Көші-қон



Кіріспе
1. Көші.қон ахуалын бағалау.
2. Көші.қон саясатының мақсаты мен қағидаттары.
3. Көші.қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары.
4. Көшіп келуді бақылау жүйесін жасау және дамыту.
5. Көші.қон саясатын іске асырудың нысандары мен әдістері.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді. Осы тұжырымдамада көші-қон процестерін реттеу деп-Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттіліктеріне жауап беретін және көшіп-қонушылардың қүқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық, шаралар кешені түсініледі.
Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді.
Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Көші-қон саясатының субъектілері-орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Мемлекеттік органдардың көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі әріптестері қоғамдық бірлестіктер болуға тиіс.
Тұжырымдама адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, көші-қон саясатының негіздерін айқындайды.
Көші-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген. Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін ескереді.
1. www.google.kz
2. Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” заңы.
3. ‘Егемен Қазақстан’ газеті.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Көші-қон ахуалын бағалау.
2. Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары.
3. Көші-қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары.
4. Көшіп келуді бақылау жүйесін жасау және дамыту.
5. Көші-қон саясатын іске асырудың нысандары мен әдістері.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан
әрі-Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының,
басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін
тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді. Осы тұжырымдамада көші-қон
процестерін реттеу деп-Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық
қажеттіліктеріне жауап беретін және көшіп-қонушылардың қүқықтарын іске
асыруды қамтамасыз ететін бағыттарда адамдардың қоныс аударуын
ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкімшілік және әлеуметтік-
экономикалық, шаралар кешені түсініледі.
Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге,
елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді.
Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының
құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым
міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Көші-қон саясатының субъектілері-орталық және жергілікті атқарушы
органдар болып табылады.
Мемлекеттік органдардың көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі
әріптестері қоғамдық бірлестіктер болуға тиіс.
Тұжырымдама адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде,
жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, көші-қон саясатының негіздерін
айқындайды.
Көші-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына,
халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына,
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан
Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге
негізделген. Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің отандық және
шетелдік тәжірибесін ескереді.

1. Көші-қон ахуалын бағалау
Қазақстанның халық көші-қоны саласындағы ерекшелігі мемлекет
дамуының тарихи ерекшеліктерінен туындаған көп ұлтты адамдар
қауымдастығының орнығуы болып табылады. Мәселен, 1968 жылға дейін
республика үшін халықтың көші-қонының онды сальдосы тән болды, яғни,
елімізге келушілердің саны одан кетушілердің санынан едәуір көп болды.
Мысалы, 1950-1959 жылдар мен 1960-1969 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде
1000 адамға шаққанда республикадағы халықтың көші-қон өсімі тиісінше 12
және 5 адам болды.
Алайда, 1968 жылдан бастап қазіргі кезге дейін республиканың көші-
қон процесінде кері ахуал қалыптасты, яғни елге халықтың келуінен гөрі
кетуі неғұрлым жедел қарқында. Мысалы, 1970-1979 жылдар мен 1980-1989
жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республика
халқының көші-қон есебінен кемуі тиісінше 5 және 7 адамды құрады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуымен, бұрынғы
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының трансформациялық процестерінің
басталуымен жөне басқа да көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
елдеріндегі сияқты Қазақстаңда жекелеген этникалық топтардың тарихи
Отанына оралу мүмкіндігінің кеңеюімен көші-қонның теріс сальдосының өсу
үрдісі қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде көші-қонның теріс сальдосы
халықтың осы кезендегі табиғи өсімін толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990
жылдарда табиғи өсім, туу санының күрт азайып кетуі және 1980 жылдармен
салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебінен 2 есеге дерлік
азайды), сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кетті.
Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалы мынадай негізгі
процестермен сипатталады:
1. Эмиграцияда халықтың бұрын патша заманында Қазақстанға
жіберілген, сталиндік режим жылдарында жер аударылған, тың және тыңайған
жерлерді игеруге жіберілген орыс тілді бөлігі өкілдерінің және әскери-
өнеркәсіп кешеніне қызмет көрсететін контингенттің кетуі басым;
2. Көшіп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ол мынадай
жағдайлардан:
өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау ниетінен;
әскери жанжалдар салдарынан;
тарихи отанына оралу ниетінен туындап отыр.
3. Ішкі көші-қонда:
аграрлық сектордың құлдырауы нәтижесінде ауылдық елді мекендерден
халықтың көшіп кетуі;
қаланы ұстап тұған кәсіпорындар мен өндеу кешендерінің тоқтап
қалуы салдарынан шағын және орташа қалалардан- кетуі;
экологиялық себептер салдарынан Семей полигоны аймағы мен Арал
өңірінен халықтың көшіп кетуі.
4. Қазақстан Республикасының геосаяси орналасу жағдайынан,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен шекаралардың ашықтығынан,
достастық елдерінің біріңғай келісілген саясаты болмауынан және заңдық
базаның жетілмеуінен туындаған заңсыз көші-қон.
5. Ішкі еңбек рыногында өзіміздің еңбек ресурстары асып-артылып
жатқан кезде шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты еңбек көші-қоны.
6. Бірқатар мемлекеттердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығы
салдарынан босқындардың болуы.
Көші-қон проблемаларын шешу Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың тұрақтану перспективаларымен айқындалады.
2. Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары
Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару,
тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік
қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін
жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына қағидаттарға:
көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды
нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі,
белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол
бермеуге;
көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу
саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;
жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің
барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;
Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты
ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен
әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;
жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.
3. Көші-қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі
бағыттары.
Көші-қон ахуалының қазіргі кездегі жағдайына және даму
перспективасына талдау жасау: біріншіден, көші-қон проблемаларын шешудегі
басымдықтарды; екіншіден, өтпелі кезенде оларды шешудің негізгі
бағыттарын, тетіктерін және көші-қон процестерін реттеу жөніндегі
бағдарламаны әзірлеуді және оны ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-
экономикалық тұрақтылық пен елдің тұрақты дамуы кезеңіне іске асыруды
айқындауға мүмкіндік береді.
Көші-қон саясатының неғұрлым елеулі басымдықтары ретінде:
өтпелі кезеңнің мәселелерін шешу үшін:
оралмандарды жайластыруға, қоныстанған жеріне олардың бейімделуіне
және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды
бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
мәжбүрлі көші-қон, соның ішінде заңсыз көші-қон ағыны мен одан
туындайтын теріс салдарлардың алдын алу және жолын кесу;
босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тезірек
бітеқайнасып кегуі және олардың өздері шыққан мемлекетке ерікті түрде
қайтып оралуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін
құру және дамыту;
эмиграция процестерін азайтуға және тұрақтандыруға, соның ішіңде
республиканың интеллектуалдық әлеуетінің кетуін болдырмауға жәрдемдесу;
ішкі және сыртқы еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз ету;
ұзақ мерзімдік перспективада:
әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды жасау және соның негізінде
көші-қон ағанын қайта бағдарлау;
Қазақстанның геосаяси жағынан маңызды аймақтарында халық санының
сақталуына және одан әрі қалыптасуына жағдайлар жасау;
халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркениетті ықпалдасуын
қамтамасыз ету, қазақстандық эмигранттар арасынан білікті мамандардың
қайтып оралуын ынталандыру;
Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бакылау ісінің
бірыңғай жүйесін енгізу және жүзеге асыру жолымен көшіп келу процестерінің
бақылануын қамтамасыз ету;
шет елдердегі отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау
және дамыту болып табылады.
Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктері
Өтпелі кезең үшін:
1. Оралмандарды жайластыруға, олардың қоныстанған жеріне
бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне,
қарулы жанжалдарды бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға
барынша жәрдемдесу;
Оралмаңдардың жаңадан келген жерінде бітеқайнасып кетуі мыналарды
көздейді:
мемлекет кепілдік беретін негізгі құқықтары мен бостандықтарын
іске асыруға қажетті жағдайлар жасау және көмек көрсету;
өлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге
асыру, жайластыруға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға және қайта
инвестициялауға мүмкіндік беретін жүйе жасау, жұмыссыз оралмандарды
жұмысқа орналасуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастаманы
көтермелеу, өлеуметтік қорғау жүйесіне нақты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Оралмандарға көмектесу бағдарламаларын аймақтарды әлеуметтік-
экономикалық дамытудың бағдарламаларымен неғұрлым тиімді ұштастыру
мыналарды көздейді:
тұрғылықты халықтың мүдделерін ескеру. Оралмандарға көмек көрсету,
олар жинақы орналасқан аудандарда инфрақұрылымды дамыту кезінде тұрғылықты
халық арасында реніш тууына жол бермеген жөн. Бұл реттте, көшіп келушілер
мен жергілікті халық арасындағы этникалық, мәдени, тілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көші қон факторлары
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Көші - қон үрдісінің қауіпсіздікке ықпалы
Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі
Көші-қон саясаты
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Заңсыз иммигранттар
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Пәндер