Мемлекеттің ақша-несие саясаты



ЖОСПАР:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

I тарау. Ақша.несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
1.1. Несие саясаты және оның мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... 6.9
1.2. Несие саясатының құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10.16
1.3. Ақша.несие жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.22

II тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
2.1. Ақша.несие саясатының операциялары ... ... ... ... ... ... 23.26
2.2. Ақша.несие саясатының салық.бюджет, валюта саясаттарымен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.37
2.3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38.46

III тарау. Қазақстан Республикасының ақша.несие саясатын талдау.
3.1. Ақша айналысы және несиені талдау ... ... ... ... ... ... .. 47.50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
Кіріспе

Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Ақша – несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс , Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 1997 жылдың 11-ші қазаны.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан». Астана, 28 ақпан 2007 жыл.
3. Тоқсанбай С.Р. – Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. 1999.
4. Ғ. С. Сейітқасымов «Ақша, Несие, Банктер» оқулығы. Алматы Экономика 2001 ж
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева К.С.,Тілеужанова М.Ә., Микроэкономика. «Экономика» 2000 ж
6. Мамыров Н.Қ., Кулекеев Ж.Ә., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. «Экономика»
7. К. Маркс. Капитал. Алматы 1968ж.
8. «Қаржы Қаражат» журналы 2007 ж
9. «Саясат» журналы 2007 ж
10. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. 2007 ж
11. Кучукова Н.К. Макроэкономические аспекты реформиравания финансово-кредитной системы Республики Казахстан в условиях перехода к рыночной экономике. – Алматы: Ғылым, 1994.
12. Финансово-кредитные проблемы экономики Казахстана. Ильясова К.К. – Алматы: Білім; , 1995.
13. Аль Пари. – Алматы
14. Статистический бюллетень Министра финансов Республики Казахстан
15. А.С.Мақыш. «Коммерциялық банктер және банктік операциялар». Алматы 2003 ж.
16. А.С.Мақыш. «Ақша айналысы және несие». Алматы 2003 ж.
17. Закон "Об иностранных инвестициях"
18. Статистикалық көрсеткіштер. Алматы 2006 ж.
19. Есіркепова А. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Алматы 2004 ж.
20.Сагандыкова С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогнозы инвестиционных процессов в экономике. Алматы: Ғылым, 1994.
21. Сейітқасымов Ғ.С. “Ақша, несие, банктер”. Алматы 2001 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Менің курстық жұмысым “Мемлекеттің ақша-несие саясаты” тақырыбына
жазылған. Онда жалпы ақша-несие саясатына түсінік беріп өттім және
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдадым.
Жалпы көлемі: 52
Кесте: 5 Біреуі А 3 форматына сызылған
Сызба: 6
Слайд: 1
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 21

ЖОСПАР:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

I тарау. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
1.1. Несие саясаты және оның
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... .. 6-9
1.2. Несие саясатының
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10-16
1.3. Ақша-несие
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-22

II тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
2.1. Ақша-несие саясатының
операциялары ... ... ... ... ... ... . 23-26
2.2. Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта
саясаттарымен
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 27-37
2.3. Ақшаға сұраныс пен
ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 38-46

III тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдау.
3.1. Ақша айналысы және несиені
талдау ... ... ... ... ... ... .. 47-50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 51

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 52

Кіріспе

Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие
көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-
несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен
Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен
құралдар бар.
Ақша – несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының
тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын
төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін
нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор
маңызды роль атқаруға тиіс , Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды
құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.

1 тару. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты.
1.1. Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары
Ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша несие саясатының
экономикаға әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатыр.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің
маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының ең басты мақсаты - баға
тұрақтылығын, тиімді еңбекпен қамтамасыз ету мен жалпы ұлттық өнімнің нақты
көлемінің өсуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат ұзақ уақытта жүзеге асатын
жылдарға созылатын және нарықтық конъюнктураның өзгерісін тез сезіне
бермейтін ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар арқылы
жүргізіледі. Осыған байланысты ағымды ақша-несие саясаты ірі тапсырмаларға
қарағанда нақты және мүмкін мақсаттарға бағытталады.
Кез-келген жағдайда да мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуші
болып, өзіне тән қызметтеріне сәйкес орталық банк есептелінеді, ал
саясаттың объектілері ақша нарығындағы ұсыныс пен сұраныс болады.
Саясат — бұл мемлекетке қатысты іс, мемелекеттік қызмет. Сондықтан
да ақша-несие саясаты — бұл мемлекеттің ерекше қызметі. Ол оның көмегімен
елдің ақша-несие процестері реттелетін жүйесіне шаралар жасап, жүзеге
асыруда көрінеді.
Нарықтық экономика, барлық элементтері сұраныс пен ұсыныс әсерімен
реттелетін жүйе болып есептелінгендіктен мемлекет неліктен ақша-несие
қатынасына араласуы керек?
Ақша-несие қатынасы нарықтық катынастар жүйесінде ерекше орынды
алады, ақша мен несиесіз нарықтық экономика өмір сүре алмайды. Ақша-несие
қатынасы барлық нарықтық байланыстардың негізі болып табылады.
Біз нарықтық экономиканың реттелетін жүйе екенін білеміз. Оның
барлық элементтері үнемі сұраныс пен ұсыныстың әсеріне тәуелді болады, яғни
сұраныс пен ұсыныс қатынастарымен реттеледі. Ондай болса неліктен мемлекет
ақша-несие қатынасына араласуы керек. Ақша-несие қатынасы нарықтық қатынас
жүйесінде ерекше орынға ие. Өйткені ақшамен несиесіз нарықтық экономиканың
болуы мүмкін емес. Ақша-несие қатынасы —барлық нарыктық байланыстардың
негізі, сондықтанда оның қызметін тек қана сұраныс пен ұсыныстың заңдарының
талабына бере салу мүмкін емес.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтай-тын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етуді көздейді.
Сәйкестіріліп үйлестірілген және белгіленген мақсаттарға
бағытталған, осындай іс-шаралар кешені несие саясаты деп аталады.
Несие саясаты Үкімет Орталық (Ұлттық) банктің бірлескен іс-жігерімен
өмірге енгізіледі.
Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық
банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол
ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Өндіріске тікелей емес, жанамалы әсер ету іс-шаралар жүйесінде несие
саясаты ең тиімді және икемді түріне жатады. Ақылмен ойланып жасалған және
дұрыс іске асырылғанда ол кәсіпкерлерді осы саясаттың мақсатына сәйкес
жұмыс жасауға мәжбүр етеді. Және сырттан қарағанда, барлығы кәсіпкердің
өзінің шешімдері іске асқан сияқты болып көрінеді. Осыған сәйкес мемлекет
несие саясаты арқылы жалпы экономикалық саясаттың ең бір қиын мәселелерін
шешуге мүмкіншілік алады. Және мұның бәрі Ұлттық (Орталық) Банк сияқты
қуатты институтты қолдану негізінде ғана іске асады.
Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі-ұлттық (Орталық) Банктің
дәл өзі. Ол үкіметтің құрылымына жатпағанымен, заңды түрде, осы үкіметтің
мақсаттық міндеттемелерін орындайды. Бірақ, мемлекеттің жалпы экономикалық
саясатын немесе оның нақты несие саясатын орындайтын Орталық Банк туралы
сөз болғанда ерекше айтатын жағдай – Орталық Банк, дамыған елдердің
тәжірибесіне сүйенсек, айтарлықтай тәуелсіз экономикалық құрылым, сондықтан
өзінің іс-әрекетінде белгілі деңгейде тәуелсіз бағыт ұстай алады.
Орталық Банктің атқаратын міндеттерін екі бағытқа бөліп көрсетуге
болады. Біріншісі елдегі валюта жүйесінің тұрақты қызметін қамтамасыз
етеді. Ұлттық валютаның тұрақтылығы нарық инфрақұрылымының ең бір маңызды
элементі. Екінші бағыты – коммерциялық банктердің несиелік қызметтеріне
ықпал жасау. Бұл банктердің қызметі мемлекет мүддесін қажетті деңгейде
қамтамасыз ететін түрде құрылуы қажет.
Ақша-несие саясаты – бұл макроэкономикалық процестердің мемлекетке
қажетті бағытта дамуы үшін Орталық банктің ақша айналымы мен несие
қатынастар саласында жүргізетін іс-әрекеттер жиынтығы. Несие саясатының
мақсаты, егер оны жалпы экономикалық саясат мақсатының нақты көрінісі
ретінде алғанда, ел шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі
болады:
1) Рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) Экспанциялық ақша-несие саясаты;
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейту,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының мақсатын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі
ә)толық жұмысбастылық
б) бағаны тұрақтандыру
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны
ә) пайыз мөлшерлемесі
б) айырбас курсы.

1.2. Ақша-несие саясатының құралдары.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығыеың дамуымен тығыз
байланысты.Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде,
тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар
қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды
ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты
ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсатқа жету үшін Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған
қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;.
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
- Кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу.
Орталық банк несие саясатын іс жүзінде практикаға асырғанда оған
сәйкес құралдар құрамасын қолданады. Бұл құрама негізінен ақша-несие
жүйесіне және онымен байланысты экономика салаларына жанамалы ықпал жасау
әдістерінен құралады. Бірақ белгілі бір операциялар жүргізгенде, банк ақша
несие процесіне тікелей де араласа алады.
Несие беру сомасын шектеу. Орталық банк коммерциялық банктер үшін
банк жүйесінен тыс салалардағы несиелік салымдарының өсуіне шек қояды.
Коммерциялық банктер үшін белгілі бір уақыт мерзімінде несиелік операциялар
арқылы өтетін соманың проценттік өсу нормасы белгіленеді.
Дисконт саясаты мен ломбардтық саясат бұрыннан келе жатқан және жан-
жақты анықталған ақша-несие саласын реттеу әдістеріне жатады. Оларды
қолданғанда Орталық банк коммерциялық банктерге негізгі несие беруші мекеме
болады. Ол несиені вексельдерді есепке алу (дисконттеу) жағдайына, немесе
құнды қағаздар кепілдігіне қарай коммерциялық банктерге несие береді.
Орталық банктен осылай алынған қаржылар редисконттық немесе ломбардтық
несиелер деп аталады. Осы несие түрлері бойынша Орталық банктің белгіленген
процент деңгейін, экономикалық теорияда және практикада, ресми есеп
(дисконттық немесе ломбардтық) ставкасы деп аталады.
Орталық банк бұл ставканы кез келген уақытта өзгертуге, өсіруге
немесе төмендетуге, хұқылы. Есептеу ставкасының ресми деңгейін өзгерту
арқылы Орталық банк капитал нарығында ұсыныс пен сұранысты реттейді.
Есептеу процентін көтеріп, Орталық банк несие бағасын қымбаттатады, сонымен
коммерциялық банктер жағынан қарыз қаражатына сұранысты тежейді, немесе
керісінше, есептеу процентін төмендетіп, бұл сұранысты арттырады.
Ашық нарықтағы операциялар. Орталық банк, ашық нарықта (мысалы,
биржада) құнды қағаздарды сатып немесе сатып алып, елдегі ақша-несие
қатынастарына күшті ықпал жасайды. Бұл операциялар Орталық банкке ақша-
несие саласында күшті саясат жүргізуге мүмкіншілік береді (жоғарыда
қаралған есеп жүргізу саясатымен салыстырғанда). Шынымен, есеп жүргізу
саясатында Орталық банктің ролі сылбыр келеді: өз міндеттемелерін
(вексельдерін) есепке тіркеу-тіркемеуді, құнды қағаздардың кепілдігіне
несие алу-алмауды коммерциялық банктер өздері шешеді. Орталық банк бұл
жағдайда коммерциялық банктердің шешімдерін тосып-үміттенуге мәжбүр болады.
Құнды қағаздар нарығындағы операциялар өз табиғатымен нарық
тәртібіне сәйкес толық қанды нарық құралы. Орталық банк ашық нарықта оның
басқа барлық қатысушылары сияқты толық хұқылы агенті ретінде қатысады.
Сондықтан ашық нарыққа шығып операция жүргізу несие саясатының ең тиімді
құралы деп саналады.
Бұл әдістің негізгі артықшылықтарының бірі-ол: Орталық банктің нақты
экономика секторына тікелей шығуы.
Ақша-несие саясатының басқа да әдістеріндей, осы қаралып отырған
әдістің де өз осал жағы бар. Жеке алғанда, оның уақыты әр кез шектеулі,
құнды қағаздар айналымға нақты көрсетілген мерзімге ғана шығарылады.
Көрсетілген мерзімде шығарылған қағаздарды міндетті түрде қайта сатып алу
қажет болады. Құнды қағаздардың айналымға шығарылған уақыты ұзарған сайын,
несие құралының да қолдану мерзімі де соншама артады. Ашық нарықтағы
операциялардың тиімділігін шектейтін тағы бір фактор бар – ол: Орталық
банктің құнды қағаздар шығару мүмкіншілігі. Бұл саясатты жүргізудің шегі
Орталық банктің портфеліндегі құнды қағаздар қорымен анықталады. Практикада
бұл кемшілік екі әдіспен жойылады: мемлекет Орталық банкке қосымша құнды
қағаздар ресурстарын ұсынады, немесе оларды өз бетімен шығаруға рұқсат
береді.
Минимальды резерв саясаты. XIX ғ. аяғында XX ғ. басында қалыптасқан
банк қызметтері көрсеткендей, несие қатынастары саласындағы операциялар
белгіленген сақтандыруды қажет етеді. Банктер несие экспансиясына қатты
еліктеп, қиын жағдайға тап болады. Кез-келген банктің төлем мүмкіншілігі
туралы тіпті шамалы болса да жағымсыз мәлімет тараса, салым иелері барлығы
бірден жаппай салымдарын қайтаруды талап етеді. Банктер ақша қатынастары
арқылы бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, олардың бірі күйресе, бұл
басқаларына да әсер етеді, тіпті жақсы жұмыс істеген банктер де зиян
шегеді. Осылай әр түрлі елдердің үкіметтеріне салым иелерінің мүддесін
қорғайтын заң шығаруға себеп табылады. Содан минималды резерв жүйесін құру
туралы пікір қалыптасып, ол іске асырылады. Соңғысы Орталық банктің есеп-
шотында міндетті түрде сақталатын белгілі қаржы сомасы. Бұл сомалар
коммерциялық банктерге салым иелерінің алдында өз міндеттемелерін орындау
туралы кепілдік беру үшін қажет.
Міндетті резерв нормасы коммерциялық банктің Орталық банктегі
белгіленген міндетті салымның осы банктің мерзімді міндеттемелеріне
бөлінген бөлімі ретінде анықталады.
Минималды резерв саясатының қызмет атқару механизмі, ол өте
қарапайым: міндетті резервтердің белгіленген минималды деңгейін белгілеу
және оны Орталық банкте міндетті түрде ұстау, коммерциялық банктерді оған
тәуелді етеді. Орталық банк резерв нормасын жоғарылатып коммерциялық
банктердің іскерлік белсенділігін тежейді, төмендетіп-ынталандырады.
Ерікті келісімдер саясаты. Жоғарыда аталған реттеу шаралары еркін
түрдегі келісімдер деп аталатын жүйемен толықтырылуы мүмкін. Олар Орталық
банк пен коммерциялық банктердің арасында бекітіледі.
Коммерциялық банктер мұндай келісімге өз ықыласын танытқанда,
қызметін белгілі бір шеңберге сиғызып атқарады. Орталық банк болса,
жүргізілетін операциялар туралы қажетті мәліметпен қамтамасыз етеді.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге
асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін
пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін
көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны
және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары
пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның
көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі
бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы –
шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге
оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде,
валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу
мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік
нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы
анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың
бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық
операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы
ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк
мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші
деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау
шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын
несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін
нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа
мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер жене мемлекеттік қысқа
мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің
мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс
болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Ақша жүйесіндегі жанама реттеу құралын қарастырамыз.
Ақша-несие саясатын жасағанда және оны іске асырғанда кездесетін
қиыншылықтарды туындыратын себептер өте көп. Бірақ ең маңыздыларына екеуін
жатқызуға болады:
1) Экономиканың жалпы жағдайын
2) Ұлттық экономиканың дамуына сыртқы экономикалық факторлар әсерін
Бұдан басқа, Орталық банк белгілі уақыт мерзімінде ақша-несие
саласын реттеу бойынша нақты іс-әрекеттер жүргізе отырып, экономика
буындарының барлық басқа да өзара байланыстылық қырларын есепке алуы қажет
болады. Жеке алғанда, мысалы, оның есеп жүргізу саясаты коммерциялық
банктерден тыс экономиканың көптеген басқа салаларына, оның ішінде
қарыздары көп болатын мемлекет секторына, ауыл-шаруашылығына, тұрғын үй
иелеріне әсер етеді.
Ақша-несие саясатын іске асырғанда онда қолданған құралдардың өз
кемшіліктері де ерекше қиыншылықтарды қосымша туындатады. Мысалға, ақша-
несиені реттеудің ең бір кең тараған әдістерінің бірін есеп жүргізу
(дисконттық) саясатын алайық. Дисконттық саясаттың ең бір елеулі кемшілігі
– оның баға механизміне әсер етуі.
1) Экономика субъектілері неие шығындарын өзінің клиенттеріне,
түптеп келгенде, тұтынушыларға ауыстыруға тырысады. Мұндай жанамалы
жағымсыз әсер кез келген экономикаға қажет емес, әсіресе әлі тұрақтанбаған
экономика үшін қосымша ауыр жүк болады.
2) процент деңгейін әкімшілік шешіммен жоғарыдан белгілеу нарықтық
бағытта іс-әрекет бола алмайды. Ал нарық механизімін бұлай әлсірету,
мысалы, астыртын экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкін.
3) орталық банктің процент арқылы экономикаға ықпал жасау
мүмкіншілігі шектеулі.
Коммерциялық банктер және ірі фирмалар көбінесе өз операцияларын
шетелдерге, егер онда процент ставкасы төмен болса, аударады және де жалпы
алғанда орталық банктің капитал нарығын процентпен реттеу-тіпті де
абсолютті тұрақты құрал емес. Орталық банктің капитал нарығын реттеу
деңгейі әртүрлі жағдайларға байланысты өзгереді. Олардың арасынан екі
факторды ерекше бөліп қарастыру қажет.
1) экономикалық жағдайға байланысты реттеу моделінің өзгеруі;
2) шаруашылық өмірінің интернациялануы. Соңғы жағдай әртүрлі елдерде
банк саясатын өзара байланысты және бір-бірімен үйлесімді жүргізуді қажет
етеді.
1.3. Ақша-несие жүйесі.
Ақшалай формадағы капитал иесінің ссудаға төлемін пайда түрінде
кайтару жагдайында берілуі ссудалық капитал деп аталады,ал осы капиталдың
қозғалысы несие деп аталады.
Ссудалық капиталдың қайнар көздеріне төмендегілер жатады:
- негізгі капиталды қалпына келтіруге арналған және оның құнының
бөлшекті түрде амортизация түрінде өндірілген өнімге аударуы бойынша
жинақталған ақшалай қаражаттар;
- тауарды өткізу мен жалақы төлеу арасындағы уақытша бос
- негізгі капитал алуға бағытталған қаражаттар;
- үй шаруашылығындағы адамдардың ұзақ мерзімді пайдаланатын
тауарларды және тұрғын үй алуға арналған, банкта шоттарда жинақталған
қаражаттары.
Ақшалай қаражаттардың козғалыссыз тұруы нарықтық экономиканың
табиғатта қарама-қайшы келеді. Несие, қайшылықты шешуге көмектеседі.
Несие негізгі екі түрде болады: қатысушылар құрамына, ссуда
объектісіне, пайыз динамикасы мен шамасына және қызмет атқару аймағына
байланысты ерекшеленетін коммерциялық және банк несиесі.
Коммерциялық несие—бұл бір кәсіпорынның келесі кәсіпорынға тауарды
төлемін кейінге қалдыру түріндегі несие. Коммерциялық несиенің құралы
ретінде вексель қызмет атқарады.
Тауарды өткізуді жылдамдату мен одан пайда алу коммерциялық несиенің
мақсаты. Тауардың бағасы мен вексель сомасына енетін оның пайызы банк
несиесіне қарағанда төмен, ал соңғысының мақсаты - ссуда бойынша пайда алу
болып табылады. Бұл несиенің көлемі кәсіпкерлердің иелігіндегі еркін
капитал мөлшерімен шектеледі.
Банк несиесі ақшалай қаражаттардың иелері банктер арқылы арнайы
несие мекемелеріне ақшалай ссуда түрінде беріледі. Банк несиесінің
объектісі - ақшалай капитап. Сонымен қатар банк несиесі капитал жинақтарына
да қызмет көрсетеді.
Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға коммерциялық және банктік
несиенің үйлесімділігі тән. Бұл кәсіпорындарды ғана емес, сонымен қатар
тұтынушыларды несиелеуден де көрінеді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұсынылады. Ұзақ мерзімде пай-
даланылатын тауарлар, әртүрлі қызметтер тұтыну несиенің объектісі болып
табылады.
Тұтыну несиесі коммерциялық (тауарды бөлшек сауда дүкендері арқылы
төлемін кейінге қалдыру арқылы сату) және банкілік (несие мекемелері арқылы
тұтыну мақсаттарына ссуда беру) несие түрінде жүзеге асырылады. Кейбір
жағдайларда банктер дүкендермен келісім жасайды, ал олар тауарды банк
клиенттеріне несиеге береді. Бұл жағдайда банктер сатылған тауар үшін
дүкенге тауар құнын бірден төлейді, ал сатып алушылар банк ссудасын бірте-
бірте төлейді. Тұтыну несиесінің ең жоғарғы мерзім шегі — үш жыл. Жеке
тұлғаларға тұрғын үй алу және соғу мақсатында ұзақ мерзімді ссуда беру
тұтыну несиенің бір түрі болып табылады (ипотекалық тұрғын үй несиесі).
Мемлекеттік несие - қарыз алушы да, қарыз беруші де мемлекет пен
үкіметтің жергілікті органдары болып табылатын несие қатынастарының
жиынтығы. Олар ссудалық капитал нарығында қаражаттарды, займдарды несие -
қаржы мекемелері арқылы шығару жолымен қарызға алады. Ішкі займдардан
түсетін кіріс салықтан кейінгі, мемлекеттік шығындарды қаржыландыруда
орындалады.
Сонымен қатар тиімсіз, бірақ қайта өндіріске керекті салаларды
несиелеуші болып табылады.
Халықаралық несие - ссудалық капиталдың елдердің арасындағы
қозғалысы мен қызметі. Бұл капиталдың халықаралық қозғалысының біртүрі.
Несие ең алдымен қайта бөлу қызметін атқарады. Оның көмегімен
кәсіпорындардың, үй шаруашылығының. мемлекеттің еркін ақшалай капиталы
жинақталады және уақытша пайдалануға белгілі төлем (пайыз) көлемінде
берілетін ссудалық капиталға айналады. Ссудалық капитал несие механизмінің
көмегімен қайтарым негізінде шаруашылық салалары арасында қайта бөлінеді
және ол үлкен пайда алуды қамтамасыз ететін сфераларға ұмтылады.
Несие сонымен қатар айналыс шығынын үнемдеу қызметін атқарады. Ол
нақты ақшаны алмастыру (вексельмен, чектермен), сонымен қатар нақтысыз есеп
айырысуды (банктер арқылы және есеп айырысу төлемдері арқылы) және ақша
айналысын жылдамдату арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі нарықтық экономиканың ерекше қызметі несиені ақшамен және
жеңілдіктермен бірге оны реттеу құралы ретінде пайдалану. Экономиканы
несиелік реттеу мемлекеттің шаруашылық процестерге әсер ету мақсатында
несие көлемі мен динамикасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.
Ссудалық капитал қозғалысы процесінде мемлекет қайнар көзден несиені
алуды жеңілдете немесе қиындата отырып, ссудалық капитал нарығына қарыз
алушылардың енуін реттей отырып сферасына өту арқылы қатынасады.
Несие жүйесі - есеп айырысу қатынастарының жиынтығы, несиелеу
формасы мен тәсілдері және несие ұйымдарының жиынтығы ретінде қарастырады.
Несие - банк жүйесі нарықтық экономикада өте маңызды роль атқарады.
Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдар мен тұрғындардың ірі ақшалай қаражаттары
мен төлемдері жүзеге асырылады, ол түрғындардың уақытша айналыстан еркін
жинақтарын, ақшалай қаражаттары мен кірістерін белсенді қызмететуші
капиталғаайналдырады, көптеген несиелеу, сақтандыру, делдалдык,
инвестициялық, кеңес берушілік және т.б операцияларды жүзеге асырады.
Өндіріс қатынасында екінші бола отырып несие жүйесі оған үнемі үздіксіз
маңызды әсер етеді.
Несие жүйесінің өзінің кызметін атқару барысында несие қатынасы
пайда болады. Уақытша ақшалай каражаттарды қайтарым мен төлем жағдайында
жинақтау қайта бөлу жөніндегі несие мекемелері мен әр-түрлі субъектілер
арасындағы экономикалық байланыс несие қатынасының мазмұнын анықтайды.
Несие жүйесі елдегі ақшалай айналысты реттейді, заңды және жеке
тұлғаларға әртүрлі қызмет керсетеді. осында несиеге жатқызылатын
экокомикалық қатынастар пайда болады.
Несие екі түрде болады: тауарлы және ақшалай. Тауарлы несие
коммерциялық несиенің алғашқы негізін көрсетеді. Шаруашылық субъектілерінін
бір біріне ссуда беру кезінде тауарлы формаға ене отырып осы несие ақшалай
формаға ауысады. Ссуда алушы субъект ссуда берушіге тауарлы несие алганын
растайтын вексель немесе басқа кұжат жазып береді, ал оны ссуда беруші
ақшалай түрде ссуда алу үшін банкке ұсынады. Мұнда несие қатынасынын
субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері мен банк қатынасады.
Несие қатынастары, несие формалары мен несие ұйымдарының жиынтығы
несие жүйесін құрайды.
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму
кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының
басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена,
крона және т. б.) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары
белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол
айналымдағы занды төлем қүралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың
заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1.Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын
немесе күміс монеталар айналымда болады, олар акшаның барлық қызметтерін
атқарады.
2.Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға
айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және
монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті
пайдалану негізінде XVI— XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.
XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол
құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталарды І көбеюі оларды
шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша
материалы болып, бір ғана металл — алтын есепте-летін болды. Қағаз және
несие ақшалары осы металға еркін айыр басталады.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі — алтын монеталы
стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және
несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды. Екіншісі — алтын
кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде
енгізілді. Мұның ерекшелігі қүн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол
өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі —
алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда
банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады.
1929—1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм
дәуірін тоқтатты.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие
ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты
алтынға айырбастауды жою және оның алтындык мазмұнын жоққа шығару; жеке
кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту;
қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік
реттеу.
Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей
өз билігіне алды.

Экономика жұмыссыздық пен бағаның төмендеуімен қақтығысты делік.
Басқарушы несие - мекемелері еркін ресурстарды пайдалануға әсер ету үшін,
жиынтық шығынды ынталандыру үшін, ақша ұсынысын жоғарылату үшін, басқару
кеңесі коммерциялық банктердің резервтерінің өсуін қамтамасыз ету-керек. Ол
үшін төмендегі саяси шараларды жүргізу керек.
Басқарушылар кеңесі резервтік банктерге ашық нарықта құнды
қағаздарды сатып алуға бұйрық береді. Облигацияларды бұлай сатып
алу коммерциялық банк резервін көбейтеді.
Резервтік норма төмендетіледі, ол керекті резервтерді автоматты
түрде молайтады және ақша мультипликаторы көлемін көбейтеді.
Есеп ставкасы төмендеуі керек, ол коммерциялық банктердің
өздерінің резервтерін резерв банктеріне қарыз алу арқылы көбейтуге
ынталандырады.
Бұндай саяси шешімдер жиынтығы арзан ақша саясаты деп аталады.
Оның тапсырмасы жиынтық шығын мен жұмыспен қамту көлемін ұлғайту
ушін несиені арзан ету.
Енді артық шығын экономиканың инфляциялық спиралы арқылы жүргізілді.
Баскару кеңесі жалпы шығын көлемін ақша ұсынысын шектеу және қысқарту
арқылы төмендеуге ұмтылады.
1) Резерв банктері мемлекеттік облигацияларды коммерциялық
банктердің резервтерін қысқарту үшін ашық нарықта сату керек.
2) Резервтік норманың өсуі коммерциялық банктерді артық ақшадан
автоматы түрде босатады және ақша мультипликаторының көлемін кішірейтеді.
3) Есеп ставкасының жоғарылауы коммерциялық банктердің резерв
банктерінен несие алуға қызығушылығын кемітеді.
Бұл қымбат ақша саясаты деп аталады. Оның мақсаты шығынды кемітіп,
инфляциялық қысымды үстеу үшін ақшаның ұсынысын шектеу.

2 тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
2.1 Ақша-несие саясатының операциялары.
Міндетті резервтер.
Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі
есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының
белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз
мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты
бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық
сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.
Резервтік талаптар
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті
төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін
қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін
қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру
қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін
реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген ҚР
коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы
нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20 % мөлшерінде бекітілген
болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5 %-ды құрайды. Банктер
резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы
қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана
қоймай, сол сияқты резервтердің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл
банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы
қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап
отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы,
банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең
төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға
құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары
деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына,
депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті
резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында
сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің
АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір
көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу
қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің
басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің
артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен
коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы
тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау
құралы болып табылады.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті
резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті
резервтердің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі
резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді
қолданады:
1) міндетті резервтер;
2) резервтеудің баламалы тәртібі.
Орталдық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары
тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға
пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі (rr) ақша
мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен
Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының
динамикасына әсер етеді.
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек
түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші
мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту.
Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк коммерциялық
банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық
банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктің қарыз беру
операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң,
қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.
Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады.
Экономикада ақша ұсынысы төмендейді.
Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.
Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен
болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға
тіреледі.
Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін
беріледі. Орта және ұзақ мерзімдік несиелерді Орталық банк ерекше
жағдайларда береді.
Несиелік операциялар
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк
қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты
тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді
несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында,
яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында
жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей
өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру
аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу
негізінде жүзеге асырылады.
Ақша нарығындағы операциялар
Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша
жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің
бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын
білдіреді.
Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және
несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның
негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын
шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып
алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп,
керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында
Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің
резервтік шотына қайта аударады.
Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің
несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк
алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия
көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі не
керісінше.
Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына
немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

2.2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен
байланысы.

Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының
мақсаттарын жүзеге асырады: 1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру
; 2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру.
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі
бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды
жағдайына сәйкес келетін деңгейде орналастырады. Ал икемді монетарлық
саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизанталды түрде болады.
Ақша-несие саясатының варианттарын таңдау көп жағдайда ақшаға
сұраныспен байланысты болады. Мысалы, егерде ақшаға сұраныстың өсуі
инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау
үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды
түрде бейнелейді.
Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты
айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты
деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы
горизонталды болады. қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға
сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына, пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді.
Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей
алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін
ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне
байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды.
Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы
саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие
саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының
мәнінің өзгеруі;
2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың
реакциясы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша-несие саясатының теориялары
Экономиканы мемлекеттік реттеу жайлы мәлімет
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Экономикалық мемлекеттік реттеу
Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері,құрылымы және мақсаттары
Экономикалық өсудің сипаты мен көздері
Пәндер