Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясатты жүргізудегі мемлекеттің ролі

1.1. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүргізудегі теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Аймақтық саясатты жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ Нарық жағдайындағы аймақтық саясатты басқарудың қаржылық ресурстарын қалыптастыру
2.1.Қ.Р. аймақтарының қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысында индустриялды.инновациялық стратегияны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІІ Қазақстандағы аймақтық саясатты жүргізудің еркшеліктері мен оны жетілдіру жолдары
3.1. Қ.Р.да аймақтық саясатты жүргізу жолдары мен дамыту бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.2. Қ.Р. аймақтарды әлеуметтік әкономикалық жағынан бөлістіру және оны дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі мәні орталық билік органын тәуелді болу және «мемлекеттің асырауы тиіс» идеологиясынан арылу, Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-мәдени және ғылыми-технологиялық дамуына озық технологияларын пайдалану және тұрғынның өмір сүру деңгейіннің тұрақты өсімін қамтамасыз ету болады.
Аймақтық саясатты жүргізуде келесідей маңызды құралдар қолданылады. Жалпы мемлекеттік және аймақтық қызығушылықтарын сәйкестендіретін және байланыстырылуын қамтамассыз ететін Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерінің ұзақ мерзімді перспективадағы таралуы және аймақтардың даму әлеуметтік – экономиткалық дамуының кешенді болжамы.
- ірі масштабты аймақ аралық бағдарламаларда шешу бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру;
- елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының алғы шарттары мен этаптарының кешенді болжалуы жүзеге асыруға мақсатталған жалпы мемлекеттік аймақтық және салалық деңгейдегі стратегиялық жоспар жүйесі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады.
Аймақтық саясаттың мәні: мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруды түрлі аудан халықтың өмір сүру деңгейімен сапасын теңестіру аса маңызды. Осы мүдделер қазіргі жағдайларда ең қажетті шешімді қабылдауды қажет етіп отыр. Өйткені тұрғындар тығыздығы қалалық және ауылдық тұрғындардың ара-қатынасы, олардың кірістерінің бір жанға шапқандығы деңгейлері, ТБИ жұмыссыздығының саны және тағы басқа көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық әкімшілік аудандары бір-бірінен өзгеше.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. «Аймақтың экономикасын басқару» Алматы 2005ж
2. ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары. ОҚО Статистика агентігі. Шымкент, 2005*.
3. Танкиева. «Жергілікті экономиканы басқару» Алматы-2007ж
4. Бердалиев К.Б. «Основы управления экономкой Казахстана». Алматы, Экономика, 1998г
5. Саиров.Е.Б. «О региональном развитии и региональной политике в Казахстане» Саясат, №2, 2001г
6. ОҚО « 2005 – 2007 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы» ОҚО Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті. Шымкент, 2005.
7. Танкиева: "Жергілікті басқаруда экономикалық механизмдерді қолдану жолдары". "Саясат" Алматы 2005ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Т

Экономика факультеті

Менджмент және маркетинг кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі

Қабылдаған:

Орындаған:
Тобы:

Тақырыбы: Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясатты жүргізудегі мемлекеттің ролі

1.1. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүргізудегі теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Аймақтық саясатты жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ Нарық жағдайындағы аймақтық саясатты басқарудың қаржылық ресурстарын
қалыптастыру
2.1.Қ.Р. аймақтарының қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысында индустриялды-
инновациялық стратегияны
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ІІІ Қазақстандағы аймақтық саясатты жүргізудің еркшеліктері мен оны
жетілдіру жолдары
3.1. Қ.Р-да аймақтық саясатты жүргізу жолдары мен дамыту
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.2. Қ.Р. аймақтарды әлеуметтік әкономикалық жағынан бөлістіру және оны
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .32

Кіріспе

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың
өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді
өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине,
міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген
аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін
жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша
пайдалану жатады. Мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі мәні орталық билік
органын тәуелді болу және мемлекеттің асырауы тиіс идеологиясынан арылу,
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-мәдени және ғылыми-технологиялық дамуына
озық технологияларын пайдалану және тұрғынның өмір сүру деңгейіннің тұрақты
өсімін қамтамасыз ету болады.
Аймақтық саясатты жүргізуде келесідей маңызды құралдар
қолданылады. Жалпы мемлекеттік және аймақтық қызығушылықтарын
сәйкестендіретін және байланыстырылуын қамтамассыз ететін Қазақстан
Республикасының өндіргіш күштерінің ұзақ мерзімді перспективадағы таралуы
және аймақтардың даму әлеуметтік – экономиткалық дамуының кешенді
болжамы.
- ірі масштабты аймақ аралық бағдарламаларда шешу бойынша жалпы
мемлекеттік бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру;
- елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының алғы шарттары мен
этаптарының кешенді болжалуы жүзеге асыруға мақсатталған жалпы мемлекеттік
аймақтық және салалық деңгейдегі стратегиялық жоспар жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын
аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді
жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды
саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті
мәселеге айналады.
Аймақтық саясаттың мәні: мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруды
түрлі аудан халықтың өмір сүру деңгейімен сапасын теңестіру аса маңызды.
Осы мүдделер қазіргі жағдайларда ең қажетті шешімді қабылдауды қажет етіп
отыр. Өйткені тұрғындар тығыздығы қалалық және ауылдық тұрғындардың ара-
қатынасы, олардың кірістерінің бір жанға шапқандығы деңгейлері, ТБИ
жұмыссыздығының саны және тағы басқа көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның
аумақтық әкімшілік аудандары бір-бірінен өзгеше.

І Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясатты жүргізудегі мемлекеттің ролі

1.1. Мемлекеттің аймақтық саясатты жүргізудегі теориялық аспектілері

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған
стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторларды
толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында
нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі
жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму
жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық
саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының
мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай
дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен
де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б.)
араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір
шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас
орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы
болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен
бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге-
жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл
олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын
аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді
жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды
саралау және соған орай аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті
мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін
тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар
аймақ аралық саралауды (дифференциация) тым күшейтіпң жіберді. Нәтижесінде
жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша
республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. (1-кесте). Ал АҚШ-та
ең алдыңғы және ең артта қалған штаттарының арасындағы айырмашылық
небәрі 1,8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына
шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең
төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2005 жылғы деректер
бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылык 12 есе
болған.

Жан басына шаққандағыжалпы аймақтық өнім, мың теңге

1 жылдар:
Облыстар
2000 2001 2002 2003 2005
Қазақстан Республикасы 12!,5 157,8 168,4 172,3 266,9
Ақмола 87,1 94,7 95,8 98.1 157,6
Актөбе 124,2 162,5 185,4 200,1 285,9
Алматы 58,5 72,0 74,6 85.7 120,8
Атырау 288,6 581,7 698,2 70 і .5 1099,4
Шығыс Қазақстан 125,0 143,3 152,4 164.8 196,7
Жамбыл 44,0 50,2 56,4 60.0 91,2
Батыс Қазакстан 1 ! 5,9 203,4 240,0 258.9 323,0
Қарағанды 150,8 197,2 201,4 202.5 272,2
Қызылорда 122,6 144,1 145,6 158.3 217,1
Қостанай 58,8 93,4 и 103,4 189,5
100,7
Маңғыстау 247,4 432,1 458,3 504.3 566,5
Павлодар 136,7 175,2 198,3 203,4 289,9
Солтүстік Қазақстан 55,1 61,1 67,5 71,3 147,8
Оңтүстік Қазақстан 55,1 61,1 67,5 71.4 1 10,3
Астана қаласы 243,3 254,0 259,4 302,5 510,6
Алматы каласы 283,1 329,9 331,2 367.1 625,7

Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей
ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету
механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып
келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты
жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық
теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен
байланысты болғанмен де, оларды жұмсартуң қажеттілігі айқын. Мемлекеттің
тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің
соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі
де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму
қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу
стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты
өсуі елдің проблемалық аймақтарындағыы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша
мүмкін емес. Республиканың қазіргі зкономикалық кеңістігі әлеуметтік,
экономи-калық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі
аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу
қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
1. Шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
2. индустриялық дамыған;
3. агроөнеркәсіптік;
4. дағдарыстық.
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай
қорларын иеленетін және ғылыми өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына
жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аймақтарының экономикалық-
әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен
ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан
шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін
төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің
жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай
жерлерді интенсивті игеру;
отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты
анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік,
әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды кұру
ауылдық аймақтарының дамуындағы жинақталғанң күрделі проблемаларды
(әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары
технологиялық ғылымды қажетісінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық
жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық
ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады:
шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар
негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль
құрылысы, жаңа мнтериалдар, лазер технологиясын дамыту;
• нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді
аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз
ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған
сабақтаса дамитын салаларда шағын жэне орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей
мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді
мамандандыруды жүзеге асыру;

ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әеуетнің өсуін
қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды
енгізу және пайдалану;
тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін
ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық
базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымдарды құру.
Төртіннші топқа - қысылшаң (экстремальный) табиғи климаттық, әлеуметтік-
экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық
құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық
дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған
проблемалардан арылуң үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.
Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер
келесідей:
3. экологиялық дағдарыстың терендеу үрдісінің алдын алу;
осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру
үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте кауіпті ауылдық
аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден
республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін
қажет жағдайлар жасау;
шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді
пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін
тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік
береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан
экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе
төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация)
құрылымымсн, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады.
Мұндай аймақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне
мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған
Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз
салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды
қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
1. өндіріс қарқынының төмендеуі;
1. халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың
төмендігі);
2. жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі
(жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
3. демографиялық, экологиялық, әлеумеггік қызметтер көрсету саласындағы
проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір
елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл
әлеуметтік-экономикалық табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да
жағдайлармен байланысты табиғи, аймақтык айырмашылықтар. Осы орайдағы
мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып
табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар
көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық ресурстық және
инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің
теңестіруң саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге
асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндет-терінің қатарына артта
қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық -даму параметрлерін
ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындау
жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік
дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау
(қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған
аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б.
болып табылады
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда,
экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты.Әлеуметтік даму салыстырмалы
түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық
мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне
байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтіқ жағдайға
зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі
нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады.
Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының
тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте
дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын
толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл
түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін
анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың
өзіндік механизмдері бар . Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді
өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине,
міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген
аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін
жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша
пайдалану жатады.

1.2. Аймақтық саясатты жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері мен әдістері.
Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларында
кеңейтілген өндірістің бүкіл процессі көрінуі қажет. Территорияның
экономикасының дамуындағы құбылыстар мен процесстердің көп жақты және қиын
жиынтығын анықтау үшін экономикалық көрсеткіштер қажет.
Аймақтың экономикасының жоспарына қажетті көрсеткіштер жүйесі
әдістемелік және тәжірибелік сипатта болады. Және де бұл жүйе облыстық
қаланың және аймақтың экономикасының жоспарлы объектілерін және
шекараларын анықтайды.
Ағымдығы аймақтық жоспардың көрсеткіштер жүйесі келесі талаптарға
сай келуі керек:
- біріңғай ағымды экономикалық жоспарды салалық тапсырмаларды
біріктіруге мүмкіндік беретін бүкіл экономикалық масштабындағы
көрсеткіштердің бірлігін қамтамассыз ету;
- республика жоспарының бір бүтін болуы мен бірге әр аймақтың
ерекшеліктерін есепке алу, бұл көрсеткіштер жүйесіне нақты адрестік
сипаттама береді, және де территориялық және салалық шаруашылық
тапсырмаларды шешуде дифференциалды қарауға мүмкіндік береді.
- салалық тапсырмаларды біріктіруде қажетті координацияны қамтамассыз
ету;
- сала аралық және экономикалық байланыстар мен пропорцияларды
жасау;
- статистикалық көрсеткіштер жүйесімен сәйкес келетін, және
бірігетіндей болуы керек.
Табиғат ресурстары, әдетте , натуралды бірліктермен есептеледі;

