Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі



І. Кіріспе.
ІІ.Жұмыстың мақсаты.
ІІІ. Жұмыстың міндеттері.
IV. Жұмыстың жаңашылдығы.
V. Жұмыстың тиімділігі.
VI. Қорытынды.
VII. Пайдаланылған әдебиеттер.
«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» ”
Н.Назарбаев
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технолгиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы// Егемен Қазақстан, 2011. 12ақпан.
2. Рузавин Г.И. Педагогические инновационные технологии: Учебн. пособие для вузов. – М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. -250с.
3. Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования: – М: Педагогика, 1982.-150с.
4. Бұзаубақова К.С. Жаңа педагогикалық технологиялар: -А: Білім, 2000.
5. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту» Тұжырымдамасы.
6. «Информатика мұғалімінің мамандығына қойылатын талаптар». Алматы, 1998 жыл.
7. «Информатика негіздері». №4, 2005 жыл.
8. «Информатика негіздері». №2, 2004 жыл.
9. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту». С.Т.Мұхамбетжанова
10. Рузавин Г.И. Педагогические инновационные технологии: Учебн. пособие для вузов. – М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. -250с.
Интернет сайттары:
http://www.kspi.kz
http://kaznu.kz
http://www.testent.ru
http://refik.kz
http://kargoo.gov.kz
http://zkoipk.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі

Ғылыми жетекшісі: Магистр оқытушы Ерназарова Ғ.

Орындаған: ЖЭЭ-111 тобының студенті
Құмар Ершат

Түркістан 2012

Жоспары:

І. Кіріспе.

ІІ.Жұмыстың мақсаты.

ІІІ. Жұмыстың міндеттері.

IV. Жұмыстың жаңашылдығы.

V. Жұмыстың тиімділігі.

VI. Қорытынды.

VII. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе:

...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал
осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру
- бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры-
ұстаздардың қолында ”

Н.Назарбаев

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі
- оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды
пайдалану болып табылады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан
зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді.
Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны
меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.

Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар
екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар
білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың
саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт
тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының жобасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі
мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру
және техногияларды жетілдіру көзі деп атап көрсеткендей, қазіргі білім
беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру
тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін
іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау
болып отыр.

Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың
білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік
жасау.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық
технолгиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда. Педагогика
ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік
жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.

Бұл оқу құралда жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің
міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс- тәсілдері сонымнен қатар
педагогикалық технологияның түрлері оны оқу- үдерісінде қолданудың
тиімділігі қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты:

Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді
пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік,шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты
қалыптастыра отырып,білім сапасын арттыру. Мультимедтялық электрондық
оқулықтарды, виртуальдық  лабораторияларды және бақылау программаларын
жасақтап, қамтамасыз ету Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім
беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға
енудегі сабақтастыққа қолдану.

Жұмыстың міндеттері:

1. Ақпараттық және СТО бағдарламасының тиімді әдістерін пайдалану
арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға
жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.

2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты,
ұтымды өткізу.Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші,
зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке
тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке
дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып,
шығармашылығын шыңдау.

3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта
жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру,
оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай
алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл,
ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Жұмыстың жаңашылдығы:

XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі Білім
бүкіл өмір бойына қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық
құрылымдарына іздеу болып табылады.

Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және
пайдаланудың әдістері мен құралдары .

Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың
табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни
нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу
арқылы оқушы шын мәнінде ойланады. Осыдан сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы
ерекше.

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Жас
ұрпаққа беретін жоғары білімнің маңызы қай уақытта да артпаса кеміген емес.
Оны қоғамның дамуына ықпал етіп қана қоймай, оның сұраныстарын да
қамтамасыз ететін әлеуметтік институт деп білуіміз керек. Өйткені, бүгінгі
ғаламдық аймаққа шығып кеткен кең ауқымды және жан-жақты мазмұнға ие
экономикалық қарым-қатынастар ең алдымен жоғары оқу орындарында кәсіби
дайындалған әмбебап мамандарға деген сұранысты қалыптастырып отыр. Мұның
өзі жоғары білім беру жүйесін жер жүзіндегі озық ғылым мен техниканың
жеткен биігі болып есептелетін “әлемдік стандартқа” талпынуға итермелейді.
Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру
жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан
жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі
туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде
интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон
конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды
түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4
елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен
құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса,
1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон
декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін
Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын. Еліміздің
Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың
саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы мен
бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50
елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім.

Қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану
арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл
бөлінуде. Жоғары оқу орны негізінен жақсы білім алған,сондай-ақ,
болашақтағы кәсібін білетін оған бейім оқуын жалғастыруға бағытталған
жастардың түсуіне мүдделі. Г.И.Рузавиннің айтуынша, егер студент өзінің
болашақтағы кәсіби ортасын жақсы елестете алса, онда білім алудағы іс-
әрекеті мақсатты болады. Жоғары оқу орнына түскен кез келген студентке
тиімді білім беру ақпараттық технологиялар негізінде іске аспақ.
Кез-келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүнииежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
инновацияның даму деңгейімен анықталмақ. Инновация -бұл оқытудың
тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу
үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарлаудың жүйелі тәсілі. Инновация
термині ғылымға ХIX ғасырда енді, ағылшын тілінен тікелей аудармасы
жаңашылдық, жаңалық енгізу деген ұғымды білдіреді. XX ғасырдың екінші
жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы
ретінде қаралып, оның негізгі элементтері аталып көрсетілді. Инновациялық
процестің толық түсінігін XX ғасырда экономист И.Шумпетер экономикалық
жүйенің дамуындағы өзгерудің жаңа комбинациясын талдады. 30 жылдары
И.Шумпетер, Г.Менш инновация терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа
технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап
инновация, инновациялық процесс, инновациялық потенциал терминдері
жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновацияның жалпы
ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол-жүйе
элементтерінің және әртүрлі сфераларының сапалық және сандық өзгеруі.
Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда жаңалықты енгізу деген ұғымды
білдіреді. Ал инновациялық тәрбиелеу дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру
және өмірге енгізу. Қазіргі таңдағы кейбір жаңалықтар жүйесі – ескінің
айналып келуінен немесе өзгеріске түсіп, қайталауынан туған болмыстың
сипаты. В.Г.Белинский: Ең ескі дүниені жаңамен байланыстырып өзгеше сипат
беріп, жаңалық ашуға болады деген болатын. Мысалы, В.Т. Шаталовтың тірек
конспектілері педагогикада бұрыннан қолданылып келе жатқанымен,
мектептердің қазіргі даму жағдайына байланысты оны жаңа бір әдіс-тәсіл
ретінде, яғни белгілі бір өзгерістерді өмірге енгізу арқылы мұғалімдердің
жұмысында кеңінен пайдалануға болады.
Қазіргі заманғы студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы
ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл
мәндік көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың
синтездік жиынтығын қарастырады. Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда
мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады.
Акмеология (акме - грек сөзі, шың, төбе, бір нәрсенің ең биік
басқышы - дегенді білдіреді) – зерттеу обьектісі өмірдің әртүрлі өзін-өзі
көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік
динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені,
ғылыми білімдердің жаңа аймағы. Акмеологияның пәні адамның шығармашылық
потенциалы, субьектінің өзін-өзі жетілдіруінің айқындалуының түрлі
деңгейлеріне, шыңына жетуінің заңдылықтары мен шарттары. Акмеологияның
міндеттері субьектіні түрлі қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап
алынған кәсібі саласында оның табысты жетілуі, дамуының қажетті білімдермен
және технологиялармен қамтамасыз ету. Акме кәсіпкерліктің шыңы жұмыстың
жоғары нәтижелерінің тұрақтылығы – сенімділігі. Алайда, бұл акмеологиялық
факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер
жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының
міндеті – студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға
көмектесу. Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына – жеке тұлғалық
көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық
көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және
гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды
біріктіреді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында
қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс
педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен
елімізде болып жатқан түрлі Осы орайда инновациялық үрдістің кең тараған
түрі технология термині. Технология ежелгі гректің techno - өнер,
шебер, білгір және logos - ілім, ғылым деген сөздеріне шыққан. Сонымен
технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Көптеген
уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс
қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық
міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау –
сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да технологиялар сипатын айқындаушы
көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту
технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар,
бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық
технология жəне т.б.Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-
оқыту технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу
жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты
орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда.
Осыдан педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие
технологиясы ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Ақпараттық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының
екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько,
В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі
(Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Ақпараттық технологиялар үнемі қарқындап өсуде. ХІХ ғасырдың екінші
жартысына дейін негізгі ақпараттық технология құрамына қағаз, қауырсын,
сия, статистмкалық есеп кітаптары кірді. Коммуникация құжаттарды мекен-
жайға бағыттау, жіберу арқылы жасалды. Ғалым М.С.Мәлібекованың ғылыми
сараптаған пайымдауларын негізге алатын болсақ, адам баласы орта есеппен
0,1 парақ бет ақпаратты меңгеріп өңдей алады екен. Болашақ педагог-психолог
мамандарды жаңа өрлеу заманында ақпараттандыру негіздерімен қаруландыру
бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі. Себебі біздің қазіргі
өмір сүріп отырған дәуір-ұлан-ғайыр әлеуметтік өзгерістердің дәуірі.
Қазіргі кезде оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолданудың мәні
көптеген факторлармен айқындалады:
-жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді интеграциялау;
-оқу материалының көлемін арттыруға мүмкідік жасау;
-оқу процесіне ақпараттық технологияларды, қазіргі телекоммуникациялық
құралдарды енгізу.
Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың студенттердің
білімін көтерумен қатар оның тәрбиелік те маңызы зор. Дәстүрлі оқыту
әдісіне қарағанда кредиттік оқыту жүйесі, электрондық оқулық немесе жаңа
инновациялық оқыту технологиясы студенттердің жалпы қызығушылығын туғызады,
ол өз кезегінде оларды сапалы және тұрақты білім алуына жағдай жасайды.
Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыты
мультимедиа жүйесі болып табылады. Мультимедиа терминін ағылшын тілінен
сөзбе-сөз аударғанда көп орталық, яғни электрондық ақпаратты тасушы,
құрамына бірнеше түрде мәтін, сурет, бейне және т.б. топтаушы деген
мағынаны береді. Н.В.Клемешова мультимедиа терминін оқу материалының
мазмұнына дыбыстық және визуальдық түрде интерактивтік форма беретін,
сезімдік қабылдау процестердің тиімді өтуіне қолайлы жағдай туғызатын,
студенттердің жеке қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызатын компьютерлік
құрал деп түсіндіреді.Мультимедиа бағдарламасында ақпарат үш құрал арқылы
–сызба, аудио, видио арқылы беріледі. Оқытудың кез келген түрінің
тиімділігі студент пен оқытушының ара-қатынасына, педагогикалық
технологиялардың пайдалануына, оқу-мазмұнына, әдістемелік материалдардың
құрастырылу деңгейіне тәуелді.

Жаңа технология – педагогтардың мүмкіндігін күшейтетін құрал

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабында Білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің
дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі
көрінеді.  Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға
баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты
таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:

-  қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің
түсініктілігі;

-  жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін
дамыту;

-  білім мен тәрбиенің бірізділігі;

-  жалпы компьютерлік сауаттылық;

-  оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Нәтижелері:

-  жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын
көтеру;

-  жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын
жаңарту;

-  жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың
мамандыққа баулу механизмін құру;

-  мультимедтялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық 
лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

-  отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік
кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

-  Республикалық білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас
ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының
ақпараттық желісін құру.

Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай
қолданылуы керек.

Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық
технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер
қажет.

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден
ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдала алады. Мұғалім
ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын
жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық
қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық
бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап
етеді.Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген
нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін
қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық
сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің
кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін
көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған
ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер
электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір
аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып
келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтықтан
оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап
отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді.
Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым
арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік
береді. Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады.

Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін
дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Жаңа технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында
компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,
интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік
оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге
асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау
жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа
жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс.
Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау
саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді
талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін
педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту
формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін
жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын
толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де,
түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті
деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана
жүзеге аспақ.

Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын
ролі зор, Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп
түсіндіріледі.

Теориялық материалдар гафикалык. илюстрация түріндегі әр түрлі суреттер,
сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып,
көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және
материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық
ақпараттық өнім.

Электрондық оқулық дайынаудың тұжырымдық негізі оқытудың
педагогикалық. теориясы болып табылады. Сонымсн қатар электрондық оқулық
дайындаудың псдагогикалық, ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне
сәйксс келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз
мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып уйрену ісін жеке дара жүргізуге жол
ашады.

Элекоктрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұның қамтитын
компьютерлік техналогия негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу,
т.б. бағдарламалардың жиынтығы.

Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер
береді. Атап айтқанда:

Кері байланысты іс жүзілік тез арада қамтамасыз етеді; және
окулықтагы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,,
электрондық, оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;

Гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.

Ең бастасы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірген
заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда
мынадай дидактикалық шарттарды есксрген жөн:

- белгілі бір пәнге байланысты дайындалтын электрондық оқулыктың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;

- электрондық, оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты дәріс мәтінін қамтитын негізгі зертханалык және тажірибелік
тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама,
библиогрофиядан түратын комекші, аралык, және корытынды бақылау
сурақтарырынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған
әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

— электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын,
яғни, берілетін тақырыпқа катысты ақпараттың нақты әрі қысқа бірілуін
ескеру;

— белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық, беттен артық
болмау.

Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық. бетті қамтитын болса, онда
экранда пайда болатын оң жак тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын
электрондық. оқулықты көп пайдалануына түра кследі. Мұның өзі
пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғыры-төмен,
оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсср етеді.

Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика. химия, биология
сскілді пәндерге қатысты урдістіерді аиимациалап көрсету, тіпті
кинофилмдер мен диафильмдер үзінділерін сақтап, оларды гипермәтінді
формат арқылы электроңдық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркендік
әдістемслік деңгейін арттырады,"Информатика" пәнін оқытуда редакторын
оқыту" Электрондық

оқулығын пайдаланса болады.

Электрондық оқулықты құруға қолданбалы бағдарламасын қолдануға
болады. қолданбалы бағдарламасы арқылы презентация жасауға болады.
Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар.

Бұл жерде презентация дегеніміз-баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу,
ғылыми ұсыныс жаинау, диплом немссе, курстық жұмысты қорғау, бизнес-
жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыга салу, қандай да бір қызмет
түрін ұсыну.

Кез келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда
презентацияның атқаратын ролі зор. Біздің мақсатымыз — презентация
даярлаудың техникалық құралымен таныстыру. Презентация өтізуде көрнекі
құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар) кеңінен қолданылады.
Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы оны презентация
даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғазды.

Интернет диетанцялық презентациялар откізудің ең қолайлысы құралы
болып табылады.

Бүгінде Интернетте автоматты рсжимде жұмыс істейтін көптеген
презеитацияларды көруге болады.Екінші жағынан алғанда, прсзентация деп
айрықша тексті электрондық, құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиялық,
мазмұны мсн құжатты экранға шығаруды басқарудың мүмкіншіліктерімсн
ерекшсленеді.

Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактиеті және
дистанциялық түрде өтеді, тектес құжаттарды арнаулы бағдарламалық
құралдардың көмегімен дайындайды.

Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі —
MICROSOFT office кестесімен бірге қойылатын Місrosof Power Point
қолданбалы бағдарламасы.

Бұл презентация даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып
табылады. құралдарының көмегімем дайындалған жұмысгы оның кез келген
кезеңінен, көрсетуге болады.

Роwer Роіnt-тағы кез келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған
кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтардың саны көп бола
берсді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінік жеке нөмірі болады, слайд
құрылғанда ол бірден міндетті түрде номірленсді.

Құжаттағы слайдтар сызықта тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою,
кірістіру, орын ауыстыру нсмесе көрсету олардың сызықтық құрылымын
бұзбайды.

Слайттар әр текті нысаңдардан тұрады.

Слайдта орналастырылатын барлық, нысандар Роwег Роіпt ішкі,
құралдарымен де, сонымсн қатар сыртқы қолданбалы бағдарламаларда да
құрылып, безендірілу мүмкіндігіне ие. Місrоsоf offcе дестесіyс керегін
барлық калданбалы бағдарламалар сияқты Роwег Роіnt бағдарламасының да
өзіндік стандартты басқару элемеінттері бар.

Роwer point бағдарламаcында презентацияны даярламас бұрын біріншіден
сізде оның мазмунды бөлігі дайын болуы қажет.

Компьютер автор үшін презентацияның мазмұның, мақсатын, құрылымын
анықтай, алмайды, ол тек идеяларды жүзеге асыруда колданылатын техникалық
болып табылады.

Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді
жолдары

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай
білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра
алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі
жылғы Қазақстан халықтарына арнаған Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,
бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін атты Жолдауында
ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай
білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің
әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Мектеп сынып
оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы.

Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта
оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту,
қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің
бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының
қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа
бет бұру керек.

Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа
көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге
келді.

Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі
адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі
қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі
жиынтығы- деп түсіндіреді В. Кларин.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық
жүйенің жобасы.

Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған
белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды
ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны
практикада пайдалану қажет.

Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың
тиімді жолдары деп аталады. Мақсаты – оқыту процесінде жаңа
технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен
терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз
деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда:

Мұғалім нені білу керек?

• Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
• Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
• Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
• Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
• Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
Не істей алу керек ?

• Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
• Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
• Әр сабақты жоспарлау.
• Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ
жоспарларын жасау.
• Оқу модулын құрастыру.
• Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
• Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды
құрастыру.
Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?

• Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
• Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
• Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын
себептерін анықтау.
• Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға
үйрету.
Жаңа технологияның топтастырылуы:

І. Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық
технология.

Педагогикалық қарым-қатынас технологисы.

Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.

Амоношвилидің ізгілік технологиясы.

Ильиннің жүйесі.

ІІ. Оқушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі
педагогикалық технология.

Ойын технологиясы.

Проблемалық оқыту технологиясы.

Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.

Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері және модельдеу
арқылы қарқындатып оқыту технологиясы.( Шатталов)

ІІІ.Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі
педагогикалық технология.

Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.

Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы.(Лысенкова)

Деңгейлеп оқыту технологиясы.(Қараев)

Деңгейлеп диференциялау технологиясы.

Міндетті нәтиже негізінде деңгейлі-диференциялап оқыту
технологиясы.(Фарсов)

Бала қызығушылығы арқылы диференциялап оқудың тәрбиелік
технологиясы.(Закатова)

Жекелей оқыту технологисы.(Инге Унг және Шадриков)

Бағдарламалық оқыту технологисы.

Ұжымдық оқыту технологиясы.(Дяченко Ривин)

Топтық оқыту технологиясы.

Компьютерлік оқыту технологиясы.

ІV.Дидактикалық білім көтеру және материалды педагогикалық
технологиялар.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.(Эрдниев)

Ақыл-ой іс-әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру
технологиясы.(Валович)

V. Жеке пәндік педагогикалық технологиялар.

Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологисы.(Зайцев)

Сатылай талдап оқыту технологиясы.(Оразақынова)

Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы.(Зайцев)

Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы

Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология.(Касаткин)

Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық технология.(Окунив)

Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.

С.Т.О. технологиясы.

VІ.Альтернативті педагогикалық технология

Вольдорф педагогикасы.(Штэйнер)

Еркін еңбек технологиясы. (Ферт)

Ықтималдық білім технологиясы.(Лобок)

VІІ.Табиғи байқағыштық технологиялар.

Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу.

Өзіндік дамыту технологиясы.(Монтессори)

VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.

Дамыта оқыту жүйесі.

Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі.(Якиманская)

Дамыта оқыту технологиясы.(Давыдов, Эльконин)

Өзіндік дамыта оқыту технологиясы.(Семеко)

ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.

Жүректен жүрекке

Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар
жаңаша сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді
ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,
танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай
жасау мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері
негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар
ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н.
Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту
технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау,
тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. М.М. Жанпейісованың
модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың мақсатын, мазмұнын,
әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау, сұлбалау
тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады.

Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев
және Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту
педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыру.

Балалардың таным қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар
даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін
ашуға болатындығы ескеріледі. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың
педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған
жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға
және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға: басқару сапасын жетілдіруге:
оқушылардың дамуына бақылау жасауға: соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми
негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Сондай-ақ Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин,
В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған Дамыта оқыту жүйесі бір-бірімен тығыз
байланысты.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын
қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс – тәсілдерінде,
оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің
әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып- білу
үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау, сондай-ақ сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы,
бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің
ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен шығармашылығын
дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды,
пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендірудің
алғышарттары қарастырылмаған, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық
технологияны енгізуде төмендегідей кемшіліктер орын алуда.Атап айтқанда:

- білім сапасының төмендігі;
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқыту
нәтижесінің болмауы;
- директивтік құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
- оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық еңбегінің жоқтығы;
- инновациялық педагогикалық технологияны пайдалануда мұғалімдердің
дайындық кезеңінен аттап өтуі;
- жекеленген мұғалімдердің өзіне қолайлы инновациялық педагогикалық
технологияны таңдауда, пайдалануда қиындықтарға тап болуы және оны
жеңе алмауы;
- жаңа педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мектеп
басшыларының енжарлық танытуы;
- жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге материалдық базаның
әлсіздігі;
- оқу –тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізуде
мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан моральдық , материалдық
көмектің көрсетілуі;
- жаңа педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдердің жоғары
қу орнында меңгермегендіктен , жас мамандардың жаңа педагогикалық
технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
- мектептің озат мұғалімдері инновациялық технологияны пайдаланғанымен,
ғылыми тұрғыдан негіздей алмауы;
- мектептің мұғалімдері қысқа арнайы курстарда оқып келген технологияны
өз мектебінің , өз сыныбының, өз оқушыларының, әсіресе, әрбір жеке
оқушының даралығын есепке алмай, даярлық кезеңнен өтпей, бірден өз іс
- әрекетіне енгізіп, өрескел қателіктер жіберіп , өзін де оқушыларды
да ығыр қылуы.
Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны
енгізудің жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, жаңа педагогикалық
технологияны енгізудің алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет.

Ақпараттық технология

Ақпараттық технология (Информационная технология; information
technology) .

1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат
алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының
жиынтығын пайдаланатын процесс;

2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің,
құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.Ақпараттық технология(немесе
көпшілікке IT атымен танымал ұғым) –
қазіргі компьютерлік техника негізі нде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және
тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық
тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы -
білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақ-стан Республикасының
Білім беру Заңында білім беру жүйесін ақпа-раттандыру осы саладағы
мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің
біріне айналып отыр. Қазақстан-2030 стратегиялық бағдар-ламасы білім
берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақ-станның білім беру
жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы
жылдарында сауатсыздықпен күрес жүр-гізілгендей, компьютерлік сауаттану
жөнін-дегі ауқымды іске азаматтарды тарту қа-жеттігі айтылған және
мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді,
интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап
болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда
ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында
төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы,
интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық
құралдарды, элек-трондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы
білім сапасын көтеру.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен
мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына,
өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік
туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің
әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда кедергі
келтіретін басқа да негізгі факторларды атамай кетуге болмайды.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту,
әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық өріс
География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану
География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану.
Ақпараттық технологияның артықшылықтары
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Ақпараттық технологияларды қолдану
Пәндер