«Ойын бизнесі және ойынханаларды Қапшағайға көшірудің құқықтық мәселесі»


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: «Ойын бизнесі және ойынханаларды Қапшағайға көшірудің құқықтық мәселесі».

Ойын ерте кезде филосовтардын өмір, адам, адаммен оның мәні сияқты негізгі сұрақтарының бірі болған. Ойынды өмірдің көп жағдайларымен теңестіріледі және керісінше ойынды түсіну үшін көптеген теңеулерді іздейді. Ойын жеке адамның әрекетінен дами келе қоғамдық құмар ойындар жүйесіне дейін жетті. «Құмар ойындар» бізге бұрынғы заманнан келген.

Құмар ойындар археологтардың зерттеулері бойынша біздің заманымызға дейін 3500 жыл бұрын Мысырда пайда болған. Өйткені, археологтар әр түрлі фигуркалар, тасқа және қышқа салынған суреттерді тапқан. Құмарлық ойындарды полинезийстер, микронезийстер және Индонезияның кейбір ұлтары, Индия, Сібір халқының көптеген бөлігі, Шығыс Африкамен Оңтүстік Африканың халқы мүлдем ойнамаған. Әлем бойынша құмар ойын туралы халық ауызында әртүрлі айтулы сөздер қалған. Грек және Римдік мифтерде «Құмар ойының құдайы және сәттілік құдайлары» туралы айтылған. Ал қойылым ретінде Азиядағы ер адамдар өз әйелдерін, әпкелерін, қыздарын қоятын болған. Барлық зерттелген мемлекеттердің әлемдік мәдениетінің құмар ойын ойнайтындарының жартысы Солтүстік-Америкалықтар үнділер құраған. Әлемдегі ең ойын құмар адамдар болып Қытайлар мен Оңтүстік Шығыс Азиялықтар болып табылады. Дүниежүзілік соғысқа дейін Тайланд мемлекеттіндегі жылдық табысытың көп бөлігі осы ойын мекемелерінен түсетін болған.

Ойындардың ішіндегі, ойынханаларды ойнайтыны рулетка- Францияның құмарлық ойындарының ең негізгісі және де бүкіл әлемде. Ал Америкада өз тұрғындары емес, көбінесе келген қонақтар ойнайды.

Австралияда ойын автоматтарын «Покерлік машина» ал, Ұлыбританияда «Жеміс машинасы» деп атайды. Ал бізде «Бір қолды қарақшылар» деп атайды. АҚШ-тың Невадасында құмарлық ойындардың барлық түріне рұқсат берілген. Ол әлемге Лас-Вегас арқылы әйгілі.

Құмар ойындар қай мемлекетте заңмен негізделген, сол мемлекеттің заңы мыналарға негізделген: Мемлекет өз тарапынан өз үлесін толығымен алу, Ойындардағы алаяқтаққа жол бермеу.

Құмар ойындарға тиым салу бұрыннан-ақ болған. Бірақ Римдік императорлар ойынды өте жақсы көретін, әсіресе Август пен Клавдий. Бірақ Римнің қарапайым халқына ойын белгілі бір мезгілде ғана рұқсат етілген. Шіркеу қызметкерлері мен корольдер құмарлық ойынға қарсы болған. Ойынға қарсы ең алғаш рет шіркеу қызметкері Киприан Карфогенскийден басталған. Бірақ бұл қарсылықтар көбінесе ойынға емес, олардың күнәларына қарсы болған. Ал Генрих VIII - нің «Қоғамдық ойын үйлерінің» болуына қарсы заңы 400 жылдай 1960 жылға дейін сақталып орындалған. Бүгінгі күнде Орталық және Оңтүстік Шығыс Азияға, Таяу Шығысқа қарағанда Қазақстан либералды, дамыған мемлекет, ал ең бастысы сауықтыру кешеніндегі индустриясы толығымен заңмен белгіленген.

Азияттық - Тынық мұхит аумағында, Японияны қоса алғанда, Корея мен Қытай, бүкіл Таяу Шығыс, Израйл құмарлық ойындарға шектеу қойған. Өйткені олар ойынхананы - азарт деп біледі. Ал АҚШ-та ойынханалар арнайы аумақта шоғырланған, ол Лас-Вегас. Ойын түрлерінің ең негізгілері: бойлинг, картинг, бильард, лоторея. Осылардың ішіндегі ең қарапайым лоторея.

Лоторея кез келген құмарлық ойынының бір бөлігі болып табылады, бұл кезде мыңдаған адамдар ұтысқа қатысуға мүмкіндік алады. Бүкіл сатылған билеттердің жиынтығына белгілі бір сан шығарылып жүлдегер табылады. Ең бірінші лоторея туралы алғашқы деректер V ғасырда шыққан. Лоторея арқылы қала халқы ақша жинап өзінің қорғанысын қамтамасыз ету үшін және жағдайы нашарларға көмек көрсету үшін жинаған. Ең алғашқы кең көлемді лоторея ұтысы ақшалай көлемде төленді. Бұл лоторея «De lotto de Firenze» деп аталған. Ол 1530 жылы Флоренцияда өткізілді. Осыдан кейін лоторея Италияда және Италияның көптеген қалаларында таралып кетті. Италияның ұлттық «Лото» лотореясы ең бірінші 1863 жылы ұйымдастырылды. 1566 жылы Королева Елизавета І өзінің жарлығымен Ангияда жалпы лоторея өткізу туралы рұқсат берді.

Лотореялар Африка, Таяу Шығыс, Еуропаның көп мемлекеттері, Батыс Еуропаның мемлекеттері, Латын Америкасының көп бөлігі, Жапония, Аустралия және де Азияны кейбір мемлекеттерінде жақсы дамыған. Ал Қытаймен Үндіде тек қана кішігірім лотореяға рұқсат берілген.

Барлық зерттелген мемлекеттердің әлемдік мәдениетінің құмар ойын ойнайтындарының жартысын ертеректе солтүстік- америкалық үнділер құраған.

Әлемдегі ең ойын құмар адамдар болып қытайлар мен оңтүстік шығыс азиялықтар табылады.

Ал, Қазақстанда ойынхана үйлерінің іргетасы осыдан 14-15 жыл бұрын қалана бастады. Шет елге кеткен ақшаға рақымшылық жасаған уақыттан бастап құмар ойын орталықтары елімізде қаптап кетті.

Қазіргі заманымызда ойынханаларымен ойын үйлері толып жатыр. Бірақ қандай ойын болмасын, ол - құмарлық. Ал, құмарлық - жақсы емес. Әр ойында өзінің қоғамға әкелетін зияныдығы бар. Ақшаны құмар ойын арқылы жұмсау қоғамға адамдардың қарым-қатынасына көптеген кері әсері бар. Сол себепті бұны әр адамның жеке басының шаруасы деп бір жақты қарастыруға болмайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 2 наурыздағы ˝ Қазақстан өз джамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында ˝ деген атты кезекті жолдауында ˝ Ойын бизнесі ˝ туралы мәселені ретке келтіру керек деген болатын. [1]

Осы кезден бастап мемлекеттегі шешімін күткен негізгі мәселе ойын бизнесін реттеу механизімін қалыптастыру керек болды.

Осыған орай 2006 жылдың мамыр айында Парламент мәжілісіне «ойын бизнесі» туралы заң жобасы келіп түскен болатын. [2]

Үкіметтің заң жобасына берген түсіндірмесінде ойын бизнесін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет Қазақстан рыногында белсенді және серпінді дамып келе жатқаны атап көрсетілген.

Нәтижесінде 2007 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының ˝ Ойын бизнесі туралы ˝ заңы қабылданды.

Осы заң 2007 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді. Бұл заң 17 баптан тұрады. Осы заңның басты міндеттері-негізгі ойынханаларға қатысты әлеуметтік қоғамдық проблемаларды шешу. Атап айтқанда, заңда казиноны және ойын автоматтары залдарын Үкімет айқындайтын жекелеген аумақта орналастыру, сондай -ақ құмар ойындарға адамдарды жіберуге жасына байланысты шектеуді көздеген. [3]

Біздің ойымызша - Үкімет белгілейтін уәкілетті орган арқылы ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру болып отыр.

Атап айтқанда қолданыстағы талаптарға, яғни аудиториялық қорытындымен расталатын орнықты қаржылық жағдай, қауіпсіздік қызметінің болуы, тағы сол сияқты қамтылған және міндетті резервтердің, сәйкестік растауынан өткен ойын жабдықтарының, ойын мекемесінің жұмыс ережесінің болуы жөніндегі жаңа міндеттер енгізілген.

Заңда еліміздің бір қатар заңдарына толықтырулар енгізуді қарастыратын заң жобасында қос ұсынып отыр. Ол өзгерістер ойын бизнесі субъектілерінің жауакершілігін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ ойын бизнесіне салынатын жаңа салықты есептеу жүйесі енгізілмек.

Сонымен бірге осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін, ойын бизнесі саласындағы қызмет қәзіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының жекелеген нормативтік - құқықтық кесімдерінде регламенттелетін. Яғни бүгінгі таңға дейін елімізде ойын бизнесі саласындағы қызметті реттеудің жалпы құқықтық базасы Қазақстан Республикасына Азаматтық және Салық кодекстері, сондай-ақ осыған сәйкес осы қызметті лицензиялау қажеттілігі белгіленетін ˝ Лицензиялау туралы ˝ Қазақстаның заңы болып табылады. Яғни, осы уақытқа дейін бізде ойын бизнесі саласындағы қызметті реттейтін бірегей салалық заң актісінің жоқ екенін көрсетеді.

Бұған қоса осы саланы реттеп отыратын мамандандырылған мемлекеттік орган болған емес.

Аталған заңның 11- бабында: Бұдан былай ойын мекемелерінің орналасуы көрсетілген. Яғни заңда казиномен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдарға жатады делінген. [3]

Сонымен ойын бизнесі дегеніміз - құмар ойындарды және бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты кәсіпкерлік қызмет болып танылмақ.

Ал, казино деп-құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесін айтамыз.

Ойын автоматы - ойын мекемесін ұйымдастырушы орнатқан және құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын ойын жабдығы (механикалық электірлі, электрондық немесе өзгеде техникалық жабдық) .

Бәс тігу - қатысушылардың арасында не ойын мекемесінің өкілімен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім.

Букмекер кеңсесі - ойын мекемесін ұйымдастырушы мен қатысушылар арасында ерікті түрде бәстігу жасалатын ойын мекемесі.

Ойын жабдығы - құмар ойындар және бәстігу өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар.

Ойын мекемесі - ұтыс алуды көздейтін лицензия негізінде құмар ойындар және бастігу өтетін ғимарат.

Онлайн - козино Қазақчстан Республикасының аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдаланылатын және құмар ойындарды нақты уақыт ауқымды бір адам пайдалану режимінде де бір, бірнеше адам пайдалану режиімінде де ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігін іске асыратын және төлемдер мен ұтыстардың болуын көзедейтін ойын мекемесі.

Татализаторлар - ойын мекемесін ұйымдастырушының делдалдығы арқылы қатысушылардың арасында бәстігу жасалатын ойын мекемесі.

Құмар ойын - қатысушылардың не ойын мекемесінің өкілімен ұтыс көзедіп, олар қатысатын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім.

Ал, құмар ойындар қайсы бір мемлекетте болмасын ол мемлекеттерден аталған қатынасты реттеуге арналған заңдары мына насандарға негізделген.

Мемлекет аталған ойын бизнесінен салықтық төлемдер алып отыру, ойындарға жеке бастық, пайда табу жолындағы алаяқтытыққа жол бермеу.

Алматы қаласындағы көп теген ойынханалар соңғы жылдары шетелдік қонақтарға жоспарланып ашылғаны мәлім болды. Ресми деректер бойынша, елімізде 141 ойынхана «казино» бар екен. Оның ішінде Алматыда - 37, Оңтүстік Қазақстан облысында -16, Астанада -14 ойынхана ресми түрде тіркелген. [4]

Шының айту керек, қазір қайда барсақта алдыңнан ойынхана кездесе кетеді. Көпшілік жиналатын жерлерге орын тепкен. Ойынхана молтабыс көзі.

Бұл жерде ақша дегеннің жанды қинап еңбек етпей-ақ ойынхана қожайынының қалтасына түсетін көлеңкелі табыс екендігін жасыра алмаймыз. Қанша дегенмен дамыған елдерде көп теген байлар ойынхана жағаламайды, олар артық ақшасы болса оны өнім шығаратын кәсіпорындарға салады. Шет елдік байлар бір ел жаңа технология ойлап тапса, соны сатып алып еліне әкеліп, пайда тапқанша тыным таппайды. Ал біздің қалталы бизнесмендердің ақшаны ойынхалардан көбейтетін жер таппайтыны өкінішті-ақ.

Нарыққа бейімделген Қазақстандық кәсіпкерлер ойынханалардың, ойын-сауық отауларының түр-түрін ашуға ұмтылды. Қазір оларды қызмет етіп жүргендерде, қызық көру үшін баратында-жастар. ˝ Өмір болған соң бәрін көр, жас кезінде ойнап қал ˝ деген ұстанымды ұстаған жастар ол жерлерде темекімен қоса ішімдік ішіп, нашақорлыққа үйір болып, оның соңы төбелеске ұласып, қыз зорлауға дейін барады. Ең қиыны құмар ойынды есі кетіп ойнайтындар саны күннен күнге өсіп барады.

Көнеге көз тіккендер мына бір қанатты сөзді Ақсақ Темірге тиесілі дейді: «Бір шеге бір тағаны, бір таға бір атты, бір ат бір адамды, бір адам бір елді құтқарады». Қаһарлы әміршінің нақылын қазіргі заманға лайықтасақ, мемлекетке адамды арашалау қажет болып тұр. Жаудан немесе табиғат апатынан емес, кәдімгі құмар ойындардан. Рас жер- жаһанды жайпап өткен Әмір-Темірдің дәуірінде адамдар «Құмар кеселінен» Ада еді деу - Ақиқатқа қианат. Себебі әміршінің жасағанда Сүйек ойыны кең тарапты. Ұтыла - ұтыла қару-жарағы мен мінген аты, тіпті құлағынан айырылғандар болған деседі. Бұл әскердегі тәртіпке кесірін тигізетіндіктен «ойыншылар» қатаң жазаланылады екен.

Мұхаммед Пайғамбардың хадистерінде ˝ Ойын құмарлықты Алла тағала жақсы көрмейді, құмар ойынға құмартудан сақтаныңдар ˝ деген ғой. [5]

Мұсылман мемлекеттері ойынхана мекемелерінің жұмыс істеуіне әлде қашан тыиым салып тастаған. Бізде 70 % мұсылмандар өмір сүріп жатсада, бұл туралы ешкім ауыз ашқан емес. Осы ретте біз Өзбекстан мен Түркіменстан, Туркия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінен неге үлгі алмаймыз. Олар ойынхалардан бас тартып, қатаң түрде тыиым салды.

Қазір, Қытай Халық Республикасында ойынхана мен автоматты ойын залдарын билік басындағылар қатаң түрде жауып жатыр.

Мәселен, 500 астам Компартия мүшесі астыртын ойынхана ұйымдастырғаны үшін жұмастан қуылып, түрмеге қамалған, 100 -ден аса ойынхана, 1300-ден астам ойын вебсайттары жабылды. [4]

Ойынханалардың еліміздегі орталығы саналған Алматылық ойынханаларда Қытайлықтардың көптігі де осыдан. Осыған орай Алматыда шетел қонақтары көбейді. Мемлекетіміздің ойын индустриясының экономикалық даму жағдайына өте қызығушылық пен қарауда.

Енді ойын бизнесінің табыстылығына келер болсақ, біз 946 ойын үстелдеріне соммасы 2 милиард 277 милион теңге болатын салық салдық. Ойын автоматтары жөнінде айтсақ, 2023 мекемеде 23534 автоматтар қойылған. [6]

Олар әкелетін табыстың нақтылы соммасын есептеп шығу мүмкін емес. Цифрлардың айырмасы тым үлкен. Бұл бизнестің үлкен бөлігінің көлеңкеде екені белгілі. Сондықтан ойын павильондары көбейе түскен сайын біз оларға тиісті деңгейдегі фискальдық бақылауды жүзеге асыра алмай келеміз.

Елімізде бір таңғаларлығы, ˝Ойын бизнесі туралы ˝ заң қабылданғанға дейін ойын бизнесін құқықтық реттеу мәселесі бір ізге түспеген, бұл кәсіптің арнайы мемкемелері ашу және соған лицензия беру жағына келгенде керекті талаптар жеткілікті ескерілмеген. Соның салдарынан әрбір қалада, облыстары мен аудандарда казино залдарынан алынатын салық мөлшері әр түрлі болып белгіленген. Яғни, бізде козино мен шаштараздың төлейтін салығы бірдей болып келгені жөнінде де мәліметтер кездеседі. Жылдық мөлшері екі мың доллардан аспайтын шаштараздың шамасы белгілі. Ал жұрты жарнама арқылы көл - көсір ұтыспен қызықтыратын құмархана мен ойын автоматтарынның құлашты тереңге ұратыны баршаға аян.

Қазіргі таңда жаңа ережеге сәйкес ойын бинесі субъектілеріне бір қатар шектеулер қойылған. Олар егер казино салам деушінің 20 ойын үстелі, ал ойын залын ашамын дегенің 50 ойын автоматы болмаса, оларға рұқсат берілмейді. Ал әр ойын автоматына міндетті түрде сертификаттау талабы жүктелмек. Ол әр козино қожайына бұдан былай кассалар мен әр ойын үстелінен бейне жазба жүйелерімен жабдықтауға мәжбүрленбек. Берілген лицензияның мерзімі 10 жылмен шектелді. Ал лицензиялық алымды төлеу жыл сайын жүзеге асырылмақ. Мұның сыртында құмарханалар әр ойын құрылғысы үшін «ойын бизнесі салығын» төлеуге мәжбүрленбек. Оған қоса, ол кіріс минимумнан асқан табысын қосымша төлем қаржыны ел қазынасына аударуға міндеттеледі. Заң сондай-ақ казиноға келушілерге қатысты жас бойынша шектеу енгізді. 21 жасқа толмаған Қазақстан азаматының «құшағын ашқан» құмархана бұдан былай үлкен айыппұлдың астына қалады.

Осы орайда ойын орындарың бәрінің бірдей көше бермейтінін де айту керек. Татализаторлары мен Букмекерлік кеңселерді кез-келген елді мекендерде аша беруге болады. Яғни оларды діни орындарда, мемлекеттік органдары мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының ғимараттарында, әуежайларда, вокзалдарда орналастыруға болмайды.

Бұған дейін жергілікті атқару органдары ойын-сауық мекемелерінің қызметін назардан тыс қалдырғанында жасыруға болмайды. Әркім өз еркінше бюджетке казинолардан түсетін салық түсімін белгілеп отырған.

Қазір елімізде салық органдарының мәліметі бойынша, казинолардан түсетін салықтың мөлшері шамамен 3 миллиард теңгеге жетеді деп айтылады. Біздің ойымызша, салықтың мөлшері бұдан да көп болу керек дер едім. Өйткені, казино ашуға лицензия алу үшін бар болғаны 10 мың теңге шамасында ақша төлеу қажеттілгі нені білдіреді. Ал, Франция елінде бір казино ашу үшін 75 мың еуро төлеуге міндеттісің.

Қазіргі қолданыстағы заңда салық салудағы өзгешіліктеріне келетін болсақ, 2008 жылдан бастап ойын бизнесіне мамандандырылған салық түрі енгізілген болатын. Оны төлеу қазіргі жабдық санына, әр үстелге, автоматқа, кассаға байланысты жүзеге асырылады. Сонымен қатар, салық салудың қолданыстағы жүйесінен айырмашылықтары бар-табыс бойынша белгіленген минимумнан асып кеткен жағдайда ойын мекемелері асып кеткен сомманың 30 % көлемінде қосымша төлем төлейтін болады. Бұл төлем түрі заңсыз жолмен алынған табыстарды кәдеге асыруға, ланкесті қаржыландыруға қатысты қылмыстармен күрес мақсатында енгізіліп отыр.

Салық салу объектілер .

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

  1. Ойын үстелі
  2. Ойын автоматы.
  3. Тотализатор кассасы.
  4. Букмекер кеңсесінің кассасы. Ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

Салық ставкалары .

Салық салу объектісінің бірлігін ойын бизнесі салығын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

  1. Ойын үстелі- тоқсанына 2 500 айлық есептік көрсеткіш:
  2. Ойын автоматы - тоқсанына 88 айлық есептік көрсеткіш:
  3. Тотализаторлар кассасы - тоқсанына 375 айлықтық көрсеткіш.
  4. Букмекер кеңсесінің кассасы - тоқсанына 225 айлықтық көрсеткіш:

Қолдағы мәліметтерге қарағанда ойын бизнесі саласында 10 мың 337 адам жұмыс істейді екен. Ал, Ел ордамыз Астанада осы салаға тартылған 2 мың қызметкердің тек 158 ғана еңбек шартымен жұмыс істейтіні анықталды. [7]

Біздің өміріміз бәріде құлағыңыз түрік жүруіне байланысты ескертпелерден тұрады. Айталық, темекі қорабының сыртында ˝ Темекі шегу сіздің денсаулығыңызға өте зиянды ˝ деген жазу тұр. Бірақ дүние жүзінде шылым шегушілердің қатары көбеймесе азайған жоқ. Сол сияқты ойынхана үйлерінде ˝ Казиноға саналы адамдар ғана жіберіледі ˝ деген ескерту бар. Алайда, оған құлақ асып жатқандар шамалы. Сол казиноға бара жатқан кісілерді кіргізу олардың жас ерекшелігіне қарай шектеледі, немесе рұқсат етіледі десекте, онда құмарпаздарды кідірте тұрудың уақытша ғана күші бар.

Біз қазіргі таңда ˝Менің бір танысым үй мүлкіне дейін казиноға ұтқызып жіберіп, жер сипап қалыпты˝ немесе ˝көрші әйелдің күйеуі жолдастарынан қарызға сұрап алған ақшасын құмар ойынға тігіп жіберіпті˝ деген әңгімелерді жиі естейтін болып барамыз. Керсінше, үлкен ұтысқа ие болып жүргендерде кездеседі. ˝Бірде ұтасың, бірде ұтыласың, әйтеуір қызық ойын˝ деушілердікі құмар ойынды қызықтаудан кет әрі еместепдің әдеттегі әңгімесі.

Ойынхана үйлері қызық қуып, мал шашып жүрген кісілер мен еріккен жандардың ермегі ғана емес, қан қыздырып, ми қатыратын егес, бәсекелердің астарында сап-сау адамның жүйесін талдыратын тұстары да бар.

Жалпы қай қоғамда болмасын ойын бизнесіне біркелкі көзқарас болған емес. Парламент депутаттары ˝ Ойынхана және ойын автоматтары˝ туралы жарнамаларға тиым салынуын айтты. Өйткені, балалар, жасөспірімдер, үлкен адамдарда ойын автоматтарынан психикалық ойын құмарлыққа тәуелді. Ойынхана деген ˝ Жаңбырдан кейінгі шыққан саңырау құлақтар сияқты көбейуде˝. Ойын ойнаушылардың құмарлығынан өздері ғана емес олардың айналасындағы адамдарғада тигізер зияндығы өте көп адамдарын, туған-туыстарын тонауда. Ойынханалардың ойын автоматтарының көп бөлігі мектеп, жоғары оқу орындары, коледждер айналасына шоғырланған. Және де ашық түсті неондық жарнамаларымен әуендері жастарымызды түзу жолдан бас тартқызуда.

Медициналық жағынан ойынға деген тәуелділік алькоголизм мен нашақорлықпен тең. Мидециналық тирминде ойын құмарлық ˝ Людомания˝ деп аталады. Ол міндетті түрде емделуді талап етеді. Оны бізде психотерапевт маманы емдейді. Мысалы, Алматыда ˝ Тұмар˝ психотерапия орталығы ойын құмарлықпен күреседі. Орташа курс емдеуі 5 мың теңге тұрады. Емдеу мерзімі 5-10 күнге дейін созылады. Ал, кемшілігі бұл салада арнайы мамандар жоқ. Тек қана жекеменшік психотерапиялық орталықтар бар. Ол қымбатқа түседі және бұл орталықтар емделуге толық кепілдік бере алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қапшағай
Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы
Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік рыногының даму мәселелері
Денсаулық және компьютер
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Қытайдың Қазақстанға байланысты саясатының маңыздылығы
Сабақтың көрнекілігі
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу
Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz