«Правое дело» мен «Ақ жолдар» патшалы Ресей кезінде-ақ пайда болған


БАЛАМА ТАРИХНАМА
«Правое дело» мен «Ақ жолдар» патшалы Ресей кезінде-ақ пайда болған
Ресей мемлекеттік думасының түркі-мұсылман мүшелері.
30. 09. 2011
Асылхан МАМАШҰЛЫ
20 ғасырдың басында Ресейдегі революциялар кезінде құрылған жәдидшілдердің «Иттифақ әл-Муслимин» партиясына жоғарыдан сына қағу арқылы әлсірету әдісі қазіргі Кремль мен Ақорда қолданатын технологиялардың шығу тегін көрсетеді.
«Иттифақ әл-Муслимин» («Мұсылмандар одағы») партиясының жарғысы 1905 жылдың қыркүйек айында жасалды. Бұл партияның құрылуына әуел бастан қарсы болған ресми билік ақыры оны қолдаушыларды ыдырату мақсатында консервативті көзқарастағы қадимшілдерге «Сират әл-Мустақим» («Тура жол») партиясын құрып берді.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдегі мұсылман ұлттар арасында жаңашылдар, яғни жәдидшілдер деген атаумен белгілі ағартушылық ағым қазіргі тарих ғылымында «түркі-мұсылман қозғалысы» немесе «түркі ұлттық қозғалысы» деп те аталады.
Негізінен Еуропадағы байырғы жоғары оқу орнынан білім алған татар интеллигенциясы ұйытқы болған бұл қозғалысқа башқұрт, әзербайжан зиялыларымен қатар ХХ ғасырдың бас кезінде Қазан, Уфа, Санкт-Петербургте оқыған қазақ интеллигенциясы да қосылды.
«РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ТАРИХИ ОҚИҒАСЫ»
ІІ Николайдың 1905 жылы 6 (19) тамыздағы Мемлекеттік дума құру жөніндегі манифесі ағартушылық бағыттағы жәдидтік білім жүйесінің негізін салып, мұсылман мәдениеті мен білімін дамытуды мақсат еткен түркі-мұсылман интеллигенциясының саяси ұйым құруына түрткі болды.
1905 жылы 8 тамызда Түркістан өлкесі, Сібір, Қазақстан, Кавказ бен Қырымнан келген 150-ге жуық түркі-мұсылман саясаткері мен қайраткері Нижний Новгород қаласына жинала бастады. Түркі-мұсылман саясаткерлерінің Думада төбе көрсетуін қаламаған биліктің кедергісіне қарамастан, 13 тамыз күні Ока өзеніндегі кеме үстінде Бүкілресейлік мұсылмандардың бірінші съезі астыртын ашылып, 20 тамызға дейін жалғасты.
Белгілі жәдидшіл Исмаил Гаспралыны төрағалыққа сайлаған алғашқы құрылтай съезде патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен мұсылмандардың құқығы тапталғаны сынға алынды. Сөйтіп Ресей азаматттарының тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай тең құқығы болуын талап еткен шешім қабылданды.
Осы съезд үстінде Ресей мұсылмандарының іс-әрекетін бір ізге түсіретін бүкілресейлік мұсылмандар ұйымы - «Иттифақ әл-Муслимин» («Мұсылмандар одағы») қозғалысын Ресей мемлекеттік думасының түркі-мұсылман мүшелері. Надир Девлеттің "Миллет Мажилис" кітабындағы сурет.
құру жөнінде уағда жасалды. Ресей мемлекеттік думасының түркі-мұсылман мүшелері. Надир Девлеттің "Миллет Мажилис" кітабындағы сурет.
Делегаттар бұл съезді «Ресей мұсылмандарының өміріндегі тарихи оқиға» деп бағалап, «мұсылмандар арасында 15 тамызды жыл сайын атап өту» жөнінде қаулы алды.
Съезд тапсырмасы бойынша мұсылман қозғалысының жетекшілері Әлимардан Топшыбашев пен Әбдурашид Ибрагимов қыркүйек айынан бастап ұйымның бағдарламасы мен жарғысын әзірлеуге кірісті. «Иттифақ әл-Муслимин» қозғалысының Қазан комитеті қараша айында бірнеше рет мәжіліс жасап, қозғалысты партияға айналдыратын негізгі құжаттарды жасап шықты.
Құрылтайға жиналғандар арасында белгілі кәсіпкер-миллионерлер көп еді. Кейбір зерттеушілер 1906 жылы ақпанда өтетін сайлау кампаниясына арналған мұсылмандардың қаржы мәселесін осы съезде миллионерлер өз мойнына алды деп санайды.
«ИТТИФАҚ ӘЛ-МУСЛИМИН» - РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА
1905 жылы желтоқсан айында Мемлекеттік Думаға сайлау туралы заң қабылданған соң бір айдан кейін, яғни 1906 жылы 15-23 қаңтар арасында Санкт-Петербургтің қонақ үйлері мен пәтерлерінде Бүкілресейлік мұсылмандардың рұқсат етілмеген екінші съезі өтті. Бұл съезге Сәлімгерей Жантөрин, Уәлитхан Танашев, Шаймерден Қосшығұлов сияқты қазақ зиялылары да қатысты. Съезд барысында 23 тармақтан құралатын жарғысы бар «Иттифақ әл-Муслимин» партиясы дүниеге келді.
Жарғы бойынша «Иттифақ әл-Муслиминнің» 16 қалада, соның ішінде Орынбор, Астрахан, Орал, Омбы, Қызылжар, Семей, Верный, Ташкент, Ашхабад қалаларында бөлімшелері құрылатын болды. Съезд делегаттары Мемлекеттік думаға сайлау кезенде Қазақ зиялысы, саяси қайраткер Сәлімгерей Жантөрин.
«Иттифақ әл-Муслиминнің» Қазақ зиялысы, саяси қайраткер Сәлімгерей Жантөрин.
тактикалық тәсілдерін қарастырып, Ресей мұсылмандарын Конституциялық-демократиялық партиямен, яғни кадеттер партиясымен ынтымақтасуға шақырған қарар қабылдады.
Мұсылман қолдаушылары мол «Иттифақ әл-Муслимин» партиясының шарттарын қабылдауға кадеттер партиясы да мүдделі болды, соның арқасында 1906 жылы сәуір айында Бірінші мемлекеттік думаға екі партия блок құрып барды. Соның нәтижесінде Думада жеке мұсылман фракциясы құрылып, «Иттифақ әл-Муслимин» партиясы жетекшілерінің бірі, әзербайжан заңгері Әлимардан Топшыбашев төраға болып сайланды.
Көпшілік дауыс алған кадеттер партиясы Ресей ішкі істер министрі Столыпинге негізінен кадеттерден тұратын үкімет құруды ұсынды. Алайда небәрі бір сессиясын ғана өткізген Дума патша жарлығымен 72 күннен кейін таратылды.
Бірінші мемлекеттік думаның таратылуын заңсыз деп санап, Выборг үндеуіне қол қойған «Иттифақ әл-Муслимин» партиясының мүшелері де сайлану құқығынан айырылып, үш айға қамауға алынды. Оның ішінде Сәлімгерей Жантөрин де бар еді. Ал кадеттер партиясының мүшесі, Думаға таратылар қарсаңда ғана барып үлгерген Әлихан Бөкейханов сегіз айға дейін қамауда отырды.
1906 жылы 16-21 тамыз аралығында патша өкіметінің ресми рұқсатымен бүкілресейлік "Алаш" қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов.
мұсылмандардың үшінші съезі өтті. Бұл жолы съезге "Алаш" қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов.
800-ден астам делегат қатысып, 15 адамнан тұратын орталық комитеті сайланды. Бұл комитетке қазақ зиялыларынан Сәлімгерей Жантөрин мен Шаймерден Қосшығұлов мүше болды.
Оқу мәселесі бойынша съезде 33 тармақтан тұратын қарар қабылданды. Онда мұсылман балалар үшін барлық мекендерде бастауыш және орта мектептер ашу, оқуды араб графикасы негізінде ана тілінде жүргізу мәселелері қарастырылды. Мұсылмандар бірлігін арттыру мақсатында съезд «ортақ түркі тілі» барлық мектептерде оқытылсын деп шешті.
Бүкілресейлік мұсылмандардың үшінші съезінде мұсылмандардың діни істерін түпкілікті реформалау мәселесі қаралды. Ресей мұсылмандарын бес мүфтилікке бөліп, оның үстінен қарайтын бақылаушы орган - райс-ул-үлем тікелей императорға ғана есеп беретін болуы тиіс деген шешім шығарды. Сондай-ақ барша мүфтилер сайланбалы болуы, қазақ облыстарының діни істерін Орынбор мүфтилігіне қаратып, Түркістанда өз алдына жеке мүфтилік ашу туралы уағдаласты.
1907 жылы өткен Екінші мемлекеттік дума сайлауы қарсаңында да «Иттифақ әл-Муслимин» партиясы ресми тіркеуге алынбады. Сондықтан келесі Думаларда партия өкілдері мұсылман фракциясының жанындағы бюроға шоғырланып, фракцияны іс жүзінде мұсылмандардың саяси ұйымына айналдырды.
1914 жылы «Иттифақ әл-Муслимин» партиясын қайта жандандыруға түркі-мұсылман қайраткерлері бірнеше рет талпыныс жасады. Сол жылы 15-25 маусымда өткен Бүкілресейлік мұсылмандардың төртінші съезі «Иттифақ әл-Муслимин» партиясының ғұмырын ұзартудан бас тартты. Сөйтіп Ресей мұсылмандарының элитасы мәдени-ағартушылықтан саяси қозғалысқа барар жолда бір партия туының астында жүре алмайтынын аңғартты. Бұл съезге қазақтар арасынан Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Серәлі Лапин, Сәдуақас Шормановтар қатысты.
«СИРАТ ӘЛ-МУСТАҚИМ» - «РЕСЕЙ ТҰТАСТЫҒЫ» ЖОЛЫНДА
«Иттифақшылардың» мүфтилікті реформалауға ұмтылуы жәдидшілдер мен қадимшілдердің арасындағы келіспеушіліктерді одан әрі ұлғайтып жіберді. Консервативтік-дәстүршіл қадими ағымдағы топ негізінен Орынбор мүфтилігінің төңірегіне шоғырланып, Орынбордан «Дін уа мағишат» («Дін және өмір») журналын шығарды.
«Қадимшілдер» деген атаумен белгілі болған бұл ағымның «иттифақшыл-Мұхаммед-Сафа Баязитов қадимшілдердің шын мәніндегі жетекшілерінің бірі еді. Оның мүфтилікке тағайындалуы үкіметтің жәдидшілдердің жолына қойған соңғы кедергісі болды.
жәдидшілдерге» ішкі қарсылығын орайы келгенде ресми билік те Мұхаммед-Сафа Баязитов қадимшілдердің шын мәніндегі жетекшілерінің бірі еді. Оның мүфтилікке тағайындалуы үкіметтің жәдидшілдердің жолына қойған соңғы кедергісі болды.
пайдаланды. Мүфти Мұхамедияр Сұлтанов бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезіне қарауындағы молдаларды жібермеуі биліктің съезге рұқсат бермеуіне тағы бір желеу болған еді.
Ресей сыртқы істер министрлігінде аудармашы болып жұмыс істеген Санкт-Петербург ахуны Мұхаммед-Сафа Баязитов пен кәсіпкер Фатых Байрашев 1914 жылдың соңына қарай Ресей ішкі істер министрлігіне хат жазып, Бүкілресейлік мұсылмандардың халықтық одағы - «Сират әл-Мустақим» («Тура жол») партиясын құруға рұқсат алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz