«Қазіргі діни лаңкестік білдірушілік ахуал әрекеттерінің насихат жұмыстарына тигізер зардаптары»


ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
ХХ студенттердің ғылыми практикалық конференциясы
«Заң» факультеті
«Әлеуметтану және саясаттану»
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Қазіргі діни лаңкестік білдірушілік ахуал әрекеттерінің насихат жұмыстарына тигізер зардаптары»
Ғылыми жетекшісі: Қаныбекова Қ.
соц., ғ., к., аға оқытушы
Орындаушы: Мамирайм Ж.
Түркістан - 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1. Қазіргі діни лаңкестік білдірушілік ахуал әрекеттерінің Қазақстандағы жай күйі . .
1. 1 Қазақстандағы діни ахуал: жай - күйі . . .
1. 2. Қазақстандағы террорлық әрекет . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . .
ҚОСЫМШАЛАР . .
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Ғылыми жұмыс қазіргі уақыттағы діннің әлеуметтік мәнінің негізгі факторлары мен жолдарына талдау жасауға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті. Қоғамның әлеуметтік және рухани салаларында болып жатқан өзгерістер, ең алдымен адамның санасына айтарлықтай ықпал етіп отырғаны бесенеден белгілі.
Өйткені, біріншіден, қалың жұртшылықтың бұрыннан жүректеріне ұялап, сенімдеріне айналған дәстүрлі ислам дінінің сунинттік, христиан дінінің православиелік бағыттарымен қатар, бүгінгі күні республика аумағында Қазақстан халқы үшін беймәлім, жаңа «дәстүрлі емес» конфессиялар қаптап жүр. Сондықтан егемендікке қол жеткізгелі бері берік сақталып келе жатқан дінаралық татулық пен түсіністікті бұзып алмау үшін көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін халқтары арасындағы дінаралық төзімділікті сақтау өте маңызды.
Екіншіден, дін - бүгінгі таңда рухани жаңғыртудың өзегі ретінде өте маңызды әлеуметтік институт. Ол қоғамдағы әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси күштермен ықпалдаса отырып, қазіргі қоғамдық дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.
Бүгінгі Қазақстан - көп ұлтты және көп дінді мемлекет дейміз. Сондықтан мемлекет үшін дінаралық және этносаралық келісімді сақтау, қоғамда діндер аралық диалог және өзара түсіністік ахуалын жасау - еліміздегі азаматтық татулық сақтау мен нығайтудың маңызды негізі, бірегей тетігі болып табылады.
Дін бүгінгі таңда рухани жаңғыруға үлкен септігін тигізіп отырған процес. Ол қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіріп қазіргі қоғамдық дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.
Сондықтан, діннің мәртебесі, яғни оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, сондай-ақ, бір жағынан қоғамның, онда жүріп жатқан үрдістердің дінге тигізіп отырған ықпалы, екінші жағынан, діннің қоғамның дамуына тигізіп келе жатқан кері әсері туралы ғылыми тұрғыдан негізделген пайымдаулар керек-ақ. Сонымен қатар, әр түрлі конфессиялардың ішіндегі діни үрдістерді, оларды тұтынушы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың ұстанып отырған әлеуметтік бағдарларын бағамдаулар да өте актуалды, өз шешімін күтіп отырған проблемалар қатарында саналады.
Зерттеу пәні - Діннің әлеуметтік мәнінің қоғамда қалыптасу жолдарының ең тиімдісін саралау. Діни наным - сенімдердің демократиялық, мәдени-рухани тұрғыдан қалыптасу жолдарын және ерекшеліктерін талдау.
Зерттеудің мақсаты - қазіргі Қазақстан қоғамының зайырлық, әлеуметтік-экономикалық, демократиялық, мәдени, рухани және адамгершілік тұрғысынан діннің рөлін анықтау. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу келесі зерттеудің төмендегі міндеттерін шешуді қарастырады:
- әлеуметтік-философиялық ойлар тарихындағы діннің қалыптасуының негізгі факторлары мен жолдарына, теориялық көзқарастар эволюциясына концептуалды талдау жасау;
- социологиялық парадигмалар аясында діннің, діни сананың қазіргі Қазақстан қоғамындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығын жалпылау;
- діннің әлеуметтік мәні мен мазмұнын ашу, тұлғаның қалыптасуындағы олардың орны мен рөлін анықтау;
- Оңтүстік Қазақстан түрғындарының бойында діни сананың іске асуының тетіктері мен ерекшеліктерін анықтау және негізгі бағыттарын зерттеу;
- күдік тудыратын діни секталар мен топтардың әрекеттерінің алдын алу, діни санаға қатысты үгіт - насихаттың ұйымдастырылуын жетілдіру, тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау, социологиялық парадигмалар аясында діннің әлеуметтік институт ретіндегі мәні жан-жақты негізделіп, нақтыланды;
- Оңтүстік Қазақстан халқының бүгінгі таңдағы діншілдік деңгейі бағамдалды;
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен,
4 бөлімшеден құралған қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
- Қазақстандағы діни ахуал: жай - күйі
Зерттеудің мақсаты - Қазақстанда ислам дінінің таралу деңгейін, бұл конфессияға мойынұсынушылардың әр түрлі этнос, жас, білім мен кәсіптік деңгейлері, әр түрлі және қоныстанушылық ерекшеліктеріне қарай исламдық құндылықтарды бағалауын, басқа діндегілерді мұсылмандыққа жұмылдырушылық ыңғайын анықтау болды. Сауалнама 2002 жылдың наурыз айында 14 облыс аумағында, Астана мен Алматы қалаларында жүргізілді. Облыс аумақтарында сауалнамаға облыс орталығы, шағын қала мен екі ауыл тұрғындары тартылды. Барлығы екі сатылық квоталық іріктеумен сұрақтар таратылды, респонденттердің 1100-і қалалықтар болса, 900-і ауыл тұрғындары болды. Зерттеуге әр түрлі кәсіп иелері, әр түрлі діни нанымдағы ұлт өкілдері қатыстырылды.
Зерттеу мәліметтеріне қарағанда сауалнама сұрақтарына жауап қайырғандардың 51, 6%-ы өздерін ислам дінін ұстанатындар қатарында атаған. Ислам Қазақстанда ең көп таралған дін. Ал сұралғандардың 22, 8%-ы өздерін православие дініне, 1, 4%-ы католиктікке, 0, 2%-ы протестанттыққа жатқызған.
Сұралғандардың 5, 2%-ы өздерін атеистпіз деп санаса, 12, 6%-ы өздерінің қандай дінге қатысы барын белгілемеген.
Социологиялық зерттеудің мәліметтеріне сүйене отырып, біз ислам дінін тұтынушылардың санын анықтауға ұмтылдық. Соған сәйкес жиынтық, яғни елдегі қазіргі ересек тұрғындар шамамен 9 млн. 320 мың адам деп қорытылды. Осыған қарап республика тұрғындарының шамамен 4 млн. 800 мыңы өздерін ислам дініне жатқызатынын санамалауға болады. Әрине олардың арасында діни өмірге белсене араласпай, исламның құндылығын құрметтейтіндер де аз емес.
Ислам дінінің ең көп таралған аумағы Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлері. Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сұралғандардың 80 пайыздан астамы өздерін ислам дініне мойынұсынушылар қатарында атады (тиісінше 86, 7 және 85%) . Ислам дініне мойынұсынушылар Атырау облысында 78, 3%, Жамбыл облысында 74, 6%, Қызылорда облысында 72, 5% болды. Алматы облысында бұл көрсеткіш 60, 5%-дан жоғары шықты. Исламдық діни бірлестіктер Оңтүстік Қазақстанда 283, Алматы облысында 273, Жамбыл облысында 227, ал мешіттер саны Оңтүстік Қазақстанда 440, Алматы облысында 280, Жамбыл облысында 120, Қызылорда облысында 98 болды.
Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарында ислам дініне қатынас мейлінше төмендеу. Ол Солтүстік Қазақстанда 27, 7%, Ақмола облысында 31, 8%, Қарағанды облысында 35, 6%, Шығыс Қазақстан облысында 38, 9%-ды көрсетті.
Этносаралық қатынастар мен дінге қатысты проблемаларды, соның ішінде ислам дініне деген қатынасты біз екіжақты қарастырамыз. Біріншісі - белгілі бір этнос тұрғысынан олардың қандай діни конфессияны құрмет тұтатынын анықтау. Екіншісі - белгілі бір діни конфессия тұрғысынан ғибадат ету рәсімдерін оның қандай этнос өкілдері ұстанатынын анықтау.
Қазақстандық этностар ішінен ең көптерін бөліп алып қарастырамыз. Мысалы, қазақтар негізінен ислам дінін тұтынады. Сұралған қазақ ұлты респонденттерінің 82, 2%-ы өздерін ислам дінін тұтынушылар санатына жатқызды. Сонымен бірге православие дініне берілген қазақтар 1, 1% болса, буддизм мен протестанттыққа 0, 1%, сандай-ақ атеист қазақтар 4, 1%-ды, агностиктер 7, 7%-ды құрады.
Орыс ұлты өкілдерінің православияға 62%-ы пейілдерін білдірген, алайда олардың арасында да өзін ислам мен католицизмге жатқызатындар да аз болмай шықты, сондай-ақ бірде-бір конфессияға жатпайтын орыстар 18, 8%-ды құрады. Украиндықтардың діни ұстанымдары орыстардікіне ұқсас, олардың 50, 5%-ы өздерін православияға, 17, 5%-ы атеистерге, 2-3%-ы ислам мен католикке, 17, 5%-ы ешбір дінді ұстамайтындықтарға жатқызды.
Қазақстан немістері үшін тұтынылатын конфессия - католик діні 29, 1%. Алайда, олардың арасында ислам мен православияға табынатындар жеткілікті екеніне назар аудару керек. Мейлінше діни наным-сенімнен азат этнос корейлар болып шықты. Олардың ішінде өзін атеистерге жатқызатындар көп, олар 19, 4%-ды құрайды, атеистер 25, 8% болды.
Елде өзбек этникалық тобы дініне мейлінше берік халық болып шықты. Олардың 86, 8%-ы өзін ислам дінін ұстанатындықтарға жатқызса, тек 1, 9%-ы ғана атеистер, 3, 8%-ы агностиктер болды. Ұйғырлардың діни ұстанымдары мейлінше шашыраңқылау. Олардың 62, 2%-ы исламды, 10, 8%-ы православияны, 2, 7%-ы атеизмді ұстанады, 18, 9%-ы ешбір діни нанымдарды ұстанбайды.
Әрине қазақстандық этникалық топтардың дін тұтынушылары салыстырмалы түрде сараланды. Ол мынадай себептерге қатысты Қазақстанда көптеген діни ұйымдар қызмет етеді. Сондықтан дінге қатынас әр түрлі. Жылдар бойы тарихи қатар өмір сүру, ұлтаралық некелер этникалық және діни ұстанымдарды ғажап үйлестіріп тұр.
Енді ислам дінін ұстанатындардың этникалық құрамына талдау жасап көрелік. Мұндай салыстырмалы талдау нәтижелері көбіне-көп ел халқының этникалық құрамына байланысты. Ислам дінін тұтынушылар арасында қазақтар 85, 5%, өзбектер 4, 5%, ұйғырлар 2, 2%, басқалары 2, 9%-ды құрайды.
Ислам дініне мойынұсынушылар арасында қандай этнос өкілдерінің көп не аз екендігін шамалау үшін сауалнама сұрақтарына жауап қайтарған респонденттердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын талдауға көшеміз. Мысалы ислам дінін де «ер кісілер» көп. Республика тұрғындарының 51, 8%-ын әйелдер, 48, 2%-ын еркектер құрайды деп есептеледі. Осыған орай, ислам дінін ұстанушылардың 50%-ын ер адамдар, ал 40%-ын әйелдер құрайды. Православия мен католиктік діндерде кері көрініс байқалады. Онда ер адамдар тиісінше 41% және 39%, ал әйелдер 55% және 57%. Исламды ересек жастағылар діні деуге де болады. Оны ұстанушылардың ең көп мөлшері қарт адамдар 38, 4%, 30-дан 45-ке дейінгілер 37, 4%. Жастар шамамен 24, 2%.
Ислам дінін сонымен қатар білімді адамдар діні деп те санауға болады. Оны ұстанушылар арасында білім деңгейлері бойынша бәрінен көбі жоғары білімділер 31%. Одан әрі орта, арнайылар 23% және орта білімділер 16, 8%. Бәрінен азы толық емес орта білімділер 4, 4%.
Елді мекендерде қоныстанғандар туралы мәлімет айтсақ, онда мынадай заңдылық байқалады: елді мекендердің әр түрлі типтеріне қарай ислам дінін ұстанушылар прапорциясы елді мекендер типі бойынша халықтың жалпы пропорциясымен сәйкес келеді. Мысалы, Астанада шамамен республика тұрғындарының 3, 5%-ы тұрса, исламға табынушылар 3, 1%, Алматыда республика халқының 7, 5%-ы тұрса, исламды ұстанушылар 7, 1%, ауылдық жерлерде халықтың 43, 4%-ы тұрса, исламды тұтынушылар 42, 8%. Бұған қарап ауыл мен қалада, Астана мен облыс орталықтарында ислам бірқалыпты таралуда деп қорытынды жасауға болады.
Әр түрлі әлеуметтік-кәсіби топтардың арасында ислам дінін ұстанушылардан мынадай көріністі байқауға болады: ислам дінін ұстанамын дегендер мен оны тұтынбайтындар арасындағы айырмашылық бірнеше ондаған пайызды құрайды. Алайда екі әлеуметтік-кәсіби топ арасында айырмашылық едәуір бар. Егер сұралғандар арасында мемлекеттік орган қызметкерлері 3, 7%-ды, мәдениет қызметкерлері 8, 6%-ды құраса, ал олардың арасында ислам дінін ұстанушылар 9, 8% болды.
Республика тұрғындарының діншілдік деңгейін анықтауға бірқатар индикаторлық көрсеткіштер таңдалды. Ондағы ең алдымен байқалатыны, ислам дінін ұстанушылардың діни этномәдениетті бірнеше ғасырлардан бері ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүрлік рәсімдерге байланысты. Сұралғандардың 68, 7%-ы ислам дінін туғаннан ұстанамыз десе, есейіп барып дінге мойын бұрғандар саны онша көп емес: бар-жоғы 1, 6%.
Басқа бір ерекшелік, мұсылман дінін тұтынушылардың исламдық мінәжат рәсімдерін тұрақты түрде жүйелі орындамаушылығы жоғары. Діни орындарға (мешіттерге) келу жиілігі де ислам дінін ұстанушылар арасында өте төмен. Олардың тек 2, 3%-ы ғана күн сайын мешітке намаз оқуға барса, 4, 8%-ы аптасына 3-5 рет, 10, 3%-ы айына 3-5 рет қана барады. Жиынтығында олардың барлығы 17, 4%-ды ғана құрайды. Ондайларды белсенді дінге берілгендер деп санауға әбден болады. Дінге жүрдім-бардым қараушылар, яғни 3-5 рет қана мешітке баратындар 14, 5% болса, жылына 3-5 реттен баратындар 22, 2%, жылына бір рет баратындар 29, 2%, жиынтығында олар 65, 9%-ды құрады. Қысқасы, ислам дінін ұстанушылардың өз дініне мұндай қатынасы басқа конфессияларға да тән нәрсе. Тағы бір ерекшелік ислам дінін ұстанушылар арасында діни білімдерді жетік білетіндер өте аз. Діни оқу жүйесінде (діни оқу орындарын қоспағанда) арнайы рәсімдерді орындайтын әдістер мен тәсілдер өте аз. Мұсылман діншілдерінің миссионерлік белсенділігі мейлінше әлсіз. Өйткені, дінді насихаттауда, мысалы, жаназа оқуда жанама тәсілдер үлкен рөл атқарады. Ислам дінін ұстанушы сұралғандардың пікірінше, олардың 50, 4%-ы ақсақалдардың, тәжірибелі дінге сенушілердің ақылымен және бастамашы болуымен діни білімдерді меңгерген. Олардың арасында діни әдебиеттерді оқу 9, 8%, діни уағыздауды тыңдаушылар 8, 4%, діни қауымдасу 8, 2% ғана.
Зерттеу қорытындылары мұсылман дініне басқа діндегілерді тартуға айтарлықтай ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілмей отырғанын анықтап берді. Сұралған респонденттердің 7, 3%-ы ғана басқаларды ислам дініне тартуға тырысқан, ал қалған 1, 4%-ы мүлдем қарсы болған. Сонымен бірге мынаған назар аудару қажет, сұралғандардың 1, 3%-ы исламды өздері ұстанғанымен, туыстарының басқа дінге сенетіндіктерін мәлімдеген.
Зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытындылар шығаруға негіз қалады.
1. Ислам - Қазақстанда ең көп таралған дін, 4 млн-нан астам республика тұрғындары ислам дінін ұстанады. Олардың арасында діни өмірге белсене қатысушылар, ислам құндылықтарын құрметтейтін, салт бойынша діни дәстүрлерді ұстанушылар көп.
2. Ислам діні Қазақстанның оңтүстігі мен батыс облыстарында көп таралған, ал солтүстігінде, орталығында және шығысында аздау.
3. Дінге мейлінше сенушілік елде өзбек этникалық тобы арасында жоғары. Қазақтар мен ұйғырлар арасында бұл көрсеткіш төмендеу. Дінге сенім кәрістер арасында өте төмен.
4. Ислам дінін «ер адамдар» діні деп санауға әбден болады: ер адамдар дінге сенушілердің 50%-дан астамын құраса, ал әйелдер арасында дінге сенушілік 40%-дай.
5. Ислам дінін сонымен бірге ересек жастағылар діні деп те атауға болады. Олар оны тұтынушылардың 57%-ын құрайды.
6. Ислам білімі жоғары адамдар діні болып та саналады. Оны тұтынушылар арасында білім деңгейі бойынша білімі жоғарылар мейлінше көп.
7. Ислам дінін ұстанушылардың 68, 7%-ы ислам дінін дүниеге келгеннен бері ұстанады деуге болады.
8. Ислам дінін ұстанушылардағы айрықша бір ерекшелік діни қауыммен әлсіз байланысы. Оны ұстанушылар ислам діні рәсімдерінің бәрін орындай бермейді.
9. Исламды ұстанушылар арасында діни білімді насихаттау жоқтың қасы. Оны насихаттаудың арнайы әдістері мен тәсілдері мейлінше аз. Сонымен қатар мұсылман дінінің миссионерлік белсенділігі мейлінше төмен. Тек қана жаназада ғана аз-маз үгіт-насихат жүргізіледі де қояды.
10. Ислам дінін ұстанушылардың діншілдік деңгейі жоғары. Бұл көрсеткіш сұралған респонденттер арасында 71, 3%-ды құрады [23, 45-47 бб. ] .
Әрине, бұған қарап ислам дінін ұстанушылар арасында іштей өзара бөлінушілік жоқ деп түйін жасаудан аулақпыз. Себебі, ақиқатты анықтау қиынның қиыны. Ислам дінінде де түпкі негізді, ақиқат шындықты іздеушілер, құдайға шүкір, баршылық. Әрі олардың әрқайсысы өз айтқандарын, өз пікірлерін соңғы ақиқат, бірден-бір дұрыс жол деп көрсетуге тырысып бағады. Осыдан барып бірлік бұзылады, дін ішінде әр түрлі ағымдар пайда болады. Ондай ағымдардың түсіндірмелерінің дұрысы да, бұрысы да болады.
Дегенмен, ислам дінінің атын жамылып, ел ішін дүрліктіріп, халықты жік-жікке бөлшектеуге тырысып жүрген ағымдар да жоқ емес. Баршылық.
Зерттеушілер «үй ішінен үй тігуге» пейіл танытып, ислам дінінің бейбітшілік мәнін жоққа шығаруға тырысып жүрген ондай «бүлік іздеуші» ағымдардың алдыңғы легінде «уаһабшылар», «яссауишілдер», «хизбутшылдар» дегендерді атайды. Бұл аз дегендей 500 мыңдай бұрын мұсылман дінін ұстанып келген адамдар басқа дін іштеріндегі «жағымсыз» ағымдарға кіріп, соларға мойынұсынып кеткен. Бүгінгі таңда Қазақстанда 40-қа жуық діни конфессия қызмет етеді. Бұл бар-жоғы 16 млн. -нан астам ғана тұрғыны бар Қазақстан үшін шектен тыс көп екендігі айтпаса да түсінікті. Әрі мұндай келеңсіз жағдай жұртшылықтың алаңдаушылық сезімін тудырып та отыр.
Бұрынғы, яғни 1992 жылғы қабылданған «Діни бірлестіктер мен діни сенім бостандығы туралы» республикалық заң баптары қазіргі қоғам өмірінің қызметтену жағдайларына сәйкес келе бермейді. Міне сондықтан діни мәселелерді реттеуге арналған жаңа заң керек-ақ. Ел Конституциясында нормаланған «Әрбір қазақстандық қайсы дінді ұстанса да өз еркі» деген бапты ұстанған миссионерлер қазақ даласын емін-еркін кезіп жүр. Елімізде 1990 жылдан бері Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы жұмыс істейді. Сонан бері ислам діні республиканы мекендейтін этностар мен халықтардың ынтымақтастығын нығайтуда айрықша рөл атқарып келеді. Мұсылман елдерімен өзара ынтымақтастық пен түсіністік шарттары дүниеге келді. Олардың барлығы да Қазақстанмен дін саласындағы қатынастарын нығайтуға мүдделіліктерін білдірді. Төмендегідей мәселелер бойынша мәдени байланыстар орнату келісілді. Бірінші, теледидар жүйелерін ықпалдастыру арқылы діни бағдарламаларды тарату, қазіргі уақытта қолданылып жүрген кириллицаны латын әліппесіне ауыстыру; екінші, әлеуметтік қайырымдылық сипаттағы көмек, қажылыққа сапар жасаушыларға жан-жақты қолдау көрсету, жауаптардың сан-салалы қырларын қамтитын ғылыми-көпшілік конференциялар, әр түрлі басқосулар ұйымдастыру; үшінші, Орталық Азия халықтарының ұлттық тілдерінде басылған Құран Кәрімнің аудармалары мен түсініктемелерін тарату, жастарға кең көлемде тегін діни білім беру шараларын жүзеге асыру; төртінші, денсаулық сақтау орындарын ашу, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету.
Бұның барлығы - ислам дінін ұстанатын мұсылман мемлекеттерімен байланысты нығайту шараларының сыртқы көрінісі. Десек те, бұл шараларды іс жүзіне асыру оңай шаруа емес. Қайшылығы көп, қиын іс. Мысалы, Түркия мемлекеті Қазақстанда түрік үлгісіндегі мешіттер салуды, ханафиттер мәзһабының уағыздаушыларын жіберуді, ұлы тұрандық идеяны іске асыруға мүдделілік танытса, Иран үкіметі қазақстандық студент жастарды өздерінің діни оқу орындарында оқытып алып шииттік діни кітаптарды насихаттауға пайдалануға тырысып бағуда. Сонымен қатар, соңғы жылдары елімізге сыналап енген діни ағымдар - халықаралық Бахай ұйымы, ахмадиялық, ваххавиттік топтар, қала берді, пайдасынан зияны көп «тарихаттық пірлер» халқымыздың өзіндік әдет-ғұрпын сақтауға, қоғамымыздың қарқынды өркендеуіне теріс ықпал тигізіп отыр. Әсіресе «ваххабизм» ортодоксалды, яғни фундаментальды исламды уағыздап, ұлттық діни санамыздың түпкілікті орнығуына кедергі келтіріп жүр. Ваххабизм ХVІІІ ғасырда пайда болған. Бұл ағымның өкілдері Мұхаммед пайғамбардың елшілік қызметін жоққа шығарады, әулиелердің мазарларына табынуға тиым салады, тіптен қала берді Меккеге қажылыққа баруды күнә деп есептейді. Дін танушы мамандардың пікірінше, мұсылман әлемінің жік-жікке бөлінуі, Ауғандағы ауыр жағдай мен Орталық Азиядағы шиеленісті жағдайлардың қайнар көзі - ваххавиттік насихаттардың жемісі.
Қазақстан аумағында бұл күндері жалпы мешіт саны 1750-ге жуық. Осы мешіттердің үштен бірі Оңтүстік Қазақстан облысында. Соған қарамастан мұнда әр түрлі діни ағымдар мен секталардың бой көрсетуі жиіленген. Оларға дінбасылары мен жамағат көпшілік неге тосқауыл қоя алмай отыр?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz