Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . .
3
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
3: 4
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
3: 5
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
3: 6
: 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері . . .
3: 9
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Еңбек мәдениеті - технологиялық мәдениет құраушысы . . .
3: 9
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер . . .:

Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың

психологиялық аспектілері . . .

3: 17
: 1. 3
Нормативтік сілтемелер . . .:

Бастауыш сынып оқушыларының еңбек мәдениетін

қалыптастырудың дидактикалық шарттары . . .

3: 25
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
3:
: 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Бастауыш сынып оқушыларының еңбек мәдениетін қалыптастыру әдістемесі . . .
3: 34
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Еңбекке баулу мазмұнындағы еңбек мәдениеті құраушыларының көрінісі . . .
3: 34
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер . . .:

Бастауыш сынып оқушыларының еңбек мәдениетін

қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . .

3: 46
: 2. 3
Нормативтік сілтемелер . . .:

Бастауыш сынып оқушыларының еңбек мәдениетін

қалыптастырудағы іс-тәжірибелер . . .

3: 54
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
3: 60
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 62
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қосымшалар . . .
3: 66

НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:

- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;

- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;

Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы;

Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;

ЖОО - жоғары оқу орны;

ТОҚ - техникалық оқыту құралдары;

ОКҚ - оқытудың көрнекі құралдары.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың міндеттері еліміздің қоғамдық-экономикалық дамуын одан әрі арттыру мүдделерімен және жаңа адамды қалыптастырудың жалпы мақсатымен анықталады. Бұл міндеттер, негізінен, балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек ету, халық дәулетін көздің қарашығындай сақтау қажеттігін, еңбекке деген шығармашылық қатынасты тәрбиелеу болып табылады. Мұның бәрі, сайып келгенде, жеке адамның жан-жақты дамуына игі ықпалын тигізеді.

Білім беруде басшылыққа алатын құжаттарда (Білім мазмұны тұжырымдамасы, «Білім туралы» заңда, т. б. ) еңбек тәрбиесінің, оқытудың және мектеп оқушыларын еңбек жолына жан-жақты әзірлеудің рөлі атап көрсетілген. Балалардың және жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға көбірек қамқорлық жасау, оқушы жастарды спортпен, көркемдік және техникалық шығармашылықпен шұғылдануға тарту қарастырылған [1, 2] .

Оқушыларды жан-жақты дамытуды қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқу пәндеріндегі жұмыстарды үйлесімді ету қажет. Бастауыш сыныпта оқушылардың толып жатқан әуесқойлықтарының ішінде материалдарды (қағаз, мата, табиғат материалдары, т. б. ) өңдеу, олардың белсенді еңбек әрекеті үшін өз білімін жетілдіре, толықтыра түсу мұқтаждығын қалыптастырудың маңызы зор. Осының бәрін бастауыш сыныптан бастап қолға алу керек.

Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған мектептегі еңбек сабақтарының мүмкіндіктері мол. Жұмыстың мүмкіндіктері, шарты нақтылы жағдайға байланысты әрқилы болып келеді. Соған орай жұмысты жоспарлау кезінде ең әуелі осы жайларды ескеру қажет. Егер бұйым жасауға үйрету сабақтары арнайы жабдықталған бөлмелерде өтетін болса, онда оқушылар күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмысты орындауы тиіс.

Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу мұғалімдері үшін бұйым жасауға үйретуде еңбектің түріне сәйкес оқушылардың білім деңгейі мен іскерліктері ескерілуі тиіс.

Еңбек сабақтарындағы жұмыстардың әдістері туралы жалпы ұғымдар нақтылы көрнекі мысалдармен бейнеленуі керек. Оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай, нақты жағдайларға сәйкес еңбек объектілерін таңдау жүзеге асырылады. Бірақ мұнда білім беру мен іскерліктерді қалыптастыру мәселелері дұрыс қарастырылуы басты назарда болуы қажет.

Бастауыш сынып оқушылары еңбекке баулуда: техникалық еңбек, көркем еңбек, дизаин, тұрмыстық еңбек бойынша іс-әрекеттерді орындайды. Осы іс-әрекеттердің негізінде оқушыларда: жұмыс орнында материалдарды, құралдарды дұрыс орналастыру, материалдарды үнемді жұмсау, әртүрлі бұйымдарды дайындау барысында эстетикалық талғамды игеру, бұйымдарды біріктіру, безендіру іскерліктері қалыптастырылуы тиіс.

Осы айтылғандарды бір сөзбен тұжырымдағанда, оқушылардың, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының еңбек мәдениетін қалыптастыру оқыту мақсаты және нәтижесі болып табылуы тиіс. Еңбек мәдениеті технологиялық мәдениет құраушысы болып табылады және оның өзін бастауыш сыныптан бастап қалыптастыру бағытындағы жұмыстар да жүргізілуде.

Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың білімдері мен еңбек іскерліктерін, еңбек мәдениетін жалпы тұрғыдан қарастырғандар: А. М. Гускова [3], Н. Е. Цетлин [4], А. П. Журавлева, Л. А. Болотина [5] және т. б. ресейлік ғалымдар болса, республикамызда Т. Ш. Оралбекова [6], Е. Райымжанов [7], О. Сатқанов, С. Нұрсейітова, Г. Сатқанова [8], К. Өстеміров, Б. Қалназаров, Д. Әлмағамбетова [9], О. Сатқанов [10] және т. б. педагог-ғалымдарымыз бен әдіскерлер шұғылданды.

Бастауыш сыныпта материалдарды өңдеуге, бұйым дайындауға үйрету балалардың демалуының бір түрі болып табылады. Оқушылар сабақ үстінде белгілі бір мөлшердегі қажетті білім мен іскерліктерді үйренеді. Ал енді әркімнің бойындағы ізденіске, белсенді еңбекке деген құштарлықты ояту, оның қабілеттерін ашу, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуына практикалық бағыт беру және балаларды жан-жақты дамыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешу сыныптан тыс және негізгі сабақтарды тиімді ұштастыра білгенде ғана нәтижелі болмақ.

Қазіргі таңдағы оқытудағы негізгі міндет төменгі сынып оқушыларының техникалық, ауылшарушалық еңбегіне баулу, шығармашылық қабілетін ұштай түсіп, қажетті еңбек мәдениетін қалыптастыру негізінде оларды еңбекке тәрбиелеу. Сол себепті де, біздер зерттеу жұмысы тақырыбын « Бастауыш сынып оқушыларының еңбек мәдениетін қалыптастырудың дидактикалық шарттары (4-сынып) » деп алуды жөн көрдік.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының материалдарды өңдеуде еңбек мәдениетін қалыптастыру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау және оларды оқытудың әдістемелік нұсқауын ұсыну.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып еңбекке баулу сабақтары.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта еңбекке баулу пәнін оқытуда еңбек мәдениетін қалыптастыру барысы.

Зерттеу міндеттері:

- зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты психологиялық, педагогикалық және арнайы әдебиеттерді зерделеу;

- бастауыш сынып оқушыларының еңбек мәдениетін қалыптастыру жолдарын айқындау;

- бастауыш сынып оқушыларының еңбек мәдениетін қалыптастырудағы оқыту мазмұнын анықтау;

- бастауыш сыныпта еңбек мәдениетін қалыптастырудағы оқыту әдістері мен формаларын және сабақтың үлгі жоспарларын әзірлеу.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді талдау, бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке баулу сабақтарында материалдармен жұмыс жасауды оқытудағы іс-тәжірибелерін зерделеу, танысу, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, баға беру, зерттеу тақырыбына байланысты баспасөз материалдарын зерделеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: бастауыш сыныптар үшін бекітілген еңбекке баулу пәні бағдарламасының соңғы нұсқасында (2013 ж. ) техникалық еңбек, қағазбен жұмыс жасауға жеткілікті назар аударылғандығы теориялық тұрғыдан айқындалды; оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастыру теориясы нақтыланды; оқытудың көрнекі әдісі тұрғысынан көрнекіліктерді пайдаланудың және сабақ конспектілерінің үлгілері әзірленді.

1 Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Еңбек мәдениеті - технологиялық мәдениет құраушысы

Біздің планетамыздың қалыпты табиғи, биосфералық жағдайдан шапшаң қарқынмен жасанды, технологиялық қалыпқа ауысуы адам мен табиғат эволюциясының жағдайын түбегейлі өзгеріске ұшыратып, жас ұрпақты өзгерген қоғамда өмір сүруге даярлауды, олардың тәрбиесі мен білім беру жүйесін жаңаша қарауды қажет етеді. Адам қоғамның түрлі құрылымдары тарапынан болатын әсерлердің объектісі болудан тыс қалып, өз құқықтары мен таңдауларын және өзіндік таңдауы мен дамуды жүзеге асыратын белсенді субъектіге айналады.

Бүгінде әлемдік технологиялық қайта құру «қайта » қарқынды сатысына аяқ басты. Адамды қоршаған әлемде оның тағдыры негізгі мәселеге айналуда. Біздің заманымыздағы, тарих ағысы мен беттеріне әсер ететін әлеуметтік және рухани оқиғалардың бәрінде де «адамзат іс-әрекетін бағалаудың қажетті алғышарты және критерийі» ретінде мәдениеттің мазмұны мен мәніне және бағдарына үңілу бұлтартпас қажеттілікке айналды [11] .

Табиғаттағы «табиғи тепе-теңдікке» қол жеткізу үшін жоғары дәрежеде дамыған мәдениеттің қажеттілігіне күмән туындамайды. «Қоғам қаншалықты тез дамыған сайын, соншалықты мәдени түлеудің мәні мен рөлі маңызды бола түседі. Адамның өзі кез келген экономикалық және қоғамдық дамудың міндетті шарты, әрі маңызды өндіруші күші болып табылады және бұл рөлді оның мәдени деңгейі қаншалықты жоғары болса, соншалықты жемісті атқарады» [12] . Өзін мәдениетті адам қатарынан санайтын адамзат өкілін осы мәселе қашаннан толғандырып келеді. Бүгінде, ғылыми-техникалық өркендеу жағдайында өмір сүріп жатқан жағдаяттар, біздерді шын мәніндегі мәдени тұлғаның мазмұнын анықтау іс-әрекетінің қажеттігіне алып келеді.

Сол себепті де, жеке тұлғаның қалыптасуы және дамуы, әрі оның еңбек мәдениеті түзілімі үшін маңызды алғышарт пен қажетті шарт, әрбір адамның өткені, мәдени құндылықтарды игеруі және оның әлемдік мәдени даму барысына қосқаны маңызды болмақ.

Адамзаттың даму сатылары мен оның эволюциясын зерттеуге арналған әдебиеттерді өткенді шолу тұрғысынан талдау, технология мен мәдениет дамуының мыңжылдықтарға ұласатынын көрсетіп береді. Осындай үйлесімділікке көптеген зерттеушілердің ғылыми қызығушылығы ауғаныменен, бірақ «еңбек мәдениеті» терминінің пайда болуы тек ХХ ғасырдың соңғы онжылдығымен ғана сипатталады. Бұның бәрі де нақты құбылысты дәйекті зерттеуді қажет етеді.

Еңбек мәдениетінің пайда болуы мен дамуы ұзақ та күрделі үдеріс. Қайда болмасын, белсенді еңбек іс-әрекеті туындаған жерде, ұлы өркениет ошақтары пайда болды. Технологияның гүлденуін Вавилон, Египет, Индия, Греция, Рим бастан өткерді. Технология өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ барша адамзатқа қызмет етіп келеді. Технологиялық үдеріс қоғамның мәдени қажеттілігімен байланысты. Бірақ, «еңбек мәдениеті» ұғымы, жалпы технологиялық мәдениеттің категориялар жүйесінде салыстырмалы түрде алғанда, жуырда ғана енді.

«Еңбек мәдениеті» түсінігін анықтау барысында, ең алдымен кез келген мәдениеттің көрінісі адамның даму дәрежесінің көрсеткіші болатыны басшылыққа алынады. Адам табиғи жағдайды түрлендіреді, сол арқылы «екінші» табиғатты жасайды және соның көмегімен өзінің адами болмысын сақтап тұрады. «Мәдениет» адамның жеке тұлға болмысының «екінші табиғатына тән». Адамға тән маңызды ұғымдардың арасынан, «мәдениет» анықтамасы санының көптігі жөнінен алғашқы орындарды иеленеді. Сондықтан да, ғылыми әдебиеттерде мәдениеттің көптеген дифинициялары бар. Оның көптігі, мәдениеттің түрлі мәнді болуына және нақты терминді қолдануға байланысты.

Тарихи дамуы күрделі, әрі көпқырлы қоғамдық құбылыс ретінде, мәдениет болмысты меңгерудің, құндылықтарды жасаудың, сондай-ақ жеке тұлғаның рухани және материалдық іс-әрекеттеріндегі шығармашылық мүмкіндіктерді жүзеге асырудың тәсілін көрсетеді. Ол тек заттар мен құндылықтардың қосындысын емес, индивидтің тума дарындылығын және қабілеттерін ашатын күрделі үдерісті көрсетеді. Мәдениет табиғаттың күштеріне адами талап тілектері мен қатаң сенімдеріне ақыл-ойдың үстем болуынан құралады. Мәдениеттің руханият бастауы екенін ескермеген адамзат дамуы «рухани үдеріске сәйкес емес тек ескермеген материалдық жағы дамыған мәдениет, рулдік басқару тетігінен айырылған кеме тектес болып, реттеуішінен айырылады, әрі тоқтаусыз күйреуге ұшырауға бет алады» - деп айтылған тоқтамға сәйкес келеді [13] .

Осылай түйіндей келе, біз мәдениетті шығармашылық үдеріс, адамның табиғатқа, қоғамға, өзіне-өзінің қатынасын ашатын, адамның жасаған рухани құндылықтарының синтезі, қоршаған ортамен оның байланысының нәтижесі ретінде қабылдау қажет деп білеміз. Мәдениет бұл мағынада - адамның өзін қоршаған сыртқы және ішкі әлемді игеруінің қайталанбас тәсілі болмақ. С. Н. Иконникова мәдениетке адамзаттың тарихи дамуы жүктелген, ол оның материалдық және рухани іс-әрекетінің мүмкіндіктерін шығармашыл түрде жүзеге асыру тәсілдерінің көрінісі болып табылады деп біледі. Оның пікірінше, мәдениет тек заттар мен құндылықтардың қосындысы болып қалуы мүмкін емес, ол бізге индивидтің тума таланты мен қабілеттерін ашатын үдерісті көрсетеді.

Әдебиеттердің өткенді шолатын талдаулары, мәдениет феноменін төмендегідей тұрғыда қарастырылғандығын көрсетеді:

- аксиологиялық (Т. Л. Коган, Н. З. Чавчадзе және т. б. ) мәдениетті шығармашылық түрленуші және іс-әрекеттің өзін түрлендіруші өнімі ретінде қарастырады;

- жүйелік-технологиялық (М. С. Каган, Э. С. Маркарян және т. б. ) мәдениетті тек тіршілік барысында игерілген өмірлік құндылықтар көлемімен ғана емес, сонымен бірге адамдарды осы құндылықтарға үйрету тәсілдерін сипаттайтын, адамзат дамуының өзінше бір өлшемі түрінде қарастырады;

- жеке тұлғалық-шығармашылық (Э. А. Баллер, Н. А. Бердяеев, В. С. Библер және т. б. ) мәдениеттің шын мәніндегі мазмұнын - адамның шығармашылығы мен қажеттілігінде жүзеге асырылатын, оның шығармашылық іс-әрекеті деп атап өтеді.

Педагогикалық зерттеулерде «еңбек мәдениеті» ұғымына және оның аясындағы іс-әрекеттерге түсініктер берілген. Мәдениеттану терминдерінің түсіндірме сөздігінде: « Мәдениет (араб тілінде «маданият» - қала деген мағынаны білдіреді; орыс. - культура) - адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтік жемістері мен нәтижелері» - деп мазмұндалған [14] .

Теориялық талдаулардан аңғаратынымыз, мәдениет қоғамдық шыңдалған, қоғамның қажеттілігі мен мақсатына табиғат заңына сәйкестікте әлемді түрлендірудегі адам іс-әрекетінің тәсілі.

«Еңбек мәдениеті» ұғымын анықтау және оның педагогика ғылымында қалыптасуын зерттеу мәселесі осы бағыттағы қарастырылған заманауи философиялық, психологиялық, педагогикалық, социологиялық әдебиеттерге жүгінуді көрсетеді.

«Мәдениет» ұғымын қарастырғанда «Еңбек мәдениеті» жалпы мәдениеттің элементі ретінде ендіріледі. Оған дәлел ретінде, мәдениет өзінің пайда болу тұрғысынан оның технологиялық мәні бары В. Б. Давидович, Ю. А. Жданов, М. С. Каган, Э. С. Маркарян, т. б. ғалымдар тарапынан айтылған.

Мәдениет феномені көпқырлылығымен, күрделілігімен және қарама-қайшылығымен ерекшеленеді. Осындай объективті себептен бүгінде бірыңғай жалпы қабылданған мәдениет ұғымы жоқ. Француз ғалымы А. Моль оның 250-ден, ал А. Е. Кертман 400-ден астам түсіндірмесін келтірген. Ол жөнінде Д. Қ. Пошаев «Дүние жүзілік әдебиетте оның 250-ге жуық анықтамасы бар. Бұл мәселе, мәдениет ұғымының күрделілігімен қоса, оның әлеуметтік тұрғыдан көпмәнділік екенін аңғартады» деп өзінің ойын түйіндейді [15] .

Техника мен технологияның жетілдірілуі адамнан интеллектуалды дамуды, білім және іскерлікті меңгеруді талап етеді. Техниканың дамуына байланысты түрлендіруші іс-әрекетте өзінің ұйымдастыру және орындаушылық көзқарасын жетілдіретін жаңа типті индивид өмірге келеді. Бұл айтылған тұжырым В. Д. Симоненко, М. В. Ретивых, т. б. еңбектерінде қарастырылады. Техника мен өндіру тәсілі өзінің туындауы бойынша мәдениеттің қайта түлеуі болып табылады. Сондықтан да «технология» - бұл адамның шығармашылық ойлауымен және іс-әрекетті шығармашылықпен қайта түрлендірумен байланысты мәдениет ұғымы. Ол адамның табиғаттағы және қоғамдағы орнын, әрі оның табиғи үдерістерге араласуының шеңберін анықтайды. Технология жалпы мәдениеттік парадигма ретінде материалдық және рухани мәдениеттің бірлігін барлық мәдениет түрлерінің өзара байланысын (саяси, құқықтық, адамгершілік, көркемдік және т. б. ) қамтамасыз етеді, сонымен қатар, қоғамды ішкі жағынан байланыстыратын әмбебап мәдениеттің жеке көріну қажеттілігімен сипатталады [16] .

Елімізде болып жатқан терең өзгерістер жинақталған тәжірибені шығармашылықпен меңгеру жағдайында технологиялық білім беруді қамтамасыз етуі мүмкін, осы мәселені шешуде басқаша тәсілді қолдануды талап етеді. Осындай тәсілдердің бірі қоршаған ортаға тиімді және белсенді өмір тіршілігін қамтамасыз ететін жастарда еңбек мәдениетін қалыптастыру, оларды қоршаған ортаға сезім түсінігін және құрметті дамытуды меңгерту болып табылады.

Соңғы онжылдықта мәдениет, іс-әрекет және адам мәселесіне үлкен назар аударылуы, технология мәселесінің субъективті аспектілерін талдауға алып келді. Технологияны қандай да бір ғылым саласы шеңберінде қарастырып жүрген ғалымдардың бірқатар ұстанымдарын атап өтуге болады. Мәселен:

- Н. З. Чавчавадзе, Е. В. Осичнюк, А. И. Яценко және т. б. технологияны қызығушылық, тұтынушылық (қажеттілік), мақсат қоюшылық, құндылықтар, мүдде мәселесін шешу контексінде қарастырады;

- Г. Н. Волков, Р. Рихт және т. б. технологияның адам мен техника байланыс түрлерінің тарихи өзгеруі ретінде көреді;

- В. Е. Давидович, В. П. Иванов, М. С. Каган, Э. С. Маркарян және т. б. технологиядан мәдениеттің дамуының тетігі мен ерекше қабатын қарастырады;

- М. Ф. Тарасенко - еңбектің қоғамдық түрі мен бөлісіне қатынас үлгісінде қарайды. Осылай бола тұра іс жүзінде барлық зерттеушілер іс-әрекет пен мәдениеттің тығыз өзара байланысын атап өтеді. Мәселен, С. И. Голенков зерттеуінде іс-әрекет - қоршаған әлем мен адамның өзара әрекеттерінің өзіне тән түрін көрсетеді, яғни оның мәні мәдениетті игеру және дамыту негізінде, бұл әлемді мақсатты түрде өзгертуден тұрады. Сонымен қатар, бұл іс-әрекет пен мәдениеттің байланысын, ол материалдық әлемде оның жүзеге асырылуы субстанциясы мен тәсілінің екі мәнінің қатынасын қарастырады.

Сонымен, мәдениет пен технология заманауи феноменде өзара ажырамайтын байланыста, әрі «Адам - табиғат - техносфера» жүйесінің құраушылары болып табылады. Көрсетілген өзара байланыс адамның түрлендіруші іс-әрекетінің негізінде, оның жүзеге асырылу тәсілінде көрініс табады. Адамның сана-сезімінде, оның түрлендіруші іс-әрекеті арқылы табиғат заңдары тасымалданады және осының нәтижесінде, еңбек мәдениетін сезіну қағидасында қатайып, олар түрлендіруші тәжірибе заңдарына айналады.

Академик П. Р. Атутов технология ұғымына: «адамның түрлендіруші іс-әрекетінің құралы ретінде ғылыми білімдерді қолдану тәсілі» деп өзінің анықтамасын береді [17] . Берілген анықтамаға В. Е. Давидович пен Ю. А. Ждановтар бірдей пікірде болып технологияны «амалдардың тәсілі», «іс-әрекет тәсілі» ретінде қарастырады [18] .

Қоғамның индустриализациялануы барысында технология ұғымы барынша кең сыйымдылықта сипатталды. Технология - бұл өндірістік үдерістерді жүргізу құралдары мен тәсілдері, әрі өңделетін объектінің сапалық өзгерісі жүретін өндірістік үдерістер мен технологиялық үдерістер туралы білімдер жиынтығы [19] .

Бірқатар ғалымдардың (В. И. Скурихин, В. Г. Квачев, Ю. Р. Валькман, Л. Г. Яковенко және т. б. ) пікірі бойынша кез келген технологияны анықтауда төмендегідей негізгі құраушыларды бөлуге болады:

1. Үдерісті жүзеге асыру мақсаты.

2. Технологиялық өзгерістерге ұшырайтын зат.

3. Затқа әсер етудің әдістері мен тәсілдері.

4. Технологиялық ықпал етудің құралы [20] .

Бірқатар ғалымдардың ғылыми еңбектерін талдау (П. Р. Атутов, М. В. Ретивых, В. Д. Симоненко, Н. Ф. Тарасенко және т. б. ) адамның жалпы даму жүйесіндегі еңбек мәдениетінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек мәдениетінен, адамның объективті болмыстағы өзіне тән өзгеше өзгерісті қарастыра келіп, бұл өзгерістер «қатынастар ретінде адамның жетістігі болып табылып, гносеологиялық, технологиялық, басқарушылық және т. б. барлық басқа қатынастар арқылы ашуды» ұсынады. Еңбек мәдениеті - амалдардың тәсілі, яғни нақты жағдайда мәдениетті ғылыми білімге және жалпы ғылыми әдіске тән түрде қарастырады [21] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz