Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
Кіріспе
1. Қазақстанда тың жерлерді игеру шаралары, оның кезеңдері және ауыр зардаптары.
2. Экономиканы басқарудағы реформалар.
3. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар . бірінші жартысы
4. Хрущев саясаты саяси өмірдегі өзгерістер.
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985.1991 жж.).
5. Республика басшылығының ауысуы және оның қасіретті зардаптары. Желтоқсан оқиғасы.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы; Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

1. Қазақстанда тың жерлерді игеру шаралары, оның кезеңдері және ауыр
зардаптары.
2. Экономиканы басқарудағы реформалар.
3. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы
4. Хрущев саясаты саяси өмірдегі өзгерістер.
Қазақстандағы қайта құру саясаты (1985-1991 жж.).
5. Республика басшылығының ауысуы және оның қасіретті зардаптары. Желтоқсан
оқиғасы.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы Елімізде астық өндіруді
одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы
қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал,
Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық
алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау,
Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.Тың
игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген
жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000
сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін
10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да
материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер
ауылшаруашылық салығынан босатылды.1954-1959 жылдары тың және тыңайған
жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2
млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия,
кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда
6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-
30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен,
асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар
бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы;
Тың игеру Қазақстанда ерекше
қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша
41млн.га).

3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның
арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз
етті.

6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер
салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер
көбейді.

Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия
көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі
жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен
қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың
игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп
бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын
алқаптардың,көлемі,тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына
байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында
жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды:
1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының
үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-
ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны
және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып,
нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға
ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер
арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық
руханияттары,ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды.
Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір
бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық
намысы біртіндеп жоғала берді. Тың және тыңайған жерлерді игеру
XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953
жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион
тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы
болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.
Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады.
Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда,
Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында
жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің
колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен
кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан
кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп
санады.
Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3
млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған
партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі
игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн.
гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер
көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.
Гектар қажетті.
Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал
Қазакстанда 25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір
мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн.
гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі 36 млн. гек-тардан
асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы
шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы
жер 223 млн. гектарға жетті.
Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері
мынандай:
1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;
2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ
колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;
4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1
млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында
(1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол
астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды. Тың игеру
басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар
болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет етті. Тың
жылдары кеңшарлар 127,3 мың трактор, 46,2 мың астық комбайнын, 29,6 мың жүк
автомобильдері мен арнайы тасу көліктерін, 45,1 мың тракторлык жер жырту
сокасын, 74,4 мың себу мәшинелерін т.б. алды.
Тың игерудің жағымды жақтары:
1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.
Республика бидайдын бағадьққатты және кушті сорттарын өндірудің орта
лығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді
2) 1954-І977жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын
барлыксалаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып
өтелді. 1990 жылғы акпанның 15-жұлдызында Н.Ә. Назарбаеп (ол кезде
республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы
қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ‘Тың игеру басталғані іан астык
өндіру 7 есеге, ет – 5, сут – 3 есеге кебейді. Тың көтеруге жұмсалған қаржы
1977 жылға қарай толықөтелді” – деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса
уақытта шығын қайтарымын тапты;
3) әсіресе тың әлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және
байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды.
Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер
басым болды:
1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн.
ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;
2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және
түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден,
Украина мен Белоруссиядан шақыртып әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық
директорлығына жіберілген Мәскеу белсенділерінің (шаруашылықты басқаруға
Қазақстанда лайықты азаматтар табылмағандай) басым көпшілігі республиканың
жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді;
3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы:
• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап
жыртылды;
• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра
сілтеушілікке бой ұрмай Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді жырту көлемі
ары кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда оны интенсивті даму жолына
түсіру әлдеқайда оңайтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы жерлер
шабындықтар мен жайылымдықтар үшін сақталып, бұл, өз кезегінде, мал басының
дамуына жағдай жасар еді.
Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады:
• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі – жылқының саны
365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім
бере бастады;
• керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік Қазақстан,
Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше
қарқынмен жүрді;
• 1941-1951 жылдары соғыс және халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің
алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен
астам өскен болса, ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның
басы 3 есеге азайыи кетті. Себебі тын игеруге дейін әртұяқтың дұрыс өсіп-
өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл
көрсеткіш орта есеппен әртұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған
жылдар топырақ түзілу үрдісіғіде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып,
тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:
• терістіктегі алқаптар негізінен тегіс болғанымен, оның ой-шұңқыры мол,
микро-мезорельефі әркпылы дамыған, осыған орай топырак түзілімі дебіркелкі
емес-гі, әдетте сортан топырактар араласа келетін. Тың игеру жылдары сортаң
топырақтар тараған шандак жерлерді жыртқанда айналып өтпей,бір ретпен
жыртыла берді.Сонын салдарына нәсіресе кұмдақ алқаптар жел эрозиясына
ұшырады және 1955-1958 жылдары мұндай жерлер келемі 1,5 млн. гектарға
жетті. Бір ғана Павлодар облысында 805 мын га. 5кер жарамсыз болып қалды;
• галымдардын есептеуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарында жыртылған
жердің көлемі 26,4 млн. га болса, оның 14,5 млн. гсктары жел
эрозиясына бейімді екен;
• 90-жылдардыцбасындагы мәлімет бонынша, республикада 106 млн. гектар жер
әртүрлі дәрежедегі жел эрознясына ұшыраган;
• топырақ кұнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың игерілген
жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында топырақтың қара
шірігі 4,3%-дан 3,6%-ға, Қостанай облысында – 3,7%-дан 2,7%-ға
азайыпкеткен;
• бүгінгі күнде су эрозпясына бейімді жерлер Казакстанда миллиондаған
гектарға жетіп отыр.
5) Тың игеру ата мекеннің халқьь қазактардың үлес салмағыиың кемуіне
әкеліп соқтырды.
• Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыстың – Солтүстік
Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1,5 млн. адам
келді, ал жабык әскери объектілер мұның үстіне 150 мын адамды қабыл-дады.
1954-1956 жылдары тынды игеруге 391,5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы
санак бойынша казақтар республиканыц 30%-ы.н, орыстар 42,7%-ын, 1962 жылы
қазақтар сан жағынан өз мекенінде жалпы тұрғыңда-рының уштсн бірінсн де аз
немесе 29 пайызды ғана қурады. 1897 жылгы мәлімет бойынша, олар өз жерінде
мекендеушілердің 85 пайызына тең еді.
• Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті
түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндік
болғаны сөзсіз. Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық
дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп,
біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас
республикалардағы қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар тынды өздерінің
күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де
жасамағаны белгілі.
• Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың
өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық,
облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ астам селолық және
ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған.
• Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт
өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің
жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.
Тың эпопеясының кейбір түстарын айғақтай түссек, оңда:
1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары игерілген тың және тыңайған,
жерлердің жалпы көлемі 42 млн. гектарды құрады, оның 25,5 млн. гектары
Қазақстандаласыңда жыртылды;
2) астықты бес – Крстанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау жөне
Павлодар – облыстарындағы жыртылған жер көлемі 600 мың шаршы шақырымнан
асып түсіп, бұл Франция (551 мың шаршы шақырым) тәрізді мемлекеттің
аумағынан едәуір ұлкен алқапты қүрады;
3) тынды көтеруге Кеңес Одағының тукпір-түкпірінен адамдар көптеп
тартылды. 1954 жыддың мамыр айының езіңде ғана республиканың тың өлке-сіне
130 мың адам жөнелтілді. 1954-1955 жылдарда мұңда 360 мыңнан астам
механизаторлар мен құрылысшылар жөне басқада мамандық иелері орын тепті.
Республикаға 1954-1962 жылдар арасында Кеңес Одағының еуропа-лық бөлігінен
2 миллионға жуық адам келді;
4) Қазақстанның үлесіне 1953 жылы КСРО-дағы бидай егістігі алқабының 11,3
пайызы тисе, 1960 жылға таман ол көрсеткіш 30 пайызға жетті. Сөйтіп, КО-
дағы астық алқабының өрбір ушінші гектары Қазақстанның үлесінетиді;
5)республика 1956 жылы Імлрд. Пұтастықтапсырып соғанорай Қазақстанға
алғашқы Ленин ордені тапсырылды.
6) республикада тың экстенсивті жолмен игерілді.
Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы
оқиғаға орай Жарлық шығарып, “Тыңға-50 жыл” мерекелік медалін тағайыңдады
және онымен 3,5 мың тың ардагері марапаттадды.
4.1965 жылғы шаруашылық реформасы және оның Қазақстандагы қорытындалары
60 және 80-жылдардын басындағы тарихи кезенде социализм бірқа-лыпты
дамыған жоқ. Дәуір 2 кезеңге бөлінді жөне оның аралық уақыты 70-жылдың
басымен айқы ндалды.
Бірінші кезеңде (1960-70 жылдар) елде қоғамдық өмірді жацартудың жолдары
табысты ізденістермен ұштастырылды.
Екінші кезенде (1971-1985 жж.) жаңашылдыққа деген ұмтылыс әлсіреп,
коғамдық құрылымның әрекет етіп отырған принциптері мен түрлерін, ескі
төртіпті сақтау бағыты басым болды.
50-жылдардыңортасынан бастап Кеңес өкіметі иемденіп отырған шаруашылык
механизмінің белгілі бір дәрежеде ескіргендігі айқын көрініс тапты. Ол
механизм көбіне 20-30-жылдардағы төтенше жағдайларда орнықкан еді. 1966
жылдың қарсанында кеңес экономикасында өнеркәсіптің ЗОО саласы өрекететіп,
47 мың кәсіпорын мекемесі, 13 мың құрылыс ұйымы, 12 мың кеңшар, 37 мың
ұжымшар болды. Мүндай жағдайда басқарудың тікелей жұмыс тәртібін
белгіленетін әкімшілдік әдіс экономикалық жағынан қолайсыз, техникалық
жағынан тиімсіз болып табылды. Өндірісті басқаруда киыншылықтар ерістей
бастады. Әрекет етіп отырған орталықтандыру дәрежесі өз кезегінде
кайшылықтарды шиеленістірді, мұнын әзі кәсіпорындардың шаруашылык
дербестігін улғайтудың қажеттілігін көрсетгі.
Кадр потенциалында да өзіерістер болған еді. Егер бұрын жоғары білімді
мамандардың біраз бөлігі басқару жүйесінде шоғырланган болса, ал 50-60-
жылдары олардың көп бөлігі ондіріс сферасында еңбек етті. Сондай-
ақжұмысшылар мен шаруалардың білімдік және мамандықдәрежесі өсті.Осындай
жағдайда өмір енбекшілердің білімі мен тәжірибесін толық және тиімді
пайдалануды және бәрінен бұрын, жергілікті жерлерге мейлінше дербестік
беруді талап етті.
Оның бержағында, мемлекетте басшылықауысты. 1964жылы қазанда КОКП ОК-нің
Пленумы Н.С.Хрущевті (1953 жылғы қыркуйектен бері мемлекет басшылығындагы)
шаруашылық мәселелерді шешкенде субъективизмге, волюнтаризмге (омірдің
негізі ерік деп түсіңдірді), басқарудын әкім-шілдік әдісіне бой ұрды деп
сынаи, оны өз еркімен қызметінен кетті деуге саятын отінішін
қанағаттандьфды. Сонымен Пленум Н.С.Хрущевты ОК-тің І-хатшысы, ОК-тің
Төралқа мүшесі және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен
босатты. Пленум КОКП Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп Л.И.Брежневті
сайлады, мұнымен қатар КСРО Министрлер Кеңесінің төрагасы болып А.Н.Косыгин
тағайыңдалды.
Желтоқсанның 4-і күні Астанада Тың және тыңайған жерлерді игеру: тарих
және қазіргі заман тақырбында ғылыми-тәжирбелік конференция өз жұмысын
бастады. Үш күн бойы өтетін кеңесте 300-де аса баяндамалар тыңдалмақ.
Айтулы күн, тың игерудің 50 жылдығы, алдағы жылдың науырызына келіп тұр.
Биылғы жылдың қаңтарында Қазақстан үкіметі осы мәселеге орай арнайы қаулы
қабылдап, комиссия құрып, оған Премьер-министрдің орынбасары-Ауылшаруашылық
министрі Ахметжан Есімовті төрағалыққа бекіткен еді.
Желтоқсанның 4-і күні конференцияда сөйлеген сөзінде Ахметжан Есімов, тың
игеру жылдарындағы жетістіктер мен кемшіліктерге шегініс жасады.
Оның айтуынша, қысқа тарихи кезеңде миллиондаған жер игерілген,
қажеттілікке қарай әлеуметтік құрылымдарымен көптеген совхоздар мен
колхоздар құрылған. Тың игерудің алғашқы екі жылында көрші республикалардан
Қазақстанға 360 мыңнан аса механизаторлар, құрылысшылар мен
ауылшаруашылығының мамандары келген. 680-нен аса жаңа совхоздар ашылған.
Оған мемлекеттен 4 миллиард сомнан аса қаржы бөлінген.
Тың игерудің он жылында совхоздар 127 жүк және арнайы машиналар және басқа
да ауылшаруашылық техникаларын алған.
Елде астық өндірісінің қарқынды өсуі және оның қалдықтарын пайдалану мал
шаруашылығының дамуына да ықпал еткен.
Тың игеру жылдарында республикада ірі қара мал басы екі есе өсіп, сүт –ет
сатып алу 4 есе артқан. Осылайша тың игеру республиканың азық-түлік
тәуелсіздігін шешуде маңызды рөл атқарыпты.
Тың игеру сондай-ақ Қазақстан жерінде халықтар достығын нығайтуға да негіз
жасаған. Алайда, тың игерудің ауқымды бағдарламасын іске асыруда жердің
жаппай жыртылуынан алпысыншы жылдардың басында тың игерушілер
келеңсіздіктерге де тап болған. Ол кезде аграрлық ғылым жерді жаппай
жыртудың көлеңкелі салдарын көре алатын жағдайда болмаған, -деді Премьер-
министрдің орынбасары- Ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов.
Ал, тарих ғылымдарының докторы Жұлдызбек Абылхожин, тың игерудің әлеуметтік
саладағы жақсылығымен қатар кемшілігінің де болғанын айтады.
Жақсысына келсек, Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік, экономикалық, саяси өсу
болды. Бірақ көші-қонның бақылауға алынбағаны ол қашанда проблема тудырады,
- дейді ол.
Оның айтуынша, 1959 жылы санақ жүргенде қазақтардың саны 30 пайызды ғана
құраған.
2. Экономиканы басқарудағы реформалар.
1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті
дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3.Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4.Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары
көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін
өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше
құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды
Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де
қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда
халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы
кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып,
өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш
өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.
60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде
құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары
жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды.
Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы
техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45
мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды
көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін
көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін
атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін
Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір
кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды.
Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы
заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа
технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.
1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық
процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті.
Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты.
Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік
доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай
сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір
жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса
назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты,
Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа
тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың
жаңа жүйесіне жұмыс істеді.
1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және
темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес
салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді:
титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар
өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта
жалпыодақтық маңызға ие болды.
Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік
өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы
алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл
өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды.
Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай
басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен
қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-
техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.
Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы
бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті)
әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір
келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және
ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде
кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.
Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде
мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса
берді.
- Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді
дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық
бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.
Өндіріс саласындағы кемшіліктер:
- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.
- Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-
ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты
босқа жоғалды.
-Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі
министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.
Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:
1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген
стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз
түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге
өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал
аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі
көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға
шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін
сақтап қалу проблемасын көтерді.
Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп
жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой
көтерді:
1. Лисаков кен-байыту комбинаты,
2. Шерубай – Нұра шахтасы,
3. Талдықорған аккумулятор заводы,
4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985
жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985
жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия
өнеркәсібі – 3 есе өсті.
Ауыл шаруашылық жағдай.
1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі
көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді.
Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285
шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық
кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық
саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы
Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас
республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.
70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда
сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша
ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде
республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы
жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап
бөлінді.
Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана
шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру
төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.
1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-
қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық
кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.
1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар
өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.
70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық
жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай
адамдардың бірі болатын.
Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Іле және Ақши совхоздарының
директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге
бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді,
фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің
кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады.
Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.
Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл
шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау
туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен
совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп
біріктіру жұргізілді.
1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік
программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің
жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік
проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу
факторларына көшу деп тапты.
Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын
тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені
бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың
түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін
қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі
бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы
жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс
жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі
енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа
жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім
ауылдар пайда болды.
Экологиялық жағдай
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі
проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ.
Әлем тарихында қырғи қабақ соғыс (холодная война) соғыс аталған
империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса
қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде
басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық
қарудың ошағына айналды.
Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан
жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында
ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды.
Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон
8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет
ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ
өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы
еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне
келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді.
өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары
жарамсыз болып қалды.
1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет
сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.
70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал
теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген
стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария
өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал
теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық
жағдайы проблемаға айналып отыр.
Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы
Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың
тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп
байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы
сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның
айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға
берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола –
Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің
жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы
болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын
басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту
қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде
субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.
Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде
кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-
ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы
және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына
КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал
Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді
тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам
ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу
ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік
принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге
жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле
бастады. Осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz