Қазақ атауының шығу тегі
1 Қазақ атауының шығу тегі
2 Кеңестік идеология құрсауында жасаған кезеңдегі «қазақ» атауы
3 Ертедегі орта ғасырдағы араб ғалымдарының еңбектері

Қазақ атауының шығу тегі - «Қазақ тарихында» әлі де шешуін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Бұл туралы мынадай тұжырымдама айтылған: «Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы «қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келді. Айтылған көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ»[1].
Келтірілген үзіндіде «қазақ» терминінің зерттеле бастағанына екі жүз жылдай болғанын ХІХ ғасырдан бастап санаған сияқты. Өйткені біз сілтемеге алған тарих ХХ ғасырдың аяғында жарық көрген. Дегенмен, ғалымдардың бұл мәселемен айналысқанына оданда көбірек жылдарды қамтитын сияқты. Олардың ішінде тілшілер, әдебиетшілер, тарихшылар және басқа да салалардағы зерттеушілер алуан түрлі пікірлерді айтумен шектелгені ақиқаттық. Солай болса да, жазылып қалған болжаулардың ішінде қисынсыз және қисынды айтылған пікірлерді ойдың елегінен өткеріп, олардың шындыққа жақын айтылғандарына сүйеніп, «қазақ» сөзінің түпкілікті бірегейлі анықтамасына тоқталуымыз қажет.
«Қазақ» атауының осынша ұзақ жылдар зерттелсе де, өзінің шешуін таба алмауына, Ресей империясының Қазақстанға жүргізген отаршылдық саясаты кері әсерін тигізді. Ресей Қазақ жерін, оның жер астындағы, үстіндегі байлығын отарластырып қана қойған жоқ, бодан болған қазақ халқының мәдениетіне де, санасына да өзгерту әрекетін жан-жақты жүргізді. Мұндай жағдайда, «қазақ» этнонимі мен этимологиясы туралы шынайы зерттеу жүргізбей, оған атүсті қалай болса солай жазылған мәліметтер жеткілікті. Бұндай кемшіліктер 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес үкіметі үстемдік етіп тұрған кезде де бүркемелі түрде жүріп жатты. Бұл жылдарда халқымыздың төл тарихын үйренуге және зерттеп жазуға айтарлықтай кедергілердің болғаны рас. Одақ құрамындағы халықтар тек Кеңес үкіметі тұсындағы тарихты оқуға мәжбүр болды. Қазақ халқының көне тарихын жазу, оны құраған рулар мен тайпаларды зерттеу былай тұрсын, олардың аттарын атауға тыйым салынды. Бұл кезде кейінгі ұрпақтарға төл тарихымызды ұмыттыру саясаты жүріп жатты. Соның салдарынан Кеңес Одағы кезінде оқыған бірқатар қазақтың жас ұрпақтары өзінің төл тарихынан үстүртін хабардар болып, Ресей империясының тарихын терең оқыды. Оның үстіне, көпшілік қазақ балалары мен қыздары орыс мектептерінде оқып, қазақтың тілін, тарихын мүлдем білмейтін ұрпақтар өсіп шықты. Осы қиыншылықтар әлі күнге дейін халқымыздың арасында орын алып келе жатыр. Қазақ халқының ежелгі тарихын зерттейтін мамандардың көпшілігі сырттан келген, қазақтың тілін, ділін білмейтін ғалымдар болатын. Осы жағдайда «қазақ» атауының зерттелуі атүсті қаралып, ол тек жалпы пікірлер мен болжамдар күйінде айтылып, жазылып келді.

[1] Қазақстан тарихы. 2-т. - Алматы, 1998. – 303-б.
[2] ҚСЭ. 3-т. - Алматы, 1973. – 547-б.
[3] СТЭ. 5-т. - М., 1964. – 143-б.
[4] Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. - Алматы, 1994. – 20-б.
[5] Жұмабаев М. Түркістан // Шығармалары. - Алматы, 1989. - 173-176 бб.
[6] Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией. - Астана, 2000. – 27-б

Қазақ атауының шығу тегі - Қазақ тарихында әлі де шешуін таба алмай
келе жатқан мәселелердің бірі. Бұл туралы мынадай тұжырымдама айтылған:
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы қазақ терминінің шығуын
түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келді. Айтылған
көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан
қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін
түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ[1].
Келтірілген үзіндіде қазақ терминінің зерттеле бастағанына екі жүз
жылдай болғанын ХІХ ғасырдан бастап санаған сияқты. Өйткені біз сілтемеге
алған тарих ХХ ғасырдың аяғында жарық көрген. Дегенмен, ғалымдардың бұл
мәселемен айналысқанына оданда көбірек жылдарды қамтитын сияқты. Олардың
ішінде тілшілер, әдебиетшілер, тарихшылар және басқа да салалардағы
зерттеушілер алуан түрлі пікірлерді айтумен шектелгені ақиқаттық. Солай
болса да, жазылып қалған болжаулардың ішінде қисынсыз және қисынды айтылған
пікірлерді ойдың елегінен өткеріп, олардың шындыққа жақын айтылғандарына
сүйеніп, қазақ сөзінің түпкілікті бірегейлі анықтамасына тоқталуымыз
қажет.
Қазақ атауының осынша ұзақ жылдар зерттелсе де, өзінің шешуін таба
алмауына, Ресей империясының Қазақстанға жүргізген отаршылдық саясаты кері
әсерін тигізді. Ресей Қазақ жерін, оның жер астындағы, үстіндегі байлығын
отарластырып қана қойған жоқ, бодан болған қазақ халқының мәдениетіне де,
санасына да өзгерту әрекетін жан-жақты жүргізді. Мұндай жағдайда, қазақ
этнонимі мен этимологиясы туралы шынайы зерттеу жүргізбей, оған атүсті
қалай болса солай жазылған мәліметтер жеткілікті. Бұндай кемшіліктер 1917
жылғы Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес үкіметі үстемдік етіп тұрған кезде
де бүркемелі түрде жүріп жатты. Бұл жылдарда халқымыздың төл тарихын
үйренуге және зерттеп жазуға айтарлықтай кедергілердің болғаны рас. Одақ
құрамындағы халықтар тек Кеңес үкіметі тұсындағы тарихты оқуға мәжбүр
болды. Қазақ халқының көне тарихын жазу, оны құраған рулар мен тайпаларды
зерттеу былай тұрсын, олардың аттарын атауға тыйым салынды. Бұл кезде
кейінгі ұрпақтарға төл тарихымызды ұмыттыру саясаты жүріп жатты. Соның
салдарынан Кеңес Одағы кезінде оқыған бірқатар қазақтың жас ұрпақтары
өзінің төл тарихынан үстүртін хабардар болып, Ресей империясының тарихын
терең оқыды. Оның үстіне, көпшілік қазақ балалары мен қыздары орыс
мектептерінде оқып, қазақтың тілін, тарихын мүлдем білмейтін ұрпақтар өсіп
шықты. Осы қиыншылықтар әлі күнге дейін халқымыздың арасында орын алып келе
жатыр. Қазақ халқының ежелгі тарихын зерттейтін мамандардың көпшілігі
сырттан келген, қазақтың тілін, ділін білмейтін ғалымдар болатын. Осы
жағдайда қазақ атауының зерттелуі атүсті қаралып, ол тек жалпы пікірлер
мен болжамдар күйінде айтылып, жазылып келді.
Кеңестік идеология құрсауында жасаған кезеңдегі қазақ атауы туралы
жазылған пікірлер мен болжамдар сол күйінде қалып, оларды жұмбақтап бір
қорытынды шығарылмады. Енді қазақ атамасы тарихи деректерде қашан және
қалай аталғаны туралы жазба мәліметтердің айрықша қажетті дегендеріне
қысқаша шолу жасайық.
Орталық Азияны Отанына айналдырған түріктер көне замандардан бері
шартараптағы жақын және алыс көрші елдермен тығыз байланыс жасаған.
Сондықтан түріктердің тарихы туралы сол көршілері азды-көпті жазба деректер
сақтаған. Түріктердің ежелгі көршілері болған Шығыс және Батыс Еуропа
халықтарының тарихында ертедегі орта ғасырға тура келетін қазақ атауы
бойынша жазба деректер ұшырасады. 905-956 жылдардағы жазбаларында
Византияның императоры Константин Порфирордни Кубаннан шығысқа қарай
Қазақия елінің орналасқанын жазған. Бұл жерлерде ертеден Дешті
қыпшақтардың жайлаған жері екені тарихтан белгілі. Дешті қыпшақ даласы
ХІ-ХVІ ғасырларда қолданылған географиялық ұғым. Ол алғаш парсы ақыны
Насир-и Хусраудың дастанында (1030 ж.) аталады. Одан бұрын Дешті-Хазар,
Оғыз даласы, оғыздардан тараған Қыпшақ ұлысының көп заман (VІ-ХV ғғ.
аралығында) саяси-әлеуметтік қауым құрып, байтақ мәдени із қалдырған
өлкесі[2].
Бұл өлкеге кіретін географиялық аймақтар Қазақ Совет
энциклопедиясында былай көрсетілген: Дешт-и-Кипчак, Кипчакская степь, -
название в арабском и персидском источниках ХІ-ХV вв. степей,
простиравшихся от верховий Сыр-Дарьи и западных отрогов Тянь-Шаня до устья
Дуная[3].
Келтірілген үзіндіде Дешті қыпшақ атауының араб және парсы
жазбаларында алғашқы айтылғандарымен қатар, оған кіретін ұлан-ғайыр
аймақтарды қамтитыны айтылған. Оған осы күнгі Орталық Азиядағы Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Солтүстік Кавказ жерлері,
Еділ бойындағы түркі тілдес халықтардың және Оңтүстік Дон бойындағы орыс
жерлерін қамтиды. Осынша ұлан-ғайыр жерді Қазақия мен қыпшақтар ежелден
мекендеп, саяси-әлеуметтік қауым құрып, өздерінің этникалық, мәдени тарихын
қалдырған. Белгілі шығыстанушы Нығмет Мыңжан былай дейді: Ол кезде (Х
ғасырда) Кубанның шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол
тайпаларының бірі - қыпшақ елі тұрғандығы тарихқа әйгілі. Егер қыпшақтар
өздерін қазақ деп атамаған болса, Константин Порфирордни оны қалай ойлап
тапсын. Ал сол кезде орыс пен украин казачествосының аты да, заты да жоқ
еді[4].
Келтірілген пікірдің шындыққа жақын келетіні байқалады. Дон өзенінің
алқабы Кубаннан Шығысқа созылып, Тянь-Шань (Тәзір тауы) тауына дейін
созылып жатқан кеңістікті қазақтар (қыпшақтар) мекендеп, басқа үлкенді-
кішілі түрік тілдес тайпаларды өз іштеріне қамтып, жоғарыдағы аттары
аталған аймақтарда қазақ халқының қалыптасқан отанына айналдырған. Сонша
үлкен көлемдегі жерді иеленген этникалық топтардың ең ірілері - қазақтар,
қыпшақтар, үйсіндер және қаңлылар болған. Кейін түріктер өзара енші
алысқанда, туыстық, қандас этникалық топтар Қазақ деген жалпы этнониммен
байырғы жерлерінде Қара шаңырақтың иесі болып, өз мекендерінде қалған
деген тұжырымға келуге болады[5].
Біздің тоқталып отырған Х ғасырда орыс пен украин жерлерінде
казачество атты этникалық топтар болмаған. Мурат Абдиров Завоевание
Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимость
атты монографиясында әскери-казачествоның тарихына тоқталған. Өйткені Ресей
империясының жерін Шығыс көршілерінің есебінен кеңейтуде орыс казактары
әскери үлкен күш болған. Монографияның бірінші тарауында казактардың келіп
шығуы мен олардың Ресейдің әскери күшіне айналғанына тоқталған: Ныне
бесспорно, что в основе славянского казачества лежал древнетюркский
субстрат ... об этом говорят многочисленные источники и исследования самих
российских ученых ... Кочевники появились в степях Причерноморья в эпоху
Великого переселения народов. В ІV в. это были гунны, с VІ в. - авары и
болгары, с VІІ в. - хазары, с ІХ в. - угры (мадьяры, венгры), а в 915 г.
впервые появились здесь печенеги (кангары-канглы)[6].
Келтірілген үзіндіде орыс казактарының ата-тегі ертедегі түрік тілдес
халықтар екені тарих ғылымында шешімін тапқан. Бірақ Қара теңіздің даласына
түріктер алғаш рет ІV ғасырдан бастап шығыстағы Ұлы даладан келген деген
пікірмен келісу қиын. Тарихта гүнндар (хүндар) скифтердің ұрпағы екені
жазба және археологиялық деректермен дәлелденген. Антикалық дәуірдің
жазбаларында б.з.б. VІІ-І ғғ. скифтер Дунай мен Дон далаларын, Қырымды және
Қара теңіздің солтүстігін мекендеген. Геродоттың еңбектерінде скифтер
туралы құнды деректердің бар екені баршаға мәлім[7]. Скиф дәуірлерінің
ескерткіштерін археологтар зерттеп, олардан табылған жәдігерлер, Орталық
Азиядағы қола және темір дәуірлерінің ескерткіштерінен шыққан заттар бір-
бірімен дәлме-дәл ұқсас. Мұндай сәйкестіктерге қарағанда, жоғарыдағы аттары
аталған аймақтар ежелден скифтердің (гүнндардың), қыпшақтардың,
хазарлардың, қазақтардың жайлаған мекені болып, ол аймақтардың этникалық
автохтондық тұрғындары түрік нәсілді халық болып шығады. Бұл пікірдің
шындыққа келетінін Л.Н. Толстойдың Кавказ. Кавказская повесть еңбегінде
казактардың тұрмысына тоқтала келіп: На этой-то плодородной, лесистой и
богатой растительностью полосе живет с незапамятных времен войнственное,
красивое и богатое староверческое русское население,
называемое гребенскими казаками.[8 ]
Бұл келтірілген үзіндіде Л.Н. Толстой казактардың ерте кезден
қоныстанған тамаша Дон өңірі екендігінен хабар береді. Сол кездің өзінде
казактар орыстардан оқшауланып, өздерін жоғары дәрежедегі халық деп санап,
ертедегі өздерінің салтын сақтағанын, сақтап келе жатқанын жазған. М.Ю.
Лермонтовта Герой нашего времени шығармасында, осы казактар туралы
мағлұмат бергендігін көпшілік біледі.
Біздіңше, скифтердің жеріне батыстан шығысқа қарай таралған шығыс
славяндар тайпалары келіп, жергілікті түрік тілдес тайпалармен араласып,
Қара теңіздің солтүстігін, Кавказдың далаларын орыстар, украиндар иеленіп,
жергілікті түрік тайпаларымен бірге мекендеген. Кейін олар күшейіп,
автохтонды түріктерді Солтүстік Кавказға, Еділ, Жайық өзендеріне қарай
ығыстырған. Олардың бұрынғы мекенінде қалып қойғандары орыс, украин
халықтарымен ассимиляцияланып, уақыттың өтуімен өз алдына казачество
деген атпен этникалық топқа айналған.
Солай болса да, олар өздерінің ата-тегін сақтап, казак деген
атаудан айырылмай келе жатыр. Олар бұл этнонимнің мәнін біледі және оны
мақтаныш тұтады. Қара теңіздің солтүстігіндегі скиф (гүнн) обаларын
қазғанда табылған еңбек құралдары, қару-жарақтары, алтыннан соғылған
бұғының бейнесімен пантера сияқты жәдігерлер Орталық Азиядан табылған. Сақ
дәуірінің заттарынан еш айырмашылығы жоқ. Мұндай ұқсастықтар орыс
казактарының тұрмысынан байқалатын этнологиялық заттарды жиі кездестіруге
болады[9].
Солтүстік Батыс Еуропадан Шығысқа қарай таралған орыстар Қара
теңіздің солтүстік өңірін, Солтүстік Кавказды мекендеген қазақ (түрік)
тайпаларының жерлерін отарластырып, жергілікті түрік тілдес халықтардың бір
бөлігін өздерінің ішіне сіңіріп жіберген бөлігін казактар (орыс казактары)
деген атпен, өз алдарына бөлініп жасаған. Өздерінің жерін отарластырған
славяндарға (орыстарға) қарсы болған наразылықтары Л.Н. Толстойдың кезінде
де олардың тұрмысында бар екенін жазған: Собственно русский мужик для
казака есть какое-то чуждое, дикое и презренное существо, которого образчик
он видел в заходящих торгашах и переселенцах малороссиянах, которых казаки
презрительно называют шаповалами[10]. Ғұламаның бұл жазғанынан, сол кезде
де казактардың орыстарды әлде болса бөтенсініп, жек көретінін байқаймыз.
Оларға арнайы шаповал деген ат қойған. Оның орыс сөздігіндегі мәні:
мастер, изготовляющий из шерсти шляпы, а также другие валяные
изделия[11]. Казактар орыстардың жүннен бас киім, пима (валник), текемет
(войльик) және т.б. жылы киімдерді, бұйымдарды көбірек тұрмыста
қолданатынын көріп, осындай ат қойғанын байқаймыз. Себебі, орыстар суық
жақтан Шығысқа тараған. Олар өздерінің жайласқан жерінің табиғи-
географиялық жағдайына байланысты тұрмыста жылы киімдерді кең пайдаланған.
Олардың мұндай тұрмыс ерекшеліктері казактарға ерсі болып көрінген. Өйткені
олардың тұрған жері қоңыржай, жылы болып келгендіктен, жүннен (киізден)
жасаған киімдерді тұрмыста өте сирек қолданған.
Осындай ғылыми шындықты көре тұра бұрмалап, Қара теңіздің солтүстік
далалары, Солтүстік Кавказ жерлері ертедегі шығыс славяндардың ата-бабалары
болған скифтердің мекені деп орыс тарихшылары үздіксіз жазып келе жатыр.
Солардың бірі белгілі тарихшы, археолог Б.А. Рыбаков: Скифы - пахари,
вероятные предки славян, проникали сюда (по Плинию) еще в ІІІ в. до н.э.,
уходя от сарматов[12]. Бұл ғалым, өзінің басым көпшілік зерттеу жұмысын
ертедегі Киев Русі туралы жазғанымен, скифтерді өзіне тартып, шығыс
славяндардың мекені ежелден Қаратеңіздің солтүстігі мен Кавказ жерлері және
олардың ата-тегі скифтер деп тарихты көре тұра бұрмалауға барған. Скифтер
түріктердің (гүнн мен хүндардың) бабалары екенін тарихи деректер
дәлелдейді.
Скифтердің (гүнндардың) Орталық Азиялық сақтары мен сарматтардың
тұрмыстарымен тығыз байланыста болуын кездейсоқтық көрініс деп қарауға
болмайды. Түріктердің ертедегі бабаларының батыс шекарасы Қара теңіздің
солтүстік далаларына дейін созылып жатқан. Сол түріктердің нәсілдерінің
бірі - орыс казактары деп аталып келе жатқан этникалық бөлім. Батыс
Еуропа және шығыс славян тарихшыларының еңбектерінде, гүнндерді скифтердің
ұрпағы екенін мойындайды. Бірақ гүнндерді Шығыстан Солтүстік Кавказ бен
Қара теңіздің далаларына б.з. ІV ғасырларында келген дейді. Бұдан бір-
біріне қарсы келетін пікір туындайды. Егер гүнндер скифтердің ұрпағы болса,
оның ежелгі тарихи мекені Қара теңіздің далалары мен Солтүстік Кавказ
жерлері болғаны тарихи шындық. Солай болса, бұл географиялық аймақтар
автохтонды түріктердің жерлері болып шығады. Орыстар мен украиндықтар кейін
келіп қоныстанып, енді өздерінің жерлеріне айналдырған. Мұндай тарихи
шындықты олардың тарихшылары бұрмалап, баяғыдан жалықпай айтып, жазып келе
жатырған түріктер көшпелі халықтар деген жалған пікірлерді қағаз бетіне
толтырып, ежелгі скифтердің (гүнндердің) мекендеген жерлерін украиндар мен
орыстардың ежелгі жері деп уағыздайды. Тарих мұндай бұрмалауға көнбейді
және оны көндіру мүмкін емес.
Бұл аймақтарды шығыс славяндар ІХ-Х ғасырларда отарластыру әрекетін
жүргізген. Оны Х ғасырдан бастап орыс жылнамаларында қазақ этнонимі
туралы деректер кездеседі. Осы кезде Ұлы Киев князы Святослав Игоревич (945-
972) барлық саналы өмірін шығыс славяндардың жерін кеңейту үшін жұмсады.
964-966 жылдары ол хазарларды бағындырды. 968 жылы Святослав Игоревич
Кубан өзенінің оңтүстігіндегі қасақтарға (қазақтарға) жорық жасап, оларды
өзіне қаратты. 971 жылы печенектерге шабуыл жасап, оларды шығысқа қарай
ығыстырды[13]. Бұл княздың тұсында қасақтар (қазақ) этникалық халықтың
Кубан өзенінің бойында жайласқанын байқаймыз. Бірақ бұл кездерде қасақтар
(қазақтар) Киев князына бағынғанмен, өздерінің халық болып өмір сүруін
тоқтатпаған. Жергілікті түрік тілдес халықтар славяндардың отарластыру
әрекетіне қарсылығын көрсеткендіктен, Святославтан кейін де, Ольга кезінде
қасақтар мен печенектермен күрес жүргізген[14]. 1022 жылы Тмутаракан князы
Митлов қасақтарға шабуыл жасаған. Х-ХІІ ғғ. Тмутаракан княздығы Солтүстік
Қаратеңіз жағалауына орыс-славян тайпаларының қоныстануына байланысты пайда
болған. Тмутараканды 988-1036 жылы Владимир Святославичтің ұлы Метислав
(кішісі) биледі. Оның тұсында көршілес тайпалардың жерін басып алу
себебінен Тмутаракан княздығының территориясы ұлғайды, шіркеу салынып, ол
кейін Тмутаракан епископтығының негізін салды[15]. Бұл княздықты
Святославтың ұлдары Глеб пен Олег басқарып тұрғанда, Олег хазарларға
тұтқынға түседі. 1094 жылы ол Византиядан тұтқыннан қайтқан соң, Тмутаракан
князының билігін қайтып алады[16].
Солай болса да, жергілікті түріктер өздерінің азаттығы үшін күресуін
тоқтатпағанын аңғартады. Ертедегі орта ғасырлардағы Шығыс славяндардың
жазба деректерінде қасақтар, хазарлар, печенектер туралы мәліметтер жиі
кездесіп отырады. Оның ішінде хазарлар VІІ ғасырдың ортасында өз алдына
Хазар қағанаты бой көтеріп, оның астанасы Семендер (Дағыстанда), Итиль
(Еділдің төменінде) болып, Солтүстік Кавказ, Азов маңын, Қырымның көпшілік
бөлігін, Шығыс Еуропадан Днепрге дейінгі жерлерде өзінің үстемдігін
жүргізген. Орыс княздары алдымен хазарларды отарластыру әрекетін жүргізді.
964-965 жылдары Святослав Игоревич Волгаға жорық жасап, Хазар қағанатын
талқандады... Хазар қағанаты Х ғасырдың соңында өмір сүруден қалды[17].
Араб географтары мен тарихшылары және филологтары Хазар тіліне жалпы
сипаттама беріп, оның бұғар тіліне жақын екенін жазған[18]. Ал орыс
ғалымдары, хазарлар моңғолдардың ұрпақтары екенін айтады[19].
Біздіңше, араб ғалымдарының мәліметтері шындыққа келеді. Себебі,
хазарлардың ежелгі отаны Қара теңіздің солтүстігі мен Кавказ далалары
болғаны тарихи шындық. Сондықтан бұл аймақтарды мекендеген қасақтар,
печенектер, балғарлар (бұлғарлар) сияқты түрік нәсілді халықтардың
қандастары болған соң, олардың тілдеріне хазарлардың тілінің ұқсастығы
-тарихи заңдылық. Жоғарыдағы тоқталған тарихи оқиғалардың нәтижесінде,
хазарлар Алдыңғы Азияға қоныс аударып, 1 млн хазарлар Ауғанстанның
орталығында Кабул мен Гераттың аралығында Хазараджат деген жерді
мекендейді[20].
Сөйтіп, Хазар халқы тарихи сахнадан түсті деудің реті жоқ. Олар басқа
аймақты мекендеп келеді. Олар ертедегі территориясын славяндар қорғаған
хазарлардың сақталып қалған бір бөлігі екеніне күмән келтіруге болмайды.
Олармен ежелден бірге жасаған қасақтар (қазақтар) ХІІІ ғасырдың бірінші
жартысында Солтүстік Кавказда, Қара теңіз далалығында казақ деген атпен
жасаған халықтармен Шыңғыс ханның әскерлерінің кездескенін орыс шежірешісі
Никонның мәлімдемесінде: Кавказға келіп, оңтүстік Ресейге шабуыл жасаған
Шыңғыстың әскерлері бұдан бұрын да қазақтарды бұланталаған, - деп
жазады[21].
Бұл жерде, Шыңғыстың әскері Ресейдің оңтүстігіне жеткенше, 1218
жылдан бастап Орталық Азияның шығысынан батысына дейінгі кең-байтақ
жерлерді иеленіп жатқан түріктілдес халықтарын, мемлекеттерін бағындырып,
одан кейін келіп отырғанын дұрыс баяндаған. Бұл жерде Шыңғысқа бағынған
түріктердің көпшілігі батыс елдерге қазақ деген атпен белгілі болғаны
байқалады. Осы этникалық атақпен аталған шығыс көршілерінің батыс бөлігі
қазақ елі болып отыр. Соған қарағанда, ХІІІ ғасырда қазақ атты этникалық
халыққа ұлан-байтақ жерді иелеген түріктердің жалпы атамасына айналған.
Бұндай пікірді қуаттайтын Моңғолдардың құпия шежіресінен мынандай
мәліметті Нығмет Мыңжан келтірген: Солтүстік жақтағы қаңлыларға,
қыпшақтарға, байжігіттерге, орыстарға, мажарларға, асаларға, сасаларға,
шеркештерге, бұлғаларға жорыққа аттанып, Еділ мен Жайық өзенінен өтіп, Киев
қаласына шабуыл жасау жөнінде Сүбітай батырға бұйрық берілді делінген. Орыс
шежірешісі Никон қазақтар деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы,
қыпшақ, байжігіт, аса т.б. ұлыстарды айтып отырған көрінеді[22].
Келтірілген үзіндіден бірнеше жағдайларды байқауға болады. Моңғолдар
Орталық Азияның шығысы мен оңтүстігін, батысын жаулап алып, оның батысына
қарай шабуыл жасап, Жайық және Еділ өзеніне жақындаған шақта Шыңғыс ханның
осы бұйрығы жазылған көрінеді. Бұл деректе Сүбітай батырдың батысқа қарай
шабуылының негізгі мақсаттары қойылған. Ол алдындағы екі үлкен өзеннен
өтіп, көрсетілген этникалық топтарды бағындыру туралы тапсырмалар берілген.
Міне, осы тапсырмаларды орындауға кірісердің алдында, моңғолдар, оның ірі
қолбасшыларының бірі Сүбітай баһадүр Жайық және Еділ өзеніне дейінгі
қазақтарды бағындырғанын орыс шежірешісі Никон баяндаған. Енді, осы
қазақтардың батыс бөлігіне Сүбітай жорық жасайтыны айтылады. Солай болса,
ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында, Орталық Азияны мекендеген түріктердің
басым көпшілігі қазақ этнонимімен аталған көрінеді. Бұйрықта аттары
аталған түрік тілдес этникалық топтар жалпы қазақ атамасы бойынша
баяндалуда. Олардың ішінде қаңлылар, қыпшақтар, шеркештер сияқты
түріктердің ірі тайпалары да осы жалпы қазақ этнониміне қосылып айтылған.
Түрік тарихында атағы кең жайылған қаңлыларға тоқталсақ. Антикалық
дәуірде Мауереннахрда алғашқы құлиеленушілік Қаңлы мемлекетін құрған тайпа.
Махмұт Қашқари: Қаңлы қыпшақтардың ұлы адамдарының бірінің есімі[23].
Ғұламаның жазғанына қарағанда, қаңлылар мен қыпшақтар ежелден аралас-
құралас жасап, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz