Өндіріс құрылымы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Өндіріс құрылымы

Өндірістік проқестің жекелеген:

  • негізгі өндірістік;
  • көмекші өндірістік;
  • қызмет көрсету шаруашылықтары;
  • кәсіпорынды басқару органдары;
  • жүмысшылардық қызметтерібойынша бірігуді ұйымдастыру болып бөлінеді.

Кәсіпорынның құрамын бөлу өнімдерді дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар жұмысшыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал-жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру кәсіпорынның құрылымы деп аталады.

Кәсіпорынның жалпы құрылымы :

  • өндірістік(ғимарат, құрылыс) ;
  • өндірістік емес(қойма, асхана, мәдениет сарайлары, клубтар, стадион, балабақша) болып бөлінеді.

Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Бұл өндіріс алаңын, дайын әнімді сатуға дайындау және өндірістік процесте қызметтер көрсету жөнінде бір немесе бірнеше жұмысты жүзеге асыратын операцияларды лайықты еңбек құралдарымен қамтамасыз етудің бөлігі.

Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте, өнім бөлігін дайындауда немесе технологиялық процестерді жүзеге асыратын өндірістік учаскелерде қалыптасады.

Ең алғашында бірнеше операция қатар орындалады, одан кейін бір операция, демек, технолотиялық мамандандыру жүзеге асырылады.

Бірнеше учаскеден цех құралады.

Кешенді құрылымға цехтың барлық түрлері кіреді. Мұнымен кәсіпорын зауыт аспаптарын мамандандыру қызметтері, әнергия өндіру, шаруашылықтарды жөндеуді пайдаланады. Кәсіпорын құрылымы мамандандыру түрлері бойынша кешенді міндеттер белгілейді. Мұнда ең алдымен ресурстар, сондай-ақ жұмысшылардың саны, негізгі және айналым капиталының құны, өндірілетін өнім көлемі, өндірістік алаңның өлшемі және т. б. ескеріледі.

Кәсіпорынның негізгі капитал салымдары бойынша:

  • ең оңтайлы бөлу межелерін негіздеу;
  • цехтарды, бөлімшелерді және жұмыс орындарын мамандандырудың деңгейін арттыру;
  • цехтардың қуаттылығына қарай сәйкестілігін қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның жер, құрылыс обьектілерінің коәффициенттерін есептеу;
  • капитал салымдарының құрылымын бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.

Кәсіпорын құрылысына әсер ететін факторлар:

  • өнім өңдірудің күрделілігі;
  • кәсіпорын өлшемі;
  • өндіріс процесінің сипаттары мен ерекшеліктері;
  • өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;
  • орналасқан жері.

Кәсіпорынның оңтайлы құрылымын жүзеге асыру өндірісті қайта құру, оны техникалық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыру, саланы жаңғырту мен мамандандыруды тереңдету ісінің тиянақты атқарылуымен тікелей байланысты.

Кәсіпорынның негізгі бөліктері технологиялық процесс бағыты бойынша:

  • қоймалық;
  • қызмет көрсетушаруашылықтары болып бөлінеді.

Бұл тасымалдау ұзақтылығын және жүк айналымы көлемін қысқартуға тікелей әсер етеді.

Кәсіпорынның оңтайлы құрылымының басты шарты - кәсіпорында еңбек келісімдерін жетілдіру арқылы жұмысшылардың әлеуметтік-материалдық жағдайын жақсартуды бірінші кезекте шешуді, өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігінің өсуін, жұмыс уақытын үнемді пайдалануды қамтамасыз ету.

Өндірістік процесс

Кез келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.

Кәсіпорындагы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.

Өндірістік процесс өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:

  • жай;
  • күрделіболып бөлінеді.

Өндірістік процестердің күрделілігі - кәсіпорынның түрлі бөлімдер мен цехтарының, сондай-ақ өндірістік бөлімшелерінің қызметіне байланысты. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілетті, сапалы, тұты-нушыларталғамын қанағаттандыратнн өнім өндіру бүгінгі күннің басты міндетіне айналып отыр.

Өндірістік процестер екіге бөлінеді:

  • еңбек заттарының нысандары мен сапаларын өзгертетін процессдеп атайды.
  • еңбек заттары нысандары өзгермейтін емес процестердеп атайды.

Өндірістік процестің нәтижелігі өнім түрлеріне қарай:

  • негізгі;
  • көмекші;
  • қызмет көрсетуші(оның ішінде: әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени) ;
  • басқаруболып бөлінеді.

Негізгі процесс технологиялық процесс болып табылады, яғни бұйымдардың шамасы, өлшемі, физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

Технологиялық операция техникалық қуаттардың жетілуіне қарай:

  • қолмен апқарылатын операция;
  • машина-қолмен;
  • маишналық;
  • автоматты;
  • аппараттыболып бөлінеді.

Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп аталады. Технологиялық операция - бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір. еңбек заттарының немесе заттарды өңдеу то-бының дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын процесінің бөлігі.

Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланылатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, әлектр әнергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т. б. )

Қызмет корсету процесі.

Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім шығармайтын процесс, оған қатыстылар:

  • тасымалдау;
  • қоймалық операциялар;
  • технологиялық бақылау.

Басқару процесі -. өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы - көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап етеді.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшылыққа алады:

  • жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіругемамандандыру; мамандандыруды тереңдету-еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
  • үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;
  • қатар даму -өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат - еңбек аясын кеңейту;
  • аралас даму принципі- бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері, яғни шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;
  • үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретіндеқозғалассыз өндірістіалуға болады;
  • ырғақтылық- бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы;
  • автоматтандыру принципі- өндіріс процесін әлемдік деңгейде автоматтандыру.

Өндірістік цикл

Өндірістік цикл өнім өндіруге жұмсалған уақыттың ұзақтылығымен және оның құрылымымен сипатталады.

Өндірістік цикл ұзақтығы дегеніміз өндірістік процесте белгілі бір бұйымды өндіруді бастау мен аяқтау арасындағы күнтізбелік уақыт аралығы.

Өндірістік цикл:

  • жұмыс уақыты;
  • табиғи уақыт;
  • жұмыстағы үзілісболып бөлінеді.

1. Жұмыс уақыты - еңбек заттарына тікелей әсер ететін, сонымен қатар жұмысшылардың аппараттық және автоматты тетіктердің жұмысын бақылауға жұмсайтын уақыты. Жұмыс уақыты тиісінше тағы да екіге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика
Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы
Ұлттық экономика және экономикалық жүйелер
Пайда және процент
Ұдайы өндірістің түрлеріндегі негізгі шарттары
Қоғамдық өндіріс туралы мәлімет
Өндіріс оның мәні және факторлары
Ұлттық экономиканың мәні мен ерекшелігі
ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУ ТҮРЛЕРІ
Өндірістік бағыттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz