ҚР экономикалық дамудың жалпы жағдайы
1. ҚР экономикалық дамудың жалпы жағдай
2. Қазакстан экономикасын реформалау бағыттары салдары
3. ҚР сыртқы саясаты Лекция мақсаты:

Сондай-ак, Қазақстан шекарасының өн бойында берік халықаралық - кұқықтық негізге сүйенетін қауіпсіздік, тату көршілік және достык белдеуі жасалды.
Бақылау сұрақтары:
1. ҚР экономикалық дамудың жалпы жағдай
2. Қазакстан экономикасын реформалау бағыттары салдары
21-лекция. Тақырыбы: ҚР қоғамдық саяси даму және сыртқы саясаты Жоспары:
1. Демократиялық процестердің дамуы
2. Білім, ғылым және мәдениет
3. ҚР сыртқы саясаты Лекция мақсаты:
Тәуелсіз Қазакстан мемлекетінің орнығуы мен дамуының теориялық проблемаларын тарихи тұрғыда таныту. Студенттердің ой өрісін дамыта отырып, жеке жұмыс жасауға
ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Әр түрлі жүйелі білімдерді жинақтау бағыттарының белгісімен таныстыру. Студенттерді қосымша деректермен, ақпарат құралдарымен таныстыру.Лекция мәтіні. Демократаялық процестердің дамуы
Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі
кеңестердің қызметіне көріне бастады. "Барлык өкімет Кеңестерге берілсін деген ұран
жанданды. Бұл мәселені ілкі кезде кеңестерге партия басшылығын күшейге арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Өйткені кейінгі жылдары компартияның
қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Оның сапа құрамы төмендеп кетті. Партия комитеттерінің кеңестерге және тағы басқа да қоғамдық ұйымдарға басшылығы жеткіліксіз болды.
Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда
жергілікті кеңестерге халык депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде
іске асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты округттік сайлау барысында
депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701- і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану инстиутының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен енбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1987 жылы өткен жергілікті Кеңестерді сайлау тәжірибесі елдегі демократияның жаңа жағдайда дамуыңа үлкен жол ашты. Атап айтқанда, КСРО халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп жатқан демократияның толық айғағы болды. Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның екінші кезеңі - республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандары мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі мақсат - бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру еді. Оны тәжірбие жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерінің бірінші хатшылары халык депутаттары Кеңесінің төрағаларына үсынылды.
Бірақ мұндай жаңалық өзгеріс барлық жерлерде бірдей міндетті еместігі айтылды.

Сондай-ак, Қазақстан шекарасының өн бойында берік халықаралық - кұқықтық
негізге сүйенетін қауіпсіздік, тату көршілік және достык белдеуі жасалды.
Бақылау сұрақтары:
1. ҚР экономикалық дамудың жалпы жағдай
2. Қазакстан экономикасын реформалау бағыттары салдары
21-лекция. Тақырыбы: ҚР қоғамдық саяси даму және сыртқы саясаты Жоспары:
1. Демократиялық процестердің дамуы
2. Білім, ғылым және мәдениет
3. ҚР сыртқы саясаты Лекция мақсаты:
Тәуелсіз Қазакстан мемлекетінің орнығуы мен дамуының теориялық
проблемаларын тарихи тұрғыда таныту. Студенттердің ой өрісін
дамыта отырып, жеке жұмыс жасауға
ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Әр түрлі жүйелі білімдерді жинақтау
бағыттарының белгісімен таныстыру. Студенттерді қосымша
деректермен, ақпарат құралдарымен таныстыру.Лекция мәтіні.
Демократаялық процестердің дамуы
Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі
тереңдеп өрістеуі
кеңестердің қызметіне көріне бастады. "Барлык өкімет Кеңестерге берілсін
деген ұран
жанданды. Бұл мәселені ілкі кезде кеңестерге партия басшылығын күшейге
арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Өйткені кейінгі
жылдары компартияның
қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Оның сапа құрамы
төмендеп кетті. Партия комитеттерінің кеңестерге және тағы басқа да
қоғамдық ұйымдарға басшылығы жеткіліксіз болды.
Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш
рет Қазақстанда
жергілікті кеңестерге халык депутаттарын сайлау округтер бойынша көп
мандатты негізде
іске асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты округттік сайлау
барысында
депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701- і депутат болып
сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық
кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа
сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО
Ғылым Академиясы әлеуметтану инстиутының зерттеуі жүргізілді.
Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені
көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын
ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу
барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен енбекшілерді жан-
жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1987 жылы өткен жергілікті Кеңестерді сайлау тәжірибесі елдегі
демократияның жаңа жағдайда дамуыңа үлкен жол ашты. Атап айтқанда, КСРО
халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп жатқан
демократияның толық айғағы болды. Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның
екінші кезеңі - республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды,
аудандары мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі
мақсат - бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана емес,
сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру еді. Оны тәжірбие
жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерінің бірінші хатшылары
халык депутаттары Кеңесінің төрағаларына үсынылды.
Бірақ мұндай жаңалық өзгеріс барлық жерлерде бірдей міндетті еместігі
айтылды. Міне,
осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы
бойынша Қазақстанда 9 қалалық және аудандык Кеңестерге кандидаттар бөлек-
бөлек сайланды.
Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау
үйымшылдықпен өтті. Онда Казақстан партия Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып
сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ Орталықтағы сиякты біздің республикамызда
да президенттік қызмет орны енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ
ҚСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп
сайлады. Мұның өзі елімізде және халықаралық аядағы оның беделін көтеруге
үлкен әсерін тигізді. Н. Ә. Назарбаевтың президент болып сайлануы,
республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалык мәселелерді шешуде, жаңа
идеялардың өрістеуіне ыкпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді
басқару ісіне көптеген жаңалыктар, халық шаруашылығын басқарудың барлық
сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді.
Президенттің Семей полигонында ядролык сынаққа тиым салуы, ұлы Отан
соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтік көмек
көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта кұрулар
жүргізудің өзіндік бір белесі еді.
Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару
қызметі маңызды рөл атқарды. Бүл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған
республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, кұкықтық
және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен
адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамассыз етуге
зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика
заңдарын жаңарту кұқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі Қадам болды.
Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде
нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға
бағытталады. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы
мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің тілегіне жауап беретін еді.
Республика парламентінің қазақ тіліне мемелекеттік тіл дәрежесін берген
"Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын" 1989 ж. қыркүйек қабылдауы үлкен уақиға
болды.
Елде іске асып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында
әр түрлі көзқарастардың, түрлі коғамдық пікірлердің ашық айтылуына және
бірқатар саяси партиялар кұрылып, олардың кеңінен дамып өрістеуіне жағдай
жасалды. Мәселен, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы
құрылды. Партияның алдына қойған басты максаты — республикалық парламент
сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу
еді. Бұл партия қоғамдық өмірге белсене араласып, оның материалдық және
рухани дамуына өздерінің лайықты қоспақшы болды. Сондай-ак, партия
коғамдағы жеке мойындайды және өзінің қызметінде кәсіп-қойлықты қолдап
отыруды көздеді.
1990 жылы Қазақстанда "Азат" азаматтық козғалысы
қалыптасты. Оның басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік
әділеттілікті, адамгершілік идеалын қорғау болды. Одан басқа республикада
"Алаш", "Желтоқсан", т. б. саяси козғалыстар пайда болды. Мұның
өзі Қазақстанда кеп партиялылық жүйенің және тоталитаризмнен демократияға
өтпелі-кезеңнің бастамасы екенін көрсетті.
1991 жылы тамыз айында Мәскеуде Мемлекеттік төңкеріс жасау брекеті
болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның өзі
партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Ең аяғында келіп, ол
партияның халық арасында, сондай-ақ өз мүшелерімен қызмет істеуіне
нұқсан келтірді. Бұл жағдай Қазақстан Компартиясының жұмысына теріс
әсерін тигізді. Сөйтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында өткен республика
Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі тоқталды деп жарияланды.
Осыдан кейін өзін Коммунистік партияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын
Қазақстан социалистік партиясы 1991 ж. қыркүйек құрылды. Оның құрамында сол
кезде 50-60 мың мүшесі болған. 1992 жылы наурызда Қазақстан Социалистік
партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси әлеуметтік-
экономикалық жағдай және Қазақстан социалистік партиясының таяудағы
міндеттері, партияның Бағдарламасы мен Жарғысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
Сонымен бірге республикада 1991 ж. казанда Қазақстан халык конгресі
партиясы құрылды. Оның жетекшілері болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар
Шаханов сайланды. Сондай-ақ, республикада тұратын бірқатар коммунистер
бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына
келтіруге әрекет жасады. Жоғарыда айтылған фактілер мен мысалдар
республикада көп партиялы жүйенің қалыптасып келе жатқандығын көрсетті.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек
демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды.
Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу
үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тең
құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға
тырысты.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа
өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының
кезектен тыс XVIII съезі өтті. Онда Шығыс Қазақстан және Павлодар
облыстарының делегаттары алдағы бірнеше айды өтпелі кезең деп жариялап, осы
уақыт _ішінде жастардың жаңа қоғамдық ұйымын құру ісін бастауды ұсынды.
Бірақ съезд делегаттары бұл ұсынысты қабылдамай, республика номсомолын
Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның-алдында
республика жастарының кұқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті койылды. Одан
басқа республикада Қазақстанның мемлекеттік жастар Комитеті құрылып іске
кірісті. Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының
релін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған
қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық
кәсіподақ комитеті және облыстык кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ
Кеңестері болып қайтадан құрылды. Әрине, кәсіподақтың басты қызметі
еліміздегі экономикалық жағдаймен, оны шама келгенше жақсартумен тікелей
байланысты болып табылады. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі
қол жеткен табысы - ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан
тәуелсіздік алу еді. Бұқара халықтың мүддесін корғауда олар көптеген
әлеуметтік- , экономикалык мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық
органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын
жеткізді. Сондай - ақ, бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен
тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман
әйелдерінің лигасы, Көп балалы аналар, Жанұялар одағы, "Айша", "Ақ отау"
және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Сейтіп, республикада 1991 жылы
барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.
Бұл жоғарыда көрсетілген фактілердің барлығы XX ғ. 80 - ші жылдардың екінші
жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстан өмірінде қоғамдық- саяси
және демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.
2.Білім, ғылым және мәдениет
Қазакстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани әмірінде
мәдени жада процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен
мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі
партиялық идеология мен саяси қағидалардын қыспағынан құтылды.
Сондықтан өтпелі кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден
бастап, Қазакстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең
бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, окытудын жаңа
әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі
алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінін республикалық
кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, халыққа
білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткені айтылды. Бірыңғай
орта мектептердің орнына мектепте болашақ ұрпакка білім беруде плюризм
орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық
мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар
үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін
Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ
халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді. Халыққа білім беру
саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалык базасын нығайтуда,
әсіресе; 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға тұрарлық жұмыстар
жүргізілді. Атап айтқанда, 1996 жылы білім беру саласына 65 миллиард теңге,
немесе мемлекеттік бюджеттің 23,4 пайызы, 1997 жылы 73,3 миллиард теңге,
яғни мемлекеттік барлық бюджеттін 21,4 пайызы бөлінді. Алайда одан кейінгі
жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және кейбірақ кезек
күттірмейтін мәселелердің шешілуін желеу етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы
бөлу бірсыпыра азайды. Мәселен, тек 1999-2001 жылдары білім беру саласына
жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлініп отырғаны. Мұның өзі білім беру
саласындағы кейбір келеңсіздіктерге алып келді. Балабақшалардың 82 пайызы
қысқарып, окушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылғып қалған.
Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында
келеңсіз жағдайлар қалыптасты. 20012002 оқу жылында республика бойынша
педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек одта білімі бар 3,5 мыннан
астам мұғалім және мың басқа мамандық иелері жұмыс ісіегіш мектептерден
жалақыны азсынып, 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кеткен.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша
20002001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007
болған, Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-
і өзбек, 3 тәжік, 1 украин. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе, соңғы
жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып,
2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4 пайызын қамтыған.
Республика мектептерінде техникалык ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы елде орта
білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды,
нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. "Иитернет - мектепте"
бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат
желісіне қосылған.
Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық
деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оқу-
әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің
санын арттыру көзделген. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен
қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да
басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен
колледждерге керекті оқулықтар және оку-әдістемелік құралдарын әзірлеу жайы
да жан-жақты қарастырылған.
Еліміз егемендік алған он жылдан астам уақыт ішінде республика жоғары
және орта арнаулы білім беретін оку орындарында да бірсыпыра жана
өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, Абай атындағы Алматы
университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар
Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман
кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Иассауй
атындағы
Халықаралык қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан
Дипломатиялык Академия ашылып, жұмыс істейді. Бұлардан білім алып,
дайындалып шықкан кадрлар,Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі
дамытып, біліктілікпен жүргізуде өздерінің лайықты үлесін қосатынына сенім
артты. Өйткені олар қазақ, орыс тілдерінен басқа шет елдермен байланыс
жасауда аса кажетті ағылшын, неміс, француз, араб, қытай, хинди және тағы
баска да тілдерді меңгеріп білім алады. 1997 жылы елімізде мемлекеттік 53
жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары
жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды,
оған керісінше ақы төлеп оқитын жоғары оку орындарының саны 160-тан асты.
2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43
мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды. Қазақстанның
тәуелсіздік алуымен байлаиысты халықка білім беру жүйесінін
халықаралық қарым-қатынасы кеңейді. 1991 жылы жүздеген республика
оқушылары, студенттері мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса,
қазірде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазакстан Президенті
жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор кұрылып, оны
қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын
жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Ұлыбританияга, Францияға,
Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жіберіледі. Соңғы он
жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден білім
алып келді. Ал 2003 жылдың басында республикалық арнайы комиссияның
шешімімен ,25 жас жігіттермен қыздар шет елге оқуға жіберілетін болды.
Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымың дамыту салаларында үрдіс
өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының
құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жана талаптарға сай
қайтадан қарастырылды. Ә. X. Марғүлан атьндағы Археологиялық
институт,ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару,
Физика-техникалық проблемаларды зерттеу институттары ұйымдастырылды.Салалық
ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасының
инженерлік академиясы жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы
Қазақстан ұлттык академиясының кұрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелер
тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын
бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті құрылды.
Тәуелсіз Қазакстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін көтеруде
бірқатар шаралар іске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға
ұшыраған ғалымдарды, жазушылардың, мамандарды ақтау жүзеге асты. А.
Байтүрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ш. Қүдайбердиевтің, Ә.
Бекейхановтың, X. Досмұхамедовтың, Ж.
Аимауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары
ұмыт болып, мектептерде,арнаулы орта жоне жоғары оқу орындарында соңғы
кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына, кеңінен
енгізіліп, оқушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі.
Мемлекеттің жаңа кезендегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ
тілін қайта түлету мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж.
қыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазақстан Республикасының Конституциясы
бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланады. Іс жүргізуді казақ тіліне
көшіру женінде жан-жакты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Атап
айтқанда, Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында
қазақ, тілінде оқыту бөлімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып
келген жастардың ана тілінде тиянақты "білім алуына жағдай жасадың.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі түңғыш рет
идеологиялық өктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты
жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар туғызу,
жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын
халыққа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде
экономикалык қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы
болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта
жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Ақтөбеде драма театры,
Ақмолада музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет
институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша
ғылыми орталық ашылды.
Өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын
алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін
ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жұмыс
жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласьнда тұнғыш рет ұлттық
музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде
колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісов "ПЕН-клубын" ашты. Осының бәрі өнер
саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін сауатты нысандар
тауып жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Президеит Н. Ә. Назарбаевтың
шығармашылық жастармен кездесуі дәстүрге айналды. Мәдениет және өнер
қайраткерлеріне арналған Елбасының стипендиясы тағайындалды. Ол жыл сайын
берілуде.
Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 астам ұлттық мәдени
орталықтар мен Қазакстан халық- тарының біріккен Ассамблеясы бірсыпыра
жұмыстар жұргізуде. Нарықтық экономика талаптарына біиімделе отырып, 1996
жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жеке меншік галерея мемлекеттің
жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар
мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз жұргізілуде. Республика мәдениет саясатын
нақты жүзеге асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың
атқаратын ролі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті
кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу
орындарында жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар шығармашылық жас
таланттарды тәрбиелеп өсіруде жазушылар, композиторлар,
суретшілер, театр және кино өнері тағы басқа шығармашлық одақтардың алатын
орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын жүзеге асыру қызметімен
шектелмей, шығармашылық жастардың өсіп-жетілуіне зор ықпал ететін шараларды
іске асырып отыр.
Қазакстан мәдениетінің дамып-жетілуіне соңғы кездерді өткізіліп жүрген
республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдің маңызы өте зор. Атап
айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстұрлер жүлдесі", "Шығыс маусымы",
"Үкілі домбыра", "Жігіттің сұлтаны", ,"Ермек Серкебаев шақырады"
классикалық музыка фестивалі, мемлекеттік "Қазақкино" компаниясының
бастауымен шетелдік кино, күндерін өткізу дәстүрге айналды.
Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н. Ә.
Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениетгі қолдау жылы деп жариялауының үлкен
маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың, материалдық
базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет
мекемелері жаңадан ашылды. Онын қатарында 468 кітапхана 239 клуб, 5 жаңа
театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада. Петропавлда, Оралда, Өскеменде
және Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалы комедия театры,
республикалық неміс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар
және жасөспірімдер театры жеке ғимараттарға кешті. Мәдениетті қолдау жыль
аясында барлығы 2368 мәдени объекті: 1449 кітапхана, 681 клуб үйі, 49
мұражай, 11 театр, кинотеатр, 2 филармония және т. б. жөндеуден өтті.
Мәдениетті қолдау жылының шын мәніндегі шарықтау шегі Түркістан
қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келеді. Бұл ұлкен тойды
өткізу барысында Қазақста мемлекеті Күлтөбе, Отырар сияқты қалалардың, Қожа
Ахмет Иассауидің кесенесін; "Шіре Сұлтан мемлекеттік тарихимәдени қорығын
т. б. нысандарды қайтадан жаңғыртты.
XXI ғасырдың басында ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген Түркістан
қаласының 15( жылдық мерейтойы, Тараз қаласынын 2000 жылдығы еліміздін
беделіне бедел қосты. Өйткені Түркістан қаласы қазақ және Орталық Азиядағы
басқа да халықтардың өзіндік бір рухани және мәдент орталығы, екінші Мекке
болып саналады. Осы орайда, біздін мемілекетімізді
мәдениет жөніндегі саясатының басты назары ұлтымыздың рухани мүмкіндігін
әлемге барынша танытуға бағытталып отырғанын айтқан жөн. Мұның өзі біздің
халықаралық мәдени байланысымызды нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде, қазақ ұлтының
және басқа халықтардың мәдениетін, оның қайнар қуатын тек өз елімізде ғана
емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995-1997 жылдары ЮНЕСКО
ауқымында Қазақстан Республикасының екі үлкен мерекесі атап. өтілді. Олар:
ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерей тойлары. 1996
жылы Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығын, 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысының 80 жылдығын, дарынды ақын, дана тәлімгер, халықтар достығын
жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау еліміздің
тарихындағы жарқын оқиға болды. Ал 1997 жыл жалпы ұлттық татулық және саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланып, еліміздің барша
қауымы 1932 жылы 3 миллион адамынан айырылған қазақ халқының ұлы
қасіретінін. 65 жылдығын және сталиндік қуғын-сүргінге тұскен ұлттық
интеллигенция қасіретінін, 60 жылдығын атап өтті.
Ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 100 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz