Ибн Рушд ілімінің батыс әлеміне әcepi



1.Ибн Рушд ілімінің қалыптасуы.
2.Ибн Рушдтың ғылыми философиялық ілімінің батысхристиан және Яхуди философиясына ықпалы.
3.Ибн Рушд ілімінің батыс ойшылдар тарапынан талдануы.
А) Христиан философиясына әcepi:
Ибн Рушдтен алғашқы әсер алған христиан ойшылдарының қатарында Мишел Скотт және Герман Алеманд болды. XIII гасырда Ибн Рушдтен әсер алғандардың ең маңыздысы Роджер Бэкон және Сайнт Томас бол¬ды. Дегенмен, Ибн Рушдтің христиан дініне қайшы келетін ой-тұжырымдарын аталмыш адамдар және оларды қолдаушылар өздеріне қабыл етпеген. Ал одан басқа көзқарастарын тікелей қабылдап, өз еңбектерінде сілтеме жасаған.
XIII ғасырда Францияда болған діни жиналыстарда шіркеу мен дін адамдары Ибн Рушдті қолдауға тыйым салған.Ал тыйымға қарамастан.Ибн Рушдті қолдағандарды өлтіріп, қамауға алатын болған. Дегенмен, Еуропада Ибн Рушд iлiмiн оқыту тоқталмаған.
Ә) Яхуди философиясына әсері:
XII және XIII гасырларда Ибн Рушдтен әсер алған яхуди философтарының арасында Муса Ибн Меймун және оның шәкірті Жозеф бен-Жуда болды.
Яхуди ойшылдары Ибн Рушдтің көбінесе рух және хатыр туралы көзқарастарын қабыл етіп, еш өзгеріссіз қолданған. Ибн Рушдтің пікірлері яхуди ойшылдары арасында XIV-XV ғасырға дейін қолданылған. XIV бастап яхудилер арасында оның идеялары өз күшін жоғалта бастады. Дегенмен, қaзipгi таңға дейін Ибн Рушдтің « Талхисул Мантық » атты еңбегі яхудилер apaсында қолданылады.
Фәлсафа тарихын Ибн Рушдпен аяқтауға болмас, алайда ол ойлау мәдениетінің осы 6ip ерекше бағытының классикалық, соңғы өкілi. Ибн Рушдтан кейін фәлсафа, бip жағынан, Ибн Халдун айтқандай, мутакаллимдермен бірге қайнасып кетсе, екіншіден, бұл Кордово ойшылының "ғұмыры" Еуропада ұзақ жылдарға созылды. Ибн Рушд дүниеден қайтқаннан кейін, Еуропа университеттерінде "аверроизм" деген ілім қалыптасты. Бұл тұста ерекше ескерілетін мәселе, Ибн Рушдтың ізбасарлары мұсылман дініндегі ойшылдар емес, діні католиктер болатын. Сонымен бipre, ортағасырлық, еврей философиясына да Ибн Рушд әcepi айтарлықтай болды. Ол әcipece Моисей Маймонид сияқты ipi ойшыл еңбектерінде нақтылы аңғарылады. Еврей философтары Ибн Рушд еңбектерін латын тіліне аудару iciмен XII гасырда Толедо қаласында айналысты. 1217—1256 жылдары Михаил Скот және Герман Немец Ибн Рушдтың Аристотельдің "Аспан туралы", "Жан туралы", "Метафи¬зика", "Риторика", "Поэтика", "Пайда болу және жойылу", "Никомахова этика" сияқты шығармаларына жасаған, комментарийлерін латын тіліне аударды. Бұл iсті аудармашылар Толедодан өзге жерде, яғни Сицилиядағы Гогенштауфендер сарайында да жүргізді. Сөйтіп, Ибн Рушд христиан әлеміне eciмi кеңінен тарай бастады. Христиан әлемі Аристотельді Ибн Рушд арқылы тани бастайды, мұндай қызмет мұсылман дүниесінде әл-Фараби есімімен байланысты болды.
1. Ә. Нысанбаев, Д.Кенжетай, Ғ. Құрманғалиева, Н. Сейтахметова «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 19-том. «Қазіргі мұсылман философиясы». – Алматы : «жазушы», 2008. 156 – 165 бб.
2. Д.Неру «Үндіні ашу». Москава, 1989 – 360б
3. Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А. Қасабеков философия және мәдениеттану: Оқу құралы – Алматы, жеті жарғы, 1998. 131 – 132 бб
4. Ә. Нысанбаев Ұлттық энциклопедия. «Қазақстан» - Алматы : «Қазақ энциклопедиясы», 1998. 616 – 617 бб
5. Т. Ғабитов, Ғ. Құрманғалиева, С. Нұрмұратов «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 4 – том . Әл – фараби мен Ибн Сина философиясы. – Алматы : жазушы, 2005. 44 – 46 бб
6. Ғ. Есім, Н. Байтенова, Г. Нұрышева «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 5 – том. Ортағасырлық діни философия. – Алматы : жазушы, 2005. 5 – 6 бб. 446 – 449бб

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ибн Рушд ілімінің батыс әлеміне әcepi.

А) Христиан философиясына әcepi:
Ибн Рушдтен алғашқы әсер алған христиан ойшылдарының қатарында Мишел Скотт
және Герман Алеманд болды. XIII гасырда Ибн Рушдтен әсер алғандардың ең
маңыздысы Роджер Бэкон және Сайнт Томас болды. Дегенмен, Ибн Рушдтің
христиан дініне қайшы келетін ой-тұжырымдарын аталмыш адамдар және оларды
қолдаушылар өздеріне қабыл етпеген. Ал одан басқа көзқарастарын тікелей
қабылдап, өз еңбектерінде сілтеме жасаған.
XIII ғасырда Францияда болған діни жиналыстарда шіркеу мен дін
адамдары Ибн Рушдті қолдауға тыйым салған.Ал тыйымға қарамастан.Ибн Рушдті
қолдағандарды өлтіріп, қамауға алатын болған. Дегенмен, Еуропада Ибн Рушд
iлiмiн оқыту тоқталмаған.
Ә) Яхуди философиясына әсері:
XII және XIII гасырларда Ибн Рушдтен әсер алған яхуди философтарының
арасында Муса Ибн Меймун және оның шәкірті Жозеф бен-Жуда болды.
Яхуди ойшылдары Ибн Рушдтің көбінесе рух және хатыр туралы көзқарастарын
қабыл етіп, еш өзгеріссіз қолданған. Ибн Рушдтің пікірлері яхуди
ойшылдары арасында XIV-XV ғасырға дейін қолданылған. XIV бастап яхудилер
арасында оның идеялары өз күшін жоғалта бастады. Дегенмен, қaзipгi таңға
дейін Ибн Рушдтің Талхисул Мантық атты еңбегі яхудилер apaсында
қолданылады.
Фәлсафа тарихын Ибн Рушдпен аяқтауға болмас, алайда ол ойлау
мәдениетінің осы 6ip ерекше бағытының классикалық, соңғы өкілi. Ибн Рушдтан
кейін фәлсафа, бip жағынан, Ибн Халдун айтқандай, мутакаллимдермен бірге
қайнасып кетсе, екіншіден, бұл Кордово ойшылының "ғұмыры" Еуропада ұзақ
жылдарға созылды. Ибн Рушд дүниеден қайтқаннан кейін, Еуропа
университеттерінде "аверроизм" деген ілім қалыптасты. Бұл тұста ерекше
ескерілетін мәселе, Ибн Рушдтың ізбасарлары мұсылман дініндегі ойшылдар
емес, діні католиктер болатын. Сонымен бipre, ортағасырлық, еврей
философиясына да Ибн Рушд әcepi айтарлықтай болды. Ол әcipece Моисей
Маймонид сияқты ipi ойшыл еңбектерінде нақтылы аңғарылады. Еврей
философтары Ибн Рушд еңбектерін латын тіліне аудару iciмен XII гасырда
Толедо қаласында айналысты. 1217—1256 жылдары Михаил Скот және Герман Немец
Ибн Рушдтың Аристотельдің "Аспан туралы", "Жан туралы", "Метафизика",
"Риторика", "Поэтика", "Пайда болу және жойылу", "Никомахова этика" сияқты
шығармаларына жасаған, комментарийлерін латын тіліне аударды. Бұл iсті
аудармашылар Толедодан өзге жерде, яғни Сицилиядағы Гогенштауфендер
сарайында да жүргізді. Сөйтіп, Ибн Рушд христиан әлеміне eciмi кеңінен
тарай бастады. Христиан әлемі Аристотельді Ибн Рушд арқылы тани бастайды,
мұндай қызмет мұсылман дүниесінде әл-Фараби есімімен байланысты болды.
Еуропада Ибн Рушд есімі алғашқы рет Париж университетнде белгілi
болды, бұл 1230 жыддар оқиғасы еді, оның Аристотель шығармаларына берген
комментарийлері латын тілінде жарық, көре бастады. Бұл кезде Аристотель
мұрасын зерттеу, анығын айтсақ, оны мұсылман философиясының (фәлсафаның)
ықлалынан аршып алып, католицизм дүниетанымына сәйкестендіру ici қызу қолға
алынған болатын. Жоғарыда айтқанымыздай, Аристотелыді, тіптен оньң ұстазы
Платонды, жалпы антиктік философияны Еуропаға таныстырған әрі танып, оларға
түсініктемелер берген Шығыс перипатетиктері еді.
Мұндай жағдай жаңа-жаңа қуаттанып келе жатқан христиан діни
ойшылдарына, әcipece католиктерге тек ұнамады десек, жеңіл айтқанымыз, олар
"мусылман" деген сөзге аса бір жек көрушілікпен қарады.
1209 жылы Француз епископтарының Париждегі жергілікті синоды Аристотель
еңбектерін оқуға тыйым салды. Араға алты жыл салып, Париж университетінде
оқылып жатқан аристотелизм іліміне тыйым салынды. Аверроистердің
Аристотельді таратуы католик дініне зиян деп түсінген папа Григорий IX
арнайы комиссия құрып, аристотелизмге қарсы әрекеттер жасады. Комиссия жеті
жыл жумыс icтеп ең ақыры мынандай қорытындыға келді: Аристотель ілімін
жою мүмкін емес, демек, оны фәлсафа ықпалынан тазартып, католицизм
қағидаларына сәйкестендіру iciн атқару қажет деп тапты. Осы миссияны
Доминикан орденінің оқымыстыларына тапсырды. Бұл icтi тыңғылықты орындап,
жеріне жеткізген Фома Аквинский, сөйтіп, Фома және оның жақтастары Ибн
Рушд еңбектерін тepіcкe шығару icімен түбегейлі айналысты.
Алайда осы католиктік ордендерден Ибн Рушдты жақтаушылар
табылды. Олардың eciмi философия тарихында "латындық аверроистер'' деген
атпен қалды. Демек Париж университетінде Аристотельді тануда қарама-қарсы
екі бағыт қалыптасты: бірін А. Великий (1128-1193 ) мен Ф. Аквинскийлер
(1274 ж.ө.) бастаса, eкіншi бағыттың аса көрнекті өкілі Сигер Брабантский
(1282 ж.ө.) болды.
Сигер Брабантский дүниетанымының нerізгі арналары: ол әлeмнiң мәңгілігін
мойындаған;
Құдай жеке нәрселер мен құбылыстарды білуі мумкін емес деген және
мәңгілік ұлы ақылдың болуы мен адам жанының жалғандығының
бірлігі туралы. Білім мен дін мәселесіне келгенде, философиялық қисындары
христиандық қағидалармен сәйкес келмей, әpi оларды түсіндіру
дәрменсіздігін мойындаған Сигер Брабантский Еуропа философиясында тұңғыш
рет "ақиқаттьң қос сипаты ” концепциясын насихаттаушы болған.
Бұл идея Париж университетінде тез арада кеңінен таралғанынан
қауіптеніп, 1256 жылы Папаның тапсыруымен Альберт Великий "Аверроэсқа қарсы
ақыл бірлігі" деген трактат жазған. 1270 жылдары шамасында осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Қос ақиқат мәселесі
Ибн Сина философиясының батыс әлеміне ықпалы
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Ортағасырлық философия туралы
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Араб-мұсылман философиясы
Философиялық көзқарастары
Пәндер