Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы

А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, Е. Омаров, Т. Шонанов, Ә. Ермеков, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Күдерин, М. Жұмабаев, Н. Төреқұлұлы сияқты ағартушы қазақ зиялыларының өкілдері өткен ғасырдың бірінші он жылдығынан бастап қазақ тілінде алғғашқы оқулықтарды шығарып, орыс тілінен кейбір шығармаларды ауыстыра бастады. Қазақ зиялыларының өкілдері ғылымның кейбір салалары бойынша сол тарихи кезеңнің қажеттіліктеріне сәйкес терминологиялық атаулар жүйесін іріктеуді ғылыми негізінде жүргізді.
Ұлттық терминологияның қалыптасуына, әсіресе нақты ғылыми салалар жекелеген пәндерге деген мұқтаждықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан ұлы ғалым Б. Байтұрсыновтың еңбегі айрықша маңызға ие болды.
Қоғамдық санасын ғылыми нысанын дамытуда және оны тереңдетуде, ғылыми танымның ауқымын кеңейтуде жоғарыдағы аталған ғалымдар еңбектерінің ықпалы өлшеусі мол болды. Осылайша, тілде терминологиялық сипаттағы жаңа атаулар мен сөз орамдары пайда болды.
ХХ ғасырдың 10-30 жылдарындағы, А. Байтұрсынов кезеңіндегі ұлттық терминологияның ең басты ерекшелігі - бұл термин ретінде қазақтың байырғы сөздерін кәдеге жарату және жалпы халық тілінің сөз байлығын барынша пайдалану болды. Алайда, бұл қағидаттың ғұмыры қысқа болды. [3. 5]
1940 жылдан бастап идеологиялық қысымның салдарынан терминдерді аудармасыз қолдану не орын тіліндегі нысанын өзгеріссіз сақтак практикасы кеңінен енгізіле бастады. Әсіресе, 1960 жылдардан бастап жасалған тер терминдердің ішінде қазақ терминдерінің саны шектеулі болды. Дегенмен, 1940-1990 жылдар кезеңінде 150-ден астам терминологиялық сөздік шығарылды. Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы сөздік шығарылды. Олардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы оң маңызын теріске шығаруға болмады.
Кеңес дәуіріндегі қазақ терминологиясында орыс және шетел терминдері сыни талғамсыз қолданылды, қазақ терминологиясының басты қағидаттары еленбей қалды. Орыс тілінен енгізілген терминдер және орыс тілі арқылы келген халықаралық терминдер орыс тіліндегі сияқты өзгеріссіз қолданылуы тиіс деген реже күштеп енгізілді және нұсқау заңдастырылды.
Осы кезде шығарылған терминолгиялық сөздіктердің көпшілігі басқа тілдерден алынған терминдердің негізінде әзірленді. Нәтижесінде терминология жүйесінде қазақ сөзінің үлес салмағы мүлдем аз болды. Осылайша қазақ терминологиясыны өзінің ұлттық келбетін жоғалта бастады.
Егемендік алуға және қазақ тіоліне мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуіне байланысты ұлттық терминология проблемаларына ерекше мән беріле бастады. Қазақ терминологиясының ұлттық ерекшелігін жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бұрынғы ондаған шет ел терминдері сәтті қазақша баламалар таңдалып алынды. Тәулсіздік жылдары әртүрлі ғылым салалары бойынша шығарылған сөздіктердің жалпы саны жүзден асып жығылады. [6. 8]
Соңғы жылдары ресми іс жүргізу саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында және білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді пайдаланудың үлес салмағы арта бастады. Қазақ тілін жазбаша және ауызша нысанда қолданудың жандануына байланысты зерттеушілердің басым көпшілігінің назары тілдің ішкі мүмкіндіктерін зерттеуге аударылды. Сондай-ақ, сөзжасамдық белсенділік те жаңа сапалы деңгейге көтерілді. [1. 19]
Іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген терминдердің едуәір бөлігі ғылым - білім, оқу - тәрбие, әлеуметтік - саяи салалардағы ежелгі сөздерді «жаңғырту» жолымен жасалды.
Алайда, соңғы жылдары қазақ тілінің терминологиялық жүйесін әзірлеу белсенділігінің күрт өсуіне қарамастан, ұлттық нақыштағы терминдерді жасау кезінде қазақ тілінің ішкі ресурстары, лингвистикалық ғылымның жетістіктері барынша толық пайдаланылмай келеді. Қолданылып жатқан шаралар жеткіліксіз болуда. Оның басты себептері: өзара әрекеттесетін екі негізгі фактордың - тілдік фактордың әсіресе бағалауынан және тілдік емес (әлеуметтік, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи, географиялық, өзге де) фактордың ескерулерінен тілдік ахуалдың қалыптасуы болып табылады. [8. 41]
1. 1. Қазақ лексикасының терминденуінің кезеңге бөлінуі.
Ұлттық қоғамдық - саси, рухани - мәдени өмірінде болып жататын өзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қалмайды. Тіл тек қатынас құралы ғана емес, халықтың танысы мен білімінің жинақтаушысы да болғандықтан солай болуы заңды да. Ғылым тілінің даму тарихын да халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырмай, бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан да біз бүкіл термин шығармашылығын, терминологиялық лексиканың барлық тәсілдері арқылы жасалған терминдерді қоғам өмірінде болған сондай өзгерістермен тікелей байланыста қарастыру қажет. [5. 38]
Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму тарихы термин шығармашылығының барлық уақытта бір қалыпты жүріп жататын процесс емес екендігін көрсетеді. Түрлі себептердің әсерінен белгілі бір мерзім аралығында терминдер қатары тез өсіп, терминологиялық лексиканың ауқымы молая түсс, келесі бір уақыт аралығында ондай қарқындылық болмайды. Оның бірнеше себептері бар. Солардың ішіндегі термин шығармашылығына тікелей ықпал ететін ең басты факторлардың бірі - ғылым мен техниканың дамуы болса, екіншісі - сол елде үстемдік етуші тіл саясаты.
Ғылым жақсы дамыған тұста көптеген жаңа ұғымдар пайда болып, олар тілден өзінің таңбалаушысын табуды қажет етеді. Мұндай құбылыс арнаулы саланың барлығына емес, санаулы бір ғылым салаларына ғана тән болуы да мүмкін. Көбіне солай болады да. Ұлт тілінің саласындағы қызметі, термин шығармашылығына қатыстырылуы сол тілдің қоғамда атқаратын рөлімен тікелей байланысты. Ал тілдің қоғамда қандай рөл атқаратындығын сол елдің тіл саясаты белгілейтіндігіне өткен ғасырдағы қазақ терминологиясының даму жолдары куә бола алады. [6. 21]
Терминологияның дамуы мен қалыптасуының өзіндік тарихы бар. оны ғылым мен техниканың өркендеуінен, қоғам өмірінде болып жататын саяси - экономикалық, рухани - мәдени, тарихи - әлеуметтік өзгерістерден мүлде бөліп алып қарауға болмайды.
Қазақтың ғылыми терминологиясының даму тарихына үңілер болсақ, оның қалыптасуна қоғам өмірінде болған өзгерістердің айқын із қалдырғанын көруге болады. Жалпы терминологиялық лексика қорының жасалуы ғылым мен техника салаларының игерілуіне, дамуына тікелей тәуелді. Сондықтан қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуын Қазақстан ғылымының даму тарихынан бөліп қарау мүмкін емес. Соған сәйкес біз қазақ тілінің терминологиялық лексикасының қалыптасуын кезеңдік тұрғыдан сипаттауда осы шындыққа табан тіреуімізге тура келді. Сонымен бірге терминологиялық жұмыстың жүргізілуіе тікелей әсері болған тілдік және тілден тыс факторларды ескерусіз қалдырмсау жағынан да көңіл бөлінеді. Өзімізге дейінгі қазақ терминологиясының даму тарихын кездестіру мәселесіне тоқталған ғалымдардың пікірлері де назарынан тыс қалмады.
Қазақ тілінің терминологиялық лексикасының қалыптасуы осындай факторларға сәйкес кездестіріледі. Төменде қазақ лексикасының терминденуі төрт кезеңге бөліп қарастырылады. . Олар:
1) ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 10-жылдарына дейінгі бірінші кезең;
2) 1910 жылдан 1930 жылға дейінгі екінші кезең;
3) 1930 жылдар мен 1990 жылдарға дейінгі аралықты қамтитын үшінші кезең
4) 1990 жылдан бергі төртінші кезең. [2. 103]
Енді осы кезеңдердің әрқайсысына жеке - жеке тоқталамыз.









1. 2. Қазақ лексикасы терминденуінің алғашқы кезеңі
Ұлттық ғылыми терминологияның қалыптасуын алғашқы басылымдардың, оқулықтардың, ғылыми еңбектердің жарық көріп, ғылым салаларының саралана бастауымен байланыстыра қарастыру дұрыс. Алайда жазу мен алғашқы баспа өнімдері пайда болмастан көп бұрынғы кезеңдерде де халық өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сан түрлі салаларының, әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық қатынастар, халықтың әдет- ғұрып, салт - дәстүрін т. б. көрсететін лексикалық қабаттың болғанын, ғылыми терминологияның қалыптасуына негіз болған сол бай мұраның арнайы зерттелмей келе жатқанын тілші ғалымдар айтып жүр.
Мәселен, осындай пікір айтушыдлардың бірі - түрколог ғалым К. Мұсаев. Ол өз пікірін былай білдіреді: «Айналысатын шаруашылықтарына орай әр түрлі тілдерде терминологияның түрлі салалары дамыған. Мысалы, эстондардарда балық шаруашылығы, әзірбайжандарда мұнай өндіру мен өңдеу, қазақта мал шаруашылығы мен халық шаруашылығы, армяндарда құрылыс, грузиндерде қолөнер, өзбектерде жібек және мақта шаруашылығы, бақша өсіру мен суармалы шаруашылыққа қатысты атаулары мол кездеседі».
Осыған ұқсас пікірлерді жекелеген ұлттық тілдердің терминологиясын зерттеген ғалымдардың көпшілігінің еңбектерінен ұшыратуға болады. Қазақ терминологиясының 80-жылдардың ортасына дейінгі даму жайын сөз еткен еңбектерінде тілші ғалымдар Ә. Қайдаров пен А. Әбдірахманов саналы түрде жасалатын терминологиялық лексиканың ең алдымен бай халықтық терминологияға негізделетінін, терминологияны түзетін жалпыхалықтық көздердің тамыры тереңде жатқанын сөз қыла келіп, терминдік мәнде жұмсалатын көптеген сөздердің бізге көне түркі жазба ескерткіштерінен жеткенін айтады. Олардың қатарына көне түркі сөздігінде берілген мынадай терминдерді жатқызады:
1) туыстық атаулар: ата, әже, апа, сіңілі, келін, жиен, т. б.
2) табиғат құбылыстары мен олардың байлығын көрсететін терминдер: жер, тау, тас, алтын, күміс, темір, т. б.
3) қоғамдық - саяси құрылысты көрсететін терминдер: қаған, бек, тархан, құл, күң, шығай, т. б.
4) мал шаруашылығы терминдері: ат, айғыр, тай, бұқа, т. б.
5) анатомиялық атаулар: бас, аяқ, құлақ, жүрек, т. б. [9. 37]
Сондай - ақ ғалымдар көшпелі өмір салтын кешіп кең байтақ жерді иеленген қазақ халқының тілі жер бедерін және өсімдіктиер дүниесін білдіретін жағрафия, өсімдіктені атауларына бай екендігін де өте орынды көрсеткен.
Ең алдымен, бұл мерзім ішінбе түрлі ғылым салалары бойынша жекелеген терминдердің жасала бастағанынан қарамастан, салалық және жалпы терминдер жүйесінің қалыптасуына әлі біршама ертерек еді. Оның өзіндік себептері болды. Терминдер жүйесі қалыптасу үшін - ғылым мен техниканың дербес салалары өз алдына дамып, ұғымдар жүйесінің жасалуы қажет. Ал ғылым салаларын дамытып, ұғымдар жүйесін қалыптастыру үшін немесе ғылымы ертерек дамыған елдердің ғылымын игеріп, оны ұлт тілінде сөйлету үшін білікті ұлттық кадрлар, салалық мамандар өсіп шығуы тиіс. Бұл кезеңде қазақ халқының тарихында орны айрықша Абай, Шоқан, Ыбырай сынды ұлы тұлғалардың өмір сүріп, ұлт мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқандығына қарамастан, ғылымның сан саласын дамытып, ғылыми терминологияны жасайтын ұлттық кадрлар шоғыры өсіп жетіле қоймап еді. Ондай кезеңге біз тек ХХ ғасырдың басында жеттік деуге болады. Міне, сондықтан да сөз болып отырған кезеңде ұлттық ғылыми терминология қалыптаса қоймады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі де, жетістігі де осы тұрғыдан бағалануға тиіс.

Алаш зиялылары қаламынан туындаған терминдердің әлеуметтік маңызы

С. К. Кенжемұратова, ф. ғ. к., доцент

Тіл адам ойын жеткізудің басты құралы. Қоғам өміріндегі түрлі әлеуметтік - экономикалық, ғылыми, мәдени мұқтаждықты өтейтін де осы тіл болып табылады. Сондықтан тіл үнемі жаңару, даму, өзгеру үстінде болады. Бұл процестер қоғам өміріндегі өзгерістермен тікелей байланысты.

Ғылым мен техниканың, экономиканың түрлі салаларындағы пайда болған жаңа ұғымдарды атау тіліміздің терминологиялық жүйесінің дамуына әсер етеді.

Қазақ терминологиясының қалыптасып, қанат жаюына ықпал жасаған шаралар өткен ғасырда айрықша алға жылжыды. Мәселен, қазақ қоғамындағы сауат ашу шаралары, газет-журналдар шығару, баспаханалар жұмысының жандана түсуі осы кезеңмен орайлас. Сол себепті де термин тануды, яғни, терминологиямыздың қалыптасу, даму тарихын сөз еткенде алаш зиялыларының мақсатты істері мен ұстанымдарына, бағыттарына мән беруіміз қажет.

Сол кезеңде өз ана тілімізде алашқы тырнақалды оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазып, топ басында тұрған зиялы қоғам өкілдері А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Қожанұлы, Х. Досмұхамедұлы, Е. Омарұлы, Ж. Күдерин, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабайұлы, Ғ. Қараш, . Н. Төреқұлұлы, Т. Шонанов сынды ұлт зиялылары бүгінгі терминдеріміздің қалыптасып, дамуына өзіндік үлестерін қосқан. Өз халқы мен еліне адал қызмет істеген алаш ардақтыларының еңбектерін зерттеп, зерделеу, олардың ақыл-парасаты мен ұлттық рухының жоғарғы шыңындағы саналы пікірлер мен оң шешімдердің куәсі іспеттес. Қоғамдағы кез-келген ғылымды үйренуде ең бастысы - сол ғылым саласындағы арнаулы ұғым атаулары қажет. Ахмет Байтұрсынұлы көпшілік қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық терминдерді орыс тіліндегі тұлғалық, мағыналық, құрымдық ерекшеліктерін сақтай отырып, яғни калька тәсілі арқылы аударып отырған. Мыс:

а) Мағыналық қалькалар: производитель работ - жер жұмысының чиновнигі, рядовой строй - рушылық дәуір, срок хранения - мерзімді өлшеуі, через полост - аттамалы жер, злоупотребление служебными обязанностями - қызмет бабындағы жазықты қылмыс.

ә) Лексикалық калькалар: начальная школа - бастауыш мектеп, льгота - кеңшілік, бинт - орауыш, месячная зарплата - айлық ақы.

б) Аналитикалық калькалар: общежитие -жатып оқитын үй, черносотенцы - қаражүздер, правоуклонные - оңмінезділер, казенный суд - қазыналық сот, заверенная бумага - куәланған қағаз.

в) Синтетикалық калькалар: процент - өсім, товарищество - серіктік, безработица - жұмыссыздық, учредитель - жасаушы, иммунитет - қарсы басытқы, уголовное дело - даушар іс, спонсорство - демеурін. т. б

А. Байтұрсынұлы халықаралық және кірме терминдерді ұлт тілі негізінде аударумен ғана шектелмей, термин жасауда әдеби тілдің сөз жасамдық жүйесінде үлкен роль атқаратын семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді де ұтымды пайдаланып отырған.

Терминдер адамның қоғамдағы қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлемдік экономиканың дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әртүрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән, әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі, терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнелеуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды.

Мұндай зор міндетті атқаруда алаш зиялыларының арасында А. Байтұрсынұлының орны айрықша болды. Ұлы жазушымыз М. Әуезов сөзімен айтқанда, өзі өмір сүрген дәуірде, қазақ халқының “рухани көсемі” атанған дара тұлғаның термин шығармашылығындағы ісі өзгелерге де өнеге бола отырып, ғасыр басындағы бүкіл термин жасау процесінің бағытын белгілеуге негіз болды.

Термин шығармашылығының сөз болып отырған тәсілін пайдалану арқылы жасалған терминдерді ғасыр басында оқулықтар мен оқу құралдарын жасаған авторлардың барлығының еңбектерінен кездестіруге болады. Мысалы, С. Қожанұлының 1924 жылы Ташкентте басылған “Есептану” құралында дәреже (разряд), түбір (корень), сыр (свойство), дүркін (период) сияқты терминдер болса, Елдес Омарұлының 1928 жылы Қызылордада басылған “Пішіндеме” (геометрия) оқулығында түйін (теорема), пішін (фигура), қия (диоганаль), өріс (радиус), өре (диаметр), саты (таблица) терминдер; ал 1923 жылы Ташкентте жарық көрген М. Жұмабаевтың “Педагогика” оқулығында абай, әсер, елес, әдет, ес, жан, хиял, қайрат, құлық сияқты терминдер кездеседі. Ал, «нравственность» деген сөздің дәлме-дәл баламасын «адамгершілік» десек, бірде «имангерлік» деген сөздермен тәржімалап жүрміз. Мағжан «наравственность» деген сөзді «құлықтылық» деп аударады. «Прекрасное» атты эстетикалық терминді «сұлулық» депті.

Болашақта, Мағжан қолданған терминдер бүгінгі ғылыми, әдеби қауымды ойландыру тиіс.

Даналық ешқашан көнермейді. Қайда апарып көмсең де, бір күні алтын секілді тот баспаған қалпында жарқ етіп шыға келеді. Мағжанның: «Ұлтқа тілінен басқа қымбат нәрсе болмасқа тиісті» деген сөздерін оқығанда дәл бүгін сөйлеп тұрғандай әсерде болтыны ақиқат.

Зиялы оқығандарымыздың пән сөздеріне (термин) қатысты жасаған келелі отырысында бірауыздан мақұлдап, жамағатқа таратқан шешімдерінің бірі мынау: ”Пән сөздері ең әуелі қазақ тілінен ізделінеді. Бүтін дүниедегі қауымға бірдей сөздердің қазақшасы табылса, ол пән сөзі әлгі көп ел алған сөзбен жарыстырыла қолданылсын. Қайсысы оңды болады - оны өмір көрсетеді. Қазақ тілінен ізделінсін. Табылса, жатырқаусыз қазақ тілі заңына бағындырылып алынсын. Ал, пән сөзі түркі жұртында да ұшыраспаса, Шығыс немесе Батыс тілдерінен алынып, ана тіліміздің заңына бас идіріп, бұрылып пайдаланылсын”.

Бұл шешім 1926 жылы Бакуде болған Түркі білімпаздары сиезіне қолдау тапқанын жақсы білеміз. Әйтсе де осы шешімнен “пантүркілік” астар,

“түркілік томаға -тұйықтық” іздеушілер болған. Бұған тарих куә.

Қазақ білімпаздары пән сөздерін қадағалайтын комиссия (қазіргі ұғымша - терминком) құру қажет деп, қаулы қабылдады. Ол бойынша комиссияда әр салаға қатысты секциялар болу керек. Әрбір секция өз саласында тапқан сөздерін комиссияның ғылым кеңесі алдында қоюға міндетті. Секциялар пән сөздерімен жұртты мәшһүр етуге, ол жөнінде ғалымдардың пікіріне құлақ қоюға ынталы болуға тиіс. Ғылым кеңесі мүмкіндігіне қарай пән сөздерін зерттеуге (мемлекеттік мәні бар іске) басқа ұлт өкілдерін тартуға құқылы.

20 жылдардағы баспасөз беттерін парақтағанда, жоғары айтылған комиссия кеңесі істерін қазақ тіліне көшіру науқанында орасан қызмет атқарғандығын пайымдаймыз. Аталған сиезде бұл комиссия құрыла қоймаса да, кешікпей-ақ жасақталғанда, оның төрағасы болып А. Байтұрсынұлы, орынбасары қызметіне М. Жолдыбайұлы сайланғанын бүгінде жас ұрпақтың бірі білсе, екіншісі білмейді.

Білімпаздар маслихатында жіті назар қойыла сөз болған мәселенің бірі - аты-жөнді білдіретін ұлттық белгіні тауып, заңдастыру еді. Сиез уәкілдері бұл туралы да бір шешімге келді. “Бұрыннан әке атының аяғына қойылып жүретін “ов”, ”и” сияқты орыс пен арабтың сөзі қолданылмасын. Кісі шақырғанда, сөз сұрағанда, қазақ тілінің заңы бойынша тура өз аты аталсын. Кітаптың сыртына жазғанда, ресми қағаздарға қол қойғанда, дәкүмент қағаздарға тіркелгенде, әуелі әкесінің аты, сонан соң өзінің аты қойылсын. Әкесінің атынан кейін ”ұлы”, “қызы”сияқты білдіретін сөздер жазылсын” делінген.

Сонымен қатар басқа ғылым салалары сияқты техникалық ғылыми терминдердің де негізгі 1920-30 жылдар арасында жасала бастады. Мәселен, М. Әуезовтың аудармасымен “Құрылыс материалдары” деген кітап 1926 жылы жарық көрді. Ә. Ермековтің жоғары оқу орындарына арналған “Математика” атты оқулығы 1931 жылы басылып шықты Бұларда текшеметр (кубометр), шаршы метр (квадратметр), қосынды, жамғы (сумма), кесік (сечение), лебіз (выражение), бой (высота) т. б. сияқты терминдер алғаш рет қолданылды.

Осы жылдары алаш зиялыларының қолға алуымен алғашқы терминологиялық сөздіктер де жарық көре бастады. Мәселен, 1927 жылы Қызылорда қаласында Қаратышқановтың құрастыруымен араб алфавитімен “Пән сөздері” деген сөздік жарық көрді. Ал 1931 жылы латын әрпімен “Атаулар сөздігі” басылып шықты. Бұларда 400-дей математикалық термин кездеседі. Сол кездегі сөздіктерде, кітаптарда кейбір ғылыми және техникалық терминдер былайша қолданып жүрді: гранит - шұбартас, кварц - ақтас, хрусталь - сутас, горелка - қыздырма, растворитель - ерітпе, кислота - қышқыл, аморфное вещество - пішінсіз зат, валентность - іліктік, реакция - тектесу т. б.

Біз бұл арада техникалық ғылымдарға ғана қатысты терминдерді сөз еттік. Ал жалпы тіл біліміне қатысты ғылыми терминдердің жасалуын терең зерттейміз, оның жақсы жақтарын пайдаланамыз десек, жоғарыда көрсетілген еңбектерге қоса жиырмасыншы жылдары жарық көрген Халел Досмұхаметовтің ”Адам анатомиясы” Жүсіпбек Аймауытовтың ”Жан жүйесі” (әңгіме психология жайында), Мағжан Жұмабаевтың ”Педагогика” Жұмахан Күдериннің “Өсімдік тану” т. б. еңбектерін ескеріп, керекті терминдерін кәдеге асыруымыз керек.

Сонымен 1920-30 жылдары жалпы тіліміздегі, соның ішінде ғылыми терминдерді жасау ісіне бүкіл зиялы қауым, халықтың барша сауатты бөлігі қатысты.

Қазақ терминолгиясының тарихында жоғары бағаға ие болуға тиісті көзқарастар мен пікірлердің денін қазіргі ғылыми көзқарастар тұрғысынан, ХХ ғасыр басында өмір сүрген зиялы қауымның, яғни Алаш ардақтыларының еңбектері құрап отырғандары белгілі. Терминология жөніндегі ой-пікірлерінің құндылығы жағынан да басым түсіп жататын кезең - осы кезеңдегі ойлар мен пікірлерге келіп тіреледі. Алаш ардақтылары еңбектеріндегі ойлар мен пікірлердің, терминологияны қалыптастыру ісіндегі жасаған құнды істердің бұлай бағалануы негізсіз емес. Оның өзіндік себептері бар екендігі анық. Олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
Қазақ тілі мен оның терминологиялық қорын дамытудағы білімпаздар съезінің алатын орны
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы
Терминологияның зерттелуінің бастауы
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Қазақ терминологиясы қалыптасуының кезеңдік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz