Ақша реформасының маңыздылығы


Жоспар:
Кіріспе
І Бөлім Ақша реформасының маңыздылығы
1. 1. Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы . . . 5
1. 2. Ақша реформасының мазмұны . . . 7
ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша реформалары
2. 1 1947 жылғы ақша реформасы . . . 11
2. 2 Теңге бағамының айналысқа шығуы . . . 14
2. 3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы . . . 18
2. 4 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі . . . 23
Қорытынды . . . 27
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегңнің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып, таур формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Алғашқы қағаз ақша 1260 жылдары Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз ақшаның алғашқы партиясы 1690 жылы Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда солдаттарға жалақы төуге арналған. Россияда алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 жылы шығарыла бастады. Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуді, Қазақстандағы қолма - қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, І бөлімде Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы және ІІ бөлім Қазақстандағы ақша реформаларынан тұрады.
Курстық жұмыстың тақырыбының негізгі мақсаты - ақша реформасы, оның алғышарттары мен мазмұнына, Қазақстанда өткізілген ақша реформасына және ұлттық валюта теңгенің енгізілуіне тоқталып, алып көрсету.
І Бөлім Ақша реформасының маңыздылығы
1. 1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі
Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1807 жылдары ақша реформаларын нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 пайыз алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік банктың несиелік билеттері жатады. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.
1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп те атайды. Несиелік ақшалар мен керенкилерден басқа Уақытша үкімет айналысқа сурогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша он мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа да жерлерде жергілікті ақша бірліктерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында шығарылды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынстардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады. 1920 жылдардың соңынан бастап «еңбек паегін» ақысыз беру басталды. 1921 жылы наурызды болған РКП (б) - ның х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төменнен ейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды.
Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10 пайызы ғана құраса, онда 1923 жылы бірінші желтоқсанында ол 800 пайыздан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921 жылы қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналады. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдерінің көлемінің өсуі (бидай, мақта және т. б) тауар айналымының артуы жатады.
Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1922 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейінгі жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6, 7 млннан 31 млн рубльге дейін жетті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жән тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 жылы мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нөлін сызып тастау арқылы жүргізілді. 1922 жылдың 1 мамырынан бастап барлық есептеулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың бірінші қаңтарына дейін кассаларда қабылдады. Екінші рет деноинациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің 1 миллионына теңесті.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды оайлатты, ақша айналысын бірқалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсі үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.
1. 2. Ақша реформасын жүргізудің маңыздылығы.
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мемлекеттік банкке 1, 2, 3, 4, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7, 74234г) 10 рублге теңесті. Мемлекеттік банк червонецтерді кәсіпорындарда векселдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарылып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігмен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия саласынан 25 пайыз алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылады.
Сауда саттықтың жән банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1. 04. 1923 жылы - 15%, 1. 07. 1923ж - 37% және 1. 10. 1923ж - 74 % құрады. Кәсіпорындар арасында барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналысында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мемлекеттік банктің несиелеу барысында шығарған червонецтерді және халықаралық қажы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.
1924 жылдың бірінші мамырында айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға - 762, 3 квадрильон рубльге жетті. Бұл ақша массасының нақты құны 15, 2 млн рубльді құрады.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп ұсақ ақшалар ретінде әртүрлі ақшалар, әсіресе, тұрақты валюталарда бейнеленген сурогаттарды шығарды.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян келтірді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен ауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды ( 1. 01. 1923ж 10, 9 млн рубльден, 1. 02. 1924 ж 153, 6 млн рубльге дейін)
1924 жылдың бесінші ақпанында Орталық атқару комитеті және Халық Комиссарлар кеңесі декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттершығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілеріншығару тоқтатылды.
1888 жылы дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольков (Бриллиант) 1922-1924 жылдар арасында ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигі болды. Ол 1922 жылдың басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономиклық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері құнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы - ұлттық табысты бірінші кезектегі мемлекеттік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г. Я. Сокольников барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған.
Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның, тұрақты валютаның келуін талап етті. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г. Я. Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.
Алтын қорының үш рөлі болды:
- халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;
- Ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мемлекеттік банк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алынып отырады) ;
- Көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві
Червонец тарихқа «алтын» деген атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандықтан емес.
Мемлекеттік банк валюталық бағамды өзгеріссіз қалыпта ұстау мақсатында «еркін нарықта» алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыны қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын ныңайтға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамда валюта лаумүмкіндігі, сондай ақ червонецтегі бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуін оған деген сенімді арттырып қоймай, оның пайдалану аясын кеңейте түсті. 1923 жылдың бірінші шілдесінде червонецтер елдегі ақша массасының 45пайызын құрайды. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылады. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.
1922-1924 жылдары ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.
Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысында тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.
ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша реформалары
2. 1. 1947 жылғы ақша реформасы
Ұлы Отан соғысы елге - 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551, 1 млрд рубльді құрады.
Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу үшін халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, әскери адамдарға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылады. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25, 4 % шамасында қаражаттар түсті
Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. Өндіріс көлемінің қысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі заттар пайдаланылды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол жеткізілді. Рубльдің сатып алу қабілеттілігі төмендей берді.
Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРОКеңес министрлігімен БКП ( ОК қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында «Ақша реформасын жүргізу туралы және азық түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы») мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1: 10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000 рубльден 1 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатынасымен 1 жоғары 2:1 арақатынасымен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшның айырбасталуы қысқа мерзімде 15:20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.
Реформаның басты элементтернің бірі бұрынғы шығарылған мемлекеттік займдары ( 1947 жылғы займнан басқасы) 1948 жылы біртұтас 2%-тік займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдар облигациялары 3:1 қатынасымен айырбасталды.
Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлық азық- түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.
Еркін мемлкеттік сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендеді. 1948 жылдың бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41 %-ға өсті.
1947 жылғы ақша реформасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құрылуын білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымысақталды. Бұның сәл ғана айырмсашылығы сол, Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.
Реформа ақша жүйесін нығайта отырып ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілеті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс аралығындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
2. 2 Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.
Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.
Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4, 75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру - ең маңызды шаруалардың бірі болды.
1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.
Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17, 9 пайыз болса 1996 жылы - 15, 4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5, 17 пайыз, ал 2002 жылы - 3, 25 пайыз болды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276, 2 пайыздан 2005 жылы 5, 9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сыртқы құндылығының тұрақтануы 1999 жылы ұлттық валютаның еркін айырбасқа жіберілуіне және экономиканың дамуына, ІЖӨ-нің өсуіне (1999-2004 жылдары - 167, 4 пайызға өсуі) байланысты болды. Егер 1999 жылға дейін инфляцияның монетарлық факторы басым болса, одан кейінгі мерзімде монетарлық емес факторлар әсер етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz