«Жануарлар биотехнологиясы» пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау



КІРІСПЕ
№ 1 Зертханалық жұмыс
№ 2 Зертханалық жұмыс.
№ 3 Зертханалық жұмыс
№ 4 Зертханалық жұмыс...
№ 5 Зертханалық жұмыс
№ 6 Зертханалық жұмыс
№ 7 Зертханалық жұмыс ... ...
№ 8 Зертханалық жұмыс
№ 9 Зертханалық жұмыс
№ 10 Зертханалық жұмыс
№ 11 Зертханалық жұмыс
№ 12 Зертханалық жұмыс
№ 13 Зертханалық жұмыс
№ 14 Зертханалық жұмыс ... ... ...
№ 15 Зертханалық жұмыс
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТ...
«Жануарлар биотехнологиясы» пәнінің мақсаты – студенттерде жануарлардың гендік және жасұшалы инженериясының мүмкіншіліктері тұралы, биотехнологияда жануарлардың жасұшаларын қолдану жолдары және әдістері тұралы білім дамыту. Осы курстың тапсырмасы – болашақ мамандарға жануарлар биотехнологиясы саласында сапалы және терең білім беру. Курсты оқып бітірген студенттер міндетті түрде:
Білу керек: жануарлардың биотехнологиясының жалпыбиологиялық негіздерін, жасұшалы және ұрық инженерияда өткізілетін эксперименттер тұралы, жануарлардың сома және жыныс жасұшаларының клондау және генетикалық ауысу ұстанымдарын. Студенттер медицинада және малшаруашылықта ғылыми және тәжірибе салаларында биотехнология әдістерінің қолдануы тұралы білу керек.
Қолдарынан келу керек: теориялық білімді ғылыми және тәжірибе жұмыстарына қолдану, жануарлар биотехнологиясының эксперименттерін білімді жоспарлау.
Ие болу керек: негізгі жануарлы объектілермен – тышқан, үй қоян, қой – тәжірибеде жұмыс істеу әдістеріне; микроскоп құралдарына (құрамы әр түрлі микроскоптар, микроманипуляторлар, микроинъекторлар); зертханалық құрал жабдықтарына (термостаттар, центрифугалар, анализаторлар және арнаулы құралдар), және тағында хирургиялық құралдарға.
Оқу үдірісінде кесте материалдары, плакаттар және өткізілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін оқу техникалық құралдары қолданылады.
«Жануарлар биотехнологиясы» пәнімен танысқанда негізінде келесі жалпы білім беру пәндерден түсініктеме болу керек: биохимия, жалпы және молекулярлы генетика, адам және жануарлар физиологиясы, жасұшалы биотехнология.
Зертханалық жұмыстар дәріс курсқа қосымша болып студенттерге оқулық материалмен өз алдына танысуға көмектеседі және «Жануарлар биотехнологиясы» зертханасында тәжірибелік жұмыстарды өткізуге көмек береді.
1. Мак-Ларен Э. Химеры млекопитающих ,М. Мир, 1979
2. Мухамедгалиев Ф.М., Тойшибеков М.М., Абильдинов Р.Б., Бердонгарова О.И., Джанабеков К.Д. Трансплантация зигот в племенном овцеводстве.- Алма-Ата: Наука, 1981.- 168с.
3. Серов О.Л.. Перенос генов в соматические и половые клетки. Новосибирск. 1985.
4. Карш Фр.Дж. Гормональная регуляция размножения у млекопитающих. Под ред. К.Остина, Р.Шорта.- Москва “Мир”.-1987.-с.8-31.
5. Эрнст Л.К. Трансплантация эмбрионов сельско-хозяйственных животных. М., 1989.
6. Завертяев Б.П.. Биотехнология в воспроизводстве и селекции крупного рогатого скота. Л., Агропромиздат,1989, с. 1-255.
7. Муромцев Г.С. и др. Основы сельскохозяйственной биотехнологии. Москва ВО «Агропромиздат», 1990.
8. Р.Е. Спиер, Дж. Гриффитс. Биотехнология клеток животных. Москва, ВО «Агропромиздат» 2 тома.
9. Гилберт С.. Биология развития. В 3-х томах. Биология развития. М. Мир, 1993.
10. Глик Б., Пастернак Дж. Молекулярная биотехнология. Принципы и применение. М. Мир, 2002. 589 с.
11. Корочкин Л.И. Биология индивидуального развития(Генетический аспект) М. МГУ, 2002, 264 с.
12. Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Воронин Е.С. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. 2-е изд. М. Высшая школа, 2003.
13. Щелкунов С.Н. Генная инженерия. Новосибирск. Изд-во Новосибирского государственного университета. 2004.
14. Джамалова Г.А. Биотехнология животных. Алматы. Агентство «Маматай». 2004.
Қосымша:
1. Фанбрюн П.. Методы микроманипуляций. М., 1951.
2. Бландова З.К. и др. Линии лабораторных животных для медико-биологических исследований. М., 1983.
3. Дыбан А.П., Баранов В.С.. Цитогенетика развития млекопитающих. М., 1987.
4. Фрешни Р. Культура животных клеток. М., 1989.
5. Мурзамадиев А.М., Ертаев Е.Е., Салыкбаев Т.Н. Биотехнология в воспроизводстве овец.- Алма-Ата: Гылым, 1992.-88с.
6. Альбертс Б. и др. Молекулярная биология клетки. В 3-х томах. М. Мир, 1994
7. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск. Изд-во Новосибирского университета. Сибирское университетское издательство. 2002. 459 с.
8. Бочков Н.П. Клиническая генетика. Издание 2-е. Москва. Гэотар-мед. 2002.
9. Корочкин Л.И. Геном. Клонирование. Происхождение человека. М. Век 2. 2004.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

050701 Биотехнология
мамандығына арналған ғылыми-оқу кешені

Жануарлар биотехнологиясы

пәнінен

зертханалық жұмыстарға арналған
әдістемелік нұсқау

050701 Биотехнология
мамандығына оқитын 3 курс
студенттеріне арналған

ПАВЛОДАР 2008 жыл

БЕКІТІЛДІ

Инженерлік Академия Директорі

Вет.гыл.докторы, профессор____________ Е.Б. Никитин

“___” _______________ 2008ж.

Құрастырушы: вет.ғыл.канд., доцент ________ Т.И. Урюмцева
зертх. менгер., оқытушы________ Х.Х. Рафикова

Қолданбалы биотехнология кафедрасы

Жануарлар биотехнологиясы пәні бойынша

050701 Биотехнология

мамандығының жалпы орташа білім негізінде күндізгі бөлімінің студенттеріне
арналған ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

050701 Биотехнология, ҚР МЖБС 3.08.327 – 2006 Жоғары кәсіптік білім.
Бакалавриат Мемлекеттік жалпыға бірдей жоғарғы білім стандартына және
Алматы 2005 050701 Биотехнология мамандығының типтік бағдарламасының
негізінде сәйкес жетілдірілген.

Қолданбалы биотехнология кафедрасының отырысында қарастырылды.
Хаттама № __ _____________2008 ж.

Қолданбалы биотехнология кафедра меңг. орынбасары
тех. ғыл. канд., профессор_______________М.С. Омаров

Инженерлік Академия ғылыми - әдістемелік кеңесінің отырысында бекітіліп,
басылымға жіберілді
Хаттама № __ _____________ 2008 ж.

ИА ҒӘК төрағасы
тех. ғыл. канд., профессор___________Е.К. Ордабаев

Келісілді:
АӘБ бастығы
пед. ғыл. канд., профессор ___________ Н.М. Ушакова

Медиатекаға өткізілді ____________________________

МАЗМҰНЫ

бет
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 4
№ 1 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
№ 2 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
№ 3 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
№ 4 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
№ 5 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
№ 6 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
№ 7 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
№ 8 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 14
№ 9 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
№ 10 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
№ 11 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
№ 12 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
№ 13 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
№ 14 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
№ 15 Зертханалық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

КІРІСПЕ
Жануарлар биотехнологиясы пәнінің мақсаты – студенттерде жануарлардың
гендік және жасұшалы инженериясының мүмкіншіліктері тұралы, биотехнологияда
жануарлардың жасұшаларын қолдану жолдары және әдістері тұралы білім дамыту.
Осы курстың тапсырмасы – болашақ мамандарға жануарлар биотехнологиясы
саласында сапалы және терең білім беру. Курсты оқып бітірген студенттер
міндетті түрде:
Білу керек: жануарлардың биотехнологиясының жалпыбиологиялық негіздерін,
жасұшалы және ұрық инженерияда өткізілетін эксперименттер тұралы,
жануарлардың сома және жыныс жасұшаларының клондау және генетикалық ауысу
ұстанымдарын. Студенттер медицинада және малшаруашылықта ғылыми және
тәжірибе салаларында биотехнология әдістерінің қолдануы тұралы білу керек.
Қолдарынан келу керек: теориялық білімді ғылыми және тәжірибе
жұмыстарына қолдану, жануарлар биотехнологиясының эксперименттерін білімді
жоспарлау.
Ие болу керек: негізгі жануарлы объектілермен – тышқан, үй қоян, қой –
тәжірибеде жұмыс істеу әдістеріне; микроскоп құралдарына (құрамы әр түрлі
микроскоптар, микроманипуляторлар, микроинъекторлар); зертханалық құрал
жабдықтарына (термостаттар, центрифугалар, анализаторлар және арнаулы
құралдар), және тағында хирургиялық құралдарға.
Оқу үдірісінде кесте материалдары, плакаттар және өткізілетін сабақтың
тақырыбына сәйкес келетін оқу техникалық құралдары қолданылады.
Жануарлар биотехнологиясы пәнімен танысқанда негізінде келесі жалпы
білім беру пәндерден түсініктеме болу керек: биохимия, жалпы және
молекулярлы генетика, адам және жануарлар физиологиясы, жасұшалы
биотехнология.
Зертханалық жұмыстар дәріс курсқа қосымша болып студенттерге оқулық
материалмен өз алдына танысуға көмектеседі және Жануарлар биотехнологиясы
зертханасында тәжірибелік жұмыстарды өткізуге көмек береді.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ТАҚЫРЫБЫ
ТАҚЫРЫП 1. Жануарлар биотехнологиясы зертханасында жұмыстар
ұйымдастыру

Сабақ мақсаты. Малшаруашылықта биотехнологиядан зертханада жұмыстар
ұйымдастырумен танысу.
Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын
құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан
жасалған плакаттар.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу
керек:
1. Жануарлар биотехнологиясы оқулық зертханасының құрамы.
2. Оқулық зертханада жұмыс істеу ережелері.
3. Зертханада жұмыстар ұйымдастыру.

Оқу зертханасы екі бөлімнен тұрады: оқу және жұмыс бөлімдері. Оқу бөлімі
екі бөлмеден тұрады: оқу жері және әмбебап блок. Жұмыс бөлімі екі бөлмеден
тұрады: зертханалық жануарлар тұратын жер және дәрілермен құралдар
орналасқан лаборанттар бөлмесі.
Оқу жері жарық және жұмыс өткізуге тиімді болу керек. Бір адамның жұмыс
істеген орны 10-14 шақшы метр болу керек. Зертханада су, су жылытатын
құралдар, электр тоғы болу керек.
Оқу зертханасында келесі жағдайлар болу керек:
1. Операциялық блок – операция өткізетін жер. Осы жерде келесі құралдар
болу керек:
- операциялық үстел;
- зарарсыздандырылған саймандарға арналған үстел;
- шприцтерге, катетердерге, ыдыстарға арналған үстел;
- қолданылған саймандарды, құралдарды жинайтын сауытқа арналған үстел.
2. Әмбебап блокы – оқу бөлменің қасында орналасқан бөлек бөлме. Осы
бөлмеде зерттеулер өткізетін құралдар болады.
Жұмыс бөлімі жануарлар тұратын бөлмеден және лаборанттар бөлмесінен
тұрады. Лаборанттар бөлмесінде келесі блоктар болу керек:
1. Нәрселер және құралдар блокы. Осы блокта ыдыстар, құралдар,
саймандар, нәрселер сақталады. Бинттер және зарарсыздандырылған
нәрселер салынған бикстер жабық шкафтарда сақталады. Саймандарды шыны
шкафтарда сақтайды.
2. Зарарсыздандыруды өткізетін блок – операцияларға қатысты заттарды
зарарсыздандыруға арналған бөлме.
3. Дәріхана – дәрілер сақтайтын жер. Осында шкаф және үстел болу керек.
Дәрілерді, гормондарды, ерітінділерді осы бөлмеде дайындайды.
Лаборанттар бөлмесінде ыдыс және саймандар жуатын жер болу керек.
Биотехнология зертханасында зерханалық жануарлар виварий-питомниктарда
ұсталады.
Зертханада жұмыс істеу қауыпсыздық техникасы. Зертханада жұмыс істегенде
жұмыскерде болу керек: халат, полиэтиленнен жасалған алжапқыш,
медициналақ перчаткалар және екі орамал: біреуі күнделік қолдануға,
екіншісі тек қана биотехнология жұмыстарының ұрық дақылдарын зерттеуге
арналған. Бірінші көмек көрсету ұшін зертханада аптечка болу керек.
Зертханада жұмысты дүріс құрастырып, асықпай, таза істеу керек.
Тексеру сұрақтары:
1. Мақсатына байланысты зертханалар қандай түрлерге бөлінеді?
2. Жануарлар биотехнологиясы оқулық зертханасының негізгі бөлімдерін
атап оларда қандай жұмыстар өткізілетінін айтып беріңіз.
3. Жануарлар биотехнологиясы зертханасының операциялық блокында
қандай құрал-жабдықтар болу керек?
4. Лаборанттар бөлмесінде қандай жұмыстар өткізіледі?
5. Жануарлар биотехнологиясы зертханасының виварий-питомнигінің
мағнасына мінездеме беріп сондағы өткізілетін жұмыстармен
таныстырыңыз.
6. Жануарлар биотехнологиясы зертханасының жұмыс тәртібінің
ережелерін айтып беріңіз.
7. Жануарлар биотехнологиясы саласындағы биотехнолог-маманның
эксперименталдық жұмыстарының негігі түрлерін атап берініз.
ТАҚЫРЫП 2. Жануарлар биотехнологиясы зертханасының құралдары.

Сабақ мақсаты. Жануарлар биотехнологиясы зертханасының құрал-
жабдықтарымен танысу.
Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын
құрал-жабдықтар. Дистиллятор, термостат, кептіру шкаф, автоклав, электр су
моншасы, тоңазытқыш, ламинарлы бокс, микрокузница, термостат-инкубатор, МБС
қатарлы микроскоп, микроманипуляциялық жүйе.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Тақырып бойынша сұрау (қысқаша).
1. Жануарлар биотехнологиясы зертханасының құрал-жабдықтарының
мағнасы.
2. Зертханалық құралдар. Зертханалық ыдыс, гинекологиялық, хирургиялық
саймандар, хирургиялық заттар.

Арнау мақсатына байланысты зертхана құралдарын екі дәрежеге бөледі:
жалпы және арнаулы. Жалпы құралдар бәр зертханаларда болады, арнаулы –
арнайы зертханаларда.
Жалпы құралдар:
1. Дистиллятор – дистиллденген су алатын құрал. Осы суда органикалық
және бейорганикалық заттар болмайды. Дистилляторда суды буға
айландырып конденсат алады. Осындай суды ерітінділерді
дайындағанда, жұған ыдысты шайғанда және т.б. жұмыстарға
қолданады.
2. Термостат – температураны бір шекте ұстайтын құрал.
3. Электр кептіру шкафы – ыдыстарды ыстық ауамен кептіретін құрал.
Шкафта температураны 125-250 градуска дейін жеткізуге болады.
Қыздыру уақыты 30-60 минут.
4. Автоклав – жоғары қысымда бұмен зарарсыздандыру өткізетін құрал.
Автоклавтың ішіне зарарсыздандыруға жататын заттарды бикстердің
ішіне салып қояды. Автоклавтың қақпағын винттермен тығыздап жауып
қояды. Қысымды және температураны манометрлер арқылы бақылап
отырады.
5. Электр су моншасы – жылыту үшін қолданылатын құрал. 100 градуска
дейін жылыту керек болғанда қолданады.
6. Тоңазытқыш – дәрілерді, ерітінділерді, қоректік орталарды
сақтайтын жер.
Арнаулы құралдар:
1. МБС қатарлы микроскоп – ұрықтарды зерттейтін құрал.
2. Ламинарлы бокс – гаметалармен және ұрықтармен зарарсыздандырылған
ауада жұмыс істеуге жағдай тұдыратын құрал.
3. Микрокузница – микросаймандар жасайтын құрал. Микросаймандар шыны
ілгіштерден, инелерден спиртовканың көмегімен дайындалады.
4. Термостат-инкубатор – гаметалармен ұрықтарды өсіретін, гаметаларға
ұрықтануға жағдай беретін құрал. +37 градуста жұмыс істеп, ауасында 5
пайыз көмірқышқыл газ болу керек.
Зертханалық құрал-жабдықтар – олар шыны ыдыстар, гинекологиялық,
хирургиялық саймандар, хирургиялық заттар.
1. Зертханалық шыны ыдыстар жалпы, арнаулы, өлшеуге арналған болады.
Жалпы – сынауықтар, Петри табақшалары, стакандар, колбалар, заттық
шынылар.
Арнаулы – ұрық алушы, шыны инелер, капиллярлар, шыны пипеткалар,
цилиндрлер, микропипеткалар.
2. Гинекологиялық саймандар ауылшаруашылық жануарлардың көбею
биотехнологиясының жұмыстарына керек. Олар – қынап айнасы,
катетерлер.
3. Хирургиялық саймандарды ұрықтарды транспланттау жұмыстарына
қолданады. Олар – скальпель, түзу қайшы, Купер қайшысы, қысқыштар,
хирургиялық және анатомиялық пинцеттер, цапкалар, Микулич
жаракеңейтүшілер, хирургиялық инелер, шприцтер 5, 10, 20 мл.
4. Хирургиялық заттар – простынялар, тампондар, орамалдар, халаттар,
колпактар, хирургиялық перчаткалар.

Тексеру сұрақтары:
1. Жануарлар биотехнологиясы зертханасында қандай құралдар жалпы
жұмыстарда қолданылады?
2. Жануарлар биотехнологиясы зертханасында қандай құралдар арнаулы
жұмыстарда қолданылады?
3. Термостат-инкубатормен не үшін қолданады? Оның жұмыс істеу
жағдайлары.
4. Зертханада қолданылатын шыны ыдысты қандай топтарға бөледі?
5. Ең жиі қолданылатын гинекологиялық сайманды атаңыз.
6. Ұрықтарды транспланттау жұмыстарында ең жиі қолданылатын
хирургиялық саймандарды атаңыз.
7. Зертханалық құрал-жабдықтарды сақтау ережелерін айтып беріңіз.

ТАҚЫРЫП 3. Зертханада құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережелері.

Сабақ мақсаты. Жануарлар биотехнологиясы зертханасында құрал-
жабдықтармен және саймандармен жұмыс істеу ережелерімен танысу.
Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын
құрал-жабдықтар. Автоклав, кептіру шкаф, бикстер, стерилизаторлар, қынап
айнасы, әр түрлі құрамды катетерлер, жүзі домалақша скальпель, хирургиялық
және анатомиялық пинцеттер, шприцтер, резинке хирургиялық перчаткалар,
орамалдар, тампондар.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Тақырып бойынша сұрау (қысқаша).
1. Зертханалық құрал-жабдықтардың сақтау ережелері.
2. Зертханалық заттарды жуу және кептіру әдістері.
3. Зертханалық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру ережелері.

Зертханалық құрал-жабдықтардың сақтау ережелерімен таныстыру.
Зертханалық құрал-жабдықтармен қолданғанда келесі ережелерді сақтау
керек:
1) қолданған құрал-жабдықтарды жылы сабынды сумен жуады;
2) жуылған саймандарды және ыдыстарды кептіру шкафта кептіріп
зертханалық шкафтарға жинайды;
3) саймандарды тот басудан сақтау керек;
4) заттарды кесуге арналған саймандардын кесетін жүздері өткір болу
керек;
5) инъекциялық инелерді жуып, инелердің ішіне мандреналарын салып,
эфирмен спирт араластырылып құйылған сауттарда сақтайды;
6) шприцтерді жиналмаған түрінде сақтайды;
7) кетгутті 4 пайыздық формалиннің су ерітіндісінде сақтайды;
8) резинке заттарды темір саймандардан бөлек сақтайды.
Зертханалық заттарды жуу және кептіру әдістермен таныстыру.
Зертханалық құрал-жабдықтарды жуу.
Зертханалық ыдыстар және саймандар таза болу керек, осы жағдайды
сақтамай жұмыс істеуге болмайды. Ыдыстардың кірін келесі әдістермен
кетіруге болады: механикалық, физикалық, химиялық, физико-химиялық.
Ыдыстардың және саймандардың жуу әдістерін табу үшін келесі жағдайлар
болу керек:
1. ыдыстарды кірлететін заттардың қасиеттерін білу;
2. жууға сабын, синтетикалы жұғыш заттар қолдануға болады;
3. ыдыстарды және саймандарды кірлететін заттар химиялық тұрақты болса,
механикалық тазалау әдіспен қолдануға болады
4. хирургиялық және гинекологиялық саймандар щеткамен тазаланып жұылады;
5. ыдыс жұғанда қауыпсыз техникасы сақталу керек.
Сумен жуу. Шыны ыдыстарды жуу ережелері:
1) ыдысқа жабысқан кірлі заттар болса, ыдысты щеткамен немесе ершпен
тазалап сумен жуады. Ыдысты жылы суда жуады.
2) Жуылған ыдысты дистилденеген сумен шайқайды. Дистилденген су су
құбырдан алынған судын тұздарын кетіреді.
Бумен тазалау. Майлы заттармен кірлеген ыдысты ыстық судың буымен
тазалайды (будың ағынымен).
Басқа жуатын заттармен жуу. Ыдысты жуатын заттармен жуғанда жуылатын
ыдысқа фильтр кағазын немесе бір жұмсақ қағаз салады. Ыдысты сілкіп
жуғанда жабысқан кірлі заттар кетеді.
Зертханалық құрал-жабдықтарды кептіру. Кептіруді суық (жылытпай) және
ыстық (жылытып) әдістермен өткізеді. Ең көп қолданатын әдістердің бірі –
кішкентай қазықтарға іліп қойып кептіру. Ауамен кептіру – суық немесе
жылы ауаны ыдыстың ішінен өткізіп ылғалдың іздерін кетіру. Спиртпен
немесе эфирмен кептіргенде ыдысты сыртынан таза орамалмен сүртіп, ішінен
этил спиртімен, кейіннен эфирмен шайқайды. Кептіретін шкафта кептіргенде
кішкентай қазықтарда кептірген ыдыстарды 80-100 градуска дейін жылытқан
кептіру шкафына 30-60 минутқа қояды. Жуылған хирургиялық және
гинекологиялық саймандарды міндетті түрде кептіру керек. 100-120
градуста 40-80 минут кептіру шкафында кептіреді.
Зертханалық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру ережелерімен таныстыру.
Зарарсыздандыру – хирургиялық заттарда, саймандарда, зертханалық
ыдыстарда микроағзаларды және олардың спораларын өлтіру.
1. Темір саймандарды, шыны ыдыстарды қайнатумен зарарсыздандырады.
Қайнатудың алдында саймандарды майдан тазалайды, инъекциялық
инелерді мандреналардан босатады, саймандардың өткір жерлерін,
ыдыстарды марляға орайды. Стерилизаторға су куйып, 15 минут
қайнатып, зарарсыздандыру күшін көтеретін сілті қосады (1 пайыздық
натрий карбонат, 0,1 пайыздық натрий гидрооксид), тағы 3 минут
қайнатып суға абайлап саймандарды салады, 15 минут қайнатады.
2. Кетгутті зарарсыздандыру әдісі – Покотило әдісі. Кетгутті 72
сағатқа 4 пайыздық формалиннің су ерітіндісіне салады.
3. Операциялық заттарды, перевязка заттарын, перчаткаларды бикстерге
салып автоклавтарда зарарсыздандырады. 120-135 градуста 2 атм
қысымда 30-45 минуттан кейін заттар толық зарарсыздандырылады.
Перчаткаларды және пластмасс өнімдерді 1 атм 45-60 минут
зарарсыздандырады.
4. Перчаткаларды зарарсыздандырғанда автоклавпен, қайнату әдіспен,
антисептикалық ерітінділермен қолданады. Автоклавка салар алдында
перчаткалардың ішіне тальк себеді. Перчаткаларды марлямен орайды,
перчаткалар бикстің темір қабырғаларына тимеу керек. Қайнату
әдісінде перчаткаларды дистилденген суда 20-35 минут қайнатады.
Суықтай зарарсыздандыру әдісінде перчаткаларды 2 пайызды хлорамин
ерітіндісіне 15-30 минутқа немесе 0,1 пайыздық сулема ерітіндісіне
1-1,5 сағатқа салады. Кейіннен оларды физиологиялық ерітіндімен
немесе дистилденген сумен шайқап кептіреді, тальк сеуіп
зарарсыздандырылған бикстерде сақтайды. Операция алдында қолға
киілген перчаткаларды 2 минут спиртпен суртеді.

Тексеру сұрақтары:
1. Зертханалық құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру әдістерін таңдау
қандай көрсеткіштермен байланысты?
2. Шыны зертханалық ыдыстарды қандай әдіспен зарарсыздандырады?
3. Гинекологиялық және хирургиялық саймандарды қандай әдіспен
зарарсыздандырады?
4. Резинке заттарды қандай әдіспен зарарсыздандырады?
5. Хирургиялық заттарды қандай әдіспен зарарсыздандырады?

ТАҚЫРЫП 4. Зертханалық жануарлар – зерттеу объектілері.

Сабақ мақсаты. Зертханалық және ауылшаруашылық жануарлардың биологиялық
ерекшеліктерімен танысу. Зерттеу жүргізгенде жануарлардың ұстау және азық
беру жағдайларымен танысу.
Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын
құрал-жабдықтар. Сабақ виварийде өткізіледі. Осы виварийлерде оқу
үдірісінің зертханалық эксперименттеріне қолданылатын жануарлар ұсталады.
Олар – тышқандар, теңіз шошқалар, үй қояндар.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Тақырып бойынша сұрау (қысқаша).
1. Жануарлармен жұмыс істеу ережелері.
2. Анестезиялық фармакологиялық заттар және олармен қолдану ережелері.
3. Дайындау және операция өткізіп болған кезеңдерде зертханалық
жануарларды ұстап күту.

Тышқан – ең көп таралған зертханалық жануар.
Көбейту. Жыныс жасқа тышқандар 30-35 күнде жетеді. Жынысу мүмкіншілігі
200 күнге барады. Көбейту үшін 5-7 ұрғашы тышқандарға 1 еркек тышқан
бөлінеді. Жүктілік 20 күнге барады. Жүкті ұрғашылар бөлек отырады. Туу
үдірісі түнде өтеді. Бір тұғанда 5-10 балапан болады. Бір жылда тышқан 4-9
рет туады. Үлкен тышқандардың салмағы – ұрғашыларда – 18-30 грамм,
еркектерде 20-35 грамм. Жаңа туған тышқандардың салмағы 1-2 грамм.
Ұстау. Торда ұстайды. Тордың көлемі 200 шақша метр, биіктігі 12 см. 2-3
тышқан бір торда ұсталады. Астарына опилка немесе ағаш жонқа жаяды.
Азықтары: шемішке, сүт, кепкен нан, әдейлеп пресстен өткізілетін даяр азық.
Өмір сүру ортасы. Температура +21 градус, ылғал 55 пайыз. Ауа таза болу
керек.
Жұмыс істеу ережелері. Тышқандарды құйрықтың түбінен екі бармақпен ұстап
керекті жерге алып қояды. Алып қойған жерге екі қолмен басып ұстайды. Құлақ
артындағы желке терісін ұстап басып тұрады. Құйрығын басып ұстайды.
Өлтіру. Әдейлеген көмірқышқыл газ жіберген камерада (эфирмен қолдануға
болады).
Эксперименттер. Суперовуляция. Ұрықтарды транспланттау. Жасұшалы
технологиялар. Ұрық өсіру зерттеулер.
Теңіз шошқа. Үлкен теңіз шошқалардың салмағы: ұрғашылар – 600-1200
грамм, еркектер – 800-1800 грамм.
Физиологиялық өсу теңіз шошқаларда өмірлерінің келесі кезеңдеріне
бөлінеді: сүтпен тамақтану (1-21 күн), жынысу жағдайға жетпеген күндер (25-
50 күн...51-150 күн), репродукция кезеңі (6-18...35-40 ай), кәрілікпен
байланысты өзгерістер кезеңі (3,5-5,5-6(8) жас).
Көбейту. Бір еркек теңіз шошқасы екі ұрғашы теңіз шошқаларға
пайдаланады. Көбейту үшін 6-9 айлық ұрғашыларды, 6-7 айлық еркек шошқаларды
алады. Жүктілік 64 күнге созылады. Бір тұғанда 2-4-6 балапандар болады.
Жаңа тұған балапандардың салмағы 45-110 грамм.
Ұстау. Теңіз шошқаларды әулеттерімен торда ұстайды (1 еркек, 2 ұрғашы
және балапандары). Торлардың ұзындығы және кеңдігі 100 см, биіктігі 50 см.
Астына шөп немесе жоңқа жаяды. Тамақты екі, үш рет береді, бидай, кебек,
тамыртүйнектер, кептірілген және жасыл шөп береді. Су міндетті түрде тұру
керек.
Эксперименттер. Суперовуляция. Ұрықтарды транспланттау. Жасұшалы
технологиялар. Ұрық өсіру зерттеулер.
Үйқоян. Үйқояндардың мағналы биологиялық ерекшелігі – ұрықшылдық, жүкті
болғанда балапандарын емізе алу, жыныс жасына тез жету.
Көбейту. 4-5 айға келгенде ұрғашы қояндарды балапан тууға жұмсауға
болады. Көжектерді туғаннан кейін ұрғашы үйқояндарда жыныстық рефлекстер 1-
2 күннен кейін басталады. Жыныс циклы 3-5 күнге созылады, жылы күндерде 5-7
тәүлікте қайталап тұрады, суық күндерде 8-9 тәүлікте қайтарылады. Бір
циклде 3-9 фолликул овуляциядан өтеді. Жүктілік 30 күнге созылады. Ұрғашы
үйқояндар 1-19, 6-12 көжектер туады. Бір жылда бір ұрғашы үйқояннан 60-70
көжек алуға болады.
Ұстау. Зертханалық жағдайда үйқояндарды виварийда торларда ұстайды.
Температура 14-16 градус, ылғал 60-75 пайыз. Азық – жем, шөп, су.
Эксперименттер. Суперовуляция. Ұрықтар транспланттау. Ұрық өсіру
зерттеүлер.

Биотехнология жұмыстары биологиялық объекттерде, жануарлардың
ағзаларында өткізіледі. Сондықтан жануарлармен жұмыс істегенде,
эксперименттер қойғанда, биотехнолог келесі ережелерді сақтау керек:
1. Эксперимент жұмыстарын бастар алдында, олардың әдістері
жануарлардың оқу және ғылыми пайдалануы халықаралық пайдалану
ережелеріне сәйкес келуін білу керек.
2. Экспериментке қатысатын негізгі құралдардың техникалық жағдайын
сақтау.
3. Жануарлармен жұмыс істегенде анестезиялы фамакологиялық заттармен
қолданып олардың қолдану ережелерін сақтау керек.
4. Дайындау кезеңде және операциядан өткен кезеңде жануарларды күту
ережелерін сақтау керек.
Тексеру сұрақтары:
1. Тышқандар жыныс үдірісіне неше жасында дайын болады?
2. Тышқандарда жүктілік неше күнге барады?
3. Тышқандарды ұстауға арналған қолайлы көрсеткіштерді атаңыз.
4. Теңіз шошқалардың репродуктивтік кезеңі неше жастан басталады?
5. Теңіз шошқаларда жүктілік неше күнге барады?
6. Үй қояндардың репродуктивтік кезеңі неше жастан басталады?
7. Үй қояндарда жүктілік неше күнге барады?
8. Үй қояндарды ұстауға арналған қолайлы көрсеткіштерді атаңыз.
9. Сиырларда, қойларда, шошқаларда, жылқыларда жүктілік неше күнге
барады?

ТАҚЫРЫП 5. Лапаротомия әдісі.

Сабақ мақсаты. Жануарлардың репродукция мүшелеріне жету мақсатымен
лапаротомия әдісімен танысу.
Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын
құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес дайын немесе қолдан жасалған
плакаттар. Кюветаларға құйылған парафин, фиксацияға арналған инелер,
бритва, жүзі домалақша скальпель, хирургиялық қайшылар, пинцеттер, желоб
зонды, катетерлер, хирургиялық инелер, салфеткалар, мақта, анестетиктер,
0,5% нашатыр спиртінің ерітіндісі, 5% йод, кетгут.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны.
1. Ұрықтарды жуып алу әдісіне сәйкес лапаротомия жұмыстарын өткізу.
2. Лапаротомия әдісімен зертханалық тышқандардың ұрықтарын жуып алу.

Зертханалық жануарлармен жұмыс істегенде репродукция мүшелеріне тек қана
хирургиялық әдіспен – лапаротомия – жетуге болады. Лапаротомия өткізгенде
жұмыстардың үш кезеңдерін айырады: дайындау, әдістің өзі, операциядан
кейінгі.
І.Дайындау кезең. Жануарды операцияға дайындағанда келесі жұмыстарды
өткізеді – санитариялық тазалау, жануарды зерттеп операцияға дайындау.
1. Ұрғашыларды есеп жұрналына тіркеу.
Ұрғашыларды пайдалану жұмыстарына байланысты екі топқа бөледі – ұрғашы-
донорларға және ұрғашы-реципиенттерге. Ұрғашы-донорлардан жуып шыгарып
ооциттерді және ұрықтарды алады, ал ұрғашы-реципиенттерге транспланттарды
еңгізеді. Сондықтан, донорлар және реципиенттер арасында байланыс –
ұрықтар.
Транспланттау биотехнологиясында ұрғашы-донорлармен міндетті түрде
келесі жұмыстар өткізеді: 1) суперовуляция қоздыру үшін гормондармен әсер
ету; 2) ұрықтандыру; 3) ұрықтарды алу.
Жануарлардың ұрықтарымен негізгі және қосымша жұмыстар өткізеді. Негізгі
жұмыстарға бағалау, селекция, іріктеу жатады, ал қосымшаларға –
культивирлеу, криоконсервация, клондау және трансгенез.
Ұрғашы-реципиенттерге міндетті түрде келесі жағдайлар тұдырылу керек: 1)
жынысу процесске дайындық; 2) ұрықтарды әкеліп отырғызу.
2. Зертханалық жануарлардың ұрғашыларын 6-12 сағат аш ұстау.
Ол үшін ұрғашыларды эксперименттен бір күн бұрын питомникке отырғызады.
Осында тек қана су береді. Аш ұстау мақсаты – операция алдында іш құрылысты
тағамдардан босату.
ІІ. Лапаротомия әдісі. Лапаротомия – репродукция мүшелеріне жету үшін
ішті кесіп ашу. Лапаротомия әдісімен жұмыс істегенде – ең маңыздысы –
асептика ережелерін сақтау. Асептика – жараға тиетін заттарды толығынан
зарарсыздандырып, онда микробтарды түсірмей хирургиялық инфекциямен күресу
әдісі. Заттар физикалық әдіспен – жоғары температуралармен әсер ету -
зарарсыздандырылады.
Лапаротомияның жұмыс кезегі ұрықтарды жуып алу әдісімен байланысты.
Ұрғашы-донорларды өлтіру әдісінде жұмыс кезегі келесі процедуралардан
тұрады: өлтіру, дезинфекция, жануарды операция үстеліне байлау, операция
жерін дайындау, репродукция мүшелерін (ана бездері, фаллопий түтікшелері,
жатыр) алу үшін ішті кесу, ұрықтарды жуып шығару. Хирургиялық әдісте жұмыс
келесі кезеңдерден тұрады: байлау, жансыздандыру,операция орнын дайындау,
репродукция мүшелеріне жету үшін іштің ақ сызығынан кесу, ұрықтарды жуып
шығару және апарып басқа ағзаға отырғызу, кесілген жерді тігіп қою.
Зертханалық жануарларда лапаротомия жұмыстарын өткізу кезегі:
1. Өлтіру.
а) тышқанды құйрығынан алып, бір белгіленген жердің үстіне қою керек,
мысалы, қақпақтың үстіне;
б) тышқанды құйрығынан тартып сол қойған жерге басып тұру керек;
в) тышқанның мойынынан және құйрығынан қатты ұстап тартып жіберу керек.
Көп тышқандарды өлтірген кезде әдейленген камерамен қолданады.
2. Дезинфекция.
Тышқанды дезинфициялық ерітіндіге салып, кептіріп, зарарсыздандырылған
жерге қояды.
3. Жануарды байлау.
Операция қауыпсыз өту үшін жасалатын кезең. Зертханалық тышқандарды
жіптердің көмегімен немесе инелердің көмегімен парафинге тіркейді. Теңіз
шошқаларын және үйқояндарын операция үстеліне байлайды.
4. Жансыздандыру.
Жансыздандыратын препараттар – пентобарбитон, трибромоэтанол,
фентанилфлюанизон. Инъекцияны іштің ішіне келесі мөлшермен өткізеді: 0,2 мг
пентобарбитон, 0,6 мг трибромоэтанол, 0,04 мг фентанилфлюанизон жануардың 5
гр салмағына.
5. Операция орнын дайындау.
Жұмыс 4 кезеңде өтеді:
1) жуып жүндерді қырқып алу;
2) механикалық тазалау және майсыздандыру. Ол үшін теріні 1-2 минут
зарарсыздандырылған 0,5 пайыздық нашатыр спиртінің ерітіндісіне
салынған марля тампонымен ортадан шетке алып сүртеді;
3) теріні қатайтып дезинфекцияны 5 пайыздық йодпен өткізеді (бірінші рет
– механикалық тазалаудан кейін, екінші рет – кесудің алдында);
4) операциялық простынямен хирургиялық жерді бөліп қою.
6. Жыныс мүшелеріне жету мақсатымен кесу.
7. Ұрықтарды жуып шығару немесе трансплантация кезінде басқа
жануарға апарып отырғызу.
Осы процедурада шприцтерге қосылған әдейленген катетермен қолданады.
8. Тігіс салып ұлпаларды қосу. Кетгут жіптерімен қолданады.
ІІІ. Операциядан кейінгі кезең. Операциядан кейін жануарларды шамның
астында ұстайды. Бір жұма жануарлар виварийда бөлек торларда бақылау
астында тұрады. Ал келесі 7 – 15 күн бақылауды реципиенттер артынан
өткізеді.
Тексеру сұрақтары:
1. Зертханалық жануарларда оқулық эксперименттерді өткізгенде қандай
ережелерді сақтау керек?
2. Операцияның алдындағы кезеңде қандай жұмыстар өткізеді?
3. Лапаротомия деген не?
4. Асептика деген не?
5. Ұрғашы-донорларды өлтіргеннен кейін лапаротомия әдісімен ұрықтарды
жуып алу жұмыстарының кезектері.
6. Лапаротомияда хирургиялық әдіспен ұрықтарды жуып алу жұмыстарының
кезектері.
7. Зетханалық жануарларда лапаротомия әдісімен қолданғанда
анестетиктердің мөлшерлері қанша болады?
8. Операциялық жердің дайындау кезеңдерін атап беріңіз.

ТАҚЫРЫП 6. Жануарлардың репродуктивті жасұшаларын виталь әдісімен
зерттеу.

Сабақ мақсаты. Жануарлардың репродуктивті жасұшаларын виталь әдісімен
зерттеуге үйрену.
Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын
құрал-жабдықтар. Микроскоп, ұрықтарды және ооциттерді in vitro жағдайында
өсірүге жарамды Эрл ерітіндісінің құрамына кіретін заттар.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Тақырып бойынша сұрау (қысқаша).
1. Ұрықтармен жұмыс істеуге және фолликулаларды жуып алуға арналған
орталардың құрамы.
2. In vitro жағдайында ұрықтандыруға арналған орталардың құрамы.
3. Ананың қанының сары суын дайындау.

Жануарлардың репродукция жасұшаларын және ұрықтарын зерттейтін виталь
әдісінің негізінде тірі жасұшаның зерттеүі жатыр. Виталь әдісімен жұмыс
істеу үшін қоректік орта және микроскоп болу керек.
Қоректік орта. Гаметаларды және ұрықтарды репродукция жолынан алып
қоректік ортаға салады (дақылға). Қоректік ортаның жағдайлары жасұшаның
ағзаның ішіндегі in vivo жағдайларына сәйкес келу керек. Орта, өзінің
құрамына байланысты биологиялық жүйелердің өсүін және дамуын қамтамасыз
ететін, сол жасұшалардың өмір сүруіне керекті заттары болатын, қоректік
(дақылдық) деп аталады. Қоректік ортаның химиялық құрамында су – 80-90
пайыз, ақұыз – 10-15 пайыз, липидтер – 2 пайыз, көмірсулар – 1 пайыз,
нуклеопротеидтер – 1 пайыз, бейорганикалық заттар – 1-1,5 пайыз.
Қоректік ортаның дайындау үдірісінде келесі жағдайлар маңызды – құрамына
кіретін заттардың жақсы суға ерүі, тұрақты және ұсыз болуы. Малшаруашылықта
ұрық өсіру зерттеулерде қоректік орта келесі жұмыстарды атқарады:
1. Қоректік заттармен, гормондық даму себепкер шарттармен, ферменттермен,
витаминдермен, транспорттық ақұыздармен, липидтермен, минералдық
заттармен қамтамасыз етеді. Осы кешен жасұшалардың өмір сүрүіне керек.
2. Толық дамуға физико-химиялық жағдайлар тұдырылады.
Қоректік орталарды дайын күйінде алуға болады. Олар суйық күйінде (он
есе концентратталған), немесе ұнтақ күйінде (EBS, F 10) шығарылады.
Қоректік орталарды бөлек инградиенттермен қолданып та дайындауға болады.
Қоректік орталарды химиялық құрамына байланысты үш дәрежеге бөледі:
1. Сары су қоспалары бар орта. Жасұшаларды сары суы бар немесе сары су
қоспалары бар негізгі ортада өсіреді.
2. Сары су орнына қолданылатын заттары бар орталар. Негізгі ортаға сары
су орнына қолданылатын заттар қосылған.
3. Сарысусыз. Олар өз алдына 3 топқа бөлінеді:
а) қарапайым (ақұыздары жоқ);
б) арнайы (тазаланған ақұыздары, гормондары, ферменттері, витаминдері
бар);
в) белгісіз (эксперименттік орталар, құрамында белгісіз биологиялық
қоспалар бар).
Биологиялық орталардың ішінде ең көп қолданылатын – сары су. Ол
жасұшаларды ағзадан бөлек өсірүге лайықты. Қоректік ортада сары су келесі
жұмыстарды атқарады: суға ерімейтін нәрлі заттардың буфері; ұлардың күшін
төмендетеді; гормондарды, өсіру себепкер шарттарды, таптырмайтын
төменмолекулярлы нәрлі заттарды әкеледі; сары суда қорғаныс қасиеттері бар.
Белгіленүіне байланысты қоректік орталарды 4 топқа бөледі:
1) гаметаларды өсірүге арналатын орталар (Хэнкс, Тироде орталары);
2) гаметаларды ұрықтанырұға арналған орталар (Т6 ортасы, Кребс-Рингер
ерітіндісі);
3) ұрықтарды өсірүге арналған орталар (Виттен ортасы);
4) гаметаларды және ұрықтарды қатыруға арналған орталар (РВ1, М2).
Гаметаларды және ұрықтарды өсіру үшін қоректік орталардың негізгі
режимдері келесі болу керек:
1) осмос кысымы 280-290 м Осмольл болу керек. Ортаның осмос қысымы
жасұшаның осмос қысымынан жоғары болса – жасұша қысылады және
жиырылады, ал осы жағдай керісінше болса – жасұша толып жарылып
кетеді.
2) жағымды температура 37-37,5 градус;
3) рН болу керек 7,2 (өсіргенде), 7,4 (ұрықтандырғанда);
4) ауада көмірқышқыл газ 5 пайыз, оттегі 5 пайыз, азот 90 пайыз болу
керек.
Микроскоп.Свет микроскопы және электрон микроскопы тірі жасұшаны
көрсетеді, ал қоректік орта жануарлардың репродукция жасұшаларың in vitro
жағдайында сақтап береді. Сондықтан жасұшаларды аз уақыт бақылау үшін
оларды шынының үстіне немесе Петри табақшаның ішіне суйық қоректік ортаның
ішіне салады. Жасұшалардың артынан көп уақыт бақылау үшін оларды әдейленген
камераларға – жалпақ флакондар немесе жиналатын камералар – салып қояды.
Гаметалардың және ұрықтардың артынан бақылағанда оларды микроскопқа
тіркелген фотоаппараттардың көмегімен сүретке түсіреді. Тірі жасұшаларды
видеокамераға да түсірүге болады. Тездетіп немесе ақырындатып кинокамераға
түсіріп, жасұшалардың келесі үдірістерін көрүге болады: жасұшаның бөлінуі,
фагоцитоз, цитоплазманың ағыны, жасұшалардың қосылуы – ұрықтандырылу және
т.б.
Виталь әдісінің ерекшеліктері келесі:
1. Гаметалардың дамуын, олардың ұрықтандырылуын, ұрықтардың
имплантация алдында дамуын зерттеу мақсаттарымен негізгі
зерттеүлерді өткізүге болады.
2. Дамуның түрлі себепкер шарттарының көмегімен in vitro
биологиялық үдірістерді реттеүге мүмкіншілік туады.
3. Ерекше генотиптері бар ағзаны алу мақсатымен молекулалардың,
ядролардың және жасұшалардың деңгейінде кұрастыруларды өткізу.
4. Жануарлардың популяциясына әсер ету мақсатымен репродукция
үдірістерін реттеүге мүмкіншілік.
Тексеру сұрақтары:
1. Саласына байланысты жануарлар биотехнологиясында қолданылатын
қоректік орталарды қандай топтарға бөледі?
2. Химиялық құрамына байланысты жануарлар биотехнологиясында
қолданылатын қоректік орталарды қандай топтарға бөледі?
3. Малшаруашылықта ұрықтарды өсіру зерттеулерге арналған орталарды
автоклавта зарарсыздандыру режимдерін айтып беріңіз.
4. Ананың қанынан сары суды қалай дайындайды?

ТАҚЫРЫП 7. Ұрықтарды жуып алу (әдістер).

Сабақ мақсаты. Жануарларды көбейту биотехнологиялық әдістерінде
қолданылатын ұрықтарды жуып алу әдістерімен танысу.
Зертханалық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын
құрал-жабдықтар. Ұрықтарды хирургиялық емес әдіспен жуып шығаруды
көрсететін кестесі бар плакат, Ламптер катетері.
Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Тақырып бойынша сұрау (қысқаша).
1. Ұрықтарды транспланттау жұмыстарының кезегі.
2. Ұрықтарды жуып алу хирургиялық және хирургиялық емес әдістердің
жетістіктері және кемшіліктері.
3. Трансцервикалды әдістің және вентралді лапаротомия кезеңдері.
4. Қолданылатын жуып алу әдіске байланысты ұрықтардың даму кезеңдерін
зерттеу.
Ұрықтарды жуып алу – ұрықтарды репродукция мүшелерінен (фаллопий
түтіктері, жатыр) алуға көмектесетін әдіс. Әдісте қоректік орталармен
қолданады. Ұрықтарды алу үшін қоректік ортаны фаллопий түтікшесінен
өткізеді немесе жатырдан өткізеді.
Малшаруашылықта ұрықтарды жуу үш әдіс бар:
1) Ұрғашы-донорларды өлтіру (зертханалық жануарлар және етке баратын ірі
қара малдар);
2) Хирургиялық (орташа малдарда);
3) Хирургиялық емес (ірі малдарда).
Ұрықтарды жұғанда үш кезең айырады: дайындау, жуу кезең, жуып шығарып
алған кезең.
Ұрықтарды зигота және бөліне бастаған кезеңде немесе морула және
бластоциста кзеңдерінде жуып алады. Осы кезеңдер овуляциядан кейін 12-48
сағатта және 3-5 күнде болады.
Ұрықтарды алу үшін жыныс мүшелерін екі әдіспен жуады:
1) Жатырлы – инені жатырдың мүйізіне салып жуатын суйықтықты жібереді.
2) Жатырлы-түтікті – екі нұсқаға бөлінеді:
а) ұрықтарды жатырдың мүйізінен алу;
б) жуатын суйықтықты жатырдың мүйізінен ампулаға қарай жібереді.
Жуатын суйықтықтың мөлшері 15-20 мл. Ұрықтары бар орта 30 мл көлемде
сынауыққа немесе Петри табақшасына алынады.
Ұрықтарды хирургиялық жолмен алу овуляциядан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдердің препараттарын даярлау
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары
Сабуроның сұйық ортасы
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Клетканың органикалық заттары
Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу
Пәндер