Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

КІРІСПЕ3

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі . . . 5Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігінеықпал ететін факторлар . . . 7Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді . . . 17
  2. “СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ . . . 21“СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы . . . 21“СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау . . . 24
  3. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ . . . 29Өндіріске жаңа негізгі құрал енгізу қажеттілігі . . . 29

3. 2. Өндіріс процесін автоматтандыру . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 37

Кіріспе

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтын бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары сапалы өнім шығару үшін жаңа технологиямен жасалған негізгі құралдарды тиімді пайдалану керек.

Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Кез-келген кәсіпорын өзінің негізгі құралдарының жағдайын, құрамын және пайдалану тиімділігін бақылап отыру қажет. Өйткені кез келген уақытта негізгі құралдардың құрамын, жағдайын біліп отыру арқылы оның тиімділігін арттырудың жолдарын табуға болады және де егер де кез-келген оқыс жағдай болса, оның кәсіпорынның жұмысына кері әсерін тигізбестен бұрын алдын алуға болады. Сол себептен де кәсіпорынның негізгі құралдарын тиімді пайдалану әрбір кәсіпорынға маңызды. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемі азаяды және сол кезекте кіріс азаяды, әрине ол табысқа кері әсерін тигізеді.

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Осы жазылғалы отырған курстық жұмыс нақты осы өндірістік кәсіпорындарының негізгі құралдарының тиімділігін талдау жайлы болмақ. Себебі олар - өндірістік кәсіпорынның тиімділігіне тура әсерін тигізеді және оның жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттақ құндылықтар ( ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал, және тағы басқалар) .

Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады ( мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады) .

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына әкеліп соғады.

Курстық жұмыстың мақсаты жалпы негізгі құралдарды талдау, негізгі құралдардың кәсіпорындағы рөлін бағалау және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жетілдіру болып табылады.

1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі

Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі құралдар-ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі құралдар-өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі құралдар-бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралмен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) -өндірістік емес құралдарға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін-тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т. б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі құралдар төмендегідей болып бөлінеді:

  • жер;
  • ғимараттар - негізгі, қосалқы, көмекші цехтар мен әкімшілік ғимараттар осыған кіреді;
  • қондырғылар - бұған мұнай және газ скважиналары, дамбалар, платиналар, каналдар, темір жолдар жатады;
  • тарату жүйелері - бұған газ және мұнай құбырлары, су тарату жүйелері, электр тарату жүйелері, байланыс жүйелері, жылыту жүйелері, канализация жүйелері жатады;
  • машиналар мен құрал - жабдықтар - оған компрессорлар, домнапештер, балқыту пештері жатады. Олар күш машиналары болып есептеледі. Ал жұмыс машиналары мен құрал - жабдықтарға: комбайн, тігін машиналар, сонымен қатар өлшенетін және қадағалайтын приборлар (вольтметр, амперметр(, есептеуіш техникалар ( компьютерлер) жатады;
  • транспорттық құралдар - бұған барлық қозғалатын құралдар жатады, яғни темір жолда, суда қозғалатын транспорттар және транспорттар жатады;
  • өндірістік және шаруашылық инвентарь - өндірістікке: механизациялар мен инструменттер ( қысатын, итеретін) жатады, ал шаруашылық инвентарьға: жиһаз, палас, кілемдер жатады;
  • жұмыс және аналық мал;

- көп жылдық өсімдіктер - гүлдер, ағаштар, алма бақтар және т. б. Халықаралық қаржы есебінің стандарттарыны сай негізгі құралдардың мынандай үш белгісі бар:

  • материалдық формасының болуы;
  • міндетті түрде кәсіпорын қызметінде пайдаланылуы тиіс, яғни сатылуға бағытталмауы керек;
  • кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланылуы тиіс.

Иелігінде болуына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар - жалға алынған құралдар болып саналады.

Негізгі құралдар өндірістік процеске қатысуына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті негізгі құралдарға өндірістік процеске тікелей қатысады. Мысалы, машиналар, құрал - жабдықтар, көлік құралдары және т. б. Ал қалған негізгі құралдарды пассивтіге жатқызуға болады. Себебі олар, өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ процестің дұрыс жүруіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ғимараттар, қондырғылар.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған ( тоқтатылып қойған ) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал - жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал - жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал - жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылғын қордағы объектілер жатады.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар ) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға ( ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учакелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, және т. б. ) жатады.

Негізгі құралдардың сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:

  1. өндірістік құрылымы
  2. технологиялық құрылымы
  3. тұтыну уақытына байланысты құрылымы

Өндірістік құрылым деп - әртүрлі топтағы өндірістік негізгі құралдардың заттай - натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық құнының қатынасын белгілейді.

Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері болып - олардың жалпы құнының активті бөлігінің үлесі табылады. Бұл кәсіпорынның өнім шығаруының, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының және басқа экономикалық көрсеткіштерінің жұмысының өндірістік негізгі құралдардың активті бөлігінің көлеміне тәуелді болғанына байланысты. Сондықтан оның үлесін тиімді деңгейге дейін көтерілуі - өндірістік негізгі құрадардың өндірістік құрылымының бсым бағыттарының бірі болып табылады.

Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымы келесі факторларға байланысты болып келеді: кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктері; ҒТП-ң жеделдетілуі; шоғырлану деңгейі; мамандандырылуы; өндірісті кооперациялау; құрамдастыру мен диверсификациялау; географиялық орналасуы және т. б.

Өндірістік негізгі құралдардың технологиялық құрылымы оның кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелерге бөлінуін олардың жалпы құнындағы пайыздық үлесінде бейнеленуін сипаттайды.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар.

Запаста тұрған- қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.

Әрбір топтағы негізгі құралдың құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді. Негізгі құралдар құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.

Негізгі құралдардың кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін-ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі құралының бөлігін-енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын-белсенді бөлігіне жатқызады.

1. 2. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар

.

Негізгі капитал өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Әдетте ол жабдықтар машина, станок, үйлер мен алып құрылыстың құнынан еніп кетеді. Оның ерекшелігі сонда, ол дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп енгізіп отырады. Егер станок 10 жыл қызмет етсе, ал оның құны 100 мың долларға тең болса, ол 1 жылда өндірілген өнімге 01, -ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизация дейміз. Табиғи тозу өндіріс процесінің әсерінен ғана болып қоймайды, оған табиғат күші де әсер етеді. Станок шіриді, ірі үйлер құлайды. Ал моральдық тозудың екі түрі бар:

  1. бұрынғы конструкицядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан арзандай;
  2. бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ содан өнімділеу және үнемділеу;

Негізгі құралдардың тозуын есептеу. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи (физикалық) және сапалық (моральдық), яғни заман талабына сай келмеуі.

Негізгі құралдардың физикалық тозуы. Негізгі құралдар, өндірістік процеске қатыса отырып, оларды тұтынудың және табиғи жағдайлардың әсер етуінің нәтижесіне байланысты біртіндеп өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылады. Физикалық тозу болып ол- негізгі құралдардың өзінің бастапқы қасиеттерінен айырылуы табылады.

Негізгі құралдардың табиғи тозуы - негізгі құралдардың бастапқы сапасына, оларды тұтыну деңгейіне, негізгі құралдар қызмет ететін қоршаған ортаның жағдайына, қызмет көрсететін персоналдың білім дәрежесіне, жөндеулердің уақытылы өткізілуіне және т. б. байланысты болып келеді. Кәсіпорында осы факторларды ескеру, негізгі құралдардың физикалық жағдайына үлкен әсеін тигізуі ықтимал.

Негізгі құралдардың физикалық тозуын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады.

Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті

К ф. т. = Т/Бқ*100

Т- негізгі құралдарды тозу сомасы

Бқ - негізгі құралдардың бастапқы сомасы

Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті жекелеген инвентарлы объектілері бойынша және олардың нақты қызмет ету мерзімі туралы мәліметтерге сүйене отырып та есептелінеді.

Нақты қызмет ету мерзімі нормативтіден төмен болған объектілер үшін ол келесі формуламен есептелінеді

Кф. т. = Тн/Тнор*100

Тн мен Тнор - берілген инвентарлы объектінің нақты және нормативті қызмет ету мерзімі

Ал нақтылы қызмет ету мерзімі нормативтіге тең, немесе одан асып түсетін объектілер үшін физикалық тозу коэффициенті келесі формуламен анықталады

Кф. т. = Тн/ Тн+Тм*100

Тм - мүмкін болған берілген объектінің қызмет ету мерзімінің қалдығы. Әдетте ол сарапшылық жолмен анықталады.

Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті - негізгі құралдардың берілген датаға жалпы физикалық жағдайын көрсетеді және келесі формула арқылы есептелнеді

Кж = Бқ-Т/Бқ*100

Сонымен қатар негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу негізінде де анықталуы мүмкін

Кж = 100 -Кф. т.

Осы формулалардың барлығы негізгі құралдардың біркелкі тозуын қарастырады, біріақ ол шындықпен тура келе бермейді. Осы оның ең басты кемшілігі болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуы. Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.

Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсатырылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы дегенді кең мағынада қолдану мына факторлардан туындайды:

  • өндірісте немесе жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру) ;
  • технологиялық процесті жетілдіру - жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтарды тұтыну мүмкін емес;
  • шығарылатын өнім номеклатурасын жаңарту және өзгерту, мұндайда жаңа өнім шығару үшін ескі машиналар мен жабдықтар жарамайды;
  • жекелеген тауарларға сұраныстың азаюы субъектіден бұл тауарларды шығаратын машиналар мен жабдықтар санын қысқартуды талап етеді;
  • жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі, ө ндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін;
  • өндірістің өңдеуші саласындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.

Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал - жабдықтар объектілерін жаңа, неғұрлым үнемді түрлерімен ауыстырады.

Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал - жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркемтуында құндылықтарынан, кітапханалар кітаптарынан, фильм қорларынан, сәулет және өнер ескерткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.

Жер өндіріс құралы ретінде, еңбектің маңызды заттай факторларының бірі - еңбек процесінің қажетті материалдық шарты ретінде, сату бағасы бола тұра және субъект балансында есептелінгенімен тозуға жатпайды.

Барлық субъектілер меншік түріне қарамастан, тозуды кітапхана қорларын, фильм қорларын, мұражай және көркем туынды құедылықтарын, сахналық қойылым құралдарын, сәулет және өнер ескрткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттарды, өнім беретін малды, өгіздерді, буйволдарды және бұғыларды, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық өсімдіктерді, хайуанаттар паркіндегі және осыған ұқсас мекемелердегі хайуанаттар әлемінің экспонаттаррын, үлгілерді, қолданыстағы және қолданылмайтын модельдерді, кабинеттер мен лобараториядағы және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын макеттер мен құралдарды қоспағанда, негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша есептейді.

Негізгі құралдардың жекелеген объектілері бойынша тозу сомасы қажеттілігіне қарай, мүліктік карточкаларда көрсетілген объектінің бастапқы құны, оның пайдалануда болған нормативтік уақыты және амортизациялық аударымдардың қолданылған нормаары негізінде белгіленеді. Толықтай амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді.

Егер негізгі құралдар объектілері бойынша тозуды есептеу доғарылған болса, онда негізгі құралдарды есептейтін мүліктік карточкаларда түрлі түсті қарандашпен амортизация нормасы және қай кезден бастап амортизация есептеу тоқтатылғаны көрсетіледі. Негізгі құралдардың сақтау немесе пайдалану орындарындағы мүліктік карточкаларда « тозды» деген белгі жасайды.

Негізгі құралдардың тозуы субъект қабалдаған амортизацияны есептеу нормалары мен әдістеріне қарап көрініс табады. Есепте қолданылатын «тозу» терминін табиғи тозу деп немесе осы уақыт ішінде объектінің нарықтық құнының төмендеуі депемес, пайдалы қызмет еткен уақыты ішінде активтердің құнын есептеп шығару деп түсінген жөн. Термин негізгі құралдардың құнын өндіріс шығындарына немесе айналымға біртіндеп апаруды белгілеу үшін қолданылады.

Сондай - ақ тозудың ұлғаюы субъек балансына бұрын пайдаланылған негізгі құралдар объектісі түскен жағдайда, ал азаюы - негізгі құралдар объектілерін жойған, басқа субъектілерге сатқан, тегін берген (сыйлаған) кезде болады.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмысалатын шығынның және жалпы табыстың көлемінің бұзылуына әкеледі.

Амортизация ( латынның өтеу деген сөзінен) - тозуына қарай негізгі құралдардың құнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражаттарын - негізгі құралдарды ( негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға қатысе ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі құралдардың қызмет мерзімінің ұзақтығы нәтижесінде олардың құны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек - бөлек өтетін болады. Өнімгің құнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып - өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын - ала ақша жұмысалуын) талап етеді.

Амортзациялық аударымдар қатардан шыққан құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жұмысалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді алып тастағанда, олардың бастапқы құнына тең болуы керек. [5]

Тиімді пайдалану мерзімі - бұл негізгі құралдарды пайдалану, шаруашылық етуші субъектіге пайда әкелуге немесе оның мақсатына жетуге бағытталған кезеңі болып табылады. Жекелеген негізгі құралдардың түріне ол өнімнің көлеміне немесе атқарылған қызметтердің көлемінің натуралды көрсеткіштері арқылы анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жүзеге асырылады. Амортизация нормасы - амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек құралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін көрсететін экономикалық тиімді қызмт мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың деңгейі техникалық - құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне қарай бағаланатын негізгі құралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи тозуына; негізгі құралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен жабдықтардыың, нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек құралдарының моральдық жағынан тозуына тікелей қатысты.

Қызмет ету мерзімі пайдалы қазбалар қорларын өңдеу мерзіміне қатысты және қорларды өңдегеннен кейін күрделі қайта жабдықтаусыз басқа мақсаттарға қолданыла алмайтын тау - кен өндірісі ( көмір, сланец, тау кендері, сирек кездесетін асыл метелдры, алмастар мен кен емес қазбаларды өндіру) салаларының негізгі өндріс қорлары бойынша амортизациялық аударымдар нормасы өтелетін қорлардың ( қазып алу мен пайдалануға кеткен шығындар) бір тоннасына теңгемен және тиынмен белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті талдау
Қаржы менеджмент
Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері
“Ақсай нанның” ЖШС –ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
Кәсіпорынның энергетикалық балансына шығындарды жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz