«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнінен


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КАФЕДРАСЫ

" Бекітемін"

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің

Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі

Вице-президент, тех. ғ. д., профессор

С. Қ. Тұртабаев ” ” 2011ж.

«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Мамандық аты, шифры: 050114 - Тарих

Оқу формасы: күндізгі

Курс:IІІ: Курс: IІІ
:
:
І сем: І сем
:
II сем: II сем
:
Барлығы:: Барлығы:
: Сағат саны:
І сем:
:
II сем: 135
:
Барлығы:: 135
: Кредит саны:
І сем:
:
II сем: 3
:
Барлығы:: 3
: Лекция
І сем:
:
II сем: 30
:
Барлығы:: 30
: Практикалық
І сем:
:
II сем:
:
Барлығы::
: Семинар:
І сем:
:
II сем: 15
:
Барлығы:: 15
: Лабораториялық
І сем:
:
II сем:
:
Барлығы::
: ОБС¤Ж:
І сем:
:
II сем: 45
:
Барлығы:: 45
: СӨЖ:
І сем:
:
II сем: 45
:
Барлығы:: 45
: Аралық бақылау (АБ)
І сем:
:
II сем: 2 рет
:
Барлығы:: 2 рет
: Қорытынды бақылау:
І сем:
:
II сем: Емтихан
:
Барлығы:: Емтихан

Лектор: т. ғ. к., доцент Жораева Гүлжамал Төлегенқызы

Семинар сабақтарының тьюторы: т. ғ. к., доцент Г. Т. Жораева

СОӨЖ қабылдау уақыты: 10:00-12:00, сәрсенбі

Қабылдау орны: № 5 ғимарат, 209 кабинет

Түркістан 2011

Оқу-әдістемелік кешен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының № 7 Хаттама шешімімен бектілген және пайдалануға рұқсат етілген 050114 - Тарих мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.

Оқу-әдістемелік кешенді құрастырған: т. ғ. к., доцент Г. Т. Жораева

Оқу-әдістемелік кешен кафедраның № 5 « 5 » қаңтар 2011 ж. мәжілісінде қаралды.

Кафедра меңгерушісі, т. ғ. к., доцент Ж. Жанпеисова

Оқу-әдістемелік кешен факультеттің № 5 « 6 » қаңтар 2011 ж. ОӘК-де қаралып, бекітілді.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п. ғ. к., аға оқытушы Ү. Мелдебекова

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша тарихнама және деректер .

Жоспары:

  1. ХҮІІІ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемаларының отандық зерттеушілердің еңбегінде зерттелуі.
  2. ХҮІІІ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы проблемалары шетелдік тарихнама беттерінде.
  3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы шежіре мен аңыздарда, ақындар мен жыраулар туындыларында, жазба дерек көздерінде.

Лекция мақсаты: Жаңа замандағы Қазақстан тарихының өзекті проблемаларының тарихнамасын және сол бағыттағы соңғы зерттеулердің тұжырымдарын қамтып, салыстырмалы түрде беру студенттердің өзіндік іздеулеріне түрткі болады. Курстың басты мақсаты - әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылатын Отан тарихы туралы білімді студенттер санасында терендету, оларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Отарлану кезіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, ағартушылық пен миссионерлік, жаңа мектеп жүйесінің қалыптасуы өзара байланыста қарастыру. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарының дамуын көрсету. Біртіндеп жалпы ресейлік рынокқа енуін, Қазақстанның экономикалық жағынан игерілуін, сауда мен қатынас жолдарын салынуын және орыс мәдениетінің өлкеге таралуын қарастыру.

Лекция мәтіні: Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихының ажырамыс бір бөлігі ретінде келесі тарихи кезеңдер бойынша қарастырылады:

  1. Ежелгі Қазақстан тарихы (2, 6 млн. ж. б. - б. э. Vғ. )
  2. Ортағасырлардағы Қазақстан. (552- 1731 ж. дейін. )
  3. Қазақстанның жаңа тарихы. (1731- 1917 ж. дейін)
  4. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. (1917 ж. - қазіргі күнге дейін)

ХVІІІ- ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық ролін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттілігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлтазаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтынуына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды.

Қазақстанның отарлық кезеңнің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халықтарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушлыққа ұшыратылды. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзлік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды.

Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.

Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы тарихының (ХVІІІ-ХІХ ғғ. ) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.

ХVІІІ ғасырда Орта Азияның Хиуа және Бұхара хандықтарында, кейбір өзбек руларында өзара шиеленіс күшейді. 1723 жылы Ташкент қалмақтың қоластында болды, бірақ тікелей бағындырған қалмақтың Хун Тайджы ханы мен қазақ ханы Жолбарыс еді. 1728-1740 жылдары Хиуа ханы Жолбарыстың қашып кетуіне байланысты (бухаралықтардан), 1740 жылы Персияның солтүстігінде персиялық шах Нәдір Мерв қаласын басып алып көп кешікпей Хиуа ханын 20 өзбек әскер басыларымен өлтіріп, еш қарсылықсыз Бұхараны бағындырады. Үздіксіз жойқын феодалдық соғыстың әсері Орта Азия шаруашылығына зиян келтірді. Көптеген қалалар құлап, қирап қалды соның ішінде Самарқанд қаласы ХҮІІІ ғасырдың ортасында ең төменгі дәрежедегі бос қалған қала болып қалды. Тек қана Бұхарада бұрынғыдай қызу қала өмірі жүріп жатты. Біраз жылдан кейін өзбек феодалы Мұхаммед Әмин түркмендермен болған соғыста оларды жеңіп, Хиуа хандығын қайта орнатты. Мұхаммед Әмин Бұхара әулиетінің негізін қалаушы болды. ХҮІІІ ғасырдың аяғында оның ұлы Мұратың Бұхара мен Мервті және Балх қаласы мен Әмударияның сол жақ жағалауын қосуға қолы жетіп, Заравшан өзенінің алқабында жер суландыру жұмыстарын жүргізді. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Ферғанада экономикалық жағдай жақсарып, жібек мата өндіру өнеркәсібі көтеріліп, Қытаймен сауда қатынасының жандануының нәтижесінде, Қоқан хандығы құрылды. Ресей және басқа Еуропа елдерімен сауда қатынасының жақсарп, Орта Азияға алтынның шоғырлануы күшейді. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Ферғанада бірінші рет монғол шабуылынан кейін, жергілікті алтын монеттер соғу басталды.

ХІХ ғасырдың ортасында Орта Азияда үш ірі мемлекет: Қоқанд, Бұхар және Хиуа хандықтары болды. Бұл үш хандық орыс патшалығының жаулап алуға ұмтылуының басты нысанасы болды.

ХІХ ғасырдың 50 жылдары Орта Азияда болған саяхатшы былай деп көрсетті: «Өзара қырқыс пен тоқтаусыз соғыс барлық жерде өте күшті қымбатшылық пен аштыққа әкеп соқты. Жерлер өңделмей, тұқым себілмей қалды. Әншейінде 4 теңге (80 коп. ) тұратын 1 пұт нан бұл уақытта 20 теңгеге (4 руб. ) сатылды. Феодалдық алауыздық күшейген тұста, орыс патшалығы өзінің Орта Азияны жаулап алу жорығын бастады.

ХVІІІ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Қазақ хандықтары әртүрлі сыртқы саяси мән-жайлардың ықпалымен өте қиын халықаралық жағдайға ұшырады. Мұның алдында дүниежүзілік сауда коммуникацияларының құрлық аумағынан Атлантика бассейіне ауысуына және Ресей мемлекетінің - Еуропаның оңтүстік шығысы мен Сібірге және Цин империясының Орталық Азияға әскери саяси өктемдік етуінің жедел өрістеуіне байланысты Ресейдің оңтүстік шығысында және Орта Азия елдерінің ішінде әлеуметтік экономикалық және саяси жағдай шиеленісе түскен еді. Екі империялық мемлекет жүйесінің географиялық кеңістікте және көшпелілердің Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени тарихи тоқайласуындағы бұрынғы басым жағдайынан айырылуы тұрғысында дамыған бір біріне қарс қозғалысының барысында көшпелі халықтар сауда жолдарынан біртіндеп ығыстырылып шығарыла берді. Бұл геосаяси үрдістер жайылымдық жерлер және жақын жатқан аумақтардың сауда орталықтарына еркін бару қиындаған көшпелі халықтар арасындағы өзара жанжалдардың өршуіне әкеп соқты. Сол негізде халықаралық салада әскери тайталастың жаңа түйіні пайда болып, ол ХVІІІ ғасырдың алғашқы үштен бірінде Еділ, Жайық бойының, Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігінің және көршілес Орталық Азия аймақтарының бүкіл кеңістігін қамтыды.

ХVІІІ ғасырдың басынан бастап қазақтардың сол кезде Ресей билігінде болған көршілес еділ қалмақтарымен өзара қатынастары күрделі болды.

Жоңғар хандарының көршілес Орталық Азия аумағына дәмеленуінде Қазақстанның ойрат тайшылары ежелден көз тігіп келе жатқан оңтүстік жерлері ерекше орын алды. Жетісуды және Сыр өңірі аймағын жаулап алу ойрат билеушілеріне жаңа алымдардың түсуімен қатар, Жоңғарияны Еуропалық Ресеймен және Сібірмен байланыстыратын сауда жолдарының аса маңызды қиылыстарының біріне статегиялық бақылау жасауды қамтамасыз ететін, сондай ақ жаулап алынған отырықшылық-егіншілік аумақтар кеңістігінде батыс монғолдарды немесе ойраттардың қоныстарын қазақ рулары мекендейтін орындардан бөліп тұруға тиіс болған өзінше бір аралық аймақ құру есебінен Жоңғар хандығының солтүстік шептерін нығайтуға мүмкіндік беретін.

І Петрдің шығыстың саясатының қазақтарға бағытталуының қалыптасуы уақыты жағынан орыс қоғамында Ресейдің халықаралық аренадағы тарихи ролін қайтадан ой елегінен өткізумен және империялық лық доктринаның рәсімдеуімен тұтас келді. Оның дүние танымдық негізгі еуропалық рационалистік реориялар арсеналынан алынған идеяларды (Г. Гроций, Т. Гоббас, Б. Спиноза, С. Пуфендорф және т. б. ) және Мәскеу патшалығының дәстүріне сүйенген Ресей ресми топтарының ортағасырлық идеологиясының эклетикалық құрастырмасы болды.

Империялық санаға Византия мен Рим империясының «мұрагері» Ресейдің басқа халықтарының тағдырына «құдайлық» негізде де, «табиғи құқықпен» де билік ету құқығына сенімділік негіз болды. Ортағасырлық ресми доктринаға толық сәйкес алғанда, мемлекеттің күш қауаты және билік етуші монархтың даңқы оған бағынышты аумақтың мөлшерімен және бодандарының санымен анықталады, ал соңғыларын алу ұрыс алаңындағы жеңістің не дипломатиялық күрестің күрделі айла шарғылардың табиғи нәтижесі болып табылады. Осы түсінікті негізге алған І Петр Астраханда бірсыпыра уақыт болып, «бағы заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз қайсақ ордаларын» Ресей бодандығына келтіру туралы тілек білдіріп, осы жорықта тілмәш міндетін атқарған А. И. Тевкелевке «миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан . . . жан-тәнін салуды, түптеп клгенде, бір парақ қағазбен ақ Ресей империясының қарамағында болуға міндеттенетін болсын»деп ұсынған еді.

Сонымен бірге орыс-қазақ қатнастарының даму серпінділігінің жеделдеуі мен олардың мазмұнының тереңдеуі ол кезеңде Ресейдің стратегиялық мүдделерімен және сыртқы саясатының мақсаттарымен ғана анықталған жоқ, сонымен қатар бүкіл халықаралық қатынастар жүйесінің даму серпінділігімен, аймақаралық герграфиялық шекаралардың айқындылығымен және тұтастығымен (жер бетінің жазықтық бедері және Еуразияның орталық бөлігінде оны бөліп жататын биік тау жоталарының болмауы), Ресей державасының халықаралық беделі мен еуразиялық дүниедегі халықаралық ықпалының бір факторы ретіндегі оның әскери-саяси құдыреттілігімен, демек, Қазақстанның билеуші топтарындағы солтүстік көршілісімен сауда-экономикалық, әскери-стратегиялық және саяси байланыстардың маңызын түсінумен, қазақ қоғамы саяси қолбасшыларының Ресеймен жақындасуының артымен анықталды.

Қазақстаның көшпелі халқы мен орыс халқының өзара байланысының дамуындағы тарихи ұзақ уақыт бойы сауда-саттық маңызды орын алды. Қазан және Астрахан хандықтарына Ресейдің билігі орнатылып, Сібір жаулап алынғаннан кейін Азияға баратын бірден ақ маңызды екі сауда жолы: орта Еділ бойынан Сібірге және одан әрі Орта Азияға апаратын Кама және төменгі Еділді бойлай, Жайық пен Каспий бағытында, Маңғыстау түбегі мен Орта Азия хандықтарына бағытталған Оңтүстік шығыс жолдары орнатылды.

Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының солтүстік аймағы ең ұзын шекарасы Башқұртстанмен шектесіп жатты. ХVІІІ ғасырдың басына дейін башқұрт жері Ресейдің Қазан және Сібір приказдарының қарауында болды, ал 1708 жылдан бастап, губерниялар құрылуына байланысты, олардың негізгі аумағы Қазан губерниясы Уфа уезінің құрамына кіргізіліп, Қазан губернаторының құзыретіне жатқызылды.

20-30 жылдар шебінде башқұрттардың Кіші жүз бен Орта жүз қоныстарына шапқыншылық жасауы жиілей түскенін А. И. Тевкелев айтқан, 1730 жылғы мамыр айында қазақ «ақсүйектері»- екі жүздің шонжарлары мен ақсақалдары жиналысы шақырылуының тарихи фактісі де көрсетеді, онда патша үкіметімен бітім туралы арнаулы шарт жасасу мақсатымен Петербургке өкілетті қазақ елшілігін ұйымдастыру туралы шеім қабылдағын еді. Ақырында, 1730 жылы мамыр маусымда Кіші жүз қоныстарына Ноғай жолындағы атақты башқұрт тариханы Алдар Есенгелдиннің келуі қазақтар мен башқұрттар арасындағы әскери жанжалдардың елеулі болғанын мейлінше айқын көрсетеді, әл Әбілқайырдың айтуынша, қазақ билеушілерімен қазақ башқұрт жер дауларын және соның негізінде туындаған өзара қарулы қақтығыстарды шешу үшін Ресейге елші жіберуді талап еткен. «Нақ осы қақтығыстар, деп атап өткен өз кезінде ағылшын тарихшысы Ален Боджер, - қазақтардың тәуелсіздігі үшін және Әбілқайырдың жоңғарларға жоғалтқанын қайтару мен өзінің жеке билігін күшейтуге әрекет жасауы үшін мейлінше елеулі және ұзаққа созылған қауіп болды».

ХVІІІ ғ. 20-30 жылдары шебінде қазақ жүздерінің халықаралық жағдайын сипаттай келіп, Тевкелев былай деп пайымдады: ол кезде қазақтарға «барлық жағынан . . . қауіп төніп тұрды, барлық жерден тазыдан қашқан қоян сияқты безіп, күйзеліске ұшырады және қашып бара жатып, өз малдарын өздері тастап кетті, ал кейде өте қажет болғанда бала-шағасын да тастап, өздерінің бас сауғалайтын кездері болды». Басқаша айтқанда, Ресей мен Цин империяларының аймақта жүргізген белсенді экспонсионистік саясаты Еуразия құрлығының ішкі бөлігіндегі номадизмнің азаюына және көршілес көшпелі халықтармен өзара қатынастарда жер мәселесінің шиеленісуіне едәуір дәрежеде себепші болды. Қазақтардың, башқұрттардың, қалмақтар мен ойраттардың екі державаның отаршылдық шараларымен жасалған жаңа жайылымдарға деген асқан мұқтаждықтары салдарынан ХҮІІІ ғасырдың алғашқы үштен бір ширегінің аяғына қарай көшпелі көршілер арасындағы қатынастар едәуір қиындап кетті, мұның өзі Әбілқайыр ханның Кіші жүз бен Орта жүз үшін сыртқы қауіптен қорғаныс іздеуінің алғышарты болды.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. III т. А., 1998 ж.
  2. Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994 ж.
  3. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004 ж.
  4. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001 ж.
  5. Әбдіәкімұлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997 ж.
  6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003 ж.

2-лекция. Тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.

Жоспары:

  1. Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы.
  2. Жоңғар хандығының күшеюі және оның жаулап алу саясатының бастауы (ХҮІІІ ғ. 20-40 жж. ) .
  3. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама». Қалмақ қырылған, Аңырақай шайқастары. Қазақ-жоңғар шайқастарындағы қазақ батырлары.

Лекция мақсаты: Қасым ханнан кейінгі Қазақ хандығы, Жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтардың топтасуы, Ақтабан шұбырынды, Қалмақ қырылған, Аңрақай шайқастары нәтижесін айқындап беру.

Лекция мәтіні: XVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің жағрафиялық жағдайына қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Оның әрбір Жүзінің өзі Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді жайлады. Қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кіші жүз, Орталық Қазақстанға жататын облыстарда мекендеген Орта жүз, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысын қоныс еткен Ұлы жүздің әрқайсысының өз хандары болды. Кіші жүзде - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке (Шахмұхамбет), Ұлы жүзде - Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Бұл хандардың ақылшысы болған, Үш жүздің басын біріктіріп, даулы істеріне билік айтып, береке бастаушы болған Кіші жүздегі Әлім руынан шыққан Әйтеке биді, Орта жүздің биі арғын, Қаракесек руынан шыкқан Қаз дауысты Қазыбек биді, Ұлы жүздің биі үйсін Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле биді, Үлкен Орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкіл қазақ жұрты, алты алаштың адамдары жақсы білді.

Үш жүздің билеушілері әдетте бас қосып, оқтын - оқтын мәслихат-мәжіліс өткізетін. Ондай мәжілістер Сайрам маңындағы тауларда, Мәртөбе жотасында өтетін. Оларда қыстау жағдайы, қауіп - қатерден сақтану мен қауіпсіздік мәселесі талқыланатын. Бірақ, қазақ жерінде біртұтас бір иелікке бағынған, басқару жүйесі орталықтанған ірі мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп тұрды. Мұны қазақ жеріне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлері шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдаланып қалуға тырысты. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдап-қолпаштауымен Еділ өзенінің бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына тынымсыз шабуыл жасады. Қазақ жеріне солтүстіктен Сібір казактары килікті. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс беріп отырды. Осылардың бәрінен де асып түскен, қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау - жоңғарлар еді.

XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасырдың аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық бірлестіктен құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы шоростар еді.

Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін ірі қақтығыстар XV ғасырдың өзінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ - жоңғар қатынастары, әсіресе, Батур-қоңтайшы /1634-1654 ж. ж. / билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін болған жоңғар хандары /Сенге, Ғалдан/ Оңтүстік Қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін және сауда орталықтары болған қалаларды өздеріне қаратып алуға тырысты.

1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Сонымен бірге, қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмақтарға Сібір бойындағы бекіністерден зеңбірек берген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан кауіп күтпей, ішкі талас - тартыспен жүрген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Қазақстан тарихы пәні
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы
Сыныптан тыс оқытудың маңызы
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz