ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХVIII-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХVIII-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ
Халық ағарту ісі
XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның бактыс бөлігі Әбілхайыр ханның іс-әрекеттері нәтижесінде (1731ж. ) Ресей империясына қосылғаннан кейін, елдің саяси-экономикалық және мадени өмірінде көптеген өзгерістер орын алды. Ол өзгерістер халық ағарту ісіне байланысты болды.
Азаматтық сипаттағы жай оқу орындары өлкенің Ресейге қосылғаннан кейін ашылды. Олар орталық аппарат үшін шенеуніктер, тілмаштар, мұғалімдер, дәрігерлер даярлады. Мысалы, 1798ж. Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789ж. Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындары балаларды, соның ішінде қазақ балаларын да тілмаштық, песірлік (кеңес хатшысы) мамандыққа үйретті. Әскери мамандарды және әкімшілік шенеуніктерін 1825ж, Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846ж. негізі қаланган Омбы кадет корпусы даярлады.
Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Жәңгір ханның Бөкей Ордасында 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ, ислам дінін оқып үйренді. Қазақ балаларыны арналған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды.
1850 жылы осы Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19жыл ішінде ол 48 адамды оқытып щығарды.
1857 жылы бұл мектепті Ы. Алтынсарин табысты бітіріп шықты. XIX ғ. үшінші бөлігінде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар және орыс халық училищелері, ауыл мектептері ашылды. Бұған дейін болған мұсылман мектептері жеке меншік, ата-аналар есебінен жұмыс істеді. ХVШ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында қазақ даласында тек дін иелері мен жекелеген феодалдар және сұлтандар ғана жаза білетін еді. Мектептерде («қадим»деп аталған) жалан діни білімдер мен тағидалар оқытылады. Оқу мерзімі-4 жыл, балалар 7 жастан қабылданған. Мұсылман мектептерде «Иман-шарт», «Әптиек», «Құран» пәндері мен ислам ережелері «Бадауам», «Ахир заман», «Қырық хадис» оқытылды.
Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында Ы. Алтынсарин терең іс қалдырды. Ол Қостанай облысында дүниеге келді. Әкесінен ерте аиырлып, атасы -Орынбор шекаралық комиссиясының әскери атаманы Балкожа Жаңбаршин бидің колында тәрбиеленеді.
Мектепті бітіргенен кеиін Алтансарин үш жылдаи осы атасының кол астында кеңсе қызметкері болды, одан соң оған Торғаида қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды және оны соған орыс тілінің мұғалімі етіп тағаиындады.
Ағартушылық идеяларымен жігерленген ол ауылдарды аралап, халыққа азаматтық білім берудің мәнін түсіндірді. Қазақ жүртшылығынан қаражат жинастырып, ол мектеп үиін салуға кірісті. Ол салдартқан жаңа мектептін ашылуы салтанаты 1864 ж. 8 қаңтарда өтті. Оның мектебінде оқуға 16 бала жазылды, мектеп жанынан сол балалар жатып оқитын интернат ашылды. 1869 ж. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші қызыметіне орналасты. Одан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уездік судья міндетін атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда болып, болыс басқарушысы мен ауыл ағамдарының сайлауларына қатысып жүрді. Сол сайлауларды дауысты сатып алушылыққа, парақорлыққа және қиянат жасаушылыққа жол бермеуге тырысты. Онысына наразы болған байлар мұның үстінен облыстық басқармаға, әскекри губернаторға және ішкі істер министріне шағымдар түсіріп, оны 1868 ж. «Уақытша ережеде»белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп кінәладі.
1879 ж. Ы. Алтынсарин инспекторлық қызметке тағайындалды. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халыңтық азаматтық мектептер тармақтары, атап айтңанда, облыстық барлық уездік қалаларында орталық училищелер құрылды. Осы мақсатпен ол Торғай облысының қазақ ауылдарын аралады, халықтан қаржы жинады, ал одан соң Ырғыз, Николаевск, Торғай және Илецк уездерінде екі кластық орыс-қырғыз училищелерін жабдықтауға, әрбір мектеп жанынан кітапханалар қүруға ерекше көңіл бөлді. Жергілікті халың арасынан мамандар даярлауға ерекше маңыз беріп, ол қол өнер кәсіптік және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсады.
Ы. Алтынсариннің өзі орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін екі оқу құралын: "Қырғыз хрестоматиясын" және "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне бастапқы нұсқауды" жазды. Орыс классиктерінен аудармаларында, қазақ тіліндегі өз шығармаларында ол демократиялық-ағартушылық идеяларын насихаттады, ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін қазақ әдеби тілінің қалыптасуы саласында жемісті еңбек етті.
Белгілі бір дәуірдің қайраткері бола отырып, Алтынсарин өзінің дүниетанымында ңандай да бір қарама-қайшылықтардан, шектелушіліктен арылаалмады. Барлың ағартушылар сияқты ол ағарту ісінің әлеуметтік қайта құрушылық рөлін асыра бағалады.
Білімді адам ретінде Алтынсарин этнографиямен әуестенді, қазақтардың ауыз әдебиеті туындыларын жинап, жүйеге келтіріп отырды.
Мемлекеттік білім жүйесінің кеңейтілуі және қазақ қоғамының әлеуметтік экономикалық бейнесіндегі ілгерілеушілік маман даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Алғашқы кәсіптік оқу орындары
1879 ж. құрылған Түркістан мұғалімдер семинариясы мен Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі (1883ж. ) болды.
Қазақ мұғалімдер мектебі туралы Мемлекеттік кеңес
1880 жылдың өзінде бекіткен Ереже осы мектепті күтіп ұстауға жыл сайын 17580 сом қаржы босатып тұруды ескерді.
Кейіндері мұғалімдер семинариялары Ақтөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары Қазақ революциясына дейінгі барлың кезеңде 300 қазақ мұғалімін даярлады.
XIX ғ. ауылшаруашылық және фельдшерлік мектептер ашылды, оларда орта білімді мамандар даярланып шығарылды. Тек Боровской орман техникумының бір өзі ғана 1889 жылдан 1917ж. дейін 163 маман әзірледі.
Әйтсе де революцияға дейінгі Қазақстанның кәсіптік оқу орындары уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. 1914-1915 оқу жылында жеті орта арнаулы оқу орындарында 352 адам ғана оқыды. Бұл Ресей жоғары оңу орындары мен техникумдары студенттерінің жалпы санының 1 пайызына де жетпейтін еді. Бүкіл өлкеде бір де бір институт пен университет болмады.
Қазақстандағы ғылыми зерттеулер
Қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына Қазақстан аймағында жүргізілген орыс ғалымдарының ғылыми экспедициялары ұлкен ұлес қосты.
Орыс ғалымдары геологиялың, климаттық карталарды, сондай-ақ Каспий Арал теңіздерінің карталарын жасады. XVIII ғасырда зерттеулер жүргізген ғалымдардың арасынан қазақ халқының тұрмысын, тарихын өз шығармаларында дәл, толың суреттей білген П. И. Рычковты ерекше атауға болады. XVIII ғасырда қазақ өлкесін П. С. Паллас, В. Гладышев, И. Муравин, КМиллер, М. Арапов, И. Кириллов, И. Ураков, т. б. зерттеді. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға аса ірі экспедицияларды Е. П. Ковалевский, Н. А. Северцев, В. П. Васильев, Н. В. Халыков, Г. И. Даниловский, М. Поспелов, В. И. Даль басқарды. Бұл саяхатшылар Қазақстанның табиғатын, мәдениетін және оның халқының тұрмысын зерттеп, географиялық түсірулермен және картографиялармен айналысты, өлкенің экономикалың жағдайын барлады.
1833 жылы А. С. Пушкин Пугачев қозғалысы болған жерлермен жүріп өтті. Ол қазақ ауылдарында болып, оның тұрғындарымен, тұрмысымен танысты.
Сол жылы ұлы ақын қазақ дастаны "Қозы Көрпеш және Баян Сұлуды" жазып алады. А. С. Пушкиннің ықпалымен бірқатар орыс ақын-жазушылары, олардың ішінде көрнекті жазушы-этнограф В. И. Даль Қазақстанға саяхат жасады. В. И. Даль қазақтар өмірін суреттейтін "Бекей және Мәулена" повесінің авторы. Бұл бағытта П. П. Семенов Тянь-Шанский, А. И. Левшин, А. Алекторов, Харузин, Мушкетов, т. б. ғалымдар көп еңбек сіңірді. Қазақ халңының тілін, ауыз әдебиетін зерттеу ісінде көрнекті шығыс зерттеушілері А. Диваевтың, В. В. Радловтың (1837-1918) рөлі зор болды. Қазақстанда 1847 жылдан 1857 жылға дейін украйн ақыны Т. Г. Шевченко айдауда болды. Оның "Қазақ отбасы", "Ат үстіндегі қазақ", "Қазақ қызы Катя", "Байғүстар" суреттері сол кездегі қазақ өмірінің шынайы бейнесін берді.
Қазақстанның мәдениет тарихы мен ңоғамдың өмірінде құрметті орын қазақтың көрнекті ғалымы, этнографы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановңа (1835-1865) тиесілі. Оның қоғамдың-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласына прогресшіл идеялардың тарауына игі ыңпалын тигізді. Өзінің философиялық білімдерін Шоқан көбіне орыс ойшылдары В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларынан алды.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865) қазақ өлкесінің аса көрнекті зерттеушісіне айналды. Шоқан 12 жасына дейін жеке кісінің мектебінде оқыды. Сол кездің өзінде-ақ оның қабілеттілігі айңын көрінді. 1847 ж. күзінде
Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Мұнда оқушылар көптеген жалпы білім беретін пәндер бойынша: географиядан, тарихтан (Ресейдің және жалпы), орыс және батыс әдебиетінен, философия негіздерінен, зоология мен ботаникадан, физикадан, математикадан, геодезиядан, құрылыс өнері мен сәулет өнері негіздерінен білім алды. Ол осында Палластың, Рычковтың және басқа зерттеушілердің шығармаларымен танысты. Омбыда болған кезінде орыстық аса көрнекті жазушысы Ф. М. Достоевскиймен және оның досы революционер-демократ С. Ф. Дуровпен кездесулері оған өшпес әсер қалдырды.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін 1853 ж. Ш. Уәлиханов Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберілді. Көп кешікпей ол адъютант ретінде Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында онымен ере жүрді де, сол уақыттары көптеген тарихи әңгімелерді, аңыздар мен әндерді жинап, жазып алды.
- ж. көктемінде Шығыстық болашақ зерттеушісінің өмірінде оның бұдан арғы тағдырын көп жағынан айңындаған айрықша мөнді оңиға болды. Ол мұның ғылыми талпыныстарын жоғары бағалап, шығыстанудың маңызды проблемаларын зерттеуге бағыттаған аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. П. Семеновпен танысты. Сол жылы Шоқан Уәлиханов Алакөлден Орталық Тянь-Шанға қарай Ыстықкөл көліне; дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.
- ж. Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, ңоныстарын аралап, солардың өмірлері мен әдет-ғұрыптарын, тарихын, этнографиясын, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Осы сапарында ол қырғыз эпосы "Манастың" жекелеген бөлімдерін жазып алады. Уәлиханов Шығыс халықтарының материалдық мәдениетінің ескерткіштеріне ерекше назар аударды. Ыстықкөлге экспедиция жасаған кезде ол тапқан ежелгі егін суару жүйелерінің қалдықтары, сәулет өнерінің ескерткіштері, ертедегі ңалалардың ңирандылары оны бұрынғы ғасырларда Жетісу өңірінде отырыңшылық пен бірңатар қалалардың болғандығы жөнінде қорытынды жасауга алып келді.
Көрші халыңтар тарихымен айналысу оған қазақ халңының ежелгі және ортағасырлың тарихын зерттеуге көмектесті. Алғашқы экспедициялар кезінде жинастырған материалдарын терең талдап және салыстыра отырып, ол "орта ғасырларда мұндағы отырыңшылың (Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстігінде) Іле алқабында күшті тараған" деген ңорытынды жасады. Ыстықкөлге экспедициясы кезінде Уәлиханов ғылыми деректермен бірге, жаңа дәуірдің ұлкен коллекциясын жинады. Осы сапарының нәтижесінде: "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" деген толыңңанды тарихи этнографиялың шығармалары жарық көрді. Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аударды, сөйтіп, 1857 жылдың ақпанында оны ңоғамның толың мүшесі етіп сайлады.
1858 жылда Қашғарияға жасырын баруы Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі болды. Марко Поло мен Геостан (1603 ж. ) кейін осы атағы аз шыққан елде бірінші рет болып: "Алтыашардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бухария) шығыстық алты қаласының жағдайы туралы (1858-1859 жж. ) " атты әйгілі шығармасын жазды. Оның бұл еңбегін Ресейдің және басқа елдердің шығыстанушылары жоғары бағалады әрі көп кешікпей ағылшын тілінде басылып шықты.
Жиһан кезудің ауыр жағдайлары, жүйкенің зорлануы және жолда кездескен мүқтаждыңтар жас ғалымның денсаулығына әсер етпей қалмады. Үйіне оралысымен Ш. Уәлиханов науңасқа ұшырады. 1860 ж. Соғыс министрінің шақыруымен Қашғарияны зерттеуші Петербургке келді. Мұнда ол ержүрек жиһанкез әрі Орта Азия мен Қазақстан халықтары өмірінің білгірі ретінде қарсы алынып, орденмен наградталды және шені жөнінен жоғарылатылды.
Петербургте аз уақыт болу (ол мұнда бір жыл түрды) Уәлихановты рухани байытты және оның демократиялық көзқарастарын нығайтты. Ол қоғамдың өмірдің қалың ортасына сүңгіп, кең тынысты қызметтерге беріліп кетті. Бас штабтың Әскери-есеп комитетінде, Азиаттық департаментте және Георафиялық қоғамда жұмыс істеді. Орта Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын құрастыру, Риттердің еңбектерін баспаға әзірлеу, энциклопедия баспасында көмекшілік жұмыс атқару (онда мұның "Абылай" деген әйгілі мақаласы бірінші рет басылды), шығыс қолжазбаларын зерттеу, Орыс географиялық қоғамында шығыс тарихы жөнінде лекциялар оқу - міне, осының бәрі оның Петербургтегі өмірінің мазмұнын құрады. Осы кезеңде Шоқанға профессор А. Н. Бекетов, «Орыс географиялың қоғамы жазбалары-ның» редакторы, шығыстанушы, дипломат және публицист Е. П. Ковалевский, әйгілі ориенталист-ғалымдар
В. В. Григорьев, В. П. Васильев
В. В. Вельяминов-Зернов зор ықпал етті. Орыс географиялық қоғамының вице-президенті П. П. Семенов-Тяньшанский Уәлихановңа үнемі қолдау көрсетіп, онымен достың қарым-қатынас жасап түрды. Петербургте Уөлиханов өзінің досы Ф. М. Достоевскиймен қайтадан кездесті. Оның Петербургтік достары арасында А. Н. Майков пен Я. П. Полонский, ағалы-інілі В. С Н. С. Курочкиндер болды. Бұлар "Жер және еркіндік" ңоғамының мүшелері еді. Әр дәрежелі әдебиеттік орта қазақ оқымыстысының дүни-етанымын кеңейтті, оған Ресейдің революциялық жағдайы кезеңіндегі ңоғамдық өмірінің оқиғаларын жақсы айыра білуіне жәрдемдесті.
Ш. Уәлиханов 1865 ж. наурыз айында Алтынемел қыраты баурайындағы Көшен-Тоған деген жердегі Те-зек төренің ауылында қайтыс болды.
Шоқан Уәлихановтың қызметін Орыс географиялық қоғамының және Ресей ғалымдарының атынан бағалай келіп, шығыстанушы ірі ғалым И. И. Веселовский былай деп жазды: "Шығыстану ғылымы аспанынан Шоқан Шыңғысұлы Уөлиханов жарқыраған метеордай жалт етті. Орыс ориенталистері оның өмірге келген таңқаларлық құбылыс екенін бірауыздан мойындады және одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күтті: бірақ Шоқанның мезгілсіз қазасы біздерді бұл үміттерімізден айырды. Ол 30 жасқа жетпей өкпе ауруынан қайтыс болды".
Ш. Уәлиханов ғылыми мұрасы Қазақстан мен өзге халықтардың кең ауқымды проблемаларын қамтиды және солардың қай-қайсысын да шешуде оның құдіретті ғылыми таланты айқын көрінді.
Негізгі терминдер мен ұғымдар:
Халық ағарту саласындағы екі бағыт: діни және азаматтық
Қазақстанда ашылған тұңғыш азаматтың мектеп (1841ж. )
"Қадим" мектептері
Ы. Алтынсарин қызметінің екі бағыты: ұйымдастырушылық және педагогтық
Қазақстанды XVIII және XIX ғасырлардағы ғылыми зерттеу-лер
Паллас, Рычков, Семенов-Тяньшанский, Даль зерттеулері.
ІП. Уәлиханов - қазақ елінің тарихын, мәдениетін, ауыз әдебиетін ғылыми түрғыдан тұңғыш зерттеуші
Қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары
Қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды бөлігін ғасырлар бойы жинақталған салт-дәстүрлері құрайды.
Дәстүрлер - жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған күрделі қоғам-дық-қатынастар жүйесі. Ол қасиеттерге Отанға және өз халқына, оның тарихына, мәдениетіне деген махаббат, оны қорғауға дайын болу, достыққа адалдық, бірлікке, ынтымаққа тырысу, туысқандықты жаңарту, антқа адал болу, аманат сақтау, түп-тамырыңды білу, ата-баба аруағын сыйлау, ұлкендерді құрметтеу, әке үйін, "ңара ша-ңыраңты" дәріптеу, қонақжайлық, құдалық дәстүрлері, т. б. жатады. Сондай-ақ дәстүрлер құрамына ұлттық және діни мейрамдар да кіреді.
Біздің замандасымыз, көрнекті жазушы, этнограф, ұлт мәдениетінің шынайы жанашыры Сейіт Кенжеахметұлының саралауы бойынша, қазақтың ұлттық дәстүрлері мен салттарын былай жіктеуге болады:
1. Келін түсіріп, қыз ұзатуға байланысты дәстүрлер.
2. Тәлім-тәрбие дәстүрлері.
3. Тұрмыстық, өмір сүрулік дәстүрлер.
4. Еңбек, кәсіптік дәстүрлер.
5. Діни салттар.
6. Жерлеу салттары.
Келін түсіріп, қыз ұзатуға қатысты дәстүрлер
Қыз айттыру. Ата-аналар болашақ қалыңдықты баласы кәмелетке толмай тұрып, ездеріне тең, құрметті, текті отбасынан іздеген. "Қыз айттырудың" бірнеше түрлері болған. Ертеде көңілдес, дос адамдар балалары дүниеге келмей тұрып-ақ бір-бірімен "құда" болысқан. Мұны "атастыру" деп атаған. Балалары бесікте жатқанда құда болу "бесік құда" деп аталған. Бұлардан басқа құда болудың "қарсы құда", "сүйек жаңарту", т. б. түрлері болды. Балаларды үйлендіру "құда түсуден" кейін жүзеге асырылды.
Құда тцсу. Құда түсу - қазақ халқының ежелден үмытылмай келе жатқан міндетті дәстүрі. Жігіттің әкесі жаңын жүрағаттарымен ңызға ңүда түсуге келеді. Қыз әкесі ңүдалардың келуінен алдын ала хабардар болып, өзінің ағайындарын жинап, құдаларды ұлкен салтанат-пен қарсы алады. Қыз әкесі "қош" айтқаннан кейін екі жаң бір-біріне дәстүрлі сый-сияпат - құда аттанар, ат байлар, құйрық-бауыр, т. б. көрсетеді.
Бата аяқ. Құдалар арасындағы соңғы келісім. Екі жақтың алғашқы ңүда түсудегі келісімінен кейін, күйеу жігіттің әкесі қалыңдық ауылына келіп, той уақыты, қалың мал мөлшері, кәде-жоратуралы келіседі. Бұл бата аяқ деп аталады. "Бата аяң" кезінде ауқатты адамдар ірі сыйлыңтар тарту еткен. Олар бес жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы болып бөлінген. "Бес жақсыға" - түйе ботасымен, бие құлынымен, бағалы зат немесе алтынның, күмістің құймасы кірген.
Қалың мал. Құдалықтың ресми бөлігі аяқталғаннан кейін, күйеу жігіт жағы қалыңдықтың әкесіне мал түрінде қалың мал төлеген. Оның мөлшері құда болушы-лардың тұрмысына байланысты болған. Кедей құдалар 5-6 бас мал төлесе, ауңатты адамдар 200-500, кейде 1000 басқа дейін жылқы берген. Бұдан басқа той малы, анасына сүт ақы, өлген адамдар, тірі адамдар ақысы (өлі-тірі), т. б. кәделер болған. Қыз жағынан келетін жасаудың құны мен мөлшері де қалың малдан кем болмаған. Қалың мал төлеу кезінде мұлтіксіз орындайтын "құрық-бау", "қосақбау", "келін тілі", т. б. жоралғылар болған. Бұлар мал бағатын адамдарға берілетін төлемдер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz