Инаятолла хақындағы тарихи деректер


Хамидуллаев К.
ф. ғ. к., доцент
Академиялық инновациялық университеті.
Шымкент қаласы
ИНАЯТОЛЛА ХАҚЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
Қазіргі ұлттық рухани өрлеудегі бір игілігіміз Елбасы бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның зиялы қауым арасында қолдау тауып жұмыстары көңілдегідей жүріп жатырғаны баршаға мәлім. «Мәдени мұра» бағдарламасының ауқымы өте кең. Оны қазақ руханиятының барлық саласын қамтыған дерлік шығып жатқан кітаптардың серияларынан-ақ байқауға болады. Әсіресе тарихи, әдеби, мәдени мол мұрамыз жайлы жазылғандарды жинақтап, шетел мұражайлары мен басылымдарынан іздеп тауып, мол деректер мен тарихта қалған тұлғалар туралы мәліметтерді жинақтаған қанша ғалымдардың ғылыми зерттеу кітаптары жарық көрді десеңізші. Дегенмен де мәдени, рухани қазынамызды әлі де болса толық жинап үлгердік деп айтуға болмайды. Бұл салалар алдағы уақытта да зерттеліп жалғасын таба береді. Осындай зерттелуін күткен тарихта қалған тұлғалардың бірі ақын Инаятолла.
Қарақалпақ елінің Қоңырат қазақтарынан Инаятолланың Хиуа хан сарайындағы қызметі мен ақындығы жайында мәлімет Лаффасий тарапынан жазылған «Тазкиран шуара» (Өлеңдер жинағы) немесе «Хиуа шайырлары» деген деуан (жинақ) «Хиуа шайырлары хәм әдебиятларының таржимай халлары» деп аталынған қолжазбада беріледі. «Тазкиран шуараның» бірнеше қолжазбасы болып, 1951 жылы Хиуада екі адам тарапынан көшірілген. Абдуқадир Мурадов тарапынан көшірілген 9494 санды қолжазба Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақталған. Екінші нұсқа - 11499 санды қолжазба Абдулла Балтаев тарапынан көшірілген «Тазкиран шуараға» Хиуа ақындарынан 51 ақын және Лаффасийдің өзімен 52 ақынның әдеби портреті мен олардың кейбір ғазалдары енгізілген. Лаффасийдің өзі 1880 жылы туылып, 1945 жылы қатыс болған.
«Тазкиран шуара» («Хиуа шайырлары») алғаш рет Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін Палванназар Бабажанов тарапынан баспаға дайындалып, 1992 жылы Үргеніште баспадан шығарылды, 52 ақынның ішінде 34-ші рет пен қазақ ақыны Инаятолланың өмірі мен қызметі және оның кейбір ғазалдары да берілген. Инаятолла өз ғазалдарын Орта Азиялық түрки тілінде жазып қалдырған. Ол Хиуа хан сарайында деуан бегі лауазымында істеген және сарайда ақындығымен белгілі болған. Оның қолжазбада баяндалған өмірі мен кейбір ғазалдарын қалың оқырман қауымға таныстыру мақсатында түп нұсқада жариялауды мақұл көрдік.
Отыз төртінші. Инаятолла туралы ғазал.
Инаят қазақ деуан болып табылады. Оның ішкі дүниесі өте бай әрі жетік.
Иноятнинг ахволи
Иноятким куриб зулм фалақдин,
Юраги лахтали - булган жафодин.
Ситамрик доимо чун бағри бирен.
Кузирин окизиб ашки фаровон,
Жабрлар қурбон, хонлик вазирдим
Жигарлар хун булган хам жабрдин,
Қозоқ Иноят деван
Иноятдин деюрман бир неча суз
Онинг ахволидан вохиб булингиз.
Инаят негізінде Хорезм, Қоңырат қазақтарынан болып, Мухаммедмурат деуанбегі (сарайдағы арнайы лауазым) қарақалпақ, қазақтардан бажы (салық) жинау үшін Қоңыратқа барғанында Инаят жас жігіт болған және ғажап шешендігі, әншілігі, әсем жазушылығымен Мухаммедмурат деуанбегіге ұнап қалады да, оған «Қазақ деуан» деп ат беріп, өзімен бірге Хиуаға алып келеді. Инаят деуанбегіге шын беріліп, бар ықыласымен қызмет етіп, уақыт өткен сайын абыройы арта береді. Деуанбегі оған Хиуадан үй сатып алып береді. Бірақ, Инаятқа және оның ата-анасына Хиуаның ауасы жақпай, Қоңыратқа қайтып келеді. Инаяттың өзі тез-тез Хиуаға келіп, деуанбегінің шаруаларын тындырып тұрады.
Ол шахмат ойынына өте шебер болып, Хорезм ойпатында оған тең келетін адам болмаған. Инаят Хиуа ханы Мұхаммед Рахимхан Феруз сарайында үлкен абыройға ие болады. Ол атақты шахмат шеберлерімен ойнағанда шахмат тақтасындағы фигураларды өзінің әріпжайына (арнаулы хат жазатұғын тақтайша) жазып барып, піл, рух, асп (ат) тарды шахты қорғау үшін соңғы қатарда қалдырып, тек ғана ферзді шахмат алаңында шеберлікпен пайдаланып, қарсыласын мат қалдырып отырған. Сондай-ақ, Инаят шахмат ойынында шахты қорғау үшін рух, ферз, пілдерді соңғы қатарда қалдырып, тек ғана асп (ат) тасын ойынға қосып та қарсыласын жеңіп отырған. Инаят шахмат ойынындағы шеберлігі үшін Ташкент, Москва қалаларына барып та бірнеше профессорларды ұтып, үлкен атаққа ие болып қайтқан.
Бірақ, Инаят патша орталығын қош көрмейтін еді. Сол себепті ол өзіне Инаятий деп лақап ат беріп, бірнеше өлеңдер жазып деуан (жинақ) шығарған. Оның жазған өлеңдері гауһардай бағасыз болып, оны оқығандар (зерттегендер) әр бір қатарынан мыңдаған мән аңдайтын болған. Бірақ, Инаятий Мұхаммед Рахимхан Феруз заманынан соң Исфандиярхан дәуірінде қадір таппай, керісінше көп қорлықтар көреді. Исфандиярхан Хусайн Мухаммед дуанбегі мен Шейхназар Шийнасийлерді ұстап, қамаққа салдырады, олардың мал-мүлкін тартып алады. Ол Инаятийді де ұстатып, зынданға тастап, қол-аяқтарын шынжырлап көп азаптар береді.
Сондай-ақ, Исфандиярхан Инаятийді бірнеше түн өз құзырына шақыртып жендеттеріне денесін қамшылатып, азаптаған. Бейшара Инаятий көп азаптар көріп, шын ықыласымен Алла Тағаладан медет, жәрдем, пана сұрап жалбарынады. Хан Инаятийді 45 күн қамшылатып азаптаған. Ол барлығына шыдап, жасырын түрде Аллаға жалбарынады. Жалпы, Инаят 15 ай зынданда түрлі азаптар тартып, Алла Тағаланың марқаматымен (жәрдемімен) құтылып шығады, өз үйінде ауыр күндерді басынан өткізіп, денесіне жеткізілген азаптар, жарақаттар зардабынан 1912 жылы дүниеден өтеді.
Инояти ажаб хуш жон эрур,
Ки шахмат илмига хам усто эрур.
Булиб назм аро неча тасниф онга,
Ки хожат эрмас хеч таъриф онга.
Қаю илм фанга мойил эрур,
Онга ул хамул анда хосил эрур.
ҒАЗАЛИ ИНОЯТИЙ
Нега, ай гардун манга давринг фаровон айладинг,
Борки душманларимга мунча даврон айладинг,
Не қилиб эрдим, дегил, охир мани махзун сани.
Чекмак ишимни хамиша ранжи хурмон айладинг,
Айлаб ул мехри вафолиғ мазанинимдин жуда,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz