Гольф – белсенді демалыстың тамаша түрі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Гольф дегеніміз жасыл алаңдағы бірінші кадамдардан - ақ қызықтырып әкететін таңғажайып ойын.
Гольфтың дүние жүзі бойынша миллиондаған табынушылар жүрегін жаулап алуының себебтері неде?
Біріншіден, бұл ойынды жалғыз ойнауға болса да, жоқ дегенде бір серіктестің болуы ойынды қызықтыратыны даусыз. Қызықты серіктес табудың ешқандай қиындығы жоқ, өйткені гольф ойынын әр деңгейлі ойыншалар ойнай бере алады. Сонымен қатар гольфта төреші керек жоқ. Әр ойыншы гольф алаңына шығудан бұрын өз нәтижелерін жазып отыратын арнайы карточка алады.

Гольф - белсенді демалыстың тамаша түрі. Ол үлкен тәндік жуктемені талап етпесе де, күш шығындамасаң тағы да болмайды.

Гольф тарихы.
Гольф ойынының пайда болуына байланысты аңыз бойынша, кәдімгі бақташы жағалау бойындағы құм тобелерде кезіп жүріп, байқамай таяқпен домалақ тасты бір соғып, кездейсоқ қоянның ініне кіргізіп жібереді. Кейінірек бақташыға жаңа ермекті ұнатып қалған достары қосылады. Бірнеше уақыттан кейін тастар доптарға, қоянның індері - лункаларға, ал таяқтар - клюшкаларға алмастырылды.

Гольф отаны атағын алуға көптеген мемлекеттер үміттенеді. Мысалы, Голландия елінде kolven ойыны кеңінен тараса, ежелгі Рим тұрғындарында гольф ойынына ұқсас “паганика” ойыны болған. Қытайлықтардың жобалауы бойынша, қазіргі гольфтың арғы алыс атасы біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырларда Аспанасты елінде өмір сүрген “гуй ван” ежелгі ойыны. Өз болжамдары франсуздармен бельгиялықтарда да тіршілік етеді.
Соған қарамастан классикалық гольфтың отаны болып, қасиетті Андрей табыты орналасқан және алты ғасыр бұрын тұрғызылған шіркеуі бар кішкене шотландиялық Сент-Эндрюс қалашығы саналады. Дәл осы шіркеу жаймасөрелерінің бірінде қолында клюшка ұстап тұрған адам бейнесін көруге болады.

Алғашқы жазылған гольф атауы және гольф ресми тарихының басы болып қабылданған дерек 1457 жылға жатады. Тура сол кезде Джеймс патша, әскерлерінің осы ойын үшін өздерінің негізгі міндеті - садақ ату жаттығуларынан қашқақтағандықтан, гольф ойынына тыйым салды. Тыйым Шотландия парламентінің қаулысында білдірілді.

Гольф ойыны өзінің дәстүрлері мен аңыздарын қастерлеп - сақтап келе жатқан ерекше бір мәдениет. Мысалы, алғашқы болып әйелдер тарапынан гольф ойыншысы атағына ие болған Шотландия патшайымы Мария Стюарт. Ежелгі гольф - клуб атағы үшін 1744 жылдың наурыз айында құрылған "Джентльмен Голферз" (қазіргі аты - "Онорабл Кампани оф Эдинбург Голферз") және өзінің құрылу мерзімін 1735 жылдан бастап санайтын "Ройял Бергес Гольфинг Сегайити" күні бүгінге дейін талас жүргізуде.

1870 жылы сэр Дэвид Манкрейф және эксвайр Джон Вайт-Мелвин арасындағы таластың шарты бойынша екеуінің кайсысы ұзақ өмір сүрсе, сол қасиетті Эндрю атындағы гольф - клубына осы паридың шарттары жазылған өзінің күміс клюшкасын сыйға тартуға міндетті еді. 13 жылдан кейін клюшканы дәл осы клубқа мистер Вайт-Мелвин сыйға тартады. Сол жылы ол клуб төрағасы қызметіне сайланып, бірақ жаңа міндеттеріне кірісуге үлгермей, қайтыс болады. Оның портреті әлі күнге дейін клубтың шылымшегетін бөлмелерінің бірінде ілулі тұр.

XX ғасырда гольф Айға дейін жетті! 1971 жылдың ақпан айында "Аполлон-14" ғарыштық кеме капитаны Алан Шепард екі допқа екі соққы жасады. 1974 жылы ғарыштағы ойында Алан пайдаланған клюшка мұражайлардың біріне сыйға тартылды. Гольфқа қатыстыру дегеніміз тек спорттың жаңа түріне қызықтыру ғана емес - бұл дәстүрлерімен бай, эстетикалық, аристократиялық және көпқырлы мәдениетке жақындау.

ГОЛЬФ ОЙЫНЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Гольф - бұл «ти» алаңы ретінде белгілі, арнайы дайындалған аймақтан доп таяқпен «фервей» (ескерту: тура аудармасында «тік жол» дегенді білдіреді) және «раф» (ескерту: аудармасында «тұрпайы», «қырқылмаған» дегенді білдіреді) арқылы басқа шұңқыр бар арнайы дайындалған «паттинг-грин» (ескерту: орыс тілінде баламасы жоқ термин және шұңқырдың айналасында ерекше тықыр етіп қырқылған алаңқайды білдіреді) деп аталатын аймаққа қарай доп соғылатын ойын. Ойынның мәні «шұңқырдан өту», яғни ойынды «ти» алаңынан бастап «паттинг-гринде» орналасқан шұңқырға аз соққы санымен дәл түсу қажет. «Гольф айналымы» осындай 18 шұңқырдан тұратын ойыннан тұрады.

Ойынның негізгі екі түрі бар, оның бірі ұтып алынған немесе ұтылған шұңқырлар («матчтық ойын») арақатысымен анықталады, ал екіншісі - айналымды аяқтау үшін ұрылған соққылардың жалпы санымен («соққылар санына ойын») .
Гольф ойыны барысында 3 негізгі ұстанымды есте сақтау қажет:

«Алаңда барынша ойна

Допты түскенінше ойна

Егерде екеуі де болмаса, әділдікке жүгін»

Әділ болу үшін Ережені білу қажет. Төменде гольфтің Ережесінің қысқаша, мүмкіндігінше қарапайымдатылған мазмұны берілген.

Этикет

Этикет дегеніміз сыпайылық ережесі, алаңдардағы тәртіп, сондай-ақ алаңдардың жағдайына деген қамқорлық. Алайда төменде берілген бөлімдер Ережеге жатпайтын болса да, олар ойынның маңызды бөлігін құрайды.
Соққыға дайындалған ойыншыға жақын тұрмаңыз, оған қимылдармен немесе әңгімемен кедергі жасамаңыз.
Алда келе жатқан топ қауіпсіз қашықтыққа алыстағанша ойынды бастамаңыз.
Ешқашан ойынды бөгемеңіз. Өз тобыңыздың барлық ойыншылары шұңқырдан өткеннен кейін «паттинг-гринді» бірден босатыңыз.
Сіздерден жылдам ойнайтын топты алдыға жіберіңіз.
Қыртысын қалпына келтіріңіз. «Бункерлерде» іздерді тегістеңіз. (ескерту: бұлай деп арнайы құмдауыт торларды атайды) .
Серіктесіңіздің «паттинг» сызығына тұрмаңыз.
«Паттинг-гринге» доп таяқшасын шығармаңыз.
Жалаушаны орнына дұрыстап қойыңыз.

Терминология

Гольф Ережесінің бұл бөлімі ойынның Ережелерін жасау негізін қалыптастыратын қырықтан астам шартты белгілерден тұрады.
Анықталған терминдерді жақсы білу Ережені дұрыс қабылдауға себін тигізеді. Олардың ішінде:
«Ти» алаңы - екі «ти» маркерлермен белгіленген шұңқырға қатысты бастапқы ұстаным.
«Гринге» дейін - «ти» және «паттинг-грин» алаңынан, сондай-ақ барлық кедергілерден басқа ойналатын шұңқырға қатысты гольф-алаңының барлық кеңістігі.
Кедергілер - кез келген "бункер" немесе су кедергісі.
"Паттинг-грин" - 4, 25 дюйм диаметрлі шұңқыр орналасқан «паттинг» үшін арнайы дайындалған аймақ.
Алаңнан тысқары - ойын ойнауға тыйым салынған және гольф алаңына жатпайтын кеңістік. Доп алаңнан шығып қалған кезде алаңнан тысқары қалды деп есептеледі.
Еркін бөгеуіл - табиғи заттар, мысалы, тас, жапырақтар мен бұтақтар, тек олар тіркелмеген болса, немесе өспесе, топыраққа қатты кірмесе және допқа жабыспаса.
Кедергілер - адаммен жасалған кез келген заттар, келесілерден басқа:
а) алаң шегін көрсететін заттардан;
б) алаң шегінен тысқары тұрған қозғалмайтын және адаммен жасалған заттардың қандай да бір бөлігінен;
в) Комитетпен Жергілікті ережелерде алаңның ажырамас бөлігі деп жарияланған кез келген имараттардан.
Кездейсоқ су - ойыншы соққы үшін дайындалғанға дейін немесе кейін белгілі болған алаңдағы кез келген уақытша судың толып қалуы (шық немесе қырау кездейсоқ су болып табылмайды) .
Жөнделетін аймақ - Комитетпен белгіленген гольф-алаңының кез келген бөлігі. Соның ішінде шығаруға дайындалған қалдықтар немесе гринпикермен жасалған тесік, егер ол белгіленбеген болса да.

Ойын ережесі

Негізгі ережелер

Айналымды бастар алдында келесілерді жасаңыз:
а) Есепке алу карточкасындағы Жергілікті ережені оқыңыз ;
б) допқа сәйкестендіру белгісін салыңыз. Гольф ойыншыларының көпшілігі доптың бір маркасымен ойнайды, егер де сіз өз добыңызды сәйкестендіре алмасаңыз, ол жоғалған болып саналады;
в) өз доп таяқтарыңызды санаңыз. Ең көп дегенде 14 доп таяқ ұстауға рұқсат етіледі.
Ойын кезінде өз серіктесіңізден немесе кэддиден басқа ешкімнен кеңес сұрамаңыз.
Шұңқырға ойнау барысында жаттығу соққыларына тыйым салынады.

"Ти " -мен соққы

Допты «ти»-маркерлерінің арасына, алдына емес, «ти»-ге орнатыңыз.
Допты алдыңғы сызықтан 2 доп таяқ ұзындығы шегінде «ти»-маркерлердің артына «ти»-ге қоюға рұқсат етіледі.
Матчтық ойында бұл аймақтан тысқары жердегі «ти»-мен соққы үшін айып салынбайды, бірақ та сіздің қарсыласыңыз соққыны қайталауды сұрауы мүмкін; есеп ойынында сізге 2 соққы айып салынады, содан кейін ойынды дұрыс аймақтан жалғастыру қажет.

Доппен ойын

Доп қандай қалыпта тұрса, солай ойнаңыз. Өз қалпыңызды, болжанатын «свинг» үшін шартты (ескерту: бұл гольфтағы допты соғу үшін құлаштау техникасы) немесе допты қозғалтпай және бекітілген заттар мен өсімдіктердің қандайын болмасын иілтпей немесе сындырмай ойын сызығын бұзбаңыз, тек тікелей ойын қалпын қабылдау немесе «свинг» процессінің нәтижесінен басқа. Ойын қалпын қабылдау үшін жағдайды жасанды жақсартпаңыз және ештеңені қыспаңыз.
Егер доп бункерде немесе су бөгеуілінде болса, допты соғуға дейін бункер бетіне немесе су бөгеуіліндегі жер немесе су бетіне тимеңіз.
Допты толыққанды соққымен ұрыңыз, бірақ ол соққы немесе ырғу болмасын.
Бөтен доппен ойнау (кедергідегі қалыптан басқа) матчтық ойында шұңқырдың жеңілісін білдіреді, ал соққы есебі ойынында («строук-плей») екі соққы айыбы салынады, содан кейін дұрыс доппен ойнау керек.

" Паттинг-грин" -де

«Патти» сызығында орналасқан тек доптардың немесе ескі шұңқырлардың ізінғана түзетуге рұқсат етіледі, басқа зақымданулардан басқа, аяқ киімнің іздерін қоса.
«Паттинг-гринде» жатқан допты белгілеуге, көтеруге және тазалауға рұқсат етіледі. Доп әрқашан тура бұрынғы орнына қайта оралуы тиіс.
«Паттинг-гриннің» үстіңгі бетін ұстап немесе допты домалатып тексеруге тыйым салынады.
Егер де «паттинг-гриннен» ойналатын доп жалауша ағашына тисе, онда матчтық ойында бұл шұңқыр жеңілісін білдіреді, ал соққыны есепке алу ойынында - 2 соққы айып салынады.

Қозғалыссыз тұрған доп жылжытылса.

Егер қозғалыссыз күйде тұрған допты сіз, сіздің серіктесіңіз немесе «кэдди» Ережемен қарастырылмаған тәсілмен қозғалтса, немесе ол сіздің соққыға дайындалуыңыздан кейін жылжыса, 1 айып соққысын қосыңыз және допты бұрынғы орнына қойыңыз.
Егер қозғалыссыз күйде тұрған доп басқа біреумен немесе екінші бір доппен жылжытылса, оны айыпсыз бұрынғы орнына қойыңыз.

Қозғалу кезінде доп бағытын өзгертсе немесе тоқтатылса

Сіз соққан доп сіздің кінәңізден, сіздің серіктесіңіздің немесе «кэдди» кінәсінен бағытын өзгертсе немесе тоқтап қалса - матчтық ойында сіз шұңқырға жеңілесіз, ал соққыны есептеу ойынында - 2 соққы айып аласыз, ал доп тұрып қалған күйінде ойналады.
Сіз соққан доп бөтен біреудің кінәсінен бағытын өзгертсе немесе тоқтап қалса - доп тұрып қалған жерден ойынды айыпсыз жалғастырыңыз, тек келесілерден басқа: а) егер доптың бағытының өзгеруіне қарсыласыңыз немесе оның «кэддиі» кінәлі болса, сіз соққыны қайталауды таңдау құқына ие болатын матчтық ойыннан басқа; б) соққыларды есептеу ойындардан басқа, егер доп бағытын «паттинг-гриннен» өзгертсе. Онда сіз оны қайталауға міндеттісіз.
Егер сіз соққан доп қозғалыссыз күйде тұрған басқа доппен соғылып бағытын өзгертсе немесе тоқтап қалса, ойын айыпсыз сол орыннан жалғасады, ал соққыны есептеу ойынында бұл үшін 2 соққы айып салынады, егер сіздің добыңыз және басқа доп соғуға дейін «паттинг-гринде» болса.

Допты көтеру, лақтыру және орнату

Егер доп бұрынғы орнына қою мақсатында көтерілсе, онда оның қалпын белгілеу қажет. Егер доп кез келген басқа қалыпқа лақтырылса немесе орнатылса (мысалы, жөнделетін аймақтан шығуда және т. б. ), доптың бұрынғы тұрған орнын белгілеу ұсынылады.
Допты лақтыру кезінде тік тұрыңыз, допты иығыңыздың деңгейінде ұстаңыз және допты қолыңызды соза лақтырыңыз. Доп сізге, сіздің серіктесіңізге немесе «кэддиге» тиген жағдайда, айыпсыз қайтадан лақтыру қажет. Лақтырылған доп лақтыруды қайталау қажет болатын қалыпқа домалап кететін 8 жағдай бар. (20-2 с Ережені қараңыз) .
Доптың қалпы ойынға кедергі болады немесе оны жақсартады

Допты қалпы кез келген басқа ойыншының ойынын жақсартуы мүмкін болса, допты көтеруге рұқсат етіледі.
Сіздің ойыныңызға кедергі келтіретін немесе кез келген басқа ойыншының ойынын жақсартатын кез келген доп сіздің талабыңыз бойныша көтерілуі мүмкін.

Еркін бөгеуілдер

Еркін бөгеуліді жылжытуға рұқсат етіледі, доп және бөгеуілдің өзі қоршауда болған жағдайндан басқа. Сонымен бірге, егер сіздің добыңыз еркін бөгеуілмен сіздің жанасуыңыздың нәтижесінде сіздің добыңыздан доп таяқ ұзындығы шегінде жылжыса (доптың «паттинг-гринде» болуы жағдайынан басқа) допты бұрынғы қалпына қою қажет және айып соққысын беру керек.

Кедергілер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Теңіздік круиздерді қалыптастыру ерекшеліктері мен дамытудың теориялық негізі
Бос уақыттың құрамдас бөліктері
Экзотикалық туризм түрлері
ALL INCLUSIVE ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Аустралиядағы экзотикалық туризм
Яхталардың жіктелуі түрліше
Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы
Кендірлі демалыс кешені туристік база ретінде дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz