Құран Кәрім оқудың сауаптары



1.Құран және ғылым
2.Құран Кәрім оқудың сауаптары
Құран – Алланың сөзі, Мұхаммед с.ә.с. пайғамбарға Жәбрейіл періште арқылы уахи (сөзбе-сөз жеткізілу) етілді. Өзін мұсылман санайтын әрбір пенде бұған иман келтіреді, яғни еш күдіксіз сенеді. Құран – мұсылман қауымының күші, егер қауым одан алыстаса әлбетте рухани әлсіреп, азғындыққа ұшырайды, ал жақындаса рухтанып күшейеді, қуаттанады. Сол сияқты жеке отбасы Құранға жақын болса, рухани қуаттанады, керісінше одан алыстаса рухани әлсірейді. Құраннан алыстау дегеніміз – оның бар екенін білмеу, білсе де керек қылмау, оның өсиеттеріне құлақ аспау, оны оқып үйренбеу, үйренуге тырыспау, болмаса қазақша аудармасын оқымау, ондағы харам мен халалға мән бермеу т.б. Құранмен бірге өмір сүру дегеніміз – бұл, Алланың адамдарға аманат еткен кітабы деп, оған иман келтіру, оны үйренуге тырысу, оның өсиеттеріне құлақ асу, амал қылу, шамасы келгенше үкімдерін орындау, адамдарға ақыл-кеңес бергенде, пенде өз ойынан емес, Құрандағы ақиқатты ескеру т.б.
«Құран кәрім» деп аталуының себептері: Біріншіден, ол өте әдеби-көркем, яғни мағына жағынан да, сөздік құрылым жағынан да, шебер құрастырылған, адамға берер пайдасы шексіз, тарихи дерек ретінде тұнып тұрған ақиқат, ғылыми ұстанымы өзгермейтін, қуантуы мен қорқытуы дәл есептелген, күрделі де қарапайым, мұсылман пенде үшін жеңілдетілген кітап. Екіншіден, оны оқыған пендеге әр әріпіне он сауап, басқаша айтқанда он жақсылық істеді деп жазылады.Үшіншіден, оны оқып, оған амал қылып жүрген адамның жеке басы мен отбасына Алланың берекесі болады. Яғни Алла тағала ол отбасына түрлі сезімдерді молынан беріп қояды. Мысалы, күйеуі әйелін қадірлейді, ал әйелі күйеуін құрметтейді, балаларының ата-анасына деген махаббаты шексіз, табыстары жақсылыққа жұмсалып, сауапқа айналса, басқа түскен қиыншылықтары мен күнәләрі кетіп, әке-шеше, ата-енемен, ағайын-туыс және жақын достармен тіл-табысу, жоққа сабыр, барға шүкіршілік ету еш қиындықсыз орындалады. Дүние қай кітапта бұндай артықшылық бар?

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Құран және ғылым
2.Құран Кәрім оқудың сауаптары

Құран – Алланың сөзі, Мұхаммед с.ә.с. пайғамбарға Жәбрейіл періште
арқылы уахи (сөзбе-сөз жеткізілу) етілді. Өзін мұсылман санайтын әрбір
пенде бұған иман келтіреді, яғни еш күдіксіз сенеді. Құран – мұсылман
қауымының күші, егер қауым одан алыстаса әлбетте рухани әлсіреп, азғындыққа
ұшырайды, ал жақындаса рухтанып күшейеді, қуаттанады. Сол сияқты жеке
отбасы Құранға жақын болса, рухани қуаттанады, керісінше одан алыстаса
рухани әлсірейді. Құраннан алыстау дегеніміз – оның бар екенін білмеу,
білсе де керек қылмау, оның өсиеттеріне құлақ аспау, оны оқып үйренбеу,
үйренуге тырыспау, болмаса қазақша аудармасын оқымау, ондағы харам мен
халалға мән бермеу т.б.  Құранмен бірге өмір сүру дегеніміз – бұл, Алланың
адамдарға аманат еткен кітабы деп, оған иман келтіру, оны үйренуге тырысу,
оның өсиеттеріне құлақ асу, амал қылу, шамасы келгенше үкімдерін орындау,
адамдарға ақыл-кеңес бергенде, пенде өз ойынан емес, Құрандағы ақиқатты
ескеру т.б.

Құран кәрім деп аталуының себептері: Біріншіден, ол өте әдеби-көркем,
яғни мағына жағынан да, сөздік құрылым жағынан да, шебер  құрастырылған,
адамға берер пайдасы шексіз, тарихи дерек ретінде тұнып тұрған ақиқат,
ғылыми ұстанымы өзгермейтін, қуантуы мен қорқытуы дәл есептелген, күрделі
де қарапайым, мұсылман пенде үшін жеңілдетілген кітап. Екіншіден, оны
оқыған пендеге әр әріпіне он сауап, басқаша айтқанда  он жақсылық істеді
деп жазылады.Үшіншіден, оны оқып, оған амал қылып жүрген адамның жеке басы
мен отбасына Алланың берекесі болады. Яғни Алла тағала ол отбасына түрлі
сезімдерді молынан беріп қояды. Мысалы, күйеуі әйелін қадірлейді, ал әйелі
күйеуін құрметтейді, балаларының ата-анасына деген махаббаты шексіз,
табыстары жақсылыққа жұмсалып, сауапқа айналса, басқа түскен қиыншылықтары
мен күнәләрі кетіп, әке-шеше, ата-енемен, ағайын-туыс және жақын  достармен
тіл-табысу, жоққа сабыр, барға шүкіршілік ету еш қиындықсыз орындалады.
Дүние қай кітапта бұндай артықшылық бар?
Құранды оқудың себептері өте көп, негізгі себептерінің бірі ол – түзу
 жол нұсқаушы. Өмірде барлық адам түзу жүргісі келеді, ешкім адасқысы
келмейді, адасып жүрмін деп те ойламайды. Әрине әрбір ата-ана бар білгенін
баласына үйретіні белгілі, бірақ адам ер жетіп, үлкен өмірге араласқан соң
әркімге өзінше өлшенген, күрделі машақаттар келетіні анық. Сол кезде
мәселені не болса, ол болсын деп емес, керісінше ақ пен қарасын ажыратып,
әр затты орнына қойып, әр сөзді орнымен айту үшін бізге Құран кәрім аса
қажет. Құранда былай делінген: Міне осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін
тура жол көрсетуші (22). (Тақуалар дегеніміз – барлық  жамандық, күнә
істен сақтанатын адамдар). Басқа бір сүреде: (Мұхаммет Ғ.С.)  саған бір
мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін, әрі ақыл иелері үгіт
алсын (3829).
Құран оқу, ол – ғибадат, яғни құлшылық, оқыған сайын сізге сауап
жазылады. Құранды әрдайым оқитындар туралы  Алла тағала былай деп
айтады: Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман
келтіргендер. Кім кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер (1\121).
Өмірдің мәні құлшылық пен сауапты істе деген пенде үшін бұл өте қолайлы
олжа. Бос уақытыңда, іш пысты, уақыт өтпей жатыр дегенше, оның орнына
Құран оқып сауабыңды жинай бер. Одан кейін, Құран – қорған  және шипа. Азан
айтылып, Құран оқылатын үйден жын мен шайтандар қашады. Сол себепті, ол
отбасында, ұрыс-керіс, орынсыз бейнет, қырсық  т.б. салыстырмалы түрде аз
болады. Сонымен қатар, ол отбасы көз бен тілдің кесірінен қауіпсіз, тіпті
зияны болып жатса да шипасыз қалмайды. Құранда былай айтылады: Құраннан
мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз... (17\82). Басқа бір сүреде: Әй
адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүректегілерге бір шипа,
сенушілер үшін тура жол және рахмет түрінде (Құран) келді. Олар, Алланың
кеңшілігі, мәрхаметімен болған осылармен қуансын. Өйткені, Құран олардың
жиған-тергендерінен қайырлы де. (10\57-58).
Құранды көп оқыған адам – қабір азабынан құтылады. Пайғамбарымыздың
с.ә.с. хадисінде Құрандағы Мүлік сүресін оқыған адамның қабір азабы
жеңілдейтіндігі туралы  айтылған. Сондай-ақ ақирет күні әрбір пенденің
оқыған құраны өзіне шапағатшы болады. Пайғамбарымыз с.ә.с. айтты: Құранды
оқыңдар! Шындығында  Құран қиямет күні оқыған иесі үшін шапағатшы
болады деген. Қандай да бір сазгер өлең шығарса, оны кім көрінген адамға
емес, таңдап талантты әншіге береді. Ол әнші өз кезегінде әнді орындап шығу
үшін әжептәуір жаттығу жасайды. Ал иесі Алла өзі болған, Құран кітабы
оқысаң даналығы мол, үкімі өте әділ, әндетсең әні бар, қорқытуы мен
қуантушы аяттары есептелген.
Құран Кәрім - Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) арқылы Аллаћ Тағаланың адам
баласына жолдаған кітабы, яғни Мұхаммед пайғамбарға түс арқылы, илћам
арқылы, Жәбраил періште арқылы және тікелей Аллаћпен тілдесу арқылы уахилер
23 жылда аят-аят, сүре-сүре болып келген. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) өзіне
білдірілген уахилерді сахабаларына жеткізген, үйреткен, жаздырған және
жаттатқан.
Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) өлімінен кейін Ќұран Кәрімді жинақтау
хазіреті Әбу Бәкірдің халифалығы заманында хазіреті Омардың ұсынысымен,
Зейд бин Сәбит басшылығы арқылы жүзеге асқан. Ал Хазiретi Мұхаммедтің
(ғ.с.) уақытында уахидің келуі жалғасып тұрғандықтан, оны бір кітап етіп
жинақтау мүмкін болмады.
Хазіреті Осман заманында Құран нұсқасы алты нұсқаға көшірілдi, олар
Куфаға, Басраға, Шамға, Меккеге, Иеменге, Бахрейнге жөнелтілді және “имам”
деп аталған түпнұсқасы Мединеде сақталды.
Құран Кәрім - 114 сүреден, 6666 аяттан тұрады. Сүре - сөздiкте жоғары
мәртебе, абырой яки қатар деген мағынаға келедi. Терминдiк мағынасы
аяттардан тұратын басы мен ақыры бар жеке Құран бөлiмi. Аят - сөздiкте
белгi, дәлел, нышан, ғибрат мағыналарына келедi. Ал терминдiк мағынасы
сүрелердiң iшiнде басы мен ақыры болған яки бiр немесе бiрнеше сөйлемнен
құралған сөздер жиынтығы. 286 аяттан тұратын ең ұзын сүре - Бақара сүресі,
ал ең қысқасы - 3 аяттан тұратын Кәусар сүресі. Құранның бірінші бетіне
Фатиха сүресі, соңғы бетіне Нас сүресі орналасқан.
Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) алғаш аян болған “Алаќ” сүресінің алғашқы
бес аяты екені баршамызға мәлім, яғни Хира үңгірінде Хазiретi Мұхаммед
(ғ.с.)ке алғаш уахи етілген “Иќра (оќы)” бұйрығы екендігі баяндалады.
Десек те Меккеде ең алғаш түскен сүре – Мүддәсір немесе Фатиха сүресі. Ал
ең соңғы түскен сүре - Мүминин сүресі. Ардақты пайғамбарымызға Медине
қаласында ең алғаш түскен - Бақара сүресі, ал пайғамбарымыздың өмірінің
соңында келген сүре - Наср сүресі деп есептеледі.
Тәубе сүресінен басқа барлық сүрелер Бисмиллаћи-р-Рахмани-р-
Рахиммен басталады.
Сүрелердің орын тәртібі Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) тапсыруымен
халифа Хазіреті Осман уақытында орналастырылған.
Тағы бір айта кететін мәселе, Ќұран сүрелерін меккелік және мединелік
деп қарастыра аламыз.
Меккелік сүрелер - Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Мекке қаласында жасаған
кезде түскен сүрелер. Меккелік сүрелерде жалпы иман-сенім, жаннат-жаћаннам,
әлем мен адамның жаратылуы, өткен пайғамбарлар туралы тақырыптар қамтылған.

Ал Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) Меккеден Мединеге көшуіне байланысты,
Медине қаласында түскен сүрелер “мединелік сүрелер” деп аталады. Осы
аталған сүрелерде қоғам өмірі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар
бойынша әмірлер мен бұйрықтар, тыйымдар т.б. тақырыптар баяндалады.
Құран – Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) ең үлкен мұғжизасы. Күніміздегі
заманауи ашылып жатқан жаңалықтардың мұсылмандардың қасиетті кітабында
кездесетіні құдайдың құдіреті мен ұлылығын дәлелдейді. Бұл - Ќұранның Аллаћ
сөзі екендігінің айықпас дәлелдерінің бірі болса керек.

Кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктердің
 Құран  Кәрімде  осыдан  он  төрт  ғасыр  бұрын яғни,  микроскоптан,
телескоптан мақұрым ғасырда қорытынды түрде дөп басып айтылуы бұл күнде
батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып,  Исламға  бас  идірген.  Бұл  Құранды
 Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар жазбағанын, Алла тарапынан жіберілген иләһи
кітап екендігін айқын білдіреді. Өсімдіктердегі     
аналық-аталық     ұрықтарының     ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана
зерттеліп айқындалғаны мәлім. Ал Құран мұны он төрт ғасыр бұрын былай деп
көрсеткен:

Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді, өздеріңді және сендердің 
 білмейтін  нәрселеріңді  жұп-жұп  қып  жаратқан Алла қандай пәк Ясин
сүресі, 36-аят.

Сондай-ақ, зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай- ланысты соңғы
ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның Рахман сүресінде былайша
баяндалады:

Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ
араларында перде болғандықтан бір-бірімен араласпайды Рахман сүресі, 19-
20-аяттар.

Иә,  бір-бірімен  қосылып  жатса  да,  сулары  араласпайтын теңіздердің
 жоғарыдағы  аятта  айтылған  ерекшелігі  жақында ғана мұхит зерттеушілері
тарапынан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының тоғысқан жерінен табылды.
Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр
түрлі болуы  сол  –  екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құран немесе Құран Кәрім
Әбу Ханифа ұлы ғалым
Құран оқу және оның қасиеттері жайлы
Құран – тұтастай тұңғиық ғылым
Құран Кәрім және ғылым
Психология және когнитивтік психология
Құран Кәрім
Баланың құрсақ ішінде сабақ оқуы
Ислам діні туралы мәлімет
Құран - Аллаһ тағаланың мәңгі кітабы
Пәндер