Жәңгір ханның саясаты
Патшаның адамдардың жер беріп ауызын алу саясатын Жәңгір хан қарауындағы төрелерге, рубасылар мен билерге жер үлестіру саясатына ұластырды. Жәңгірдің өзі 400 мың, Ормановтар 700 мың, Бабажанов 390 мың, Меңлігерей Бөкейханов 400 мың, Балқы Құдайбергенов - 300 мың, сұлтан Бегалиев 200 мың, Шөке Нұралиханов - 170 мың, небәрі 4500 мың десятина ең шұрайлы жерді жамбастарына басып алды (В.Шахматов. Аталмыш еңбек. 46-б.). Арғы-бергіде ешкімнің батылы бармай келген бұл шаруаға Жәңгір ханды ауыздандырған басқа ешкім емес, патша өкіметінің өзі еді. Оған Жәңгір ханның 1830 жылы 12 желтоқсанда Шекара комиссиясының төрағасы Г.Ф.Генске: "Сұлтандар мен старшындардың өз иеліктеріне жер бөліп беруіме рұқсат беруіңізді сұраймын. Есіңізге салуға рұқсат етсеңіз, маған, әсіресе, рубасы сұлтандарға байланысты осындай шараға кірісуге сіз кеңес бергенсіз. Расында да, марапат ретінде осылай жер бөліп берудің оң ықпалы зор болар еді және ордалықтардың отырықшы өмірге көшуге құштарлықтарын арттыруға бұдан асқан амал табылмас еді", - деп жазған хаты айғақ бола алады (Бұл да сонда. 49-б.).
Бірақ, хан да, оған әуелі кеңес, сосын ресми рұқсат алып берген Генс те, бұндай шарадан ат төбөліндей азғана топтың ауыздары майланғандарымен, былайғы қазақ шаруаларының қорасы жұтап, қазаны қаңсып қалатынын еске алмаған секілді. Сондықтан да, кейінгі генерал-губернатор Обручев, болары болып, бояуы сіңіп қойған соң, 1848 жылғы 30 сәуірде: "кейбір сұлтандар мен старшындар орасан үлкен жерлерді өз меншігіндей басыбайлы иемденіп отырғанда, екінші бір тұтас рулардың әбден ыңғыршағы айналып, көрші иеліктерді айтпағанда, өз руластарының басы артық жерлерін малдарын жаю үшін майына әрең сұрап алуға мәжбүр болып отырғанын" мойындаған.

Патшаның адамдардың жер беріп ауызын алу саясатын Жәңгір хан
қарауындағы төрелерге, рубасылар мен билерге жер үлестіру саясатына
ұластырды. Жәңгірдің өзі 400 мың, Ормановтар 700 мың, Бабажанов 390 мың,
Меңлігерей Бөкейханов 400 мың, Балқы Құдайбергенов - 300 мың, сұлтан
Бегалиев 200 мың, Шөке Нұралиханов - 170 мың, небәрі 4500 мың десятина ең
шұрайлы жерді жамбастарына басып алды (В.Шахматов. Аталмыш еңбек. 46-б.).
Арғы-бергіде ешкімнің батылы бармай келген бұл шаруаға Жәңгір ханды
ауыздандырған басқа ешкім емес, патша өкіметінің өзі еді. Оған Жәңгір
ханның 1830 жылы 12 желтоқсанда Шекара комиссиясының төрағасы Г.Ф.Генске:
"Сұлтандар мен старшындардың өз иеліктеріне жер бөліп беруіме рұқсат
беруіңізді сұраймын. Есіңізге салуға рұқсат етсеңіз, маған, әсіресе, рубасы
сұлтандарға байланысты осындай шараға кірісуге сіз кеңес бергенсіз. Расында
да, марапат ретінде осылай жер бөліп берудің оң ықпалы зор болар еді және
ордалықтардың отырықшы өмірге көшуге құштарлықтарын арттыруға бұдан асқан
амал табылмас еді", - деп жазған хаты айғақ бола алады (Бұл да сонда. 49-
б.).
Бірақ, хан да, оған әуелі кеңес, сосын ресми рұқсат алып берген Генс
те, бұндай шарадан ат төбөліндей азғана топтың ауыздары майланғандарымен,
былайғы қазақ шаруаларының қорасы жұтап, қазаны қаңсып қалатынын еске
алмаған секілді. Сондықтан да, кейінгі генерал-губернатор Обручев, болары
болып, бояуы сіңіп қойған соң, 1848 жылғы 30 сәуірде: "кейбір сұлтандар мен
старшындар орасан үлкен жерлерді өз меншігіндей басыбайлы иемденіп
отырғанда, екінші бір тұтас рулардың әбден ыңғыршағы айналып, көрші
иеліктерді айтпағанда, өз руластарының басы артық жерлерін малдарын жаю
үшін майына әрең сұрап алуға мәжбүр болып отырғанын" мойындаған.
Сөйтіп, жүздеген шаңырақ жерге ие болса, мыңдаған шаңырақ баяғыдан
бері бірлесіп пайдаланып келе жатқан ата қоныстарының аяқ астынан бөтен
біреудің меншігіне айналып кетуі салдарынан өз елдерінде өздері өгей болып
қалды. Бұл өрістің тарлығынан да жанға батыңқырады. Кешегі казактар мен
орыс алпауыттарының жеріне аттап баса алмай жүрген бөкейліктер енді қашанғы
қара жұрттарының өзіне аттап баса алмай пұшайман болды, Бұрынғы қоңсы-
қолаңмен жүз шайысқанның үстіне енді ағайын арасы қырқыстары қосылды.
Әлеуметтік ахуал құлдырай түсті. Елмен бірге жер де күйзеле түсті. 1825
жылы Ішкі Ордада 2500 мың бас ірі және ұсақ мал болып, әр бас малға бар
болғаны 2 десятина қолайлы қоныс тиді. Бұндай жағдайда бүкіл өріс тұяқ
кештіліктен азып-тозады. Оның үстіне 1816, 1820, 1827 жылдардың қыстары өте
қатты болды. 1827 жылғы жұттан Ішкі Орда 10500 бас түйеден; 280500 бас
жылқыдан, 75480 бас сиырдан, 1012000 бас қойдан айырылып, 13 миллион сомдық
шығын шеккен (Обзор Российской империи. 4. II. Т. XIV. СПб., 1848. 39-б.).
Жер қатынасы өзгерген соң бар қатынас та өзгереді. Бұрын соғым мен
зекеттен басқа салықты білмейтін қазақ қауымы Жәңгірдің тұсында салықтан
көз аша алмады. Соғым мен зекеттің де мөлшері өскен. 10 түйеден 1 қой, 25
түйеден бір тайлақ, 36 түйеден бір ірі түйе, 30 сиырдан 1 бұзау, 40 сиырдан
бір тайынша, 60 сиырдан 2 баспақ, 40 ұсақ малдан 1 қой, 121 қойдан 2 қой,
201 қойдан 3 қой зекет алынған. Ханға берілетін зекет пен соғымнан басқа,
рубасыларына да соғым берілген. Хан патшаға сапарға шықса да, орда салса
да, жаңа сұлтан сайласа да, жаңа бір салық ойлап табылған. Молда, шабарман,
депутат, пошта ұстау үшін де салық жиналған. Кейін бұл алымдар мал түрінде
емес, ақшалай алынған. Ол үшін мал сату керек болған. Базары алыс қазақтар
малын ауыл арасының саудагерлеріне арзанға сатып, ал олар базарларға апарып
бұлдап сатқан. Оның есесіне қазақ тұынатын бұйымдарды базардан арзанға
алып, ауыл арасына әкеліп, үстеме ақша алған.
Бұл қазақ шонжарларының сауда капиталымен ықпалдасуын өрістетті. Мәселен,
графиня Багратион Қарауыл қожа Бабажановпен астық және мал саудасы жөнінде
серіктестік құрды. Жәңгір ханның өзі Ресей көпесі Измаиловпен қол жалғасты.
Хан орыс әскеріне 1500 түйе сатты. Сондай-ақ, ол кейбір көпестерге ордадағы
астық сатуды басыбайлы алып берді. Ол қазақ ауылдарын аралайтын қыдырма
сауданы тыйып, арнайы сауда орталықтарын ашуға күш салды. Олардың біреуінің
князь Юсуповтың, екіншісі граф Безбородконың қоныстарында ашылуы қазақ,
ханының ірі капиталмен ым-жымын білдіреді. Хан ордасында жәрмеңқе ашылуы
елдегі сауда жүйесін бір қолға тоғыстыру пиғылын байқатты. Хан жәрмеңкесіне
Саратов, Тамбов, Воронеж, Пенза, Симбирск, Самара, Мәскеу, Нижегородск,
Рязан, Қазан, Вятск, Ярославль, Чернигов, Кострома және де басқа
губерниялардан көпестер келді. Бұл жәрмеңкеден келетін алапаның бәрі хан
қазынасына түсті. Жылма-жылғы көқтемгі және күзгі жәрмеңкеден 6-7 мың сом
төлем алынып отырған. Оның үстіне хан Орда қасында сауда жасайтын
көпестерден айрықша салық алынған. Ақшалай алапа алу үшін Жәңгір зекетті
көктемгі, соғымды күзгі жәрмеңке тұсында жинатқан.
Әрине, бұның бәрі экономикалық өмірге елеулі өзгерістер енгізген. Сол
замандағы Евреинов, Бларамберг, Ващенколардың есептеуінше, 1803 жылы үй
басына 319 бас, жан басына 64 бас, 1812 жылы үй басына 273 бас, 1825 жылы
үй басына 245 бас, жан басына 49,5 бас, 1839 жылы үй басына 155 бас, жан
басына 30 бас, 1845 жылы үй басына 116 бас, жан басына 24 бас, 1850 жылы үй
басына 87 бас, жан басына 18 бас малдан келген. Жәңгір тұсында үй басына
шаққанда да, жан басына шаққанда да мал Бөкей мен Сығай тұсындағыдан
әлдеқайда кеміп кеткен. Бұл екі ортада халықтың саны 3 есеге, 1803 жылғы 31
мың адамнан 1845 жылғы 100 мың адамға дейін өскен. Бұл - табиғи өсім емес,
негізінен, миграциялық өсім еді. 1828 жылдан бастап сырттан мал айдап
келуге тыйым салынған. Ол да, әрине, мал басының артуына оң ықпал ете
қоймайды. Алайда, мал басының өсу қарқынының кеміп кетуі, негізінен, өріс
тарлығынан, ал Жәңгірдің 30-40 жылдарғы жер реформасы бұл мәселені
асқындыра түспесе, жеңілдете қоймағандығынан екендігі даусыз. Ол, әсіресе,
дәулет кереғарлығын күшейте түскені аян.
Мәселен, Жәңгір ханның бір өзінің 1845 жылқысы, 232 түйесі, 719 сиыры,
17097 қой-ешкісі болған. Бұнда, әрине ханның жылма-жыл Ресей
жәрмеңкелерінде сатылып кететін мыңғырған малдары есепке алынбаған.
Өйткені, ханға тек соғымының өзіне 1000 бастан астам мүйізді ірі қара түсіп
отырған. Ішкі Ордада бұндай бай жаңғыз хан ғана емес еді. 1834 жылы урядник
Кокарев өз беттерімен Жайық казак әскері жеріне өткеңдердің есебін алған.
Сондай 43 шаруашылықтың қарауында 36820 жылқы болған. Бұлардың төртеуі -
сұлтан, төртеуі - рубасылары, қалғандары байлар еді. Бір ғана Меңлікерей
Бөкейхановтың тек Боғда тауының маңында жайылып жүрген малы 2400 жылқы, 80
түйе, 60 сиыр, 3500 қой болған. Әлгі деректердің айтуынша, 56 бай-сұлтандар
шаруашылығында 50509 жылқы болған. Немесе, 1839 жылғы Ішкі Орда халқының
0,9 пайызын құрайтын 56 шаруашылық өлкедегі жылқының 17 пайызын иемденген.
Тауарлы-қаражат қатынастары қалған қазақ өлкелеріне қарағанда Ішкі Ордаға
алдымен келген. Сондықтан, былайғы Кіші және Орта жүз ұлыстарына қарағанда
мұнда ырғалып-жырғалған байлар бұрынырақ және көбірек шыққан (В.Ф.Шахматов.
Аталмыш еңбегі. 85-88-бб.).
Мұндай шарықтай баю жүрген жерде шырынан айырыла шыңғыра кедейлену де
жүреді. Ішкі Ордада 1808 жылдың өзінде 1318 шаңырақтағы 6000 адам тұлдыр
кедейлерге байғұстарға жатқызылып, олар халықтың 17,5 пайызын қүраған.
Кейін бұл көрсеткіш өсе түспесе, кеми қоймаған. Олардың жәйін өз көзімен
көрген Ф.Бларамберг жоғарыда айтылған еңбегінде: "Олар жартылай жалаңаш
немесе тырдай жалаңаш жүріп, егін егеді, балық аулайды, қамыс шошаларда
тұрады", - деп жазды (Ф.Бларамберг. Военно-статистическое обозрение земли
киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевской) и Зауральской (Малой) Орды.
Оренбургского ведомства. Военно-статистическое обозрение Российской
империи, т. XIV. ч. 1. Земли Внутренней (букеевской) Орды. СПб., 1848. 106-
б.).
Күнкөріс іздеген кедейлер тек өз байларына ғана емес, орыс
кулактарына, тұз өндірісіне, балықшыларға, Орынбор кен орындарына жалданып
кеткен түрлері бар. "Қырғызды немесе қырғыз әйелін малай қып ұстамайтын
казақ үйі кемде-кем. Кейбір қожайындар, әсіресе, Төменгі Жайық шебінде мал
саудалайтындар оларды жүз-жүзден асырып ұстайды" (Бұл да сонда. 103-б.).
Тек Горяченск бекінісіндегі 26 үйде 543, Мерген бекінісіндегі 35 үйде 633
қазақ жалшылықта жүргендігі туралы деректер бар. Жұмысқа орналасу үшін
шоқынып христиан немесе казак болып кеткендер де аз болмапты. Әсіресе,
бойдақ жігіттер казак қатарына кіріп, 100 сом ақша, екі жылға солдаттықтан,
10 жылға алым-салықтан жеңілдіқ алып жүріпті (В.Ф.Шахматов. Аталмыш еңбегі.
98-б.) - Бұл жұртты өз ұлтынан өзі безінуге ұрындырары сөзсіз. Хиуа
көпестері қазақ балаларын ата-аналарынан арзанға сатып алып, Хиуа базарында
қымбатқа сатып жүріпті (Бұл да сонда. 99-б.).
Жер қатынастарындағы өзгерістер қазақтардың топтана қашуын жиілетті.
Мәселен, 1818 жылы таналардың 511 шаңырағы, байбақтылардың 550 шаңырағы,
алашалардың 550 шаңырағы топтана қашқаны Жайық әскер шебін әжептәуір
дүрліктіргені белгілі. 1819 жылдың аяғында 1611 шаңыраққа шығыс бетке қайта
көшуге рұқсат берілді. 1820 жылы 5503 шаңырақтан, былайша айтқанда, күллі
Ішқі Орда халқынан осындай арыз түседі. Бұл Шығай сұлтан мен орыс
әкімшілігін қатты қобалжытты. 1818 жылы халық осындай болғалы жатыр екен
деген лақаптан абыржыса, 1827-1829 жылдары сол өзгерістердің салдарынан
күйзеле бастады. 1818 жылы Жайық казак әскері қысымынан қорыққан ел 1827-
1829 жылдары оларға қазақ шонжарлары қосылғанын көріп, жағдай
жақсаратынынан күдерін мүлдем үзе бастады. Бұндай тығырықтан тек қашып
құтылуға болады деп ойлады.
Бұл қозғалысты әкесі Есім хан 1789 жылы Сырым қолынан қаза болған соң
Ішкі Ордаға өтіп кеткен Қайыпқали сұлтан басқарды. Бөкей де, Жәңгір де оны
өздерінен оздырмауға тырысып, көлеңкеде ұстады. Алайда, туысынан жігерлі,
билік құмар сұлтан өз бағын сынайтын тұстың келгенін білді. Егер Жәңгірдің
қол астындағы елдің бір бөлігін арғы бетке алып өте алса, өзіне де тізгін
тимей қалмайтынын түсінді.
1827 жылғы жұт жұртты қатты жүдетті. Қазақ ауылдары Жайық бойының
күзеті әлсіз жерлерінен өз бетімен өте бастады. Өзен бойындағы казактар
бармақ басты, көз қыстылыққа салынып, талай көшті өздері өткізіп жіберіп
отырды. 1827 жылдың сәуір айында 1887 шаңырақтың, Бөкей Ордасы халқының
бестен бірі Жайықтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz