Сөздік қор және сөздік құрам



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Лексикология
а) Сөздік қор және сөздік құрам.
ә) Кірме сөздер
б) Жаңа сөздер (Неологизмдер)
в)Термин сөздер
г)Диалект сөздер

2. Семасиология
а) Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
ә)Омоним
б)Синоним
б)Антоним

3. Тұрақты сөз тіркестері
а) Идиома
ә) Фраза
б) Мақал.мәтелдер

ІІІ Қорытынды
Айналадағы заттар мен құбылыстардың, олардың әр түрлі белгілерінің, қимыл іс-әрекеттерінің ұғымы тілде сөз арқылы беріледі. Яғни тіліміздегі сөздердің өзіне тән мағыналары болады. Ол мағына сол тілде сөйлеушілерге түсінікті және ортақ болып саналады. Тілдің тарихи дамуы барысында сөздердің бір жағынан бір-бірімен грамматикалану процесі жүріп жатса, екінші жағынан, сөз тіркестері-нің бір бүтін лексикалық единицаға (сөзге ауысу) лексикалану процесі жүріп жататындығы белгілі. Бұл құбылыс әсіресе сөз тудыру тәсілдерінде айқын бай-қалады. Мысалы: таңға, күнге, қысына, жазға, айына бірде, жақында, басында, аяғында, акырында, аркасында, әзел де, күнде, бұрыннан, белшесінен, алшысынан, төтесінен, тұтқиылдан, басынан, жасынан, бірден, шөкесінен, атымен, басымен, шынымен, түнімен, бетімен, жайымен т. б. Бұлар — шығу төркіні жағынан о баста есім сөздерге септік жалғауы жалғануы арқылы жасалған туынды үстеулер. Бүгінде соңғы буындағы қосымшалар әбден кірігіп, жымдасып өзара бөліп алуға келмейтінде дәрежеге жеткен. Қазақ тілінде жалғыз дыбыстан тұратын (а, е, э, о), я бол маса, бір әріппен берілегін (у, и, я) бірді-екілі сөздер бар. Сөздер әдетте бірнеше дыбыстардың тіркесінен құралады да белгіл бір мағынаны білдіреді.Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының зәредей өзгеруі олардын, мағыналарының азды-көпті өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, ал, әл, ол, өл, іл, ұл немесе аз, ақ. ал, аң, ас, ат, ау, аш деп белгілі бір дыбыстың өзгеруінен баска басқа сөз жасауға болатындығы өз-өзінен түсінікті болса керек. Тілде белгілі бір дыбыс алмасып айтылғанымен сөздерді сыртқы түр-тұрпаты, мағынасы да оншалыкты өзгеріске ұшырамай, үнемі ұксасып келе беретін жагдайлары болады. Мысалы: айғай-айқай, бау-бақ, сурау-сұрақ, шұқыр-шұңқыр, ауа-әуе бәйге-бәйгі, үлгіру-үлгеру, түтендеу-түгелдеу, жұдырық-жұмырық, жаңқа-жоңқа т. б. Лексика көне гректің Lexiros (сөздік) деген сөзінен шыққан. Ол- дүние жүзі халықтарына ортақ термин. Бұл термин бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді, оны сөздік құрам деп атайды. Кейде бұл термин жазушының немесе жеке шығармалардың тілі дегенді де білдіреді, мәселен, Сәбит Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы және т.б. Сондай-ақ, сөзге шебер, тілі орамды адамдарды да лексикасы бай адам екен деп атайды. Лексиканы, яғни сөз байлығын тексеретін ғылымды– лексикология, сөз мағынасын тексеретін ғылымды –семасиология, ал сөздердің шығу төркінін тексеретін ғылымды- этимология дейді. Ал лексикология ғылымы өз ішінде семасиология, этимология, фразеология және лексикография деген салаларға бөлінеді. Қазақ тілінің сөз байлығындағы негізгі сөздік қор- адам, ай, күн, жер, су, от, ақ, қара, сары, он, бару деген сияқты сөздер жиынтығы жатады
1. «Қазақ тілі» Ш.К.Бектұров, «Атамұра» баспасы, Алматы 2006
2. «Қазақ тілі» С.Исаев, К.Назарғалина, «Рауан» баспасы, Алматы1997
3. «Қазақ тілі» Қ.Қадырқұлов, Н.Ботантаева, Алматы 2004
4. http://www.google.com.au/

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Лексикология
а) Сөздік қор және сөздік құрам.
ә) Кірме сөздер
б) Жаңа сөздер (Неологизмдер)
в)Термин сөздер
г)Диалект сөздер

2. Семасиология
а) Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
ә)Омоним 
б)Синоним
б)Антоним

3. Тұрақты сөз тіркестері
а) Идиома
ә) Фраза
б) Мақал-мәтелдер

ІІІ Қорытынды

Кіріспе
Айналадағы заттар мен құбылыстардың, олардың әр түрлі белгілерінің,
қимыл іс-әрекеттерінің ұғымы тілде сөз арқылы беріледі. Яғни тіліміздегі
сөздердің өзіне тән мағыналары болады. Ол мағына сол тілде сөйлеушілерге
түсінікті және ортақ болып саналады. Тілдің  
тарихи   дамуы  барысында  сөздердің бір жағынан бір-бірімен грамматикалану
процесі жүріп жатса, екінші  жағынан, сөз тіркестері-нің  бір  бүтін 
лексикалық  единицаға (сөзге ауысу) лексикалану процесі жүріп жататындығы
белгілі. Бұл құбылыс әсіресе сөз тудыру  тәсілдерінде  айқын бай-қалады.
Мысалы: таңға, күнге, қысына, жазға, айына  бірде, жақында, басында,
аяғында, акырында, аркасында, әзел де, күнде, бұрыннан, белшесінен,
алшысынан, төтесінен, тұтқиылдан, басынан, жасынан, бірден, шөкесінен,
атымен, басымен, шынымен, түнімен, бетімен, жайымен т. б. Бұлар — шығу
төркіні  жағынан о баста есім сөздерге септік жалғауы жалғануы  арқылы
жасалған туынды үстеулер. Бүгінде соңғы буындағы қосымшалар әбден кірігіп,
жымдасып өзара бөліп алуға келмейтінде дәрежеге жеткен.
Қазақ тілінде жалғыз дыбыстан тұратын (а, е, э, о),
я бол маса, бір әріппен берілегін (у, и, я) бірді-екілі сөздер бар.  Сөздер
әдетте бірнеше дыбыстардың тіркесінен құралады да белгіл бір мағынаны
білдіреді.Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының  зәредей  өзгеруі олардын,
мағыналарының азды-көпті өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, ал, әл, ол, өл,
іл, ұл немесе аз, ақ. ал, аң, ас, ат, ау, аш деп белгілі бір дыбыстың
өзгеруінен баска басқа сөз жасауға болатындығы өз-өзінен түсінікті болса
керек. Тілде белгілі бір  дыбыс алмасып айтылғанымен сөздерді сыртқы түр-
тұрпаты, мағынасы да оншалыкты өзгеріске ұшырамай, үнемі ұксасып келе
беретін жагдайлары болады. Мысалы: айғай-айқай, бау-бақ, сурау-сұрақ, шұқыр-
шұңқыр, ауа-әуе   бәйге-бәйгі, үлгіру-үлгеру, түтендеу-түгелдеу, жұдырық-
жұмырық, жаңқа-жоңқа т. б.
Лексика көне гректің Lexiros (сөздік) деген сөзінен шыққан. Ол- дүние
жүзі халықтарына ортақ термин. Бұл термин бір тілдегі барлық сөздердің
жиынтығы деген ұғымды білдіреді, оны сөздік құрам деп атайды. Кейде бұл
термин жазушының немесе жеке шығармалардың тілі дегенді де білдіреді,
мәселен, Сәбит Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы және
т.б. Сондай-ақ, сөзге шебер, тілі орамды адамдарды да лексикасы бай адам
екен деп атайды. Лексиканы, яғни сөз байлығын
тексеретін ғылымды– лексикология, сөз мағынасын тексеретін ғылымды
–семасиология, ал сөздердің шығу төркінін тексеретін ғылымды- этимология
дейді. Ал лексикология ғылымы өз ішінде семасиология, этимология,
фразеология және лексикография деген салаларға бөлінеді. Қазақ тілінің сөз
байлығындағы негізгі сөздік қор- адам, ай, күн, жер, су, от, ақ, қара,
сары, он, бару деген сияқты сөздер жиынтығы жатады

Лексикология. Сөздік қор және сөздік құрам
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында 
лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің  мағынасын, оның жалпы
лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін,
күнделікті қарым-қатынастағы  көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын
тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді
тілдің  қазіргі даму тұрғысы-нан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз
байланыстыра отырып та зерттейді. Сөз  байлығы — лексика қарастыратын
негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де
жатады, Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың 
жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрам-ды. Сөздік құрам неғұрлым
бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы
жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ сөздері сан жағынан көп
және сан салалы болғанымен, бұлардың жасалуы мен шығу тегі, мағыналары мен
қолданылуы, даму қарқыны белгілі бір заңдылықтарға бағынады. Қазақ тілі
лексикологиясы қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің осы заманы даму қалпын,
олардың келіп шыққан арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздер-дің 
экспрессивті-стилистикалық  мәнін, қолданылу аясын тексереді.
Ана тіліміздегі сөз байлығының 
басынан  кешкен  ұзақ тарихы  бар. Сөз-дердің  қалыптасуына, өзгеруі мен
дамуына қатысты заңдылықтарды  тарихи лексикология тексереді. Тарихи
лексикологиянын бір саласы — этимология. Этимология сездердің шығу
төркінін, олардың  ең алғашқы  түр-тұрпаты  мен мағынасын анықтайды. Сол
арқылы қазақ халқы ерте заманда қандай халық-тармен каншалықты
қарым–қатынаста болғандығын айқындауға болады. Тілдегі жалқы
есімдерді зерттейтін ономастика ғылымы.  Ономастика іштей антропонимика
жәпе топонимика  болып екі салаға жіктеледі. Антропонимика кісі аттарып
(есімдерін) зерттеу объектісі етіп қараса, топонимика  географиялық (жер-су
атауларды жеке объскті етіп зерітейді. Тілдегі сөдердің номинатив-тік 
қызметімен қатар грамматикалық қызметі де бар. Сөздік
қор негізінде жасалған бір, бірегей, бірдей, бір-бірінен, бірқыдыру тәрізді
сөздер және кірме сөздер: совет, колхоз,звено, ферма, комсомол, роман,
поэма, көнерген сөздер: хат, патша, қазы, би, төре, сұлтан, бек, мола,
садақ, қылыш, жаңа сөздер: химия, биология, физика, тіл білімі, бастауыш,
баяндауыш, диалектизмдер: әйдік, әтешкүр, нән, пәс, т.б. сөздер сөздік
құрамды құрайды. Сөйтіп, барлық сөздердің ұйытқысы болатын түбір сөз сөздік
қорға жатады. Сөздік қорға жататын сөздер мынадай шарттарға жауап
беретіндей болуға тиіс:
1) негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешірген тұрақты сөздер
болы керек; 2) негізгі сөздік қор сол тілдің ішінде жаңа сөз
жасауға негіз болуы шарт; 3) негізгі сөздік қор жалпы халыққа
ортақ, түсінікті болуға тиіс. Негізгі сөздік қор сонау ерте
дәуірден бері қарай келе жатқан тұрақты сөздер тобы екендігін дәлелдейтін
фактілер мыналар: 1) V ғасырға
жататын Талас өзенінің бойынан табылған ескерткіштердегі жазуда ат,ер,
сіз,тұл, отыз сөздерінің кездесуі;
2) VІІ- VІІІ ғасырларға жататын Орхон-Енисей жазуларындағы сөздерге кіші,
сіз, ол, өзім,ілгері, тысқары, көк, боз, сары, алты, он, отыз, т.б.
сөздердің болуы;

3) Құдатқу біліг, Диуани луғат-ат түрік және Кодекс Куманикус
шығармаларында кездесетін сөздердің күні бүгінге дейін азғантай ғана
өзгеріспен қолданылуы.
Тілдегі сөздердің барлық жиынтығы тілдің сөздік құрамына
немесе лексикасына жатады. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан
әлдеқайда мол. Өйткені оған жоғарыда аталған кірме сөздер де, терминдер де,
сондай-ақ диалектизмдер енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез
өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреулері одан шығып
қалып жатады.

Кірме сөздер

Кірме сөздерге басқа тілдерден әр түрлі себептермен енген сөздер
жатады. Қазақ тілінде монғол, араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің
саны мол. Монғол тілінен сез ену кезеңі XI—X ғасыр деп саналады. Абдыра,
алтын, аймақ, аға, жиен, бажа, балта, бұрғы, бура, бұқа, т. б. араб, иран
тілінен сөз ену орта ғасыр деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері
тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енеді.
1. Шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сездер:
айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта, т. б.
2. Мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы,
әсіресе, Фердауси, Науай, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен енді. Мәселен,
мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат
т. б. 3. Дінмен енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ,
ақырет, т. б. Міне, қазақ тіліне араб-иран тілінен сездер осьшдай үш түрлі
жолмен келіп енді. Орыс тілінен қазақ тіліне сез ену сонау XVIII ғасырдан
басталады.
Неологизмдер (Жаңа) сөздер
Қоғамның дамуына сай тіліміз де дамып, жетіліп отырады. Әр қоғамда халық-
тың санасына, түрліше жағдайына, рухани есуіне, экономика мен техниканың
дамуына байланысты жаңа сөздер пайда болады. Мұндай жаңа сөздерді неологизм
деп атайды. Бұрынгы
Советтік дәуірде тілімізге көптеген жаңа сөздер енді. Мысалы: революция,
коммунист, комсомол, пионер, колхоз, совхоз, тәлімгер т. б. Қазақ тіліндегі
неологизмдер бес түрлі тәсілмен жасалады.
1. Сөздердің мағыналарының жаңаруы арқылы: мұра, әлем, талқылау.
2. Қосымша жалғану арқылы: мұздат-қыш, құрам, наградтау, оқулық. 3.
Сөздердің бірігуі арқылы: өнеркәсіп, бесжылдық, қолөнер. 4.
Басқа тілдерден ауысу, ену арқылы: самолет, парашют, химия, телефон.
5. Басқа тілден сөзбе-сөз аудару арқылы: үшбұрыш, жазушы.
Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болғалы бері жаңа қолданысқа ие болған
сөздер күн санап көбейе түсуде, мысалы: сынып, әдіс, әдістеме, ұлан,
ғарышжай, сыйақы т.б.

Термин сөздер Термин
сөздерге мына төмендегідей үш түрлі шарт қойылады. а)
Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет. ә)
Термин сөздердін қосымша, ауыс мағыналары болмау керек. б)
Термин сөздер нақты заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексІз
үғымдардың атауы болуы шарт. Терминдік жүйесі жасалмаған, термин-дік
ұғымдары қалыптаспаған тілді әлі де әдеби тіл дәрежесіне көтерілген тіл деп
айтуға болмайды.
Терминдер әрбір ғылым саласында молынан кездеседі. Мысалы:
1.Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология,
синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия.
2. Әдеби-өнер терминдері: проза, комедия, драма, опера, сатира, поэзия,
эпос, консерватория, либретто, дирижер т.б.
3. Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.
4. Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер т.б.
5. География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, Азия, Африка,
масштаб, тайфун, карта т.б.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында терминдік мәнге көшкен байырғы
сөздердің түр-түрі молынан кездеседі. Мысалы: курес, еқбек, жарыс, жалау,
екпін (ударение), сұраным ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Табу және эвфемизмдер жайлы
Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Сөз және мағына
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі
Пәндер