Бұл жоспарлау органдарына жердің минералдық және биологиялық
шикізаттардың тепе-теңдігін жасауға мүмкіндік береді. Табиғи ресурстардың
тиімді және кешенді қолдануды қамтамассыз ететін экономикалық
механизмді қалыптастыру мақсатында аймақтық ресурстардың сапасы мен
орналасқан жерін есепке ала отырып , оның бағасы жайлы мәселені шешу
қажет.
Аймақтың маңызды экономикалық ресурсы негізгі қорлар болып
табылады. (өндірістік және өндірістік емес) негізгі өндірістік қорларды
тиімді пайдалануды көтеру аймақтағы өнім өндіруді қосымша капитал
салмастан-ақ жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қолданысқа өндірістік емес
негізгі қорларды енгізу халықтың тұрмыс деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік
береді. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларды сипаттайтын
көрсеткіштер капиталдық салымдардың салалық жоспарының бағалануына
мүмкіндік береді. Бұл үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:
- негізгі қорлардың құрылымының көрсеткіштері, негізгі қорлар
құрылымы өндіріс сипатына байланысты болады. Сондықтан да
спецификаның салалық факторлардың есепке ала отырып, әр салаға
жекелеп бағыттылуы тиіс.
- Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері, яғни негізгі қорлардың
жалпы және жекеше түрлерінің абсолютті өсімінің көрсеткіші;
- қор, энерго- механикалық қаруланудың көрсеткіші.
Аймақтық өндіріс процестің көрсеткіштері өздерінің экономикалық
табиғаты бойынша экономикалық жүйесінің бірлігі ретінде экономика
дамуының бағыттарымен жалпы құбылыстардың синтетикалық өлшеуіші болып
табылады. Олар көптеген тапсырмалардың шешілуіне еркін территориялық
жоспарлауды қолданылады. Бірінші кезекте аймақтық материалдық өндіріс
салаларында өндірілген материалдық қызметтер мен өнімдердің жиынтық
көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тапсырманы аймақтық
экономикалық өсуін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер көмегімен
шешуге болады. Атап айтсақ:
ЖҰӨ-нің адам басына шаққандағы өсімі және шынайы ЖҰӨ-нің атаулы
уақыттағы өсуі. Осыған байланысты экономикалық өсудің көрсететін
статистикалық көрсеткіш ЖҰӨ өсімінің жылдық пайыз түріндегі өлшемі болып
табылады.
Экономикалық теорияда қоғамдық өндірістің сипаттамасына
теоритикалық қараудың ерекшеліктеріне негізделген әртүрлі өлшеуіштерді
қолданылады.
Қоғамның жағдайының экономикалық негізгі көрсеткіші ЖҰӨ болып
табылады, яғни жыл бойына аймақтың экономикасында өндірілген соңғы
өнімдер мен қызметтердің нарықтық бағасы. Сонымен қатар, азаматтардың
аймақтағы және шет елдерде жасаған соңғы тауарлық қызметтердің жылдық
көлемі есепке алынады. Жалпы ұлттық өнім ұйымдардың және халықтық
материалдық және материалдық емес өндірістегі кірістердінің суммасы .
ЖІӨ резидент деп аталатын барлық тауар және қызмет өндірушілердің
қосымша бағалардың суммасын білдіреді. Резиденттер – белгілі бір аймақта
тұратын азаматтар, бұларға аймақта бір жылдан аз уақыт тұратын шет ел
азаматтары жатпайды.
Егер де ЖІӨ-ге шет елден келген өндіріс факторлары және берілген
аймақта шет ел инвесторларынан алынған факторлық кірістердің айырмасын
қоссақ, ЖӨҰ көлемін анықтауға болады.
ЖІӨ + (ФК І- ФК ІІ) = ЖҰӨ
ЖҰӨ мен ЖІӨ (арасындағы) өзара айырмасы ЖІӨ-нің жалпы сомасынан Ғ
1% ды құрайды ЖҰӨ өзінің номиналды сипатта болатын ағымдағы нақты
көлемін табу үшін инфляцияның әсерінің болған бағаларды тазалау, ЖҰӨ-нің
нақты көлемін беретін бағалар индексін қолдануы тиіс . Номиналды ЖҰӨ мен
нақты ЖҰӨ - нің ар қатынасы бағалар деңгейінің есебінен ЖҰӨ-нің
жоғарылаумен сипатталады және ол ЖҰӨ-нің дефляторы деп аталады. ЖҰӨ-ді
көлемін анықтауда екі әдіс қолданылады:
1. Шығыстар бойынша ЖҰӨ белгілі бір уақыт аралығындағы
қолданысындағы құзырымындағы қызметтердің жиынтығы ретінде
сипатталады.
2. Кірістер бойынша ЖҰӨ жеке тұлғалар мен көпшілік органдардың
кірістерінің суммасын білдіреді (еңбек ақы, пайыз, пайда және
рента). ЖҰӨ-нің құрамына сонымен қатар көпшілік органдағы жанама
салықтар, амартизация, жеке меншіктен пайда (кірістер) кіреді,
яғни кірістері бойынша жалпы ұлттық өнім жалдамалы жұмысшыларды
еңбек ақысынан , ренталық төлемдерден, пайыздардан,
дивиденттерден, жекеменшік иелерінің кірістернің корпарациялық
пайдасына салынатын салықтардан кәсіпкерлікке салынатын жанама
салықтар, амортизациялық төлемдер.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің қатарына ЖҰӨ мен ЖІӨ-нен
басқа да ТҰК (Таза ұлттық кіріс ) кіреді. Ол ЖҰӨ- мен амартизация
айырмасымен сипатталады.
ТҰК =ЖҰӨ- амартизация;
ҰТ (Ұлттық табыс) –ТҰК пен жанама салық арасындағы айырма ;
ҰТ= ТҰК- кәсіпкерлікке салынатын салық .
ЖТ (Жеке табыс ) = ҰТ-(табыс салынатын табыстар + әлеуметтік

қамсыздандыру +корпарацияларды бөлінбеген )+ трансферттік төлемдер.
ТҰК- ЖҰӨ-ге қарағанда нақтырақ көрсеткіш , өйткені ол
амартизацияны есепке алады.ТҰК көмегімен экономика болашақтағы
өндіріс мүмкіндіктерін қысқартпай отырып , қолдана алатын өндіріс
көлемін анықтауға болады.
ҰТ- еңбек ақының жалпы көлемін , пайыздарды, пайда мен рентаның

көрсеткіштерін анықтау үшін қажет, бұл үшін ТҰК- тен кәсіпкерлікке
салынатын жанама салықтарды алып тастау қажет. Мұндай есептеуді мәні
мынада : Мемлекет көптеген органдардан мұндай жанама салықтарды ала
отырып өндіріске ештеңе салмайды.
ЖТ- алынған табыс, ҰТ- қарағанда ол жұмыс істеп табылған табыс
және де ол трансферттік төлемдерден құралады.
ЖҰӨ көрсеткіші аймақтық өндірістің жылдық көлемін ақшалай өлшеуге
мүмкіндік береді. Бірақ та ЖҰӨ аймақтың экономикалық жағдайын толық
көрсетпейді. Бұл келесі жағдайлармен түсіндіріледі, барлық елдерде дерлік
қоғамның экономикалық жағдайын жоғарлататын аурулар мен балаларға қарау,
көмек беру жұмыстары жүргізілмейді . Сонымен қатар ЖҰӨ-нің құрамына
көлеңкелі экономикалық заңсыз көңіл көтеру орындары, рэкет есірткелер
өндірісі мен сауда сатығы сияқты секторларының нәтижесі кіргізілмейді .
Сондай-ақ ЖҰӨ құрамына қоғам жағдайын жоғарлататын , бірақ нарықтық
сипатта болмайтын үй жұмыстары кірмейді (пәтерді жөндеу, аппаратураларды ,
машиналарды және аяқ киімдерді жөндеу т.б) [8]
Экономикалық өсімді болжамдаудың теориясы мен тәжірибесінде
экономика- математикалық модельдеу кеңінен қолданылады. Сонымен қатар,
өндіріс факторларының теориясына негізделген өндіріс функцияларыны
модельдері де кеңінен тараған . Бұл модельдерде өндіріс көлемі
қолданылатын өндіріс факторларының көмегімен және олардың әрқайсысының
шекті өнімділігінен байланысты функциясы ретінде сипатталады. Факторлардың
шекті өнімділігі ретінде берілген өндіріс факторларының әр бірлігінен
өсімінен аланатын өндіріс көлемінің өсімінің көлемі түсіндіріледі. Шекті
өнімділік өндіріс көлемінің өсуінің берілген өндіріс факторларының
қатынасымен есептеледі.
Қазіргі кездегі экономикалық жағдайға байланысты аймақтар мен
мемлекеттің экономикалық өсімін сипаттаудың үш нұсқасы бар:
1. Шикізат ресурстарының сыртқы нарығына бағытталған өсу;
2. Ішкі нарықтың көлемін ұлғайтуға бағытталған жоғары сапалы өнімдерінің
өсуін жоғарылауға импортқа шығарылатын өнімдерге, жоғары технология
өнімдері және (жалпы) қоғамдық пайдаланатын қарапайым және арзан
өнімдерді өсіруге негізделген өсу :
3. Алдынғы екі нұсқаны біріктіретін аралас нұсқа .
І- нұсқа бойынша өсу режиміне өту өте оңай және тез арада бой
алуы мүмкін. Бірақ өсу қарқыны сыртқы рынок көлімімен шектеледі және
жоғары бола алмайды. Сонымен ұлттық экономика сыртқы конъюнкция
турасының өзгеруінен тәуелді болатын еді және де ел, аймақ үшін өндірісті
білдіру жайындағы маңызды сұрақтар шет елдерде шешілетін болады. Бұл нұсқа
шартында отандық өңдеу өнеркәсібінің дегрезациясы мүмкін.
І- ші нұсқа бойынша экономикалық өсу алдымен тек жекелеген
нүктелерде байқалуы мүмкін. Ұзақ мерзімді перспективада ішкі нарыққа
бағытталу жоғары(деңгейге) қарқынды қамтамассыз ете алмайды, яғни бұл
үшін инвестициялық патенциал көлемі жетіспейді. Экономикалық өсудің-
аралас нұсқасы тиімдірек болып келеді. Экономитканың гүлденуі мен өсуі
ұзақ жылдарға созылады. Сонымен қатар бұл капиталдың тиімділігіне
жоғарылату мақсатында белсенді түрде жаңалықтарды енгізіп отыру қажет.
ЖҰӨ (ЖІӨ) –ді белгілі бір формасые сипаттау үшін ұлттық есеп
жүйеісі (ҰЕЖ) қолданылады. ҰЕЖ-сінің екі деңгейі бар. ҰТ пен ЖҰӨ-нің
қозғалысын сипаттайтын жиынтық есептері және өндіріс циклінің негізгі
кезеңдерін сипаттайтын бөлшектелеген есептер(шоттар). ҰЕЖ-нің маңызды
сипаты- екі жақты жазу принціпі. Бұл дегеніміз әр операцияның сатып
алушылар мен төлеушілері болады, сондақтан да бір жағына ресурстар ретінде
және екінші жағынан олардың қолданысы ретінде жазылады. Барлық
операциялар материалды қаржылық баланста көрсетіледі. [9]
ҰЕЖ-нің баланстарын пайдалану мемлекеттің макроэкономикалық
саясатын жүргіуге, ұлттық табыстың халақаралық салыстырмалары мен
экономикалық болжамдауды жасау үшін қажет. Экономикалық дамудың
пропорциялары, құүрылымдары және қозғалыстарының стратегиялық жоспарлау
мен болжамдаулары әлеуметтік- экономикалық процестердің модельдеу
әдістерін қолдануға негізделеді.
Қазіргі кездегі жоспарлау мен болжамдаудағы қолданылатын
модельдері заттық және ойға негізделеген модельдер деп екіге бөлуге
болады. Заттық модельдер өз кезегінде физикалық және заттық математикалық
болып бөлінеді. Физикалық модельдер - материалды объектілерді сипатталады.
Ойға негізделген модельдердің негізгі көріністері мен белгілері болып
табылады. Белгілер модельдерінің қазіргі кездегі қолданылатын логика-
математикалық модельдер- олар зерттеліп жатқан объектілердің негізін
қалайтын математикалық және логикалық тұжырымдамалар жүйесін сипатталады.
Бұл модельдер үш топ элементерден тұрады:
1. Объектігінің сипатын анықтау қажет (SWOT)
2. Өзгеріп тұратын сыртқы жағдайлардың сипаттамасы (мүмкіндіктер,
қорқытулар).
3. Объекттнің ішкі параметрлер (әлсіз және күшті жақтары):
Стратегиялық жоспарлау мен болжамдауларда қолданылатын логика-
математикалық модельдерді келесідей белгілер бойынша жіктеуге болады.
1. Зерттеу объектісі бойынша макроэкономикалық және локальдық модельдер:
2. Объектінің негізгі сипаттаушы және бағыттары бойынша- құрылымдық
функционалдық болып бөлінеді.
3. мақсаты бойынша ғылыми жұмыстады қолданылатын теоретикалық -
аналитикалық және басқару мен жапарлаудың нақты бір тапсырмасын
шешу мақсатында қолданылатын қосымшалар болып бөлінеді.
4. Себеп – салдарлық байланыстардың сипаты бойынша мүмкіншілік
доминациялық моделдер :
5. Модельдің құрамындағы ақпаратық түрі бойынша – дискриптивтік және
нормативтік болып бөлінеді.
6. Уақыт факторының сипаты бойынша статистикалық және динамикалық
болып бөлінеді.
7. Моделдің құрамына кіретін айнымалылардың сыртқы және ішкі
байланысы бойынша ашық және жабық модельдері.
Жоспарлау мен болжамдаудың қазіргі кездегі тәжиребесінде жинау, тұтыну
және өндіріс элементтерінен құралған баланстан тұратын моделдердің
баланстық жүйесін кеңінен қолданылады.
Модельдердің баланстық жүйесі әлемдік шаруашылық тәжирибесінің
прогрессивтік жетістіктерінің бірі болып табылады. Ол нарықтық экономиканы
реттеудің әдістер ретінде кеңінен қолданылады. Батыс Европа мен
Японияда мұндай баланстардың әртүрлі түрлері көптеп кездеседі.
Экономикалық балансы елдегі және аймақтағы экономикалық
статистиканың координация құралы ретінде танылады. Оның көлемімен
түсініктеме аппараты сәйкестелген құралуы өзара байланысты бөлімдерде
қолданылатын жіктемелер мен анықтамалар беріледі.
Бұл жүйенің құрамына баланс таблицаларының жиынтығы кіреді.
- қоғамдық өсімді жинақтау , тұтыну және өндірісінің балансы ;
- Ұлттық табысты шекті қолданудың және бөлінген қайта бөлінген
өндіріс балансы;
- кірістердің жиналуымен олардың қолданысының құрылымындағы ЖІӨ
балансы ;
- ұлттық байлықтың балансы ;
- қаржы ресурстарының балансы ;
- еңбек ресурстаның балансы ;
Экономика балансы кезеңдердің есептік және жоспарлау үшін
қолданылады.
Экономикалық тепе- теңдіктің келесі модельдері кеңінен қолданылады:
- КЕНЭ модельдері (XVІІІ ғасыр Францияның экономикасының мысалындағы
қарапайым өндіріс сипаттамасы);
- Маркстің жәй және кеңейтілген өндірісінің схемасы ;
- Экономикалық теорияның математикалық бағыты (Вальрас, Леонтьев
сонымен қатар Сауэльсон, Хикс және т.б.)
- Кейнстің қысқа мерзімді экономикалық тепе – теңдік моделі ;
- Классикалық мектептің түсінігі бойынша макроэкономикалық тепе-
теңдік .
Болжамдау, (теориясымен, тәжирибесінде) аймақтық және
стратегиялық жоспарлау теориясы мен тәжиребесіндегі экономикадағы
пропорциялардың келесі топтарын бөліп көрсетеді:
1. Жалпы экономикалық
2. Салаарлық
3. Сала ішілік
4. Өндіріс ішілік
Жалпы экономика өндірісте қолданылатын тұтыну заттары мен өндіріс
құралдарының өндірісінің арасындағы пропорциялар жатады.
Салааралық пропорциялардың құрамына өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымының материалдық өндіріс сферасы мен индустриалдық ауыл
шаруашылық өндірісі мен өнеркәсіппен құрылыс арасындағы өзара байланыс.
Сала ішілік пропорциялар – бұл өнер кәсіп ішіндегі пропорциялар:
Қазба салалары мен қайта өңдеу салаларының арасындағы, ауыл
шаруашылық саласы, өсімдік пен жануарлар өсіру арасындағы және т.б. Сала
ішілік және өндіріс ішілік пропорциялары көптеп қолданылады. Көлемдік
қатынастар секілді пропорциялар жұмысшылар саны, өндірістің құндық қоры
және өндіріс көлемін сәйкестендіру арқылы жасалады. Пропорциялардың
жиынтығы экономиканың құрылымын құрады. Бұл құрылым қоғамының экономикалық
жүйесінің, анық құрамы және олардың бөліктерінің өзара қатынасын
сипаттайды.
Макроэкономикалық жоспарлау үшін экономиканың өндірістік,
әлеуметтік, салалық және территориялық құрылымы маңызды болып келеді.
1. Өндірістік құрылым экономиканы өндірістік және өндірістік емес
сфераларға бөлінуін сипаттайды, сонымен қатар, бірінші және екінші
бөлімшелердің арасындағы қатынастарын сипаттайды.
2. Әлеуметтік құрылым экономиканың меншік түрлері бойынша бөлуді
сипаттайды.
3. Салалық құрылым экономикадағы үлкен салааралық мекендерге және
олардың ішіндегі салаларға бөлінуі мен сипатталады.
4. Территориялдық құрылым экономикалық зоналарға, аудандарға,
территориялық кешендерге, сонымен қатар әкімшілік- территориялық
бірліктерге бөлумен сипатталады.
Кез келген экономиканың құрылымы ғылыми - техникалық прогресс
пен қоғамның қажеттілігіне байланысты үнемі өзгеріп отырады. Экономика
құрылымы циклді түрде өзгереді. [8]
Аймақтың халқының өмір сүру деңгейін жоспарлауда келесідей
көрсеткіштер қолдану қажет:
- халықтардың кірістері;
- қоғамдық тұтыну қорлары;
- (тұтыну) тамақ өнімдері мен өндірістік емес тауарларды тұтыну;
- халыққа әлеуметтік мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету.
Еркін аймақтық жоспарлауда бұл көрсеткіштер топтары халықтың өмір сүру
деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің өзара байланысты тұтас жүйесі
түрінде және эккономикалық дамуының сандық және сапалық параметрлері мен
жалпы қатынастары түрінде қарастырылуы тиіс.

ІІ Нарық жағдайындағы аймақтық саясатты басқарудың қаржылық ресурстарын
қалыптастыру

2.1. Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмет
етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың
қаржылық ресурстарын тиімді басқару мәселесін шешу пәрменді аймақтық
саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтың қаржылық ресурстары
кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржыларынан, бюджеттік және
несиелік ресурстардан құралады. I
Аймақтың экономикалық әлеуетінің жағдайымен деңгейі қаржылық ресурстарды
қалыптастыру мен басқарудың қажетті алғышарты болып табылады. Аймақтың
экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатын өнеркәсіп саласының даму
барысы оқу құралының алдыңғы тарауыңда қаржылық ресурстарының маңызды
бөлігі ретіндегі жергілікті бюджеттердің қалыптасу барысын қарастырамыз.
Кез келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаларды жүргізу
экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор
қаржы ресурстарын салуды талап ететіні белгілі. Осы мақсатта, әсіресе,
аймақтардың дамуында жергілікті бюджеттердің атқарар рөлі аса маңызды.
Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті
бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті
бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады.
Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалык
және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет
жүйесі үш буыннан - федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен,
федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы
жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация
субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен
сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді
қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті
құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді .
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және
дербес болып табылады:
1. республикалық бюджет;
2. облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана
бюджеті;
3. ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы кала бюджеті).
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден кұралатын,
орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері
мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық
бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Облыстық бюджет, республикалық маңызды қала, астана бюджеті салықтық
және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы
қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға
бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес
әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық
жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес
әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы
өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.
Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі
бюджеттердің өзара байлаңысына негізделген және оларды жасактау, қарау,
бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және
жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Жеке аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына
елдегі экономикалық жағдай; қаржы-бюджет саясаты , өндіріс дамуыньщ
аймақтық деңгейі, оның құрылымы , инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.б.
сан алуан факторлар әсер етеді.
Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық
заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік
пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен
жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын қалыптастыру қағидалары
жалпы бюджет жүйесін құру қағидаларына негізделген.
Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәйкес
жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен
байланысты басқа да бағдарламалардың қаржыландырылуы жүзеге асырылады.
Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару
органдарын ұстау шығындарын қаржылындыру; білім беру мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық даму проблемасы
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның қазіргі кезеңде Қазақстанда іске асыру мәселелері
Транспорттық комуникациялар және қондырғылар
Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның қазақстан республикасында қолданылуы
Мемлекеттік әлеуметтік саясат және оны қамтамасыз етудің нарықтық бағыттау механизмі
Аймақтық экономикалық құралдар
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының мемлекеттік-аймақтық түрі және оны іске асырудың механизмдері
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер