Жүрек қан тамырлар жүйесі туралы
І. Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері және жүректің қан
айдау қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
2.2. Жүректің жұмысын зерттеу әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
2.3. Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі . . . . . . . . . . . . . . 18
2.4. Қан тамырлары, қан айналысының реттелуі . . . . . . . . . . 22
ІІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27

Қан айналу жүйесі жұрек пен қан айналысының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі – жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, не әлсіресе, қан дене тіршілігіне қажет мөлшерде тарамайды да, сан қилы өз қызметін атқара алмайды.
Жүрек (лат. сог, греқше сагdіа) – қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдарағындай (250-300г) жұмыр ағза. Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, ені 8-11см, ұзын білігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырғадан қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен қатыспайды. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады. Сонымен жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуі жүрекше-екеуі қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында атривентрикулярлық (жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атриовентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі - эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард.
Жүрек минутына 70—72 рет соқса, жүрек циклы (айналымы) 0,8—0,9 сек-ке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады не қысқарады. Айналым уақыты кебінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы) қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері кебінесе өзгермейді.
Жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, яғни соғып тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутіне 65—80 рет соғады.
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері. Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылуы – жүрек етінің негізін қасиеттері. Бұл қасиеттер қаңқа еттеріне де тән. Жүрек етінің ерекшелігі – оның автономиялық қасиеті.

1. Х. Қ. Сәтпаева, Ж. Б. Нілдібаев, Ө. А. Өтепбергенов «Адам физиологиялысы» Алматы «Білім» 1995ж.
2. К. С. Рымжанов, Ж. Н. Нургалиев «Адам және жануарлар физиологиясы» курсы бойынша кіші практикум. Алматы 1992ж.
3. Төленбек «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы «Білім».
4. К. С. Рымжанов, Ж. Н. Нургалиев «Жалпы физиология бойынша практикалық жұмыстар» Алматы «Қазақ университеті» 1997ж.
5. Ә. М. Муталиев, А. А. Есалиев, А. Т. Қазыбаев, О. И. Қаладинов, Ж. И. Сапаров «Адам физиологиясы» Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТҮ. 2003ж.
6. М. Қ. Төлебаев, А. А. Абдуллаева, Л. Уразымбетова, Ш. Қ. Алпысбаев, Ж. Т. Оралбекова «Адам және жануарлар физиологиясының кіші практикумы» /Әдістемелік құрал Шымкент «Отырар университеті» 2006ж.

Жүрек қан тамырлар жүйесі.
Жоспар:
І. Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері және жүректің қан
айдау қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 4
2.2. Жүректің жұмысын зерттеу әдістері . . . . . . . . . . . . . . .
. . . 14
2.3. Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі . . . . . . . . . . . . .
. 18
2.4. Қан тамырлары, қан айналысының реттелуі . . . . . . . . . . 22
ІІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 24
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 27
Қан айналу жүйесі жұрек пен қан айналысының үлкен және кіші шеңберінен
тұрады. Бұл жүйенің кіндігі – жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қан
тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді.
Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, не әлсіресе, қан дене
тіршілігіне қажет мөлшерде тарамайды да, сан қилы өз қызметін атқара
алмайды.
Жүрек (лат. сог, греқше сагdіа) – қалың жолақты еттен тұратын төрт
қуысты, үлкендігі адамның жұдарағындай (250-300г) жұмыр ағза. Жүрек
көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан
тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, ені 8-11см, ұзын білігі
оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы
көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырғадан қабырға аралығына тіреледі.
Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң
жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен
қатыспайды. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады. Сонымен жүректе 4 қуыс
бар, олардың екеуі жүрекше-екеуі қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында
атривентрикулярлық (жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тесікті жабатын
екі, үш жақтаулы атриовентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек қабырғасы үш
қабаттан тұрады. Ішкі - эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард.
Жүрек минутына 70—72 рет соқса, жүрек циклы (айналымы) 0,8—0,9 сек-ке
тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не
ұзарады не қысқарады. Айналым уақыты кебінесе диастоланың ұзақтығына
байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы)
қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері кебінесе өзгермейді.
Жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, яғни соғып
тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутіне 65—80 рет соғады.
3
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері. Қозғыштық, қозуды өткізу,
жиырылуы – жүрек етінің негізін қасиеттері. Бұл қасиеттер қаңқа еттеріне де
тән. Жүрек етінің ерекшелігі – оның автономиялық қасиеті.
Жүрек автоматиясы. Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып
физиологиялық ерітіндіге салып койса, жүрек өзінің табиғи ырғағымен көпке
дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық
қасиетіне, яғни өз тканінде түатын қозу процесіне байланысты.
Жылы қанды жануарлар жүрегінде де автоматиялық қасиет болатынын 1895
жылы Лангендорф итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен
бөлініп алынған жүректің өз (коронарлық) тамырына оттегімен қаныққан жылы
қанды әдеттегі қысыммен жіберсе, тақтап қалған жүрек қайтадан жиырыла
бастайды.
1902 жылы дәрігер А. А. Кулябко (Томск) өкпе ауруынан өлген баланың
жүрегін 20 сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін
қолданды, мұның нәтижесінде тоқтап қалған жүрек кайтадан соға бастады.
Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялық қасиет тән екені дәлелденді.
Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі яғни миогендік және
нейрогендік теория бар. Миогендік теория бойынша қозу жүректің ауытқыған
(атипті) ет тканьдерінде пайда болады, яғни жүректің автоматиялық қасиеті
оның ет тканьдерінің қозуына байланысты. Нейрогендік теория бойынша ол
жүрек етіндегі өте қозғыш нейрондардың әрекетінен түады.
Жылы қанды организмде жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан
дәлелдеуге болатынын көптеген тәжірибе көрсетеді. Солардың бірі – жоғарыда
айтылған Кулябко тәжірибесі: 20 сағат ішінде жүрек етіндегі нейрондар толық
бұзылады, ал миоциттер бұзылмайды. Демек, жүрек автоматиясы нейрондарға
емес, миокардқа байланысты.
Жүректің өткізгіш жүйесінің маңызы. Микардта ет талшықтарының екі түрі
болады: жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер – жүректің өзіне
4
ғана тән арнайы ткань және жүректі ң өткізгіш жүйесін құратын миоциттер –
арнайы емес белсенді ткань. Алғашқы аталған миоциттер жиырылуға
бейімделген, ал екінші аталған миоциттер ешқандай әсер етпесе де өздігінен
қозуға және қозу процесін өздері арқылы өткізуте бейімделген. Бейарнамалы
миоциттер саркоплазмаға бай, олардың миофибрилдері аз, бірақ өте қозғыш, ет
тканьнің эмбриоңдық клеткаларына ұқсас. Жүректің өткізгіш жүйесі тап осы
миоциттерден құралады. Олар топталып әртүрлі түйіндер құрайды, олардың
шоғырлары тарамданып жеке жіпшелерге айналады. Жүректің өткізгіш жүйесі
екі түйіннен тұрады. Солардың бірі оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс
венасы мен оң құлақша аралығында орналасқан синоатриалдық Кис Флек
түйіні, екіншісі – оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, жүрекшеаралық
пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық Ашофф – Тавар түйіні. Осы екі
түйінді бір-бірімен және синоатриалдық түйінді сол жүрекшемен
жалғастыратын жіпшелер — Бахман талшықтары.
Атриовентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан, қарыншааралық
пердеге қарай жақындаған жерде Гис шоғыры басталады. Гис шоғыры
қарыншааралық перденің жоғарғы жағында орналасады. Одан екі – оң және сол
аяқшалар шығады. Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген
эндокардтың астымен төмен қарай түседі де, жүрек ұшындағы қалып етке
жетеді. Одан әрі кіліп қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі бетімен
бойлап жоғары қарай көтеріледі, жолшыбай осы арадағы еттерге, оың ішінде
емізікше еттерге бұтақ тәрізденіп жайылады да, жеке Пуркинье талшықтарына
айналады: Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен
өзара түйіседі. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалдық түніннен
басталып жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді.
Жүректің өткізгіш жүйесі құрамындағы бөліктердің қайсысында болмасын
өздігінен қозатын автоматиялық қасиет болады. Бірақ олар бірдей
5
емес, жүрек автоматиясында айырмашылық – градиент болады.
1883 жылы ағылшын ғалымы В. Гаскелл жүректің өткізгіш жүйесіндегі
бөлімдер синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын олардың автоматиялық
дәрежесі төмендейді деген тұжырымға келді (автоматия градиенті заңы). Бұл
заң бойынша атриогентрикулярлық түйін автоматиясы синогтриалдық түйін
автоматиясынан төмен, Гис шоғырының автоматиясы бұдан да төмен, Гис
аяқшаларының автоматиясы Гис шоғыры автоматиясынан төмен, ал Пуркинье
талшықтарының автоматиясы бұдан да төмен. Бұлардың автоматиялық дәрежесі
өздігінен туатын қозу санына байланысты.
Демек, синоатриалдық түйінде өздігінен туатын қозу саны өте көп. Бұл
сан жүрек соғуының жиілігіне сәйкес келеді. Демек, жүрек соғу осы түйінде
туатын қозуға байланысты. Әдетте өткізгіш жүйенің синоатриалдық түйіннен
басқа бөлімдері өздігінен қозбайды, синоатриалдық түйін олардың
автоматиялық қасиетін басып, өздігінен қозуына жол бермейді. Сондықтан
бұлар тек синоатриалдық түйіннен шыққан қозуды өткізеді.
Жүрек автоматиясы. Сырттан ешқандай тітіркеніс әсер етпесе де
синоатриалды түйінде қозу туады, бұл – түйін автоматиясы, мембраналық
потенциалдың (МП) өздігінен әрекет потенциалына айналуының иәтижесі.
Жүрек етінің өз миоциттері мен түйін миоциттерінің әрекет
потенциалдарын салыстырсақ олардың арасында едәуір айырмашылық бар екенін
байқау қиын емес.
Жүректің қозуды өткізуі. Қозу жүректің өткізгіш жүйесімен қатар жүрек
миоциттері арасында нексус байланыстары арқылы да тарайды. Бірақ қозу
серпіні жүректің өткізгіш жүйесі арқылы тез өтеді. Мәселен, қосу Гис
шоғырынан секундына 4-5метр жылдамдықпен өтсе, қарыншаның етінен секундына
0,9м жылдамдықпен тарайды, яғни қарынша етіне қарағанда өткізгіш жүйе
қозуды 5 есе тез өткізеді.
Қозу өткізгіш жүйе арқылы қаншама жылдам таралғанмен жүрекше мен
қарынша бір мезетте жиырылмайды алдымен жүрекшелер содан соң
6
қарыншалар жиырылады, Мұның себебі осы күнге дейін толық
анықталмаған. Біреулер қозу атриовентрикулярлық түйіннің бас жағында
0,02—0,04 секундтай кідіреді, жүрекшелердің жан-жағынан келіп түскен әрекет
потенциалдары жинақталып түйінді қоздыру үшін күшеюі қажет деген пікір
айтады. Ал екінші біреулердің айтуынша атриовентрикулярлық түйін
миоциттерінің мембраналық потенциалы басқа миоциттерге қарағанда өте төмен
және оның диастолада баяу деполяризациясының аумалы дәрежеге жетуі өте
ұзаққа созылады, түйін қозуының кешігуі осыған байланысты. Бұл пікірлер
бірін-бірі толықтыра түседі. Мұндай кідіру салдарынан жүрекшелердің
қозуынан қарыншалардың қозуы 0,12—0,18 секунд кеш басталады.
Жүрек етінің қозу өткізу қасиетін қанқа етінің осы қасиетімен
салыстырсақ қаңқа еті қозуды анағұрлым тез өткізеді: қозу өткізу
жылдамдығы секундіне 5-14м.
Жүрек етінің жиырылу қасиетінің ерекшеліктері. Жиырылу
дегеніміз еттің белгілі бір тітіркендіргіш әсерінен ширығуы (қатаюы) және
қысқаруы. Бұл – жауап реакция (әсерленіс). Қаңқа еттің жиырылу күші
(амплитудасы) тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Тітіркендіргіш күшін
біртіндеп өсірсе, еттің жиырылуы да оған сәйкес күшейеді. Жүрек етінің
жауабы тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еті
тітіркендіргіштін қозу табалдырығына бар күшімен жауап береді.
Тітіркендіргіш күшін біртіндеп одан әрі күшейткенде еттің жиырылу күші
өзгермейді. Ал қозу табалдырығынан төмен күшке жауап болмайды. Бұл
заңдылықты Боудич ашқан. Оны түгелдей не түк емес (все или ничего) заңы
деп атайды.
Жүрек етінің жиырылу және босаңсу механизмін түсіндіру үшін А. Хаксли
және X. Хакслидің (1954), протофибрилдер жылжуы атты теориясы қолданылады.
Осыған орай жүрек етінің жиырылу күшінің екі түрлі өздігінен реттелетін
гетерометрлік және гомеометрлік механизмі болады. Бұлар
7
миоциттер ішінде өтетін қозу процесіне жиырылудың ілесуі
(электромеханикалық) механизміне байланысты. Гетерометрлік механизмде жүрек
етінің жиырылу күші оның диастола мезгілінде созылу дәрежесіне сәйкес
өзгереді: жүрек еті диастола кезінде неғұрлым қатты созылса, солғұрлым оның
жиырылу күші күшейе түседі.
Жүрек еті талшықтарын алдын-ала созып, сонан соң тітіркендіргенде,
олардың жиырылу күші созу дәрежесіне сәйкес күшейетін қасиетін алдымен О.
Франк көлбақа жүрегіне, ал одан кейіи Е. Старлинг жылы қанды жануар
жүрегіне жасаған тәжірибелерінде байқаған. Бұл заңдылық қазір
Франк—Старлинг заңы не жүрек заңы деп аталады.
Гетерометрлік механизмде жүрек етінің жиырылу күші оның созылу
дәрежесіне байланысты емес, ол алдын ала созылмай-ақ қатты жиырылып
қарыншадан қанды артық қысыммен шығара алады.
Сонымен қозу мен жиырылу процестерінің қарым-қатынасын қамтамасыз
ететін құрылымдарға миоциттер мембранасының көлденең өсінділер жүйелері мен
ретикулум түтіктері және олардың кеңіген цистерналары жатады.
Жүректің қан айдау қызметі. Қай ағзаны алсақ та оның қызметі
құрылысына байланысты. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі - эндокард,
ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард.
Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген ариовентрикулярлық тесікке және
қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерге жеткенде бұрылып қос
қабат құрады да, сол тесіктерді жабатын екі не үш жақтауды және айшық
тәрізді қақпақшаларға айналады. Сонымен әр кақпақша эндокардтың екі
жапырағынан тұрады. Миокард – жүректің ортаңғы қабаты, ол жолақты ет
талшықтарынан тұратын ең қалың қабат. Жүректің сыртқы қабаты – эпикард оны
сыртынан қаптап, жүректен шығатын не оған келетін ірі қантамырларына
жеткен жерде кері бұрылып жүрек сыртын екінші рет қаптайды. Бұл эпикардтың
сыртқы қабаты, яғни перикард – жүрек қабы.
8
Эпикард пен перикард арасында жіңішке саңылау, ал онда аздаған серозды
сұйықтық болады, бұл сұйықтық эпикард пен перикардтың ішкі бетін майлап
қажалудан сақтайды. Перикард жүрек қуыстарының қанға то-лып қатты керілуіне
кедергі жасайды. Жүрекше мен қарынша арасындағы тесікті жауып тұратын
қақпақшалардың оң жақтағысы үш жақтаулы, ал сол жақтағысы қос жақтаулы –
митральды. Қолқа мен өкпе-артериясының қарыншадан шығатын жерінде айшық
қақпақшалар орналасқан. Қақпақшалар жүрек жиырылған сәтте (систола) қанның
белгілі бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді. Қан жүрекшеден қарыншаға,
қарыншадан артерияларға (қолқа мен өкпе сабауына) қарай ғана ағады, сау
адамда қан кері ақпайды. Тек, жүрегі ауырған адамда қақпақшалар толық
жабылмай, соған байланысты қанның біразы негізгі бағытынан айырылып кері
қарай ағуы мүмкін. Мұны жүректің негізгі тондарына (дыбыстарына) шуыл
араласуынан байқауға болады.
Жүрек қақпақшаларының қандай қызмет атқаратынын көрсету үшін мынадай
тәжірибе жасалды. Жануар жүрегін оның денесінен бөліп алған соң, 4 ірі қан
тамырының әрқайсысына шыны түтікше (ұзын канюля) кіргізіп, оны жіппен
(лигатура) тамырға бекітеді. Одан кейін жүректі штативке іліп қояды да, сол
жақ жартысы қызыл түске, оң жақ жартысы көк түске боялған физиологиялық
ерітіндіге толтырылады. Тәжірибе жасаушы адам жүрек қарыншаларын алақанына
салып қысады. Сонда қарыншадағы ерітінді қолқа мен өкпе сабауына бекітілген
түтікше арқылы жоғары көтеріледі, ал жүрекшелермен байланысқан түтікше
ерітінді деңгейі өзгермейді. Қысқан кезде қарыншалардың қуысы тарылады да
ішіндегі ерітіндінің қысымы көтеріледі, сондықтан жүрек бөлімдері
арасындағы жақтаулы қақпақшалар жабылады, ал айшық қақпақшалар керісінше
ашылады. Қарыншалардағы ерітінді қолқа және өкпе сабауымен байланысқан
түтікшеге өтеді. Алақанды жазып, жүректің қарыншаларын босатқан соң
қолқадағы, өкпе сабауындағы түтікшеде ерітінді деңгейі көтерілген күйінде
қалады, олардың үстіне ерітінді
9
құйып қысымын одан әрі күшейтсе де айшық қақпақшалар жабылған күйінде
ерітінді деңгейін ұзақ уақыт сол шамада ұстап тұрады, Бұл тәжірибеден жүрек
қақпақшалары қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз ететінін көруге болады.
Жүректің ортаңғы қабаты (миокард) өзара жарыса орналасқан жолақты ет
талшықтарынан тұрады. Ет талшықтары түйіскен жерлерде қатар жатқан екі
талшықты жалғастыратын дискілер (мембрананың жуандау жері) болады.
Талшықтардың дискілер арқылы беттескен жерін нексус деп атайды. Нексустер
арқылы миокардта қозу өте тез жайылады, өйткені қозу бір тал-шықтан екінші
талшыққа медиатордың қатысуынсыз-ақ әрекет потенциалы күйінде өтеді,
сондықтан әр ет талшығы жеке қозып, жеке жиырылмайды, топтасып жиырылады,
яғни жүрек еті функциялық синцитий ретінде қызмет етеді. Биологияда
құрылымдық синцитий деген ұғым бар. Электрондық микроскоп болмаған кезде
жүрек етінің топ-тобымен жиырылуы, яғни қозу процесін жүрек етінде бір
талшықтан екіншісіне өткізетін құрылым ет талшықтары арасындағы
протоплазмалық көпіршелер деп есептелетін. Сөйтіп бұл құбылыс құрылымдық
синцитиймен түсіндірілетін. Қазір электрондық микроскоп арқылы жүрек етінде
мұндай плазмалы көпіршелер болмайтыны дәлелденді. Сондықтан жүрек етін
функциялық синцитий деген жөн. Жүректің жиырылып онан соң босауы миокардтың
қызметі.
Жүрек қуыстарындағы қан қысымы. Жүректің, жиырылуы систола, босауы
диастола деп, ал систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек қызметінің
айналымы, (циклы) деп аталады. Айналым уақыты жүрек соғуының жиілігіне
байланысты. Айналым кезінде жүрекше мен қарынша белгілі бір тәртіппен
(ретпен) жиырылады. Жүрек жиырылған сәтте ондағы қанның қысымы көтеріледі.
Жүрек қуыстарындағы қан қысымының өзгеруі белгілі бір заңдылыққа бағынады.
Осыған сәйкес қақпақшалар бір ашылып, бір жабылып отырады. Бұл айтылғандар
қанның бір бағытта ағуын
10
қамтамасыз етеді.
Жүректің әрбір бөліміндегі қан қысымын өлшеу үшін қан тамыры арқылы
резеңке түтіктік (катетордың) бір ұшын жүрек қуысына кіргізеді де, екінші
ұшын қысым өлшейтін аспаппен жалғастырады. Осы әдіспен тұңғыш рет жылқының
жүрек қуыстарындағы қан қысымын Шаво мен Марей тәжірибе түрінде өлшеді.
Тәжірибе былай жасалады: Жүрек жанындағы ірі артерия арқылы бір ұшына жұқа
баллон бекітілген резеңке түтік жүректің оң жақ қуысына енгізіледі де, оның
сырттағы ұшы Марей капсуласымен жалғастырылады, сөйтіп жабық түтіктер
жүйесі ауаға толтырылады. Жүрек жиырылып, оның қуысындағы қысым арта
бастаса түтік жүйесіндегі ауа баллонан капсулаға қарай ығысып, оның қаламын
көтереді. Жүрек еті босаңсыған кезде азаяды, сондықтан ауа керісінше,
капсуладан баллонға өтеді де қалам төмен қарай ығысады. Қысым мөлшері
қаламның қағазға түсірген сызығы арқылы анықталады.
1950 жылы хирургтер адам жүрегі қуысындағы қысымды арте-рия арқылы
жүрекке катетор енгізу әдісімен өлшеуге болатынын көрсетті.
Жүректің жиырылу циклы. Жүрек айналымы 0,1 секундке созылатын жүрекше
систоласынан басталады. Оң жүрекше жиырылуы 0,01 секундтей ертерек
басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдың түйін орналасқан.
Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде
жүрекшелерде қан қысымы с. б. б. 5-8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар
диастолада болады, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан қан
жүрекшеден қарыншаға құйылып тұрады. Жүрекше жиырылған сәтте оған қан
жеткізетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады. Сондықтан қан
жүрекшеден веналарға қарай
кері қайтпайды, веналарда қысым төмен болғанмен де қан өтпейді. Систоладан
кейін жүрекше диастоласы және қарынша систоласы бір мезгілде басталады.
Қарынша систоласы 0,33 секундке созылады, ол ширығу және қан айдау (шығару)
кезеңдері болып екіге бөлінеді. Ширығу - 0,08, қан айдау –
11
0,05 секундке созылады. Ширығудың өзі екі кезеңнен тұрады: 0,05 секундке
созылатын асинхрондық жиырылу мен 0,03 секундке созылатын изометрлік
жиырылу. Асинхрондық кезеңде қарынша еттерінің бәрі бірден жиырылмайды.
Жиырылу қозуға сәйкес ет талшықтар тобын біртіндеп қамтиды. Қарынша
қуысында қысым онша өзгермейді, сондықтан атриовентрикулярлық қақпашалар
ашық қалпында қалады.
Изометрлік кезеңде қарынша еті түгелдей ширығады (қатаяды), бірақ оның
қуыстары қанға толы болғандықтан жиырыла алмайды, яғни ет талшықтарының
ұзындығы өзгермейді. Сондықтан да бұл кезең изометрлік кезең деп аталған
(грек. Іsоs – бірдей, метр – ұзындық). Мұнда ет талшықтарының қатаюына
байланысты қарыншалардағы қан қысымы біртіндеп көбейеді. Жүрек қақпақшалары
жабық қалпында қалады. Сондықтан қан кысымы көтеріледі, ол қарыншалардан
шығатын қолқа мен өкпе сабауындағы қысымнан асып түскен соң айшық
қақпақшалар ашылып, ширығу кезеңі қан айдау кезеңіне ұласады. Ширығудың
изометрлік кезеңінде сол қарыншада қан қысымы с. б. б. 70-80 мм-ге, оң
қарынша 15-20 мм-ге жетеді. Оң қарыншадағы қысым сол қарыншадағыдан 3-4 есе
төмен болатыны, оның қабырғасындағы еттің соншалық жұқа болуына байланысты.
Қарыншалар систоласының қан айдау кезеңі айшық қақпақшалардың ашылу
мезгілінен басталады. Бұл тез және баяу қан айдау кезеңдеріне бөлінеді. Тез
қан айдау кезеңі - 0,12, ал баяу қан айдау кезеңі - 0,13 секундке созылады.
Қан айдау кезеңінде айшық қақпақшалар ашылғаннан кейін қанның қарыншалардан
қан тамырларына шығуына мүмкіншілік туып, ет талшықтары жиырылып қатты
кысқарады, сондықтан қарыншадағы қан қысымы арта түседі. Баяу кезең аяқтала
бастағанда миоциттер қатты жиырылғандықтан қысым одан әрі көтеріледі. Сол
қарыншадағы қысым с. б. б. 120-130 мм-ге дейін артады, ал оң қарыншада 25-
30 мм-ге жетеді. Қан айдаудың баяу кезеңінде қанның қарыншадан қолқа мен
өкпе артериясына етуін қамтамасыз ету үшін қан тамырлары қысымынан
көтеріліп келе жатқан
12
қарыншадағы қан қысымы жоғары болуға тиіс. Осыған орай жүректің жиырылуы да
күшейе түседі.
Қан айдау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы басталады, ол 0,47
секундке созылады. Бұл 4 кезеңнен тұрады: протодиастола, изометрлік босау,
қанға толу, пресистолалық.
1. Протодиастола кезеңі қарынша диастоласының алғашқы 1-ші сатысы, оның
ұзақтығы 0,04 секунд. Жүрек еттерінің бәрі бірдей бір мезгілде босай
алмайды, біртіндеп топ-тобымен босайды. Сондықтан қарыншалардан қан қысымы
әлі де болса жоғары болғандықтан, ол біртіндеп төмендейді, айшық
қақпақшалар ашылған күйінде қалады.
2. Изометрлік босау кезеңінде (ұзақтығы 0,08 секунд) айшық қақпақшалар
жабылады да, ал жақтаулы қақпақшалар ашылмай жабық күйінде қалады. Ет
талшықтары тұтас және бір мезетте босаңсуына байланысты қарынша қуысында
қысым азая бастайды. Бұл қысымның денгейі жүрекшедегі қысымнан төмендеген
сәтте қос жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар ашылады да, қан қарыншаға
құйыла бастайды. Одан әрі үшінші кезең басталады.
3. Жүректің қанға толу кезеңі – ең ұзақ - 0,25 секунд созылады. Бұл екі
кезеңнен тұрады: тез толу (0,08 с), баяу толу (0,17 с). Қарыншаның қанға
тез толу себебі: жүрекше-қарынша систоласы кезінен бастап ұзақ уақыт
босаған қалпында (диастола) қалады да әбден қанға толып керіледі, ондағы
қан қысымы қаннан босаған қарыншадағы қысымнан едәуір артық келеді.
Сондықтан қан жүрекшелердегі лақылдап қатты ағады. Бірақ келесі кезенде
қарынша қанға тола бастасымен жүрекшедегі қанның қарыншаға ағуы баяулай
бастайды. Қарыншалардың систоласы және диастоласы кезінде жүрекшелер
диастола қалпында болғандықтан да оған қуысты веналардың екеуінен де қан
құйылып тұрады, сөйтіп жүрек диастоласының үшінші кезеңінде жүрекше де,
қарынша да қанға толады. Екеуінің аралығындағы қосжақтаулы және үшжақтаулы
қақпақшалар ашық күйінде қалады. Қорыта
13
келгенде, жүрек көбіне диастола кезінде қанға толады.
4. Пресистола кезеңінде (ұзақтығы 0,1 с) жүрек циклының жаңа кезеңі
басталады, яғни жүрекшелер жиырылады да қарынаға қосымша қан құйылады.
Жүрек минутіне 65-80 рет соғады. Жүрек соғуы сиресе (минутіне 40-50)
брадикардия деп, ал жиілесе (минутіне 150) тахикардия деп аталады.
Сырқаттанған кезде жүрек шектен тыс жиі соғуы мүмкін. Минутіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz