Менің қасиетті қазақ тілімде бүкіл әлем сөйлей бастады


Салтанат Альменова
Астана-2009
МЕНІҢ ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ТІЛІМДЕ БҮКІЛ ӘЛЕМ СӨЙЛЕЙ БАСТАДЫ
«Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін бір ғана нәрсе - білім»
М. О. Әуезов
Өзге ұлт өкілімен терезең тең дәрежеде сөйлесуің үшін бір ғана дүние қажет, ол - білім. Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов ел болашағы мен ұлт тағдыры табиғаты дарынды, адымы алымды, ойы шалымды жастардың қолында екендігін айтқан. Халқының алдағы күндеріне алаңдаған асыл текті арыстардың қайсысы болмасын мектеп жайына, білім беру саласына, оқу үрдісіне аса көңіл бөліп жатқандарын байқауға болады.
Иә, азат, тәуелсіз ел болғанымызға 20 жылдай болып қалды. Осы уақыт ішінде еліміз саяси үлкен қадамдар жасап, демократиялық қоғамға бет бұрды. Бүкіл әлемдегі дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекеттер де осы бағытта өркендеуде. Ал мен үшін демократияны іс жүзіне асырудың алғашқы қадамы - ұлттық мәдениет пен тілді насихаттап енгізуге мүмкіндіктің болуында. Нақты айтар болсам, бұл - халқымыздың ұлы мәдениеті мен тілінің қасиеттілігін жасөспірімдердің санасына жеткізу. Мысалы, ана тіліңді құрметтеу, үлкенді тыңдай біліп, оның жолын кесіп өтпеу, сөйлеп отырған адамның сөзін бөлмеу, кішіге қамқорлық жасау, сөзге тоқтау, ата-бабалардың рахметі мен батасын алуға ұмтылу.
Әр елдің саяси даму жүйесі өзінің тарихына, ұлттық ерекшелігіне байланысты. Қазіргі Батыс елдерінің демократиясын біздің елімізге көшіріп әкеп енгізсек, ол ұлттық үрдіс, салт-дәстүр, қалыптасқан өзіміздің мәдениетіміздің тұнығын лайландырады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді халық даналығы. Ұлы ойшыл әл-Фараби: « . . . Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы», - деп айтқандай, баланың бойына ең алдымен білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерді дарыту қажет.
Қазақ халқы аузымен құс тістеген ақиық ақындарының, тобықтай түйінді сөзімен тосаңсыған көңілдің мұзын жібіткен дүлдүл жырауларының, сөзі мен ойы астасқан дуалы ауыз шешендерінің ұрпақтан-ұрпаққа тараған тағылымды мұраларымен халық мұратын аласартпаған айбынды ұл, қырмызы қыз тәрбиелеген ата дәстүріміз қандай терең?! Сол үлгілі үрдістің уызын сақтап, озығын саралап, жаңа заманға лайықты жүйелі білімге ұштастырып отыру қажет.
Туған тіл, туған тарих, туған дәстүр, салт- сана - тәуелсіздік тұғыры.
«Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі», - дейді Ғабит Мүсірепов.
Қазақстан тәуелсiздiк алғалы төрткүл дүниеге есiгiн айқара ашты. Бұрынғы кеңестiк жүйеде шикiзат көзi болған елдiң жер қойнауының табиғи байлығы алпауыт мемлекеттер үшiн жаңалық болмай шықты. Олардың барлау орталықтары бiздiң байлығымызды әлдеқашан «барлап» қойса керек, тәуелсiздiк жариялана салысымен елiмiзге көптеп инвестиция салынып, әлемдiк iрi компаниялар қазба байлықтарымызды игере бастады. Оған Қазақстанның сыртқы саясатының оңтайлы болуы да әсерiн тигiздi. Нәтижесiнде елiмiзге келiп жатқан шетелдiк мамандар легi толассыз артуда. Өйткенi инвестиция дегенiмiз қаржы көзiмен шектелмейдi. Ол, сонымен бiрге, жаңа технология, өндiрiс мамандары, менеджерлер және т. с. с. болып жалғасады.
Дамыған Батыс елдерi өздерi құрған қоғамды «ашық қоғам» деп атайды. Ал кез келген ашық қоғамда демократиялық құндылықтар мен азаматтық заңдардың үстемдiк етуi - қалыпты жағдай. К. Поппер: «Азаматтық қоғамның мәнi азаматтардың құқықтық шектелуiнде емес, керiсiнше, әрбiр азаматтың заңды бұлжымай орындауы қажеттiлiгiнен туындайды», - деген болатын. Яғни, Гегель тiлiмен айтқанда, адам қажеттiлiктi мойындағанда ғана еркiн бола алады. Сонда ғана қоғамда белгiлi бiр тәртiп, белгiлi бiр бағыт айқын болады. Ал қоғамның қарқынды дамуы осы айқындыққа байланысты. Осындай қағиданы ұстанған батыстық қоғамдық институттар мен шет ел азаматтары, алдымен, бiздiң Ата Заңымызда: «Қазақстанда мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi» деп көрсетiлген Заңды құрметтейдi. Және де олар Заңның орындалатынына (болмаса ол қандай Заң) шек келтiрмейдi, сол себептен осы тiлдi үйренуге күш салуда.
Олардың бұл әрекетiнiң астарында саяси мәселелер де жоқ емес. Өйткенi олар тәуелсiздiк алған Қазақстан, тағы да сол Конституция бойынша, «ресми» деп жарияланған орыс тiлiнiң арқасында, әлi де Ресейдiң ықпалынан шыға алмай отыр деп санайды. Және бұндай жағдайдың шындыққа жақын екендiгi де рас. Ал бұл нарықтық бәсеке кезiнде Батысқа ұнап отыр дей алмаймыз. Экономикамыздың дамуына миллиардтаған қаржы құйып отырған мемлекеттер Қазақстанда қазақ тiлiнiң тез арада үстемдiк етуiне өте-мөте мүдделi. Сонда ғана тәуелсiздiгi толыққанды Қазақстан мемлекетi инвестиция салымы жоғары елден оның қайтарым кепiлдiгi жоғары елге айналады.
Тарихи өлшеммен алып қарағанда жаңадан құрылған тәуелсiз мемлекетке өз атын берiп отырған қазақ ұлты өкiлдерi де қазақ тiлiнiң заңды мәртебесін қалпына келтiруге мейлiнше күш салуда. Қазақ тiлiн дамытуға, қолданысқа енгiзуге бағытталған қаржы көзi үш есеге артып, одан әрi ұлғая түспек.
Бiршама университеттерде қазақ тiлi шет тiлдерi қатарында оқытылу қолға алынды. Және де өзара байланыс артқан сайын, ондай кафедралардың, факультеттердiң саны арта беретiнiн болжауға болады. Бұл үрдiс бiздегi қазақ тiлiнiң жағдайына тiкелей байланысты емес, дегенмен елiмiзге келген американдық қазақи тiл ортасына тап болып жатса - ол барлық жағынан алғанда әдiлеттi, әрi дұрыс болар едi.
Қытай мемлекетi үшiн қазақ тiлiн оқыту мәселесi тарихи тұрғыда қалыптасқан. Өйткенi ол елде бiр миллионнан астам қазақтар тұрып жатыр. Сондықтан қазақ тiлi факультеттерi орталық университеттерде бiз тәуелсiздiк алмай тұрып-ақ ашылған болатын.
Осы аталған факторларды ескере отырып, болашақта әлемдiк кеңiстiкте қазақ тiлiне деген қызығушылық өсе бередi деп болжам жасауға болады. Ол бiздiң елде қазақ тiлiнiң өзiнiң заңды мәртебесiне ие болуына тiкелей байланысты. Ендеше, қазақ тiлiн меңгеру, оны оқыту тәсiлдерi туралы мәселелер актуалдылығын ешқашан жоғалтпайды. Және де бұл жалаң сөз емес. Оған дәлел ретiнде бүгiнгi таңда Америка университеттерiнде ғана емес, сонымен қатар басқа елдердiң де студенттерi қазақ тiлiн оқып жатқандығын келтiруге болады. Солардың iшiнде Америкада жарық көрiп жатқан ағылшын тiлдiлерге арналған қазақ тiлі оқулықтары мен сөздiктерi - ерекше атап өтуге тұрарлық нәрсе. Бұл оқулықтар мен сөздiктердiң iшiнен АҚШ-та 1994 жылы жарық көрген «Kazakh {Qazaq} \ English Dictionary Karl A. Krippes dp Dunwoody Press Kensington. Morylond» сөздiгiнiң маңызы жоғары. Бұл сөздiкте қазақ тiлiнiң бай қоры (24000) мейлiнше толық қамтылған. Бiр түбiрден жасалған сөздер сөздiк жүйелiк тәртiбiн сақтай отырып, сын есiм, идиома және жиi қолданылатын, т. б. нұсқаларда берiлген. Тiптi, осы түбiрден жасалған жер-су аттары да ескерiлген. Мысалы:
Ащысай n. Ashasai {citi, Qaz. }
Ащысу n. Ashshysu {river. Qaz. }
Әр сөздiң алдында оның қай сөз табынан екенiн көрсетiп, түсiну процесiн жеңiлдететiн шартты белгiлер бар. Бұл сөздiк АҚШ-та толықтырылып, жаңадан өңделiп қайта басылғалы жатыр. Жалпы, түркi тiлдерiн оқыту жөнiндегi американдық саяси емес ассоцация 1985 жылы құрылғаны белгiлi. Содан берi АҚШ пен Канадада түркi тiлдерi шеңберiнде қазақ тiлi оқытылып келедi. Ол мына университеттерде жүзеге асырылуда:
-Индиана штаты. Блюмингтон университетi;
-Калифорния штаты. Лос-Анжелес университетi;
-Кентаки, Лехингтон университетi;
-Амес, Лова университетi;
-Вашингтон, Сиеттл университетi;
-Мадисон, Висконсин университетi;
-Аризона штатының университетi.
АҚШ-та қазақ тiлi маманы, доктор Аблахат Ибрагим жұмыс iстейдi. Ол қазақ тiлiн Қытай қазақтарынан, Үрiмшi қаласында үйренген. Қазiр АҚШ-та оның басшылығымен қазақ тiлiн алғаш рет өздiгiнен үйренушiлерге арнап аудио және бейне таспалар шығып отыр. Бұл таспалар ағылшын тiлдiлерге арналған. Сонымен бiрге, АҚШ-та Қазақстанға келу ойы бар азаматтар үшiн қай өңiрге, қанша уақытқа баратынына байланысты тiл үйрету, мәдениет, салт-дәстүрлермен таныстыру қызметiн көрсететiн арнайы ақылы мекемелер де бар екендiгi белгiлi. Осылайша Америкада қазақ тiлiн оқыту негiздерi бiртiндеп қаланып келедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz