Қазақстандағы кәсіпкерлік ісі


Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
- Кәсіпкерліктің түрлері
- Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
- Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
- Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
- Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.
- Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
- Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей -тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді) . Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
1. 1 Кәсіпкерліктің түрлері
- Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.
- Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
- Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
- Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық - құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер - адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.
1. 2 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық - праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
- Шаруашылық серіктестік - толық серіктістік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
- Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
- Жауапкершілігі шектелген серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
- Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
- Ашық және жабық акционерлік қоғам.
- Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
- Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқұғы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел; белсенділік; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену.
Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:
- өндірістік- тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;
- коммерциялық- өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;
- каржылық- бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша, валюта, бағалы қағаздар жатады;
- делдалдық- сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;
- сақтандыру- кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: әсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады;
Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.
Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.
- Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.
- Бәсеке дамуының негізін құрайды.
- Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж. ), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж. ), «2001-2002 ж. ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.
1. 3 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі - шағын кәсіперлікті дамыту. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шараларды қалыптастырудың, оны жетілдірудің қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіледі:
o Шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез
келген меншік формасы негізінде құрыла алады;
o Өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін;
o Ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны 100
адамға дейін.
o Бөлшек сауда: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін.
Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық орталықтарды жатқызуға болады.
Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық
құрылымының қалыптаса бастаған аймағы. Алайда, заңды тұлғалардың 55 %ғана жұмыс істегенін айтпай кетуге болмайды. Заңды түрде тіркеліп, мерзімінде жұмыс істеген шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқан. Мұнда 23144 кәсіпорынның 16037-і, яғни 69 % жұмыс істейді. Жалпы, шағын және орта кәсіпкерлік, әсіресе, агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдарды еске алсақ, ауыл шаруашылық шикізаттың басым бөлігі республикадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өңделіп, дайын өнімді жоғары бағамен қайта әкелді. Агроөнеркәсіптік кешен - экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай-ақ ұсақ кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар ауамағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді.
Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі проблемалары - ресурстық базасының жетіспеушілігі: материал-техникалық және қаржылық. Шың мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең және жаңа сектор құру
көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басында артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастайтын кәсіпкерлер болуы үшін, қаражаттары болу керек еді. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда атқарылған істер, қол жеткен табыстармен қатар әлі де осы саланың дамуына бөгет жасап отыр, шешуі табылмаған мәселелер де көп. Басты проблеманың бірі - ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ оңдай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол
үшін оларды таңдап алып оқыту қажет. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуда қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту,
жаңа жұмыс орнын, санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше бөлігі ретінде нақты жұмыс істеп, даму үсітінде.
Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомативтің нақ өзі. Бүгінде жаһандық экономикаға дағдарыстың екінші толқыны да жайылып үлгерді. Оған қарсы әлемнің алпауыт елдерінің өзі қал-қадірінше қарманып, ішкі экономикалық тұрақтылығын сақтауға ұмтылып жатыр. Бұл ретте, ширақтық танытқан ел Үкіметі Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесіп, 2009-2010 жылдары экономика мен қаржыжүйесін тұрақтандыруға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын былтыр күзде
қабылдағаны мәлім. Бұл жоспардың басты мақсаты - ғаламдық дағдарыстың салдарына төтеп беру, сонымен қатар экономикалық өсу, тұрақтылық негізін қалау, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік-әлсіз жіктерін қолдау. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада шағын және орта бизнес секторын қолдауға басымдық беріліп
отыр. Өйткені экспорттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бағасының күрт құлдырауы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының нығаюына дәл осы шағын және орта бизнестің өрге басуы негіз қалайды. Егер бұл сала өркендесе, жаңа жұмыс орындары ашылып, ел берекеті артады. Үкіметтің дағдарысқа қарсы жасақтаған бағдарламасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және жаңа бизнес жобаларды іске асыруға ерекше мән берілуі сондықтан.
Қазіргі жағдайда сыртқы несие көздерінің жетіспеушілігі елдег1 кәсіпкерліктің қиындықтарға ұшырауына түрткі болғаны рас. Мәселен, Ұлттық банктің деректері бойынша Астанадағы шағын және орта бизнес 2007 жылы 135 млрд. теңгеге несиелендірілген. Ал 2008 жылы 78 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бір жылда бұл саланы несиелендіру қарқыны 43% кеміді. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік субъектілері несиеге деген қажеттіліктері қанағаттандырылмай қалды деген сөз. Осындай жағдай
барлық өңірлерде қалыптасты. Бұл мәселе бағдарлама аясында өз шешімін табуы үшін мына шараларды атқару көзделуде: - жаңа Салық кодексі ауқымында салықтық жүктемені күрт төмендету;
- екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу;
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арқылы шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеуді мемлекеттік кепілдендіру;
- «Қазпошта» АҚ аймақтық пошта желілерін пайдалана отырып, ауылдық жерлерде шағын несиелеуді дамыту;
- шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуін кеңейту;
- бизнесті құру мен жүргізу бойынша рәсімдерді оңайлату, әкімшілік кедергілерді төмендету, лицензиялауды қысқарту;
- әкімшілік тексерулерді шектеу;
- әрбір облыс орталығында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желісін құру.
Кәсіпкерлерге салынатын салықтық ауыртпалықтарды жеңілдетудің бір қадамы ретінде жаңа салық кодексі бойынша корпоративтік табыс салығын кезең-кезеңмен төмендету көзделгендігін айтуға болады. КТС 2009 жылға дейін 20%-ға, 2010жылға дейін
17. 5%-ға, 2011 жылға дейін 15%-ға кемітілмек. Шағын және орта бизнестің қиын-қыстау кезеңіндегі ахуалын оңайлатуға себеп беретін тағы бір маңызды қадам жасалды. 2009 жылы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында салық органдарына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге тыйым салынып, Үкімет қаулысы бойынша салықтық тексерістерге мораторий жарияланды. Үкімет кабинеті «Шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау» мәселесі бойынша 2009 жылдың ақпанынан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры есебінен 1 млрд, доллар (120 млрд. теңге) көлемінде қаржы аударды. Кәсіпкерлікті несиелеу наурыздың 1-нен бастап жүзеге асырыла бастайды. Мұндағы бизнеске берілетін несиенің жылдық үстемесі теңгемен 12, 5
пайыздан аспайтын болды. Бұдан бөлек шағын және орта бизнеске бөлінетін несиенің мерзімі 7 жылға ұзартылып, ал мөлшері 750 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Республикамыздағы шағын және орта бизнес субьектілерінің негізгі шоғыры Алматы мен Астанада орналасқандықтан, бөлінген 120 млрд теңге көлеміндегі қаржының 50 млрд. теңгесі Алматы қаласына, ал Астана қаласына 30 млрд. теңгеден кем емес қаржы бөлу
жөнінде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ әкімдіктермен меморандумға қол қойды. Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия және жергілікті әкімдіктер қаражаттардың мақсатты жұмсалуы үшін жан-жақты мониторинг жасауда. Өтініш берген кәсіпорындардың тиімділігі, олардың қаржы қажеттілігі қаншалықты, қандай мөлшердегі қаржыға зәру, сонымен қатар отандық экономиканың қай саласына басымдық берген
қолайлы - осының бәрі сараптаудан өтуде. Қазіргі кезде, 2009-2011 қаңтарына шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің санын төмендегі кестеден көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz