Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерін реформалаудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері туралы ғылыми ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Әлеуметтану ғылымындағы зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері туралы ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалары . . . 5
1. 2 Қазақстандағы зейнеткерлік жас. Зейнеткерлер әлеуметтік-демографиялық топ ретінде . . . 17
1. 3 Біріккен Ұлттар Ұйымының зейнеткерлік мәселесі туралы концепциялары мен шаралары . . . 21
2 ҚазақстандаҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН талдауДЫҢ әлеуметтік ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Қазақстандағы зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерінің ерекшеліктерін әлеуметтанулық талдау . . . 25
2. 2 Ерлер мен әйелдердің зейнеткерлікке шығудың ережелері мен нормотиптері . . . 30
2. 3 Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыздандырудың әлеуметтік мәселелері әлеуметтік талдау . . . 43
ҚОРТЫНДЫ . . . 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
СІЛТЕМЕЛЕР . . . 60
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Дипломдық жұмыста зейнеткерлердің әлеуметтік мәртебесі, қоғамда алатын орны қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері ауқымды қамтамасыз ету жүйесінің реформасы салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды - жаңа зейнет ақы жүйесіне әлі төрт жыл да болған жоқ. Жаңа зейнет ақымен қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ - ол үздіксіз даму процесінің үстінде екенін атап айтқан жөн. ұсынылған еңбекте жинақтаушы зейнет ақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз.
Осындай көлемдегі зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері талдау ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнет ақымен қамтамасыз етудің осындай реформасы әлі іске асқан жоқ. Осымен қатар, зейнет ақы реформасы өз уақытында жүзеге асырылды деп күмән келтірмей айтуға болады. Ал қиындықсыз еш нәрсе болмайды.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы зерттеушіні өзінің жаңалығы мен жылдамдығымен және зерттеу ойының кеңістігінің үлкендігімен қызықтырады, ол терең ойлануға, соның ішінде, өз кәрілігіңді зейнет ақымен қамтамасыз ету жөнінде талғануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, осы дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек қызықтығымен шектелмейді, олар тағы қазіргі таңда өте актуалды. Ұсынылған еңбектің тақырыбының үлкен актуалдығы бірінші кезекте зейнет ақымен қамтамасыз ету мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері қоғамның өзекті саласы қамтамасыз етудің деңгейі мен саласы республика халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі.
Ауқатты кәрілікті материалды жағынан қамтамасыз ету проблемасы әлемнің барлық елдеріне актуалды, бұның ішіне әлеуметтік жағынан жағдайы жақсы елдер де кіреді. Бұл халықтың жалпы санының ішінде қарт азаматтардың үлес салмағының табиғи өсуімен байланысты, ал бұл мемлекет пен азамат, жұмыс беруші мен жұмысшы, ата-ана мен баланың және т. б. әлеуметтік пен экономикалық қарым-қатынастарының эволюциясының нәтижесінде болған нәрсе.
Зерттелген дипломдық жұмыс алдымен оқырманды Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерін реформалаудың теориялық негіздерімен, ал екінші бөлімде Қазақстан әлеуметтік зейнет ақы қорларының даму жағдайымен таныстырады.
Жоғарыда көрсетілгеннен осы дипломдық жұмыстың мақсаты шығады. Ол - теориялық асепектіде және Қазақстан мысалында зейнет ақы қорларын зерттеп оқу.
Зерттеудің эмпирикалық негізі
- Ресми статистика,
- БҰҰ-ның Қазақстан туралы жылдық есептері,
- Адам дамуы туралы ұлттық есеп,
- мемлекеттік емес ұйымдардың (кейбір) жылдық есептері,
- Нақтылы социологиялық зерттеулер.
Зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен міндеттер. Зерттеу жұмыстарының мақсаты тақырыптың өзектілігімен сипатталады. Диплом тақырыбының өзектілігін, маңызын оның негізгі бағыттарына талдау жасау барысында зерттеу жұмысының алдына мынадай мақсаттар қойылды.
Қазақстандағы зейнеткерлердің әлеуметтік белгілерін талдау және социологиялық зерттеулер әдісін пайдалану. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер белгіленді.
Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің алатын зейнет ақы молшерін салымдарының қалыптасу процессі мен даму мәселелерін қарастыру.
Зейнет ақы активтерін басқару механизмін сипаттау жетілдірудің тиімді жолдарын дамыту
- Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі
Әлеуметтану ғылымындағы зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері туралы ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалары теориялық тұрғыдан батыстың ірі социологтарының еңбектерінде зерттелген. Олар: Э. Дюркгейм, М. Вебер, П. Сорокин, Э. Зиммель, Т. Парсонс, Дм. Дьюи, П. Бурдье, К. Джекси, Дж. Колмэн және т. б. Қазақстан социологтарының ішінде М. С. Аженов пен М. С. Садырованың бірлесіп жазған еңбектерін зейнеткерлердің әлеуметтік мәселерлері туралы ғылыми көзқарастарды көруге болады
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, 7 бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері туралы ғылыми ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Әлеуметтану ғылымындағы зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері туралы ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалары
Әлеуметтану ғылымында зейнеткерлер қоғамды құрайтын, өзара байланыста болатын әлеуметтік - демографиялық топ ретінде зертеледі. Зейнеткерлер - зейнет жасына жеткен әлеуметтік қарым-қатынас иесі. Қазақстанда, КСРО-ның барлық елдерінде сияқты, әр қашан ынтымақтастық зейнет ақы қоры болған. Кәсіпорынның еңбек ақы төлеу қорынан 25%-ды жалпыға бірдей зейнет ақы қорына аударылады, ал ол жерде зейнет ақы жинақтарының белгілі бір массасы жиналады да, сол мезетте ағымды зейнет ақыны төлеуге жұмсалатын. Бұл зейнет ақы жүйесінің мәні осында еді: бүгінгі таңдағы жұмыс істейтін адамдар өз аударымдарымен қазіргі таңдағы зейнеткерлерді қамтамасыз ететін. Әлеуметтану ғылымындағы зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелері туралы ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалары теориялық тұрғыдан батыстың ірі социологтарының еңбектерінде зерттелген. Олар: Э. Дюркгейм, М. Вебер, П. Сорокин, Э. Зиммель, Т. Парсонс, Дм. Дьюи, П. Бурдье, К. Джекси, Дж. Колмэн және т. б. Қазақстан социологтарының ішінде М. С. Аженов пен М. С. Садырованың бірлесіп жазған еңбектерін зейнеткерлердің әлеуметтік мәселерлері туралы ғылыми көзқарастарды көруге болады ҚР аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ала алады.
Ерлерге арналған зейнеткерлік жас 63 жастан, әйелдер үшін - 2018 жылға дейін 58 жастан басталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады. Осылайша, 1964 жылы туған әйелдер зейнеткерлікке ерлермен бірге 63 жаста шығады.
Халықтың жұмыс істейтін бөлігі, өз алдына, олардың да зейнет ақы алу уақытысы келеді және ол солардан кейін жұмыс істейтіндердің зейнет ақы алу уақытысы келеді және ол солардан кейін жұмыс істейтіндердің зейнет ақы аударымдары есебінен қамтамасыз етілетінін білетін. Жинақтардың ынтымақтастығы осында жатыр.
Бірақ, жұмыс істейтіндердің жалпы көлемі зейнеттегі адамдардың санынан бірнеше есе көп болған жағдайда ғана ынтымақтастық жүйесі тиімді болады. КСРО да осылай болды, сондықтан зеейнет ақы қоры бос ақша-қаражаттарды мемлекеттің милитаризациясына инвестиция ретінде құя алды.
1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалауға және ұрпақтардың ынтымақтастығы әлеуметтік қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жүргізілген реформа нәтижесінде Қазақстанда базалық, міндетті (ынтымақты және жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын көпдеңгейлі жүйе құрылып, қызмет көрсетеді;
Базалық денгейде-зейнеткер жасына жеткен адамдарға базалық зейнетақы төлемі төленеді. Ол еңбек стажына және бұрын алған табысына қарамастан, баршаға бірдей мөлшерде белгіленеді.
Міндетті денгейде - зейнеткерлерге бюджеттен ынтымақты (еңбек) зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақтаушы зейнетақы төленеді. үшіншісі - ерікті және кәсіби зейнетақы аудару есебінен қосымша төлеу.
Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы» өз күшіне енді. Зейнетақы көлемі еңбекақының 50 пайызы есебінен белгіленді және соңғы жұмыс істеген он жылының 5 жылғы жұмыс өтіліне және еңбекақысына байланысты болды. Зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін республикада зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын.
- 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ерлер - 61 жасында, әйелдер - 55 жасында;
- 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер - 62 жасында, әйелдер - 57 жасында;
- 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер - 62, 5 жасында, әйелдер - 57, 5 жасында;
- 2001 жылдан бастап ерлер - 63 жасында, әйелдер - 58 жасында зейнетақыға шыға алатын болды.
Зейнеткерлер үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасалған мемлекеттерді анықтады. Әлем бойынша қариялар үшін барлық жағдай жасалған үздік мемлекет ретінде Швеция танылды. Сондай-ақ, алғашқы үштікке Норвегия мен Германия кірді.
Жалпы үздіктер ондығына олардан басқа Нидерланды, Канада, Швейцария, Жаңа Зеландия, АҚШ, Исландия мен Жапония енген екен. Зейнеткерлерге әлеуметтік жағдай жасалмаған мемлекет ретінде Ауғаныстан танылған.
Ал, бұрынғы Кеңес одағына мүше мемлекеттерден Эстония 29 орынға табан тіреген екен. Грузия болса - 37, Латвия - 45, Литва - 50, Армения - 51, Тәжістан - 52, Белоруссия - на 60, Қырғызстан - 63, Украина - 66, Молдава - 76 және Ресей - 78 орынға жайғасыпты.
Алпысты алқымдаған қариялардың өмір сүру деңгейін зерттеу барысында медициналық қызмет, әлеуметтік белсенділік және білім алу деңгейі сынды бір қатар параметрлер негізге алынған. Жалпы әлем бойынша Солтүстік Еуропа елдері зейнеткерлердің жандарына жайлы деп танылып отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, зейнеткерлік жасты ұлғайту дамыған елдердің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Мысалы, 2010 жылы Германия, Италия елдерінде зейнет жасы ұзартылып, нәтижесінде бүгінде әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы Германияда - 67, Италияда - 65 болып тұр. Ал Дания мен Норвегияда әйелдер зейнетке - 67 жасында, Швейцария елінде - 64 жасында шығады.
Ал зейнеткерлік жасы сәйкестендірілген елдердің қатарына жататын Жапонияда әйелдер мен ерлер өз еңбектерінің зейнетін - 70 жасында, Австрия, Испания, Канада, АҚШ, Швеция елдерінде - 65-ке жеткенде көре алады екен.
БҰҰ сарапшыларының мәлімдеуі бойынша, 2050 жылға қарай Қазақстан тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 65 жастан жоғарылап, еліміздегі қарттардың саны арта түсуі мүмкін
Шетел мемлекеттерінің зейнет ақы жүйесінің дамуының жаңа бағыттарын реформа сипаты бойынша сипаттауға болады: Радикалды реформалар: ескі қоғамдық бөлу жүйесін индивидуалды зейнет ақы жоспарлар жүйесіне ауыстырудан тұрады. Ол жеке меншік және міндетті болып табылады. Буған Баливия, Чили, Сальвадор, Мексика елдерін мысалға келтіруге болады. Аралық реформалар: міндетті жеке жинақтаулар жүйесін қоғамдық бөлу жүйесімен үйлестіріп дамыту. Мысалы: Аргентина, Колумбия, Внгрия, Перу, Польша, Уругвай. Басқа реформалар: радикалды реформаларсыз мамандық бойынша зейнет ақы реформалар жүйесін және қоғамдық бөлу жүйесінің ауыртпашылығын жұмсарту мақсатында еркін жинақтарды күшейткен елдер. Мысалы: Австрия, Бразилия, Коста-Рика, США, Испания, Ресей, Ұлыбритания, Швейцария. /8/
Әртүрлі елдердегі зейнеткерлердің ақы қорларының ұйымдастыру-құқықтық нысандары да түрлі. Мысалы АҚШ, Ирландия және Ұлыбритания зейнет ақы қорлары көбіне активтермен сенім хат арқылы басқару жүргізетін траст компаниялар нысанында құрылады: Нидерландыда, Швейцарияда, Бельгия мен Португалияда құратын кәсіпорынды заң жүзінде тәуелсіз акционерлік компанилармен ассоциациялар нысанында; Германияда көптеген кәсіпорындар өз жұмысшыларын зейнет ақымен қамтамасыз ету мақсатында арнайы резервтік шоттар, сонымен қатар автономды зейнет ақы кассалары немесе көмек қорлары құрылады. Әр түрлі елдердегі зейнет ақы жүйелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі зейнет ақы қорытындыға млрд. долл. активтер көлемі Соңғы жылдарда зейнет ақы қор активтерінің орта жылдық өсу қарқыны барлық айтылған елдерде жоғары болы: көп елдерде олар 7-11%-ды құрады, соның ішінде АҚШ - 12%, Ұлыбритания - 16%, Нидерланды - 15, 6%.
Кесте 1 - 2001 жылы ОЭСР елдеріндегі зейнет ақы қор активтерінің көлемі
Бірақ, КСРО құлауымен, экономикалық климаттың нашарлауынан, нарық қатынастарына көшуіден жағдай шиеленісіп, жылдан жылға нашарлай бастады. Бүгінгі таңда, мысалға, бір зейнеткерге 7 жұмыс істейтіндер келеді, және кәсіпорын іс-әрекетінің өтімуілігі мен рентабельдігімен байланысты туатын қиыншылықтар әсерінен олар зейнет ақы қорына еш бір аударым жасамайды. Бұндай жағдайда зейнет ақы қоры іс жүзінде банкрот болды. Оның зейнеткерлер алдындағы міндеттемелері түсімдер соммасынан көп болды да содан төлемдер бойынша қарыздар көлемі тез өсе бастады. /1/
Зейнет ақы реформасы көп адамдар теріс көзқарасымен қарайды. Бірақ ескі ынтымақтастық жүйені тек екі жағдайда қалпына келтіруге болатын еді: не зейнет ақы қорына табысты үлкейтту не оның шығынын азайту, бірақ бұл екеуін де жүзеге асыру мүмкін емес еді.
Қордың табысын үлкейту орташа айлықты өсіру, аударым қойылымын өсіру немесе жұмысшылардың зейнеткерлерге қатынасын үлкейту есебінен мүмкін болатын.
Республикада орташа жалақы көлемінің жақын арада өсу үміті кішкентай еді.
Аударымдар қойыламының мәнді өсуін кәсіпорындар көтере алмайды, қазірдің өзінде еңбек ақы төлеу қорына барлық аударымдарды төлеу өте қиын.
Жұмысшылардың зейнеткерлерге қатынасының өсуі де еш нәрсеге алып келмейді. Мамандар есептеулері бойынша 2040 жылға бір зейнеткерге шамамен 1 жұмыскер келеді. /2/
Зейнет ақы қорының шығындарының азаюы қазіргі зейнет ақылардың мөлшерінің қысқаруы есебінен, не зейнетке шығу жасын өсуруінен, бірақ бұл бәрімізге түсінікті себептерден мүмкін емес. Яғни, ынтымақтастық зейнет-ақы жүйесінде барлық жеңілдіктердің алынып тасталуы маңызы зор нәрсе болды. Шынында да, ынтымақтастық жүйеде әр түрлі жеңілдіктер көп болды, соның ішінде мерзімнен ерте зейнетке шығу 45-50 жасында.
Жинақтаушы зейнет ақы қорлары - бұл жалпы ортақ қазан емес, адамның өз зейнетіне ақша жинауға үлкен ынтасы пайда болады, себебі жеке зейнет ақы шотында қандай ақша көлемі жинақталса, сонша зейнет ақы төлемі де болады.
Егер салым салушы өзінің жинақталған соммасымен түгел немесе жартылай қолдана алмай қалса, ол бұрыңғыдай жоқ болып кетпейді, ол мұрагерлеріне қалады.
Бірақ, әрине, қоғамда әрқашанда әр түрлі себептерге байланысыты өздеріне зейнет ақыны толығымен немесе жартылай жинақтай алмайтын адамдар болады. Олар деңсаулығы жоқ, жұмыссыздар, белгілі бір тұратын жері жоқ адамдар және т. с. с. Мемлекет Конституция бойынша әлеуметтік кепіл болғандықтан, оларды өз қол астына алады.
Жаңа зейнет ақы заңы бұл проблеманы әлеуметтік адрестік жәрдемақы институттары арқылы шешеді. Зейнет ақы - бір кездерде салым түрінде ынтымақтық немесе жинақтық зейнет ақы жүйесіне аударылған аударымдар болып табылады. Жәрдемақыны мемлекет бюджет есебінен бөледі. Бүгінгі таңда оның көлемі үлкен емес - 2000 теңге шамасында. Бірақ бұл экономикалық жағдайға байланысты, мемлекет байланысты түссе, жәрдемақылар мөлшері де өседі.
Жаңа зейнет ақы жүйесінде еңбек ақы төлеу қорының 25% - зейнет ақы аударымдар қойылымы алынып тасталған, ал 10% көлеміндегі салымдар жинақтаушы жүйесіне түседі.
Зейнет ақыны есептеуде ынтымақтық жүйесіндегі еңбек стажының 1998 жылы 1 қантарынан есепке алынбайтынын ескерсек (кім қанша тапса - сонша қалады) 15% салымды ынтымақтастық жүйесіне бір салық ретінде қарастыруға болады (бұрын аударымдар ұзақтығынан еңбек стажы байланысты болатын, және сәйкесінше болашақ зейнет ақы мөлшері) . Бірақ біз бұл ақшаның бүгінгі зейнеткерлерге төлем ретінде жаратылғанын білеміз, оларды мемлекте есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес еді. Бұндай аударымдар көлемі ақырындап кішірейіп, бүгінгі күнге олар жоқ болатындай заңмен қарастырылған. Бұл 1999 жылға Республика бюджеті туралы заңда анықталған. Осы аударымдардан бас тарту мүмкін емес еді, әлі халықтың көп саны ынтымақтық жүйеден зейнет ақы алуға құқығына ие.
Салымдардың екі ағымға бөлінуінен көбісінде түсініспеушіліктер туады: «Егер 25, 5% аударымдар кезінде зейнет ақы төлеу үшін ақша қаражаттар жеткіліксіз болса, онда 15%-қ төлемдер ғана түскен жағдайда зейнет ақы қалай төленеді?»
1998 жылы республикалық бюджетте үкіметпен 50 млрд теңгеден аса зейнет ақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа трансферттер қарастырылған. Өтпелі кезеңде бюджет ынтымақтастық зейнет ақы жүйесіне бонустар, роялти, жекешелендіру құралдары есебінен көмек көрсетті. Ынтымақ жүйесінен жинақтаушы жүйесіне бір сағатта көші мүмкін емес. Және бұл екеуі әлі көп уақыт бірге жүзеге асады, ынтымақтастық жүйесі 1998 жылы 1 қантар еңбек стажы кем дегенде жарты жыл болған соңғы адаммен есептеспейінше бұл процесс жүзеге асып отырады.
1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалауға және ұрпақтардың ынтымақтастығы әлеуметтік қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жүргізілген реформа нәтижесінде Қазақстанда базалық, міндетті (ынтымақты және жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын көпдеңгейлі жүйе құрылып, қызмет көрсетеді;
- тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде зейнетақы бағдарламасын қаржыландыру арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді. 14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнетақы - 10 есеге (3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғарғысы - 7 есеге (7256-дан 56047 теңгеге дейін) артты.
- жинақтаушы жүйені енгізу және қызмет етуінің практикалық іс тәжірибесі жинақталды;
- азаматтардың зейнетақы жинақтары өсуде. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 3183, 2 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қосқанда) 41912 теңгені құрайды немесе жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының 40% асады.
Келешекте ынтымақты жүйеден зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаятын болады (азаматтардың 1. 01. 1998 ж. дейін жинақталған еңбек стажы азаюына байланысты) . Бұл азаю жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін төлемдермен өтелетін болады деп көзделген.
Алайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ұзақ қызмет етпеуі зейнетақымен қамсыздандырудың әлеуметтік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты , Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауына және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкіне жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту шараларын қабылдауды тапсырды.
Қазіргі кезде ҚР базалық , міндетті және ерікті деңгейден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қызмет етеді.
Базалық денгейде-зейнеткер жасына жеткен адамдарға базалық зейнетақы төлемі (БЗТ) төленеді. Ол еңбек стажына және бұрын алған табысына қарамастан, баршаға бірдей мөлшерде белгіленеді.
Міндетті денгейде - зейнеткерлерге бюджеттен ынтымақты (еңбек) зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақтаушы зейнетақы төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен кезде (1998 ж. ) еліміздің азаматтары үшін оларда 01. 01. 1998 ж. жағдайдай бойынша кемінде 6 ай еңбек стажы және 1995 жылдан бастап қатарынан кез келген 3 жыл үшін жалақысы болған кезде бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық зейнетақы тағайындау үшін міндетті еңбек стажы әйелдер үшін 20 жылды және ерлер үшін 25 жылды құрайды.
Зейнетке шығар кезде еңбек өтілі болып, бірақ белгілі бір себептермен табысы туралы мәліметтерді тапсыра алмаған жағдайда ең төмен зейнетақы тағайындалады (ағымдағы жылы 19066 теңге) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz