Жалаңтөс батыр
1 Мәуереннахр (қос өзен аңғары) тарихы
2 Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы өмірі
3 Жалаңтөс батырдың тарихи тұлғасы
4 XVІІ ғасырдың басында Жалаңтөс батырдың салған медреселері
5 Орбұлақ шайқасы

Алшын тайпасының тарихы Мәуереннахр (қос өзен аңғары) тарихымен тығыз байланысты. Тарихи деректер алшындардың Мәуереннахрдың негізгі көшпелі халқы болғандығын, Бұхара хандығын Шәйбанилер билеген соңғы кезең мен Аштархандар әулеті билікті қолға алған дәуірде хандықтың саяси өмірінде елеулі рөл атқарғанындын білдіреді. 1597 жылғы Шәйбани Абдолла ханның өлімінен соң таққа оның ұлы Әбдүлмүмин отырды. Аса қатігездігі және парықсыздығымен тарихта аты қалған Әбдүлмүмин алты ай ішінде өз әкесінің бұрынғы қызметші уәзірлерінің түгел көзін жояды. Оның қолынан құрбан болғандардың арасында қазақтың Тама тайпасынан шыққан Құл баба Көгелташ та бар еді. Әбдүлмүмин ханның бұл жауыздығына наразы болған сарбаздар мен уәзірлер астыртын сарай төңкерісін ұйымдастырды. Мемлекеттік басшылардың ұйымдасуымен болған құпия істің басында қазақ Әбдул-уәси би тұрады.
Г.Вамберидің «Тарихи-муким хани» сынды тарихи еңбектерге сүйене отырып жазғаны былай баяндалады: «Әбдүл-уәси серіктестерін жинап алып: «Шешінген судан тайынбас» дегендей нақты іске көшкен жөн» - деп оларды нақты шешім қабылдауға үгіттеді. Ортаға жеребе тасталып, жолдастарының жалаң төсіне қолын басып тұрып, өздерінің ішінен ханды өлтіру ісін орындайтын адамды анықтап алады. Бұл маусым айында еді. Әбдүлмүмин хан күннің аптап ыстығынан тек түнде ғана қыдыруды әдетке айналдырған еді. Астыртын ұйымдастырушылар ханды Самарқанға қайтып келе жатқан жолда Ұратөбе мен Заамин аралығындағы тар жолда торып тұрды. Ханның жеке күзетінің көп бөлігі өтіп кетіп, ал хан өзінің шырақшыларымен бірге аттылы екі адам ғана сиятын тар жерге жақындаған кезде, сол тарапқа кенеттен бірнеше жебе атылды. Хан тіл тартпай сол жерде жан тәсілім етеді. Осы мезетте жеребе бойынша белгіленген адам жақындап барып, оның басын кесіп алды. Ханның жанында еріп келе жатқан нөкері де өлтіріледі және осының барлығы аса жылдамдықпен іске асырылады. Тек таң құлаңиектеніп келе жатқанда әскердің соңға сапында келе жатқандар бассыз жатқан денені тауып алып, киімінен оның өздерінің ханы екенін таниды» .

Алшын тайпасының тарихы Мәуереннахр (қос өзен аңғары) тарихымен тығыз
байланысты. Тарихи деректер алшындардың Мәуереннахрдың негізгі көшпелі
халқы болғандығын, Бұхара хандығын Шәйбанилер билеген соңғы кезең мен
Аштархандар әулеті билікті қолға алған дәуірде хандықтың саяси өмірінде
елеулі рөл атқарғанындын білдіреді. 1597 жылғы Шәйбани Абдолла ханның
өлімінен соң таққа оның ұлы Әбдүлмүмин отырды. Аса қатігездігі және
парықсыздығымен тарихта аты қалған Әбдүлмүмин алты ай ішінде өз әкесінің
бұрынғы қызметші уәзірлерінің түгел көзін жояды. Оның қолынан құрбан
болғандардың арасында қазақтың Тама тайпасынан шыққан Құл баба Көгелташ та
бар еді. Әбдүлмүмин ханның бұл жауыздығына наразы болған сарбаздар мен
уәзірлер астыртын сарай төңкерісін ұйымдастырды. Мемлекеттік басшылардың
ұйымдасуымен болған құпия істің басында қазақ Әбдул-уәси би тұрады.
Г.Вамберидің Тарихи-муким хани сынды тарихи еңбектерге сүйене отырып
жазғаны былай баяндалады: Әбдүл-уәси серіктестерін жинап алып: Шешінген
судан тайынбас дегендей нақты іске көшкен жөн - деп оларды нақты шешім
қабылдауға үгіттеді. Ортаға жеребе тасталып, жолдастарының жалаң төсіне
қолын басып тұрып, өздерінің ішінен ханды өлтіру ісін орындайтын адамды
анықтап алады. Бұл маусым айында еді. Әбдүлмүмин хан күннің аптап ыстығынан
тек түнде ғана қыдыруды әдетке айналдырған еді. Астыртын ұйымдастырушылар
ханды Самарқанға қайтып келе жатқан жолда Ұратөбе мен Заамин аралығындағы
тар жолда торып тұрды. Ханның жеке күзетінің көп бөлігі өтіп кетіп, ал хан
өзінің шырақшыларымен бірге аттылы екі адам ғана сиятын тар жерге
жақындаған кезде, сол тарапқа кенеттен бірнеше жебе атылды. Хан тіл тартпай
сол жерде жан тәсілім етеді. Осы мезетте жеребе бойынша белгіленген адам
жақындап барып, оның басын кесіп алды. Ханның жанында еріп келе жатқан
нөкері де өлтіріледі және осының барлығы аса жылдамдықпен іске асырылады.
Тек таң құлаңиектеніп келе жатқанда әскердің соңға сапында келе жатқандар
бассыз жатқан денені тауып алып, киімінен оның өздерінің ханы екенін
таниды[1].
Сарай төңкерісі барысында таққа Аштархандық әулеттің өкілі,
шәйбаниліктерге жиен болып келетін Имамқұли хан тағына отырды. Әбдүл-уәси
оның ең сенімді уәзірі болып тағайындалды. Міне, тақырып өзегі болып
отырған Жалаңтөс батыр да осы тұста өмір сүрді. Ол кім болған және оның
билік сатысына көтерілуіне қандай оқиғалар себеп болды? Ауызша деректер
Жалаңтөс деген батырдың лақап есімі десе, енді бірі өз ныспысы деп
мәлімет келтірген болады. Шежірелік аңыз, ауызша деректерде батырдың есімі
туралы әртүрлі аңыз әңгімелер айтылады, мысалы, қысқаша айтқанда солардың
бір-екеуі былай дейді:
1. Баһадүрдің анасы жолбарыстың төсіне жерік болыпты. Оны білген
Сейітқұл батыр хайуанды аулап оның төсін алып бергенде, әйелі оны шикілей
жеп жерігін басыпты. Содан кейін туған торсық шеке балаға Жалаңтөс деп ат
қояды.
2. Батыр жауға шапқанда үстіндегі сауытын шешіп тастап, шүйде-шүйде
түгі желбіреп, қалың нөпір ішіне қойып кеткенде, жаудың үрейі ұшқаннан
орталары опырайып қала береді екен. Жалаңтөс батыр атануы осыдан дейді.
3. Тағы бір аңыз-әңгімеде анасы Нұрата тауының етегіндегі қасқырдың
төс етіне жерік болыпты. Сейітқұл батыр жұбайының ерекше тағамға жерік
болғандығын жақсы ырымға жорып, сол көкжалды атып алып, ай-күні толып
отырған зайыбын жерік асына тойдырады. Кейін ұл туғанда әйелім бөрінің
майлы жалаң төсіне жерік болып еді деп баласының атын Жалаңтөс қойыпты-
мыс.
Енді аңыз-әңгімелерді сәл шегере тұрып, нақты деректерге көшсек.
Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы 1576 жылдары дүниеге келген. 1581 жылы Шығай
хан мен әкесі Сейітқұл бастаған олардың ауылы Сырдарияның төменгі сағасынан
Бұхардың солтүстігіндегі Нұрата тауына көшіп барады[2]. Жалаңтөс бес жасқа
келгенде әкесі Сейітқұл оны Нұратадағы мешітке оқуға жібереді. Алғыр да
зерек Жалаңтөс бала батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп
оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді игере
бастайды. Баланың бейімділігін байқаған әкесі оны 1590 жылы Бұхара ханы
Абдулланың жоғары дәрежелі қолбасшылар даярлайтын әскери мектебіне
жібереді. Хан ұрпағы Имамқұл мен Жалаңтөс достығы осы кезден басталады.
Бұхараның әскери мектебінде үш жыл оқып, түменбасылық лауазымын алып
қайтады. 1593 жылы Бұлаңғар, Лайыш, Қаттықорған жерлеріндегі Әлімұлы
Қаракесек тайпасының бір бөліміне би болып сайланады. 1602-1644 ж.
Бұқарада аштархандық әулеттен шыққан алғашқы ханның бірі Имамқұли екенін
айтып өттік. Жалаңтөс 19 жасында, яғни 1595 жылы Имамқұлдың шақыруымен
Бұхараға келеді де, хан кеңесінің ұйғаруымен Бағдад қаласына оқуға
жіберіледі. Онда білімнің әр саласынан дәріс тыңдап, 1598 жылы еліне
оралады[3]. Жалаңтөс осы Имамқұли ханның тұсында өмір сүріп, Бұқараның
әмірі атағын алды. Имамқұл хан тақта аттай 38 жыл отырды[4].
Жалаңтөстің арғы бабасы Ораз Ақсақ Темірдің мемлекеттік кеңесшісі
болған. Сонымен бірге Алланың тақуа құлы еді, мұсылман адамның бес
парызының бірі саналатын – қажылығын өтеп, қасиетті Қағбаға барып қайтқан.
Сол тұста қазақ даласын Исламның нұр самалы желпи бастаған шақта 1373 жылы
мешіт, медресе ашып, ағарту ісімен айналысқан ғұлама адам[5].
Ал, батырдың әкесі Сейітқұлдың Сырдария бойынан өзбек жеріне қоныс
аударуы туралы Қ.Қонысұлы өзінің Жерұйық басылымына берген мақаласында
Ә.Кекілбаевтың дерегіне сүйенеді: Қасымхан өлген соң біраз уақыт қазақ
билігін қолына алған Шығай Жәдікұлы 1581 жылы күллі ұлысымен Сырдарияның
сағасынан Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде қасына Төртқара
Сейітқұлды ертеді. Сегіз ұлдың бірі саналған Жалаңтөс сол кезде бар болғаны
бес жаста еді. Сол Жалаңтөс Нұратада жүріп Бұқар мен Тамды маңындағы қазақ
ұлыстарын билеп отырған Ақназарұлы Дінмұхамедтің көзіне түседі. Ол
Дінмұхамедтің Абдолла әулетінен өрбитін билеушілерге қарсы жүргізген күресі
кезінде шыңдалады, жоғары сенім мен беделге ие болады. Жалаңтөс баһадүрдің
Бұқар, Самарқан мен Гератта бас қолбасшылық, тіпті билеушілік дәрежесіне
жетуінің арғы астары осында жатса керек[6].
Бұхара хандығын қазақтар әуелден-ақ мекен еткен. Бұл өлкеде Жалаңтөс
батырдың өмір сүріп, алаңсыз тіршілік кешіп, мемлекеттік лауазымды
атқаруына бәлкім хандықта қазақ тайпаларының көптеп өмір сүргенімен
түсіндіруге болатын шығар. Хандықта қазақтың көптеген ру-тайпалары: Найман,
Қыпшақ, Арғын, Алшын, Адай, Әлім, Табын, Шөмен, Шекті, Төртқара, Қарсақал,
Ожырай, Көнек т.б. өмір сүру аймағы болғандығын Д.Н. Логофеттің Бухарское
ханство еңбегінен оқып, білуге болады[7].
Бұл ойымызды белгілі тарихшы Манаш Қозыбаев өзінің зерттеулерінде де
бекіте түскендей. Ғалымның еңбегінде қазақ тайпаларының өзбек жеріндегі
қоныстану аймағы тайға таңба басқандай айқын беріледі: Алшындар орта
ғасырда Шаш Ташкент қаласынан бастап, Нұрата, Самарқан, Бұқара өңіріне
дейін, басқаша айтқанда, Жиделі-Байсын жерін жайлаған. Жаугершілік заманда
олар ауып, Сырдарияның төменгі ағысынан, Қаратау, Тараз, Шу өңіріне, кейде
Ферғана, Куляб, Кашкадәрия, Құлқұдық аймақтарына барып қайтып жүрген. Бұл
өңірде қазақтар, өзбек, қарақалпақтармен аралас-құралас өмір кешкен.
Жалаңтөс баһадүрдің үшінші атасы Ораз, оның баласы Топанның қабірлері
Нұрата ауданынан бір шақырым жерде Сейітқұл қорымында жатуы бұл өңірдің
XІV ғ. екінші жартысында қазақ жері, соның ішінде Алшындардың ата қонысы
екендігін байқатады. Ендеше, қазақтар, яғни Алшындар бұл өңірге келген
келімсектер емес. Қазақ, өзбек болып бөлініп Қазақ хандығы құрылған кезде
Алшындар өздерінің өрлігімен, бірлігімен қаймағын бұзбай, өзінің қазақтық
қалпын сақтап, сол ата жұртында қалған. Олар отырықшы өзбектерге сіңіп те,
еріп те, еніп те кетпеген. Ендеше Жиделі-Байсын жері, Самарқан, Бұхара елі
тек өзбектердің еншісі емес, оны қазақтың да ортақ ата қонысы деп қарау
орынды[8].
Бұхара хандығын Субханқұл хан билеп тұрған кезде Алшын тайпасының
әмірі Баят тоқсоба ханға бағынбай Балх өлкесін жеті жыл бойы шапқыншылыққа
ұшыратып, тонаушылық жасап, жорықтар ұйымдастырғаны туралы факт
келтіріледі[9].
Аталған дереккөздерінен Алшындардың өзбек жерін әлімсақтан-ақ
мекендеп, Төртқара Жалаңтөс баһадүр сынды жаужүрек қолбасшының түркі
жұртының қорғаны болып, Алшын Баят сияқты әмірдің өзбек жерінде ықпалды
болғандығын білгендейміз. Мұны мына дерек тағы толықтыра түседі.
Алшындардың Әлім руынан шыққан Сейітқұл XVІ ғ. 70-ж. бастап қазақ,
қарақалпақтың балуан жігіттерінен жау жарағы сай 5000 тұрақты жасақ құрып,
жеке автономно ел билесе, Жалаңтөс 1615 жылы Бұхарда 5000, Нұратада 5000
тұрақты нөкер ұстайды. Кейін оған Жалайыр, Албан, Үйсін, Қарақалпақтың қолы
қосылып, Жалаңтөстің қолы 20 000 жетті. Ол заманда 10 мың, 20 мың қол
ұстау, оны тұрақты ету деген сөз оның қоғамдағы жоғарғы статусын көрсетсе
керек[10].
1612 жылы күзде Имамқұл Түркістанға шабуыл жасап, қазақтар мен
қарақалпақтарды қырғынға ұшыратты. Бұл кезде баһадұр науқастанып жатқан
еді. Осыдан кейін Жалаңтөс батыр мен хан арасы суып, арадағы қырғи-қабақ
қарым-қатынас біраз жылға созылады. Кейін өзінің қателігін түсінген Имамқұл
хан батырдан кешірім сұрап, оны Бұхара хандығының бас қолбасшысы, хандықтың
ішкі тәртібін қадағалайтын және шетелдермен қарым-қатынас жасау жөніндегі
бас уәзір етіп тағайындайды. Бұл кезеңде Бұхар хандығында белгілі дәрежеде
тәртіп орнап, тұрақтылық сақталады.
Жоғарыда баяндап өткеніміздей, Шәйбанилер әулетін төңкеріс жасап
құлату ісінің басы-қасында болып, Аштархандық әулеттің негізін салғандардың
біріне айналған Имамқұл хан енді қоластына 2 түмен тұрақты әскерді
топтастырған Жалаңтөс батырмен санасу керек екендігін, қажет болған
жағдайда бойын аулақ салу саясатын жүрізуге тырысады.
Осылай батырдың беделінен сескенген Имамқұл 1626 жылы Бұхар хандығынан
тәуелсіз Самарқан аймағын құрып, оған Жалаңтөс баһадүрді әмір етіп
тағайындайды.[11]
Үндістанның патшасы Жахангер өліп орнына отырған ұлы Шах-Жахан Балх
пен Бадахшанды билемек болып Кабулға келеді. Мұны естіген Имамқұл хан қарсы
Балхқа аттанады. Бұл кезде ханның жанына ерткен серіктерінің арасында өзге
сұлтандармен қоса, Жалаңтөс баһадүр де аталады.[12] Оның лауазымы бұл кезде
аталық дәрежесіне дейін көтерілген еді. Бұл қызмет Бұхарада ең жоғары
дәреже болып саналды. Бұл лауазым өте сирек жағдайда және өте құрметті
адамдарға ғана берілетін.
Баһадүр бұл лауазымды өмірінің соңына дейін атқарып кетті. Жалаңтөс
өзінің жас кезінен-ақ батыр деп танылды. Батырдың жеке тарихымен танысқан
зерттеушілер батырдың аталық дәрежесіне көтерілуін 1625 жылмен
сәйкестендіреді. Бұл жерде Жалаңтөс баһадүр Самарқан аймағының әмірі болмай-
ақ аталық лауазымын иеленгені анық.
Аталық уазипасындағы қызметші бірінші лауазым ретінде хандықтағы
бүкіл құрылымға, әсіресе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз етуге жауапты
болған. Ол кезде бұл аймақтағы су шаруашылығы егіншілік үшін қоғамның басты
саласы болғандығы аян.
Жалаңтөс батырдың тарихи тұлғасы туралы алғаш рет қалам тартқандардың
бірі белгілі қайраткер, ғалым Х.Досмұхамедұлы еді. Оның Самарқан
шаһарындағы Тіллә Қари және Ширдор медреселерін салдырушы Жалаңтөс
батырдың шежіресі деген ғылыми мақаласы құндылығымен ерекшеленеді.
Х.Досмұхамедұлы осы мақаласында Ширдор (ауд.–Арыстанды) медресесінің
порталына жазылған парыс тіліндегі жазудың аудармасын келтірген, мұндағы
жазуда былай дейді:
Әмір қолбасшы, турашыл Жалаңтөс; оның кемелдігін жеткізе мақтайтын
қызыл тіл – інжу маржан; ол тұрғызған медресенің биіктігі соншалық, оның
ұшы көкке тірелген; ақылдың қыраны қанатын қанша қатты қақса да жылдар бойы
сенің биік аспалы дарбазаңа жете алмас; оның мұнарасының ұшына ғасыр бойы
ілмекті арқаны бар айлакер ұры шыға алмас; сәулетші оның аспалы
дарбазаларының тізбегін жасағанда таңқалғандықтан саусағын тістеп алғандай,
аспан жаңа толған айды қарпып қалды; осы құрылыстың іргесін Жалаңтөс
баһадүр қалағандықтан, ғимараттың тұрғызылған жылы Жалаңтөс баһадүр жылы
деп аталады[13].
Жоғарыда баяндалып өткендей, Жалаңтөс баһадұр білікті қолбасшы ғана
емес, сонымен қоса, Самарқандағы сәулет өнерінің негізін салушылардың
қатарынан орын алды. Ол қаладағы Ұлықбек медресесі жанынан 1620-36 жылдары
Ширдор Арыстанды қақпа медресесін салдырды. 1646 жылы екі медресенің
ортасынан Тіллә Қари медресесінің құрылысын бастайды. Бірақ құрылыс
Жалаңтөс баһадұр қайтыс болған соң, оның шәкірті Алшын Бекқұлдың
жалғастыруымен аяқталады.
Ал, М.Достоевскийдің Старина и быть Средней Азии еңбегінде Ширдор
медресесінің негізі Имамқұл хан кезінде 1610 жылы қаланды деген дәйек
келтіріледі. Зерттеуші бұл архитектуралық құрылыстың бертін келе
салынғанымен Самарқандтағы басқа да ескерткіштер сияқты көне дәуір
жәдігерлеріне ұқсастығымен ерекшеленіп тұрғандығын баса атап көрсетеді.
Орталық Азияның тарихи қазығы болып табылатын алтын қазынасына тереңнен
бойлап, зерделеуге ұмтылған зерттеушінің көзімен медресенің кескін-келбеті
былай суреттеледі: Средняя часть съ высокой входной нишей упирается въ две
низких стены съ минаретами. Куполъ мердессе во всех свойхъ деталяхъ
напоминает излюбленный куполъ Бухары. Декорація медрессе Ширъ-Даръ по
рисунку одинакова съ таковой же медрессе Улукъ-Бека. Мы должны быть
признательны судьбе, сохранившей богатые остатки блестящей некогда
мозаики...
...Особаго вниманія заслуживаетъ входъ в медрессе, обрамленный
крупными письменами, заключаюшими въ себе 1-7 стихи 39-суры Корана. При
поверхностномъ осмотре мозаика Ширъ-Дара напоминаетъ мозаику, Медрессе
Улукъ-бека[14].
М.Достоевский де Тіллә Қари архитектуралық ескерткішіне де сипатама
беріп, тоқталып өтеді.
Жазушы Ә.Жұмабаевтың Алшын Жалаңтөс баһадүр тақырыбымен жарық көрген
мақаласында Всеобщая история архитектуры кітабына сілтеме жасалған
мынадай жолдар бар: XVІІ ғасыр Самарқан Алшын аталығының феодалдық
еншілігінің орталығына айналды. Уәлаят билеушісі Жалаңтөс баһадүр болды.
Аса ірі феодал әскер басшысы сарбаздар дала саясатшысы ретінде, астаналы
шаһар Бұқарада саяси төңкерістер болып жатқанына қарамастан, ол тәуелсіз
жағдайда тұрып Самарқан билігін уысынан шығармай, сақтап қалды. Өз бетімен
дербес түрде Кабулге, Мешхедке және басқа қалаларға жолтуыл жорықтар жасап,
Жалаңтөс қисапсыз мол қазынаға ие болды. Самарқанды көркейтуге қолайлы
жағдай жасап, құрылыс істерін дүрілдетіп қайта бастап жіберді. Самарқан өз
ғимараттарының қомақтылығы мен сәулетті, сән-салтанаты жағынан да Бұқарамен
бәсекеге түседі[15].
XVІІ ғасырдың басында Жалаңтөс батырдың салған медреселеріне қарап,
оның тек қана әмір немесе батыр емес, сонымен қоса, рухани кемелденген
тұлға екендігіне көз жеткіземіз[16].
Академик М. Қозыбаев Жалаңтөс баһадүрдің осы медреселерді салып,
Самарқандты ислам дінінің орталығына айналдыруға қосқан үлесінің бірнеше
тағлымы бар деп көрсетеді: Бірі - Х. Досмұхамедтің Бұхарадағы Көгілташ
медресесінің салынуы туралы әпсана деген мақаласында көрсеткендей, кезінде
қырда қазақ көшпелі, олар Мұхамедтің нағыз діни жолын білмейді, шариғат
қағидаларын орындауға мән бермейді, қазақтар дінсіз халық деген өзбек
ағайындар арасындағы көп тараған пікірдің негізсіздігін көрсетеді. Екіншіс
- өркениет тарихшысы А.Тойнби дала халқын варварлар қатарында санайды. Ал
дала өркениеті болса қала мен даланың синтезі, қосындысы. Жалаңтөс
баһадүрдің жаһангерлік емес ұлы құрылысшы, жасампаздығы, сәулет өнерінің
тамаша үлгілерін жасауы, Шығыста да, Батыста да ортағасырлық заманда жоқ
қалалық ансамбль тұрғызуы халқымыздың өркениеттік үлесіне жатады. Біздің
халқымыздың ұлы Жібек жолындағы қалалық мәдениетке қатысы барының бірде бір
дәлелі – Жалаңтөс баһадүрдің өмірі болса керек.
Жалаңтөс бабамыздың өмірінің тағы бір тағылымы қазақ хандығы құрылып,
Алаш атауын қазақ этнонимі біржолата ауыстырар тұста XVІ-XVІІ ғғ.
шейбанилік, аштархандық көшпелілер өзбектер мен Жәнібектік көшпелілер
қазақтар арасында М.Тынышбаев көрсеткендей айтарлықтай этнографиялық
айырмашылық болмағандығын, олардың қай-қайсының құрамында да бұрынғы Алтын
Орда рулары барлығын тағы бір дәлелдей түседі. Отырықшы өзбектермен қатар
отырықшы, жартылай отырықшы, көшпелі қазақтар өзінің тұтастығын сақтап,
мемлекеттік негізін отырықшы қалалық региондарға негіздеген[17].
Аталған екі медресе де екі қабатты және тұрпаты жағынан төрт бұрышты.
Тіллә Қари биік төртбұрышты қабырғамен қоршалған. Қабырғаларында үш қақпа
орналасқан. Ішінде биік күмбезді мешіт орын тепкен. Ортанғы қақпаның екі
жағында екі биік минарет орнатылған. Медресенің сырты қабырғалары мен
минареттері әртүрлі тастармен безендірілген. Сондай-ақ, мешіттің ішкі
қабырғалары мен қасбеті де түсті тастармен әшекейленген. Әшекей тастар
әртүрлі өрнектерді құрап, Құранның аяттары жазылған. Әшекей тастардың
бояулары өте жақсы сақталған. Тіллә Қари бояулары алтын жалатылған,
сондықтан медресе атауы парсы тілінен аударғанда алтындалған деген мағына
береді.
Ширдор медресесі де тұрпаты жағына Тіллә Қари құрылысына ұқсас.
Алып қақпаларына бір біріне қарап жатқан екі арыстанның пішіні салынған.
Ширдор атауы парсы тілінен аударғанда, Арыстанды ғимарат деген мағына
береді[18].
Жалаңтөс баһадүр деп арапша жазылған сөздерді араб әрпінің сандық
мәнін беретін әбджәд есебі бойынша оқығанда хиджри 1028, яғни қазіргі
жылсанаумен 1619 жыл екені анықталады[19]. Осындай заттық айғақтарды
көрсете келіп Х.Досмұхамедұлы батырдың шежіресіне қатысты мәселені былай
өрбітеді: Кіші жүз қазақтары Алшын тайпасына жатады, олар ірі үш
бірлестікке бөлінеді. Байұлы, Қаракесек (Әлім мен Шөмекейден тұрады) және
Жетіру. Әлім қазақтары қазір Темір, Ырғыз, Қазалы уездерінде және
Қарақалпақ облысында тұрады. Біздің қолымызда Әлім тайпасының бірнеше
шежіресі бар, олардың барлығында да Жалаңтөс батырдың ататегі бірдей
жазылған. Соның бірі шежіре білгірі, сөзге шешен Молдаиман Шонтаев қарияның
1920 жылы жазып қалдырған шежіресі екенін айтқан[20]. Бізге дейін жеткен
Жалаңтөс батырдың ататек шежіресі былай деп өрбітіледі[21]:
Әлім
Қарамашақ
Оразкелді Ораз Жаншүкір Қараш
Тоқпан
Сейітқұл
Жалаңтөс батыр Қалматай Түрікпен Дүйсеней Семетей Кенжеғұл
Сызба кестеден қарағаныңызда Әлімнен өрбіген Қарамашақтың төрт ұлы
болған екен. Сол төртеуі Төртқара атанып, ал Жалаңтөс батыр сол
төртеуінің ішіндегі Оразға шөбере болып келеді[22]. Молдаиман шешеннің
шежірелік нұсқасына сүйенген Қайнарбайұлы Әлқуаттың шежіресінде Жалаңтөс
батырдың Құдайназар, Сатыбалды, Ранбай, Наурыз деген ұлдары болғаны
көрсетіледі[23].
Х.Досмұхамедов аталған мақаласының соңында мынадай қорытындыларға
келген екен:
1. Төртқара руы ерекше жауынгер болды және олардың арасынан тамаша
кісілер өсіп шықты. Төртқаралардың Кіші жүз ішіндегі ықпалы зор болды.
2. Жалаңтөстің ағасы Ақша би өз заманында белгілі би болған.
3. Ақша бидің немересі Әйтеке би Тәуке ханның заманында жарғы жасаған
үш бидің бірі болған.
4. Жалаңтөстің шөбересі Қара абыз, батыр болған және қазақ аңызы
бойынша Әбілхайырұлы Ералы ханның тұсында қарақалпақтар тарапынан
өлтірілген. (Ералы 1791-1794 жылдары хан болған).
5. Жалаңтөстің үрім-бұтағы Қазалы уезінің Сарытоғай болысында тұрып
жатыр.
6. Жалаңтөс ұрпақтарының арасында ол өзбек хандары кезінде Самарқан
әмірі болыпты деген аңыз қалған[24].
Жоғарыда атап өткеніміздей, қолбасшылығымен де, сәулеткерлігімен де,
билігімен де даңқы дүйім жұртқа тараған Жалаңтөс батырдың 1643 жылы қазақ
халқына қарсы алапат апат әкеле жатқан, қауіп төндірген жоңғарлардың тосын
күшіне қарсы жанұшыра ұмтылуы оның қаншалықты ұлтжанды екендігін көрсетіп,
осы тарихи оқиға көптеген тарихшылар мен зерттеушілердің басты тақырып
өзегіне айналды.
Орбұлақ шайқасы тарихта өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Ал, бұл
шайқасқа ат арылтып Жалаңтөс батырдың жетуі оқиғаның қаншалықты талас-
тартысқа толы болғандығын аша түскендей.
XVІІ ғасырдың ортасында қазақ сұлтаны Жәңгір мен Бұхара хандығының
қоғам қайреткері Жалаңтөспен арасында тығыз байланыс болды. Аталған
хандықпен қазақтар әуелден-ақ өзара қарым-қатынаста еді. Бұхар ханы
Имамқұлдың Жалаңтөс батырды Самарқан қаласының әмірі етіп тағайындауы көрші
жатқан қазақ хандығымен өзара ынтымақтастық пен достық байланысты одан ары
баянды ету мақсатынан туған деп те тұжырым жасауға болады.
Бұған қосымша тағы мынадай бір факторды қосуға болады. Есім хан өзінің
сүйікті қыздарының бірін Бұхара ханы Имамқұл ханға ұзатқан көрінеді[25].
Егер Т.И.Сұлтановтың И.Хохловтың мәліметіне сүйеніп жазған дерегі нақты
болса, онда Имамқұл хан Жәңгір сұлтанның әпкесіне немесе қарындасына
некелесіп, жезде немесе күйеу бала ретінде хандықтардың арасы туыстық
байланыс арқылы беки түскендей емес пе. Сондықтан қазақ жеріне агрессиялық
пиғылмен басып кірген жоңғар әскеріне қарсы Имамқұл хан мен оның досы,
үзеңгілесі Жалаңтөс батырдың жанұшыра көмекке ұмтылуы тарихи заңдылық болып
шығатыны айтпаса да түсінікті.
Ал 1640 жылы Жалаңтөс батыр 30 мыңдық әскерді бастап Батыр қоңтайшы
бастаған жоңғар шапқыншылығына жойқын тойтарыс береді[26].
1643-1647 жылдары қазақ-жоңғар соғысының тағы бір экспанциялық кезеңі
басталды. Бұл ұрысқа Батыр қонтайшы 50 мың қол жинады. Бұған Орталық
Азиядағы моңғол халықтарының одақтастары мен жоңғарлардың әртүрлі топтары
бірікті. Жоңғар әскері бұл жорығын Тянь-Шань тауының оңтүстік жерлерін
басып алудан бастады. Салдарынан бірнеше мың қазақ және қырғыз тұтқындарын
қолға түсірді.
Жәңгір сұлтан Жалаңтөс батырға жаушы шаптырып, көмек сұрайды. Бұл
кезде Тянь-Шань қырғыздарының билеушілерімен де өзара келіссөздерге қол
жеткізіледі. Олар да көмек қолын созуға ниетті еді.
Қырғыздарды қан қақсатқан Батыр қоңтайшының негізгі көздеген қазақ
жері екендігі әуел бастан-ақ белгілі еді. Сондықтан Жәңгір сұлтан да
тезірек қимылдап қалуға жанталасты. Сондықтан ол аз ғана уақытың ішінде
жасақтап үлгерген шағын қолымен Жоңғар Алатауына қарай жол тарты. Алайда,
сұлтанның жасағы бар-жоғы 600 сарбаздан тұрды.
Осы жерде бір сұрақ туындайтыны анық. Қазақ жеріне көз алартып, аш
қасқырдай ұмтылған жоңғар қонтайшысы Батырдың 50 мыңдық күшпен жойқын
шабуыл ұйымдастырғанда қазақ жасағы санының бар-жоғы 600 ғана болғандығы.
Бұған қоса, басқыншыларға қарсы қорғанысқа іргелі ел – Қазақ хандығының
тұтқасын ұстаған хан емес Жәңгір сұлтанның бастап шығуы осы тарихқа қатысты
көп мәселенің әлі ашылмай жатқандығынан хабар беретіндей.
Бәлкім, жоңғар қонтайшысы Батыр осы жылдардағы қазақ хандығында
биліктің әлсіреп тұрған кезін пайдаланып, шабуылға шығуды ойластырды ма
екен. Себебі ойрат күші басып кірген кезде оларды алдымен қарсы алған
Жәңгір сұлтан екені айтылғанмен Есім ханның есімі туралы сөз жоқ.
Жалпы, Еңсегей бойлы Ер Есім туралы тарихшылар арасында оң пікір
қалыптасқан. Оның әкесі Шығай хан. Есім сұлтан хан тағына 1598 жылы
отырады. Алайда Есім ханмен билікке таласып, елді 13 жыл билеген Тұрсын хан
арасындағы текетірес біраз жылға созылып ақыры Есім ханның жеңіп шығуымен
аяқталады.
Есім хан өзінің билік құрған тұсында ел жадында алғырлығымен,
адалдығымен, қарапайымдылығымен және тектілігімен қалды[27].
Еңсегей бойлы Ер Есімнің қашан, қай жылы қайтыс болғаны туралы да
ортақ пікір жоқ. Тарихшы Ә.Хасенов Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны
деген еңбегінде аталған қазақ ханы 1645 жылы дүниеден озды десе, Материалы
по истории Казахских ханств XV-XVІІІ веков жинағында Есім ханның дүниеден
озған жылы 1628 жыл берілген[28]. Тағы бір материалдарда ханның бұл кезде
сырқаттанып, науқас болғандығына байланысты бірнеше жылдың жүзі Қазақ
хандығына Жәңгір сұлтанның үміткер екендігі айтылады. Ал қазақ хандарының
өмірі мен билік құрған жылдарына өзінің іргелі еңбегін арнаған Т.И.Сұлтанов
өзінің Поднятие на белой кошме. Потомки Чингиз-хана еңбегінде Есім ханның
хижра жылы бойынша 1038 жылы, яғни 1628 жылы қаза болып, оның денесі Қожа
Ахмет Иассауи кесенесіне қойылды деген мәлімет келтіреді. Ол бұл туралы
жазғанда Аштархандық тарихшы, ханның замандасы Махмуд ибн Вали дерегіне
сүйенгенін еске салады[29].
Бәлкім, Жәңгір сұлтанның аз ғана күш біріктіруіне сол кездегі уақыттың
тарлығы да әсер еткен болар. Қалай десекте, осы жерде Жәңгір Самарқаннан
келетін Жалаңтөс батырдың 20 мыңдық күші жеткенше қолда бар аз ғана
әскермен жаудың бетін тойтаруға бел шешіп кірісіп кеткенін көреміз. Тағы
бір көңіл аударарлық жағдай Жәңгір сұлтанның жау әскерінің алдынан қарсы
шығып, олардың алаңсыз келе жатқанында соққы беруі. Бұл кезде қазақтардың
Жоңғар әскері шабуыл жасай қалған жағдайда деп алдын ала стратегиялық
жоспарлар жасап, Орбұлақ тау-тасының қыр-сырын зерттеп, ор қазу, биіктен
тас лақтыратын кесек дайындау сынды соғыс өнерінің әзірлік шаралары
жүргізілгені байқалады. Мүмкін осындай айла-әдіске тек 600 сарбаз ғана
жеткілікті болды ма екен. Осы топ ұрыс тәсілін алдын ала пысықтап, жау
әскерін жойып жіберуге машықтанып дағдыланды ма екен. Әйтпесе дайындықсыз
жасалған айла-тәсілдің өзі көп жағдайда ұтымды, нәтижелі жемісін бермей
жататын кездері өмірде аз кездеспейді. Қалай десекте бар-жоғы 600 адаммен
Жәңгір сұлтан жау әскерінің мыңдаған әскерін жойып, қазақ жерін алапат бір
шабуылдан құтқарып қалғаны анық.
Тағы бір анық нәрсе Жәңгір сұлтанның 1635 жылы ойраттардың қолына
түсіп қалуы. Бұл факт құба қалмақтардың князы Абақ елшілерінің Тобыл
кеңсесіне берген хабарламасында былай берілген: И мы де, черные калмаки,
которово князьца Абака, сказывали, что черные калмаки тайши, Талай-тайша,
да контайша, да Кужи-тайша, да Тоургоча-тайша со всеми черными колмаки сее
зимы ходил на Казачью орду, а Казачья орды люди пошли на чорных колмаков. И
как де черные калмаки сошлись Казачьи орды с людьми, и был де у них бой
великой. И черные де колмаки Казачьи орды людей побили и взяли у них
царевича Янгира Ишимова сына, а-Ышим в Казачьей орде был царь, и тот де
царевич в Черных Калмаках[30].
Жәңгір сұлтан тұтқында біршама уақыт болып, Аллахтың салған сәтін
пайдаланып қашып шығады. Міне, содан болар, Жәңгір сұлтан өмірінің соңына
дейін жоңғарларға қарсы бітіспес күрестің бел ортасында жүріп, басты
ұйымдастырушысы болды.
Бұл шайқаста қазақ жасақтарымен қатар, қырғыз батырлары да иін тіресе
соғысты. Олардың арасында Көтен мен Табай батырлар болды.
Сібір тарихын жазған Фишер де, қазақ-қырғыз тарихын жазған А.Левшин де
Жалаңтөс батырға тоқталып өткен. Атақты Орбұлақ шайқасы адамзат тарихында
сирек кездесетін шайқас. Осы шайқаста қолбасы болған тұлғаның бірі Есім
ханның ұлы Жәңгір болса, екіншісі осы Төртқара Жалаңтөс батыр. Қатқабат
болып басылып келген орыс материалдарының ішінде тек біреуі ғана осы шайқас
туралы нақты дереккөзі болып табылады. Ал басқа зерттеулердегі фактілердің
барлығы тек осы деректе көрсетілген оқиғаны қайталап баяндайды. Нақты дерек
Тобыл воеводасы атынан Батур қонтайшының ордасына барып қайтқан елші
Г.Ильин мен сібірлік қызметші татар Көшімберді Көшеевтің естіп келген
оқиғаларының негізінде Тобыл воеводасы Г.С.Куракиннің Сібір кеңсесіне 1644
жылғы хабарлап жазған хаты. 1642 ж. қазан айында барған елшілер 1643 ж.
ақпан айының он екінші жұлдызында қайтып оралады. Келгеннен соң воеводаға
көрген, білгендерін айтады, ал воевода мен оның адамдары осы туралы патша
ағзамға хат жазған. Енді осы хаттан үзінді келтірсек:
Сұрақ алған кезде Гришка мен Көшемберді татар екеуі былай деді: олар
Қонтайшының ұлысына барған кезде оның өзі болмаған, ол күйеу баласы
Кочуртоймен және Абылаймен (хошоут билеушісі Байбағыстың ұлы, тайшы),
өзінің кіші інісі Чокур тайшымен, Қою сұлтанмен, қара мұңғылдардың Алтын
ханының ұлымен және бірнеше басқа кіші тайшылармен бірге Қазақ ордасына
Жәңгір сұлтанға, Жалаңтөс баһадүрге және Алатау қырғыздарына қарсы жорыққа
кетіпті. Ал олармен бірге 50 мың жауынгер аттанған[31].
Қонтайшы келгеннен соң бұларды тағы екі ай күтіп, қонақ қылып, Еміл
өзені маңындағы отырған жерінен жолға шығарып салады. Г.Ильин мен
Көшемберді сол жерде болған кезде, құпия түрде соғыста қолға түскен ноғай
және қырғыз тұтқындарымен сөйлеседі. Бір ноғай тұтқын бұларға Қонтайшының
Жәңгір патшаға соғысуға барғанын, сөйтіп Алатау қырғыздарының екі жерін
басып алғанын, Тоқмақтың он мың адамын жаулап алғанын айтты. Осыдан кейін
барып Жәңгір патшаға хабар жетеді.
Енді осы ұлы оқиға туралы нақты мағлұмат беретін дереккөзінен дәйексөз
келтірсек: ...и Янгир де х Контайше пошел навстречу с войском, а войска де
было с Янгиром шестьсот человек. И Янгир де покопав шанцы меж каменем, и в
те шанцы посадил триста человек с вогненным боем, а сам с тремя стами стал
в прикрытей за каменем. И Кон де тайша с воинскими людьми приступал к
шанцам, и с шанцов де у Контайши побили многих людей. И з другую де сторону
на нево ж, Контайшу, приходил с воинскими людьми сам Янгир и побил де у
Контайши на тех дву боях людей тысяч з десять.
И в ту же де пору на тот бай Янгиру царевичю пришли на помочь Ялантуш,
а с ним пришло воинских людей тысяч з двадцать. И Кон де тайша, увидя тех
войских людей, пошел назад, а тех де людей, которых он, Контайша, взял у
Янгира, увел с собой. И ныне де те землицы за ним же, Контайшею. А нынешные
де весны Контайша хочет итти войною на нево ж, Янгира, и на Ялантуша[32].
Тарихшылар тарапынан түрліше айтылып келген, Орбұлақ шайқасынан хабар
беретін жалғыз тарихи дерек осы.
Жәңгір сұлтанның жасақтаған қолының аздығын М. Тынышбаев өзінің
Ақтабан шұбырынды еңбегінде былай түсіндіреді: 1635 жылы Жәңгір әлі
сұлтан дәрежесінде еді. Ал 1643 жылы қаптаған жоңғар әскері жақындағанда
уақыттың тарлығынан небары 600 сарбаздан тұратын әскер ғана жасақтап
үлгерді. Есім хан 1635-1643 жылдары аралығында дүниеден озған болуы керек
деп болжам жасауға болады. Неге десеңіз, қазақтар арасында өзінің
батырлығымен қоса, жоғары беделге ие Еңсегей бойлы Ер Есім 1643 жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz