Емдеу мекемесіндегі тазарту түрлері, тазарту жиһаздарын өңдеу. Стерилизация туралы түсінік


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Емдеу мекемесіндегі тазарту түрлері, тазарту жиһаздарын өңдеу.

Стерилизация туралы түсінік.

Жоспары:

1. «Стерилизация» ұғымына түсініктеме. Емдеу-профилактикалық мекемелердегі стерилизацияны ұйымдастыру. Стерилизацияның маңызы.

2. Медициналық құрал-жабдықтардың стерилизация алдындағы тазарту.

3. Стерилизация әдістері.

4. Стерилизация түрлері

Пайдаланылған әдебиеттер

Стерилизация (латын тілінен Sterilis - ұрықсыз) - бұл физикалық және химиялық құралдардың көмегімен барлық микроорганизмдерді, сондай-ақ олардың әр түрлі формаларын, споралық формаларда кіреді, толығымен жою болып табылады.

Дезинфекцияның мақсаты тек қана патогендік микробтарды өлтіру болса, стерилизацияның мақсаты заттардағы микробтардың барлық түрлерін құрту, толығымен тазалау (яғни ұрықсыздандыру) болып табылады.

Стерилизацияның негізгі мақсаты - физикалық және химиялық факторларды пайдалану арқылы медициналық бұйымдар мен дәрілердегі болуы мүмкін микробтарды толығымен жою.

Стерилизация клиникалық және профилактикалық медицина үшін өте маңызды. Стерилизацияның әр түрлі әдістері мен құралдары хирургиялық, стоматологиялық, стационарда босанатын үйлерде және емдеу-профилактикалық мекемелердің әр түрлі бөлімдерінде хирургиялық құралдарды, аппараттарды, орайтын материалдарды және басқа да заттарды ұрықсыздандыру үшін кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, қан қызметі мекемелерінде, микробиологиялық практикада қоректендіру ортасын, лабораториялық ыдыстар мен инструменттерді ұрықсыздандыру үшін қолданады.

Стерилизация асептикамен антисептиканың негізі болып табылады. Асептика - бұл хирургиялық кіріспелер кезінде орын таңуда, эндоскопиялық және басқа да емдеу мен диагностикалық манипуляциялар кезінде аурудың жарасына микроорганизмдердің түсуіне қарсы бағытталған профилактикалық шаралар жүйесі.

Ал антисептика - бұл әр түрлі препараттарды қолдану, негізінен химиялық, атап айтсақ антисептикалық құралдарды операция жасайтын хирургтың қолын және операция жасалатын тері алаңын, сондай-ақ тікелей жара беткейін стерилизациялау болып табылады. Осы мақсатта қолданылатын антисептиктерге қойылатын негізгі талап - бұл кері зиянды әсері аз, ал бактерияларға қарсы белсенділігі жоғары болуы қажет. Қазіргі заманғы антисептиктердің мысалы ретінде хлоргексидинді айтуға болады.

Дегенмен антисептика мен асептиканы бөліп қарастырған дұрыс емес. Осы екі анықтама бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырады. Асептика мен антисептиканы хирургиялық манипуляцияларда, акушерлік-гинекологиялық практикада, стоматологияда іріңді септикалық асқынуларды алдын алу үшін кеңінен пайдаланады.

Стерилизация аурухана ішілік инфекцияларды профилактикасында маңызды орын алады. Хирургиялық стационарларда, босану үйлерінде және басқа да емдеу профилактикалық мекемелердегі ауруханаішілік инфекцияның көзі созылмалы және жедел түріндегі іріңді-септикалық аурулары бар адамдар, сондай-ақ медициналық қызметкерлер мен аурулар арасындағы симптомсыз тасымалдаушылар болып табылады.

Жиі қолданылатын медицина бұйымдары әрбір мекемеде стерилизациядан өтеді, бір рет қана қолданылатын бұйымдар өндіріс орындарында стерилизациядан өтеді.

Стерилизация түрлері

Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.

Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.

Өңдеу келесі манипуляциялардан тұрады:

  1. Жарақатпен, қанмен және инфекциялық бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды дезинфекциялап, екі рет шайып алады.
  2. Жоғарыда аталған заттармен жанасқанда стерильдеуден бұрын алдын-алы жақсылап өңдеуден өткізеді.

Сынама қойған кезде бақыланып отырған затқа екі реактивтен де тамызады. Қан немесе жуу заттарының қалдықтары бар болған жағдайда ондай заттарды қайта өңдеу керек болады. Стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылауға тәулігіне өңделген заттардың әр түрінің 1%-ы алынады.

  1. Іріңді операция немесе жұқпалы аурулар кезінде қолданылатын заттарды алдымен дезинфекциялап, тазалап, стерильдеуге жібереді.
  2. Шыныдан, металдан, термотөзімді полимерлерден, резинкадан жасалған заттарды стерилизаторда 30 минут қайнатады, содан соң стерильдейді.
  3. Шыныдан, металдан жасалған және стоматологиялық аспаптарды 120-130С-та 15 минут өңдейді.

Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде жүргізіледі.

Ауалы стерилизатор - термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі. Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.

Жылулық стерилизациялаудың екінші бір түрі ыстық бумен стерилизациялау болып табылады. Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу - стерилдеудің әмбебап тәсілі.

Булы стерилизатор немесе автоклав - қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын, су буы және стерилдеуші камерадан тұратын металды цилиндр. Аппарат манометр, термометр және басқа да бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталған. Автоклавта жоғары қысым қайнау температурасын арттырады. Микробтарға жоғары температурамен бірге бу әсер ететіндіктен споралар 120С-та жойылады. Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаған сайын стерилдеу уақыты азаяды. Микробтар бірнеше секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты ұзағырақ, себебі жоғары температура стерилденетін материалдың ішіне енуі керек. Автоклавта таңу материалдарын, төсек, коррозияға төзімді металды құралдар, қоректік орталар мен инфекциялық материалдарды стерилдейді.

Булы стерилизаторлардың жұмысына бақылау орталықтандырылған стерилизациялық бөлімдерде кварталына 1 реттен кем емес жасалады.

Емханаларды, клиникалық зертханаларды жылына екі реттен кем емес қадағалап отырады. Инфекциялық хирургиялық диспансерлерде, перзентханаларда, балалар бөлімдерінде, стоматологиялық мекемелерде және қан құю орталықтарында бақылау жүргізу кварталына 1 реттен кем емес болуы керек. Сонымен бірге булық стерилизаторлар қойылған мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлер стерильдік камераның бақылауын химиялық индикаторлардың біреуін салып кристалдық заттың балкуы бойынша бақылайды.

Жоғары температурамен стерильдеудің бір түрі - бөлшектеп стерильдеу . Стерильдеудің бұл түрі 100С-тан жоғары температураға шыдамайтын материалды өңдеуге қолданылады. Су моншасында оларды 80С-та 30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде бактериялардың вегетативті түрлері жойылады.

Жалпы алғанда жылулық стерилизация - тиімді, экологиялық қауіпсіз, арзан және жақсы бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары температурада бұзылатын болса, оны қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда басқа тәсіл қолданылады.

Стерильдеудің химиялық түрі- токсикалық газдарды, этилен оксидін, этилен тотығы мен бромды метильдің қоспасын және формальдегидті қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-сын, ақуыздарын, ферменттерінің активті топтарының белсенділігін жояды.

Газдармен стерильдеу арнайы камерада 18-80С температурада бумен жүргізіледі. Ауруханаларда формальдегид, тұрмыстық жағдайда этилен тотығы қолданылады. Химиялық стерильдеудің алдында барлық өңделетін заттар кептірілуі керек. Бұл стерильдеу түрі қызметшіге, қоршаған ортаға және науқасқа қауіпті болып келеді.

Соңғы кезде медициналық практикада оптикалық қондырғылармен жабдықталған термолабилді материалдардан жасалған құралдар кеңінен қолданылатындықтан, мысалы эндоскоптар, оларды химиялық ерітінділер көмегімен залалсыздандырады. Тазалап және дезинфекцияланған приборлар белгілі уақытқа стерильдеуші ерітіндіге салынып, кейін стерильді сумен жуылады. Одан соң стерильді сүрткішпен құрғатып, стерильді ыдысқа салады. Барлық манипуляция асептикалық жағдайда, стерильді қолғаппен жүргізіледі. Бұл заттарды 3 тәуліктен аса сақтамайды. Стерильдеуге арналған химиялық заттар қатарына сутегі тотығы мен « Дезоксон-1 » ерітінділері жатады.

Сутегі тотығы - стерильдеуге арналған химиялық зат болып табылады. Стерильдеу үшін медициналық құралдарды 180 минутқа 6 %-тік сутегі тотығының ерітіндісіне салады, ал полимерден, резинадан, шыныдан жасалған бұйымдарды 18С температурада 360 минутқа ерітіндіге салады. Стерильдеу аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді контейнерлерге салады.

Дезоксон-1 - сірке қышқылындай иісі бар, суда және спиртте жақсы еритін түссіз сұйықтық. Стерильдеу үшін 1%-тік ерітіндіні сумен араластырады да дайын ерітіндіге бұйымдарды салады. Стерильдеу аяқталғаннан кейін құралдарды стерильді сумен жуып, стерильді контейнерлерге салады. Стерильделген құралдарды 3 тәуліктей сақтауға болады.

Сәулемен стерильдеу - гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі. Гамма сәуле көзі - арнайы гамма қондырғылардан алынатын радиоактивті изотоптар болып табылады. Электронды сәулеленуді алу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады.

Гамма сәуле мен жылдамдатқыш электрондардың әсерінен микробтардың жойылуы, ондағы нуклеин қышқылының зақымдануымен байланысты. Көпжасушалы организмдерге қарағанда, микробтар сәулеленуге төзімді болады.

Стерильдеудің тағы бір әдісі - сүзгіден өткізу немесе фильтрлеу болып табылады. Әр түрлі сүзгілер көмегімен, әсіресе нитроцеллюлозаның коллоидты ерітінділерінен дайындалған мембранды ультрасүзгілердің көмегімен сұйықтықтағы қарапайымдардан арылуға болады.

Қайнату - стерилизациялау әдісі ретінде стандартпен ескерілмеген. Бірақ үйде осы стерилизациялау әдісін қолдануға болады. Краннан алынған суды қолдануға болмайды, яғни қайнатқанда тұнбаға түсетін тұздар иненің канюлясында, поршень мен цилиндрде бөлініп шығады. Су қайнатылған немесе тұзсыз болуы керек. Стерилизациялаудың аяғына дейін шприцтің құрамындағы бөлшектердің сумен толық жабылуын қадағалау керек.

Стерилизацияның физикалық әдістеріне құрғақ ыстық ауамен, қысымы жоғары су буымен, инфрақызыл және радиациялық сәулелермен өңдеу, сүзу жатады.

Стерилизацияның химиялық әдістеріне: газдарды пайдалану, өңдеуге тиісті заттарды ерітіндіге батыру болып табылады. Бірден есте болатын нәрсе - химиялық стерилизациядан кейін заттарды газдан тазалау (газ әдісі қолданылса) немесе жақсылап жуу (егер химиялық заттардың ерітінділері пайдаланылса) керек.

Қайнату стерилизацияның химиялық әдісіне жатпайды.

Стерилизация әдісін қолдануды айқындау өңдеуге тиісті объектінің қасиетіне байланысты болады.

Стерилизацияның сапасы көпшілік жағдайда стерилизация алдында жасалған өңдеу жұмысына, яғни тазалау сапасына, стерилизация өткізілетін ғимараттың санитарлық жағдайына тікелей байланысты.

Аспаптарды стерилизация алдында тазалау мынадай кезеңдерден тұрады:

  • әуелі ағып тұрған суды пайдаланып, 0, 5 минут жуу;
  • бұйымдарды 500С температурада, жуатын ерітінділерге 15 минуттай толық батыру. Жуу үшін “Лотос”, “Астра”, “Прогресс”, “Триас -А”, “Биолат” және т. б. ұнтақтар қолданылады. Оларға қоса сутегінің қос тотығын қолдануға немесе ерітіндідегі заттарды ультрадыбыспен өңдеуге болады.
  • Ерітіндіде әр бір бұйымды щетка немесе мақта - дәке тампонын пайдаланып жуу;
  • әр бір затты ағып тұрған сумен, содан кейін дистилденген сумен шаю;
  • бұйымдарды құрғақ ауа пайдаланылатын стерилизаторларда 80-850С температураларда толық кептіру (кептіру үшін вакуумды пайдалануға болады) .

Жоғарыда көрсетілгендей, залалсыздандыру алдында бұйымдарды

қолмен өңдеуден өзге механикалық жол да бар, оған сәйкес бұйымдар - инелер, шприцтер, басқа да заттар арнайы жасалған механикалық жуу машиналарында тазаланады.

Емдеу-профилактикалық мекемелерінде стерилизация алдындағы өңдеу, стерилизация жасау үшін асептика шарттарын сақтайтын арнайы бөлмелер, арнайы мамандар бөлінеді.

Стерилизация алдындағы өңдеудің сапасы ішінара тексеріледі (бұйымдардың 1 пайызға жақыны), ол үшін қан қалдықтарының (бензидин, ортотолуидин, амидопирин сынамалары арқылы), жуу ұнтақтары қалдықтарының (фенолфталеин сынамасы арқылы) бар-жоғы тексеріледі. Егер аталған қалдықтар табылса, өңдеу толық тазалауға дейін қайталанады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Профилактикалық антисептика
Медициналық құралдар мен материалдарды стерилизациялау түрлері мен тәсілдері
Заманауи АІИ-ң эпидемиға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру қағидалары
Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
Стоматологиялық құралдарды зарарсыздандыру алды өңдеу
Стоматологиялық аспаптарды дезинфекциялау мен залалсыздандырудың заманауи тәсілдері
Стерилизациялаудың түрлері
Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері
Анализдейтін ерітіндіні дайындау
Алғашқы ветеринариялық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz