлардың денесінде
орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит
қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру
қордасы пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы – тасымалдаушы жәндік
арқылы таралатын қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрі
белгілі бір аумақта бір жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт
айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы сақталатын осындай аумақ қандай болса
да, бір аурудың табиғи қордасы деп аталады.
Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик
Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл
салада академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М.
Ременцова) көп үлес қосты.
Адам үшін қышыма кене – өте қауіпті жәндік (140-сурет). Оның мөлшері
0,2–0,5 миллиметрден аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық
көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады. Бұл
құбылыс оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге
сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе
жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады.
Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып-талып, әлсірейді.
Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдардың қотырын
емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Бұл үшін малдың басын далада
қалдырып, мойнынан қатты қысып тұратындай тетік жасайды. Ал паразитті
өлтіретін улы затпен ыстайды.
Ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері. Кенелер азық-
түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен
ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті
орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе қамба кенесінің зияны қисапсыз. Ол
қамба ылғалданған да өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік
иісті сұр затқа айналдырады.
Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауыққа)
ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл
томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын
қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе
креолин жағып емдеуге болады.
Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар – қышыма
кенеден ірірек – 1 мм шамасындағы жәндіктер. Кене теріге жабысып алады. Ол
малдың қанын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға
айналады. Қотырды қаси берсең – қаны шығар. Киімді қаға берсең – шаңы
шығар демекші, терінің жүні түседі. Содан мал азып, титықтайды. Тері
кенесінен құтқару үшін қойдың жүнін қырыққаннан соң креолинді суға
тоғытады. Қансигек ауруы еліміздегі мал шаруашылығына орасан зор зиян
келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарында осы аурудың
зардабынан малдардың 80 пайызы шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы
– пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41–42°С-ге дейін
көтеріліп, тынышсызданады; жүректің және асқазан жолы бұзылып, қан аралас
зәр шығарады, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы – жайылым
кенесінің нәзікбас кене деген түрі.
Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп
кетеді. Сондықтан мал осы мезгілде қансигек ауруына жиі ұшырайды. Бұл
кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады. Мұндайда кенелер кездескен
жайылымнан малды 9 айдай кенесіз басқа табынға ауыстыру керек. Сонда
мал пироплазмозбен (кене арқылы жұғатын ауру) ауырмайтын болады.
Құрт пішінді, мөлшері 0,1–0,2 миллиметрден аспайтын ұсақ берішкенелер әр
түрлі өсімдіктердің шырынын сорады. Олардың ұлпасын және мүшелерін
зақымдайды. Сөйтіп өсімдік денесінде беріш (шорланған ісік) түзіледі.
Алма кенесі – тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Ол алма,
алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанған кененің
аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады.
Бүршік жарып келе жатқан жапырақтар мен қоректеніп, соған жұмыртқалайды.
Алма кенесі жаз бойы 7–9 рет ұрпақ береді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz