Зілзала. Төтенше жағдай



1.Зілзала зардаптары.
2.Жер сілкінісі .
3.Сел.
4.Қар көшкіні.
5.Опырмалар
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлімжітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауырхпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісіні, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
1) 1.Маханов Б.Б. Сатаев М.И. «Тіршілік қауіпсіздігі» «Электрондық кітап» Шымкент 2004.
2) 2. Маханов Б.Б.Сатаев М.И. Өсербаев М.Т. «Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі», «Азаматтық қорғаныс жекеленген мәселелер» Шымкент 2004.
3) 3. Сулейменов А.Т. «Безапазность жизинедеятельности»
4) 4.Шертаев Е.Т. «Тіршілік қауіпсіздігі» Шымкент 2003

Зілзала
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының
зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол
үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап
ететін жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Ол
жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел,
су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт
бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ
адамдар мен хайуанаттардың өлімжітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі,
қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету
ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауырхпашылық, келтірер залалы
мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер
сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20%
- тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісіні, ал қалған 25% - зілзаланың
басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш
көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сілкінісі
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер
сілкінісі - бұл жер кыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен
болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу
тұрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының
қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге
ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай
зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың
көрсетулері - дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері
болып таұрады.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте
жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар,
көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су
құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі
бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау
жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда ұрей болады. Су асты және су
жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде
теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен
бүлінушілік жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке
мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну
қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден
астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы
аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,
Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта
орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй
қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.
Жер сілкінісі қауіпі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер,
гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су
қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй
алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілерді кейбіреуінің бұзылуы,
оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен
коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан шегілген
залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып
түседі.
Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы
бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша
залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдың
уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарын зардапты жоюға тартулы және тағы
басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық
жағдайдың нашарлауына, халық-тың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің
қай-талануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп
соғады.
Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді
сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпі ескерусіз
жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде
соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге
болады.
Халықты, аумақты және шаруашылық обьектілерінің ықтимал жер
сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмалогиялық
бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту;
сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды
жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау
және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және
қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және
тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға жер
сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
Сел.
Сел - тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт
өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді,
мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі
нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел
әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 мс және одан көп
жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен
және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті
аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзінөзі ұстауы мен іс-әрекетіне
зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы
хабарлауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
«Медициналық апат» бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары
«Экологиялық қолайсыз аймақтардың құқықтық режимі»
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері туралы ақпарат
Төтенше жағдай шаралары
Азаматтық қорғаныс күштерінің халық өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен міндеттері. Бейбітшілік және соғыс кезіндегі төтенше жағдайлар
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстарының түрлері туралы ақпарат
Пәндер