Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi
Жоспар:
Кiрiспе
I бөлiм:
1.1 Қаржы.несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы
1.2 Оның функциялары
II бөлiм:
Қазақстан Республикасындағы қаржы.несие мекемелерiнiң дамуы:
2.1 Сақтандыру компаниялардың дамуы
2.2 Ипотекалық компаниялардың дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Қазақстанда өтiп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшiн ғана емес, бүкiл қоғамдық өмiр үшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл астам iшiнде атқарылған жұмыстар көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеуге өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мүддесiн қамтыды. Сондықтан бұғандейiн ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсерiмейтiндiгiнiң, қайта арта түсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi ретiнде»
Курстық жұмыстың өзектiлiгi – нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың элементiн бiлдiретiндiктен қаржы-несие мекемелерiнiң мәнiн ашу, қаржы-несие мекемелерiнiң экономикадағы орны мен ролiн, атқаратын қызметтерiн, Қазақстандағы дамуын сипаттауға негiзделген.
Жалпы негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң экономиканы тұрақтандырудағы мәнiн, оның экономикаға әсер ету маңызын, оған қатысушы субъектiлердiң немесе қарыз берушiнiң пайыз түрiнде табыс алуын анықтауға негiзделе отырып теориялық жағын неғұрлым ашып көрсету.
Субъектiсi – несие берушi: банк және арнайы қарыз мекемелерi қарыз алушылар ретiнде кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы кез келген заңды ұйым болып табылады.
1-сұрақта қаржы-несие мекемелерiнiң түрлерiн, мазмұнын, қызметiн, формасын, теориялық сипаттамасына, оның функциясына көңiл бөлдiм.
2-сұрақта Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң – сақтандыру және ипотекалық компаниялардың дамуы, олардың нарықтық экономикаға өтудегi ролi мен қызметтерi жайлы мәлiметтер сипатталады.

Қолданылған әдебиеттер:
Сейiтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Экономика, Алматы - 2001
Сейткасимов Г.С. «Банковское дело», «Қаржы-қаражат», Алматы - 1998
К. Жуйриков, И. Назарчук, Р.Жуйриков «Страхование: теория,практика, зарубежный опыт», ОФ «Бис», Алматы - 2000
Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», «Қазақ университетi», Алматы - 2000
Мақыш С.Б. «Ақша, несие, банктер: практикум», «Қазақ университетi», Алматы - 2004
Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары», ИздатМаркет, Алматы – 2004
Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Экономика, Алматы – 2000
«Финансы и кредит» журналы, 2004-2006 аралығындағы барлық номерлерiн
«Банки Казахстана» журналы, 2004-2006 аралығындағы барлық номерлерiн
«РЦБК» журналы, 2004-2006 аралығындағы барлық номерлерiн
«Қаржы-қаражат» журналы, 2004-2006 аралығындағы барлық номерлерiн
«Вестник КазГУ» журналы, 2004-2006 аралығындағы барлық номерлерiн

Тақырыбы: Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi
Жоспар:
Кiрiспе
I бөлiм:
1. Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы
2. Оның функциялары
II бөлiм:
Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң дамуы:
1. Сақтандыру компаниялардың дамуы
2. Ипотекалық компаниялардың дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кiрiспе
Қазақстанда өтiп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшiн
ғана емес, бүкiл қоғамдық өмiр үшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн
республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл астам iшiнде атқарылған жұмыстар
көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға
елеуге өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мүддесiн
қамтыды. Сондықтан бұғандейiн ынта-ықыластың уақыт өткен сайын
әлсерiмейтiндiгiнiң, қайта арта түсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.
Курстық жұмыстың тақырыбы - Қаржы-несие мекемелерi рыноктық
экономиканың негiзгi элементi ретiнде
Курстық жұмыстың өзектiлiгi – нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде
экономикалық дамудың элементiн бiлдiретiндiктен қаржы-несие мекемелерiнiң
мәнiн ашу, қаржы-несие мекемелерiнiң экономикадағы орны мен ролiн,
атқаратын қызметтерiн, Қазақстандағы дамуын сипаттауға негiзделген.
Жалпы негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие
мекемелерiнiң экономиканы тұрақтандырудағы мәнiн, оның экономикаға әсер ету
маңызын, оған қатысушы субъектiлердiң немесе қарыз берушiнiң пайыз түрiнде
табыс алуын анықтауға негiзделе отырып теориялық жағын неғұрлым ашып
көрсету.
Субъектiсi – несие берушi: банк және арнайы қарыз мекемелерi қарыз
алушылар ретiнде кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы кез келген заңды ұйым болып табылады.
1-сұрақта қаржы-несие мекемелерiнiң түрлерiн, мазмұнын, қызметiн,
формасын, теориялық сипаттамасына, оның функциясына көңiл бөлдiм.
2-сұрақта Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң –
сақтандыру және ипотекалық компаниялардың дамуы, олардың нарықтық
экономикаға өтудегi ролi мен қызметтерi жайлы мәлiметтер сипатталады.
Несие жүйесi – жалпы банктердiң ( ұлттық және коммерциялық ) және банктiк
операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк мекемелердiң
жиынтығы.
Көпреген мемлекеттерде несие жүйесi туралы екi ұғым қалыптасқан:
• Несие-есеп қатынастары, оның түрлерi мен несиелеу әдiстерiнiң
жиынтығы;
• Қаржы-несие мекемелерiнiң жиынтығы;
Несие қатынастары несиенiң барлық формалары мен түрлерiн қамтиды. Несие
жүйесi қаржы-несие мекемелернiң жиынтығы ретiнде жеке және заңды
тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды
кәсiпорынға, үкiметке және халықтың әр түрлi топтарының қарызға беруi.
Несие мекемелерiнде әр түрлi субъектiлердiң уақытша бос ақша
капиталдарын шоғырландырып және оларды белгiлi бiр мерзiмнен кейiн және
белгiлi бiр төлем ақымен қайтару үшiн бөлiп беру.
Несие жүйесi мемлекеттiң ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының
экономиканың бiр саласынан екiншi саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы
өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi. Несие жүйесi арқылы
кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен
төлемдерi жүргiзiлiп, сонымен несиелiк, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық, сенiмдiлiк, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтедi.
Несие жүйесiнiң ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда
өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай
несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасты.
Қазiргi уақытта несие жүйесiнде көптеген өзгерiстер кездеседi:
• Банк монополиясының пайда болуы нәтижесiнде банк капиталының
шоғырлануы мен орталықтануы. Бiрiшiсiнде ұсақ банктердiң күйреуi,
олардың бiр-бiрiмен қосылуы, бөлiмшелерiнiң дамуы, ал екiшiсiне
корреспонденттiк қатынастар мен көпбанктiк жүйелердiң дамуы.
Корреспонденттiк қатынастар дегенiмiз несие мекемелерi арсындағы
келiсiм бойынша жүргiзiлетiн операциялар, олардың мақсаты – бiр-
бiрiнiң тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру.
• Әр түрлi несие мекемелерi арасында бәсекенiң күшеюi. Банк монополиясы
мен несие қатынастарының өркендеуi қарыз капиталының нарығында
бәсекенi өрмiте түстi. Бәсеке бiртектес және әр түрлi несие
мекемелерiнiң арасында жүредi.
• Банк капиталы мен өнеркәсiп капиталының бiрiгiп қаржы капиталын құру.
Өнеркәсiп пен банк iсiнде монополиялардың пайда болуы және олардың
бiрiгiп жұмыс жүргiзуi қаржы капиталының құрылуына негiз болады.
• Несие жүйесiндегi құрылымдық өзгерiстер. Несие-қаржы мекемелерiнiң
ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк iсiнiң кеңеюiне жол ашып, несие
жүйесiндегi құрылымдық өзгерiстерге әкеледi.
Капиталын иемденуiне қарай қаржы-несие мекемелерi:
• Мемлекеттiк
• Жеке
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi кездерi отарлау жүйесiнiң құлауы
нәтижесiнде елдерде құралған ұлттық несие мекемелерiнiң пайда болуына
мүмкiндiк туғызды. Әлемде валюта-несие және қаржы мекемелерi: Халықаралық
валюта қоры, Халықаралық қайта құру және Даму банкi, аймақтық Даму банктерi
және т.с.с.
Несие мекемелерiнiң клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiне қарай
несие жүйесi 3 элементтен тұрады:
• Орталық (эмиссиялық) банк – банктердiң банкi, бiрiншi деңгейдегi
мемлекеттiк банк, кез келген елдiң мемлекеттiк, халықтық немесе ұлттық
банк деп аталуына тәуелсiз эмиссиялық, ақша-несие мекемесi болып
табылады. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргiзбейдi, оның
клиенттерi - коммерциялық банктер, үкiмет ұйымдары және басқа да
мекемелер. Банктiк мекемелерге қатысты Орталық банк тiкелей әрекет ету
және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерiн атқарады. Несиелiк
жүйесiнiң қалған буынына Орталық банк несиелiк және ақшалай
операциялар, рыноктың әр түрлi секторлары, несие-қаржы қызметтерiнiң
өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етедi.
• Коммерциялық банктер. Ол – екiншi деңгейiндегi банк, қарыз капиталы
нарығының әр түрлi секторларында қызмет ететiн көп қызметтi мекемелер.
Олар кәсiпкерлiк тәжiребисiнде белгiлi бiр көптеген қаржылық
операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер елдiң несие жүйесiнде
негiзгi, базалық буын ролiн атқарады. Олар үкiметтiң, iскерлiк мен
миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы
жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық
және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына
қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
• Мамандырылған несиелiк мекемелер: сақтандыру, жинақтық, ипотекалық
,сенiмгерлiк және т.б.
Қазақстанда несиелiк жүйе екi буыннан тұрады:
• Банктiк жүйе. Банктiк жүйе – банктiк операциялардың жалпы жиынын
шоғырландырушы несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Банктiк Қазақстандағы
банк жүйесiнiң тарихы 15 жылдай. Банк жүйесiнiң реформалаудың мақсаты
– отандық банктерiмiздiң қызметiн халықаралық стандартқа өткiзу.
Қазақстандағы банк жүйесiнiң қызметi 1995 жылғы шығарылған Қазақстан
Республикасының ұлттық банкi туралы, Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктiк қызмет туралы Қазақстан Республикасы
Президентiнiң заңында жазылған.
• Парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Парабанктiк жүйе
экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуi барысында жаңадан
қалыптасып, ендi ғана бiртiндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды
сипаттайды. Банктiк емес мекемелердiң немесе парабанктiк мекемелердiң
банктерден айырмашылығы – олар бiрiншiден, клиенттердiң белгiлi бiр
түрiне қызмет етсе, банктiк операциялардың жекелеген түрлерi бойынша
қызмет көрсетедi.
Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен
берiлген:
Мақыш С.Б. Ақша, несие, банктер - А: Қазақ университетi, 2004 ж.
Маманданған қаржы-несие мекемелерi
Маманданған қаржы-несие мекемелерi кез келген елдiң несие жүйесiнiң
маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кiшкене аясында ғана
қызмететедi. Бұл әр түрлi мамандалған қаржы-несие мекемелерiнiң жиынтығы:
сауда жинақ мекемелерi инвестициялық компаниялар және қорлар, несие-
жинақтау мекемелерi, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары,
мекемелердегi өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер
өздерiнiң бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын
операцияларды орындаған. Бұл мекемелердiң несие банктерден айырмашылығы –
халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялық банктер өз
пассивтерiн негiзiнен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту.Ал,
қазiргi кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және
компанияларға қызметкөрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара
бәсекеге түседi, яғни коммерциялық банктер мен банктiк емес мекемелер
арасындағы айырмашылық жоғалтады. Дәстүрлi емес операцияларды кеңейту
арқылы бұл мекемелер банктiк нарыққа енiп келедi.
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерi ипотекалық және тұтыну,
сол сияқты ауыл шаруашылық несиелерi саласындағы кең ауқымда тарауда.
Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы
қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады.
Кейбiр арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға
дейiн Жаңа экономикалық саясат жылдарында және ауыл шаруашылығын
ұйымдастыру тұсында несиелiк серiктестiктер өзара несие беру қоғамы
несиелiк одақтар және т.б. түрiнде болған. Қазiр банктiк емес
мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай-ақ
шаруа қожалығы бiрлестiктерiнiрi агроөнерәсiп бiрлестiктерiн, қаржы-
есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады.
Маманданған қаржы-несие мекемелерi алуан түрлi қызмет көрсетедi:
Тұтыну несиесiн беру;
• Ауыл шаруашылық несиесiн беру;
• Халықтың ұсақ жинақтарын;
• Ипотекалық несие беру;
• Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру;
Экономикалық нарыққа өтуi несиелiк жүйеде маңызды роль атқаруы
мүмкiн қаржы-несиенiң дамуын талап етедi.
Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы
Ломбард
Ломбардтар – бұл жылжитын мүлiктердердi кепiлге ала отырып, қысқа
мерзiмдi ссудалар беретiн несиелiк мекеме.
Тарихта ломбардтар өсiмқорлық несие беретiн жеке меншiк кәсiпорын
ретiнде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлiк, оның
iшiнде бағалы қағаздар мен асыл тастар (бағалы қағаздардан басқа) кеiлге
алып, тұтыну несиесiн беру болып табылады. Олардың ссудалары негiзiнен
қысқа мерзiмге (30 күнге дейiнгi мерзiмге) кепiлге салатын мүлiк құнының 50-
80 мөлшерiнде берiледi. Кепiлге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердiң
құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негiзде кепiлге салынған
мүлiктердi сатумен айналысады.
ҚР Ұлттық банктiң 1997 жылғы 29 тамыздағы №314 Ломбард туралы
ережесiне сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын Ұлттық банктiң берген
лицензиясы негiзiнде операциялар мен қызметтердi жүзеге асыратын заңды
тұлға.
Өзара несие қоғамдары
Өзара несие қоғамдары - шағын және орта бизнеске қызмет көрсететiн
коммерциялық банктерге қызметiнiң сипаты жағынан ұқсас келетiн несиелiк
мекеме.
Бұл қоғамдар Ұлы Қазан төңкерiсiне дейiнгi Ресейде, соның iшiнде
Қазақстан аумағында жеке өнеркәсiпшелер мен саудагерлерге несие-есеп
айырысу қызметiн көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды
және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқан
жарналарынан қалыптасады.
Ипотекалық компаниялар
Ипотека деген термин ең алғаш рет бiздiң эрамызға дейiнгi I-II
ғасырларда Рим қаласының территориясында пайда болған. Ежелгi Грецияда
бiздiң эрамызға дейiнгi XIV ғасырларда пайда болды. Ипотека терминi
hyrotheke - кепiлдiк, кепiлзат, кепiлге салу деген мағынаны бiлдiредi.
Ипотекалық несие дегенiмiз – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрғын үйдi,
өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге алып, ұзақ мерзiмге
берiлетiн несие. Ипотекалық несие жеке тұлғаларды несиелеудiң бiр түрi
болып табылады. Ипотекалық несиенiң экономикалық жағынан - бұл банктен
немесе басқа да қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлiк
кепiлiнiң алуан түрлiлiгi болып табылады. Қарапайым тiлмен айтсақ, ипотека
дегенiмiз - қарыз ақшаға үй сатып алу. 2002 жылғы 1 қыркүйектегi
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Ресубликасының заңына сәйкес
ипотекалық несие дегенiмiз – кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе
ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен
пайдалануында қалатын кепiл түрi. Жылжымайтын мүлiк – жер учаскесi, ақ
үйлер, ғимараттар және жермен байланыстағы өзге де мүлiктер. Ал осы қарыз
ақшаны ол ипотекалық компаниядан ала алады.
Ипотекалық компаниялар көбiне АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция
елдерiнде көп дамыған. Мысалы, АҚШ-та қазiргi заманда ипотека жылына жалпы
сомасы 3-4 млрд. долларға 5 млн.-нан астам ипотекалық мәмiле жасалады. 1934
жылы құрылған Федералдық тұрғын үй әкiмшiлiгi жергiлiктi халықты аса жоғары
емес топтары үшiн тиiстi үкiметтiк бағдарламалар әзiрлеп отырады.
Ұлыбританияда ипотекалық несиелер көлемi – жылдық жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ)
60%-ын, Германияда ЖIӨ-ның 50%-дан астамын құрайды.
Инвестициялық компания (қор)
Инвестиция ұғымы ол латын тiлiнен шыққан салу қаржы салу немесе
қаржыландыру, қаржы тартуды бiлдiредi. Басты мақсаты экономиканың нақты
салаларына қаржы салу арқылы пайда табу.
Инвестиция құрамына: мүлiктер, байлықтар, материалдық және
интеллектуалдық құндылықтар кiредi.
Инвестициялық компания – тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға
инвестициялау мақсатында, өзiнiң акцияларын шығарғу және ашық түрде
орналықтару арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметiн жүзеге
асыратын акционерлiк қоғам формасында құрылатын заңды тұлға.
Акционерлермен өзара қатынасына байланысты инвестициялық компаниялардың
екi түрi бар:
• Өзара бiрiккен қорлар - ашық типтi – акция ұстаушының талабы
бойынша акцияларды керi сатып алуға мiндеттенедi;
• Инвестициялық компания - жабық типтi – ондай құқығы жоқ;
Иневестициялық компанияны басқарушы – инвестициялық қормен оны
басқару туралы келiсiм-шарт негiзiнде әрекет етушi және бағалы қағаздар
портфелiн басқаруға байланысты кәсiби қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлға.
Инвестициялық банктерден айырмашылығы басқаларының басқарушы қызметiн
атқаруға құқығы жоқ.
Несиелiк серiктестiк
Несиелiк серiктестiк – банк болып табылмайтын, өзiнiң қатысушыларына
несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметiн Ұлттық
банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргiзуге асырушы заңды
тұлға. Несиелiк серiктестiк жабық акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiк түрiде құрылатын және өз қызметiн жүзеге асыратын
коммерциялық ұйым. Несиелiк серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қорының
елу пайыздан астамы мемлекетке жататын өкiлеттi атқарушы және сот
билiгiнен, қаржылық капиталы мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан,
сондай-ақ, оны тiркеген мемлекеттiң заңымен сәйкес келетiн оффшорлық
аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды
тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкiн.
Несиелiк серiктестiктердiң жарғылық капиталы пай қосу және мiндеттi
кiру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшелiктен
шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелiк серiктестiктердiң мүшелерiне
кооперативтер, жалгерлiк кәсiпорындар, банктер, шағын және орта бизнес,
жеке тұлғаларыф кiредi. Несиелiк серiктестiктердiң Қазақстан
Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде филиалдарын,
өкiлеттiлiктерiн және еншiлес серiктестiктерiн ашуға құқығы болмайды.
Несиелiк серiктестiк туралы ҚР заңына сәйкес несиелiк серiктестiк –
бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен
қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру
мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерiктi түрде бiрiгуiнiң нәтижесiнде
құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкiнiң лицензиясы
негiзiнде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Несиелiк серiктестiктердiң мынандай түрлерi болады:
• Несиелiк-депозиттiк серiктестiк – заңды тұлғалардың қабылдау
мүмкiндiгi;
• Ауыл несиелiк серiктестiгi - өзара несие беру үшiн, оның
қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерiктi түрде жеке және
заңды тұлғалардың өзара бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банктiң
жекелеген операцияларының түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлға.
Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандырылған
банктер, үкiмет құрылымдары, заңы және жеке тұлғалар бола алады.
Олардың басты қызметi – ауыл шаруашылығы несие-еcеп айырысу
қызметiн көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып
алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы
несиелiк серiктестiктерiнiң клиенттерiне шаруақожалықтары,
фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсiпорындар жатады. Негiзгi
операциялары: қысқа және орта мерзiмге ссудалар беру және
салымдарды қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелiк
серiктестiктердi ұйымдастырудың басты ерекшелiгi – олардың
қызметiнiң бiрқатар салық жеңiлдiктерiне ие болу, сондай-ақ оларға
үлес қосушыларға да салықтық жеңiлдiктер болады;
• Несиелiк серiктестiк – коммерциялық ұйым;
Несиелiк серiктестiк және ауыл несиелiк серiктестiгi ҚР
заңдылықтарындағы ерекшелiктерiне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада
құрыла алды:
• Коммандиттiк серiктестiк;
• Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
• Толық серiктестiк;
• Акционерлiк қоғам;
Микрокредиттiк ұйымдар
Микрокредиттiк ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар
болып табылады.
Сақтандыру компаниясы
Сақтандыру дегенiмiз – белгiлi бiр сақтандыру жағдайлары кезiнде
сақтаушылардың сақтандыру төлемдерiнен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған
басқа да көздерден құралатын сақтандыру өтемдерi ақшалай қорлардың есебiнен
төленетiн жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерiн
мүлiктiк қорғау жөнiндегi қарым-қатынас болып табылады.
Сақтандырушы – сақтандыру қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған,
сақтандырудың тиiстi түрiн жүргiзу құқығына лицензия алған коммерциялық
ұйым.
Сақтандыру компаниясы – сақтандыру ұйымдары айналасатын операциялармен
шұғылданады. Олар сақтандыру полистерiн сату арқылы қаражат табады. Пассивi
сақтандыру жарнамаларынан және активтiк операциялардан түскен табыстан
құралады. Оларды сақтандыру полистерiн төлеуге, ұзақ мерзiмдi бағалы
қағаздарға және тұрғын үй құрылысы үшiн кепiлдiкке жұмсайды.
Сақтандыру мiндеттiлiк дәрiжесi бойынша:
• Ерiктi сақтандыру – тараптардың ерiк бiлдiруiне сәйкес жүзеге
асырылатын сақтандыру.
• Мiндеттi сақтандыру – тараптардың ерiк бiлдiруiне сәйкес жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Сақтандыру объектiсi бойынша:
• Жеке сақтандыру: өмiрдi, денсаулықты, еңбек қабiлеттiлiгiнжәне
азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделердi сақтандыру
жатады.
• Мүлiктi сақтандыру: кәсiпкерлiк тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiктi сақтандыруды қоса алғанда мүлiк пен онымен
байланысты мүдделердi сақтандыру жатады.
Жинақ мекемелерi
Жинақ мекемелерi – жергiлiктi басқару органдары, не пошта ұйымдастырған
мемлекеттiк мекемелер, яғни ол капитал ретiн пайдалануға болмайтын ұсақ
жинақтар мен табыстарды өзiнде жинақтайды. Жинақ мекемелерi XX ғ. 30-
40жылдарынан бастап жеке жинақ мекемелерi түрiнде болды. Оның мынандай түрi
бар:
• өзара жинақтау банктерi
• несие-жинақтау ассоциациялар
• несиелiк одақтар
Өзара жинақтау банктерi
Өзара жинақтау банктерi – өзара бiрiккен кәсiпорындар. Олар халықтың
ұсақ салымдарын белгiлi бiр мерзiмге қабылдайды. Осы салымдарды тек 30
күннен кейiн қайта алуға болады. Қаражат негiзiнен жылжымайтын мүлiк туралы
актiлер мен бағалы қағаздарды кепiлге ала отырып, мемлекеттiк бағалы
қағаздарға, тұрғын үй салу үшiн ипотекаға, үкiмет органдарының
облигацияларына жұмсалады. Сондай-ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын
бередi.
Несие-жинақтау ассоциациялары
Несие-жинақтау ассоциациялары – клиенттерге керi сатып алынатын және
процент түрiнде табыс түсiретiн сертификат сату арқылы капиталы құрылатын
мекеме. Ассоциация капиталының көп бөлiгi ипотекаға салынады.
Несиелiк одақтар – бұл белгiлi бiр жеке тұлғалардан немесе ұсақ
мекемелерден ұйымдастырылатын несиелiк кооперативтер. Оны кәсiподақтар, iрi
кәсiпорындар, шiркеулер ұйымдастырады. Олар негiзiнен АҚШ-та,
Ұлыбританияда, Канадада кең таралған.
Олар негiзгi екi типте болуы мүмкiн:
• Қысқа мерзiмдi тұтыну несиесiн беру мақсатында кәсiби немесе
аумақтық белгiлерiне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған;
• Еркiмен қосылған дербес несиелiк серiктестiк түрiнде, мысалы, ссуда
жинақ серiктестiктерi, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және
т.б.
• Несиелiк одақтардың капиталдары олардың мүшелерiнiң қосатын
үлесiнен және пайыздарды төлеу, сондай-ақ зайымдарды шығару жолымен
қалыптасады.
Ақша нарығының өзара бiрiккен қорлары
Ақша нарығының өзара бiрiккен қорлары – пайлық депозиттiк
сертификаттарды, қазыналық вексельдердi сату жолымен инвестициялық капитал
жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетiн қысқа мерзiмдi бағалы қағаздардан
тұратын активтер портфелiн құруға бағыттайды. Осыдан түскен табыс
акционерлерге төленедi. Ақша нарығының өзара бiрiккен қорлары алғашқыда 70-
жылдары пайда болған.
Қаржы компаниялары
Қаржы компаниялары – тұтыну тауарларын қарызға сатуды несиелеуге және
коммерциялық несие беруге маманданған мекемелер. Олар компаниялардың өздерi
шығарған қысқа мерзiмдi мiндеттемелер мен коммерциялық банктердiң берген
несиесiнен құралады.
Бюджеттен тыс қорлар
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет олрды белгiлi бiр қоғамдық
қажеттiлiктердi қаржыландыру үшiн тарта отырып, оперативтiк дербес
негiзiнде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу жзәне пайдалану
нысандардың бiрiн бiлдiредi. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және
қатысушылары ретiнде бола алады, себебi, бiрiншiден, ақшалай қаражаттарды
пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейдi, ал екiншiден,
инвестициядан түсетiн табыстар сол немесе басқа қордың шығынын
қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.
Қазақстандағы мемелекеттiк бюджеттен тыс қорларға жататындар:
• Зейнетақы қоры;
• Халықты жұмыспен қамту мемлекеттiк қоры;
• Әлеуметтiк сақтандыру қоры;
• Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры;
Жинақтаушы зейнетақы қорлары
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - жұмыс жасайтын адамдардың
жалақысынан белгiлi мөлшердегi аударымды жинақ ретiнде қабылдап,
оларды зейнет жасына жеткенде берiп отырады. Оладың активтерiн
басқаратындарды Зейнетақы қорларының активтерiн басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдар деп атайды. Бұл ұйымдар олардың активтерiн
белгiленген нормативтерге сәйкес әр түрлi бағыттарда орналастырып,
оларда табыстар алады. Сөйтiп, ондай табыстарды зейнетақы қорында
жинағы бар салымшылардың шотына есептейдi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары екi түрге бөлiнедi:
• Мемлекеттiк
• Жеке
Әлеуметтiк сақтандыру қоры
Әлеуметтiк сақтандыру қоры – аумақтық және салалық деңгейде бөлiнетiн,
мемлекеттiк маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр
түрлi меншiк формасындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк
қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының мiндеттi түрде қатысуымен
сақтандыру әдiсi арқылы құрылады. Әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты
еңбекақы төлеу қорынан – мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударымдар
жасау есебiнен қалыптасады. Әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаттары әр
түрлi жәрдемақылар төлеуге емдеу-демалыс орындарын қаржыландыруға
жұмсалады. Бұл қордың шығындарының басым бөлiгiн жәрдемақы төлеуге
жұмсалатын қаражаттар алады.
Еңбекпен қамту мемлекеттiк қоры
Еңбекпен қамту мемлекеттiк қоры мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң
төңiрегiнде дербес жүйе ретiнде құрылған және мемлекеттiң жұмыспен қамтуға
байланысты саясатын iске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға
бағытталған. Оның қаражаттары мемлекеттiк бюджетке жатпайды, ол бюджеттен
тыс қор.
Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры
Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры сақтандырылған азматтарға
медициналық көмек ретiнде жағдай жасауға бағытталады.
Кастодиан
Кастодиан – бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмiлесiн
жүргiзетiн және өзiне сенiп тапсырылған бағалы қағаздарды сақтандыру және
есепке алуға байланысты кәсiби қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.
Кастодиан – банк: зейнетақы және кооперативтiк активтердiң жалпы
сомасын, қаржы инвестициясы құнының өзгеруiн, бағалы қағаздарды сатудан
түскен түсiмдер сомасын, комиссиондық сыйақы сомасын тексередi.
Қаржы-несие мекемелерiнiң функциялары
Ломбард
Ломбард операцияларына мыналар жатады:
• ломбардтық операциялар: тез iске асырылатын бағалы қағаздар мен
жылжымайтын мүлiктердi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие берудi
сипаттайды;
• бағалы металдардан (алтыннан, күмiстен, платинадан, платина
тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы
қағаздар және асыл тастардан тұратын зергерлiк бұйымдарды сатып
алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
• сейфтiк қызметтер: клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттарын,
құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтiк жәшiктердi,
шкафтарды, бөлмелердi жалға беру қызметтерiн көрсетедi;
• келiсiмшарт мерзiмi iшiнде жалға берген мүлiкке жалға берушiнiң
меншiк құғын сақтай отырып, ол мүлiктi жалға беру;
• заң талаптарына сәйкес кепiлге алынған мүлiктi сату;
Ломбардтың құрылтайшылары қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар
жатады. Мемлекет өзiнiң өкiлеттi органдары арқылы оған құрылтайшы болуы
мүмкiн.
Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ашық акционерлiк қоғамнан
басқа) құрылып, өз қызметiн жүзеге асырады.
Несиелiк операцияларды ұйымдастырудың басты ерекшелiгi – мұнда несиелiк
шарт және кепiл мiндеттемелерi болмайды. Ссуданы беру барысында клиент
кепiлге зат қойғандығын және ссуда алғандығы растайтын құжат немесе кепiл
билетiн алады. Онда қарыз алушының реквизиттерi және мәмiленiң басты шарты
көрсетiледi.
Ипотекалық компания
Сонымен, ипотекалық компания – жердi және жылжымайтын мүлiктi кепiлге
ала отырп, ұзақ мерзiмге несиелiк операцияларды жүзеге асырады. Бұл
компаниялар пассивтерiнiң басым бөлiгi ипотекалық облигациялар, акциялар
және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.
Салалық және аумақтық компаниялардың мамандану дәрежесi олардың
активтерi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz